Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ф.4.7-006-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты

Психология және дефектология кафедрасы

Психология тарихы пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіпке психикалық анализ

Орындаған: Ескермесова М.
Тобы: ЗФК – 04 – 3к2
Қабылдаған: Ахметова А.К.

Шымкент 2009

Мазмұны
Кіріспе

1.Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы

2. Жеткіншек шақ кезеңіндегі балалар агрессивтілігінің көрінуінің
себептері мен спецификасы

3 Психологиялық бағыттардағы агрессивтілік

Қорытынды

КІРІСПЕ

Өзектілігі: Қоғамда болып жатқан жағдайлар адам психологиясына кері
әсер етеді, бұл мазасыздықты, зорлық-зомбылықты қалыптастырады.
Жеткіншектердің агрессивті мінез-құлығын зертеу, жою, алдын алу әрбір
қоғамдағы күрделі проблемалардың біріне жатқызуға болады.
Әсіресе, бұл проблема әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайындағы
мемлекеттерде күрделене түседі. Осыған байланысты соңғы жылдары
жеткіншектердің арасындағы тәртіп бұзушылық, үйден қашу, ұрлық, өтірік
айту, сабақтан қашу, өзге адамның мүлігін бүлдіру, адамдарды жарақаттау,
физикалық және жыныстық зорлық жасау, адамдарды немесе жануарларды
зәбірлеу, суицидалды қылық сияқты проблемалардың көбейуі ерекше көңіл
аудартқызады.
Жоғарыда аталғандай, жеткіншектердің негативті қылықтарының пайда
болуының теоретикалық анализі көрсеткендей, бұл бұзылыстардың себебі
агрессивтілік және оның әртүрлі түрде көрінуі болып табылады.
Агрессивті мінез-құлықтың пайда болуына көптеген экономикалық,
әлеуметтік, медициналық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық факторлар
әсер ету мүмкін. Агрессивтілік әлеуметтік және психологиялық дезадаптацияға
әкеледі. Оның негізінде көп психологиялық және әлеуметтік-психологиялық
факторлар жатыр.
Біріншеліріне жеке адамның мотивациялық, эмоционалдық, еріктік және
әдептілік сферасы, екіншілеріне – гармониялық емес отбасылық тәрбие.
Казіргі кезде әртүрлі жастағы балаларда агресивті мінез-құлығының
пайда болуының психологиялық себептерін нақты және өте маңызды түрде
зерттеліп жатыр. Агрессивтіліктің алдын алу және коррекциялау программалары
шығарылып жатыр.
Бірақ зерттеу мен коррекциялық жұмыс жасауда балалардың дамуындағы
функционалдық бұзылыстарына көп көңіл аударылады. Олар әртүрлі болуы мүмкін
бірақ көбіне ол іс-әрекеттің мазмұндық (жекелік-мәнділік) компоненттерінің
және қарым-қатынастың бұзылыстары болып табылады. Сонымен қатар негізгі,
базалдық динамикалық компонентке аз көңіл бөлінген.
Қазіргі замандағы психологиялық ғалымдағы бар психоаналитикалық,
фрустрациялық, бюхевиористтік бағыттар жеткіншектерде агрессивтіліктің
пайда болуын түсіндіреді. Әрине олар белгілі мөлшердегі мәнділікке ие,
бірақ олардың ешқайсысы агрессивтіліктің нақты психологиялық моделін
көрсетпейді. Оларда агрессивтіліктің шығу себептерін, психикалық
процесстердің байланысымен динамикасы, агрессивтілікті шығаруды
регуляциялайтын психологиялық механизмдер нақты түрде көрсетілген.
Қазіргі кезде көптеген психологтар және педагогтар жеткіншектердің
агрессивтілігін коррекция проблемасына кездескенде теорилық және
практикалық жағынан да дайын емес екендігі байқалады. Дипломдық жұмыс
барысында, біздер Исаев Д., Ковалев А., Кон И.С., Невский И.А., Личко А.Е.,
Фельдштейн Д.И., Бехтерев В.М., Паренс Генри, Бэрон Р. еңбектеріне
сүйендік. Сондықтан жеткіншектердің агрессивтілігіне коррекциялық жұмыс
жасауды үйымдастыру, жүзеге асыру туралы білімдерінің спектірін кеңейту,
қазіргі кездегі күрделі проблемалар қатарына жатады.
Мақсаты: Жеткіншек шақта анықталу ерекшеліктерін зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін орындауға қажет ететін міндеттер:
•Берілген мәліметтер бойынша, әдебиеттердің теориялық анализі;
•Жеткіншек шақта агрессияның байқалу ерекшеліктерін анықтау;

•Агрессивті тәртіпті зерттеу әдістерін қолдану.

Зерттеу пәні: Жеткіншек шақтағы балалар агрессиясының байқалу
ерекшеліктері айқындау.
Ғылыми болжам: Агрессивті энергияны толық жою мүмкін емес, оны тек
психотехникалар арқылы пайдалы немесе қоғамға зиянды емес түрде шығаруға
үйретіп, мінез-құлықты регуляциялауға болады.
Зерттеу әдістері: Басса-Дарки жеткіншек агрессиясын анықтауға
арналған сауалнамамен Мазасыздануды зерттеу сауалнамасы.

1. Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы

Қазіргі таңда агрессия терминіне өзге адамға қианат жасау немесе тіл
тигізу тәртібі жатады. Агрессия термині жалпы күш көрсету әрекетімен
негізделеді. Агрессия және агрессорлар жағымсыз бағаланады. Агрессия
негізіне тәртіпке зиян келтіру жатады, яғни ұнамсыз ойын сөзінен бастап,
өлтіруге дейін барады. Жеткіншек шақта бұзақылық , қиянет көрсетушілік,
өзімшілдік терминімен анықталады. Агрессия түсінігіне дұшпандылық күйі
сәйкес келеді. Дұшпандылық – тар көлемді бағыттылық, белгілі обьекттіге
емденеді. 1.23б
Э.Фромм, пікірінше, агрессия әрбір тірі немесе өлі обьекттіге, топқа
жануарларға ойластырылған түрде зиян келтіру. Р.С. Немов агрессияны
дұшпандылық деп санап, агрессияны адам тәртібінің өзге адамға жағымсыз
түрде бағыттылығы деген тұжырымға келді. З. Фрейд өзінің жұмыстарында,
адамның қандай болмасын әрекеттері адам өмірінің инстинктінен алынады, ал
ол міндетті түрде адам өмірінің пайда болуына, қорғануына және
тұрақталуынабағытталатындығын атап өтті.
Агрессивті тәртіпті мінездеу үшін, делинквенттік және девианттық
терминдері қолданылады. Егер, бұзақылық құқық бұзушылыққа енбесе, бұл
кәмелеттікке толмағандардың делинквентті тәртібі деп аталады. Делинквентті
тәртіп сабақтан қашудан басталады, бұл ассоциалды топ жеткіншектерге қосылу
болып табылады. Кішкентай балалардан ақша алу, бұзақылық жасау – бұл
делинквентті қылықтарға жатады. Девианттық тәртіп бұл қоғамдық нормалардан
ауытқушылық. Девиантты тәртіпке делинквентті тәртіппен құқық бұзушылық
жатады. 1.59б
Жеткіншек шақ – адам дамуының ең қиын кезеңі. Бұл шақ қысқа болғанмен
(14-тен 18-ге дейін) ол индивидумның жалғасатын өмірін анықтайды. Осы
шақта мінездің қалыптасуы және жеке адам қасиеттерінің тұрақталануы жүреді.
Бұл жағдайлар: баланың балалық шағынан ересектік шаққа көшунегізінде
орнықталады. Ол өзбеттілікті қолдайды, сол сәтте жанды құндылықтардан бас
тартуға дейін барады. Жеткіншек шақта бала тәртібінің минусы көріне
бастайды. Әсіресе, ата-анасымен қарым-қатынасы маңызды орын алады.
Жеткіншек шақ балалардың девиантты тәртібі өзінің табиғи спецификасын
қарастырады, бұл әлеуметтік патогенез нәтижесі болып табылады. Сонымен
бірге бұл тәртіптіңтердің қалыптасуы әлеуметтік-психологиялық, психолого-
педагогикалық және психобиологиялық факторларға байланысты.
Девиантты тәртіп негізгі өзекті мәселе болып табылады. Әдетте,
девиантты тәртіп тек ер балаларға тән делінетін болса, қазірде бұл түсінік
күрт өзгеруде. Әрине, бұл тек ұсақ құқық бұзушылық емес, кейін әлеуметтік
мәселелерге әсер етеді. Қыз балалар ер балалардың құқық бұзушылдығына
итермелеуші күші ретін де қарастырылады.
Ауытқушылықты тәртіптерге келесі факторларды жатқызуға болады:
• Даралық фактор, ассоциальды тәртіптің психобиологиялық деңгейдегі
қызмет ететін бағыттылық, индивидтің әлеуметтік дамуын тежейді;
• Психолого-педагогикалық фактор, мектептік және жанұялық тәртіптің
дұрыс жүрмеуінде байқалады;
• Әлеуметтік-психологиялық фактор, жанұя жақындарымен жеткіншектердің
арақатынасының жағымсыз ерекшеліктері.
• Жеке адамдық фактор, индивиттің қоршаған ортаны таңдауы, қоршаған
орта нормаларымен құқықтарын қалау, жеке құндылықтарына бағыттылық
және өзін тәрбиелеу тәртіптілігі;
• Әлеуметтік фактор, қоғамның өмір сүруін анықтайтын әлеуметтік және
әлеуметтік-экономикалық шарттар. Әрине, жағымсыз әсерді анықтау
өйткені, ол әсерлер дара жүрмей түрлі факторлардың бірігуімен жүзеге
асады, адамның дамуы көп факторлардың қалыптасыумен анықталады:
тұқымқуалау, қоршаған орта (әлеуметтік биогенді, абиогенді),
тәртіптік, адам практикасы. Девиантты тәртіпті зерттеу өте күрделі
мәселе. Көбіне, баланың агрессивтілігімен мазасыздығы балалық шақ түп
тамырынан басталады, ол есейген шақта басылады. 3.88-90б
Ауытқушылық даралық қасиеттерге байланысты. Мысалы: жоғары топ
балабақша балаларының 12-13 проценттінде ауытқушылықтар байқалады, соның
ішінде құрбы-құрдастармен қарым-қатынасқа түсе алмау. Өзінің қызығушылығын
қанағаттандыруға тырысу, мәдениеттік дағдының жоқтығы, қырсықтық,
агрессивттік тәртіптің байқалуы, ренжігіштік.35.383-391б
Агрессивті реакциясының формаларының ішіндегі анықталатыны:
• Физикалық агрессия - өзге адамға физикалық күш қолдану;
• Жанама агрессия - өзге адамға жанама бағытталатын іс-әрекет,
ызының бағытталуы;
• Вербальды агрессия – жағымсыз сезімнің түрлі формалары арқылы берілуі
(қорқыту);
• Ызалыққа бағыттылық – түрлі әрекеттерде тез қозуға түсу;
• Жағымсыздық – тәртіптің оппазициялық қылығы, басқарушыға немесе
авторитетке бағытталған әрекет. Пассивті қарсы тұрудан күрес жүргізуге
дейін барады.
Дұшпандылық реакция формалары анықталады:
• Реніш – қоршаған ортаға деген жек көрушілік, көре алмаушылық;
• Күдіктілік – қоршаған адамға сенімсіздік.
Жеткіншектің агрессивтілігі жеке адамдық тәртібінің ерекшелігіне
байланысты. Оларға жататын: тұрақсыз қызушылық, құнылықтарға бағыттылық.
4.15бБалаларда интеллекттілік даму деңгейінің төмендігі, еліктеулік, ар-
намыстық сезімдерді түсінбеушілік, қоршаған ересектерге қарсылық,
эмоционалды тұрпайлылық. Өзіне деген сенімділіктің тым жоғары болуы,
мазасыздық қиын жағдайдан шығуға талпыныс, қоршаған орта механизіміне қарсы
тұруға талпыныс байқалады. Әрине, кейде агрессивті тәртіпті балалардың
ішінде интеллектуалды дамуы жоғары, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген
балалар бар. Бұл балаларда өз мүдесін көтеруге бағыттылық анықталады.
Балалардың агрессиясын анықтау үшін, анықталған классификациялық жұмысты
талап етеді11.85б
Түрлі әдебиеттерде шетел зерттеушілері ұсынған тақырыптарда екі топ
бөлінеді. Қоғамға қарсы әлеуметтік формалары бар жеткіншектер, олар үшін
психикалық және эмоционалды сапалық бұзылыстар тән емес және әлеуметтік
емес агрессивті тәртібімен ерекшеленетін жеткіншектер, оларға түрлі
психикалық ауытқулар тән топтар болып табылады.6.64б
Отандық психологияда бірнеше классификация түрлері бар. Біреулері,
ауытқушылықты тәртіптерді баланың психофизиологиясының ерекшеліктеріне тән
деп қарастырады. Ал, екіншілері психо-әлеуметтік даму деп санайды. В.К.
Андриенко, Ю.В. Гербеев, И.А. Невский қиын жеткіншектерді былайша бөлді:
1. педагогикалық қараусыз қалған жеткіншектер;
2. әлеуметтік қараусыз қалған (ар-намыстың жойылуы);
3. өте шексіз әлеуметтік қараусыз қалған жеткіншектер;
С.А. Беличева қиын жеткіншектерді тағы үш топ бөлді:
1. педагогикалық қараусыз қалған жеткіншектер;
2. аффективті бұзушылықтары бар жеткіншектер;
3. конфликтті балалар.
Л.М. Семенюк мәліметтеріне сүйенсек, негізгі мектеп құжаттарын
анализдеу, мұғалімдермен сұқпаттасу, жеткіншектердің құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынастарын анықтау, көзқарастарын белгілеп, тесттілеу, анкета
жэүргізу, сұранама арқылы балаларды зерттеу арқылы жеткіншектерді төрт
топқа бөлуге болатындығын атап өтті:
• аномальді, аморальді, қарапайым мұқтаждылықтары бар, бос уақытын
тұтынуға талпынатын тұрақты комплекттері бар жеткіншектер. Оларға тән
эгоизм-өзгелерге деген немқұрайлық, авториттеттің жоқтығы, сыйламау,
өзгелерді түсінбеу, өрескелдік, дөрекелік қасиеттер. Олар физикалық
агрессияға жақын;
• Мұқтаждықтарымен құндылықтары деформациялық негізде жүретін
жеткіншектер. Қызығушылығы жан-жақты, білуге талпынатын,
кішкентайлармен әлсіздерді ығыстыру арқылы өз орнын табатындар.
Физикалық күшті тек әлсіздерге ғана қолданады;
• Позитивті және деформативті (жан-жақты) арасындағы конфликттегі
жеткіншектер. Қызығушылығы бір жақты, өтірік айтқыш, екі жүзді
вербалды және жанама агрессия басымырақ келеді;
• Деформативті мұқтаждықтары төмен жеткіншектер, қызығушылықтары жоқ,
қорқақ және кек алғыш, қарым-қатынасқа аз түседі. Күшті жолдастарымен
ересектер алдында кекештенеді. Оларда вербальды және негативті
агрессия басымырақ келеді.
Берілген классивикация агрессивті тәртібі бар жеткіншекпен коррекциялық
жұмысты қолдану мақсатында үлесі мол.

2 Жеткіншек шақ кезеңіндегі балалар агрессивтілігінің көрінуінің
себептері мен спецификасы

Жеткіншектер қазіргі таңда әлеуметтік тенденцияның қиын ортасында
тұрып жатыр. Бұл ең бірінші, адам дамуындағы жаңа талаптардың күрт өсуіне,
екіншеден, өмірлік позицияның мәліметтік хабардың көп болуымен сонымен
қатар, экологиялық және экономикалық дағдарыстармен байланысты болып
келеді. Әрине, осының бәрі балалардың, әсіресе, жеткіншек шақ кезеңіндегі
балалардың бойында ашушаңдық пен үмітсіздікті тудырады. Жастарда қарсылық
сезімі қалыптасады, кейде бұл реакция санасыз ретте жүреді, ал бұл
даралықтанудың өсуіне әсер етеді. Жеткіншектер болса, әлеуметтік,
экономикалық және моральды жағдайдың тұрақсыздығын көреді, бүгінгі күнде
құндылықтармен идеяларды жоғалтып, баланың дамуы өзбетті жүрмейді, ол
қоршаған ортаның көмегімен жүзеге асады. Ж. Пиаже пікірінше, 12 жас шағында
жеткіншек әлі де болса теңдікпен өзара сыйластықты қажет етеді, ал 13-15
жасқа келгенде жеткіншек бойында ар-намыс принципі қалыптасады. Жаңа
психикалық күйдің қалыптасуы барысында, өзін-өзі жетілдіру, өзінің орнын
табуға деген мұқтаждық пайда болады. Алғашқы кезеңде, 10-11 жас
аралығындағы жеткіншектердің 34 пронцент (ер балалар), 26 процент (қыз
балалар) өздеріне жағымсыз баға береді. Мұндай жеткіншектердің бойларында
өзіндік баға дағдарысы қалыптасады, әрине жағымсыз бағамен қатар, өздерін
жағымды бағалайтын жеткіншектер кездеседі.
Физиологиялық тұрғыда жасөспірім шағы, орта мектептегі 5-8 сынып
оқушысының жасымен сәйкес келеді, яғни 11-12 ден 14-15 жас аралығын
қамтиды. Жасөспірім кезеңінің күйі, циклдік даму барысында көшпелі,
критикалық деген қасиеттермен негізделіп, суреттеледі, өйткені, мұнда
жастық даму процессінде қиындықтыр көрінеді, ол бір өмір кезеңінен келесі
өмір кезеңіне көшумен тығыз байланысты. Балалықтан ересектікке көшу
барысында, оның негізгі мазмұны физикалық, ақыл-ой, ар-намысты, әлеуметтік
дамуында.
Жасөспірім шағында маңызды жалпы бағыттылық қалыптасады, бұл, әрине ар-
намысты, әлеуметтік құрлымдардың дамуы болып табылады. Жасөспірім шағының
негізгі психологиялық ерекшеліктеріне жасөспірім комплексі жатады.
Жасөспірім комплексіне: қоршаған орта адамдарының, оның сыртқы
келбетін қабылдауына деген сазім, қоршаған орта қатынасына деген
талпынысы, зейінділігі, рақымсыздық, ұялшақтық, өзгелердің бағасымен
қамқорлығын иемденуге деген тілектің болуы, тәуелсіздікке ұмтылыс,
авторитеттермен күрес, бұның қатарына кеңге тараған идеялдармен жалпы
қолданыстағы ережелер жатады. Кумирлерге ұқсас болуға талпыныс, кино
кейіпкерлеріне ұқсас болуға деген ұмтылыс жатады.
Бұл кезеңнің психологиялық қиындық себептердің негізіне,
жыныстық жетілу жатады, ол жасөспірімнің түрлі бағыттылық бойынша, әртүрлі
дамуын қадағалайды. Жасөспірім шағының негізгі қасиетіне, танымға деген
талпыныстылықтың, яғни жасөспірім бұл шақта кең көлемді білімді алуға
ұмтылады, алайдабілім жүйелілігіне мүлдем зейін аудармайды.
Жасөспірімдер өздерінің ақыл-ойын, өзін қызықтыратын өріскеұмтылады.
Бұл шақ эмоционалды тұрақсыздықпен көңіл-күйдің тербелісімен бейнеленеді
(экзальтациядан, яғни шаттық билеген күйден, депрессияға көшу қасиеті
байқалады).Өзіндік сенімділікті, қандай да бір адам басып отырса,
жасөспірім өзінің аффективті күшті реакциясын анық көрсетеді.
Эмоционалды тұрақтылықтың шыңы ер балаларда 11-13 жасқа, қыз балаларда
13-15 жасқа сәйкес келеді. Жасөспірімдердің психикалық өрістілігі, келесі
қасиеттерде көрінеді.
- Мақсаттылық, тұрақтылық және импульсивтілік (тұрақсыздық);
- Өзіне деген сенімділіктің жрғары болуы, пікір беруде ойласпағандық,
кейде өзіне деген сенімсіздік байқалады;
- Қарым-қатынасқа деген мұқтаждық, оқшаулануға деген тілек;
- Қылықтағы без-беректсіздік;
- Мейрімділік, жылылық, қатігездік.
Мұнда көретініміз жасөспірім жасөспірім қарама-қарсы позицияларға
иемденген. Жетілудің маңызды кезеңі болып, өзіндік даму процессі табылады.
Жасөспірім өзінің өмір іс-әрекетінен, өз мұқтаждықтарымен, ойларымен,
еліктеулерін айыра біледі. Жасөспірім шақта субъективті Мен бейнесі,
қоршаған орта пікірінен құралады. Өзіндік сананың негізгі компонентті
болып, өзіндік баға табылады. Алайда, жасөспірімнің өзіндік бағасы
адекватсыз тұрғыда бағаланады.Ол не жоғары, не төмен болуы мүмкін. Ер
балалардың өзіндік тұлғалық дамуы, интеллектуалды және эмоционалды тұрғыда
әртүрлі жүреді. Ер балаларда абстрактілі ойлауға деген икемділік кең
тараған, алайда шынайы өмірлік жағдайларда көмекті қажет етеді. Қыз
балаларда сөздік-тілдік іс-әрекет жоғары дамыған, қиналыспен қолдауға деген
қабілеттілік жақсы дамыған. Қыз балалар сыртқы келбетіне деген сыни
көзқарасқа сезімтал болып келеді.
Жасөспірім өзіндік әрекетпен өзбеттілікке талпынады, бірақ қиын
өмірләік жағдайлардажауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады,
сондықтан ересектер жағынан қолдауды күтеді. Жасөспірім үшін, топ
мүшелерінің көзқарастары маңызды орын алады. Топқа ену, жасөспірім
үшінөзіне деген сенімділікті қалыптастырады. Жасөспірімнің топта алатын
орны, оның қылықтық мотивтеріне зор ықпал етеді. Топтан оқшаулану
жасөспірім үшін, фрустрациялық күйді қалыптастырып, мазасыздықты
жоғарлатады.
Топтағы жасөспірім мәртебиесі қалай анықталмаса да, бұл жасөспірімнің
тәрбиелік дамуына зор ықпал етеді. Топ құрлымы, олардың бірлескен іс-
әрекеттінің тұрақтылығының мазмұнымен анықталады. Құрбы-құрдастармен қарым-
қатынас, бұл ең алдымен, мәлімет алмасу орталығы, эмоционалды қарым-
қатынасты аудару мүмкіндігі, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас орнату
және де топтық бірлестік тәртіпке бейімделу мүмкіндігі, рольдік қарым-
қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қыз балалар ер балаларға
қарағанда қарыми-қатынасқа бейім, эмпатия деңгейі жоғары болып келеді.
Батыс әдебиеттерінде Э.Эриксон концепциясына үлкен мән берілген. Мұнда,
жасөспірімнің ұқсастық туралы концепциясы (Ұқсастық - жасөспірім өзінжеке
тұлға ретінде анықтауын білдіреді). Эриксон бұл дағдарысты Идентификация
немесе рольдерді жаңылыстыру деп атады. Жасөспірім түрлі әлеуметтік
рольдерді өз бойына қабылдайды, жаңалықпен танысу барысында өз
мүмкіндіктерімен құқықтарын және талаптарын анықтайды. Әрине, рольдік
мәндерде, жағымсыз обьекттер баршылық, олар түрлі конфликттер бастамасы
болуы мүмкін. Жасөспірім комплексінің мәні жасмтық психологиялық
ерекшеліктерін анықтап, қылық моделін қалыптастырады. Жасөспірім қоршаған
ортаға деген қылықтық реакциясын көрсете алады. Жасөспірім – алғашқы
әлеуметтік фаза болып табылады, өткені, барлық балалар, оқушылар үкімет,
ата-ана қарамағында болады.
Жасөспірім мәртебесі бала мәртебесінен аз ерекшеленеді, соған
қарамастан, жасөспірім өздерін ересектер қатарына жатқызуға талпынады.
Жасөспірімнің психологиялық шағы өте қарама-қайшы, оған даму ырғағымен
диспропорция қасиеттері тән. Жасөспірімдердің ересектік сезімі, бұл бауыр
басудың жаңа деңгейі, жоғары күйі, алайда жасөспірім оны толық жетілдіре
алмайды. Жасөспірім үшін оның ересектік күйі қоршаған ортаға көрінуінің
алғы шартты болып табылады. Жасөспірім үшін жасаған әрекетінің жемісі
болып, оның ересектік қасиетке көшуі табылады. Жасөспірім бойында
қалыптасқан қылықтық әрекеттерр ересектерді талқыға салуға алып келеді,
осының нәтижесінде жасаралық конфликттер қалыптасады.
Пубертатты кезең мәні, жасөспірімнің өзіндік орнығу жағдайымен
анықталады. Жасөспірімдердің кейбіреулері өз таңдауларын жасай алмайды. Ал
өз таңдауын жасағандар, орта білім мекемелерінен, жоғары оқу орнына түсумен
шектеледі, әрине жасөспірім үшін бұл үлкен таңдау, жаңа бастама. Кейбір
жасөспірімдер білім алу барысында, орта арнайы кәсіби мекемелерде, қосымша
мамандықты игереді, бұлардың қатарына колледж, лицейдегі білім жүйесі
жатады. Нәтижесінде, бір топ бала әлеуметтік ұстамдылық күйінде жүреді.
Кейбір ересектер жасөспірім бала сияқты қарым-қатынасқа түседі, осыған
байланысты олар жасөспірімге аз мөлшерде талаптар қояды.
Қазіргі таңда, өзекті проблемалар қатарына, жасөспірімдердің
агрессивтілік күйі жатады. Көбіне, балалық ұжымдағы қоршаған ортаға деген
қатынас, агрессивті балалар қатынасымен анықталады. Түрлі авторлар
жасөспірім шақтағы агрессивтілік қасиеттермен қылықтарды түрліше
түсіндіреді.
Лоренц пен Ардри бойынша адамның агрессиясы тума қорғаныс реакциясы
ретінде түсіндіріледі. Моррисон агрессия – бұл билікке талпыныс десе,
Хорнимен Фромм адам агрессиясы қоршаған ортадағы қатігез шынайлыққадеген
тұлға реакциясы ретінде суреттейді.
Пубертаттылық энергия үлкен сенімділікті, ақылдылықты қажет етеді.
Бұл үшін, жасөспірім спортпен айналысып, жаттығу жасап, ақыл-ой еңбегін
жетілдіру керек. Жасөспірім қарапайым адам , олар барлығына үйренгісі
келеді, бірақ өз күшіне сенімсіздік білдіреді. Алайда, ересектер
жасөспірімдерді түсінбуйді де, көп нәрсеге рұқсат бермейді. Ал,
жасөспірімге махаббатпен қолдау керек. Сонда ғана, жасөспірім өзін қоршаған
ортаға қажет екендігін түсінеді. Пубертатты кезең әрі күрделі, әрі сан
қырлы шақ.
Екінші кезеңде, 12-13 жас аралығында жеткіншектердің өзін-өзі
бағалауы қоршаған орта бағасына тәуелді болады. Осы кезеңде жеткіншек
бойында өзін-өзі дамыту дамытуға деген мұқтаждық туындайды.
Үшінші кезеңде, 14-15 жас аралығында оператифті өзіндік баға
қалыптасады. Бұл бағаның дамуы жеткіншектің өзіндік ерекшеліктерін бағалай
білумен, өзіндік идеалдарымен өзіндік қалыптасқан нормаларды сәйкестендіру
арқылы жүзеге асады. Атап өтілген кезеңдердің барлығында дерлік
жеткіншектік агрессия күйі көрініс табады.
Негізгі роль атқаратын шағын топтар, осында балалар өзге адамдармен
қарым-қатынаста болады. Ең алдымен, ол жанұяға байланысты. Сәтсіз жанұяны
көптеген авторлар бірнеше топқа бөледі, осы жанұяда агрессивті мінез-
құлықты балалар дүниеге келеді. Бұл классификация бірін-бірі толықтырып
отырады. Алексеева Л.С. сәтсіз жанұялардың келесі түрлерін анықтады:
конфликттік, аморальды, педагогикалық тұрақсыздық, асоциальды.
Бочкарева Г.П. жанұяны былайша бөледі:
• Жанұядағы сәтсіз эмоционалды атмосфера, ата-аналардың балаға қол
жұмсауы;
• Жанұя мүшелерінің арасында эмоционалды қарым-қатынастың жоқтығы,
бұндай жағдайларда бала жылы эмоционалды қарым-қатынасты өзгелерден
іздейді;
• Ар-намыстың атмосфераның жағымсыздығы, аморальды өмірге итермелеу.
Баярунас З.В. тәрбиелеу жағдайының бірнеше варианттарын бөлді: бала
тәрбиесіндегі саналылықтың болмауы, тәрбиедегі зорлық-зомбылықтың жоғары
қолданылуы, баланың эмоционалды түсінігінің жоғары болуы, тұрақсыз тәрбие.
Личко А.Е. жанұядағы сәтсіз жағдайларды төртке бөлді: баланың ішкі
өміріне мән беру, жоғары қамқорлық білдіру (гипер-қамқорлық), бақылаудан
шығып кету (гипо-қамқорлық), баланың кішкентай жетістігін қолдай беру,
балаға аз көңіл бөлу.
Сәтсіз биологиялық, психологиялық, жанұялық және әлеуметтік-
психологиялық факторлар бала дамуына қатты әсер етеді. Оларға тән қасиет
жеткіншектің эмоционалды қарым-қатынасының бұзылуына алып келдеді.
Жеткіншектер шағын топтардың әсеріне тиіп, көбіне бұл өмірлік
құндылықтардың аморальды шкаласының дамуына алып келеді. Жалпы өмір сүру,
орта, қоршаған адамдар девиантты қылықтың қалыптасуына себепші болады.
Яғни, жанұядағы жағымсыз климат жеткіншектің оқшалануына, ата-анаға қарсы
тұруына, агрессивттілігіне, іс-әрекеттінің бұзылуына әсер етеді.
Өзіндік сынның және өзіндік сананың интенсивті дамуы, жеткіншек шақ
кезеңінде қоршаған ортамен қарама-қайшылықты, өзіне деген түсініспеушілікті
қалыптастырады.
Жеткіншек шақтың бірінше кезеңінде, өзіндік сын қалыптасып, көбіне
жеткіншектер агрессивті, жағымсыз мінез жақтарын көрсетіп, сонымен қатар
бұл шақта физикалық агрессиямен жанама агрессия айқын көрінеді. Вербальды
агрессиямен жағымсыз агрессия бір табалдырық дамуында болады.
Жеткіншек шақтың екінші кезеңінде, жағдайлы жағымсыз қарым-қатынастың
өзіне деген бағыттылығы жүреді. Бұл ең алдымен, қоршаған орта көзқарасына
байланысты. Бұл шақта жағымсыздық күрт өсіп, физикалық және вербальды
агрессия байқалады, ал жанама агрессия, балалық шаққа қарағанда төмендейді.
10.33б
Жеткіншек шақтың үшінші кезегінде, жеткіншектер өз тұлғалық
ерекшеліктеріне мән бере бастайды. Жеткіншек белгілі бір тәртіп нормаларына
сүйенеді, топтар құрамына енеді. Бірінші орынға вербальды агрессия шығады,
бұл кезеңде физикалық, жанама және жағымсыз агрессия деңгейі көп өспейді.
Бұл шақта адам жеке өмірге деген дайындықты қарастырады, жеке
құндылықтар, дүниетаным, мамандықты таңдау жүзеге асады, тұлғаның
азаматтылығының анықталуы жүзеге асады. Нәтижесінде, әлеуметтік-тұлғалық
факторлардың әсер ету негізінде, жеткіншектердің қоршаған ортамен деген
қарым-қатынасы мен өзіне деген қатынасы өзгереді. Сонымен қатар, жеткіншек
шақ даму барысында, физиологиялық жағынан психикалық тұрақсыздық байқалады.
Осы сәттерде, жеткіншектерде эмоционалдылық, сезімталдық, әсіресе, ішкі
дүниеге деген сезімталдық күрт өсіп, психологиялық проблемалар байқалады.
Жеткіншек есие бастаған кезде, психологиялық мазмұнда өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан, жеткіншек шақ кезінде бала қамқорлықты қажет етеді. Тәрбие
көмегімен, әрі әлеуметтік қамқорлық көмегімен, балаға жеткіншек шақ
кризисінен жеңіл өтуге көмектесуге болады. Ата-ана балаға тәрбие бере
тұра,өз құндылықтарын, принциптерін ұсынады. Осының негізінде, жеткіншек
жеке көзқарастарын қалыптастырады. Мұның барлығы жеткіншектің эмоционалды
тұрақтылығына байланысты.
Топтардың құрылуы жеткіншектердің қызығушылығымен даму деңгейіне
байланысты. Топтар девиантты құндылықтармен тәртіп әдістерін орнықтырып,
жеткіншектің тұлғалық дамуына әсер етеді. Жеткіншектердің арақатынасты
сақтамауы жауапсыздыққа алып келеді. Белгілі топтар бар, олар
жауапкершілікті өзгелерге итермелейді, мақсаттарына жету үшін, оңай жол
іздейді.35.277б Мұндай жеткіншектер оқуға мән бермейді, үлкендердің
талаптарын орындамайды, үй шаруасынан бас тартып, олардың алдарында көп
бос уақыт болады. Мұндай жеткіншектер бос уақытын не бір істерге
жұмсайды. Жеткіншектердің индивидуалды әуестілігі болмайды, үйірмелерге
қатыспайды, олар театрларға бармайды, кітап оқымайды, уақыттың бостығы,
жеткіншектердің жаңалықтарды іздеуге итермелейді. Жеткіншектің девиантты,
құрылымын құрайтын: алкоголизм мен наркомания. Кейде жеткіншектер спирттік
ішімдіктерді ішіп, өз жеңістеріне риза болады. Жеткіншектер микро-ортамен
нақты жағдайға тәуелді болады. Микро-ортаның негізгі анықталушы элементті
болып жанұя табылады. Оның маңызы толық немесе толық болмауында емес, ар-
намыс атмосферасында, яғни ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынас.
35.127б
Жанұяда жұмыстың орта климаты болса, онда баланың агрессивтілік
деңгейі жоғары болады, жағымсыздық деңгейі төмен болады. Орта жанұяда өскен
балаларда агрессивті мінез-құлықтың вербальды формасы орын алады.
Агрессивті тәртіптің физикалық формасының деңгейі орташа болады. Басқарушы
қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі теориялық анализ
ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ
Агрессия түсінігі. Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау жолдары
Физикалық вербальды агрессия
Агрессивті мінез - құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
ЖЕТКІНШІКТРЕДІҢ АГРЕССИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ ҚҰРДАСТАРЫМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТА БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
Жас ерекшеліктері туралы ұғым
Агрессиялық мінез – құлықтың феноменологиясы
Пәндер