Еңбек әлеуметтануының зерттеу пәні
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----
-------------------------3
I Тарау Еңбек әлеуметтануының зерттеу пәні
1.1 Еңбек әлеуметтануының міндеттері, мақсаты, категориялары --------------
---5
1.2 Еңбек, оның функциясы, шарты мен мазмұны -------------------------------
-----10
II Тарау Еңбек әлеуметтануының негізгі объектілері
1. Еңбек нарығы және жұмыспен қамту мәселелері------------------------- -----
-- 16
2.2. Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” заңының ерекшеліктері -----21
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
----------------- 26
Пайдаланған әдебиеттер------------------------- -----------------------------
-------------- 28
Сілтемелер------------------------- ----------------------------------- ------
------------------- 29
Кіріспе
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең
маңызды обьектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми
пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам
факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибиесіне жауап ретінде
ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтанудың обьектісіне зерттеушінің қалауына қарай
алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-
бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық
әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері
жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік институттар
(фирмалар, акционерлік қоғамдар, (АО), корпорациялар, банктер, т.б.), алуан
түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік
бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); экономикалық процестер, өндіріс
саласындағы әлеуметтік қатынастар (үстемдік ету-бағыну, басқару-орындау),
еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы,
ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, экономикалық сана, экономикалық
ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық,
талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың
сапасының артуына әсері, т.б. жатады.
Экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар
мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі,
белсенділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер
ететінін де зерттейді.
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі міндеті – экономикалық құбылыстар
мен процестерді осында әрекет ететін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың
мүдделері тұрғысынан әлеуметтанутұрғысынан түсіндіру, сонымен қоса нақтылы
бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін
зерттеу болып табылады.
Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық
құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың, оның ішінді жіктің
экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқатын, одан туатын сана, ойлау және
мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің,
басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы,
мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы
әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері[1].
Еңбек – адам өмірінің мәңгілік, табиғи және ең басты шарты. Кең
мағынада еңбек ұғымы адамдардың материалдық байлықтарды ғана өндіруін
айтпайды, сонымен қатар рухани құндылықтарды жасауын білдіреді. Осылайша
еңбек – адамдардың материалдық және мәдени құндылықтарды жасауға
бағытталған мақсатты тіршіліктері.
Әлеуметтану еңбекті әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде
қарастырады. Еңбек процесі – бұл күрделі және көпаспектілі құбылыс. Оның
негізгі айқындалу түрлері – адам энергиясының жұмсалуы, жұмысшылардың
өндіріс құралдарымен өзара әрекеттесуі (еңбек заттары және құралдары) және
өндіріс барысындағы адамдардың қалай көлденеңінен (біркелкі еңбек процесіне
қатысу) әрекеттесуі болса солай тегінен (басшылар мен қарамағындағылардың
қарым-қатынасы) әрекеттесуі.
Еңбектің қоғам дамуындағы рөлі материалдық және рухани құндылықтарды
жасау ғана емес, сонымен қатар еңбек процесі барысында адам өзінің
қабілеттерін көрсетеді, қажетті дағдылар мен білімдерді меңгереді, оны
толтырады және байытады. Еңбектің шығармашылық мазмұны, өз кезегінде
сұраныстардың дамуына әкелдіретін жаңа идеялардың пайда болуымен,
жетілдірілген және жоғары өнім шығаратын еңбек құралдарын, өнімнің,
материалдардың, энергияның жаңа түрлерін жасаумен байланысты.
Еңбек процесі барысында адамдар әлеуметтік-экономикалық, бір-бірімен
өзара қатынасқа түседі.
І Тарау. Еңбек әлеуметтануының зерттеу пәні
1.1. Еңбек әлеуметтануының міндеттері, мақсаты, категориялары
Еңбек әлеуметтануының пәні болып, арнайы әлеуметтанулық теория
ретіндегі, еңбек саласындағы әлеуметтік-экономикалық қатыныстардың,
әлеуметтік процестер мен құбылыстардың құрылымы мен механизмдері табылады.
Еңбек әлеуметтануының мақсаты – бұл әлеуметтік құбылыстарды,
процестерді зерттеу, оларды реттеу және басқару бойынша ұсыныстар жасау,
қоғамның, ұжымның, топтың, жеке индивидтің қызметі үшін оңтайлы жағдай
жасауға бағытталған болжамдар мен жоспарлаулар жасау.
Еңбек әлеуметтенуінің міндеттері:
1. Қоғамның, еңбек ұйымының (ұжымның) әлеуметтік құрылымын оқу және оны
оптимизациялау.
2. Еңбек нарығын еңбек ресурстарының оптималдық және рационалды
мобильділіктерінің реттеушісі ретінде сараптау.
3. Қазіргі заманғы қызметкердің еңбек потенциалын жүзеге асырудың
оптимальді жолын қарастыру.
4. Моральдік және материалдық ынталандырудың оптималды қиюласуының,
нарық жағдайындағы еңбекке қатынасты жетілдірудің жолдарын
іздестіру.
5. Еңбектік дау-дамайды, конфликтілердің себептерін оқу және оларды
болдырмаудың және шешудің шаралар жүйесін жасау.
6. Қызметкерді қорғайтын әлеуметтік кепілдіктердің тиімді жүйесін
анықтау.
Тұтастай еңбек әлеуметтануы, бір жағынан, еңбек аясындағы нақты бар
тіршілік туралы білімді кеңейтуге, екінші жағынан - жаңа байланыстар мен
процестердің бекітілуіне жағдай жасау. Еңбектік іс-әрекет ылғида нақты бір
еңбектік - әлеуметтік шарттармен өрімдесіп жатады, белгілі бір әлеуметтік-
кәсіптік топтармен байланыста болады, уақыт пен кеңестік бойынша шектелген.
Сондықтан әлеуметтану еңбектің әлеуметтік түрлерін және шарттарын, оның
әлеуметтік ұйымдастырылуын (ұжымдық, жеке бастық, еріксіз, өз еркімен)
оқытады. Адамның еңбек іс-әрекетіне кіруі механизмін, яғни оның құндылық
бағдарларын, мотивтерін, еңбекпен қанағаттандырылуын және көптеген білу аса
маңызды.
Ғылыми – техникалық прогресс барысында техника және технология жетіле
түседі.Бұл өз кезегінде адамның өндірістік қызметтерінің өзгеруіне, қол,
механикаландырылған және автоматтандырылған, күш – жігерлік және ақыл-
ойлық еңбектердің арасалмағын, оны ұйымдастырудың күрделенуіне әкеліп
соқтырады. Еңбектің мазмұнындағы терең сапалы өзгерістер оның сипатының
өзгеруінің де алғышарты болып табылады.
Еңбек сипатын техника –экономикалық мазмұны, қоғамдық түрі, еңбектің
әлеуметтік – экономикалық сапасы, әлеуметтік айырмашылықтар: қоғамдық
жағдайы, әлеуметтік статус, материалдық хал – ахуал, бос уақытын дұрыс
пайдалану және т.б. анықтайды. Министр, академик, мұғалім, бухгалтер,
жұмысшы, құрылысшы, ауылдық механизатор, үй жинаушы - бұл мамандық
өкілдерінің арасындағы әлеуметтік – кәсіптік айырмашылық негізінде еңбек
сипаты жатыр.
Еңбек адамның қоғамдық өміріндегі барлық процестерге, құбылыстарға да
әсер етеді. Еңбек тек қана қандай да бір әрекетпен шектелместен басқа
қатынастармен қосылады: адамның қоғамдағы қатынастардағы орын және оған
берілетін бағаны белгілейді. Сондықтан еңбектің өзі де кейде құнды болып
табылады6 себебі: ол бағалаудың бір өлшемі болып табылады. Мысалы, жалқау,
еріншек, ұйқыбас т.б. Еңбек басқа да қатынастар сияқты нақты қоғамдық шарт
ережелеріне белгілер құндылықтар жүйесінде жүзеге асады [2].
Бүгін де еңбек адам өмірінің 20-30 бөлігін алады. Бұрындары 50-60 алған.
Еңбек адамды байыту мүмкін, яғни қоғамдағы орнын өзгертуі мүмкін. Еңбек
әлеуметтануы еңбек процесіндегі қатынастарды зерттейді. Сонымен қоса еңбек
әлеуметтануы еңбектің жұмысшыға қоятын талаптары технологияларының
өзгеруіне байланысты қатынастардың өзгеруі еңбек процесінде адамның
өзгеруін зерттейді. Мысалы, технологиялардың өзгеруімен асардың өзгеруі.
Бұл пән еңбек саясатындағы әлеуметтік процестерді зерттейді. Мысалы, еңбек
бөлісудің өзгеруі, ерлер мен әйелдердің еңбек орнының ауысуы. Маркс пен
Энгельс адамның тарихи қалыптасуын зерттегенде еңбекке үлкен орны береді
еңбек- маймылдан адамды жаратты.
Еңбек тәрбиелеуге үлкен рөл атқарады. Еңбекке байланысты зерттеулер
капитализмнің қалыптасуымен бірге дамыды. АҚШ пен Германияда бұл ілім
өндірістік социология болып табылады. Францияда еңбек процесіндегі барлық
қоғамдық таптар зерттеді. Негізгі зерттелетін мәселе еңбек ұжымы болып
қалыптастырылады. Ян. Шипанский еңбекті қоғамдық құбылыс ретінде
қарастырады. Ондағы жағдайлары мен ниеттемелерді құрылымдағы өзгерістер мен
ұжымдар мен дамуын қарастырады. Оның пікірінше еңбек - бұл белгілі қажетті
қанағаттануға бағытталған қоғамдық мәнге не мақсатталған әлеумет. Еңбек
әлеуметтануы индустриялық қоғамға өту кезеңінде жаңа технологиялар игеру
кезінде маңызды орын алады.
ХХ ғасырдың еңбек әлеуметтануында еңбекті қарастырғанда 2 – негізде
құндылықтар жүйесіне негізделіп зерттеді.
1) социолистік
2) капиталистік
Социолистік жүйеде – еңбек ерекше құндылық ретінде қарастырылды. Қандай
болмасын еңбек абыройы деп есептеледі. Жезөкшелік еңбек ретінде
қарастырылған жоқ. Ол қылмыс болып есептеледі.
Капиталистік жүйеде – еңбектегі бәсекелестіктегі жеке жетістіктер жоғары
бағаланды. Маңызды ерекшелік мүлікке байланысты болады. Социолистік қоғамда
негізгі жалдаушы – мемлекет болады. Кішігірім кооператив сияқты мекемелерде
болады. Бірақ олардың мүмкіндіктері аз болады. Капиталистік жүйесінде
мемлекетпен қатар маңызды бөлігі – жеке ұйымдар, мекемелер жеке адамдар
жолдаушы болып табылады. Социолистік жүйенің тығырыққа тірелуі экономикалық
ерекшеліктерге, нәтижелерге байланысты болады. Экономикалық өмірдің маңызды
саласы – еңбек саласы. 1985 жылы М. Горбачев кезінде СССР-да жұмыссыздық
жоқ деп есептеген. Қазақстанда социолистік еңбек қатынастары жойылғаннан
кейін, капиталистік, батыстық түсініктер қатынастар еңбек саласында да
дамуда. Қазақстан Республикасында маңызды проблемалардың бірі – травматизм
және жұмысшылардың құқықтары. Кейде құрылыста адам өлса, ешқандай шара
қолданбайды.
Еңбек әлеуметтануында қарастырылатын мәселелер: жұмысшылардың еңбекке
қатынастарын, кәсіби мобильділік, жұмысшының жұмыс орнында тұрақтанбауы,
еңбектегі тәртіп, престиж (бағаланбау), кәсіби бағдар немесе білім беру
(ғылыми және технологиялық мәселелер, ортаның физикалық және т.б.
мәселелері). Бұл жерде жеке сала ретінде жанжалдар, адаптация, гуманизация
қарастырылмайды. Біз қазір түрлі еңбек түрлерінен құндылықтық ұстанымдардың
өзгеруін байқаймыз. Бұл процеске қажеттіліктер, мүдделер, құндылықтар,
түсініктер, еңбек жағдайлары әсер етеді. Саудагер – бұл кәсіпкер орташадан
жоғары мәртебе иесі. Бұрындары саудагердің мәртебесі төмен болған. Еңбек
процесінде біз мыналарды қарастырамыз. Субьект – қатынасқа түсуші. Биліктің
көлемі, мүмкіндіктері, табысы, бөлісуі сипаты, қатынастар
рәсімдестірілуінің деңгейі, жұмысшылардың қатынас тәсілдері. Еңбек
саласындағы арақатынастың 3 жағы бар:
1. Прецевтивтік – жұмысшылардың бірін-бірі қабылдауымен және соның
негізінде түсінікті қалыптастырумен байланысты.
2. Коммуникативтік - өндірістік, информацияны алмасуымен байланысты.
3. Мінез-құлықтық әрекет – алмасумен, ара-қатынасты ұйымдастырумен
байланысты.
Еңбек әлеуметтануында бірнеше бағыт бар:
1. Менеджерлік бағыт – қазіргі заманғы ұйымдарды олардың құрылымын,
дамуын, қызмет ету тұжырымдары мен критерилерін және басқару стилдерін
зерттейді. Бұл бағыттың өкілдері мекеме құрылымын ұйымдастырушылықтың
тиімділігі жағынан, рационалдық және өзара байланыстылығы жағынан,
тиімділігі жағынан құрастырылады. Бұл жерде адамның еңбегі экономикалық
жағынан қалыптастырылады. Ал, еңбек әлеуметтануы мекемеде адам факторын
басқаруға бағытталған деп түсіндіріледі.
2. Психологиялық бағыт–оның өкілдері еңбектің мативациясын, адамдардың
қажеттіліктерін, жанжалдарды, бейімделуді, еңбекпен қанағаттану деңгейін,
инновациялық өнерлік әрекеттерді реформалауға қатынасын зерттейді.
3. Гуманистік бағыт - әлемдік әлеуметтанудың жағымды тиімді тәжірибиесін
пайдаланады, әлеуметтік процестерді, материалдық және әлеуметтік тарихи
жағдайында қарастырады. Еңбек әлеуметтануытеориялық және қолданбалы ғылым.
Оның негізгі мақсаттарының бірі басшыларды адам факторын пайдалану
негізінде мекеменің тиімділігін арттыру. Автоматизация дамыған сайын
материалдық стимулдар азая береді. Бұл жағдайларда адам еңбек, оған
қызықты, тартымды болған жағдайда, онымен жанасатын жағдайда жұмыс істейді.
1.2. Еңбек, оның функциясы, шарты және мазмұны.
Еңбек адамның, қоғамның өміріндегі маңызды саласы. Еңбексіз адам қоғамда
өмір сүре алмайды. Еңбек қоғамдық өмірдің атрибуты болып табылады.
Маңызды категориялардың біріне қоғамдық еңбек функциясы жатады. Функция
(лат. Functio – жасау, орындау) – бұл құбылыстың қолданыстағы мәні.
Қоғамдық еңбектің функциясы мен құрылымы еңбектің біртұтас мәнінің әр түрлі
аспектілерін көрсетеді [3]:
1) еңбек адам қажеттілігін қанағаттандыру тәсілі ретінде (бұл адамның
қоғамдық тұрмысы басталатын еңбектің бірінші және маңызды функциясы)
2) еңбек қоғамдық байлықты жасаушы ретінде (адам сол арқылы өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып өз ішінде және табиғатпен зат
алмасуды реттеуге және бақылауға бағытталған қызмет).
3) еңбек қоғамды тудырушы және қоғамдық прогресс факторы ретінде
(адамның қажеттіліктерін қанағаттандыра және байлықты жасай отыра еңбек
барлық қоғамдық дамудың негізі болады).
4) еңбек адамның жасаушысы ретінде (адамзат тұрмысының құндылықтарын
жасай отырып, қоғамдық даму субьектісі ретінде еңбекте жалпы қоғамның өзі
дами отырып адам өзін-өзі дамытады).
5) еңбек адамзатқа еркіндік жағын беруші күш ретінде (адамдарға
өздерінің әрекетінің алдын ала барынша қашықтағы табиғи және қоғамдық
салдарларын ескеруге мүмкіндік беруші, бұл функция барлық алдыңғыларды
түсіндіреді, міне, тап осы еңбекте қоғам еңбек арқылы өздерінің даму
заңдылықтарын және табиғат заңдылықтарын танып біледі; сондықтан басқа
функциялар еңбек функциясын “дайындағандай болады” және еркін шығармашылық
функциясын жүзеге асырады, бұл – адам дамуының шексіз функциясы).
Тұтастай қоғамдағы немесе дербес ұйымдағы кез – келген еңбектің
әлеуметтік мәселелерін зерттегенде ең алдымен еңбектің сипаты, мазмұны
есепке алынады. Еңбек мазмұны нақты еңбектік әрекетті, қызметтік
міндеттерді, күш – жігерлік және интеллектуалдық ширығу деңгейін,
санитарлық – гигиеналық шарттарды және басқа да сипаттарды анықтайды.
Еңбектің мазмұны көп жағдайда тең шарттарда, айтайық, жұмыс орнының
техникалық безендірілуі жағдайында, нақты бір қызметшінің кәсіптік
біліктілігімен, жеке басының қасиеттерімен анықталады.
Әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында қолмен, механикаландырылған
және автоматтандырылған еңбек түрлері сияқты шектеулерді қолдануға болады.
Егер тереңдететін болсақ, онда: қызметкердің ұзақ дайындығына және
шеберлілігіне негізделген қарапайым және күрделі қол еңбегін, қарапайым
механикаландырылған және күрделі механикаландырылған еңбек, қарапайым
автоматтандырылған және күрделі автоматтандырылған еңбек деп бөлуге болады.
Әрине, еңбектің мазмұны мен кәсіпкердің біліктілігі арасындағы
сәйкестенбеушілікті де ескеруге тура келеді – бұл кәсіптік біліктілік
деңгейінің, еңбек ресурстары сапасының еңбектің мазмұнынан артта қалуы.
Нақты жағдайларды қызметкерлердің біліктілік деңгейі көтермеленген болады.
Кадрлердің жетіспеуі жағдайында кез-келген басқарушы қызметкерлерді ұстап
қалу мақсатында олардың біліктілігін көтермелеп көрсетеді және ол жоғарырақ
еңбекақы төлеуге негіз болады. Бұл мәселе тек қана күш- жігерлі еңбек
иелеріне ғана қатысты емес, сонымен қатар ақыл-ойлы еңбек етушілерге де
тән. Дегенмен, кейде, әсіресе, Сібірдің қатал жағдайларында біліктілік
деңгейі жасалатын еңбек мазмұнына қарағанда әлдеқайда жоғары. Бірнеше
мамандық иелерінің кәсіптік өзара орын басуға көбірек мүмкіншіліктері бар,
әдетте берілген жұмысты сапалырақ орындайды.
Қазіргі заманда екі басты фактор еңбектің мазмұнын толығырақ
сипаттайды. Біріншіден, ол – еңбек процесінде күш-жігерлік және ақыл-ойлық
жүк-салмақтың (нагрузка) арасалмағы. Ақыл-ойлық еңбектің үлесі неғұрлым көп
болса, еңбек мазмұны соғұрлым бай, соғұрлым қызметкер үшін ол қызықты,
соғұрлым барлық тең жағдайларда жұмыстың нәтижесімен қанағаттанушылық та
жоғары. Екіншіден, орындаушылық және өкімшілдік қызметкердің арасалмағы.
Неғұрлым кәсіптік біліктілік жоғары болған сайын, соғұрлым басқарушылық
шешімдер жасауға қажеттілік жоғары. Басқару өнері орындаушыларға қажетті
шешім қабылдауға көмектеседі. Басқарушылық қызметтердің бөліктерін
делегациялау аса маңызды болып табылады. Мысалы, ауыл шаруашылық
жұмыстарында еңбек обьектісі әр түрлі, үнемі қозғалыста және территориялық
шоғырланғандықтан басқарушылық шешімдерді механизатордың өзі шешкен жөн.
Социологтардың ең көп назар аударатын тағы бір мәселесі – еңбек шарты.
Бұл еңбек процесі барысында болатын әлеуметтік-экономикалық, техникалық
ұйымдастырушылық, жаратылысты – табиғи факторлардың комплексі. Бұлар
адамның денсаулығына және жұмыс қабілеттілігіне, оның еңбекке қатынасына
және еңбекпен қанағаттану деңгейіне, еңбектің тиімділігіне, кадрлердің
ағымына әсер етеді.
Еңбек шартында келесі компоненттерді бөліп көрсетуге болады:
1. Әлеуметтік- өндірістік ( механизациялау және автоматтандырылу
деңгейі, дербес және бригадалық, еңбек орнының тұрғылықты орнынан
қашықтығы);
2. Әлеуметтік- экономикалық ( еңбек күнінің ұзақтығы кезекті демалыстың
жалғасымы, еңбекақы, әлеуметтік – экономикалық жеңілдік);
3. Әлеуметтік – гигиеналық ( еңбек қауіпсіздігі. Күш – жігерлігі және
ширығудың деңгейі, стресстік жағдайлар, комфорттылық). Мысалы, трактор
кабинасының, автомобильдің комфар-табельділігі. Еңбектің қауіпті шарттары
да, жарақаттану, кәсіби аурулар сияқты;
4. Әлеуметтік – психологиялық (ұжымдағы моральдік – психологиялық
климат, өзара және басшылармен қарым – қатынас). Моральдік әлеуметтік
климатқа әсіресе, әйелдер сезімтал болады;)
Өндірістік конфликтілер жұмыс уақытының көп жоғалуына, еңбек
тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Зерттеулерге жүгінсек
конфликтілердің жартысы ол басқарушылықтың дұрыс болмауы, ал үш бөлігі
қызметкерлердің психологиялықсәйкес келмеуі.
Ендігі бір социологтардың назарында тұрған маңызды сәт- ол еңбекке
қатынас. Еңбекке қатынас, дәлірек айтсақ жасалынатын жұмысқа қатынас
обьективті және субьективті факторлармен және шарттармен анықталатыны
түсінікті.
Теоритикалық мағынада келесі шарттарды бөліп көрсетуге болады:
1. Адамның еңбекке қатынасы моральдік құндылыққа қатынасы ретінде;
2. Белгілі бір еңбек түріне, кәсіпке қатынас;
3. Жасалынатын жұмысқа қатынас;
4. Адамның еңбекке қатынасы өмірлік құндылыққа қатынасы ретінде;
5. Еңбекке қатынас өзін-өзі көрсетудің құралы ретінде;
6. Еңбекке қатынас күн көріс құралы ретінде.
Социологтар соңғысын инструментальдық деп аталады. Адамға жасайтын
жұмысы ұнамайды, бірақ та еңбекақы қызықтырады және мүлде басқа, егер адам
ісі үшін, басқа адамдар үшін өмір сүру, жұмысын өзінің қабілеттерін жүзеге
асыру үшін қолдану. Зерттеушілер мынадай жағдаймен жиі кездеседі: адамды
алатын жалақысы қанағаттандырмайды, бірақ жұмыстың өзі ұнайды. Бұл қарама-
қайшылық әсіресе жоғары шығармашылығымен ерекшеленетін ақыл-ойлық еңбекке
тән: ғылым, мәдениет оқу-ағарту.
Еңбекке қатынас оң, теріс және индифферентті болуы мүмкін. Еңбекке
қатынаста адамның қызығушылығы, оған қажеттілігінің саналылығы, өзінің
еңбектік потенциалын жүзеге асыруға тырысу анықталады.
Еңбекке қатынас негізгі үш элементтен тұратын күрделі әлеуметтік
құбылыс:
1. Еңбектік мінез-құлықтың мотивтері және бағдарлары;
2. Нақты және фактілік еңбектік мінез-құлық;
3. Қызметкерлердің еңбектік жағдайларды бағалауы.
Мотивация қызметкер өзінің еңбектік мінез-құлығында басшылыққа алатын
еңбектік мотивациялармен және ұстанымдармен бейнеленеді. Қажеттіліктердің
неғұрлым табысты жіктеуін американдық психолог А. Маслоу жасаған. Ол
қажеттіліктердің бес деңгейін көрсеткен:
1. Физиологиялық және жыныстық қажеттіліктер (тамаққа, демалуға, киім
киюге және т.б.)
2. Экзистенциалдық (өмірінің қауіпсіз болуы және болашаққа сенімді болуы,
қоршаған орта тарапынан физикалық және психологиялық қауіп-қатерден сақтап,
келешекте физиологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алуға бағытталған
қажеттілік);
3. Әлеуметтік қажеттіліктер – (бұл өзінді бірнәрсеге, біреуге жатқыза
алатын, ұжымға қатыстылық, басқалар сені қабылдауға, үйренісу және қолдау
сезіміне қажеттілік);
4. Престижге қажеттілік (сыйлаушылыққа, әлеуметтік статуске, басқа
адамдар тарапынан жеткен дәрежесін, жұмыс қабілетін сыйлаушылықты қажет
ететін);
5. Рухани (өзін көрсете алуға бағытталған қажеттілік, яғни өзі жеке тұлға
ретінде өсудегі потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған).
Осы қажеттіліктерге сәйкес әрбір адамның өзінің еңбектік мотивациясының
құрылымы бар. Еңбек процесінің тиімділігін көтеруде маңызды рөл атқаратын
еңбекті ынталандыру. Бұл қызметкердің еңбек мотивациясына мотивация арқылы
ықпал ету болып табылады. Еңбекті ынталандыру көбіне – көп еңбекақы ретінде
көрінетін марапаттаудың, қолдаудың және санкциялардың материалдық
құралдарына негізделеді. Бірақ та кез-келген еңбекақы оның біруақыттағы
ынталандыруы болып табылмайды. Мамандардың бақылауы және зерттеуі бойынша
еңбекақы адамдарды ынталандырмайтын жағдайлар болады.
Еңбекті ынталандырудың келесі негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
• прапорционалды (ынталандыруда прапорция сақталынады), прогрессивті
(ынталандыру көлемінің өсуі), регрессивті (ынталандыру көлемінің азаюы);
• қатаң (қызметкерді күшін жұмсауға еріксіз жігерлеу) және либералды
(қызметкерді өз еркімен күшін жұмсауға тарту);
• өзекті (күнделікті күн көріс бастауы ретінде еңбекті ақылау) және
перспективациялық (жеке меншікке, билікке, престижге қажеттілікті
қанағаттандыру);
Шаруашылықтың нарықтық жүйесінде еңбекті ынталандыру орасан зор маңызға
ие болады. Басқа жағынан қарайтын болсақ, әлеуметтік қайта құру
кезеңдерінде қызметкерлерді әлеуметтік қорғау да маңызды орын алады.
Әлеуметтік қорғау – кез-келген мемлекеттің қажетті элементі болып табылады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі – бұл өмір сүруге қажетті құралдармен қамтамасыз
етуге жағдай тудырушы құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және саяси
гарантиялар жүйесі: әлеуметтік жағынан осал қабаттарға – мемлекет
тарапынан, бірақ заң бойынша бекітілген өмір сүру минимумынан төмен емес.
Әлеуметтік қорғау заң шығарушылық, әлеуметтік-экономикалық және моральдік –
психологиялық сипатта болады және осылардың арқасында нақты осы қоғам
дамуындағы өмір сапасын қамтамасыз ететін құрылуы (трансформация)
жағдайында, бөліп көрсететін болсақ, біздің Қазақстан қоғамында әлеуметтік
қорғау тұрғындардың көптеген қабаттарына – зейнеткерлерге, жастарға, жаңа
әлеуметтік жағдайға бейімделе алмаған еңбекке қабілетті жастағы адамдарға).
ІІ Тарау. Еңбек әлеуметтануының негізгі объектілері.
2.1. Еңбек нарығы және жұмыспен қамту мәселелері
Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту тақырыбы отандық әлеуметтану үшін жаңа
және өзекті болып табылады. Өйткені, еңбек нарығындағы жіктелудің жылдам
процестері көп жағдайда әлеуметтік еңбекті қатынастарды анықтап береді.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту нысандары мен түрлерінің сапалық
өзгерістері болып жатыр, еңбек нарығы мен халықтың түрлі топтарының
экономикалық мүмкіндіктерінің жіктелуінің сегментациясы жоғарылауда және
жұмыс іздеу мен еңбек мансабының нарықтық стратегиясы қалыптасуда.
Жұмыссыздықты реттеу өткір әлеуметтік мәселеге айналуда. Экономиканы
реформалау жаппай жұмыссыздықтың пайда болуына алып келеді, жұмыссыздықтың
жоғары түрдегі тәуекелділігі бар кәсіби топтар мен жекелеген өңірлер
анықталады. Жұмыспен қамтудың табысты түрде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz