Экономикалық реформаға көзқарас
Ф-ОБ 001 035
Жоспар:
Кіріспе:
І тарау. Экономикалық реформаға көзқарас.-------------------------- -------
----------------------------4
1.1. Нарықтық қатынастардың дамуы.----------------------------- -----------
----------------------------5-10
1.2. Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайы және барысы.-----------
---------------11-13
Негізгі бөлім:
ІІ тарау. Нарықтық экономиканың жаңа бағыттары.
2.1. Экономиканы дағдарыстан шығару.---------------------------- ------------
--------------------------14-16
2.2. Жекешелендіру саясаты.--------------------------- ----------------------
--------------------------------17- 19
ІІІ Қортынды.-------------------------- --------------------------------
---------------------------------20
Пайдаланылған әдебиеттер.------------------------ ---------------------------
---------------------------------21
Ф-ОБ 001 035
Жұмыстың мақсаты:
Экономикалық жүйенің кең мағынадағы мақсаты-адам үшін, қоғам үшін
материалдық және рухани игіліктер жасау. Бұл жерде өндіріс пен тұтыну,
сұраныс пен ұсыныс, керіс пен шығыс, ақша массасы мен тауар және қызмет
айналымы, ғылыми техникалық прогресс пен инвестициялауға арналған қаржы
ресурстары сияқты проблемалар алдыңғы орында тұр.
Экономиканың негізгі мақсаты- мемлекеттік меншіктің басым жағдайын
мүлікке иелік және қожалық етудің монополиялық түрінде емес, ал оны меншік
құқығын сатудан кіріс келтіру мақсатымен түрлі шаруашылық субъектілеріне
коммерциялық негізде бере отырып сақтап қалу.
Жұмыстың міндеті:
- Экономикада мемлекеттік секторды қысқарту.
- Өндірісті мемлекеттік-директивалық басым реттеуден нарықтық тетіктер
негізінде реттеуге көшу.
- Мемлекет меншігінде қалатын кәсіпорындардың қызметін коммерциялау, бұл
кәсіпорындар үшін шаруашылықты дербес жүргізу принципін орнықтыру.
- Сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияны жою.
Жұмыстың өзектілігі:
Мен бұл жұмысты жазу барысында газет, журналдарды пайдаландым.
Және де Оразалы Сәбденнің ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз
атты оқулықты, Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік белестері атты оқулықты
пайдаландым.
Ф-ОБ 001 035
КІРІСПЕ.
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде
түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және
дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет
ететінін көрсетті. Нарықты жарлықпен немесе декретпен енгізуге болмайды,
нарыққа көшу үшін, ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс,
жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс
зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің
тәжірбиесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін
негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы
жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып
отырғаны айқын.
Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық
реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына
дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен
кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында
алшақтық көп болды.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң
жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін және
халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету
принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет
ететіні айқын болды.
Ел экономикасы ХХІ ғасыр шебінде тұр. Мәселе ХХІ ғасырдың
табалдырығынан қандай нарықтық жетістікпен, қандай дайындықпен аттағалы
отырғанымызда. Монография авторы экономикалық реформаның барысын, оның
жетістіктері мен кемшіліктерін ашық көрсетуге тырысты.
Соның негізінде автор отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау
көрсету басты мақсаты болып табылатын жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС)
концепциялық негізін әзірледі. Экономикалық реформаның түрлі салалары,
жолдары осы ЖЭС концепциясымен негізделуге, онымен байланыстыруға тиіс.
Кітаптің бүкіл мазмұнына осы идея өзек болған. Нарықтық экономиканы
басқаруды реформалау жөніндегі жаңа тәсілдер, Қазақстан Республикасының
экономикасын дағдарыстан шығарудың әдістері мен жолдары ұсынылған.
Ф-ОБ 001 035
Экономикалық реформаға көзқарас.
1.1.Нарықтық қатынастардың дамуы.
Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасында дәуірлік мәні бар, бірақ
керағар оқиғалар болып жатыр. Қазақстан 1992 жылдан бастап түбегейлі
экономикалық реформаларды жүзеге асыруға кіріскен болатын. Содан бері өткен
жылдардың нәтижелеріне қарағанда, нарықтық экономикада республикада тиімді
жүріп жатыр деп айта алмаймыз. Реформалардың кезінде жарияланған мақсаттары
мен бағыттары тым керағар жүзеге асырылуда, жан-жақты түгел қамтыған
әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың күшейіп келе жатқаны айқын байқалуда.
Себебі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың
нақты мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде жете ұғынылмауына, реформа
жүзеге асырудың уақытша параметрлерінің дұрыс белгіленбеуіне байланысты.
[1].
Алайда, нарыққа көшу кезінде қоғамдық жарасымдылықты қамтамасыз
ету жөніндегі шараларды методологиямен бірінші кезекте негіздеу керек.
Қазіргі кезеңде бізге ең қажеттісі міне осы. Өйткені бізді қоршаған дүние-
табиғаты әртүрлі элементтердің жиынтығы болып табылатын қарапайым да
күрделі жүйелер шоғыры. Жүйелердің қатар өмір сүруінің қажетті шарттары-
оларды құрайтын бөліктердің балансы, тепе-теңдігі, үйлесімділігі,
жарасымдылығы. Экономикалық жүйелерде балансқа экономикалық нысандар мен
әдістерді іріктеу, олардың бірін талдау жолымен қол жететіні мәлім.
Осыған орай оқиғалардың өрбуіне дұрыс бағыт-бағдар беретін қабілетіне
экономикалық тұтқаларды мақсатты түрде келісе және салмақтай отырып іске
қосу жөніндегі күш-жігерлердің маңызы ерекше зор.
Экономикалық жүйелердің үйлесімділік, баланс, тепе-теңдік
категориялары жөнінде өз өлшемдері бар. Экономикалық жүйенің кең мағынадағы
мақсаты- адам үшін, қоғам үшін материалдық және рухани игіліктер жасау.
Бұл жерде өндіріс пен тұтыну, сұраныс пен ұсыныс, кіріс пен шығыс, ақша
массасы мен тауар және қызмет айналымы, ғылыми-техникалық прогресс пен
инвестициялауға арналған қаржы ресурстары сияқты проблемалар алдыңғы орында
тұр.
Қандай да болсын ағымдағы және болашақтағы жетілдірулерді келісіп
алу, яғни дер кезінде көздеп, жүйеге енгізу, сол арқылы оның тіршілік-
тынысын кеңістік пен уақыт тұрғысынан теңдестіру өте қиын. Мұның өзі
экономикалық жүйелердің ерекшеліктеріне байланысты. Олардың өз табиғаты
жағынан тұрақты емес екені, бірегей екені және нақты бір жағдайларда қандай
сипат алатынын болжауға болмайтыны, яғни оларға өз параметрлерінің
құбылмалылығы, схоластикалылығы тән екені мәлім. Олар өз құрылымын мақсатты
түрде өзгертуге, түр-сипаттығының тұтастығын және нұсқалығын сақтауға,
бүлдіруші әсерлерге қарсы тұруға, ішкі-және сыртқы кедергілер жөнінде
құбылмалы жағдайларға бейімдеуге қабілетті.
Ф-ОБ 001 035
Экономикалық жүйеде салыстырмалы балансқа жетуді қиындататын нәрсе
– қоғам үлесіне қашанда болсын ресурстардың шектеулі мөлшері ғана тиеді,
бұл көптеген факторларға, соның ішінде жинақталған білім деңгейіне,
технология мен техниканың даму дәрежесіне, еңбек өнімділігінің артуы
деңгейіне байланысты.
Экономикалық жүйеде салыстырмалы балансқа оның басты субъектілері
(кәсіпорын, өз бюджетімен қоса отбасы, мемлекет) тарапынан толассыз, саналы
іс-қимылдар жасалуы барысында қол жетеді, олардың әрқайсысы бұл процесте
өз мүдделерін білдіруші болып табылады. Экономикалық жүйе субъектілерінің
өзара іс-қимылы және теңдестіру жолдарын іздеу қалай болса солай емес, ол
қоғам қабылдаған, өнім өндіру , айырбастау, бөлу және тұтыну кезеңдерінде
экономикалық айналымдағы олардың түр-сипатының негізгі принцптерін
белгілейтін конпенция-модельге сәйкес жүзеге асырылады.
Өркениетті дамыту тарихынан экономикалық жүйелердің тіршілік-тынысын
үйлестіруге бағытталған ұтымды қоғамдық-экономикалық концепцияларды көптеп
келтіруге болады (Компанелла, Сен-Симон, Рикардо, Адам Смит, Маркс).
Олардың әрқайсысы үйлесімділікке жетудің өз үлгілері мен құралдарын ұсынды.
Солардың ішінде екі концепция ғана нақты жүзеге асырылды:
орталықтандырылған шаруашылық жүйесі мен нарықтық жүйе.
КСРО-дағы орталықтандырылған шаруашылық концепциясының негізін
қалаған маркстік модельдің басты идеясы тепе-теңдікке, балансқа, демек,
гүлденуге меншік туралы мәселені шешкен жағдайда ғана қол жетуі мүмкін
деген пайымдау болғаны мәлім. Бұл модельге сәйкес бар бәле мынада:
өндіріс құралдары буржуазияның қолында болып, ол жалдамалы қызметкерлерді
қанайды, олардың еңбегінің нәтижелерін иеленеді. Пролетариат өзінің саяси
үстемдігін буржуазиядан бүкіл капиталды тартып алып, бүкіл еңбек құралын
мемлекет қолында орталықтандыру, сол арқылы өндіргіш күштердің санын
неғұрлым тезірек көбейту үшін пайдаланады. Бұл жерде негізгі үйлестіруші
әсер орталықтан реттелетін жалпыға бірдей молшылық орнайды деген
идеалистік қағидаға негізделген еді, алайда оның өзі, уақыттың
көрсеткеніндей, елде ауыр зардаптарға әкеліп соқты.
Осы теория негізінде үйлесімділікке жету мен дамудың социалистік
моделі қалыптасып, қолданыла бастады. Оған сәйкес макро-және
микродеңгейдегі экономикалық жүйе субъектілері іс-қимылының бүкіл
сценарийі осы саладағы барлық құбылыстар мен процестерді мемлекеттің
реттеуіне негізделіп, бұған, өз тарапынан:
-өндіріс құралдарын жаппай мемлекеттендіру;
- еңбек ұйымдастырудың әкімшілік әдістерін орнықтыру;
-экономикалық процестердің өзінен-өзі реттелуінен бас тарту есебінен
қол жетті.
Бұл жағдайларда экономикалық жүйенің тіршілік-тынысын үйлестіру
функциясы тек қана мемлекеттің ерекше құзіретінде болып, ол бұл функцияны
көптеген директивалы көрсеткіштер,
Ф-ОБ 001 035
нормативтік актілер және т.т. арқылы өктемдік, әкімшілік құралдармен
жүзеге асырды. Мемлекет кәсіпорындарға ие болып, оларға барлық негізгі
және айналым қорларын өзі беріп отырғандықтан кәсіпорындар қызметінің ұзақ
мерзімді саясатын да өзі белгіледі. Кәсіпорындар дербестігі тек қысқа
мерзімді шұғыл-техникалық шешімдерге ғана қатысты болды. Ұзақ мезімді
шешімдердің бәрі тек жоғарыдан берілетін.
КСРО-да соңғы жылдарда болған оқиғалардың қатаң логикасы
экономиканың тіршілік-тынысын үйлесімді етудің ең дұрыс жолы ретінде
экономикалық жүйенің нарықтық концепциясын тануды қажет етті.
Орталықтандырылған шаруашылық концепциясынан айырмашылық-нарықтық
экономикада үйлесімділікке жету процесі мемлекеттік аппараттың күш-
жігерімен емес, ал жүйенің бір-бірімен экономикалық тұрғыдан өзара іс-
қимыл жасаушы екі субъектісі-өндіруші ретінде кәсіпорын және тұтынушы
ретінде отбасы тарапынан қамтамасыз етіледі.
Дамудың экономикалық концепциясын таңдау туралы мәселе Батыс Германия
үшін де принципті маңызды болғанын атап өту керек, онда отызыншы жылдардан
1948 жылға дейін, яғни 10 жыл бойы, іс жүзінде жоспарлы шаруашылық болды
(шикізат пен материалдарды рациондау, шығарылатын тауарлардың
номенклатурасын регламенттеу, бағаны және жалақының жоғары деңгейін
қаржыландыру, экспорт пен импорт саласындағы мемлекеттік реттеу).
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазіргі өнеркәсіп қоғамына жұмыс
істеуге қабілетті және сонымен бірге адам баласына лайық құрылым сипатын
қалайша беруге болады? деген сұрақ немістер үшін саясаттың құрылымды
айқындайтын және бақылайтын басты элементіне айналды. Бұл сұраққа жауап
әлеуметтік-нарықтық шаруашылық концепциясынан табылды, ол рынокта болып
жатқан процестердің сөзсіз екенін түсіну мен нарықтық шаруашылықтың бұл
ұйымдық құрылымын әлеуметтік және қоғамдық прогреспен ұштастыруға тырысу
арасындағы синтезге жету әрекеті деп саналды. [2].
Экономикалық саясаттың концепциясы ретінде әлеуметтік-нарықтық
шаруашылық экономика мен қоғамның еркін, экономикалық жағынан тиімді,
берік, әлеуметтік және әділ құрылымына жетуге бағытталған. Ол ХІХ ғасырдағы
және ХХ ғасырдың бас кезіндегі жүгенсіз капитализм мен КСРО типі бойынша
экономика орталықтан басқарылатын жүйелер арасындағы үшінші жол деп
саналады.
Алайда әдеуметтік-нарықтық шаруашылықтың осы мұрат-моделі Германияда
әлі де болса толық көлемінде жүзеге асырылған жоқ. Динамикаға және
құрылымдық қосымша құралға байланысты проблемалар әрдайым орын алып келеді
(соның ішінде, нақты айтқанда, мына салаларда: өндіріс факторларының
рыноктары мен тауарлар рыногындағы қатаң құрылым, жәрдемақының тым көп
бөлінуі, рынок күштеріне бөгет жасайтын реттеулердің көптігі және, атап
Ф-ОБ 001 035
айтқанда, мемлекет тарапынан әлеуметтік өнімнің тым көп пайдаланылуы). Оған
тән барлық қасиеттерді жүзеге асыру бағыты экономикалық саясаттың тұрақты
міндеті күйінде қалып отыр.
Егер шешімдер қабылданған кезде нарықтық реформаларды жүзеге асырудың
дүниежүзілік тәжірибесі ескерілсе, реформалау нәтижелеріне талдау жасалса
және оларды (реформаларды) жүзеге асыру тактикасына шұғыл түрде түзетулер
енгізілген болса, біздің нарыққа көшу практикамыз үшін мұның өзі пайда
болған көптеген проблемаларға жол бермеуге болатынын білдіреді. Алайда
экономиканы реформалаудың және оның дүниежүзілік жүйеге енуінің Қазақстан
Республикасы Үкіметі айқын мәлімдеген саясаты әзірше жоқ. Іс жүзінде
капитализмнің жаңғыртылып жатқанын ғана көруге болады. Меншікті
жекешелендіру және акционерлендіру жолымен ауыстыру, отандық тәжірибеміздің
көрсеткеніндей, келеңсіз зардаптарға әкеліп соқты, оларды түзеу көптеген
жылдар бойы теріс әсерін тигізетін болады. Бұған істің жүйесіздікпен қолға
алынуы, экономиканы реформалау артықшылықтарының, несие-ақша саясатының,
меншікті бағалаудың нарықтық механизмдерінің, өндірісті дамытудың дәлелді
себептерінің жоқтығы себеп болды. Сондықтан жекешелендірілген
кәсіпорындардың көпшілігі ескірген және тозған жабдықтар көп, айналым
қаражаты мен қатаң салық саясаты жоқ жағдайда қолда бар мүмкіндікті тиімді
пайдалана алады деп ойлауға болмайды.
Нарыққа көшу процесін барлық өзгерістер мен нәтижелер туралы нақты
ақпарат, елдің және оның халқының әлеуметтік, экономикалық дамуының айқын
белгіленген концепциясы жоқ жағдайда міндеттер мен бағдарларды жиі
ауыстыра жүзеге асыруға болмайтыны және оның бұлай жүзеге асырылуға
тиісті емес екені мүлдем айқын болып отыр. Алайда уақыт күтпейді.
Бұл салада кешігу өте қауіпті, өйткені әлеуметтік тосын өзгерістерге
әкеліп соғуы мүмкін. Өтпелі процестің көптеген элементтерін жеделдете
түзеуге тура келді. Жалпы алғанда, нарықтық қатынастарда дамытуда әрдайым
сәтті болмаса да, белгілі бір тиянақты қадамдар қазірдің өзінде жасалды.
Алайда экономика субъектісінің мүдделерін көздейтін реттегіш ретінде
мемлекеттің іс-қимыл тұтастығына жету проблемасы шешілмеген күйінде қалып
отыр. Батыл шаралар қажет. Экономиканы реформалау кезінде қоғамдық
жарасымдылық концепциясын тіпті де кабинет режімімен емес, ол елдің
таяудағы жылдарда және ұзақ болашақта экономикалық және әлеуметтік
дамуының сценарийін әзірлеу мен жан-жақты талқылау, талдап алынған
саясатты, баға жүйесін, салық және несие саясатын, халықтың әлеуметтік
кепілдіктерін негіздеу жолымен әзірлеуге болады.
Сценарий әзірлеу алгоритмі жалпы алғанда мынадай болуы мүмкін:
1. Экономиканы реформалаудың басты мақсатын талқылау мен талдау,
соның ішінде елді дамытудың экономикалық және саяси жүйесін
талдау.
Ф-ОБ 001 035
2. Қолда бар табиғи ресурстарды, ғылым мен техниканың басым
дамытылуын, еңбек ресурстарының бар екенін және өндіргіш
күштердің орналастырылуын ескере, нарықтық экономиканың жұмыс
істеу жүйесін ауызша сипаттау.
3. Экономиканы дамытудың экзогендік және эндогендік факторларын
белгілеу.
4. Өндірісті дамытудың құрылымдық саясатын негіздеу.
5. Макроэкономикалық көрсеткіштерді белгілеу.
6. Қаржы мен салық саясатын, сондай-ақ мемлекет қарамағындағы
экономика секторларын белгілеу.
Экономиканы реформалаудың келешектегі концепциялық негіздерін
әзірлеумен қатар экономика субъектілерінің өтпелі кезеңде аман қалуының
мәселесі де өткір қойылып отыр, оны жүйеде тепе-теңдіктің жол беруге
болатын ең төменгі деңгейі деуге болады, ол тепе-теңдік бұзылған жағдайда
жүйе-жүйе болудан қалады.
Дағдарысқа қарсы күресу мәселесі бүгінде экономиканың барлық
салаларын қамтып отыр. Түрлі деңгейдегі шаруашылық буындарының жаңа
шаруашылық жағдайларын көбінесе қайткенде де бейімделуіне тура келіп отыр.
Аман қалуды бағдар еткен жүйеде салыстырмалы тепе-теңдік жасау
жолдарын іздестіру қазіргі жағдайларда өте күрделі. Өйткені жаңа
тұрпаттағы кәсіпорындар қазірдің өзінде қалыптасып, жұмыс істеуде, олар
өздерінің экономикалық мәні жағынан алғанда социалистік те нарықтық та
емес. Кәсіпорындар нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымның ресми құқықтық
мәртебесін алып, өз жұмысының жалғастырылуын көбінесе өте тұрақсыз
жағдайларда кез келген, тіпті де нарықтық емес әдістермен қамтамасыз етуде.
Нарыққа өту жағдайларында үкімет алдында тұрған басты проблема –
бүкіл дерлік ұлттық байлықтың мемлекет меншігінде болып отырғанында. [3].
Көптеген адамдардың ойынша, жедел жекешелендіруге, мемлекет меншігінен
алуға үміт артуға болады. Шынында да, экономикасы дамыған түрлі елдердің
тәжірибесі мемлекеттік меншіктің үлес алмағы 10-30 проценттен аспауға тиіс
екенін көрсетеді. Алайда, біріншіден, бұл процес қалағанымыздай шапшаң
болмайды, екіншіден, экономиканың қожырауы және кең көлемді жеке
кәсіпкерлік тәжірибесінің болмауы жағдайында біз олай істей алмаймыз.
Идеологиялық тазалықты сақтауға байланысты емес, ол көлікте ,
энергетикада, өндіру және өңдеу салаларында тұрақты жұмыс істеу қажет
екеніне байланысты.
Кәсіпкелер үшін бастапқы жағдайлар жасау, нарықтық инфрақұрылымды
дамыту мемлекеттің аса маңызды міндеті болуға тиіс, өткені экономикалық
реформаның қазіргі кезеңгі жекешелендіру белгісімен өтуге тиіс.
Мемлекеттің қатысуынсыз кәсіпкерлік қызметті банк және қаржы-кредит
жүйесінде мемлекеттік секторды, капиталдың банктер, инвестициялық және
холдинг компаниялары,
Ф-ОБ 001 035
қор биржалары арқылы еркін өтуін едәуір ұлғайту, кәсіпкерлерге қаржы
ресурстарына жол ашылуын қамтамасыз ету арқылы қаржыландыру, несиелеу және
сақтандыру жүйесін (шағын биснестің қажеттерін ескере) қалыптастыру іс
жүзінде мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметті ақпаратпен қамтамсыз ету жүйесі,
заңдарындағы өзгерістер туралы, қолда бар тауарлар және олардың қозғалуы,
бағалы қағаздар рыногының жайы туралы шұғыл түрде хабарландыру қажет.
Қызметтің басты бағыттарын бөле отырып, салық жеңілдіктерін орнықтырудың,
коммерциялық банктердің несиелері бойынша кепілдік жүйесін, коммерциялық
тәуекелді сақтандыру компанияларының жүйесін жасаудың, аймақтық, салалық
инвестициялық компаниялар құрылуын ынталандырудың, халыққа қарасты бағалы
қағаздармен операциялар жүргізілуінің зор маңызы.
Ф-ОБ 001 035
1.2.Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайы және барысы.
Республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оларды
жеделдету мен жақсарту бағдарламаларын жүзеге асыру күткендегідей
әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің бәрін бірдей берген жоқ. Ең
алдымен инфляцияны және өндірістің құлдырауын толық дәрежеде жою мүмкін
болмады.
Дағдарысқа қарсы шаралардың орташа мерзімді болашаққа (1993-1195
жылдарға) арналған бірінші бағдарламасында инфляцияны жарамды деңгейге
дейін төмендету өндірістің құлдырауын тоқтатуға және 1995 жылдың аяқ
кезіне дейін оның өсуі үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді деп болжаған
болатын.
Алайда 1993 жылы инфляция деңгейі 2265 процентке жетті. 1994 жылдың
орта тұсында ауыр жағдай қалыптасты: оның бірінші жартысында 1993 жылғы
деңгейден бір ай (наурыз) ғана төмен болмай, бұл қарқын үдей түсті де,
алдыңғы жылдағы 116,1 процентпен салыстырғанда мамыр айында 133,8
процентке жетті. Инфляциялық процестің үдей түсуі өндірістің күрт
құлдырауына әкеліп соқты. Сөйтіп, экономикалық реформаларды дағдарысқа
қарсы шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша одан
әрі жүзеге асыру мүмкін емес екені 1994 жылдың орта тұсында айқын болды.
Бұл жағдайларда ел президенті Н.Ә.Назарбаев Республика Министрлер
Кабинетінің жұмысына өте қатал баға беріп, оның басшылығын ауыстырды.
Сонымен бір мезгілде экономикалық реформаларды жеделдетудің жаңа
бағдарламасы енгізіліп, оны 15 айда (1994-1995 ж.ж.) жүзеге асыру
белгіленді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты инфляцияны, өндірісті
тұрқтандыру мен жандандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік беретіндей
деңгейге дейін төмендету болды.
Бағдарламаны басты орындаушылардың бірі 1994 жылғы қазан да былай
деп мәлімдеген еді: Осы жылдың аяғына дейін инфляцияны айына 7
процентке дейін төмендетпек ойымыз бар. Келесі жылға келетін болсақ
(1995 жыл- факторлар жайында айтылып отыр), макроэкономика авторларының
іс-қимылдарын инфляцияны сәуір айына дейін (1995 жылғы -автор) айына екі
немесе тіпті бір процент деңгейге дейін жеткізілетіндей етіп ұйымдастыру
көзделіп отыр, оның өзі Stand-bu бағдарламасының ережелеріне сәйкес
келеді. Бұл цифрлар сондай-ақ Мадритде Қазақстан делегациясының
қатысуымен болған кездесулерде әзірленген құжаттарда да жазылған. Біз
жағдайға қарап қадам жасамай, ал оны қалыптастыруға тиіспіз, біз бұған
қабілеттіміз.
1995 жылғы алдын-ала деректер инфляция деңгейінің бағдарламада
көзделгендегіден жоғары болатынын көрсетеді. Өндірістің құлдырауын да
тоқтату мүмкін болмады. Егер өндіріс құлдырауының қарқынын қадағалайтын
болсақ, 1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама
Ф-ОБ 001 035
тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6 %, 1993 жылы -28 %, 1994
жылы -48 %, 1995 жылы 57 % болған.
Осы фактілерге орай біздің үкіметтің орта мерзімді жаңа
бағдарламасында да инфляцияның жылдық қарқыны 9-12 процентке дейін
төмендетілуі 1997 жылдың аяғына дейін қалдырылғаны ерекше алаңдатады.
Мұның өзі: егер үкімет өзінің ескі принципін ұсынатын болса (ең
әуелі тауар өндірісін жандандыруға мүмкіндік беретін макроэкономикалық
тұрақтандыру, ал оның өзі 9-10 % жылдық инфляция жағдайында мүмкін болатын
нәрсе), онда отандық тауар өндірушілер 1998 жылға дейін жанданады деп
күтпесе де болады, деген сөз.
Бірқатар салаларда іскерлік белсенділіктің жандануына біздің
алданбауымыз керек, дегенмен мұндай нышандарды құптамасқа болмайды.
Қазақстанның бірде-бір саласы әлі де болса дағдарыстан шыққан жоқ және
тұрақты даму дәрежесіне жеткен жоқ, ал халықтың күнделікті қажеттерін
қамтамасыз етуші жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалар тұңғиыққа
одан әрі құлдилауда. Мәселен, 1995 жылдың сегіз айы ішінде ғана жеңіл
өнеркәсіп өндірістің тағы да 68 процентінен айырылды. Отандық тұтыну
тауарлары өндірістегі шығын олардың ішкі рыногынан да айырылып қалуға
әкеліп соғады да, онда әрдайым сапалы бола бермейтін импорттық көпшілік
қолды тауарлар бірден қаптатылады, сөйтіп болашақта бұл салаларды қалпына
келтіру мүмкіндігінен айырады. [4].
Азық-түлік тауарлары өндірісінің кемуі бізді ерекше мазасыздандырады:
1994 жылдың сегіз айымен салыстырғанда 1995 жылғы қаңтар-тамызда ет өндіру
33,7 %, шұжық тағамдары-40,1 %, сүтке шаққанда қаймағы алынбаған сүт өнімі
-45,2 %, сары май 34,1 процент, нан және нан-тоқаш тағамдары 43,2 процент
кеміген, яғни Қазақстан үшін дәстүрлі жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін ең
жоғары қарқынмен төмендеп, тамақтану құрылымы өзгеруде. Мұның өзі болашақ
ұрпақтардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1995 жылдың 9 айы ішінде алдыңғы
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 % ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz