Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке
қарсы қылмыстар
Қылмыстық кодекстің тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың
түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдык қауіпсіздікке қарсы кылмыстар.
Қоғамдық кауіпсіздік деп — адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты
қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні,
жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және кауіпсіз
пайдалану, сондай-ақ тау-кен неме-се құрылыс жүмыстарын қауіпсіз жүргізуді
реттейтін коғамдық катынастарының жиынтығы болып табылады. Бүл коғамдық
қауіпсіздікке карсы кылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық
қауіпсіздікке карсы кылмыстардың тікелей объектісі қоғамдыкқкауіпсіздіктің
жекелеген салалары (адам өмірінің және онын кызметінің қауіпсіздік
шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен
аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып
табылады.
Осы толқа жататын кейбір қылмыстардың тікелей объектісі адмның
өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда коғамдык қауіпсіздікке жататын
қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал
кайсы біреулері әрекеті немесе әрекетсіздік күйде (мысаль: ҚК-тің 245, 246-
баптары); жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік
диспозицияға негізделген (КК-тің 245, 246, 251-баптар).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 233-1, 233-
2, 234, 237-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық кұрамға (ҚК-тің
245, 244-баптары) жатады.
Қоғамдық қауіпсіздікке және адамдардың жалпы қоғамдық тәртібіне қарсы
қылмыстың жалпы сипаттамасы
Терроризм — қазіргі дәуірдегі ең қауіпті кьлмыс түрі болып
табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық
сипат алуда. Террорлык әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін
біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм - мемлекеттік
өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі — терроризмді жүзеге асыру
арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы
тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша:
Теорроризм, жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі
мүліктік зиян келтіру не коғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау
қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер
қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, ха-лықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралык ұйымның шешім
қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді
дәл сол мақсатқа жасаймын деп қорқыту болып табылады.
Адамды кепілге алу (234-бап)
Адамды кепілге алу халыкаралык маңызы бар қылмыс болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды
кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық конвенция қабылдаған.
Қылмыстың тікелей объектісі — кепілге алынған адамдардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу
немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.
Кепілге алу — кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы
адамды бостандығынан айырылған түсіру болып табылады.
Кепілдік ретінінде ұстау — адамды өз еркімен жүріп-туру мүмкіндігінен
күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.
Адамды кепілге алу — формальдық құрамға жатады. Кылмыс жәбірленушінің
бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы адам
адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап түрғанын сезеді,
біледі және соны тілеп әрекет істейді.
Заңда қылмыстың субъективтік жағының кажетті белгісі — кылмыстың
мақсаты тікелей көрсетілген. Ол — мемлекетті, үйымды немесе азаматты
қандайда бір іс-әрекет жасауға немесе қандайда бір іс-әрекет жасаудан
тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік
түрінде жасалады. Кінәліның мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай
қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді
немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.
Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: қылмысты істі тергеуді
доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік
немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.
Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған, есі дүрыс адам. Қылмыстық
кодекстің 234-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері
көрсетілген: а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша
жасауы (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз);
б) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз);
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш колдана отырып жасау:
жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян
келтіру, ұрып-соғу, оларды суық немесе өте ыстыққ жайларда ұстау, ұзақ
уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;
г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретінде пай-даланылатын
заттарды (таяқ, балта, монтировка және т.б.) колдана отырып жасау;
д) көрінеу кемелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау;
е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінбеу мәлім әйелге қатысты;
ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға (өте жас, кәрі, есалан, ауру
адамдарға) катысты:
з) екі немесе одан да көп адамға қатысты. Қылмыстық кодскстің 234-
бабының І-тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық
белгіленген;
и) пайдакүнемдікпен кемесе жалдану арқылы жасалса. Пайда табудың
немесе жалданудың түсінігі ҚК-тің 96-бабыңың 2-ші тармағының 2
тармақшасында берілген.
Қылмыстық кодекстің 254-бабының 3-тармағында адамды кепілге алуды
ұйымдасқан топ (караңыз: Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы) жасаған
не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің
немесе оның туыстарының ауыр науқасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы
немесе оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп
соққаны үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 234-бабының ескертуінде: "Кепілге алынған адамды
өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-
әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса; қылмыстық жауаптылықтан
босатылады",— делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың
шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің талап
етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамды өз еркімен
босату деп кепілге алған адамның кепілге алынған адамды ұстап түруға толық
мүмкіндігі бола тұра, оны босатуын айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойынша
босату да осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынған адамды амалсыздан босату
өз еркімен босатуға жатпайды.
Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша
босатқан адамның әрекетінде басқа кылмыс құрамы (мысалы, кепілге алынған
адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам
өлтіруі, қару-жарақ, оқ- дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген
қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық кодекстін 235-бабыньң 1,2,5-тарқтарында көрсетілген
қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал
осы баптың 4-тармағында көрсепілген қылмыстың субъектісі болып — арнаулы
субъект (қылмысты әрекеттерді істеуге өз лауазымдық жағдайын пайдаланған
лауазым иелері немесе өкімет өкілдері) танылады.
Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236 бап)
Қылмыстық кодекстің 236-бабында: "Заңсыз әскерилендірілген құрама
(бірлестік отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сондай-ақ ондай құраманы
басқарғаны үшін қылмыстык жауаптылық белгіленген. Қылмыстық объектісі -
заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін
қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады: а)
әскерилендірілген кұрама құру және басқару; б) кұраманың қарулануы; в)
мұндай кұраманы кұрудың заяға негізделмеуі.
Әскерилендірілген кұрама деп аталатын немесе суық қарумен қаруланған
тұрақты, берік ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз.
Құраманы құру деп оған адамдар тарту, оларды қаруды колдануға үйрету,
қару-жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамыз.
Заңсыз әскерилендірілген құрамға — оның Қазақстан Республикасының заңына
қайшы, оған негізделмей құрылған кұрамалар жатады. Әскерилендірілген
құраманы басқаруға оған қатысушылардың қызметін бөліп беру, әскери
кұрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-әрекетіне,
бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау, қарулы қақтығыстарды жоспарлау
әрекеттерін жүзеге асырулар жатады.
Қылмыс құрамы жағынан формальдық. Қылмыс заңсыз әскерилендірілген
кұраманы — бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты құру әрекетін істеген
уакыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен жасалады. Қылмыстың
субъектісі — 16-ға толған, кез келген есі дүрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 236-бабының 2-тармағында заңсыз әскерилендірілген
құрамаға — бірлестікке, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа қатысқаны
үшін жауаптылық белгіленген.
Бұл жерде қатысу деп әскери құраманы құрмаған немесе ондай кұраманы
басқармаған адамның құраманың қатардағы жауынгер немесе оның белгілі бір
бөлігінің командирі ретінде керінуін айтамыз.
Осы баптың ескертуіне сәйкес заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті
түрде тоқтатқа және қаруы мек әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның іс-
әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауапкершіліктен
босатылады.
Бандитизм (237-бап)
Бандитизм – аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл
өріс алып, кобеюде, оның коғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы
жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздіқ.
Қосымша тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі,
сондай-ақ басқадай мүдделері.
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша
сипатталады: 1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында
тұрақты қарулы топ (банда) құру; 2) осындай топтық (банданы) басқару; 3)
тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысу; 4)бандылық топқа кіретін адамдардың
біреуінің болса да қарулануы.
Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп
азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында
құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.
Банданы құру деп бандыны жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, бандының
құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рөлдерін белгілеу олардың
істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның
үйымдастырушысы болып табылады.
Банданың тұрақтылығы қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-
әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімінің нәтижесі арқылы анықалады.
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше
қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.
Бандаға кіретін топ мүшелерінін ең болмағанда біреуінің атылатын
немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-
ақ әр түрлі жарылғыш құралдары да жатады.
Бандитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады.
Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған
деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің
болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уакыттан бастап бандалық топ
басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан1 бандитизм құрамы
аяқталған деп табылады.
Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің
оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді
таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен
"тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен
куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру
немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.
Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың
жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын
айтамыз.
Егер шабуыл жасау барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына
зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша
сараланады.
Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы
адам Қылмыстық кодекстің 237-бабында керсетілген әрекеттерді істейтінін
сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет — әр түрлі болуы мүмкін,
оның негізгісі — пайдакүнемдік ниет.
Қылмыс құрамының субъективтік жағынын міндетті белгісі — арнаулы
мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14
пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар адам өлтіргені, әйел
зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-
тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық
кодекстің 237-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол
жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.
Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей катысу,
сонымен бірге банданы қаржыландыру, карумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз
ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.
Шабуылға қатысу деп — бандалық топпен бірге қылмыстық, нәтижеге жету
үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қаупін туғызуды
айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін
адамның өз кызме бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық
белгілеген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны
пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер
істеуі мүмкін. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі
болып лауазым адамдары (ҚК-тің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе
өзге ұйымдардың басқарушы-лары (ҚК-тің 228-бабының ескертуі) болады.
Үйлерді, құрылыстарды, катынас және байланыс құралдарын басып алу (238-
бап)
Қылмыстық кодекстің 238-бабында бұрынғы Қылмыстық кодексте жоқ жаңа
норма түрі көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні: Басып алғандардың босату шарты
ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға
немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында
үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге
коммуникацияларды басып алу немесе олар- ды ұстап тұру, оларды жоямын
немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасуда болып табылады (ҚК-тің 238-
бабының 1-тармағы).
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік
жағынан қылмыс: а) үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын,
өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру; б) оларды жоямын
немесе бүлдіремін деп қоркыту арқылы сипатталады.
Кінәлы адам көрсетілген объектілерді заңсыз басып алады немесе заңсыз
басып алған объектілерін одан әрі ұстап тұрады.
Кінәлы адам осы заңсыз басып алынған объектілерді жоямын немесе
бүлдіремін деп қорқыту әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жерде қорқытуға
басып алынған немесе ұстап тұрған объектілерді шын мәнінде жоюды немесе
бүлдіруді нақты жүзеге асыруға жеткілікті негіздердің бар болуы жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы
адам үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге
коммуникацияларды басып алу немесе ұстап тұруды, оларды жоямын немесе
бүлдіремін деп қорқытудың қоғамға кауіпті екенін сезеді және соның болуьп
тікелей тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — мақсаты
заңда басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе
азаматты қандай бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет
жасаудан тартынуға мәжбүр етуден көрсетілген. Яғни көрсетілген объекілерді
басып алудың, ұстап тұрудың, оларды жоямын немесе кұртамын деп қоркьтудың
негізі — белгілі бір шарт кою. Ол шарт мемлекетке, ұйымға, жеке адамға
қойылады. Шарттың мәні әр түрлі болуы мүмкін. Тұтқын орнынан адамды немсе
адамдар тобын босату, жұмысқа қайта қабыдауды талап ету, жеке адамның
белгілі бір іс-әрекетті істеуін (қарызды кеішіру, алған затын қайтарьіп
беру, қаражат беру тілегін қанағатандыру т.б.) талап етулері болуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын
түрлері:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) өмірге немесе денсаулыққа кауіпті күш колдана отырып;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын бассқа заттадлы қолдана
отырып;
д) пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау арқылы жасалған, ал осы
баптың 3-тармағында: осы қылмыстың өте ауырлататын түрлері: ұйымдасқан топ
немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан
әрекеттер үшін жауаптылык белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген осы
белгілердің анықтамасы ҚК-тің 234-бабының 2, 3-тармақтарындағы
қылмыстардың анықтамасымен ұқсас.
Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау
кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және
қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының Сыртқы
экономикалық қызметіндегі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі
халықаралық міндеттемелерінің орындалуын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника
жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және қызмет
көрсетулер болып табылады. Технологиялық құжаттандыруды, сондай-ақ
технологиялық циодарды жандандыруға мүмкіндік беретін жабдықтарды
технология деп айтамыз.
Қызмет көрсетулерге — шетелдік әріптестерге ұйымдастырушылық, ғылыми-
техникалық өндірістік-технология жөнінен және басқадай тұрғыда әр түрлі
көмектер берулер жатады.
Қылмыс объективтік жағынан әрекет арқылы заңсыз экспорттау жолымен
жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық — заң тыйым салған заттарды экспорттық бақылаусыз
шетелге шығарғаны үшін туындайды. Экспорттық бақылаусыз шетелге шығарылуға
тыйым салынған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпаратты және
қызметтерін сондай-ақ жаппай зақымдау қаруларының, қару-жарақ және әскери
техниканың тізімі Қазақстан Республикасынын Үкіметі арқылы белгіленеді.
Қылмыс құрамы формальдық. Сондықтан да қылмыс жаппай зақымдау қаруын,
қару-жарақ, әскери техника жасауда пайдаланылатын технологиялық ғылыми-
техникалық ақпаратты жөнелткен немесе шетелде нақты бір қызметті көрсеткен
уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам
жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, әскери техника жасау кезінде
пайдаланылатын арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-
техникалық акпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттауды жүзеге асырып
отырғанын сезеді, біледі және соны заңсыз түрде жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың тікелей объектісі — атом энергетикасы объектілерін
орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кауіпсіздігі тәртібін
реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты атом энергетикасын өндіретін зауыттар: атом қалдыктарын
көметін көмбелер, атом сұйықтарын өндіретін зауыттар, радиоактивті
нәрселермен жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттары.
Қылмыс объективтік жағынан кісі өліміне немесе қоршаған ортаның
радиоактивтік зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін, атом объектілерін
орналастыру, жобалау, салу немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін
бұзу арқылы сипатталады.
Қылмыстық кодекстің көрсетілген бабының диспозициясы бланкеттік болып
табылады. Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың
тәртібі арнаулы нормативтік құқықтык нормалар арқылы реттеледі.
Атом энергетикасы объектілеріне — атом (ядролық) энергияны пайдалану
арқылы жұмыс істейтін кез келген қондырғылар мен құрылыстар жатады. Заң
бойынша атом энергетикасы объектілерінін қауіпсіздік ережелерін бұзу,
оларды орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезінде болуы
мүмкін. Бұл операцияларды жүзеге асырудын тәртібі арнаулы нормативтік
құқықтық актілерімен реттелсді.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс заңда көрсетілген әрекеттерді істеген
уақыттан және сол әрекеттер арқылы зардаптың нақты орын алу қаупі
төнгенінен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналыкпен немесе абайсыздықпен
істелуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы атом энергетикасы объектілерін
орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану жұмыстары өзіне
тапсырылған 16-ға толған адам.
Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік
ережелерін бұзу (245-бап)
Жалпыға мәлім, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу әр уақытта да
адамдарға, қоршаған ортаға, жануарлар немесе өсімдіктер әлеміне белгілі бір
қауіп туғызуы мүмкін. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін
сақтауға ерекше мән берген жөн.
Қылмыстың тікелей объектісі — тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын
қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын
жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер бұл абайсызда адам
денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы
сипатталады.
Тау-кен жұмысына жер асты байлығын ашық карьерлерден, шахталардан,
үңгірлерден алу, қазу, бұрғылау құрылыс жұмыстары, шахталарды жабдықтау,
шахта құрылыстарын салу т.б. жұмыстар жатады.
Құрылыс жұмыстарына — үйлерді, копірлерді, жолдарды. кәсіпорындарды
салу, оларды жендеуге, тұрғызуға байланысты әрекеттер жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан кінәның абайсыздық нысаны (менмендік
немесе немқұрайдылық) арқылы жасалады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 245-бабының 2-тармағында абайсызда кісі өліміне
немесе өзге де ауыр зардаптарға (ұйымдарға немесе азаматтарға ірі
материалдық залалдар) әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық
көзделген.
Радноактивті материалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу (248-
бап)
Қылмыстың тікелей объектісі болып радиоактивті материалдардың
белгіленген айналым тәртібін реттейтін коғамдық қатынастар, ал қосымша
тікелей объектісі — адамның өмірі немесе меншік қатынастары болады. Осы
қылмыстын затына радиоактивті материалдар жатады. Қылмыстың жәбірленушісі —
радиоактивті материалдар заңды түрде өз иелігінде немесе күзетінде болған
адамдар болады.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс радиоактивтік материалдарды
талан-таражға салу немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.
Талан-тараж деп занға қайшы тегін, пайдакүнемдікпен радиоактивті
материалдарды алып, оны өз пайдасына немесе үшінші жақтың пайдасына
айналдыруды айтамыз. Талан-тараждың тәсілі әр түрлі (жасырын, ашық, күш
қолданып, алдау немесе сенімге қиянат жасау) болуы мүмкін. Қылмыстың істелу
тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға әсері болмайды.
Қорқытып алу — яғни бөтеннің радиоактивті материалдарын күш қолданумен
не бөтен мүлікті жоюмен немесе булдірумен қорқыту арқылы, сол сияқты
жәбірленуші немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не
жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі
мүмкін езге де мәліметтерді жариялау арқылы талап етуі болып табылады.
Радиоактивті материалдарды талан-таражға салудын құндылығы ерекше.
Осыған орай талан-таражға байланысты пайда, болған құрам — материалдық
болып табылады. Қылмыс радиоактивті материалдарға талан-тараж арқылы иелік
еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Осы қылмыстың басқа нысаны —
қорқытып алу формальдық құрамға жатады. Қорқытып талап ету уақытынан бастап
ол қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстық ниет пайдакүнемдік және басқадай әр түрлі болуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 248-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын
мынадай түрлері көрсетілген: бірнеше рет (ҚК-тің 248-бабының ескертуін
қараңыз); адам өз қызмет бабын пайдаланып жасаса (мысалы инженерлер,
лаборанттар, қоймашылар және т.б.); өмірге немесе денсаулыкка қауіпті емес
күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаса
(Қылмыстық кодекстің 178-бабының 2-тармағының "а" тармақшасын қарақыз).
Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу (249-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі және заты Қылмыстық кодекстің 247-бабындағы
осындай түсінікпен ұқсас. Қылмыс объективтік жағынан радиоактивті
материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерін
және олармен жұмыс істеудің басқа да ережелерін бұзу егер бұл әрекеттердің
кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін болса — деп
сипатталған. Яғни бұл жерде радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану,
есепке алу, көму, тасымалдау заңға сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Бірақ оған
жауапты адам радиоактивті материалдармен жұмыс істеудің ережелерін бұзып,
соның салдарынан кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптардың болу
мүмкіндігі пайда болады. Қылмыстық кодекстің 249-бабындағы құрам
объективтік белгілері жөнінен ҚК-тің 247-бабындағы қылмыска сырттай ұқсас,
бірақ екеуінің арасында айырмашылық бар. КК-тің 247-бабында радиоактивті
материалдармен заңсыз жұмыс істеу үшін жауаптылық белгіленсе, ал 249-бапта
осындай материалдармен жұмыс істеу заңға сәйкес жүргізіледі, бірақ олармен
жұмыс істеудің ережелерін бұзу орын алады. Осы қылмыстың субъективтік жағы
субъектісі және ауырлататын түрдерінің белгілері де КК- тің 247-бабындағы
осындай ұғымдармен ұқсас.
Айналыстан алынған заттардың немесе айналасы шектелген заттардың
контрабандасы (250 - бап)
Кедендік бақылаудаан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды
немесе кедендік теңдестіру құраладарын алдап пайдалана отырып, не есірткі
заттарды жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, үш, уландырғыш,
радиоактирті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы,
жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ - дәрілерді, жаппай қырып-жоятын
қарудың ядролық химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-
жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды
декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден
шекарасы арқылы өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 250-
бабында арнайы көрсетілген. Экономикалық контрабанда үшін жауаптылық КК-тің
209-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 250 және 209-баптарында
көрсетілген қылмыстардың өзара айырмашылығы қылмыстын объектісінде және
затында. Бұл екі қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілері
бірдей.
Айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың
контрабандасы (250-бап) қылмысының тікелей объектісі — коғамдык
қауіпсіздік. Яғни осы көрсетілген заттармен контрабандалық әрекеттер жасау
әруақытта қоғамның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz