Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім Педагогикалық процестегі өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен
білім алудың т еориялық негіздері

1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу
мәселелері ... ... ... .6

1.2.Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен
өздігінен білім алу міндеттері мен
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...11

ІІ Бөлім Педагогикалық процесте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен
өздігінен білім алудың тиімділігін ұйымдастыру жүйесі

2.1 Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен

өздігінен білім алудың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.2. Мектепте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім
алуды ұйымдастыру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 30

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ

Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмытылып, бойында дұрыс
адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы – қазірпгі уақыттың, психология,
педагогика ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы профессор А.И.Кочетков: Өзін-өзі баланың
өзін-өзі жетілдірудің ең жоғары формасы, психикалық дамуының тездеткіші
болып табылады, - деп атап көрсеткен. Ал өздігінен білім алу дегеніміз –
бұл адамның мақсат көздеп, арнайы міндеттелген жұмысы. Ол өздігінен
қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгерумен
қатар, арнайы радио, телехабарларды тыңдау арқылы білімін жетілдіреді.
Жеке тұлғаның өзбетінше адамгершілігінің қалыптасуы мен дамуы өте
күрделі мәселе. Әрбір оқушы жеке ұсынысын, пікірін, адамгершілік
қасиеттерін өзбетінше дамытады.Бұл оның өмірлік бағытын анықтап, өзін
қоршаған адамдермеен қарым-қатынасы мен байланысы арқылы дамытып, іс-
әрекет жасағанда жүзеге асады.
Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуі сен өздігінен білім алуы дұрыс
бағытта жүрмеуі міндеттеі түрде адамгершілік жат мінез-құлық пен
білімсіздіктің қалыптасуына әкеледі.
Оқу-тәрбие процесінде, әсіресе, оқушылардың дұрыс өзін-өзі тәрбиелеуі
мен өздігінен білім алуы процесінде, мұғалім олардың тек жас
ерекшеліктерін ғана емес, мінез-құлықтарын да ескергені жөн.
Қазіргі мектеп оқушылары өздерінің қызығушылығымен, саналылылығымен,
мінезі мен басқа сапаларымен де дараланады. Олардың бірі мұғалімнің
айтқанын екі еткізбейтін алғыр да, ал екінщшілері қырсық, қыңыр, дөрекі
және тұйық, эмоционалды жақтары да түрліше болады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі - оқушы өзін тануға мүмкіндік алады.
Әрбір жасөспірім өзін тану процесінде басқалардың құпия мінездерін
таниды. Өзін-өзі танудың деңгейіне түсіп, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі
бағалауға, өзінің ісіне талдаужасауға және қалыптасқан мақсатқа
жетелейді. Ол оқушының алдына мақсат қоюға үйретеді, өзін тексеру
дағдыларыменг қаруландырады, жауапкершілігін оятады және осы негізде
мақсаттың орындалуына жетелйді. Ол оқушының алдына мақсат қоюға
үйретеді, өзін тексеру дағдылармен қаруландырады, жауапкершілігін оятады
және осы негізде мақсаттың орындалуына жетелйді, яғни оқушыларды
адамгершіліктің жаңа баспалдағына көтеріп, тәрбиелейді.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасамай,
тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық
сана мен қасиеттерді дамытудың құралы ретінде көрінеді. Осыдан, тәрбие
заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің
өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму және
қалыптасу заңдылықтарына негізделеді
Курстық жұмыстың мақсаты: педагогикалық процесте оқушылардың өзін-өзі
тәрбиелеуі мен өздігінен білім алуының тиімділігін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу мәселелерін қарастыру;
- Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен
өздігінен білім алу міндеттері мен қызметтері анықта
- Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен
өздігінен білім алудың ерекшеліктеріне сипаттау;
- Мектепте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім
алуды ұйымдастыру жолдарын көрсету.

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға
ғылыми талдау жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Бөлім Педагогикалық процестегі өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен
білім алудың теориялық негіздері
1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу мәселелері

Елбасы Н.Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” еңбегінде “тәрбиенің түпкі
мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық
және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен ХХІ ғасырды
құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жене тұлғаны
тәрбиелеп қалыптастыру” деп тұжырымдама жасағаны бекерден бекер емес.
Осы орайда халықтың мәдениетін, әдебиетін , тілін, салт-дәстүрін,
тарихын, өнерін сүю арқылы нағыз мәдениетті маман даярлау бүгінгі күннің
көкейкесті мәселесіне айналып отырғаны даусыз.
Ежелден белгілі жәйт, адамдардың білімді игеруі қоғамның ғасырлар бойы
жинақтап бойына сіңірген көп жылғы ізденістің нәтижесі мәдениет болып
табылады. Бұл адамды біліммен қамтамасыз ететін, тәжірибе мен бағдар
беретін зінше бір үрдіс, жүйелі институт. Сонымен білім жүйесі арқылы
мәдениеттің екі негізгі функциясы іске асырылады. Олар мыналар:
- тұлғаның әлеуметтік функциясы;
- әлеуметтік тәжірибенің функциясын трансляциялау.
Оқушылардың мәдени ортасы олардың білімінің, тәрбиесінің,
деңгейлерінің әр түрлі дәрежеде екеніне қарамастан, жалпы мәдени дамуы
барысында ерекше рөл атқарады.
Қалыптасып келе жатқан жеке тұлға тәрбие субъектісіне айналады. Ол
педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық
қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады.
Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою
мақсатындағы тұлғаның іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Бұл
өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу мен
дамытуға ықпал етеді. Мысалы, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына
байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-
әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді
жолдарын іздестіреді.
Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тұлғасын тек
сырт көзден ғана тәртібін, қасиеттерін жасырады. Өзін-өзі тәрбиелеу
нышандары студенттік кезеңде жеке тұлға бойынан байқалады.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен
мінез-құлқының пісіп жетілу шағында берік сеніммен адамгершілік мұраттары
қалыптасқан болады.
Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-
өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты, шындыққа жуық құруға
мүмкіндік береді.
Мектеп оқушылары өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады. Жоғары
мектеп мамандары өз білімдерін байыту, өздерінің ақыл-ой қабілеттерін
дамытуға ұмтылады. Мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез-құлық
мұраттарына ұмтылып, өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады.
Мектеп оқушыларының өз-өзін тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында ең
алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек:
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету
құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру, өзіндік
есеп беру және т.б.) меңгеруге көмек беру, өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық
құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.
Оқушы тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін
оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық
сапаларын дамытудағы өз жігерінің рөлі жөнінде хабардар етіп отыру қажет.
Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты,
сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік
қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Өзін-
өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің
деңгейімен анықталады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі маман иесінің өз тұлғалық сапаларын
өзі талдауын мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі,
іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады.
Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеуге жетелей
бермейді. Өз кемшіліктерінің немқұрайлы пайымдаушысы болып қала береді.
Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау
арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қорғау
салу қажет.
Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге жоғары
мектеп маманының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі.
Оқушыларға сөз түрінде берілген: қажет, жетеді, орындау керек,
өзіме бұйырамын және басқа өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және
қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды
орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын
қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын ала дайындық негізінде іс-әрекеті, қарым-
қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады. Маман тұлғасының
өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды, икемді болу керек
және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп
отыруы керек.
Алғашқы кезде арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі
тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді.
Тәрбиенің негізгі құрастырушы мазмұны болып балаға өзін-өзі тану,
құру, өзін-өзі бекіту және жеке тұлғалық қасиеттерін өздігінен жүзеге
асыру жұмыстарын мақсатты және нәтижелі түрде түрде жүргізуіне мүмкіндік
беретін білім, қабілет және дағды табылады. Олар оқушылардың оқу және
сабақтан тыс жұмыстарында, оқушылардың өз мүмкіндіктерін бағалау және
соған сай мінез-құлық тәртібін таңдау жұмыстары бойынша жаттығулар
жүргізу процесінде немесе әлеуметтік ситуациялар мен сынақ-байқаулар
ұйымдастыру арқылы қалыптасады. Осының арқасында балада өзін-өзі
жетілдіру қажеттігін сезіну оянаы, шығармашылық бастауылары дамиды, оның
жеке тұлғалық рухани, адамгершілік, эстетикалық және физикалық қабілеті
байиды.Теориялық дайындық жөніндегі жүйе жасауға және интегративтік негізде
білім беріп, тәрбиелеуге арқау болатын басты компонент болып
табылады.
Профессор Г.К.Селевко жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру теориясын,
сонымен қатар бала дамуындағы жағымды өзгерістер мен мүмкін боларлық
ауытқуларды зертей отырып, кезеңдер бойынша бағдарлау сызбасын ұсынады:
Баланың өзін-өзі жетілдіру технологиясының Практика деп аталатын
екінші жүйесі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі бойынша іс-әрекет
тәжірибелерінің қалыптасуына бағытталған Жеке тұлғаның өзін жетілдіру
доминатының пайда болуы және қалыптсуы үшін, Г.К.Селевко пайымдағандай,
баланың өмір тәжірибесінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру мұқтаждықтарының
өнімді және шығармашылықпен қанағаттандырылуы шешуші мән атқарады.
Сондықтан жеке тұлғаның өзін дамыту технологиясының маңызды әдістемелік-
ұйымдастыру міндеттерінің бірі - өз бетінше және жеке тұлғалық
шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Егер оқу-тәрбие
процесі төмендегідей білімдерден құрастырылса, бұл міндетті шешуге
болады:
а) білім беру мекемелерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін
көрсетуге арналған клубтар болса;
ә) ұжымдағы шығармашылықы тәрбие әдісін (И.П.Иванов) өзін-өзі
тәрбиелеуге басым мән бере отырып қолданса;
б) оқушылардың шығармашылық қабілетін ең ақырғы нәтижесін көретіндей
етіп, сабақтар ұйымдастырылса;
в) оқушылардың өз бетіндік және шығармашылық жұмысын еңбек және
эстетикалық цикл сабақтарына ұйымдастырса;
Үшінші Әдістеме жүйесі – бұл балалардың өзін-өзі дамыту процесінің
пәндік оқуларда ойдағыдай сәтті жүруіне ықпал ететін педагогикалық
технологиялар мен әдістемелер жиынтығы. Өзін-өзі дамыту технологиясында оқу
еңбегін ұйымдастыру төмендегідей маңызды сипаттардан тұрады:
- жеке тұлғаның өзін тәрбиелеу мен өздігінен білім алуына
педагогикалық жетекшілік етуі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы басым
бағытқа айналады;
- негізгі мән оқытудан оқуға ауысады;
- оқушылардың тек танымдық емес, адамгершілік, ерік-күш, жігерлік
себептері де қолданылады;
- оқушылардың өз бетіндік шығармашылық жұмысына ұтыс тігіледі;
- оқудың маңыздылығын ұғыну процесін белсенді етеді және
ынталандырады, субъект рефлекстік позицияға көшеді;
- педагогикалық процестің қиындық нүктесі ақыл-ой іс-әрекеттерінің
қалыптасу жағына аударылады;
- жалпы оқу қабілеттері мен дағдылары жүйелі және үздіксіз
қалыптасады.
Профессор Г.К.Селевко әрбір оқу пәнін ұйымдастыру мазмұны мен әдіс-
тәсілдерінде оқушыларда өзін-өзі жетілдіру қабілеттері мен дағдыларын, жеке
тұлғалық шығармашылық және өз бетінше әрекет ету сапасын қалыптастыру үшін
алуан түрлі мүмкіндіктер бар деп сенеді.

1.2.Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен
өздігінен білім алу міндеттері мен қызметтері

Тәрбие – баланың қалауына, ынта – ықыласына, қызығушылығына,
танымдық белсенділігіне тікелей байланысты. Баланың өз қалауынсыз ішкі
белсенділігінсізщ оны жетілдіру мүмкін емес, - дледі О.С.Газман. Педагог
балаға оның денсаулығын нығайту, адамгершілік мінез-құлықтарын
қалыптастыру, ақыл-ой, еңбек, көркемөнер қабілеттерін дамыту, өзін-өзі
анықтау, жүзеге аыру, ұйымдастыру және ақтау қасиеттерін тұрғызу үшін
база болып табылатын жлғарыдағы проблемаларды шешуде қолдау көрсетеді
және жағдай жасайды. О.С.Газман шәкірттері балаға өмірлік маңызды
проблемаларды шешуде қолдау көресетудің механизмін жасап шығарады. Ол
педагог пен мектеп оқушысының өзара байланысты бес жұмыс кезеңінен
тұрады:
І кезең (диагностикалық) – проблемалық фактілер мен белгілері жазып
алу, болжам жасалынған проблеманы диагностикалау, баламен қарым-қатынас
орнату, проблеманы ауызша қою, (оны оқушының өзімен сөйлесу), баланың
көзқарасы тұрғысынан бағалау;
ІІ кезең ( іздеу) – баламен бірге проблеманың (қиындықтың) пайда
болу себебін іздеу, сырт көзбен қарау (бала көзімен қарау әдісін
қолдану);
ІІІ кезең (келісім жасасу) – бала мен педагогтың өз іс-әрекеттерін
жобалауы (проблеманы шешуге қатысты мәселелерді бөліп алу және жауапты
болу) қатынастарын жүргізу және кез келген формада келісім жасау;
ІҮ кезең ( іс-әрекеттік) – баланың өзі әрекет етеді, педагог те
жұмыс жасайды (баланың әрекетін мақұлдау, оның ықыласы мен әрекетін
ынталандыру, мамандардың мектепте және мектепте тыс және одан тыс
орындарда іс-әрекетін ынталндыру, мамандардың мектепте және одан тыс
орындарда іс-әрекетін ынталандыру, оқшыға кідіртпей көмек беру);
Ү кезең (рефлекстік) – баламен бірге алдыңғы кезеңдерде жіберген
іс-әрекет кемшіліктері мен жетістіктерін талқылау, проблеманың
шешілуіфактілерін салыстыру немесе қайта құру, бала мен педагогтың
жаңа тәжірибемен қарулануы.
Тәрбие процесінің ерекшелігі өзін - өзі тәрбиелеу мен тәрбиенің, қайта
тәрбиелеудің бірлігінен көрінеді. Ал оның мәні, мазмұны, жалпы құрылымы,
орны мен ролі жоғарыдғгы тәрбиенің құрамдас бөлімдерінің өзара
байланыстылығы мен қызметі арқылы айқындалады.
Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін, практикалық іс-әрекетте төрт
міндеттер тобын шешу керек.
І-топ айналасындағы міндеттер:
а) оқуға өмір бойы қажет, маңызды процесс ретінде қарау көзқарасын
тұрақты қалыптастыру ;
б) оқушылардың оқу сатылары бойынша білім стандарттарын меңгеруін
қамтамасыз ету;
в) жалпы оқу қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру,
г) жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету,
ойлау креативтілігін дамыту, оқушылардың шы,армашылығын және оның
әртүрлі көріну жолдарын қолдоу әрі дамыту.
ІІ-топ – тәрбие ісінің айналасындағы міндеттер:
а) оқу-тәрбие процесінде жекетұлағлық бағыт қолдану;
б) мектептегі тәрбие процесін өзін-өзі тәрбиелеуге айналдыру;
в) жеке тұлғаның адамгершілік, ерік-жігер және эстетикалық ортасын
дамыту;
г) өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен білім алу дағдыларын
қалыптастыру,
д) баланың өзін-өзі барынша толық көрсетуі үшін жағдай жасау;
е) өзіне сенім қалыптастыру;
и) оқушыларда өзін-өзі жетілдіру мұқтаждығын тудыратын оқу-тәрбие
ортасын құру.
ІІІ-топ -психикалық даму айналасындағы міндеттер:
а) баланың жеке қабілеттерін дамыту;
б) баланың жеке тұлғалық жағымды Мен – тұжырымдамасын
қалыптастыру;
в) өзін-өзі басқару, жөнге келтіру қабілеттерінің қалыптасуына
ықпал ету;
г) жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру басымдылығын қалыптастыру;
д) мектеп оқушысы дамыту бөлімі және кезеңі бойынша өзін-өзі
жетілдіру бағдарламасын құру.
ІҮ-топ әлеуметтендіру айналасындағы міндеттер:
а) жеке тұлғаның өзіне (өзіне-өзі баға беру, сыйлау, абырой, ар-
намыс, ұят ұғымдарымен пара-пар түсінік) және дүниеге (гуманистік,
демократиялық, диалектикалық, экологиялық қатынас) жоғары адагершілік
қарым-қатынас қалыптастыру;
б) баланың өмірін ұйымдастыруға іс-әрекет тұрғысынан қарау, оның
әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру;
в) жеке тұлғаның өз бетіндік инегративтік қасиетінің қалыптасуына
ықпал ету – баланы әлеуметтік дербестікке дайындау,
г) ұжымда өзін-өзі бекіту және жүзеге асыру дағдыларына үйрету;
д) оқушыларды кәсіптік және өмірлік айқындалуға дайындау.
Мектеп оқушысының жеке тұлғалық қасиеттерін өздігінен дамыту
технологиясының құрылымдық сызбасы Г.К. Селевконың жобасында төмендегідей
түрде бейнеленген.
Сызбадан көрініп тұрғандай, аталмыш технология үш жүйеден тұрады:
І-Тәрбие, ІІ-Практика, ІІІ-Әдістеме(1-сызбанұсқа).

Тәрбие механизмінің негізін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу (өзін-
өзі дамыту) технологиясын құрайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз: өз бойындағы кемшіліктерді өзіңді-өзің
түзету мақсатында саналы, жоспарлы жүйелі түрде жүргізілетін
жұмыс.Ресей ғалымы жеке тұлғаның азаматтық, адамдық, кісілік
бейнесінің қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің маңызына айрықша мәні
бере отырып, оның технолгиялық құрылымына назар аударады.
Г.К.Селевко өзі жасған технология құрылымын сызба түрінде бейнелеп
көрсетеді. Осы технологиялық 3 жүйеге 8 кестеге назар аударсақ:
Теория жүйесі – балаларды өзін-өзі жеке тұлғалық жетілдіру
негіздерін мақсатты және жүйелі түрде оқуға үндейді. Оқушылардың осы
бағытта теориялық дайындалуы 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін жүреді және
төмендегідей пәндер мен курстардан , бөлімдерден тұрады:
- Өзін-өзі тану;
- Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі;
- Жеке тұлғалар тарихы мен мәдениеті;
- Оқу еңбегін ұйымдастыру;
- Менеджмент және маркетинг негіздері (экономика пәндері бойынша);
- Көркем шығармашылық негіздері ;
- өнертапқыштық есептерді шешу теориясы;
- Жоғары нерв жүйесінің физиологиясы;
- Жанұя этикасы мен психологиясы;
- Қауіпсіз өмір негіздері;
- Салаутты өмір салты;
- Логика;
- Мамандық таңдау;
Тәрбиенің негізгі құрастырушы мазмұны болып балаға өзін-өзі тану,
құру, өзін-өзі бекіту және жеке тұлғалық қасиеттерін өздігінен жүзеге асыру
жұмыстарын мақсатты және нәтижелі түрде жүргізуіне мүмкіндік беретін білім,
қабілет және дағды табылады. Олар оқушылардың оқу және кластан тыс
жұмыстарында, оқушылардын өз мүмкіндіктерін бағалау және соған сай мінез-
құлық тәртібін таңдау жұмыстары бойынша жаттығулар жүргізу процесінде
немесе әлеуметтік ситуациялар мен сынақ-байқаулар ұйымдастыру арқылы
қалыптасады. Осының арқасында балада өзін-өзі жетілдіру қажеттігін сезіну
оянады, шығармашылық бастаулары дамиды, оның жеке тұлғалық рухани,
адамгершілік, эстетикалық және физикалық қабілеті байиды
Теориялық дайындық жөніндегі жүйе жасауға және интегративтік негізде білім
беріл тәрбиелеуге арқау болатын басты компонент болып "Өзін-өзі тану",
Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру курсы болып табылады. Аталмыш курс
балаға өзінің дамуын басқару үшін базалық психология-педагогикалық
дайындық және әдістемелік негіздерін береді, оған өзін-өзі тану мен құру
жұмыстарының қажеттілігін түсінуге көмектеседі, өзінің рухани және
физикалық өсуі мен жетілдіруінің практикалық әдістері мен тәсілдерін
меңгертеді. Оның бағдарламасы баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін
ескеру негізінде жасалынған. Оган мынадай оқу сабақтарының циклы қосылған.
I - ІҮ сыныптар - Этика бастауы; ҮІІІ сынып - Өзіңді бекіт;
IX сынып - Өзіңді тап; Ү сынып - Өзіңді таны;
ҮІ сынып - Өзіңді өзің жаса; X сынып - Өзіңді басқар;
ҮІІсынып - Өзіңді оқуға үйрет; XI сынып - Өзіңді жүзеге асыр.
Профессор Г-К.Селевко жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру теориясын, сонымен
қатар бала дамуындағы жағымды өзгерістер мен мүмкін
боларлық ауытқуларды зерттей отырып, кезеңдер бойынша бағдарлау
схемасын ұсынады:
Баланың өзін-өзі жетілдіру технологиясының Практика деп аталатын екінші
жүйесі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі бойынша іс-әрекет тәжірибелерінің
калыптасуына багытталған. Жеке түлганың өзін жетілдіру доминантының пайда
болуы және калыптасуы үшін, Г.К.Селевко пайымдағандай, баланың өмір
тәжірибесінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру мұқтаждықтарының өнімді және
шығармашылықпен қанағаттандырылуы шешуші мән атқарады. Сондықтан жеке
тұлғаның өзін дамыту технологиясындагы маңызды әдістемелік-ұйымдастыру
міндеттерінің бірі - өз бетінше және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ПРОЦЕСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен танымдық қабілеттерін дамыту
Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде
Даярлық топта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Пәндер