Жалдық міндеттемелердің есебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелер туралы түсінік және оның түрлері
1.2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің құжат арқылы рәсімделуі
1.3 Мирас Строй LTD ЖШС технико - экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Жұмысшылар мен қызметкерлер бойынша еңбекақы есебі
2.2 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі
2.3 Қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Қатаң бәсекелестік жағдайында қаржының жетіспеушілігінен банктерден, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өзінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Қарыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп тиімділігін арттыруда оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеру мақсатындағы шараларға, өнімнің тиімді әрі жоғары жаңа түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа жан-жақты қызмет көрсетуге, халыққа қажетті тауарлар шығаруға және экспортқа жұмсалады.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жеткізушілермен, мердігерлермен, инвесторлармен, кредиторлармен, қызметкерлермен және мемлекетпен уақытында есеп айырысуы, оның төлем қабілетінің жоғары екендігін білдіреді. Ағымдағы міндеттемелерді жабу мүмкіндігінің жоғары болуы кредиторлардың қызуғышылығын арттырады, ұйымның зиян шегу ықтималдылығын азайтады. Сондықтан кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттеме есебін дұрыс ұйымдастыру мен оның талдауы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені төлем қабілеттілігінің жоғары болуы кәсіпорынға деген серіктестер мен клиенттердің оң көз-қарасын қалыптастырады.
Кәсіпорын міндеттемелерді реттеу үшін әр түрлі әдістерді жүзеге асыруы мүмкін:
ақша қаражаттарын төлеу;
басқа да активтерді аудару;
қызмет көрстеу;
міндеттемені басқамен ауыстыру;
кейбір жағдайларда одан бас тарту, және т.б.
Қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешекте үздіксіз жұмыс істеуін үнемі талап етеді.
Өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалды емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын ұйымдардың қаржылық жағдайы тұрақты болып табылады.

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелер туралы түсінік және оның түрлері

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлердің алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады.
Міндеттеме ағымдық (операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Он екі ай аралығында өтеуге жататын міндеттемелер қысқа мерзімді ретінде танылуы үшін төмендегі жағдайлар орындалуы керек:
міндеттемелерді орындаудың алғашқы мерзімі он екі айдан асса;
міндеттемені қайта қаржыландыру немесе төлем жүргізу кестесін өзгерту туралы келісім баланс күнінен соң және шығарылымның қаржылық есептемесі бекітілгенге дейін жасалса.
Ағымдағы міндеттеменің пайда болуына алып келетін өткен оқиға міндеттелген оқиға деп аталады. Міндеттелген оқиға компанияда осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған міндеттемені өтеудің нақты баламасының жоқтығы болып табылады. Бұл:
компания міндеттемені өтеуге заң бойынша мәжбүр болған жағдайларда ғана жүргізіледі;
енгізуден туындаған міндеттеме жағдайында оқиға (компанияның іс-әрекетімен болуы мүмкін) басқа тараптарда компанияның өз міндеттемелерін орындағаны туралы негізделген күтулер тудырады.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге банктен алынған қысқа мерзімді несиелер, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз, қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер және кредиторлық берешектер жатады.
Банктен және банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімді несиелер. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешіміен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттерінде және шоттарында сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Банк несиені бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі үшін табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса, онда кәсіпорынның берген өтініші оң шешімін табуы мүмкін. Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызады. Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу (заем). Ел ішіндегі және шетелдегі басқа шаруашылық субъектілерінен алынған қарыздарды көрсету үшін 3020 шоты көзделген. Онда алынған қысқа мерзімді қарыздар шетелдік және ұлттық валюталарда көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысу. ҚР еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы - бұл жұмыскерлердің нақтылы атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбекақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбекақы - оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбекақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді және салықтармен реттелінеді.
Еңбекақы түрінде табыстарға жалақының, сыйақының, қосымша еңбекақының, үлес ақының, қалам ақының, шәкірт ақының және жалдау (мердігерлік, өзара шарт, келісім) шартына сәйкес жеке тұлғаның жұмысты орындауына (қызметті атқаруына, оқуына) байланысты басқа да төлемдердің кез келген түрлері жатады.
Еңбекақының мәнін атқаратын қызметтерінен айқын көруге болады. Еңбекақының атқаратын бес қызметі болады:
1) Ұдайы өндіру қызметі. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақты өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін заңмен минималды көлеміне байланысты бекітілген.
2) Ынталандырушы қызметі. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеу кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.
3) Өлшеулік-бөлуші қызметі. Бұл қызмет өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.
4) Ресурсты-орналастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндігі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.
5) Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні - төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді

Еңбек өнімділігі өсу темпінің орташа жалақы өсу темпінен жоғары болуын қамтамасыз ету
Еңбекақы жүйесінің қарапайымдылығы, оңтайлы болуы
Өндіріс және еңбек тиімділігің өсуіне байланысты нақты жалақыны жоғарлату
Ынталандырушы
Халықтың төлем қабілеті бар сұранымды қалыптастыру
Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қосқан үлесі, еңбек жағдайы мен мазмұндылығы, кәсіпорыннын орналасқан ауданға байланысты жұмысшылар жалақысының өзгешелігі

Сәйкес еңбекке сәйкес төлем
Еңбекақыны мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығын әрекеттік есепке алу
Өлшеулік - бөлуші
Ұдайы өндіру
Ресурстык-орналастырушы
Сурет 1 - Еңбекақының атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары арасындағы байланыс
Көбінде еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атқаратын қызметтерімен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар қызметтерін жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше қызметтерімен байланысты.
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлеге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорларды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр куатын, суды, газды және т.б. босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу және т.б.) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.
Бюджетпен есеп айырысу. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар дегеніміз - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Жеке табыс салығы 10% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан ұсталады. 10% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
дивидендтер;
депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттер кірмейді);
ұтыс;
заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марпаттау сомасы кірмейді);
бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы [7].
3130 Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналамына қосылған, сату айналасына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құн салығы болып табылады, сондай-ақ ҚР аумағына туарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12 пайызын құрайды (ҚҚС босатылған айналымды қоспағанда)
3140 Акциздік салық - сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебиттеліп, 3140 шотының, Акциз деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3140 дебиттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.
3150 Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметік салықтың есебі, 3140 шоттың Әлеуметтік салық деп аталатын субшотын жүреді. Әлеметтік салық ставкасы 11 пайызды құрайды.
3160 Жер салығы. Бюджетке төленетін жер салығынның есебі 3160 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.
3170 Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады [6].
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және ҚР заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалды және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.
40 тонналық және одан да жоғары жүк көтеретін самосвалдар және арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7440 Жалпы және әкімшілік шығыстарының шоты дебиттеледі де және 3140 Бюджетпен басқа да есеп айырысулар шотының 3170 Көлік құралдарына салынатын салықтар деп аталатын субшоты кредиттеледі [3].
Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі 3390 Жалдық міндеттеме деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал Жабдық міндеттеме деп аталтын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу. Аванс - ақшалай міндеттеме есебіне алдын-ала төленген сома. Аванстың төленуі келісім шарттың жасалғанын растай алмайтын, бірақ алдын-ала төленген сома бірнеше функцияларды орындайды, олар:
белгілі бір мөлшерде келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
міндеттеменің бар екендігін растайды.
жалпы төлем соманың белгілі бір мөлшері болғандықтан аванс төлемдік қызмет атқарады.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша сондай-ак ішінара дайындығына карай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстардың өтемакысы бойынша есеп айырысу үшін 3510 Тауарлык-материалдық босалкыларымен жабдықтау үшін алынған аванстар және 3510 Орындалатын жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін алынған аванстар деп аталатын шоттары пайдаланылады [5].
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды ішінара дайындау кезінде, алынған төлемақы сомасына 1040, 1010 шоттары 3510 шоты кредиттеледі, бірақ ол кезде төлемдердін мақсаттарына карай бухгалтерлік жазбалар жазылады.
Алынған аванстар және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлемақы сомасы 3510 шотының дебеті және сәйкесінше, 1210 шоты немесе 1210-1230 шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
3510 шоты бойынша талдамалық есеп әрбір несие беруші бойынша тізімдемеде жургізіледі.
Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі .

1.2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің құжат арқылы рәсімделуі

Бухгалтерлік есепті бухгалтерия өз бетінше құрылымдық бөлімше ретінде іске асырады, осы орайда бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі нормативті-құқықтық құжат болып саналады. Бухгалтерия қызметкерлерінің лауазымды міндеттері лауазымдық нұсқаулармен реттеледі.
Мүліктермен міндеттемелер бойынша шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі 1С компьютерлік бағдарлама пайдалануымен теңгемен жүргізіледі.
Шаруашылық операцялардың іске асырылуы - бастапқы құжаттарды қабылдап, тіркеп, есепке кірістіру бухгалтерияның ішкі бақылауымен жүргізіледі, және келесі шарттар орындалуы керек:
- әр бір жасалған шаруашылық операция дәлелденіп жасалуы;
әр бір жасалған шаруашылық операция мерзімдегі заңға сайлығы;
шаруашылық операциялардың жасалуына есепшілердің қабілеттерімен міндеттерінің өкілеттілігі;
құжатталу мен жүйелік жазбалардың өңделуіне басшылар жағынан бақылануы және басқарылуы;
активтерге қатысты шектелу - қорғау жүйесі (кәсіпорынның активтеріне бәріде қатысты бола бермейді, жекелеген жауапты тұлғалар ғана);
тексерушілер тәуелсіз болуы - тәуелсіз бақылау.
Шаруашылық операциялар қозғалысы бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарына бойынша жүргізіледі.
Әр бір шотқа ақпарат жинақталуы шот және субшот бойынша жасалады.
Ал, аналитикалық есеп кәсіпорынның қажетіне қарай, кәсіпорынның мүліктер түріне байланысты (негізгі құралдар, материалдар, шығындар түрлері бойынша, өнімдер, есептемелер, резервтер және басқада) жасалады.
Серіктестіктің шаруашылық операцияларына бастапқы құжаттарды бухгалтерия реттеп жинақтайды. Әр шаруашылық операцияға 2007ж. 21.06. 216 ҚР ҚМ Бастапқы құжаттардың формаларын бекіту бұйырығымен қарастырылған құжаттар толтырылады - осылар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
Қаржы-есептілік құжаттарға және ұйымдастыру-бұйыру құжаттарға қол қою құқықылы қызметкерлер тізімі кәсіпорын басшысымен белгіленеді.
Бухгалтерияға түскен бастапқы құжаттарға міндетті түрде тексеру жасалады (формасы) дұрыс және толық толтырылуы, мазмұны бақыланады (көрсеткіштерімен заңдылығы) және есептелуі тексеріледі. Бұрын қате жасалған құжаттарға анықтама арқылы түзету жасалады.
Бухгалтериядағы құжат айналымы кесте бойынша жасалады. Кестенің орындалуына және құжаттардың дұрыс, уақытылы қозғалыстарына қол қойған қызметкерлер жауапты болады.
Бухгалтериядағы құжаттарға жекелеп мерзіміне қарай, операция түріне қарай іс ашылып жүргізіледі. Мерзімі асқан сайын архивке апарылады.

Кесте 2 - Құжаттардың сақталу мерзімі
Құжат түрлері
Сақталу мерзімі
Жылдық қаржылық есептеліктер
5 жыл
Тоқсандық есептеліктер
5 жыл
Негізгі құралдарды кіріске-алу актілермен қайта бағалану ведомостер
5 жыл
Еңбекақы есептеу ведомостермен қызметкерлердің жеке карточкалары
75жыл
Басқа құжаттар
5 жыл
Еңбекақы бойынша есеп айырысқанда толтырылатын құжаттар. Серіктестікте еңбеканы есептеу 1-С бухгалтерия бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Онда еңбекақыны есептеу ай сайынғы еңбекақыны есептеу водомосында қызметкерлердің толық аты-жөні жеке көрсетіле отырып есептеледі, одан кейін есеп режимі бойынша есептік ведомос пен төлем ведомосі қалыптастырылады. Оған қоса есептік төлем ведомостарын да әр жұмыскер бойынша жеке карточка есебінде қалыптастыра алады.
Ай соңында ол құжаттар қағазға басылып, қол қойылып, рәсімделіп, еңбекақы есептеу жөніндегі бастапқа құжаттардың папкасына тігіліп, сақталады.
Жеткізушілермен, мердігерлермен есептесу үшін арналған құжаттар.
Есеп саясаты бойынша жеткізушілер мен мердігерлердің алдында міндеттемелердің танылуы бастапқы құжаттар негізінде жасалады: келісім шарт, накладной, жасалған жұмыстардың қабылдау актісі, шот-фактура.
Қорларды әр түрлі тұлғалардан сатып алуға байланысты бастапқы құжаттар:
қорларды заңды тұлғадан немесе кәсіпкерден сатып алынғанда - - шот-фактура, накладной (чек), келісім шарт, автокөлік жұк құжаты, кедендік декларациясы;
қорлар рыноктан сатып алынса немесе бір жолғы талон негізінде жұмыс көрсетушілерден алынса барлық реквизиттерін толық көрсеткен сатып-алу актісі, бір жолғы талонның көшірмесі немесе басшының қолымен расталған жазба парағы;
қорлар жеке кәсіпкерден алынса: барлық реквизиттерін толық көрсеткен сатып-алу актісі, басшының қолымен расталған жазба парағы [8].
Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат.
Шот-фактура -- бастапқы бухгалтерлік есептің қосымша ресми есеп-бақылау құжаты. Мазмұны жағынан Шот-фактура несиегер борышқордың атына ресімдейтін, олардың арасындағы шарт қатынастарының болғандығын және борышқордың ақшалай міндеттемелері сомасын куәландыратын, сондай-ақ тиісті шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен салық бақылауы үшін қажетті ақпараттар тұратын шот болып табылады. Шот-фактура қосылған құн салығын төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады, салық органдары осы құжаттың негізінде салықтың бюджетке дұрыс және толық төленгенін бақылайды. Шот-фактураның толтырылмағаны және пайдаланылмағаны үшін жауапкершілік салық заңнамасымен реттеледі.
Жүкқұжат -- бухгалтерлік есеп құжаты. Құны шот-фактура бойынша төленгенге дейін немесе төленгеннен кейін тауар сатушыдан сатып алушыға осы жүкқұжат бойынша табысталады. Жүкқұжатта тауардың түрі‚ саны‚ бағасы‚ құны көрсетіледі. Жүкқұжатқа табыстаушы және қабылдаушы тараптардың қолдары қойылады‚ ол тауарларды қоймаға кіріске алу және есепке қою үшін негіз болып табылады. Жүкқұжаттар тауар жүкқұжаттары‚ тауар-көлік жүкқұжаттары‚ әуе жүкқұжаттары, тағы сондай сияқты болып бөлінеді.
Жасалған жұмыстардың қабылдау актісі - бухгалтерлік есеп құжаты. Бұл құжат орындалған жұмыс көрстелілген қызметке байланысты шығындарды шығысқа апаруға негіз бола алады.
Жасалған жұмыстардың қабылдау актісінде келесі реквезиттер міндетті түрде көрсетілуі керек: құжаттың атауы; құрастырылған күні; құжатты құрастырған мекеменің атауы; шаруашылық операциясының мазмұны; шаруашылық операцациясының натуралдық немесе ақшалай бағалануы; жауапты тұлғалардың лауазымдары; жауапты тұлғалардың қолдары.
Сатып алу актісі - заңды тұлғаның тауарларды сатушы жақтан қолма-қол есеп айырысу жолымен сатып алынған жағдайда толтырылатын құжат. Онда сатып алушының деректемелері көрсетіліп‚ сатушы жақтың әкімшілігінің мөрімен расталады. Акт салық көзінен салықтың ұсталған-ұсталмағанының айғағы болып табылады.
Чек (ағылш. тексеру‚ бақылау‚ кедергі жасау) -- қатаң түрде белгіленген нысандағы бағалы қағаз, ақшалай құжат. Онда чек берушінің чекте көрсетілген ақшалай соманы чек ұстаушыға төлеу жөнінде банкіге берген жазбаша өкімі баяндалады. Чек қызметін банкілер клиент ашқан Чек салымындағы депозиттелген ақшалай сома шегінде көрсетеді.
Чекті өтеу көзі -- клиенттің меншікті қаражаты немесе банк несиесі. Ақшалай чекті банкіден қолма-қол ақша алу үшін, несиелік чекті қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланады. Несиелік чек жоғалған, ұрланған немесе қолдан жасалған жағдайда қорғау үшін кроссолау әдісі қолданылады, яғни оның бет жағында екі қатар сызықпен қиғаш сызу тартылады (мұның мәнісі оны пайдалануға белгілі бір шектеу қойылды дегенді білдіреді). Чек төлем айналымында пайдаланылады және онда міндетті түрде "чек" деген атау‚ Чек берушінің тапсырмасы (өкімі)‚ берушінің атауы және оның төлем төленуге тиіс шоты‚ төлем төленетін валюта‚ чектің жазылған күні мен мекені‚ Чек берушінің қойған қолы болуға тиіс. Чекте деректемелердің ең болмаса біреуінің жоқ болуы‚ құжатты заңды күшінен айырады [9].
Несие алуға байланысты құжаттар. Банктен несие алу үшін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шараның техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.
Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындардың құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы), сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешімін табуы мүмкін.
Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдайды.
Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі.
Келісімшартта міндетті түрде келесілер қарастырылады:
несиенің объектілері;
қарыздың мөлшері және оның мақсаты;
қарызды беру шарттары және өтеу мерзімі;
пайыз мөлшері және олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;
кепілдемелер, кепілдік беру және т.б.;
меншікті айналым қаражаты;
несие беру және өтеу бойынша екі жақтың міндеттемелері , құқықтары және жауапкершілігі;
тапсырылатын құжаттардың тізімі және олардың банкке тапсырылатын уақыты.
Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды [6].
Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.
Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутация-сының, қаржылық және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.
Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және қорлардың бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі [5].
Салық міндеттемелері бойынша толтырылатын құжаттар. Корпоративтік табыс салығы бойынша 100 Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация толтырылады. Бұл декларация бойынша 100.00.001-100.00.026 жолдар аралығында жылдық жинтық табыс сомасы, 100.00.030-100.00.054 жолдар аралығында шегерімдер ескеріледі.
Компанияда есепті жылы болған табыстары мен шегерімдерді түзеті 100.00.59 жолда жүргізіледі, шегерімдер мен табыстарға түзету жүргізілгеннен кейін салық салынатын табыс сомасы анықталады, ол 100. 00.065, 100.00.067 жолдарда есептеледі. Салық міндеттемесінің есебі 100.00.073 және 100.00.074 жолдарда көрсетіледі. 100.00.078-100.00.086 аралығындағы жолдар басқа да ақпараттарды көрсетуге арналған. Сонымен қатар, Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар толтырылады [10].
200.00 декларация жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты, зейнетақы қорына аударымдарды есептеу үшін толтырылады. Бұл декларацияда келесі мәліметтер ашылып көрсетілуі тиіс:
жалпы ережелер;
жеке табыс салығын есептеу (200.00.001 - 200.00.018 V);
міндетті зейнетақы аударымдарын есептеу (200.00.019 - 200.00.022V);
мүгедек қызметкерлердің саны және еңбекақы бойынша есеп айырысуға кеткен шығындар (200.00.023 - 200.00.028 III);
Салық кодексінің 358 бабының 1 және 3 тарауларында белгіленген ставка бойынша әлеуметтік салықты есептеу (200.00.020 - 200.00.048);
Салық кодексінің 35 бабының 2 тарауында белгіленген ставка бойынша әлеуметтік салықты есептеу (200.00.049 - 200.00.056);
әлеуметтік аударымдарды есептеу (200.00.057 - 200.00.060 V);
салық агентінің жауапкершілігі.
Контракт бойынша жұмыс істейтін салық төлешілердің әлеуметтік салық аударымдарын есептеу (200.01 нысан):
салық агенті туралы жаолпы ақпарат;
шетелдік мамандар мен қызметкерлерді санамағанда, басқа қызметкерлер үшін әлеуметтік салықты есептеу (200.01.001 - 200.01.005 V).
Әлеуметтік салық бойынша салық салынатын және салынбайтын табыс (200.02 нысан):
табыс түрлері (200.02.001 - 200.02.035)
Құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты есептеу (200. 03 нысан):
салық агенті туралы жалпы ақпарат;
есептік көрсеткіштер (200.00.001 - 200.03.008 V);
салық агентінің жауапкершілігі.
Қосылған құн салығы бойынша 300 декларация толтырылады [11].
2012 жылғы қосылған құн салығы бойынша декларация келесі нысандарды қамтиды:
300.01 - нөльдік мөлшерлеме бойынша есептелетін сатылым көлемі бойынша айналым;
300.02 - қосылған құн салығынан босатылған өнім өткізуге, қызмет көрсетуге және импортқа байланысты айналым;
300.03 - қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты.
300.04 - есепке алу әдісі арқылы қосылған құн салығы төленетін тауарлар импорты;
300.05 - резидент емес көрсеткен қызметтер түрлері;
300.06 - есепке апарылған қосылған құн салық сомасын, салық салынатын және босатылған айналым көлемін түзету;
300.07 - есепті салық кезеңіндегі өткізілген өнімдер, көрсетілген қызмет бойынша шот-фактуралар реестрі;
300.08 - есепті салық кезеңінде алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша шот - фактуралар реестрі;
300.09 - есепті салық кезеңінде Рессей Федерациясына өткізілген өнімдер, алыс-беріс шикізаттарын өңдеу бойынша көрсетілген қызметке байланысты шот-фактуралар реестрі;
300.10 - есепті салық кезеңінде Белорус Республикасына өткізілген өнімдер, алыс-беріс шикізаттарын өңдеу бойынша көрсетілген қызметке байланысты шот-фактуралар реестрі [12].
Кез келген шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын құжаттардың рәсімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады. Құжаттар рәсімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін барлық көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
дәл болу, яғни олардың сипаты, сандық және ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операцияларына сәйкес келу;
қарапайым және айқын есеп аппаратының қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ пайдаланушыларға (салық инспекциясының, банктердің қызметкер-леріне, менеджерлерге, кәсіпкерлерге, құрылтайшыларға және т.б.) түсінікті болуы керек;
мерзімінде рәсімделген және есеп процесін автоматтандыру жағдайында өңделуге бағытталған болуы қажет;
есеп құжаттарында көрініс тапқан бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуы, яғни еңбек пен уақыттың аз шығынымен қалыптасуы тиіс [4].

1.3 Мирас Строй LTD ЖШС технико-экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты

ЖШС Мирас Строй LTD 2004 жылы 28 қыркүйекте заңды тұлға ретінде құрылды. Серіктестік өз қызметін Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы ҚР Заңы мен өзінің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық Басқармасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген, сериясы 6001 №0007943.
Серіктестікке 600900543831 салық төлеушінің нөмірі берілді.
Мекен-жайы: 050034, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әйтеке би 187.
Ұйымның негізгі атқаратын қызметтері:
құрылыс-монтаж жұмыстары;
жобалық жұмыстар;
табиғи монополия саласымен байланысы жоқ жол құрылысы;
өндірістік және тұрғын-үй ғимараттарын салу;
полимерлі және композитті материалдардан құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды өндіру;
коммерциялық және делдалдық қызмет;
сауда-саттық;
өндірістік-кәсіпкерлік қызмет;
халық тұтынатын тауарларды өндіру және өткізу;
қоғамдық тамақтану пунктерін ашу (мейрамхана, кафе, бар, жазғы алаң және т.б.)
ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Серіктестіктің қызмет түрінің коды - 40363304.
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің жарғылық капиталы 100 000,00 теңгені құрайды.
ЖШС жеке балансы бар, ағымдағы теңгемен және шетел валютамен банктік шоты бар, өз меншікті аты-жөнімен екі тілде мөрі бар.
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің органдары:
жоғарғы орган - құрылтайшы, оның шешімдері жазбаша түрде рәсімделеді.
атқарушы орган - директор, құрылтайшының шешімдерін жүзеге асыратын және соған жауапты тұлға.
ЖШС Мирас Строй LTD есеп саясаты келесі заңнамаларға сәйкес жасалды:
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары. 2007 жылғы;
Алғашқы есепке алу құжаттардың формаларын бекiту туралы №213 бұйрық, 21.06.2007жыл;
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі, ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығы 22.06.2007.;
2007 жылы 28.02. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы Заң;
2 Ұлттық Стандартты қабылдау туралы 21.06.2007 жылғы 217 бұйрық. Ұлттық стандартты кіші бизнес субъектілерін және орташа кәсіпкерлерді, коммерциялық емес кәсіпорындарды, мемлекеттік ұйымдарды, (қазналық кәсіпорындарды) жедел басқару үшін арналған;
Есеп саясаты серіктестіктің біртұтас прициптерін, бухгалтерлік есепті жүргізудің ережелерін және қаржылық қорытынды есепті қалыптастыру жолдарын анықтайтын ішкі номативтік құжат болып табылады.
Есеп саясатын жасау барысында ҰҚЕС барлық принциптері мен нормалары ескерілді.
Қабылданған есеп саясаты 1 есепті жылдан келесі есепті жылға өтеді. Есепті жыл 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы болып табылады.
Есеп саясаттың қалыптасуына, бухгалтерлік есептің жүргізілуіне, уақытылы және тиянақты толық қаржылық есепті жасап беруге бухгалтерияны басқаратын бас бухгалтер жауапты.
Есеп саясаттындағы ережелерге сай қаржылық есептіліктің көрсеткіштерінің қалыптасуына, оның ішінде жіктелу, ашылу (тану), бағалану, элементтердің есептемелеріне және басқада қатысты ақпараттарға өз бетімен шешім қабылдауды кәсіпорынның басшысы бас бухгалтерге жүктейді [8].
Мирас Строй LTD ЖШС негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - серіктестіктің барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін көрсетеді.
Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі серіктестіктің болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Активтерді талдай отырып ең алдымен ең алдымен ұйымның өндірістік қуатын анықтау қажет. Өндірістік қуатты анықтаудың 2 әдістемесі бар: 1-әдістемесі бойынша өндірістік қуат ұйымның негізгі құралдарының, өндірістік қорларының, аяқталмаған өндірісінің құндарының қосындысы ретінде анықталады; 2-әдістеме бойынша жоғарыда аталған баптарға орнатылуға тиісті жабдықтар құны мен аяқталмаған күрделі салымдар құны қосылады. Өндірістік қуат ұйымның материалдық-техникалық базасын және даму жағдайын сипаттайды. өндірістік қуат мәні 0,5 тең немесе үлкен болуы керек [13].

Кесте 3 - Мирас Строй LTD ЖШС баланс активтерінің құрамы мен орналасуын талдау
Көрсеткіштер
2009
2010
Ауытқуы
Құрылымдық өзгеріс

Құны, мың тг
Үлесі %
Құны, мың тг
Үлесі %
Құны, мың тг
Үлесі %

Баланс валютасы
20601,2
100
76081,10
100
+55479,88
+269
-

Негізгі құралдар
823,42
4
2184,72
2,87
+1361,3
+165,3
-1,13
Қысқа мерзімді активтер
19871,0
96,5
73883,59
97,1
+54012,59
+271,8
+0,6
Қорлар
272,06
1,32
21408,69
28,1
+21136,63
+7769
+26,78
Өндірістік қуат (негізгі құраладр + қорлар)

1095,48

5,31

23593,71

31

+22498,23

+2053,7

+25,69
Ескертпе. Мирас Строй LTD ЖШС мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.
Кесте мәліметтері бойынша 2009 жылы серіктестіктің өндірістік қуатының өте төмен мөлшерде, ал 2010 жылы +2053,7 пайызға артқанын көреміз. Бұл ұйымдағы негізгі құралдар мен қорлар мөлшерінің өткен жылға қарағанда артқанын көрсетеді. Әсіресе, қорлар +7769 пайызға артты.
Активтердің үлестік құрылымын қарай отырып өткен жылы қысқа мерзімді активтер үлесінің өте жоғары 96,5 және 97,1 болғандығын көруге болады. Бұл компания үшін қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін бергенімен, оның негізгі құралдарының шынайы құнының әлде қайда төмен болуына әкеледі. Негізгі құралдар үлесі жыл басында 4% болса жыл соңында -1,13 % азайған.
Мирас Строй LTD ЖШС қарыз қаражаттарынан қаншалықты тәуелсіз екендігін анықтау үшін тәуелсіздік коэффициенті қолданылады, оның мәні 0,5 тең немесе жоғары болуы керек.

Ктәуелсіздік = Меншікті капитал Баланс валютасы (1)

Ктәуелсіздік 2008 = 1 761,7072689,43 = 0,024
Ктәуелсіздік 2009 = 1 325,3120 601,22 = 0,06
Ктәуелсіздік 2010 = 8 293,1676081,10 = 0,109
Кәсіпорынның 2008 және 2009 жылға қарағанда 2010 жылы жағдайы жақсарды, дегенмен, коэффициент мәні 0,5 тен төмен. Бұл ұйымның қарыз қаражаттарына тәуелді екендігін көрсетеді.
Тәуелділік коэффициенті 0,4 - 0,5 тең немесе аз болуы керек.

Ктәуелділік = Сырттан тартылған капитал Баланс валютасы (2)
Сырттан тартылған капитал = ҚММ + ҰММ (3)

мұндағы, ҚММ - қысқа мерзімді міндеттемелер,
ҰММ - ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Ктәуелділік 2008 = 70 927,7372689,43 = 0,97
Ктәуелділік 2008 = 19 275,9120 601,22 = 0,93
Ктәуелділік 2010 = 67 787,9476081,10 = 0,89
Барлық көрсеткіштер 0,4 төмен, бұл кәсіпорынның қарыз капиталына тәуелділігі жоғары екендігін білдіреді. Ұйым өз қызметін меншікті қаржаттар есебінен қаржыландыра алмағандықтан қарыз капиталы көп тартылған.
Қаржыландыру коэффициенті.

К қ = Меншікті капитал Міндеттемелер = 1 (4)

К қ2008 = 1 761,70 70 927,73 = 0,02 = 1
К қ2009 = 1 325,31 19 275,91 = 0,06= 1
К қ2010 = 8 293,16 67 787,94 = 0,12 = 1
Кәсіпорынның өз-өзін қаржыландыруы төмен, капитал мен міндеттемелер есебінен активтердің аз мөлшері ғана қаржыландырылады.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті.

К қар.тұр. = (Меншікті капитал + ҰММ) Баланс валютасы = 0,9 (5)

К қар.тұр. 2008 = 1761,70 72 689,43 = 0,02 = 0,9
К қар.тұр. 2009 = 1325,31 20 601,22 = 0,06 = 0,9
К қар.тұр. 2010 = 8293,16 76 081,10 = 0,1 = 0,9
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық коэффициенттері қауіпті 0,9 төмен мәнде орналасқан, серіктестік қаржылық тұрақсыз.
Инвестициялық коэффициент. Бұл коэффициент мәні кәсіпорын негізгі құралдардың қандай бөлігін өз қаражаттары есебінен қаржыландыратынын көрсетеді.

К и = Капитал Негізгі құрал = 0,5 (6)

К и 2008 = 1761,70 1119,33 = 1,5 = 0,5
К и 2009 = 1325,31 823,42 = 1,6 = 0,5
К и 2010 = 8293,16 2184,72 = 3,8 = 0,5
Серіктестік негізгі құралдарды өз қаражаттар есебінен сатып алады.
Қорларды меншікті айналым қаражаттарымен қамтамсыз ету коэффициенті.

К қ.мақ қ.е= МАҚ Қорлар = 0,6 (7)

мұндағы, МАҚ - меншікті айналым қаражаттары.
МАК = Меншікті капитал - Ұзақ мерзімді активтер (8)

К қ.мақ қ.е2008 = (1761,70 - 2142,39) 1983,87 = -0,1 = 0,6
К қ.мақ қ.е2009 =(1325,31 - 730,22) 272,06 = 2,18 =0,6
К қ.мақ қ.е2010 = (8 293,16 - 2197,51) 21 408,69 = 0,2 =0,6
2009 жылы кәсіпорын толықтай меншікті айналым қаражаттар есебінен қорларды қамтамасыз етті. 2010 жылдары қорларды қаржыландыру төмендеген.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және т.б. есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте ағымдағы және басқа шоттарда ақшаның болмауы, салық органдарына қарыз болуы, еңбекке төленетін қаржылардың мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілікті анықтауда келесі 3 көрсеткіш кеңінен қолданылады.
абсолютті өтімділік коэффициенті;
аралық өтімділік коэффициенті;
ағымдағы өтімділік коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттеме-лерге қатынасы ретінде анықталады [14].
Каб.ө. 0.2- 0.5- бұл ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тез өтелуі керек екендігін көрсетеді.

Каб.ө ═ АҚ + БҚ ҚММ (9)

мұндағы, АҚ - ақша қаражаттары,
БҚ - бағалы қағаздар,
Каб.ө 2008 ═ 5 135,63 70 927,73 ═ 0,07
Каб.ө 2009 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауы
Міндеттемелер
Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құралдардың тозуы
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс
«ИП Бисенов» кәсіпорының жалпы экономикалық жағдайы. Аудит және салықтық есеп
Жал және инвестициялық меншік есебі
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Дивиденттер бойынша есеп айырысу
Пәндер