Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Мазмұны
I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 3 - 9
Негізгі бөлім
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар ... ... . 10 - 12
Мәдениетаралық қарым-қатынас ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
12- 17
Жобалау тәсілін мәдениетаралық қарым қолдану ... ... 18- 27
Екінші бөлімге
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 27- 28
Практикалық бөлім
3.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 29 - 31
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 32 - 33
V. Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 34 - 36
Кіріспе
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы қашан да
басты назарда тұрады. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір
сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін
байланыс құралы ретінде тілдің басты қызмет атқаруы табиғи құбылыс.
Сондықтан да болар, шет тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа
бағыттарда өзгеруі жаһандану процессімен, еліміздің басқа елдермен
экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуі салдарына
байланысты.
Шетел тілі біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық
және жалпы мәдени прогресінің іс жүзіндегі факторына айналып, бүкіл дүние
жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан кезде ендігі жана
буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдерін жақсы
білуі — уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқытудың
негізгі мақсаты оқып жатқан шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
ретінде қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды сөйлеуге, тілдік қарым-қатынасқа екі немесе бірнеше адамның
өзара іс-әрекеті ретінде қарауға тәрбтелеу пәнді оқытуды түбегейлі түрде
өзгерту, жаңарту арқылы іске асады. Шетел тілін оқытудағы бұл мақсат
әдіскерлердің, шетел тілі мұғалімдерінен әрдайым тиімді әдіс-тәсілдерді
іздеуді, сонымен қатар оқыту мазмұнына көңіл бөлуді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім,
шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп өткізу және оны
ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда
шетел тілін оқыту пән ретінде көптеген мүмкіндіктерге ие. Е. Полаттың
ойынша шетел тілі сабағын жаңа бүгінгі күн талаптарына сай жүргізудің
артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде білім берудің
тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың
іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың
іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының
шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен
қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды
жаңа ойларды тудыра білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана
қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын
ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны:
Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын шетел
тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні:

тілінде (неміс тілінде) мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде
жобалау тәсілін қолдану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын неміс
тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде оқытудың белсенді
түріне жататын жобалау тәсілін қолдану әдістемесін жасау және сонымен бірге
жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға
үйретуде әдістемелік тұрғыдан ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
• дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен
танысу, оларды талдау;
• шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды анықтау;
• шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау;
• жалпы білім беретін орта мектептерде жоғары сынып оқушыларын шетел

түрі болып табылатын жобалау тәсіліне сипаттама беру;
• жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас
жасауға үйретуде жобалау тәсілін қолдану жолдарын көрсету;
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері:
• Диплом жұмысының тақырыбы бойынша жұмыс істеуде ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерді сын көзбен оқу және оларға талдау
жасау.
• Қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде
мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде тиімді және
тиімсіз әсер ететін психологиялық факторларды айқындау
мақсатымен педагогикалық үрдісті бақылау.
• Қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларында неміс
тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасау барысында болатын
қиындықтарды анықтау мақсатымен оқушылармен анкета, әңгіме
жүргізу.
• Жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-
қатынас жасауға үйретуде жасалған әдістеменің тиімділігін
тексеруді көздей отырып, тәжірибелік оқыту жүргізу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде жоғары сынып оқушыларын неміс
тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретудің жаңа әдістемесі
беріледі, жоғары сынып оқушыларын неміс тілін оқытуда жобалау тәсілін
қолдана отырып, мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрету тиімділігі
ғылыми тұрғыдан негізделеді.
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы:
• Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын
шетел тілінде (неміс тілінде) мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға
үйретуде мәдениетаралық қарым-қатынастың психологиялық,
лингвистикалық, психолингвистикалық ерекшеліктерін ескерудің
теориялық негіздері беріледі.
• Жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас
жасауға үйретуде жобалау тәсілін қолдану жолдары көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы:

жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда мәдениетаралық қарым-
қатынастың әртүрлі (психологиялық, лингвистикалық,
психолингвистикалық) ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау тәсілін
қолдансақ, мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрету неғұрлым
тиімді болады.
Зерттеудің методологиялық негіздері:
Зерттеудің методологиялық негіздерін жалпы дидактиканың және
лингводидактиканың теориялық қағидалары, шетел тілін оқыту әдістемелерінің
теориялық тұрғыдан негізгі қағидалары, соның ішінде коммуникативтік ,
танымдық және әлеуметтік лингвопсихологияның теориялық
қағидалары,мәдениетаралық қарым-қатынастың теориялық қағидалары қалайды.
Шетел тілін оқыту әдістемелерінің теориясы мен практикасын құрайтын
жоғарыда аталған ғылым салаларын біріктіретін концептуалды базис көрнекті
ғалымдар (Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, И.А. Зимняя, Б.Ф.Ломов, Н.Ю.Шведова,
Н.И. Гез, Г.В.Колшанский, С.С.Кунанбаева, Н.Д. Гальскова, ... және т.б.)
еңбектерінде зерттеледі.
Диплом жұмысының практикалық құндылығы:
• Диплом жұмысының нәтижесіне сүйене отырып жалпы білім беретін қазақ
орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде (неміс
тілінде) мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуге нұсқаулар
беріледі;
• Диплом жұмысында берілген әдістемелік нұсқауларды жалпы білім беретін
қазақ орта мектептерінде ғана емес, сонымен қатар жаңа типтік
мектептерде (лицейлер мен гимназияларда, шетел тілін тереңдете оқуға
арналған мектептерде) қолдануға болады;
Диплом жұмысы бойынша келесі қағидалар қорғауға ұсынылады:
Диплом жұмысында ғылым жетістіктерін негіздей отырып, тәжірибелік байқаудан
өткізу нәтижесінде сарапталып, жүйеге келтірілген мынадай негізгі
тұжырымдар қорғалады.

үйретуде жобалау тәсілін қолданудың тиімділігі.
• Шетел тілін оқытуда жобалау әдістемесін пайдалану оқушылардың сабақта
да, сабақтан тыс уақытта да жұмыс істеуіне жақсы әсерін тигізеді
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Бұл диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының
өзектілігі, пәні, нысаны, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми
жаңалығы, теориялық құндылығы, практикалық құндылығы, ғылыми болжамы туралы
сөз қозғалады..
Негізгі бөлім үш тармақтан тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тармағында
шетел тілі сабағына қойылатын басты талаптар туралы айтылады. Екінші
тармақта тілдің әлеуметтік қызметіне, яғни адамзат қоғамына қатынас құралы
ретіндегі қызметі, шетел тілін оқытудың басты мақсаты – тіл үйренушілердің
шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру
мәселелеріне тоқталамыз. Бұл тармақта теориялық мәселелер қарастырылады,
диплом жұмысының тақырыбына сай ғалымдардың ой-пікірлері беріледі. Үшінші
тармақта жобалау тәсіліне сипаттама беріліп, жобалық сабақтарды
ұйымдастыруға, арналған нұсқаулар беріледі, ғылымдардың ой-пікіріне талдау
жасалады. Оқушыларды мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде оқытудың
белсенді түрі болып табылатын жобалау тәсілін қолданудың тиімділігі жайлы
сөз болады.
Практикалық бөлімде педагогикалық практикада жүргізілген тәжірибелер, неміс
тілі сабағында қолданылған жобалық сабақтың жоспарының үлгілері беріледі.
Бұл диплом жұмысының барысында міндетті түрде әдістемелік әдебиеттерге
сүйене отырып жаздық, сонымен бірге шетел тілін оқыту әдістемелік
журналдарда жарияланған мақалалармен танысып, талдадық. Бұл әдебиеттер саны
дипломдық жұмыстың қолданылған әдебиеттер тізімінде берілген.
Негізгі бөлім
Бұл бөлімде біз алдымен шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптарға
талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын жүргізуге арналған әдістемелік
нұсқауларға тоқталамыз.
2.1. Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.
Біз шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып және жүргізуіміз
үшін алдымен шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды білуіміз қажет.
Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович, Т.Е. Сахарованың ойынша, шетел тілі сабағы
нақты талаптарға сай жүргізілуі міндет. Сабақ сол пәннің білім беру
технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек (1). Себебі
бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның
тактикасы мен жалпы мақсатқа жету стратегиясын анықтайды.
Н.Д. Гальскова, Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович еңбектерінде шетел тілі
сабағына қойылатын келесі талаптар жайлы айтылады (1, 2).
1) Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әр-бір сабақ практикалық, білімдік,
тәрбиелеі, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау
арқылы жетуді қамтамасыз ету керек.
Мысалы: оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету, диалогтық мәтінді
дауыстап оқуға үйрету. Белгілі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын
айтуға үйрету т.с.с.
2) Сабақтың маңыздылығы: Мұғалімдер мен оқулықтың аторлары ұсынған
үлгілен мен мысалдары жағдаятты және коммуникативтік сипатқа ие болуы
керек. Мысалы: неміс тіліндегі перфектті (Perfekt) оқушылар диалог
түрінде жақсы қабылдайды.
- Hast du dieses Buch gelesen?
- Ja, ich habe es gelesen.
Сабақта қолданылған үлгілер мен мысалдар білімдік маңызы мен тәрбиелік
қарым-қатынаста маңызды болуы керек. Оқу жағдаяттары оқушылардың берілген
тапсырмаға және оны орындауға деген қызығушылығын ояту, яғни білім алу
мотивациясын дамытуы тиіс.
3) Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру: көп жағдайда сабақта
мұғалім белсенді болады, бұл оқушылардың сөйлеу әрекетін төмендетеді.
Сол себепті сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын жолдар іздеу
қажет.
4) Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл мақсатта
техникалық және техникалық емес құралдардың рөлі зор. Осы құралдардың
көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Олар: магнитафон, диафильмдер, бейнефильмдер. Қазіргі кезде
компьютермен, электронды оқыту және интерактивті тақтаны қолданудың
көмегімен шетел тілі сабағын қызықты жүргізуге болады. Сол кезде тек
тілдік дағдыларды ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар техникалық
құралдарды игере білуге үйретуге болады. Техникалық емес құралдардың
да маңызы зор. Осындай жағдайда ребустар суретер, мақалалар көмек
болады. Мақала мен суреттерді қолданғанда аутенттік материалды қолдану
оқушыларға тілдегі ерекшеліктерді түсінуде көмек болады.
5) Сабақтың ғылымға бағытталғандығы. Бұнда сабақты басқа да ғылым
салаларымен және пәндермен байланыстыра оқыту, ақпараттық құралдарды
қолдану тиімділігі. Сабақты басқа пәндермен байланысты ра жүргізу
оқушылардың терең жан-жақты білім алуына , білім деңгейін кеңейте
түсуіне ықпалын тигізеді. Мұғалім оқушыларды өздігінен ақпарат
іздестіруге талпындыру қажет. Мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы,
бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттердің ұйтқысы болу
міндет.
Шетел тілін оқытудағы мақсат оқушылардың оқып үйреніп жатқан тілді
мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеріп, оны шынайы контексте
қолдануын көздейді. Қорыта келе айтқанда бүгінгі таңда шетел тілінің жалпы
білім беретін пән ретінде орта мектепте атқарар қызметі – оқушыларды өздері
тілін үйреніп жатқан халықпен түсіністікке, ортақ көзқарас орнатуға
дайындап, білім тәрбие беріп, әрі жеке басын, өмірге деген көзқарасын жан-
жақты дамыту болып саналады.
2.2. Мәдениетаралық қарым-қатынас
Тіл мәдениеттің элементі, ол белгілі бір мәдениет шеңберінде қызмет етеді,
ал шетел тілін оқып үйренуші осы мәдениеттің ерекшеліктерімен, тілдің осы
мәдениетте қолдану ерекшеліктерімен таныс болуы керек. Біз тілдің
әлеуметтік қызметіне, яғни адамзат қоғамына қатынас құралы ретіндегі
қызметіне тоқталамыз, өйткені тіл белгілі бір ұлттың игілігі, әрі өзіне тән
ажырағысыз белгісі. Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын,
пікір алысатын, өзара түсінісетін негізгі құралы. Сөйтіп, тіл – адамзат
ісінің барлық саласында және күнделікті тұрмысында бірін-бірі түсінісуіне
мүмкіндік беретін құрал. Сонымен, тілге анықтама беруде тілдің әлеуметтік,
яғни адам қоғамына қызмет етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы
екендігі негізге алынады.
Әрбір елдің қуатты күші, байлығы экономикалық даму деңгейімен ғана емес,
сонымен бірге мәдени, рухани өресімен де айқындалады. Ал мәдени өре, рухани
талғам деген сол халықтың ақыл-ойының көрінісі- тілге тікелей тәуелді екені
бізге белгілі. Тіл – елтану мағлұматтарының қайнар көзі, өйткені белгілі
бір елдің табиғат жағдайы, географиялық орны, қоғамдық идеологиясы, халық
шаруашылығының деңгейі мен мамандануы, тарихи даму барысы, әлеуметтік
құрылыс сипаты, ғылым мен өнердің даму деңгейі, қоғамдық ой-сана бағыты –
яғни елдің өміріне тән барлық ерекшеліктер сол халықтың тілінде өз
көрінісін табады. Сондықтан шетел тілін меңгере отырып адам өзінің ой-
өрісін кеңейтіп қоймайды, сонымен қатар дүниетанымын, қоршаған ортаға
көзқарасын дамытады.
Қазіргі уақытта шетел тілі сабағы шетел тілін оқытудың мақсаты мен
мазмұнына сәйкес толығымен мәдениетаралық қарым-қатынасқа бағытталған,
сондықтан оқу мен оқыту процесіндегі басты талап – студенттердің тілін оқып
үйреніп жатқан халықпен ортақ көзқарас, мәдениетін түсіністікпен қабылдауға
даярлық, төзімділік, икемділік сияқты қабілеттерін қалыптастыра отырып,
оларды өз мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін сақтауға баулу. Олардың
мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту, танымдық белсенділіктерін
арттыру.
Мәдениетаралық қарым-қатынас деген ұғымға тоқталар болсақ, ғылыми
әдебиеттерде көрсетілгендей, ол әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі
мәдениет иелері арасындағы қатынастар жиынтығы болып табылады (3). Яғни
мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз ол әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір-
бірімен қарым-қатынас жасауы. Мәдениетаралық қарым-қатынастың негізгі
компоненттері мәдениет және қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі және оның
сәтті өтуі, яғни нәтижесі бірнеше факторларға байланысты екендігі бізге
белгілі. Егерде біз австриялық ғалым Х. Ю. Крумның мәдениетаралық қарым-
қатынас жайлы еңбектеріне сүйенер болсақ, ол факторлар төмендегідей: жеке
бастың қарым-қатынас біліктілігі , сұхбаттасқан адамның жан дүниесін
тануға деген құлшыныс, сол халықтың мәдени құндылықтары жайлы білімі (4).
Ал Е.М. Верещагин мен В.Т. Костомаровтың ғылыми еңбектеріне сүйенер болсақ
мәдениетаралық қарым-қатынас барысында кездесетін сәтсіздіктер тілін оқып
үйреніп жатқан елге байланысты реалийлер жайлы білімнің жетіспеушілігінен
болады (5).
Ендеше бүгінгі таңдағы шетел тілі сабағы толығымен мәдениетаралық қарым-
қатынасқа бағытталады, ондағы басқы мақсат шетел тілін оқып үйренушілердің
бойында басқа ұлт мәдениетін дұрыс қабылдауға дайындық, төзімділік сияқты
қасиеттер мен тілдік қабілетті қалыптастыру.
Уақыт талабына сай тілдік білім беру жүйесінде қомақты өзгерістер орын
алуда: тілдік материалдың таңдалуына, мазмұнына, оның ұйымдастырылуына,
тексеру түрлеріне жаңа талаптар қойылып, өзгерістер енгізілуде. Сол себепті
шетел тілін оқыту тұжырымдамасында еліміздегі саяси-әлеуметтік
өзгерістерді ескере отырып, білім мазмұнын жаңаландыруға, болашақтың иесі
болар жас ұрпаққа шетел тілін меңгеруге, оны практикалық тұрғыдан қолдана
білуге үйретуге басты назар аударылуда.
Шетел тілінен білім беру саласында оқушыларды тілін оқып жатқан елдің
мәдени құндылықтарымен, оның тарихымен, әдебиетімен, ғылымымен, өнерімен
таныстыра отырып, сол ел халықтарымен түрлі салада қоян-қолтық араласуға
үйрету қазіргі таңдағы өмір шындығынан туындап отыр.
Жоғарыда айтып өткендей сөз әрекетінің пәні-ой. Тіл осы ойды қалыптастыру
мен тұжырымдап айтудың құралы. Осы жерде біздің көтеріп отырған мәселемізге
орай төмендегідей тұжырымдар келіп шығады:
- Оқушыларда барлық сөз әрекеті бойынша дағдылар мен іскерліктерін
қалыптастыру үшін , сонымен қатар мемелекеттік стандарт және
бағдарламада белгіленген деңгейде лингвистикалық компетенцияны
қалыптастыру үшін оқушылардың әрқайсысына белсенді түрде ауызша
практика керек.
- Коммуникативтік компетенцияны қалыптастыру үшін коммуникативті
міндетті шешуге бағытталған шартты коммуникативті жаттығуларды жасау
жеткіліксіз.
- Оқушыларды бірігіп бір мәселені шешу мүмкіндігін туғызатын, ол
туралы ойлануға мүмкіндік беретін, осы әрекетті орындау барысында өз
айтылымының , сөзінің мазмұнына ден қойып, яғни бастапқы түйін ой
болып табылатын, ал тіл өзінің тікелей қызметі- осы ойды
қалыптастырып , оны тұжырымдап айтуда көрінетін шынайы жағдаят
жасауы керек.
Шетел тілін оқытудағы мақсаттарға жету үшін педагогтар, психологтар мен
әдіскерлер оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың белсенді
формаларын қолдану қажеттігіне тоқталады. Шетел тілін оқыту процесінде
пайдаланылған әдіс-тәсілдер мынадай шарттарға сай болуы қажет: (6)
- оқушы өзін жайлы, еркін сезінетін жағдай жасау,оқушының пәнге деген
қызығушылығын арттыру, шетел тілін практикалық тұрғыда қолдануға деген
ынтасын дамыту;
- оқушының жеке тұлға ретінде қызығушылығын ескере отырып, шығармашылық
қабілетін жетілдіру, өз сөзін жоспарлау икемділігін қалыптастыру;
- оқушының оқу процесінде басқа да оқушылармен өзара әрекеттесу барысында
оның жеке тұлға ретінде белсенділігін арттыру;
- оқу процесін оқытушы негізгі тұлға емес, көмекші, бағыт беруші,
кеңесшінің рөлін атқаратындай етіп ұйымдастыру, оқушы шетел тілін оқып
үйрену көп дәрежеде оның жеке басының қызығушылығымен , белсенділігімен
байланысты екендігіне көз жеткізуі қажет;
- оқушыны өз бетімен пәннен білім алуға дағдыландыру, яғни арнайы оқу
дағдысын жетілдіру, білім алу барысында жеке бас мүмкіндігі мен
қабілетіне қарай үйренуге, тиесілі білім ауқымын меңгеруге жағдай
жасау;
- оқушының белсенділігін, шығармашылық қабілетін, дербестігін арттыруда
жұп болып, ұжымда жұмыс жасау мүмкіншіліктерін ескеру.
Бүгінгі күннің талабына сай шет тілі сабағы шетел тілін оқытудың мақсаты
мен мазмұнына сәйкес мәдениетаралық қарым-қатынасқа бағытталған,
сондықтан оқу мен оқыту процесіндегі басты талап-студенттердің тілін
үйреніп жатқан халықпен ортақ көзқарас, мәдениетін түсіністікпен
қабылдауға даярлық, төзімділік, икемділік сияқты қабілеттерін
қалыптастыра отырып, оларды өз мәдениетін , ұлттық салт-дәстүрін қадірлей
білуге тәрбиелеу. Олардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін
дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Біздің пікірімізше, шетел тілін оқыту барысында оқытушы тек белгілі бір
оқулыққа сүйенетін болса, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өздігінен
білімін ары қарай жетілдіруге деген қажеттілікті дамыту мүмкіншіліктері
шектеулі болады. Сондықтан шетел тілін оқыту барысында қолданылған әдіс-
тәсілдің көмегімен оқытушы оқушыны тілдік қарым- қатынасқа екі адамның
өзара іс- әрекеті ретінде қарауға, тілді мәдениетаралық қарым- қатынас
құралы ретінде қолдану біліктілігін қалыптастырып, басқа ел мәдениеті,
тарихы жайлы мағлұматтар алу барысында өз елінің мәдениетін тереңірек
түсінуге ықпалын тигізуі қажет.
Қоғам талабы бойынша шетел тілін оқытудың басты мақсаты ретінде тіл
үйренушілердің шетел тілінде мәдениетаралық коммуникативтік біліктілігін
қалыптастыру қарастырылып отыр. Яғни шетел тілінде мәдениетаралық қарым-
қатынасқа түсу дегеніміз әлеуметтік қарым-қатынас жасай ғана алу емес,
сондай-ақ басқа елдің рухани құндылықтарын түсініп, қабылдай білу болып
табылады.
Қазахстан Республикасының шетел тілінде білім беруді дамыту
тұжырымдамасында көрсетілгендей, шетел тілін оқыту үрдісінде мақсатты түрде
жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу жүзеге асырылуда
(7).
Технология бүгінде педагогика және әдістеме саласында кеңінен
қолданылатын ұғым. Ғалымдар оны оқыту, тәрбиелеушілік мақсаттарды іске
асырылуға бағытталған білім беру үрдісін ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекеттің
ғылыми негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде
түсіндіріледі, ал кейбір ғалымдар педагогикалық мақсатқа әдістемелік
негіздің ерекшеліктері арқылы неғұрлым оңтайлы жолмен жетуді көздеген
студенттермен өзара әрекеттескен оқытушының операциялы ұйымдасқан қызметі
деп түсінеді (8).
Шетел тілін оқыту әдістемесінің деңгейі өсіп, оқыту процесінде бірігіп
оқыту, интерактивтік тәсіл, жобалау тәсілі, ойындар, суггитивтік,
рефлексивтік тәсілдер қолданыла бастады. Жаңа технологияларды қолдану жеке
тұлғаның , яғни шетел тілін үйренушінің мәдениетаралық коммуникативтік
біліктілігін дамытып, пәндік білімін кеңейтіп, сондай-ақ тілін
үйренушілердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, дамытуға бірден-бір
мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол мұғалімнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz