ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріндегі жеке адамның даму тәрбиесі жөніндегі
мәселелер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
1. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
1.1. Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріндегі жеке адамның даму тәрбиесі
жөніндегі мәселелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..7-11
2. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық –
педагогикалық, аудармашылық қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-16
2.ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚУ –ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
2.1. Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің
атасы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-18
2.2. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту –тәрбие беру процесінде
пайдалану
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 19-21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22-23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың көкейкестілігі
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін,
адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз, - деп атап көрсеткен.
Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған
оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік
сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең
ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем
шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары
баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ
болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы,
балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған
мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы
қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан
бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге
ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік,
іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік,
жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп
қойдым.
Курстық жұмыстың мақсаты
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыта отырып, оқушылар бойына
жақсы қасиеттерді дарытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Міне осы
мақсатты жүзеге асыру үшін:
- бастауыш сыныптан бастап ақын – жазушылардың өмір жолымен
танысу;
- көркем шығармаларды оқып, мазмұнын ұғыну;
- көркем шығармалардың жазылу ерекшеліктерін, кейіпкерлер бейнесін
талдай білу;
- көркем шығармаға, ондағы бейнелерге баға беріп, пікір айтуға
үйренуді бастауыш сыныптың ана тілі сабағындағы әрбір тақырыпты өткен
кезде алдына мақсат етіп қою керек. Диплом жұмысымды жазуда Ыбырай
Алтынсариннің шығармашылдық өмірі мен творчествосын оқытуда осы мақсатты
негізге алдым.
Курстық жұмыстың міндеті
Міндетті жүзеге асыру үшін:
- шығарма авторы жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді
негізге алу;
- бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы
жүйелі түсініктер беру;
- әдеби жанр ерекшеліктерін таныту;
- шығарма кейіпкерлерін тануға, талдауға үйрету;
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері
- лекциялық, сұрақ – жауап әдісі;
- талдау – жинақтау әдісі;
- бақылау, зерттеу әдістерінен үзінділер пайдаландым.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні
- Озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқытуға байланысты ғылыми –
- теориялық және әдістемелік еңбектер;
- өзімнің іс – тәжірибе кезінде алған тәжірибелерім.
-
Курстық жұмыстың зерттеу нысанасы
- Бастауыш мектеп оқушыларын ана тілі және қазақ тілі пәніне оқыту
процесін жетілдіру;
- тіл байлығын арттыру;
- шығармашылыққа баулу;

Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке,
махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке,
қысқасын айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып
шығуға үндеді және жастарға бала кезінен бастап дұрыс тәрбие бергенде ғана
бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай
өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа
бағындырды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог –
ғалымдардың ертеден бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің
бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы
бірінші қазақ педагогі Ыбырай Алтынсарин.Бұл мәселе жөнінде ол көптеген
педагогтердің, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог – ғалымдары
К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Бунакаковтармен пікірлес болды.
Соңғы зерттеушілер (Ә.Дербісәлин) Алтынсариннің отыз бес
аудармасының барлығын айқындатып және әңгімелерінің көпшілігі
И.И.Паульсонның Книга для чтения и практических упражнений в русском
языке хрестоматиясынан алынған да, басқалары К.Д.Ушинскийдің Детский
мир, Родное слово, Л.Н.Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан
алынғандығын анықтап отыр.
Бұлардың көпшілігі дәл аудармалар да, бір қатары ерікті
аудармалар. Кейбіреулері орысшадан тек тақырып, сюжетін ғана алып, қазақтың
өмірі мен тұрмыс – салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады.
Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүние
танушылық көзқарасын кеңейту үшін Қазақ хрестоматиясының тек өз кезі ғана
емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар, талай рет
басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген
әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, Отанын – елін сүюшілік,
талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық,
адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез – құлыққа
тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты,
қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай
әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы:
Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана –
сезімдеріне лайықтыланып, педагогика ғылымының міндетті түрде
тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталуы өз алдына,
сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен: оқу, еңбек, талап, мейірімділік тағы
басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі,
саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды.
Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік
мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі – еңбек.
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де
өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды
балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет,
босқа жатпа, - дейді.
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты
қиынсынып бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл жақсы
әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан – ақ бойкүйездікке,
жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген.
Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз
емес.
Жазушы Атымтай жомарт әңгімесінде еңбекті дәріптейді.
Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында
ертегі жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы
ел аузындағы ертегіні балаларға арнап әңгіме етіп ұсынды. Әңгіменің идеясы
да , кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен айқын көрінеді.
Атымтай бір сөзінде: Күн сайын өз бетімен тапқан пұлға нан сатып жесем,
бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше
болады екен. - дейді.
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырбының бірі – талап.
Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. Талапты
ерге нұр жауар, - деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір.
Жастық шақ жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін
жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де
жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не
келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға
пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің
жоқтығынан жап – жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз
талабыңмен өрге шық дегенді айтады.
Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен
дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу
тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал, - деді. Бұл жөнінде де
елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Оның осы тақырыпқа жазған бір
әңгімесінде:
Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де
егілген ағашты көріп жүрді. Мына ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі
неліктен қисық біткен? - деп сұрады баласы. Ата – ананың тілін алсаң ана
ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық
ағаштай болып бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен, -
деді атасы. Олай болса бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді
баласы. Бағу – қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің
де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің
қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына
келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең сен де мына қисық
біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді.
Бұл әңгіменің оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен
тәрбиелік мәні бар. Баланы жастан, - дегендей, оған жас күннен түзу
тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын
түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл
әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.
Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе, Мейірбанды бала,
Шеше мен бала, Аурудан – аяған күштірек деген үш әңгімесін алуға
болады.
Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй ішіне деген махаббатынан
басталады. Адамгершілікті ту ғып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын,
өз туғандарын сүйеді, олардың кейбіреулері өсе келе, тек атасының баласы
болмай, адам баласы бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мешандық
көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты
үшін де қол созады.
Мейірімді бала әңгімесінде, 13 жасар қыз патшаның үкімі
бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін, патшаға арыз етіп, өз қолын
кесуге ұсынады. Қыз: Тақсыр, жұмыс жасап, бала – шағаларын асырайтын
атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз, - дейді. Мұнда жас
қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты
суреттеледі.
Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы Аурудан
– аяған күштірек деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл
әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да
анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады. Автор бұл көріністі
былай суреттейді:
Сейіт орам – ораммен жүріп бара жатқанда, бір арбалы келіп аңдаусыз
соғып кетіп аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп,
шошынғаннан шешесі талып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгіл,
сынған аяғын орнына салып таңып жатқан да дыбысын шығармай, қабағын да
шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың?
деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып сынықшыға сыбырлап:
Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп жатыр, бірақ менің жанымның қиналғанын
көрсе, әжем де қиналып жыламасын деп жатырмын, - деді.
Сейіт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай
жастарда жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз.
Бала кезінен әлпештеп өсірген анасының қадірін білген жас алақанына салып
аялап, тәлім – тәрбие беріп отырған ұлы анасы- Отанын сүйетін, ол үшін де
өз жанының ауырғанына ыңқ етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың
бұл әңгімесінің идеясы осы. Бұл әңгімені осылай түсінсек қана Сейіттің
мейірімді мінезін дұрыс түсіне аламыз.
Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті
мәселенің бірі – Ыбырай еңбектерінде түрлі елдердің мәдениет майданындағы
өзара достық қарым – қатынастары да бейнеленіп отырады. Ыбырай балаларға
шетелдің жақсы адамдарын үлгі етуі – оның жалпы адам баласының достық
идеясын аңсағандығын көрсетеді.
Ыбырай қазақ халқын қалай еткенде тез көркейтуге болады деген
сұраққа жауап іздеді, төбеге шығып төңірегіне қарады. Оның көзіне өскелең
орыс елінің озық мәдениеті түсті, осы мәдениетке бой ұрды. Орыс халқы
қазақтың досы, үлгі - өнеге боларлық үлкен ағасы. Біз осы халықтан
үйренуіміз керек: идеясынан рух, мәдениетінен нәр, өнерінен үлгі алуымыз
керек деді. Сөйтіп Ыбырай бұдан жарты ғасыр бұрын осы идеяның жаршысы
болды. Жаршысы болып қана қойған жоқ, оны өз қолымен іске асыруға кірісті.
Әңгіме атында емес, тәрбиелік мәнінде, ол әңгімелердің өз
кезінде атқарған қызметінде ғой. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, өзі жазған
әңгімесі болсын, орысшадан аудармалары болсын Алтынсарин жазба әдебиетіміз
тарихында балалар әдебиетінің негізін салушы - атасы болды.
Балаларға арналған шығармалар ең алдымен уақиғалы, қысқа,
қызықты, тартымды болуы қажет. Мейлінше түсінікті, балалардың ұғымына
жеңіл, тілі жатық және әдеп - өркен, оқу, өнер адамгершілікке жетектейтін
тәлім – тәрбие берерлік болуы шарт. Балаларға ешбір зорланбай, қызыға
отырып оқумен қатар, көздеген нысана, ойлаған мақсат іске асуы керек. Яғни,
автор әңгімесіне қандай мақсат қойса, сол балалардың ой – санасында
мәңгілік қалатын болсын. Сонда ғана әңгіме өз міндетін атқармақ. Ыбырай
әңгімелері осы шарттардың барлығына дәл келеді.
Мысалы, жоғарыда Паульсонның хрестоматиясынан алып,
кейіпкерлеріне Сейіт деген ат беріп, кейбір жерлерін өзгертіп,
қазақшалаған Аурудан - аяған күшті дейтін әңгімесіне назар аударсақ,
бірнеше жолдан ғана құралады. Бірақ сол кіп – кішкентай әңгіменің ішінде
оқиға бар, диалог бар. Қысқасы өзінше, бас – аяғы бүтін, жап – жақсы шағын
ғана шығарма болып шыққан.
Бұл келтірілген мысалдардан басқа да Алтынсариннің аударған, өзі
жазған қысқа әңгімелері әрі тәрбиелік мәні үлкен, шеберлігі жағынан
мүлтіксіз әңгімелері көп және өмір құбылысы, адам өмірінің әралуан
жақтарын қамтиды.
Бай мен жарлы баласында ел көшіп кетіп, ойламаған жерден жұртта
ұмытылып қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тәуліктегі оқиғаны
суреттеуге арналса да, тереңірек қараған адамға автордың ой түйінінде
көптеген сыр жатқандығын аңғаруға болады.
Шығармасының бас кейіпкері етіп бай баласы мен кедей баласын
алуының өзінде үлкен сыр жатыр.
Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдығы, Асанның ақылсыздығы,
яғни, бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін
екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас
еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені биологиялық, не психологиялық
мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп – дұрыс, дені сап – сау.
Бірақ, оған қарағанда Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе – бет келгенде
Асанның әлсіз мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдастарынан асып түсіп,
бетпе – бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз де - тұрмыс. Өз
бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен, ақысыз –
пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке,
бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге
дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрес ері етті.
Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бірі – бай
баласының, екіншісі – кедей баласының типтік бейнелері.
Жазушы өз ортасынан үздік шығатын бірен – саран ақылды, талантты
Асандардың, не ақылсыз Үсендердің болу мүмкіншілігін, әрине, жоққа
шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тән мінез Асанда, кедей
баласының көпшілігіне тән мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының
кейіпкері – типі етіп көрсетеді.
Асан мен Үсен бейнелеріне байланысты және бір айта кететін нәрсе,
бай баласы мен кедей баласын салыстырғанда, алдыңғысы ақылды, соңғысы
ақылсыз келеді деген ескі ұғымға да жазушы соққы бере кетеді.
2. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық
–педагогикалық , аудармашылық қызметтері
Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа
білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге
көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы
зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Орта
мектептерге арналған Қ.Жұмалиев пен С.Мұқанов, С.Исмаиловтың әдебиет
кітаптарында Ыбырай Алтынсарин шығармалары талданып, олардың мазмұны мен
мақсаты, идеясын ашып көрсетуге алғашқы талпыныс жасалады. Тарихшылардың
ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен
жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті
жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.
Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі
Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша
еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі
бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек
жариялайды. Соның ішінде Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағын
қазақ (1955 жылы) және орыс тілінде (1957 жылы) дайындайды. Екінші кезең
1957 жылы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағы жарық көргеннен
кейін, Бекежан Сүлейменовтің осы тақырып бойынша зерттеуді тереңдетіп,
түрлі қырларын кеңейткендігімен ерекшеленеді.
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға
жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай
Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ
Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес
қосқан. Профессор Ә.Ламашев
ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: Алтынсариннің мұраларын
іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес
қосты. Ол Ленинград, Москва, Қазан, Орынбор, Чебоксары және
республикамыздың бірнеше қалаларындағы архивтерде, кітапханаларда болып,
мол материалдар жинады. Солардың негізінде Ыбырай Алтынсариннің 1943, 1948
жылдары баспадан шыққан Таңдамалыларын қайта қарап, толықтырып, алғы
сөзбен түсініктеме жазып, 1955 жылы ұсынды. Академиялық үш томдығын орыс
тілінде жариялады.
Бекежан Сүлейменов зерттеулері негізінде 1975 – 1978 жылдары Ыбырай
Алтынсариннің толық шығармалар жинағы шығады. Бекежан Сүлейменовтің соңғы
еңбегі 1980 жылы жарық көреді. Ол – Ыбырай Адтынсарин – түрколог ғалым
мақаласы.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай
өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында
Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға
түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс
зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып,
кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды.
Кейіннен дүние жүзі әдебиеті классиктері В.Шекспир, И.Гете, Д.Байрон,
А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, Ә.Фирдауси, Г.Низами, Ә.Науаи тағы
басқа классик шығармаларын өздігінен оқып білім алады. Бұл Алтынсаринның ой
- өрісін кеңейтеді, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетіне деген
құштарлығын арттырады.
Мектепті үздік бітірген ол, 1857 – 1859 жылдары арасында өз атасы
Балқожа бидің песірі болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына
кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы
бастауыш мектепке мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап Алтынсариннің
ағартушылық – педагогикалық қызметі басталады. Ол
кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу
құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық
басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның
бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер
көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел – елді
аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі
ашылады. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі
түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ
алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған
шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.
Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика
классиктері: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой тағы басқа
педагогтардың гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында
мектеп өміріне енгізген тұңғыш педагог болды.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім
– тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі
болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс
тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне
жазған нұсқау хатында ол: Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға
тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз
терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да,
жалықтырып жібереді... Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы
жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек - деп
жазған еді,
ал Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: Мен балаларды жазалауды сүйетін
қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік
қасиетін бұзып аласың, - деген Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: Маған
жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі - деген сөзі осы
күнге дейін құнын жойған жоқ.
Ыбырай Алтынсариннің төл туындыларымен қатар көптеген аудармалары да
бар.
Халықты сауаттандыру, сана – сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу
мақсаттарында жазған хрестоматиясында Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі
әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде ол
орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы
жазушылары мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің
еңбектерін қазақ даласына алып келді; оларды қазақ тіліне аударып, дала
өміріне сіңістірді.
Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың Егіннің бастары, Қарға мен
түлкі, Қайырымды түлкі, Лев Толстойдан Полкан деген ит, Силинші,
И.И.Дмитриевтен Екі шыбын, орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның
хрестоматиясынан Тәккаппаршылық, Дүние қалай етсең табылады, Талаптың
пайдасы, Үш ұры, Алтын шеттеуік, Аурудан – аяған күштірек, Әке мен
бала, Білгеннің пайдасы, Асыл шөп, Бақша ағаштары, Жаман жолдас,
Мейірімді бала сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі көркем, баланың жас
ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер
құрылған шығармалар.
Аударманың тарихи категория екені мәлім. Халықтың мәдени өмірі мен
рухани тілегінің өсуіне байланысты аударма да дамып отырады. Аудармаға
қойылған белгілі бір дәуірдегі талап, халықтың мәдени өмірі өсіп,
кемеліне келген екінші бір дәуірде қоғам тілегін қанағаттандыра алмауы
мүмкін. Сондықтан әрбір аудармаға (демек, Ыбырай Алтынсариннің
аудармаларына да) баға бергенде өз дәуірінің талап – тілек дәрежесі
тұрғысынан қарауға тиістіміз.
Аударманың алдына қоятын негізгі мақсаты – сол тілде оқитын оқушыны
басқа бір тілде жазылған шығармамен таныстыру. Бұл таныстырудың өзі әр
кезде әртүрлі мөлшерде болған. Әсіресе, өткен ғасырда, халықтардың мәдени
дәрежесі әр сатыда тұрған кезде, аударманың дәл шығу мөлшері аудармашының
негізгі мақсаты мен мәтіннің өзіндік ерекшелігіне және аударманың қандай
оқушыға арналуына байланысты болған. Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда
көптеген аудармашылар шығарманың оқушыға жақын, тартымды шығуына көбірек
көңіл бөлді. Ыбырай Алтынсарин де осы принципті ұстады. Ол өз кезіндегі
қазақ оқушыларының білім дәрежесі жағынан орыс оқушыларынан көп кейін
екендігін ескермей кете алмады. Осының нәтижесінде ғана ол алғашқы кезде
қазақ оқушылары үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz