Жастар мобильділігінің әлеуметтік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ -001035
Жоспар
І Кіріспе ----------------------------------- ------------------------------
-----------------------3
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Жастар мобильділігінің әлеуметтік ерекшеліктері.--------------------- -
---------5
2.2. Жастар мобильдігін әлеуметтік тұрғыда зерттеу. -----------------------
--------14
Қорытынды ----------------------------------- -----------------------------
------------------24
Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- ---------------
-------------26
Сілтемелер ----------------------------------- -----------------------------
------------------- 27

Кіріспе
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология,
педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу обьектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің
субектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен
процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене
отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде
араласатын, әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде қарастырады. Тұлға
- әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып
жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген
адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке
тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша
айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін
түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін
(отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т.б.)
өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып
саналады. "Тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін "адам",
"индивид", "тұлға" деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты
біліп алуымыз крек. "Адам" деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа
биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
"Индивид" адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр
адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның
екінші адамнан айырмашылығы. Ал, "тұлға" дегеніміз, адамның тек табиғи-
биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана
қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні.
Үлкен әлеуметтік топтардағы әлеуметтік теңсіздікті “әлеуметтік
стратификация” ұғымы арқылы суреттейді. Стратификациялық теорияның негізін
салушы Питирим Сорокин , “кез-келген ұйымдастырылған әлеуметтік топ үнемі
әлеуметтік стратификацияланған (жіктелген)”. Үнемі бірдей әлеуметтік топ
болмайды, оның мүшелері тең болатын топ болмайды.
Стратификация бұл иерархиялық тәртіп бойынша жіктелген, топтардың
әлеуметтік капиталына қарай теңсіз таралуы – құқық, билік, әсері,
мүмкіндігі, дәрежесі, жеңілдіктері, кірісі, т.б. қарай мүшелерінің
таратылуы. Әлеуметтік стратификацияның үш негізгі түрі бар: экономикалық,
саяси және кәсіби. Қабаттар және лоардың арасында индивитердің орын
ауыстыру байқалады, оны “әлеуметтік мобильділік”деп атайды. Әлеуметтік
мобильділік горизонтальды және вертикальды болуы мүмкін. Горизонтальды
мобильділік бір тең дәрежелі әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы.
Вертикальды – бір әлеуметтік деңгейден екіншісіне ауысуы. Бұл әлеуметтік
сатыда жоғары немесе төмен жылжуы мүмкін. Мұндай стратификациялық әдісті
қолдану әлеуметтік – демографиялық топта әлеуметтік кеңістікте белгілі бір
шын мәнісінде орындалады.

2.1. Жастар мобильділігінің әлеуметтік ерекшеліктері.
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерден қоғамның жастар проблемалары етінде
айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы
проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді: қоғам
жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әртүрлі әдістері
бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды құсас антропологиялық
ерекшеліктері және психологиялық қасиеті бар жастық топ ретінде ғана
қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық
қатынастардың тарихи айқындалған (жастар таптан тыс санат емес) сипатына
негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас
баланың рөлін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің рөлін
толық құқықты тасымалдаушы болып табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық
базасы болып табылады деп санайды (Г.Шилский). Жастардың барлық
проблемалары кедейшілік құрылымды бейтарап аумақтың (no men's land)
мәртебесіндегі үздіксіздік үзілісінде құрылады деп санайтын американ
социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.
Көптеген батыстық социологтар жастарды жаңа тап деп айтады, олардың
өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері
дәл келеді. Жастар "біз" деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты
білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы
және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік
ретінде қарастырылады.Жастардың социологиялық теориясында "ұрпақ", "жас
ерекшелік тобы", "жастық шақ", "жастар", "әлеуметтік жасы келгендік",
"қарттық" деген ұғымдар жоқ.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар,
жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл
ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық
кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің
ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып,
қандай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығындағы жас "жасөспірім шақ" ұғымымен біріктіріледі
және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік тәртіптің нысандарына
әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан
бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде
құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты
теңестірумен және заңды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу,
армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және
құқықтық мәртебесі бойынша дифференциациясы неғұрлым нақты болады. Осы
кезеңді Л.Розенмайер "жас ересектер" деп айтады. Егер бірінші кезеңде бұл
кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас аралығындағы халық
гетерогенді (біртекті емес). Бұл құрдастар тағдырының айырмашылығына
байланысты әлеуметтік біртектілік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың
саны олар бәсең игерілетін немесе тоқталытатын белгілі бір "толығу" шегіне
жылдам жақындайды.
Социолог В.Н.Боряз "толығу" шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас
ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі -
әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н.Боряз жастар санатын айқындауға арналған
аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды
кіргізеді. Көптеген социологтар адам жасы тек "есептегіш", өмір сүрген
жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты
жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі
мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру
жоспарлары, әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде
дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы
тұтастықта зерттеуді ұсынады.
Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді.
Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына
қатысты екені атап көрсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете
алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағынбайды. Есейген шақ- іс-қимыл жасау
және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ- алғашқы масаттану және бірінші
таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне
қарамастан, өнімін тек шыңы таным ағашының түбірі болып қалады.
Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрыңғыдай жастарға, оның мүдделеріне,
құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен
ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек
қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес.
Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің
төмендеуі неғұрлым қарқынды бөлігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен
қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі (16-29
жас). Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың
экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің
жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардың саны 1993
жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрайды.
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жағдайды өзгерту үшін үнемі әрекет
жасалып отырса да бұл санның аса көп өзгерісі болмады. Осындай шаралардың
бірі жастар кәсіпорындарын, кооперативтерді, құру, олар үшін салық
жеңілдігін жасау көзделген жастардың кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау
жөніндегі шаралар болды. Басқа да шараларда жеке тұрғын ұй салуға және
сатып алуға, жол жүруге жеңілдікті несиелер, жоғары білімі алуға, жас
отбасылар үшін арнайы қызмет құруға несиелер беру көзделді. Дегенмен жалпы
экономикалық қиындықтар мемлекет мәлімдеген саясатты материалдық қамтамасыз
етуге кедергі болды.
Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының нашарлауы олардың
әлеуметтік өмірдегі қылмыстық ұяларға одан әрі тартылуының бастыы себебі
болуы мүмкін.
Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының
жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің
жартысы (54 проценті) – 14 пен 30 жас арасындағы жастар, барлық
қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар
құрайды, Қазақстанда тиісінше – 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция
қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл
1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған
студенттері 40 процентке жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың
оқушылары – 23 процентке көбейді.
Жасөспірімдер және жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы
жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету,
тонау, ұрып кету, бұзақылық- бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың
өзіндік "жиынтығы". Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады.
Мұндағы барынша "еңбек" электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі,
олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі.
"Ең басты батырдың" жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен
ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.
Жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлқы "ересек" қылмыстық мінез-
құлықтың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жасөспірім істегенін жоққа
шығармай, жиі түрде өзінің кінәсін мойындайды немесе іс жүзінде жоққа
шығармайтын құқықтық тыйым салуды бұзады. Осындай мінез-құлықты түсіндіру
үшін бейтараптық теориясына жүгінеді, оның мәні жасөспірімнің өзіне қатысты
жеңілдету жағдайларының іс-әрекетін санасыз түрде кеңейтуге, өзінің
әрекетін ақтауға және тіпті оның тиімділік элементтерін енгізуге ұмтылады.
Сұраулар жасөспірімдердің көпшілігі өзінің қылмысының себебін сыртқы
жағдайлардан көретіндігін айтады, сұралғандардың ширегі: осындай жағдайда
кім де болмасын осыған баратындығына сенімді. Келтірілген зиянды қате
бағалау да тән.
Нашақорлықпен күресті күшейту мақсатында 2000 жылғы 17 ақпанда ҚР
Президенті нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі агенттік
құру туралы жарлыққа қол қойды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасында
мектеп оқушыларының үлесі бір шама ұлғайды (1998 жылмен салыстырғанда 1999
жылы олардың кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасындағы саны 23 процент
болды), ал тізесі бүгілген орта мектеп өз тәрбиеленушілеріне тиісті
дәрежеде ықпал жасауға дәрменсіз. Республикалық қоғамдық пікірді зерттеу
орталығының деректері бойынша Қазақстанның 6 қаласының (Алматы, Астана,
Петропавловск, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент) жоғарғы сынып оқушыларының 60
проценті темекі тартып көрген, 70 проценті бір кезде сприт ішімдіктерін
ішкен және де осы жаман әдеттерімен таныстық 8- сыныптан бұрын болған.
Жоғары сынып оқушыларының 20 проценті жиі темекі тартады, 13 проценті
алкоголь ішімдіктерін ішеді. Зерттеушілер мынадай қорытынды жасайды: осы
зиянды әдеттердің болуы есірткі заттарын қолдану мүмкіндігін біршама
арттырады. Егер сұралғандардың барлығы бойынша 12 проценті есірткімен таныс
болса, темекіні көп тартатындар 42 процент, алкогольды пайдаланушылар 48
процент.[1]
Қазақстанның қазіргі жастарының үлкен бөлігіне қандай құндылықтар бар,
олар неменеге ұмтылады? Алматы жастарының арасында сұрау жүргізген (554
адам сұралған) зерттеушілер мынадай жауап береді: сұралғандардың үштен
екісі банктік ірі шот, сәтті тұрмысқа шығу, дискотекалар, казино және
жағажай, сондай-ақ білім алу, инфляцияға да, деноминацияға да илікпейтін
тұрақты капитал туралы армандайды. Олардың өз елінде осы капиталға ие болуы
көрнекті. Білімге басты құндылық ретінде үлес бере отырып респонденттер
жеке құндылықтар шкаласында ой өріс сияқты сапаға жетінші (соңғының
алдындағы) орын бергендері қызықты оқиға. Ал олар ең алдымен шынайылықты,
адалдықты, мейірімділікті, сенімді, сенімділікті, түсінікті, ой өрісті және
қалжыңбастылықты бағалайды (тиісті ретімен).
Басқа зерттеушілер ауылдан шыққан қазақ студент жастарының құндылық
бағдарларына назар аударады және жоғары оқу орындары жастарының арасында
"мәдени- тұтынушылық" бағдар басымды, және де ауылдан шыққандардың
арасындағы қала жастарына қарағанда үлкен дәрежеде. Рухани әлемді
қалыптастыру маргиналдық жағдайдың салдары болып қалады деген пікірмен
келісу қажет: ауылдық және сол сияқты қалалық субмәдениет (ағылшынша
subculture – мәдениеттегі мәдениет) құндылықтарының өзара әсері қарама-
қайшы. Ауылдан шыққан студент ауылдық субмәдениет құндылықтарының,
нормалары мен дәстүрлерінің қысымында бола отырып ұзақ уақыт бойы өзін
қаламен біріктіре алмайды. Бірақ ол жалпы алғанда жақсы оқиды, аса толық
ойлайды, тәртіпті, жауапты, оқуды сабақтан тыс уақытпен жиі үйлестіреді.
Зерттеушілер тұтас алғанда жастардың субмәдениетінің өзінің
дүниетанымын, аға ұрпақтың оппозициялық дүниетанымын міндетті қалыптастыру
әрекетімен сипатталатын атап көрсетеді. Жастар субмәдениеті мінез-құлықтың
өзіндік үлгісін, демалысты өткізу нысандарын, киімнің, шаш қою үлгісін
ұсынады.
Жастардың сәні- бұл жеке әңгіме, себебі ол жастардың әлеуметтенуіне оның
әсерін біржақты бағалауға болмайтынын көрсетеді. Осы феноменді жақынырақ
ойласақ сәннің тарихта дәлелденген мынадай дефиницияларын табуға болады:
сән – бұл өзін-өзі көрсету және Менді нығайту, сән – бұл жақын арадағы
өткенмен ажырасу мүмкіндігі және жақын арадағы болашаққа дайындалу. Қазіргі
замандағы жастар субмәдениетінің маңызды элементі, мысалы, рок- мәдениет.
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған
байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны
ғылыми жағынан негіздеп, "әлеуметтік мобильдік" теориясының авторы
П.Сорокин терең зерттеді.
"Әлеуметтік мобильдік" деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар
тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын
ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:
1) вертикальды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
2) горизонтальды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Вертикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға
ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикальды
мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында
болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы
(кәсіби вертикальдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы
(экономикалық вертикальды мобильдік) жатады.
Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін
мобильдіктің түрі. әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің
бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ
қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық
күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге
ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық
дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің
жұмысынан айырылуы да жатады.
Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір
ассиметриялық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар
болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады,
керісінше ешқандай адам қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда,
жоғарылау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып
саналады.
Горизонтальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне
ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік
жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау
бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке
тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Сол сияқты көлденең бағыттағы мобильдіктің мысалына индивидтің бір
азаматтықтан екінші бір азаматтыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айрылысқан
жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен
екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрінде де
индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.
Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің
әлеуметтік жағдайына ещқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы
жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді.
Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аударуды жатқызуға
болады.
Мобильдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген
де түрлері бар.
Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің
әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда
болулары мүмкін. Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.
Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикалды өрлеу
немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін.
Жоғары өрлеу - әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид
өз өмірінде токарь, инженер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың
директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.
Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары
білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір
деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-
құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамымен
некеге тұруға тырысады.
Әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге
болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.
Жеке мобильдік туралы біз жоғарыда түсіндіріп кеттік. Бұл жеке
индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен
қарай құлдырауы.
Топтың мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының
жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі
бойынша, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел
интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат
соғыстары; әскери төңкерістер мен саяси режимдердің ауысуы; ескі
конституцияны жаңа конституциямен алмастыру; шаруалар көтерілісі;
ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.
Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен
жүреді. Мәселен, Ресейдегі қазан төңкерісі большевиктер партиясының бұрын
болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан
шықан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол
жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп, халықтық интеллигенция
қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллигенцияа
қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы
процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай
түсті.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтерімен бірге
оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен,
көлденең бағыттағы мобильдігі мемелекеттің тікелей араласуымен жүзеге
асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың
келісімінсіз де болуы мүмкіг.
Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық
пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік
мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты Ұлы Отан
соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен
басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.
Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты
қайта құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркіне
байланысты емес. Мысалы, халық шаруашылығының кейбір салаларының қысқаруы,
кейбір мамандықтың жойылуыхалықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша
орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50-70 жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында
көптеген ауыл-село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болады. [2]
Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым
көпшілігінің әл-ауқатының төмендеуіне, жұмыссыздар санының артуына әкеледі.
Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикальды төмен
құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.
Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын революциялық,
дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір
қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол
қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.

2.2. Жастар мобильдігін әлеуметтік тұрғыда
зерттеу.
Әлеуметтік стратификация жүйесіндегі жастар.
1) Жастар және мүліктік теңсіздік.
2) Кедей және бай жастар.
3) Жастардың әлеуметтік жіктелуі мен адамгершілік проблемалары.
4) Жастардың материалдық деңгейі туралы : социологиялық зерттеу
берілгендері.
1.Әлеуметтік стратификация жүйесіндегі жастар.
Жастар әлеуметтік сатыда жасы, білімі әлеуметтік шығу тегіне қарай
ерекшеленеді. Жасына қарай жіктелу келесі топтарға бөлінеді : (15-20жас),
ата-анасына материалды тәуелді және мамандық таңдау алдында тұрғандар,
қоғамның әлеуметтік кәсіби құрылымына қосылушы жастар тобы (21-26 жас),
материалдық және әлеуметтік тәуелсіз жекеленген 25-30 жастағы жастар
өндірістің әлеуметтік субъектісі болатындар.
Алғашқы (15-20) топтағы жастарды зерттеу үлкен қызуғышылық
туғызады, себебі олар әлеуметтік сатыда орны жоқ, өмірлік жолын іздестіру,
әлеуметтік мәртебеге қол жеткізуге ұмтылушылар.Бұл топтың “орынсыздығы”,
“мәртебесіздігі” аралық маргинальды деңгейде екені байқалады. Бұл жастар
тобы әлеуметтік қатынаста біркелкі емес, ата-анасына тәуелді. Дәл осы
қалыптасу мен әлеуметтену кезеңдерін зерттегенде ескеру керек. Бұл жерде
оқушы, студент немесе жұмыс істеуші жастарды бөліп алып ірі қала жастары
мен ауылдың шағын қала жастарын анықтап алу дұрыс. Жастардың әлеуметтік
орнын анықтауда әлеуметтік сапалық мінездемелерін де анықтау керек:
әлеуметтік құрамы, шығу тегі, ата-анасының материалдық жағдайы, діни және
дүниетанымдық, білімі және кәсіби қызметі, саяси көзқарасы т.б.
Жастардың маргинальды жағдайы білім және кәсіби орны арқылы
әлеуметтік кеңістікте анықтау. Шетел психологтары Д. Сьюпер иен В. Врум
кәсіп таңдауды өз-өзін түсіну мен сипаттайды. П.Сорокин жоғарғы әлеуметтік
статусқа жеті үшін “Белгілі бір мамандықтың анықталған таптары әлеуметтік
қабаттарды құрайды, сондай-ақ кәсіби топтар үнемі әлеуметтк конусқа
негізделеді”. Сол немесе басқа топтың кәсіби құрылымға бірігуі бір мезгілде
маргинальды жағдайдан өту арқылы жастардың кәсіби статустық қабатын
құрайды.
Қазіргі кездегі жастардың “үлкендерден” ерекшелігі жастар
арасында контрмәдени топтардың пайда болуына байланысты жастар ортасында
әлеуметтік жіктелу кездесуде. Мұндай жіктелу “үлкен” қоғамдағы арнайы
әлеуметтік институттардың жастар тобы арасында қалыптастырып бекіикен
әлеуметтік дистанциялардың құрылуы арқылы жүзеге асады (беделді және
беделсіз білім, беделді және беделсіз кәсіп (мамандық, жұмыс орындары).
Жастардың әлеуметтік ортасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Территориялды еңбек мобильділігі миграция ретінде
Экономикалық өсу жағдайында елдегі адам ресурстарының еңбек потенциалын пайдалану
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштері
Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
Әлеуметтік саясат - мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау
Қазіргі жағдай Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Ғылыми кеңесші экономика ғылымдарының докторы
Пәндер