Оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру
Ф.4.7-006-01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты
Психология және дефектология кафедрасы
Психология тарихы пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру
Орындаған: Избасарова С.
Тобы: ЗФК – 04 – 3к2
Қабылдаған: Ахметова А.К.
Шымкент 2009
Жоспар
Кіріспе
1.Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-
әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде
2.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерін қалыптастыру-
педагогика ғылымының басты мәселесі ретінде
3.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерін қалыптастыруда
олардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін
ескеру
Кіріспе
Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі – мотивтер. Олар
дидактикалық процестің басты қозғаушы күштері болады. Әсер етіп тұрған
мотивтерді зерттеу және дұрыс қолдану, жеке адамның дамуын бағыттайтын
мотивтерді қалыптастыру – педагогикалық еңбектің өзегі болып табылады.
Мотивтер (латынша қозғалтамын) – оқушыларды білім мазмұнын белсенді
меігертетін, өнімді танымдық іс-әрекетке ұмтылдыратын процестердің,
әдістердің және құралдардың жалпы аты. Егер де оқушылардың іс-әрекетінде
мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив – адамның
объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы.
Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге
мұқтаждығын сезуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді.
Мотивтерді қалыптастыру педагог-ғалымдарды, мұғалімдерді ойландырып,
оны зерттеуге талпындыруға. Бұл мәселені А. К. Маркова, Г. И. Шукина, В. И.
Ильин, Т. А. Матис т. б. психологиялық-педагогикалық зерттеуде. Шет елдерде
де мотивті қалыптастыруға көп мән беріледі. Американ психологы Д. Мак
Клелланд осы салада жемісті еңбек етуде. Қазақстанда Т. Сабыров, А.
Бейсенбаева т. б. осы мәселемен айналысуда.
Арнайы зерттеулер мектеп мұғалімдерінің мотивтерді зерттеуді және
қалыптастырудың жолдарын , әдіс-тәсілдерін біле бермейтінін көрсетті.
Бүгінгі таңда республикадағы нарықтық қатынастардың қалыптасу
жағдайында мектепте мотивтерді қалыптастыру әдіс-тәсілдерін жетілдіру, осы
мақсатта озық технологияларды қолдану өзекті проблемаға айналып отыр.
Мұғалімдерді мотивтерді қалыптастыруға үйрету мәселесі де бар.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларда оқу мотивтерін қалыптастырудың жолдарын
қарастыру.
Зерттеудің объектісі-бастауыш мектептегі оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні-оқушыларда оқу мотивтерін қалыптастыру процесі.
Зертеудің міндеттері:
-сапалы білім алуда оқу мотивінің алатын орнын , мәні мен құрылымын
пдагогикалық , психологиялық тұрғыдан ашып көрсету;
-бастауыш сынып оқушыларында оқу іс-әрекетінің мотивінің
қалыптастыруының жолдарын қарастыру.
Зерттеу көздері-философия, психология, педагогикағалымдарының
еңбектері, Қазақстан Республикасының үкіметінің Білім және Ғылым
министрлігінің ресми құжаттары, мектептегі мұғалімдердің және өзінің
ұстаздық тәжірибесі.
Зерттеу әдістері-философиялық, психологиялық, педагогикалықжәне оқу-
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақтар алу,
интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, өзінің педагогикалық
тәжірибе жұмысы.
1. Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-

Адам іс-әрекетінің мотивациясы және мотиві, әсіресе оқу іс-әрекетінің
мотивтері мәселесі әрбір адамды, соның ішінде педагогтарды толғандыратын
өзекті мәселелердің бірі. Кез-келген оқу –тәрбие үрдісін нәтижелі
ұйымдастыруға тырысатын педагог ең алдымен оқушылардың оған деген
мотивациясын, яғни қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер
қолдануға тырысады , оның негізін, түп - тамырын іздеуге талпынады.
Адамның белгілі бір іс - әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның
өзіндік қасиеттері өзара біртұтас құрылымды құрайды және бұл құрылым
иерархиялық түрде көрінеді , яғни адамның барлық қасиеттері айналасына
жинақталатын орталығы болады. Л. И. Божовичтің пікірінше мұндай орталық
адамның мотивациялық - қажеттілік сферасы болып саналады 1,145б..Окрит
қажеттілікті негізгі қозғаушы күш және қажеттілік эмоционалды қайғыруларға
, адмның ойлауға , сөйлеуге, еңбекке дағдылануына әсерін тигізеді деп
түсіндірді. Яғни, оның пікірінше егер адмда қажеттілік болмаса, онда сол
жабайы күйінде қалар еді.
Қазіргі уақытта мотивация теориялары көптеп саналады. Мотивацияның
қазіргі теорияларының көздерін алғашқы психологиялық білімдер туындаған
ошақтардан іздеген жөн. Бұл мәселені зерттеу кезінде адам мотивациясының
пайда болуы мен мәніне көзқарас үнемі өзгеріп, философиядағы рационализм
мен иррационализм ағымдарының арасында орналасты. Рационалистік позиция
бойынша адам жануарға еш ұқсастығы жоқ ерекше тіршілік иесі. Ол әсіресе
XIXғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын
көрінеді. Яғни, олардың пікірлерінше тек адам ғана санаға , ақылға, ерік-
жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы, оның ақыл ойы , санасы және ерік-
жігер.
Иррационализм ілім ретінде негізінен жануарларға бағытталады. Онда
жануарлардың мінез-құлқы адамдармен салыстырғанда санасыз , биологиялық
күштердің, ағза қажеттіліктерінің ықпалымен басқарылады деп түсіндіріледі.
24,179б..
XVII-XVIII ғасырларда механика жетістіктерінің нәтижесінде кең өріс
алып дамыған автоматтылық теориясы, кейін тірі ағзаның түрлі әсерлерге
беретін механикалық , автоматтылық ретіндегі жауабы рефлекс идеясымен
байланыстырылды. Бірі адамдар, екіншісі жануарлар үшін бөлек екі
мотивациялық теория философияны екі қарма-қарсы ағымға, идеализм мен
материализмге бөлу XIXғасырдың соңына дейін созылды.
Иррационалистік, адам мінез-құлқына мәні жағынан биоголизаторлық
көзқарас ұстанған инстинкт теориясын XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында
З. Фрейд пен У. Макдауголл ұсынды.
Адамның биологиялық қажеттіліктері, жеткіліктері мен ұмтылыстары
теориясынан басқа XX ғасырдың басында Ч. Дарвиннің эволюциялық
теориясынан, яғни И. П. Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда
болды. Олар мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйе іс-
әрекетінің теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д. Уотсонның
идеяларының логикалық жалғасы сияқты болды. Д. Уотсон мен Э. Толманнан
басқа бұл бағыттың көрнекті өкілдеріне Х. Холл мен Б. Скиннерді жатқызуға
болады.
XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап тек адамға қатысты мотивацияның
арнайы тұжырымдамалары пайда бола бастады. Мұндай тұжырымдамалардың
алғашқысын К. Левин ұсынды. Содан кейін А. Маслоу, К. Роджерс сияқты
гуманистік психология өкілдерінің еңбектерінде жариялана бастады.
XX ғасырдың ортасында мотивацияның бірнеше теориясы бөлініп шықты.
Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл теориялардың
барлығын жеке-жеке қарайтын болсақ, мотивация феномендерінің кейбір
жақтарын ғана түсіндіруге қабілетті. Дегенмен, адам мотивациясы туралы
нақты фактілердің жетіспеушілігінен, зерттеу әдістерінің әртүрлігінен
оларды жақындастыру қиындыққа алып келеді.
Мотивация үшін таңдаулы деген бір ғана әдіс болмайды, адамдардың
біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен, екіншісіне түкке жарамауы
мүмкін . Сонымен қоса ұйымның өзі де жеке бір адамға бейімделген мотивация
теориясы іс жүзіне асыруды күрделендіре түседі. Жұмыстың өзара тәуелділігі
, жекелеген адамдардың жұмыс нәтижесі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі
, технологияның жетілдірілуінен қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі - осының
барлығы мотивацияны күрделендіре түседі . 3,125б..
П. Гольбах қажеттіліктер біздің еркіміздің, ақыл-ой белсенділігіміздің
қозғаушы факторы деп санап , сананың спонтанды белсенділігін , танымдық,
эмоционалдық және еріктік әрекетті мойындады .
Р. Вудвортс та адмның психикалық белсенділігінде қажеттіліктердің ролін
мойындай отырып , соның арқасында ағза бір стимулға сезімталболып,
басқаларын байқамауы мүмкін, сол себептен ол тек қозғалыс реакциясының
сипатын анықтап қана қоймай, қоршаған дүниені қабылдауға әсерін тигізеді
деп санайды. Бұл жерде Р. Вудвортс пен А. А. Ухтомскийдің көзқарастары
сәйкес келіп, қажеттілікті қозудың доминанты ретінде қарастырады 24,10б..
XX ғасырдың 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға қатысты
мотивация теориялары пайда болды. Мұнда ағзалықтан басқа оқыту және теория
нәтижесінде пайда болатын психогенді қажеттіліктер бөліп көрсетіледі 35,60-
85б.. Оған жетістікке жету, тәуелсіздікке жету, аффиллиация, агрессия,
сыйластық және қорғаныс, басымдылық және көңіл аударту, зиянды әсерлер мен
сәтсіздіктерден қашу т. б. қажеттіліктер жатқызылады. Сонымен қатар А.
Маслоу да адам қажеттіліктерінің классификацияысн ұсынды 24,9-11. А.
Маслоу адамдардың бұрын тәжірибесі бар, әрі білмді деп қана қарамай, оларды
өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде
қарастырды. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік
болғандығын мойындайды. А. Маслоу бұл қажеттіліктерді 5 категорияға (1-
сурет) бөледі:
1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ,су,
баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.
2. Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне
қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық
қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық
қажеттіліктің қанағаттандырылуы жатады.
3. Әлеуметтік қажеттілік-бұл бір нәрсеге немесе біреулерге
қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі,
әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.
Сурет 1
А. Маслоу бойынша қажеттілік пираммдасы
өзін-өзі
көрсету
құрметтеу
әлеуметтік
қауіпсіздік және қорғану
физиологиялық
Маслоудың жорамалдауынша төменгі деңгейдегі қажеттілік
қанағаттандырылған жағдайда ғана, едәуір жоғарғы деңгейдегі қажеттілік
пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғарғы деңгейдегі қажеттілікті
қанағаттандыру ой-ниеті туындайды. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар
өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады. Осы
қажеттіліктердің негізінде бала дамып,өсіп шығады. Өзін ортада еркін
ұстауын көмектеседі.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашан да толық қанағаттандырылмайды,
өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай, оның потенциалдық
мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация үрдісінде адамның
қажетсінуінде шек болмайды.
Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа және оқуға ынталандыру негізін
түсінуге зор үлес қосты. Оның бұл теориясынан оқушының оқу іс-әрекетіне ,
мотивациясында олардың отбасындағы әлеуметтік жағдайлары, қарым-
қатынастары, сонымен бірге өз сыныбындағы жағымды психологиялық хал-
ахуалдың тигізетін әсерінің маңызы маңызды роль атқаратынын байқаймыз.
Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер
айтылды. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей
жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлерінің айрықша маңызы
бар екені сөзсіз.
Қажеттілік теориясын ұстанғандардың бірі- Мак – Келланд. Мак-Келланд
тәсілі мотивтер құрылымын және оның мінез-құлыққажәне жеке басқа әсерін
зерттеуге негізделген. Ол адамдарға үш түрлі қажеттілік: билік, жетістік
және қатыстылық тән деп есептейді. Билік қажеттілігі басқа адамдарға ықпал
ету ниетінен көрінеді. Оқушылар ұжымындағы мұндай оқушылар әдетте өз
пікірін батыл, ашық айтады, пікірталастан, өзара сыннан тайсалмайды, өз
пікірін өткізуге тырысады шебер сөйлейді, әрі басқалардың өзіне ерекше
көңіл бөлуін талап етеді. Адамның мадақтауға құштарлығы, сол адамның
жетістігін жариялаумен шектелмейді, оның жұмысты ойдағыдай орындауымен
қанағаттандырылады. Мадақтауға өте құмар адамдар кері байланысты ерекше
ұнатады , өзіне тәуекел шешім қабылдайды , алдына қолайлы мақсат қояды,
басқалардан гөрі өз жұмысына ерекше көңіл бөледі, әрі өзін-өзі ұдайы
жетілдіріп отыруға тырысады. Мұндай адмдар қалай да табысқа жетуге
тырысады. Бұлар таныстарымен жиі араласуды, достық қарым-қатынас орнатуды,
біреулерге жәрдем беруді жақтайды.
XX ғасырдағы экономикалық өрлеу бұл салада да түрлі мотивациялық
теориялардың пайда болуына алып келді. Бұған Герцбергтің екі факторлы
теориясы мен мотивацияның іс жүргізу теориясы. Бұл теориялардың негізін
басшылардың өз қол астындағы жұмысшыларының жұмысқа мотивациясын
арттыруға бағытталған кеңестері құрайды 3,151-159б.
Ж. Нюттен күнделікті өмірде адам мінез-құлқы , іс-әрекеті жоспармен
және бұл жоспарды жүзеге асыруға, мақстақ жетуге ұмтылыспен анықталады деп
түсіндіріледі. Бұл кесте Ж. Нюттеннің пікірінше шындыққа сәйкес және
адамның күрделі мінез-құлқын ескереді 48,237б.
XX ғасырдың екінші жартысында адамның мінез-құлқы детерминациясында
сананың жетекші ролін мойындайтын Дж.Роттер. Г. Келли, Х. Хекхаузен,
Дж.Анкинсон, Д. Маккелланндтың мотивациялық тұжырымдары пайда болды
10;11;11;13;14..Мотивацияның когнитивтік теорияясы ғылымға әлеуметтік
қажеттіліктер, өмірлік құндылықтар, когнитивтік факторлар, когнитивтік
диссонанс, сәтсіздіктен қашу, жетістікті күту сияқты жаңа мотивациялық
ұғымдардың кіруіне ықпалын тигізді.
Мінез-құлық детерминациясын зерттеудегі жаңа кезең XIX ғасырдың соңында
З. Фрейдтың адамның бейсаналылығы және ұмтылыстары туралы ілімінің
шығарылуымен байланысты. Мұны мотивацияның психоаналитикалық теориясы деп
атайды. Ол мінез-құлықтың ұйымдастырылуында күшті ұмтылыстардан тұратын
психикалық өмірдің бейсаналық ядросының шешуші ролін атап көрсетеді. Егер
У. Джемс мотивация белгілі деңгейде шешім қабылдауды саналылықпен
байланысты деп көрсетсе, З. Фрейд және оның ізбасарлары мінез-құлықты
детерминациялауда шешуші роль Жоғарғы –Мен жағынан ұмтылыстарды басып
тастау неврозға әкеліп соқтыратын , бейсаналылыққа беріледі. Мұны З. Фрейд
өзінің психоаналитикалық теориясы арқылы кез келген іс-әрекеттің астарында
жыныстық ұмтылыс жатыр деп дәлелдеуге тырысты 67,45-63б..
Осындай иррационалистік адам мінез-құлқына мәні жағынан биологизаторлық
көзқарас ұстанған (инстинкт теориясын) XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың
басында З. Фрейд пен У. Макдкуголл ұсынды. Олардың ішінен тек ағзаның
белсенділік себептерін түсіндіру үшін Мотивация ұғымына қатыстыларын ғана
атап көрсетуге болады 48,146-258б.. Мұнда мотивация туралы тек энергияны
мобилизациялау жөнінде айтылады. Мұнда да мотивацияны физиологиялық
тұрғыдан қарайды.

теориясынан басқа XX ғасырдың басында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясынан
, яғни И. П. Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда болды. Олар
мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйке іс-әрекетінің
теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д. Уотсонның идеяларының
логикалық жалғасы сияқты болды. . Д. Уотсон мен Э. Толманнан басқа бұл
бағыттың көрнекті өкілдеріне Х. Холл мен Б. Скиннерді жатқызуға болады.

Ресейден XX ғасрыдың басында мотивация мәселесін алғашқылардың бірі
болып көтерген А. Ф. Лазурский. Ол 1906 жылы Очерк науки о характерах
еңбегін жариялады. Мұнда тілек және ұмтылыс, мотивтер күресі мен шешім
қабылдау, шешімдердің тұрақтылығы және толғаныс импульстерін іштей ұстап
тұруға қабілеттілік мәселелері қарастырылған 8,42б.. Бұл сү\ұрақтар
қазіргі уақытта да өзектілігін жойған жоқ.
Ұмтылыс, тілек және қалау мәселелерінің ерік және еріктік актімен
байланысы жөнінде өз еңбектерінде көрнекті психолог Н. Н. Ланге (1914)
баяндайды. Ол қалау - бұл әрекеттегі ерік деп көрсетті 24,13б.
XX ғасырдың 20 жылдары мотивация мәселесін В. М. Боровский, Н. Ю
Войтонис те биологизаторлық тұрғыдан түсіндіреді 10;11.
Л. С. Выготский де адам мінез-құлқының мотивациясы мен детерминациясы
мәселесін назарынан тыс қалдырмады. Ол Педология подростка атты оқу
құралында қызығушылықтың мәніне және оның жеткіншектік кезеңдегі
өзгерістеріне арнайы үлкен тарау арнайды. Л. С. Выготский ұмтылыс пен
қызығушылықтың сәйкестігі мәселесі бала мінез-құлқының және қызығушылығының
эволюциясымен шартталатын жасөспірімнің психикалық дамуының кілті деп
санады 24,11б.
Баланың психикалық дамуындағы с-әрекеттің ролі қазіргі уақытта көптеген
зерттеулермен дәлелденген (Л. В. Занков, А. А. Смирнов, В. В. Давыдов, А.
А. Люблинская, Н. А. Менчинская, П. Я. Гальперин, Г. С. Гостюк, Л. В.
Скрипченко, З. М. Истомина, Д. Б. Эльконин, Н. Ф. Талызина)
Жоғарғы психикалық функциялар дамуының тарихы - атты еңбегінде Л. С.
Выготский Мотивтер күресі мәселесіне көп көңіл бөледі 12,51-78б.. Ол
алғашқылардың бірі болып мотив пен стимулды бөліп қарастырып, ерікті
мотивация туралы айтады.
1940-жылдары мотивацияны ұстанымдар теориясы тұрғысынан Д. Н. Узназде
қарастырып, белсенділік көзі нақ қазір жоқ, бірақ ағзаға қажетті қажеттілік
деп түсіндіреді 62,34-69б..
Ең алғашқы рет мотивация сөзін А. Шопенгауэр Четыре принципа
досточной причины мақаласында қолданды. Онда мотивация-психологиялық іс-
әрекеттің себебі мен оларды бағындыру жолдары деп қарастырады. Қазіргі
таңда мотивация психологиялық құбылыс ретінде әртүрлі түсіндіріледі. Бір
жағдайларда – факторлар жиынтығы бағыттаушы және қолданушы мінез – құлықты
анықтап беретін , келесі жағдайда – мотивтер жиынтығы ретінде
қарастырылады, ал үшінші жағынан – ағзаның белсенділігі тудыратын және оның
бағыттылығы іздену деп қарастырады. Сонымен қоса, мотивацияны нақты іс-
әрекетті психикалық реттейтін үрдіс ретінде қарастырады, қозғалыс мотиві
үрдісі ретінде және механизм ретінде қарайды, іс-әрекеттің нақты
формаларының тәсілдерін және бағытталғандығының т. б. анықтайды, іс-
әрекетпен талаптануға жауап беретін үрдістер жүйесінің жиынтығы ретінде де
қаралады 24,14б.
Мотвивация қажеттілікпен өте тығыз байланысты. Оның себебін Абрахам
Маслоу өте дәл тауып жазған еді. Себебі, оның айтуы бойынша мысалы, бір
қажеттілік өтелме се, мотивация жүзеге аспауы мүмкін. Оның айтуы бойынша
биологиялық қажеттіліктерге қарны ашу, шөлдеу, ауруды сезіну, ұйқысы келу
т. б. жатады 24,32-53. Соған орай оқу іс-әрекетінің мотивтерін
қалыптастыруда ең алдымен ең алдымен физиологиялық қажеттіліктер өтелуі
тиіс деп ой түюге болады. Себебі қарның ашып тұрса, немесе шөлдеп тұрсаң,
оқушының оқуға мотиві түгел тілек-ниеті болмас еді.
Адамның өз белсенділігі оның дамуының , өмірінің барлық мезгілінде ,
барлық кезеңінде шешуші фактор болып табылады. Бұл жөнінде Л. В. Кузнецова
былай деп атап көрсетеді: Белсенділік баланың өзін қоршаған ортамен өзара
әрекетіне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді, өсіп келе жатқан жанды заттың
өмірлік талаптарын қанағаттандырудың қажетті жағдайы болып саналады,
ағзаның ортамен теңгерілуінің барлық механизмдерінің пайда болу жағдайы
болып табылады. Алайда, бала тек ағза ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке бас
ретінде де дамуы үшін, әлжуаз нәрестеден қаіргі қоғамның толыққанды
мүшесіне айналуы үшін, оның белсенділігін ересектер, жетілген адамдар
басқаруы тиіс. Дені сау ағзаға тән белсенділік саналы адамдық іс-әрекетке
айналуы тиіс 31,143б.
Бұл табиғи белсенділіктің адамның саналы іс-әрекетіне айналуы өзінен-
өзі немесе сыртқы әсермен бола қалмайды , бала өмірінің алғашқы күнінен –
ақ әзірленіледі, бағытталынады, әдетке айналындырады және ересек адамдар
тексеріп отырады. Бұл әрекеттерге баланы ересек адам әдейі үйретеді, не
оның өзі еліктеу жолымен оларды меңгереді. Олар біртіндеп
сәйкестендірілген, ұйымдасқан сипатқа ие болады, күрделі де байланыста бола
түседі. Осылай адамдық қызметтердің бастамасы :ееңбектк, ойындық,
бейнелеушілік, оқу іс-әрекеттері пайда болады. Осыған орай К. Д. Ушинский
бала табиғатының негізгі заңы бала іс-әрекетті қажет ететіндігінде деп
көрсетеді 31,53б..
А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет пен әрекетке тәуелсіз , іс-әрекеттің
артында тұрған, қажеттіліктердің қанағаттануына тәуелді, белгілі бір
эмоциялармен байланысты деген нұсқауы өте маңызды 68, 102б. Бұл адамның
сол іс-әрекеттен қанағат алуына орай, оның эмоционалдық , сезімдік, өзіне
сенімділігі, белсенділігі т. б. қасиеттерінің дамуы жүзеге асатынын
көрсетеді.
Адамның іс-әректінде биологиялық және әлеуметтік шынайы нағыз бірлестік
өріс табады. Белсенділіктің тегі биологиялық, бірақ ол ересек адамның
әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетімен мәдениет-тендірілмейінше, яғни
әлеуметтендірілмейінше , баланың жеке бас ретінде дамуына әсер ете
алмайды. Тек ойын, оқу, спорт, еңбек , қоғамдық іс-әрекетте өз мәтінін таба
білсе ғана баланың белсенділігін оның дамуының маңызды факторына айналады.
Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзіледі. Әрекеттің
операцияға айналуы туралы А. Н. Леонтьев былай деп жазады: Әрекеттің
мақсаты оның орындалуының шарты ретінде келесі әрекетке кіргенде, бірінші
әрекет екіншінің жүзеге асыру тәсіліне, саналы операцияға айналады
36,301б.
Баланың алты, жеті жастан кейінгі жетекші іс-әрекеті оқу болып
есептеледі. Дегенмен, олар үшін ойын іс-әрекеті әлі де өз маңызын жоймайды.
Сол үшін ересектер бала сабаққа дұрыс дайындалса оған ойнауға рұқсат
береміз деп айтуы мүмкін. Бұл жағдайда балада оқушының өз міндетін
орындауы, жақсы баға алу-түсінілетін мотив , және реалды әрекетті мотив –
сүйікті ойнын ойнау тілегі болады. Яғни, сабаққа дайындалу әзірше ол үшін
әрекет , ал іс-әрекет ойын болып саналады. Бірақ, кей жағдайда сабаққа
дайндалу оқушы үшін қызықты болуы мүмкін, яғни түсінілетін мотив реалды
мотивке айналады, сабаққа дайындалу әрекеттен іс - әрекетке айналады. Бұл
туралы А. Н. Леонтьев былай деп жазды: Жалпы тәрбие өнерінің мәні
түсінілетін мотивтер және реалды әрекетті мотивтердң дұрыс сәйкестігін
жасауда , сонымен бірге іс-әрекеттің табысты нәтижелеріне уақытында көңіл
бөлу , сол арқылы жеке тұлғаның өмірін басқаратын жоғары типті реалды
мотивтерге ауысуды қамтамасыз етуде емес пе екен?.Оқушы есейген сайын,
оның жеке бас ретіндегі қалыптасуында қоғамдық-еңбектік іс-әрекет соғұрлым
зор роль атқара бастайды. Яғни, А. Н. Леонтьевтің сөзімен аййтсақ адам
дамуының қозғаушы күші негізгі іс-әрекеттің ауысуымен анықталады 31,65
б..
2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерін қалыптастыру
–педагогика ғылымының басты мәселесі ретінде
Кез келген іс-әрекет оған деген қажеттіліктен бастау алатынын жоғарыда
айтылған теориялардан анық байқауға болады. Сол сияқты кіші оқушылардың да
оқу іс-әрекетіне мотивациясын арттыру үшін оқуға қажеттілікті қалыптастыру
керек. Бұл жөнінде Т. А. Ильина былай деп өз пікірін білдіреді: Оқу
үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің күші мен жігерінің елеулі бөлігі
оқушылардың оқуға деген ынтасы мен ұмтылысын оятуға, олардың танымдық
белсенділігін туғызуға бағытталуы тиіс 25,229б..
Бұл кезеңде жаңа мотивтер (қажеттілік, қызғушылық, тілек) пайда болады,
баланың иерархиалық, мотивациялық жүйесінде өзгерістер жүреді. Бұрынғыша
негізгі мотивтерге тікелей әрекетті мотивтер жатады 8,46б., ал
болашаққа бағытталған мотивация баланың сол кездегі қызығушылықтарының
жетегінде кетеді 56,67б.. Кіші оқушыларда парыз және жауапкершілікпен ,
міндетті түрде білім алу керектігімен байланысты жаңа әлеуметтік ұстанымдар
мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz