Сынып жетекшісінің міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе. - 1-4.

1.Сынып жұмысын ұйымдастырумен
тәрбиелеу, сынып жетекшінің міндеті. - 5 - 10.

2.Сынып жетекшісіне
қойылатын талаптар. – 11 – 14.

3.Сыныпта тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың формалары. – 15 – 19.

4.Сынып жетекшісінің
ата-аналар мен жүргізілетін жұмысы. – 20 – 24.

Қорытынды: - 25.

Пайдаланылған әдебиеттер. – 26 -27.

Кіріспе.

Сынып жетекшісіне мектеп директоры тәжірбиесі мол және

беделді мұғалімдерден тағайындайды. Ол балалардың тұрмысын

ұйымдастыруға ұжымды тәрбиелеуге және қалыптастыруға

сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына жауап береді. Сынып

жетекшісінің негізгі міндеті жалпы білім беретін орта мектептің

кітапбында тұжырымдалған.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Сынып жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі міндеттері мен

жұмыс жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу.

Оның қызметінде иедеалық тәрбие ұйымдастыру және әкімшілік

міндеттері ұштасқан.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеті. Оқушыларды тәрбиелеу

және оларды тату ұжымға топтастыру. Оның назарын оқу

жұмысының мәселелері білім дәрежесін арттыру аударады. Бірақ

ол бұлардың шешімін табуға ең алды мен тәрбиеші ретінде

қарайды. Ол тәрбие құралдарында (оқу міндеттеріне саналы және

жауапты қатынасты тәрбиелеу, оқу барысында өзара көмек

ұйымдастыру, мектеп тәртібін режимін сақтауға үйрету және т.б)

сүйене отырып, сапасын арттыруға мұғалімдерге көмектеседі. Әр
сыныпта оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды басшылыққа

алуға, оларға жеке қатынас жасауға тиіс мұғалімдердің белгілі

ұжымы жұмыс жүргізеді. Бұл ұжымның ұйымдастырушысы да дем

берушісі де сынып жетекшісі болып табылады. Ол мұғалімдердің

оқу тәрбиесі жұмыстарының ерекшеліктерін зерттейді. Олардың

оқушыларға деген талаптарымен танысады. Жеке оқушылардың

мінез-құлқы жайлы. Оларға ықпал етудің әдістері туралы пікір

алысады. Мұғалімдердің тәрбиелік қызметін біріктіру мен

бағыттау- оның ең маңызды міндеті.

Сынып жетекшісі – педагогикалық ұжымның және

педагогикалық кеңестің мүшесі. Ол бүкіл ұйымдастыру және

тәрбие жұмыстарын жалғыз өзі емес, мектеп директоры мен оның

орынбасарларының басшылығымен басқа мұғалімдермен тызыз

байланыста жүргізеді. Мұғалімнің кеңестерінде сабақта және

сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын

ұйымдастыру мәселелері келісімді.

Басқа мұғалімдерге қарағанда сынып жетекшісі оқушылармен

көбірек араласады. Оның шәкірттерімен қарым қатынасын

қоңырау үні болып кете алмайды. Ол сабақтан кейінде сынып өмірі

мер сынып ұжымының қызметін ұйымдастыру мен рөлін
жалғастыра береді. Оның тәрбиешілік қызметінің табысты болуы

көбіне ата-аналар мен тығыз ынтымағына байланысты. Бұл мектеп

пен жанұя тәрбиесі мен білімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сыныптағы оқу тәрбиесі жұмыстарының жағдайы үшін сынып

жетекшісінің жауапкершілігі зор. Бірақ бұл жауапкершіліктен

2басқа мұғалімдер де тыс қала алмайды. Әр мұғалім тәрбие мен

оқыту сапасына, тәртіп жағдайына жауап береді. Ол ұқыпсыз және

тәртіпсіз мектеп оқушыларына нем құрайлы қарай алмайды.

Сондықтан да жалпы білім беретін орта мектептің кітабында

сынып жетекшісі оқушылардың жұмысты басқа мұғалімдермен әр

түрлі ұйымдармен тығыз бірлікте жүргізеді деп тегіннен-тегін атап

көрсетілмеген.

Мектеп кітабында сондай- ақ сынып жетекшісінің сынып

бойынша белгіленген құжаттарды жүргізетін көрсетілген, мектеп

басшыларына оқушылардың үлгерімі – сабаққа қатысуға және

тәртібі жөніндегі мәліметтерді дайындап береді. Олардың

күнделігін тексереді.

Сынып жетекшісінің тәрбиешілік қызметі күрделі және сан

құрлы. Ол оқушылар ұжымы мен өз сыныбының мұғалімдерімен,

ата – аналарымен, жұртшылықпен сан – алуан тәрбие жұмыстары
мен айналысады. Оның тәрбиешілік қызметінің міндеттері сынып

өмірінің нақты жағдайы мен айқындалады. Ол оқушылардың жан –

жақты дамуы туралы, оларды еңбек сүйгіштікке ұйымшыл болуға

тәрбиелеу туралы үлгерімін арттыру және тәртібін нығайту

жөнінде еңбекке даярлау жайында қамқорлық жасайды.

Ұжым дамуының түрлі кезеңдерінде сынып жетекшісі тәрбиенің

нақты міндеттерін алға қояды және оқушылар ұжымына сүйене

отырып сынып пен және оқушылар мен сан- алуан тәрбие

жұмыстарын жүргізеді. Бұл міндеттерді айқындағанда ол

оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесін, сыныптағы

үлгерім, тәртіп жағдайын еңбек сүйгіштік қоғамдық борыш сезімі

сияқты қасиеттердің жай күйін ескереді.

Сынып жетекшісінің қызметі ол белгілі жүйемен жүзеге

асырылған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы

нәтижелерге ие болады.

1.Сынып жұмысын ұйымдастырумен тәрбиелеу, сынып

жетекшісінің міндеті.

Табысты тәрбие жұмысынсыз ұжымды топтастыру мүмкін емес.

Тек ұжым арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу

міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке көз қарастарына игі ықпал

етеді.Олардың тәртібі мен үлгеріміне игі ықпал етеді.Жақсы

ұйымдасқан және топтасқан ұжымның әсерімен оқушылар саяси

адамгершілік және мәдени жағынан өседі.Ұйымдастырушылық

дағдыларына ие болады.Ұжымда олардың достық пен жолдастық

байланыстары нығаяды.

Сынып жетекшісінің міндеттері:

1.Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен оның іс әрекетіне

қойылатын талаптардың мәні мен мазмұнын ашып көрсету.

2.Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларына сипаттама беру.

3.Сынып жетекшісінің ата-аналар бірлескен жұмысының тиімді

түрлерін анықтау.

А.С.Макарено Тәрбие мақсаты деген мақаласында ұжымға

тән бірнеше белгілерді негізгі қасиеттерді атады.Ұжым өз

мүшелерін тек біріңғай мақсатпен,ортақ іске қатысу мен ғана
емес,сонымен бірге жаппай ұйым дастырумен
біріктіреді.А.С.Макареноның пікірінше,оқушының әр

қимылы,оның әр сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс.

Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша

келіп,А.С.Макарено: Ұжым дегеніміз-бұл әлеуметтік жанды тұлға

болатын себебі мынадай оның

ұйымдары,жауапкершілігі,ұйымдардың арақатынасы,дара

тәуелділігі бар.Егер ондайлардың ешқайсысы болмаса ,онда ол

ұжым да болмайды.Жай ғана тобыр болады деді.

Балалар ұжымын құру мен топтастыру-мұғалімдердің және ең

алдымен сынып жетекшілерінің маңызды міндеті.Егер мұндай

ұжым құрылса,кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда

жеңіл болады.Оқушылардың әр түрлі мінезі

қабілеттері,мүдделері,бейімділіктер і топтасқан ұжымда бір-бірін

толықтырып тұрғандай болады.Қуаныштары мен реніштері

айқынырақ,қылықтары жауаптылау,ойлары тереңдеу сияқтанады.

Оқушылар ұжымы тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы

өзара қатынастың жаңа типінің арнауына мүмкіндік жасайды.Бұл

жағдайда тәрбиеші оқушыларға тікелей ғана емес,сонымен бірге

жанама түрде,ұжым арқылы ықпал жасауға мүмкіндік алады.

Әр сыныпта ерекше назар мен жекелеп тәрбиелеу әдісін тілейтін
оқушылар бар.Оларға үлгермейтін,тәртіпсіз немесе енжер

оқушылар,сондай-ақ мінезінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты

жекелеп тәрбиелеу әдісі барлық оқушыларға қажет ететін

оқушылар жатады.Сондықтан ұжымдық қимыл педагогикасы букіл

тәрбие процесін қамти алмайды.Ол ұжымда жеке адамның даму

ерекшеліктерінің ескеретін жеке қимыл

педогогикасынтолтырылады.

Н.К.Крупская ұжымдық жұмысты ұйымдастырғанда,әр баланың

жеке ерекшеліктерін ескеру керек,тек әр бала ұжымдық еңбекте

өзінің күштері мен мүмкіндіктеріне орын тапсын,тек ұжым

балалардың жеке белгілерін жайып жібермесін,қайта жеке басының

гүлденуіне мүмкіндік жасасын деп жазды.

Ұжымның зор тәрбиешілік ролін көрсете келіп Н.К.Крупская

Ұұжым иесіз емес,керісінше тек ұжымда ғана анағұрлым толық

айқын түрде ересектердің де жас өспірімдердің де жеке басы

дамып,айқындалуы мүмкін,деді.Ұжымда оқушылар басқа

адамдармен қатынастың ережесін,ұжымдық қатынастар мен

қоғамдағы мәдени мінез-құлық ережесін игреді.Жақсы ұйымдасқан

ұжымның ықпалы мен ұйымдастырушының дағдыларды

қалыптастыру мен бағалауды үйрету,қоғамдық мүддемен үйлестіру
әлдеқайда жеңіл.

Ұжымнан тыс,ұжымдық қатынастар мен қуаныш-реніштерден

тыс ұжымшыл адамды тәрбиелеу мүмкін емес.

Сынып ұжымы жалпы мектеп ұжымынан бөліне тұйықтала және

мектеп өміріне бөек өмір сүре алмайды.Оның қызметі жалпы

мектеп ұжымының алдында тұрған мектептермен анықталады.

Педогогикалық ұжымның мектеп оқушыларына тәрбие ықпалы

оқушының морольдік қасиеттерінің қалыптасуы сынып жетекшісі

арқылы жүзеге асады.

Бұл ықпалдың тиімділігі көбіне сыныптың топтастығына,онда

ұжымдық қызметті ұйымдастыруға байланысты.

Мектеп бастауыш ,орта жоғары сынып ұжымдарының біріккен

біріңғай ұжымы.Әр сынып оған өз үлесін қосады.Сынып

жетекшісінің оның сыныбы қол жеткізген бар жақсының жалпы

мектеп ұжымының игілігіне айналуы жөнінде қамқорлық көрсетуі

маңызды.Мәселен егер сыныпта жақсы дәстүр-жыл сайын сүйікті

жазушыға арналған кеш өткізу қалыпасса,мұны жалпы мектептік

дәсурге айналдыруға алпыну керек.Ал мектепке,басқа сыныптарда

бар бүкіл жақсы және озат тәжірибені өз ұжымының өміріне енгізу

керек.
Оқушылар ұжымы педогогикалық басшылыққа зәру.Мектеп

оқушыларын өз бетінше жіберуге болмайды.Олардың жеке

тәжірбиелері шектелуі.Сондықтан ұжым қызметін бағыттап ,оған

жеке адамның қалыптасуына мүмкіндік жасайтын керекті және

пайдалы істерді табуға көмектескен жөн.Соны мен бірге әкімшілік

ету,билеп-төстеу жолына түсуге болмайды.

Сынып жетекшісінің мақсаты –алдына қызық мақсат қоя білетін

ұжымдық іске талпынып тұратын ұжымды құру.

Әр сынып ұжымын құру мен топтастырудың өз жолы бар.

Ұжымды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты оқушылардың жасын

дамуымен тәрбиелік дәрежесін есепке алып олардың белсенділігін,

тәртіптілігін басқа жағдайлар мен ескере отырып жүргізу қажет.

Тек осы жағдайда ғана оқушыларды тату және мақсатты ұжымға

топтастыруға болады. Сынып жетекшілері жаңа сыныптағы

жұмыстарының алғашқы күндерін қоғамдық мүдде санасы

неғұрлым дамыған және өзінің төңірегіне басқа оқушыларды

біріктіре білетін мектеп оқушыларын айқындаудан бастайды.

Актив неғұрлым кең болса оқушыларды тату және еңбек сүйгіш

ұжымға топтастыру соғұрлым жеңіл екендігі көптеген мектептердің

тәжірибелерінде дәлелденген.
Актив тәрбиешілердің шақыруына бірінші болып үн қосатын

оқушылыр. Оларда ұйымдастырушылық дағдылары молырақ

дамыған, бұлар іскер оқушылар. Солардан әдетте сынып

старостасы қабырға газетінің редакторымен редколлегия мүшелері

т.б сайланады. Активпен күнделікті жұмыс сынып жетекшісінің

жақсы көмекшілер даярлануына көмектеседі және оның тәрбие

қызметінің жеңілдеуіне көмектеседі. Активпен ол өзіне сынып

ұжымына ықпал ететін тірек табады. Оқушыларды еңбекке

жауапты қарауға үйрете отырып сынып жетекшісі сынып активіне

сүйенеді. Ол алдын ала олармен алдағы жұмыстар туралы және

олардың орындалуын бақылау жөнінде келіседі.

2.Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.

1. Педагогикалық шеберлік. Сынып жетекшісінің тәрбие

қызметіндегі табыс көбіне оның шеберлігіне байланысты.

Педагогикалық шеберлік өз жөнін терең білуді тәрбие мен

оқытудың заңдылықтарын түсінуді көздейді. Педагогикалық

шеберліктің маңызды көрсеткіші тәрбие жұмыстарын жүргізу

шеберлігі мен оған деген дағдысының болуы әр мұғалімнен

сыныпты ұйымдастыра білу, оны тату ұжымға топтастыру

оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау адамгершілік

қасиеттерінің қалыптастыруына бақылап көмек көрсету талап

етіледі.

2. Жоғары морольдік бедел. Сынып жетекшісінің оқушыларға

жасайтын тәрбиелік ықпалының күші көбіне оның морольдік

беделіне байланысты. Тәрбиешіміз жеке еді. Оның морольдік

бинесі мектеп оқушыларының сапасы мен мінез-құлқының

қалыптасуына шешуші ықпал етеді.

Тәрбиерші өзі тәрбиеші болуы керек. Ол өз шәкірттері бойына

дарытқысы келген жоғары морольдік қасиеттерге өзі де ие болуы

қажет. Егер сынып жетекшісі өз оқушыларынан тәртіпті мінез-

құлықты талап етіп ал, өзі мектепте тәртіпті бұзатын болса, онда
оның талаптары кез келген көздеген мақсатқа жетпейді. Егер ол

оқушыларды шыншылдыққа адалдыққа шақырып, өзі адалдық

көрсетпесе онда оның шақыруын ешкім елемейді. Сынып

жетекшісінің морольдік бинесі оның ерік-жігер қасиеттері тәрбие

ықпалының тиімділігін арттырудың маңызды алғы шарты.

3. Кең мәдени ой өріс. Сынып жетекшісінің күрделі қызметі мен

міндеттері адам жоғары мәдениетті мәдени ой-өрісін әр дайым

кеңейтіп тұруды талап етеді.

Мұнсыз ол оқушылардың сан алуан тілек-талаптары мен

қызығушылықтарын қанағаттандыра алмайды. Жас өспірімдер мен

жастар білу өте құштар.

Олар жаңа кітап жаңа кинофильм жөніндегі сұрақтарды жиі

қояды. Оларды біздің елімізде және шетелдерде ие болып жатқаны

қызықтырады. Егер сынып жетекшісі бұл талаптарды

қанағаттандыратын болса, онда оның беделі шегі ықпалы арта

түседі. Егер мектеп оқушылары өздерін қызықтырған мәселелерге

жауап таба алмаса онда олар тәрбиешіге деген сенімі мен олар

құрметін жоғалтады.

4. Педагогикалық әдептілік сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын

тиімділігін арттырудың қажеттігі шарты педагогикалық әдеп сақтау
болып табылады. Бұл тәрбиешінің ішкі және сыртқы

педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші әдепті тәрбиешісі бәрін

өлшеп, аса сақтықпен және сыпайыкершілікпен қимыл жасайды.

Ол оқушы қылығымен әрекетінің ішкі себептерін түсінуге

анықтауға талпынады және содан кейін барып педагогикалық

белгілі бір шарасын қолданады.

5. Балаларға деген сүйіспеншілікпен құрмет. Балаларға деген

парасатты сүйіспеншілікпен құрмет тәрбие жұмысының тиімділігін

арттырудың өте қажетті шарты. Кімде-кім балаларды сүйе білмесе

олардың нағыз тәрбиешілері де, үйретушілері де ұстазы да бола

алмайды. Мейірім мен сүйіспеншілікпен құрметпен балалардың

жақсы сезімдерін оятуға керекті қасиетке тәрбиелеуге еңбек пен

тірбиелеуге, тәртіпке, тіл алғыштықпен үлкендерді силауға

үйретуге болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Сынып жетекшісінің функциялары
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарына қойылатын психологиялық талаптар
Сынып жетекшісінің қызметтері
Пәндер