Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
К І Р І С П Е

Әрбір ұлы ақын – қашанда мәңгілік және бүкіл адамзаттық құбылыс. Оның
өмірінде бір-ақ мезгіл болады. Ол – туу мезгілі. Уақыттың өзге қатал
заңдары оның алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі
бір кезең мен жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп,
өзінің соны сипаттарын әр кез және баршаға бірдей аша, ақтара түседі,
жаңара, жасара береді. Ол әр адам үшін де, әр буын үшін де – қашан да
ерекше жаңалық, жаңа бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі,
шексіз–шексіз өнер мұхиты, поэзия мұхиты. Сондықтан да ол әрқашанда қандай
қауым мен халықтыі да жүрегіне тікелей жол тауып, оның ең сүйер ұлы, ең
сырлас замандасы болып кетеді. Оны әр ұрпақ өзінше оқиды, одан әркім
керегін табады. Өйткені әрбір ұлы ақын бүкіл адамзаттық көтереді, оларды
мәңгі ескірмес жаңа тұрғыда ғана шешеді, бейнелейді. Әлемдік поэзияның
өрісін кеңейтіп, оған өлшеусіз зор үлес қосқан, адамзаттың көркемдік ойын
батыл ілгері дамытқан Александр Сергеевич Пушкин осындай ұлы ақын еді.
Пушкиннің ақындық данышпандығын табиғатта тек күнмен салыстыруға болады.
Ақын Пушкин әдебиет әлеміне келісімен оған дейінгі онан кейінгі және өзімен
тұстас өзге ақындар екінші, үшінші қатарға ығысып, күн шыққанда өзге жарық
денелердің күңгірт тартып көрінбей кететініндей, ұлы ақынға жол береді.
Сонымен қатар оның тағы да бір елден ерек, қайталанбас қасиеті - арады
қанша уақыт өткеніне қарамастан өзінің нұрлы сәулесін өзінен кейінгі
әдебиетке заманалар биігінен түсіріп келеді. Сол себепті де А.Луначарский:
Пушкин - орыстың көктемі, пушкин – орыстың жарқырап атқан таңы, Пушкин –
орыстың Адам - атасы. Италияда Данте мен Петрарка, Францияда ХVІІ ғасырдың
алыптары, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете не жасаса, Пушкин біз үшін соны
жасады дейді.
Сондықтан да Пушкиннен, Толстойдан, шығыс әдебиеті үлгілерінен қазақ
тіліне аударылған дүниелерде белгілі бір дәрежеде дүниетаным, нәзира
дәстүрі, көзқарас бірлігі, іштей үндестік қасиеттері бар екенін айрықша
атап өткіміз келеді. Бұның өзі жалпы аударма өнеріндегі белгілі бір
дәрежедегі жүйеліліктің бар екенін, ал бұл жайт қазақ әдебиеттану
ғылымындағы үлкен құбылыс, арналы ілімнің қалыптасқанын көрсетке керек.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. М. БЕКІМОВ ЖӘНЕ ПУШКИНТАНУ ІЛІМІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ

Өмірде де, өнерде де, қоғамнан тыс, оның өсіп, өркендеу қадамынан тыс
ұлылық жоқ. Ұлы ақын, кемеңгер азамат Пушкин - өз дәуірінің жемісі.
Наполеон Россияға басып кірген кезде орыс халқы өз бойындағы алып күшті
алғаш сезінеді, - деп жазады декабрист Бестужев, - сонда ғана әрбір жүректе
тәуелсіздік сезімі оянды, алғаш ол саяси тәуелсіздік сезімі түрінде
көрінсе, кейін бүкіл халықтық тәуелсіздік сезіміне ұласты. Міне, Россиядағы
бостандық туралы ойлардың басы қайда жатыр!. 1812 жылғы Отан соғысындағы
ұлы жеңіс тек орыс солдаты қаруының ғана жеңісі болып қалған жоқ, бүкіл
орыс халқының жеңісі жеңісі болды, оның ұлылығын бар әлемге танытты, қоғам
өмірінің әр саласында әсерін тигізді, халықтың ұлттық санасын оятып,
патриоттық сезімдер тәрбиеледі, азаттық күресіне бастады. 1815-25 жылдар
арасында белең алған ел ішіндегі саяси толқулар мен жиі–жиі шаруалар
көтерілісі осының тікелей нәтижесі еді. Орыс революционерлерінің алғашқы
буыны – декабристер де осы бүкіл халықтыққозғалыс толқынында туып
қалыптасты.
Данышпан Пушкиннің ақындық, азаматтық өмірі, міне, осы қоғамдық, саяси
әлеуметтік ортада өтті. Сол өрлеу дәуірінің философиясы, азаттық рухы ақын
шығармашылығының түбегейлі өзегін, айнымас бағыты мен ажырамас мазмұныны
белгіледі, асқақ идеялармен абзал мұраттармен, өршіл ойлармен
қанаттандырады. Сол, 1812 жылдан, сол Пушкин шығармашылығына басталған және
оның поэзиясына өшпес өмір берген азаттыққа ұмтылушылық идеялары Пушкиннен
кейінгі тұста да орыстың озық мәдениеті мен әдебиетінің ұлттық, халықтық ең
жоғарғы қасиеті болып сақталып қалды. Демек, Пушкин және бір таптың емес...
тұтас халықтың, ұлттың, тілдің, тарихи тағдырдың ояну көрінісі. Сол
бастапқы ұрықтар ақырында келіп біздің күндей жарқыраған революциямызға
ұласты.
Лицейдің соңғы жылдарында Пушкин әртүрлі әдеби ұйымдарға қатысады, гусар
полкінің үкіметке қарсы ниеттегі жас офицерлерімен танысады, басыбайлылықты
сынап, еркіндікті аңсаған көптеген өлеңдер жазады. Бірақ олар баспа бетін
көрмей, қолжазба күйінде тарайды. Оның 1817-20 жылдардағы саяси өлеңдері
мен эпиграммаларынан декабристер идеологиясының бар эволюциясын көреміз.
Жас ақын өзінің Еркіндік, Чаадаевке, Ертегілер, Қыстақ тәрізді
саяси лирикаларында ел ішіндегі қараңғылық пен қаталдықты батыл сынап,
езілуші көпшілікті құлдықтан босату идеясын асқақ жырлайды, жастықтың жалын
атқан отты жігерін Отанға арнауға шақырады.
Пушкин 1820 жылы азаттық жырлары үшін оңтүстікке жер аударылады. Мұнда
ол декабристердің оңтүстік ұйымымен байланысады. 1824-26 жылдары туған
селосы – Михайловскіге оралып, онда жергілікті әкімдердің бақылауында
болады. 1826 жылы І Николай шақыртып алып: 14 декабрь күні Петербурге
болған болсаң, декабристер көтерілісіне қатысар ма едің?, - деп сұрағанда,
ол ешбір тайсалмастан: Сөз жоқ, тақсыр, бар достарым қатысқанда, мен
қатыспай қала алмас едім, - деп жауап береді. Осыған қарамастан патша оны
өз ақыны жасамақ ниетімен, оның цензоры да болады.бұл цензордың
қамқорлығы сонша, тіпті ақынның әйеліне жазған хаттарын да жасырын
тексеріп отырады. Еркіндік аңсаған ақынды қанша бұлқынса да, маңайынан
ұзатпайды, бұғауынан босатпайды. Бірақ декабристер көтерілісі жеңіліп, ел
ішінде реакция қанша етек алса да, жаулары тарапынан қандай қорлық пен
зорлық көрсе де, Карамзин мен Жуковский тәрізді ақылгөй қариялар
айналасынан алыстап, жалғыз қалса да ақын өз шығармашылығының негізгі өзегі
– азаттық сүйгіш армандарынан бас тартпайды. Сол үшін де ол қыршын жас
күйінде, талантының нағыз кемел шағында, қатал өмірдің қатыгез қыспағында,
жалдамалы жау қолынан қаза табады. Ақын Пушкин осы тұстан бастап, мәңгілік
өмір көгіне біржолата самғайды.
Ұлы ақынның аз өмірі теңдесі жоқ шығармашылық ерлікке толы. Оның
алғашқы лирикаларында айқын бой көрсеткен өмірге құштарлық, достық пен
махаббат, сұлу табиғат пен елдік, ерлік тақырыптары бірте–бірте ақын
шығармашылығында тамырын тереңдей жаяды. Жиырмаға жаңа шыққан жас жігіт
оңтүстікте айдауда жүргеннің өзінде жалғыздығы мен жағдайының ауырлығына
қарамастан Қанжар, Тұтқын, В.Л.Давыдовқа т.б. тәрізді өлеңдерін
жазып, орыс өмірінің еңсесін басқан қатал тәртіптерге қарсылығын ашық жыр
етеді.
Пушкин поэзиясы да аса принципті проблеманың бірі – халыққа, оның
фолкьлорына тікелей қатысты. Туған халқы мен оның ауыз әдебиетін жанындай
жақсы көрген болашақ тіпті сәби кезінен тәрбиешісі Арина Родионовна арқылы
сол халық даналағының асыл маржандарын бойына сіңіре, одан тағлым ала
өседі. Есейген шағында да көркемдіктің осы аналық негізінен қол үзбей,
өзінің Руслан мен Людмила, Алтын әтеш, Балықшы мен балық туралы т.б.
тамаша өлең ертегілерін жазады. Бұлар ақын талантының қайнар бұлағы халық
даналығында да жатқандығының баға жетпес айғағы.
Халық өмірінің тереңінде буырқанған алып күшпен тыныстаған ақын алғашқы
күрделі туындылардың көбін романтикалық сарында жазады. Романтизм ақынның
асқақ көңіл күйіне, дүниетанымына, өршіл мұраттарына тікелей жауап береді.
Кавказ тұтқыны, Бақша сарай фонтаны, Ағайынды қарақшылар, Цыгандар
поэмасында ол тәкаппар өр де Кавказдың поэзиялық сұлу бейнесін жасаумен
қатар, сол асқар тауы мен әсем табиғатына лайық өжет жандардың бойындағы
өлшеусіз күш-жігерді, азаттықты аңсаушылықты асқан шеберлікпен бейнелейді,
адамның жан–дүниесіндегі нәзік құбылыстарды өнімді суреттейді. Адам мен
қоғам арасындағы қайшылықтар алғаш осы туындыларда еркін бой көрсетіп,
ақынның кейінгі шығармаларында күрделі философиялық әлеуметтік жинақтаушы
ойлармен толыса, молыға түседі.
Тарих, заман, болашақ проблемаларды Пушкин поэзиясында органикалық
бірлікте, диалектикалық тұтастықта, бүтіндікке қойылып шешіледі. Қоғам мен
халықтың келешегіне зор үмітпен қараған ақын өз заманының көкейкесті
проблемаларын терең түсіну үшін тарихқа жүгінеді. Жалпы историзм – Пушкин
мұрасындағы аса жанды да үздік принциптердің бірі. Оны әркез толғантқан ең
негізгі мәселе – ақынның өз сөзімен айтсақ - Адам мен халық. Адамзат
тағдыры халық тағдыры. Пушкиннің Борис Годунов трагедиясындағы ең өзекті
идея – тарихты жасаушы халық, халықтың қостауы мен қолдауынсыз қашан да,
қандай да үлкен тірлік жасамаған да, жасалмақ та емес дегенге саяды. Тарихи
тақырып – ақын шығармашылығының халық өмірі және оның бұлтартпас заңдарын
көркемдік құралдармен ашу кілті. Шығармада Годунов трагедиясы – оның өз
басының жеке қасиеттеріне байналысты емес, халықтан қол үзуінде, халықты
өзіне қарсы қоюында, оны менсінбеуінде, елемеуінде. Борис Годунов
трагедиясынан бастап Пушкин поэзиясында реализм жетекші орын ала бастайды.
Оның осы тұстағы лирикаларының ішінде Анна Петровна Кернге арналған
өлеңі, Андре Щенье, Анчар, Сибирь рудаларының тереңінде..., Арион
тәрізді саяси өлеңдері ақындық пен азаматтықтың шебер қиысқан меруерттей
асыл үлгілері. Махаббат тақырыбындағы жырларында ол сезім тұңғиығына
тереңдей бойлап, соған лайық құдыретті сөз бен ой үйлесімін, сұлулығын тек
данышпен ақынға тән шынайы шеберлікпен табады.
Атақты Болдино күзінде топтамасында (1830) жазылған шығармаларының
қайсысы да ақын талантының кемеліне келгендігінің айғағы. Бұлардың ішінде,
әсіресе, Белкиннің повестері - шын мәніндегі орыс прозасының басы
болуымен қатар, әдебиетке айқын бағыт-бағдар сілтеген ерекше көркем де
шынайы туынды. Мұнда орыс қауымының бар саласы, әсіресе, Кішкентай
адамның өмірі, оның қуанышы мен қайғысы, арманы мен биік адамдық
қасиеттері нақты көркем де шыншыл бояуын таба суреттеледі. Шағын
трагедияларында ақын адамзаттың мәңгілік проблемаларын белгілі тарихи-
әлеуметтік, философиялық–этикалық мақсатта, жоспарда шешеді. Сөйтіп ол 30-
жылдардағы прозаларында сыншыл реализмнің негізін қалайды.
Декабристер көтерілісі жеңілгеннен кейін Пушкинді көп толғантқан
қоғамдық мәселелердің бірі – шараулар көтерілісі. Қазан, Орынбор сапарының
нәтижесінде Пугачев тарихы атты еңбегін жазады. Патша оны Пугачевте тарих
болуы мүмкін емес деп жаратпай қайырады. Алайда еңбектің жазылу және
алғашқы нұсқасының өзгермеу фактісі ақынның қарапайым құл емес, оның да
тарихи болғанын және болатынын дәлелдегенінің куәсі. Капитан қызы
повесінде де Пушкин Емельян Пугачевтің жанды бейнесін тарихшыға тән
білімділікпен жасайды, Дубровскийде де шаруалар бойындағы алып күшті
сүйсіне суреттеуі ерекше назар аударарлық.
Мыс салт атты - Пушкин поэзиясының асқар биігі. Поэмада ақын бір
жағынан І Петрдің Ресей алдындағы тарихи еңбегін мадақтай бейнелесе, екінші
жағынан Кішкентай адам мен патша арасындағы, халық пен патша арасындағы
бітіспес қайшылықты суреттейді, халық пен халық өкілінің аянышты тұрмысын
тебіріне жырлайды.
Адамзат мәдениетінің өткен ұзақ жолында Гомердің Илиада мен
Одессеясы, Дантенің Тағдыр тәлкегі, Бальзактың Адамзат комедиясы,
Л.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік эпопеясы тәрізді көлемді көркемдік
шыңдары бар. Пушкиннің Евгений Онегині – осы қатардағы дүние. Орыс
өмірінің энциклопедиясы аталған бұл негізгі кітабында ақын орыс қоғамының
бүтін бір кезеңін әр алуан типтік бейнелер арқылы асқан шыншылдықпен
суреттейді. Шығарманың бүкіл рухы жоғары қауым өмірінің адамды аздыру
ерекшеліктерін, адамдық бақытқа қарама-қарсылығын әшкерелейді. Онегин өз
қауымының ұлы да құлы да. Өз ортасының өмір салты оны өз кезінің артық
адамы дәрежесіне жеткізеді, қанша бұлқынса да уысынан шығармайды. Татьяна
болса ақын гуманизмінің бүкіл жарқын сипаттары осы бір аяулы, асыл жанның
бойынан көрінеді. Романда эпикалық жанр мен лирика шебер қисынын тапқан.
Шығарма, Белинскийдің сөзімен айтсақ, ақынның бүкіл өмірі, жаны, бар
махаббаты, барша сезімі, түсінігі, асыл мұраттары.
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді. Халықтың сөйлеу
тілін ол әдеби тілдің негізгі көзі ретінде пайдаланды. Халық тілі Пушкиннің
ақындық даналығының арқасында не бір терең философиялық, әлеуметтік, саяси
ойларды асқан көркемдікпен бейнелеудің аса құдыретті құралы дәрежесіне
көтерілді.
Ұлы тұлға А.С.Пушкиннің орыс халқының перзенті ретінде сол халықты
әлемдік деңгейге көтергені мәлім. Ақынның дүние танымы, шығармаларындағы
ұлттық рух, патриотизм, философиялық сипат, адам өмірінің мән-маңызы,
мазмұны жайлы терең толғамдар, нәзік те сыршыл лиризм, тұңғиық
психиологизм, адамзат баласын жер бетіндегі ең күшті де күрделі жаратында
ретінде қарастыруы, оптимизм, азаттық. Бостандыққа негізделген гуманизм
т.б. сипаттары оның жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына қосылған мол
мұрасының негізгі қасиеттеріне жатады.
Сондықтан да Пушкинді тек бір ұлттың перзенті ретінде қарастыру әбестік,
ол барша адамзаттың ұлы мақтанышы. Ол туралы айтқанда қазақ топырағында
Пушкинтану ілімінің тууы мен қалыптасуын айтамыз. Әдебиеттердің өзара
әсер–ықпалын айтамыз, ұлы тұлғалардың өре-деңгейін айтамыз, іштей
үндестгін, пікір бірлігін айтамыз. Асылы түрлі ұлттар әдебиетін сөз
еткенде, ағылшын әдебиеті, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті т.с.с. деп шартты
түрде жіктеп жатсақ та, ең ұлы руханият мұрасы ұлы арна - әлем әдебиетінен
барып мекен таппақ.
Жалпы Пушкинтану іліміне азды-көпті қатысы бар еңбектердің дүниеге
ертелі-кеш келіп жатқандары баршылық. Әлі де келмек, себебі, кез-келген
үлкен өнердің болмысына ортақ бір тамаша қасиет бар, ол қасиет, әдетте, сол
өнердің алды–артындағы рухани шүйгіндікпен дараланады. Себебі шын мәніндегі
үлкен өнерді әбден орныға шыңдалған, рухани дәстүр ғана дүниеге әкелмек. Ал
Рухани дәстүр дегеніміз ұлттық болмысты бойына терең сіңірсе ғана мәуелі
ағаш сияқты тамырын тереңінен тартып, бұтағын кеңге жаяды. Нағыз өнердің
уақыт пен кеңістік аясындағы өміршеңдігіне оыс сияқты рухани сабақтастық
қана айғақ болса керек.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тіліне Пушкиннің,
Лермантовтың, Крыловтың бірталай шығармалары аударылды. Бірақ ол аудармалар
заманның жағдайына қарай баспаның, мерзімді баспасөздің болмауы салдарынан
жұртшылық арасында ауызша тарады. Абай аудармаларының бірқатары уақытында
хатқа түсірілмей, баспа бетін көрместен жоғалып кетті.
Ал хатқа түсіріліп, баспа бетінде жарияланғаны А.С.Пушкиннің Капитан
қызы повесінің Молданияз Бекімов жасаған жасаған алғашқы нұсқасы.
М.Бекімов есімі зерттеушілер мен оқушы жұртшылыққа 1930-1911 жылдарда
ғылыми басылымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары
мен аударма кітаптары арқылы таныс. А.С.Пушкиннің Капитан қызы повесі
М.Бекімов аудармасында 1903 жылы Қазанда Харитоновтар бапаханасында басылып
шыққан.
М.Бекімов еңбегі зерттеулер мен мақалаларда, оқулықтар мен әдебиет
тарихына қатысты еңбектерде әркез лайықты бағаланып келеді.
М.Бекімовтың шығармашылық қызметін төрт салаға бөліп қарауға болады:
1) Қазақ әдебитеті нұсқаларын жинауы;
2) Аудармашылығы;
3) Әдет-ғұрыпты зерттеуі;
4) Ағартушылық – методистік қызметі;
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларынан М.Бекімов жинап-жарияланған материалдар
көптеп кездеседі. Жинаған материалдарының бәрін де орысша басылымдарда орыс
тілінде жарияланған. Демек, М.Бекімов қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын шебер
аударып, орысша басылымдарда жариялап, өзге халықтарға таныстырушы да.
М.Бекімовтың қазақ тіліне аударып, жариялаған елеулі қызметі – бүгінде
өзіміз тілге тиек етіп отырған А.С.Пушкиннің Капитан қызы повесі. Кітап
көлемі қырық сегіз бет. Араб әріпнде басылған.
Аударушы кітаптың сыртқы бетіне: Шығарушы Россияның артық шешен поэті
А.С.Пушкин, перевод еттім М.Бекимов деп жазған. Кітатптың ішкі бетіне ол
өзінің ұстазына екі тілде (орыс және қазақ), арнау жазған. Бағыл еттім
переводымды, есімі өшірілмес үшін сүйікті ұстазым Дмитрий Николаевия
Григорьевке, - деген.
М.Бекімов повесі бастан – аяқ толық дәл аудармай, көп жерін ықшамдап,
тіпті қысқартып, келте аударған. Мәселен, аударушы түпнұсқадағы мәні үлкен
эпиграфтарды, повестегі тарихи оқиға, өлке, қала, жер, күн райы
суреттелетін тұстарды бірқатар кейіпкерлердің бейнелерін, кірме өлең,
әңгімелерді қысқартып, тіпті тастап кеткен. Аудармашы Пушкиннің
түпнұсқадағы айтайын деген ойын дұрыс ұқпаған. Орыс жазушысы бұл
туындысында шарулардың Емельян Пугачев бастаған қозғалысын суреттеуді басты
мақсат еткен, тек сол кездегі патша үкіметінің цензурасынан жасқанып, соның
көзін бояу үшін өз шығармасының атын бұрмалап, Капитан қызы деп атаған.
А.С.Пушкин творчествосы – ұлан байтақ Россия елінің понарамасы іспетті.
А.С.Пушкин творчествосында оның отаны жан-жақты қамтылуы табиғи еді, -
деп жазды В.Брюсов. Пушкиннің поэзиясында Россияның барлық облыстарының
суреттері көз алдыңнан өтіп жатады. Ол өзі ерекше жақсы білетін орталық
аймақтың (лирикалық топтамасы, Евгений Онегин, Граф Нулин повестері
тағы сондайлар) ғана емес, сонымен бірге Россияның бүкіл шет аймақтарының –
фин заливі жағалаулары Мыс салт атты (және Неманнан (Мицкевичтен) Қара
теңізге, Қырымға, Кавказ бен Закавказьеге (Грузия, Арзрум) дейін Мало
Росиия) Полтава (Бссарабия), Цыгандар (арқылы Дон, Урал, Волга бойымен
барып, кейде бір сәнді понарамаға айналатын) Онегиннің саяхаты (Россия
әлеуметтік өмірінде ұшығы көріне бастаған ынтымақтық, досьық идеялары
Пушкин творчествасында терең тамыр жайды. А.С.Пушкин ұйымдастырып,
редакциялаған Литературная газета, Современник сияқты басылымдарда ақын
үлгісімен Россия халықтары өмірін демократтық, гуманистік бағытта
көрсететін шығармалар, хабарлар басылып тұру дәстүрге айналды. А.С.Пушкин
ықпалымен көптеген ақын-жазушылар Россияның шет аймағында халықтар, ұлттар,
бұрын белгісіз тайпалар хал-жайына көңіл бөле бастады. Пушкиндік дәстүр ХІХ
ғасырда көрініс берген кейбір буржазиялық – отаршылдық ағымдарға қарсы
дамыды. Орыс әдебиетінде басқа халықтар өмірінде жанашырлық көзқарас
қалыптасты. Сөйтіп, әдебиеттер байланысы тарихы пайда болды. Ал біздің
дәуірімізде қазақ және орыс әдебиеттерінің ынтымақ, байланысы үлкен тарихи
маңыз-мазмұнға ие болды.
Зерттеуші М.И.Фетисов түрлі ұлттар әдебиетіндегі тығыз байланыс
мәселесін сөз ете келіп, ұлы ақынның қазақ әдебиетіне деген қарым-қатынасын
былайша түйіндейді: ...соответствующие факты представ-ляют большой историко-
литературный интерес, поскольку они свиде-тельствуют о внимательном и
дружеском отношении поэта к истории, социальному положению, устно-
поэтическому творчеству, языку казахского народа, к его участию в массовом
крестьянском движении под руководством Емельяна Пугачева. Автордың
төмендегі мына бір ойы Пушкинтану ілімінің қазақ даласына кеңінен қалай
тарай бастағанынан да хабар береді. Если при жизни Пушкин достаточно
определенно и ясно высказал чувства дружбы к казахскому народу, чем и
известной мере укреплял русско-казахские общественно-литературные связи, то
во второй половине ХІХ века пушкинское наследие уже становиться активным
фактором в развитии культуры и особенно новой демократичечкой литературы
Казахстана.
Ақын Орынбор, Орал сапарынан кейін Болдинадо Пугачев тарихын тәмамдап,
Капитан қызы повесін жазуға кіріседі. А.С.Пушкинді орыс әдебиетнің
реформаторы деген В.Г.Белинский анықтамасының терең мазмұны – орыс сөз
өнерінде ұлы ақынның Пугачев көтерілісі тақырыбын тұңғыш көтерумен де,
ойшыл қауымның назарын шаруалар көтерілісінің шежіресіне алғаш рет
аударумен қатар, бұл тарихи құбылыстың мән-маңызын алғаш ашуымен де
айқындала түседі. А.С.Пушкин Пугачев жайындағы тарихи беттер ұрпақ үшін
жоғалып қалмауға тиіс - деп, кейінгілерге өсиет қалдырды.
Россия империясының басқа халықтарының, оның ішінде қазақтардың да
Пугачев көтерілісіне қатысуының кейбір жайлары ақынның әйгілі Капитан
қызы повесінде айтылған болатын. Мысалы, шығарманың Қамал деген үшінші
тарауында Белогор крепосы Орынбордан қырық шақырым жерде. Жолы жайықтың
биік жарлы жағасын қуалай жүреді. Өзен әлі қатпапты. Оның қорғасын түстес
толқыны біркелкі қарлы жиекпен жарыса мұңая түнереді. Арғы беті
қырғыз–қазақ даласына ұласады деген суреттемелер бар. Осы тарауда
комендант Башқұрттар үркіп қалған халық, қырғыздар да дәмін татқандай
болған. Бізге жұғысулары мүмкін емес дейді дейді. Капитан қызының
Пугачевшіл-дік деп аталатын алтыншы тарауы өз көзім көрген керемет
оқиғаны суреттеместен бұрын, сол 1773 жылдың аяқ кезіндегі Орынбор
губерниясының хал-ахуалы жайында бірер сөз айта кетейін деп басталады.
Бұл жері байтақ мол өлкені Россия патшалығына жақында ғана бағына
бастаған алуан түрлі тағылау елдер мекен етеді. Сәл күдік алса, шоршып
түсетін, ішкі тәлім, тәртіпке үйренім болмаған жеңілтек, қатыгез елдер
үкімет тарапынан кірпік қақпай бақылауды, тізерлеп күшпен ұстауды керек
қылатын. Қолайлы орындарға крепостар соғылып, оған Жайық жағасын ертеден
иеленген казактар орнықан-ды. Бірақ осы өлкенің тыныштығын күзетуді үкімет
алдында міндетіне алған Жайық казактары біраздан бері толқи бастап, өздері
қауіпке айналған еді. Осы тарауда Пугачевтің Белогорск крепосына жақындап
қалғаны туралы хабарды естігенде Василиса Егоровна жиырма екінші жыл жасап
келеміз осында. Башқұртын да, қырғызын да көргенбіз: ендеше пугачевке де
беріспей шыдармыз! - дейді. Бұл соғысқа әзірліктің себебі не болды екен?
деп ойлады комендант әйелі: - Әлде қырғыздар шабылуын күтер ме екен?
Міне, Капитан қызынан келтірілген бұл мысаладрдан қазақ даласы да жым-
жырт үнсіз жатпағаны, онда да толқыныс дүбірі тоқталмағаны аңғарылады.
Ақынның Орынбор, Жайық өлкелерінде болған кездегі әсерлері де осы шығармада
көркем бейнеленген.
Ал, Молданияз Бекімов шығарманың негізгі идеясы Пугачев бастаған
шаруалар қозғалысының халықтық, бостандықшылдық сипатын көрсету деп ұқпай,
әңгімедегі Петр Андреевич Гринев пен Мария Ивановна Миронованың
сүйіспеншілдік, үй ішілік әңгімелері деп ұққан. Осыдан аудармашы шығарманың
көбінесе Пугачевке байланысты тұстарына көп көңіл бөлмей қысқартқан да
Гринев пен Мироноваға байланысты әңгімелерді қалдырмай аударуға тырысқан.
М.Бекімов бірінші бөлімнің өзінде-ақ Петр Гриневтің шыққан тегі, ата-
анасы жайындағы әңгімеден кейінгі Бопреге берілген мінездемені қалдырып
кеткен. Бұдан кейінгі Гриневтің әкесінің сарай календарын қараған тұстарын,
анасының ішкі сезімін, ротмистр Зурин мен Гриневтің карта, биллиярд
ойнайтын тұстары мүлдем түсіріліп қалған.
Екінші бөлімде, Гринев пен Савеличтің татуласуы, күймедегі Гриневтің
түсі, үй қожайыны мен Пугачевтің сөздері берілгенэпизодтар қысқартылған.
Үшінші бөлімде – урядник пен Василиса Егоровнвның Гриневке пәтер таңдауы
жайындағы Мироновтардың үйіндегі Гринев пен Швабрин арасындағы ұрыс жайлы
әңгімесі, дуэльшілердің қамалуы, жаңа дуэль жайындағы тағы да келісім
жасаулары, Швабриннің Машаға сөз айтуы туралы Гриневтің ойлары, түсіріліп
қалған. Ал бесінші, алтыншы бөлімдерден – Мироновтың Гриневке жасаған
сөгісін, Савеличтің хатын, Мироновтың өз әйелін алдаған жерлер мүлде
кездеспейді. Жетінші бөлімде еркіндік анық байқалады, бұл бөлімде де
сөйлемдер тұтастай қалдырылып қойған, келесі бөлімде Пугачевшілердің
болашақ әреткеттерін талқылаған тұстар да ұшыраспайды. Қалған бөлімдер де
осындай қысқартуға түскен. Мысалы тоғызыншы бөлімде де Пугачевтің
Савелевичпен алынған заттар жайлы әңгімелері жоқ. Бұдан кейінгі бөлімдегі
Гриневтің Белогорск қамалын босату жолындағы губернатормен болған әңгімесі
де кездеспейді. Он төртінші бөлімдегі Гринев пен Савеличтің Пугачевшілердің
қолына түсуі жайында тіпті сөз болмаған.
Бұдан әрі түсіріліп қалған эпизодтарды тізе берудің қажеті жоқ қой деп
ойлаймыз. Жалпы тоғызыншы бөлімнен бастап-ақ аудармашы қарапайым
әңгімелеушіге айналғандай. Әсіресе, түпнұсқаның кейінгі бөлімдерін тым
қысқартып, барған, келген, көрген, болған деген сияқты етіп өз
сөзімен айтып берген. Бейне бір әңгімесін аяқтауға асыққандай әсерде
қалдырады. Егер алтыгшы тарауларда Пугачев бейнесі аз да болса сөз етілсе,
ал соңғы тарауларда сөз тек Гринев пен Мироновтардың қызы төңірегінде ғана
болады. Тұпнұсқа мен қазақша нұсқаны салыстырған кезде байқайтынымыз
Молданияз аудармасының сөз байламдары жеңіл, тіпті түсінікті. Жалпы алғанда
қазақтың сол кездегі жаңа жасалып келе жатқан – кітап тілі ғой.
Бірақ аударманың сөз байламдарында да, тілінде де, мін жоқ деп айта
алмаймыз. Әриен, мін де, бірқатар кемшіліктер де баршылық. Аудармашы
бірқатар сөздерді орысшасынан дәл, дұрыс аудармаған. Кей тұстарда жеке
сөздердің мағынасын теріс, әлсіз етіп аударған. Кейде тіпті орыс тіліндегі
идиомалық тіпкестерді, түйдек сөйлемдерді мағынасына қарай аудармай,
тұлғасына қарай аударған тұстары да жиі ұшыратуға болады. Мысалы, ол
түпнұсқадағы просил руку,- деген сөз тіркесін қызының қолын сұрады деп
береді. Ал народ встретил с хлебом, с солью дегенді халық тұз бен нан
алып шықты десе, выйти за ворота и дать сражение сыртқа шығып, ұрыс
бергенді тәуір көрді деп аударған. Сондай-ақ мына бір тұста да
аудармашының жіберген қателігін анық байқауға болады. Түпнұсқадағы, прости
если у меня были грехи деген сөз тіркесін күнәм болса кеш деген сөз
тіркесінің орнына кеш, күнәм болса деп берген. Сонымен бірге аудармашы
қазақ тілінде баламасы бар сөздердің өзін дұрыс аудармаған. Пушкиндегі
неожиданная весть, яғни күтпген жаңалық Бекімовте срочная весть
немесе жедел жаңалық болып келеді. Осылармен бірге жекелеген сөздерді
аударуда да аудармашының қателіктерін кездестіруге болады. Мысалы,
календарь сөзін газетпен алмастырылуы немесе баламалары жеңіл, тез
табылатын сөздердің өзін түпнұсқадағы қалпында берудің өзі тіпті
түсініксіз. Мәселен, учитель, хозяин, фонарь, крепость, караул, простой,
господин, крест және т.б. Әрине бұл сөздер қазақ оқырмандарын көп
қиналдырмағына белгілі, сонда да ана тілінде берілгені дұрыс еді. Ал, мына
тұста, яғни, көшпелі қазақ қоғамына таныс емес сөздерді орыс тілінде сол
қалпында беруде М.Бекімов ұтпаса ұтылмаған. Олар: дворянин, офицер, шкаф,
стакан, гвардия, комендант, стол, капитан, гарнизон, кровать, раскольник,
старшина, фелдьмаршал, диван, урядник, завод, генерал. Бұл сөздердің
бірталайының қазақ тіліне аударма жасалған уақыттан кейін енгені белгілі.
Аудармашының тағы да бір кемшілігі өз туындысында қазақ тілінде жоқ араб,
иран, татар тілдерінің сөздерін пайдалануда.
Бұл жерде айта кететін бір жай М.Бекімов Капитан қызын аударған тұста
орыс классигінің шығармалары қазақ жеріне келе бастаған, бірақ біздің
топшылауымызша аударушы өзінің туындысына дейін жарық көрген бұл шығарманың
татар тіліндегі нұсқасын да назарынан тыс қалдырмаған ба дейміз.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, Бекімов нұсқасынан мысалдар келтірейік.
Аударманың үшінші бетінде Гринев өзінің басынан өткерген іс-әрекеттері мен
әкесінің Мәскеуден оқытушы алғызып, оны оқытпақ болған жері былай берлген:
Біз өзіміз тоғыз ағайынды едік. Менен басқалары жас кезінде апат болған.
Менің әскерге жазылатын уақытым таяп қалды. Ол кезде тәрбие мұқият болатын.
Он екі жасымда мен оқу, жазу үйрендім. Сонаң соң әкем мәскеуден француз
учитель алдырды. Бубыра іслима оның келгенің сафилиш бокоракты жақтырмады.
Не босқа ақша шығарып? Өзімізден де табылып тұрғанда. Француз учитель
білікті адам болып шықпады, оны әкем шығарып салды. Бұдан соң он алты
жасыма шейін балалармен ойнап, құс қуып босқа жүрдім. Медресеге барар кезім
жақындады. Бұдан баслап турсым өзгере баслады. Бір күз күні шешем самса
пісіріп отырғанда оның жанында әкем газет қарап отырды. Осы үзіндінің
өзінде-ақ қаншама татар сөздерін кездестіруге болады. Белгілі қазақ
сөздерінің орнына мысалы, мынадай сөздер (чернильница - сиясауыт) берілген,
хаким (начальник - бастық), дұға (благославение – бата беру), хикая
(рассказ -әңгіме), фраман (приказ - бұйрық) және т.б. сөздерді де аударма
барысында кездестіреміз. Сондай-ақ аудармадан қазақ әдеби тілінің дамымаған-
дығын Бекімовтың диалекті сөздерді көптеп қолданғанын анық байқаймыз.
Аудармашы өз туындысында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облысының
жергілікті халқына тән пәтерші, сарық, қардас, тумалас, қосшы сөздерін
пайдаланған.
Өзіміз өмір сүріп отырған ғасырдың басында қазақ тілінде басылып шығып
жүрген кітаптардың бәрінің мазмұны, идеясы, көбінесе ескілік, діни, қиял-
ғажайып болып келетін ертек екені көпшілікке мәлім. Осы жағдайда тарихи
тақырыпқа реалистік әдіспен жазылған шығарманың – Капитан қызының қазақ
тілінде шығуы, тіпті оның тек желісі ғана болса да зор әдеби жаңалық болды.
Ол қазақ халқының жаңа бағытты әдебиетінің алдында жаңа белес есігі болып
ашылды.
Бұл жөнінде З.Тұрарбеков: Молданияз Бекімов А.С.Пушкиннің Капитан
қызын өзгелерден бұрын қазақ тілінде сөйлетті, қазақ әдебиетінің тарихында
елеулі іс атқарды. Ол орыс әдебиетінің тарихи және көркемдік мәні өшпейтін
классикалық шығармасын қазақ даласында сөйлету арқылы мұндай азаткерлік
идеяны насихаттайтын төл туындылардың тууына із салды, мұрындық болды.
Қазақстанның батыс өлкесінде, туыстас Башқұрт елінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда
өрбіген патшаға, хандарға, билерге, езіп-қанаушыларға қарсы халық қозғалы-
сын жырлаған тарихи шығармалардың тууына тікелей әсер етті. М.Бекімовтың
бұдан сексен жыл бұрын істеген еңбегінің тарихи мәні, міне осында деп
түсінуіміз керек, - дейді.
З.Тұрарбеков Әдебиеттер достығының дәнекері деген еңбегінде (1977)
М.Бекімов аудармасының кейбір үзінділерін Капитан қызы полвесінің орысша
мәтінімен, Ә.Тәжібаев аудармасымен салыстыра қарап, сөзбе-сөз, кейде еркін
аударған деген қорытындыға келеді. Әрине, еркін аударғанда да шығарма
мәтінінен алшық кетпей барынша жатық тілмен беруге талаптанған.
Орысша мәтінде: Отец мой андрей Петрович Гринев в молодости своей при
графе Минихе и вышел в отставку премьер – майором. Жил он своей Симбирской
деревне, где и женился на дочери бедного дворянина. Нас было девять человек
детей. Все мои братья и сестры умерлы в младенчечтве.
М.Бекімов аудармасында: Менің әкем Андрей Петрович Гринев солдат
қызметінде болып, майор шенінде отставкаға шықты. Соның соңынан Симбирь
губерниясында тұрып, бір жарлы дворянның Авдотья есімді қызын әйелдікке
алды. Біз өзіміз тоғыз ағайынды едік. Менен басқалары жасында опат болды
(53,21).
Ә.Тәжібаев аудармасында: Андрей Петрович Гринев жасында граф Минихтың
қарауында әскери қызмет істеп, 17... жылы премьер – майор болып отставкаға
шыққан. Содан Симбирдегі өзінің туған деревнясына қайтып, сондағы бір
кедейленген дворянның Авдотья Васильевна деген қызына үйленіпті. Біз тоғыз
ағайынды екенбіз. Менен басқалары түгел жастай өліпті.
Мұнда ескеретін жағдай: М.Бекімов ықшамданған мәтіннен, Ә.Тәжібаев толық
нұсқасынан аударған. Әйтсе де М.Бекімов толық нұсқасына да назар аударғанға
ұқсайды. М.Бекімов: В молодости своей служил при графе Минихе деген
тіркесті және премьер деген сөзді солдат қызметінде болып, майор
шенінде деген қысқа тіркеспен алмастырып, ықшамдап аударған. Сөз жоқ, бұл
әрекет сол кез оқушысына түсінікті. Ұғымды болсын деген ойдан туса керек.
Ал, Все мои братья и сестры умерли в младенчестве дейтін соңғы сөйлемді
М.Бекімов те, Ә.Тәжібаев та еркін аударған. Менің барлық аға інілерім мен
апа қарындастарым деген мағынадағы тіркесті аудармашылар менен басқалары
деген жалпылама сөздермен берген.
Қазақша тәржіма тәжірибесі жоқ кездегі, жоғарыда айтқанымыздай,
М.Бекімов аудармасында татар, араб, парсы сөздері стильдік кемшіліктер
кездесіп отырады. Әдебиет пен ғылым өркендеген сайын аударма өнерінің де
кемелдене түсері, ізденіс молайса, білімді, талантты, тәжірибелі шебер
аудармашылардың да көбейе түсері аян.
Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері деген еңбегінде С.Талжанов:
Капитан қызын 1936 жылы Қ.Тайшықов, 1949 жылы Ә.Тәжібаев аударғаны мәлім.
Кейінгі аударманың бұрынғы төл әдебиетіміздің мешеу кезіндегі Молданияз
Бекімов берген үлгіден көш ілгері екені даусыз дейді. Әйисе де әрбір
аударманың өзіндік орны бар. Ал, З.Тұрарбеков сөзімен айтсақ, М.Бекімов
Пушкин прозасын алғаш ашушы, алғаш таныстырушысы, алғаш аудармашы болғаны
хақ. Демек, ХХ ғасырдың бас кезінде М.Бекімов аудармасының әлеуметтік,
эстетикалық мәні зор болғаны сөзсіз және Абайдан соң Пушкинтану ілімінің
қазақ жерінде кең қанат жаюына үлес қосқанын да есте ұстауымыз қажет.
Қалай болғанда да аудармашы М.Бекімовтың тәржіма ісіне сіңірген еңбегін
уақыт атты философиялық категория тұрғысынан алсақ, төмендегідей тұжырым
жасаумызға болады: Молданияз Бекімов, бәрінен бұрын, өз аудармаларында
ұлттық болмыстың сыр-сипаты мен қасиет-қырларын қатаң сақтай білді. Ал, бұл
белгілі дәрежеде Абай аудармаларындағы ұлттық сипаттың ерекшеліктерімен
үндес, яғни, зерттеуші М.Гачаевтың пікіріне сүйенсек, Подобно тому как
человек есть троичное единство – тело, дуаш, дух, - так и каждая
национальная целостность есть троичное единство: национальная природа –
космос, психея – характер народа и логос- склад мышления.
Молданияз Бекімовтан кейін ұлы жазушының жоғарыда сөз болған туындысын
аударған қадір Тайшықов болса, аударма ісінің өз дамуы жағынан жоғары
деңгейге көтерілген тұсында Капитан қызының үшінші рет қазақша нұсқасын
жасаған – ақын Әбділдә Тәжібаев.
Әрине кейінгі аударманың, сонау төл әдебиетіміздң ертеректе М.Бекімов
аударған үлгіден көп ілгері екені сөзсіз. Бұл жерде тағы айта кететін бір
жай, өлеңге әркімнің де бар таласы демекші аудармада да әркім
аудармашылық өз қабілетін, өз серпінін көрсететіні түсінікті. Және аударма
шеберлігін әркім әртүрлі ұғынушылық та болмай қалмақ емес. Сондай-ақ
аударманың бойында қай уақытта, қандай ортада жасалғаны да ескерілетін жай.
Жалпы, тәжіриебемізде аударма өнерінің келелі мәселелері түгел шешіліп
болды деп айта алмаймыз. Бірақ аудармаға қойылатын негізгі талаптар
бәрімізге белгілі сияқты. Аударма шығарманың әрпін емес рухын жеткізуі
тиіс, автор интонациясын, тіл, образ, стиль т.б. ерекшеліктерін сақтауы
шарт. Аударма мейлінше жатық болуы керек.
Сонымен аударманың сапасына байланысты аударма дәл емес, аударма мен
түпнұсқа бір-бірінен алшақ, қазақшаға аударыл-ғанымен қазақша емес деген
сияқты сындар, түпнұсқаның аудармада басқа ұлт, басқа мәдениетке бейімделіп
кетуі (қазақыланып, орыстанып деген сияқты) аударманың өзінің қоғамдық
қызметіне лайық болмай қалғанын көрсетеді екен. Демек аудармаға қоғам
тарапынан қойылатын талап өте жоғары.
Міне, осындай талапқа жауап беретін аударма Әбділдә Тәжібаевтың бүгінде
өзіміз тілге тиек етіп отырған туындысы яғни А.С.Пушкиннің Капитан қызы
повесінің үшінші қазақша түпнұсқасы.
Аудама 1949 жылы жасалған. Түпнұсқа мен қазақ ақынының туындысын өзара
салыстырып қарағанымызда, аудармашының түпнұсқаны дәл аударуға тырысқанын
байқамыз. Әрине, дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем
ерекшеліктерін өз мәнінде бере алатын болады, бұл жөнінде дәл аудару
дегенді, сөйлеміне сөйлем етіп орай аудару деп түсінген жөн. Сөйтіп,
Пушкиннің сөйлемдері қазақшасында да өзінің ұзынды-қысқалы көлемімен дәл
беріледі. Ә.Тәжібаев түпнұсқадағы образдылық, синонимдердің, идиомалардың,
мақал-мәтелдердің, афоризмдердің дәл аударуылына, сондай-ақ олардың қазақша
баламаларымен берілуіне көп көңіл бөлген және оларды қазақыландырып та
жібермеген.
Осы жерде айта кететін бір жай, идиомалардың, мақал-мәтелдердің және
басқа да тұрақты сөз тіркестерінң аударылу принциптері орыс әдебиетінде де,
сондай-ақ біздің төл әдбиетімізде де аудармашы алдына үлкен талап қояды.
Осы тұста аударма теориясына біраз көңіл бөлер болсақ, аударма
теориясына арналған көптеген еңбектерде дәлдік ұғымына айрықша мән
беріліп жүретін. Бұл ұғымға күмән келтіретін пікірлер де аз емес. Сондықтан
болар соңғы жылдарда, әсіресе, көркем аудармаға байланысты теориялық
әдебиеттерде дәлме-дәл деген сөз тіптен сирек қолданып жүр. Бұл - әр
тілдегі мәтіндер арасында теңдік белгісін қоюдан, абсолютті түрдегі
сәйкестіктен бас тарту ниетіндегі дұрыс принцип деп ойлаймыз. Сол себепті
дәлме-дәлдік (точность) сөзінің орнына адекваттылық (бара-бар балама)
термині ұсынылды. Бұл – сәйкестік, мөлшерлік, шамалас деген ұғымды береді.
Белгілі аударма танушы А.В.Федоров бұл шетелдік терминді полноценность
деп орысшалапты, бұл сөз қазақ тіліне толыққандылық болып аударылады. Бұл,
біріншіден, аударма мәтінінің түпнұсқаға қызметі жағынан сәйкестігін,
екіншіден аударуда тілдік құралдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Абай Құнанбаев өмірбаяны және шығармалары
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Ақын, ағартушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай өмірбаяны, шығармалары
Ақындар шығармалары
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
Ресей мәдениетінің «Алтын кезеңі»
Пәндер