Картоптың негізгі вирус аурулары
Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Агробиология факультеті
Агрономия кафедрасы
Тағай Гүлнұр
Картоп дақылының вирустан сауықтырылған бастапқы материалын алу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В080100 - Агрономия
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
___________________________________ _____________факультеті
___________________________________ _____________кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________
Беттер саны ________________
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны ___________
Қосымшалар _____________
Орындаған: ___________________________________ _______________________
(аты-жөні)
20__ ж. ______ _____________________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі _____________________ ___________________________________ _
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші _____________________ ___________________________________ _
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
________________________ ____________________ ________________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
_______________________ _____________________ ________________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау _______________________ _______________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________________ ___________________________________ __
(қолы) (аты-жөні)
Алматы - 2018 ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
___________________________________ ____ _____________факультеті
мамандығы___________________________________ _________________
___________________________________ ____ _____________кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент ___________________________________ ________________________
(аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Университет бойынша 20__ ж ____ ________№ _ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 20__ ж ___________________________
Жұмыстың бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ ______________________________

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

___________________________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ _____________________________

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
___________________________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ ___________________________________ _
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кафедра меңгерушісі _____________________ __________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі ____________________ ___________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент _________________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Кафедра меңгерушісі ________________ ___________________________________ ___
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі ____________________ ___________________________________ __
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ______________ _______________________________
(қолы) (аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Б.
1
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
4
1.1
Картоптың шығу тарихы, халық шаруашылығындағы маңызы
6
1.2
Картоп дақылының ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері
8
1.3
Қазақстандағы картоптың тұқым шаруашылығы
12
1.4
Картоптың негізгі вирус аурулары
15
1.5
Картоп тұқымын жеделдетіп көбейту
19
1.6
Ұштық ұлпаны өсіруге арналған қоректік ұлпа
24
1.7
Өсімдікті топырақсыз ортада өсіру
25
1.8
Картоптың in vitro өсімдіктерін жылыжайда өсіру
26
2
ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
27
2.1
Ауа райы және топырақ жағдайлары
27
2.2
Жылыжай субстраты
28
2.3
Зерттеу нысаны
30
2.4
Зерттеу әдістері
35
2.5
Ұштық ұлпаны өсіруге арналған қоректік орта
36
3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
39
3.1
In vitro жағдайында микротүйнектер алу
39
3.2
Микротүйнектерді тыныштық күйінен ояту және вегетация кезіндегі фенологиялық бақылаулар
50
4
Биотехнология әдісі негізінде in vitro жағдайында алынған микротүйнектерден өсірілген бастапқы материалдың экономикалық тиімділігі
56
5
Еңбек қорғау
58
ҚОРЫТЫНДЫ
59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
61
Белгілеулер мен қысқартулар
Дипломдық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:
Тга; С; мг%; мгл; мл; мм; см; г; - өлшем бірліктері;
ИФА (ELISA) - иммуноферменттік сараптау;
КХВ - картоптың Х вирусы немесе мозаикалық теңбілдену;
КYВ - картоптың У вирусы немесе әжімді мозаика вирусы;
КLВ - картоптың L вирусы немесе жапырақтың жиырылу мозаикасы;
МС - Мурасиге және Скуг қоректік ортасы;
ИСҚ - β-индолил-3-сірке қышқылы;
БАП - 6 бензиламинопурин.
КІРІСПЕ
Картоп (Solanum tuberosum) алқа тұқымдасына және түйнекжемістілер тобына жатады. Картопты жерасты туйнекжемісі үшін өсіреді, өндірістік, мал азықтық және тағамдық маңызы зор. Бұл топқа картоптан басқа тағы да күрделігүлділер тұқымдасына (Compositae) жер алмұрты немесе топинамбур жатады.
Картоп - адам ағзасына өте қажетті тағам ретінде, ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақылдың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдардың ішінде дәнді-дақылдардан кейін екінші орын алатын, соған байланысты халық арасында екінші нан деген әділ бағасын алған дақыл. Қазақстанда дақылдың егістік көлемі - 180-189 мың га жерді алып жатыр.
Картоптың қоректік, азықтық, техникалық және медициналық маңызы оның түйнегінің химиялық құрамымен байланысты. Оның түйнегінде 12-ден 32%-ға дейін құрғақ заттар болады, көп бөлігі крахмал түріндегі көмірсулар болып келеді.
Индустриялық технологияны енгізу ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын едәуір арттырады, өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын еңбек шығыны мен қаржыларды күрт кемітеді. Ауылшаруашылығы дақылдарының ішіндегі қолданыс аясы кең, үлкен сұранысқа ие картоп дақылы басым бағытқа ие.
Картоп - тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай және өндірісте шикізат ретінде қолдануға арналған, Қазақстан Республикасы ауылшаруашы-лығындағы кеңінен тараған, астықтан кейінгі екінші дақылдардың бірі.
Еліміздегі ауа-райы мен топырақ жағдайы картоп тұқымын өсіруге өте қолайлы деп айтуға болады. Көп жылдар бойы жинақталған ғылыми деректерге сүйенсек, картоптың өнімі тұқымның сапасына байланысты екендігіне көз жеткізген болар едік. Дақылдың өндірісін арттыруда ауылшаруашылығында оның өнімділігі мен сапасын жақсартатын озық технологияларды пайдаланудың практикалық маңызы зор. Тұқым өндірісі ауылшаруашылығының жеке бір саласы болып есептеледі, сондықтан да көптеген жылдар бойы ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесінде шығарылған сорттардың тиімділігі оның саапасына да байланысты.
Картоп дақылының тұқым шаруашылығын дамыту, оның өнімі мен сапасын арттырып, республика тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру ауылшаруашылығы саласындағы ғалымдардың алдына қойған көкейкесті мәселелердің бірі. Көптеген тәжiрибелер көрсеткендей, картоптың репродукциясы артқан сайын, оның өнiмi төмендей бередi. Соған байланысты,биотехнологиялық жаңа әдiстердi пайдаланып, аурулардан сауықтырылған бастапқы материал алу мен оны жеделдетiп көбейтудiң маңызы зор. Жоғарыда айтылғандар негізінде, жасалып отырған жұмыстың мақсаты бастапқы вируссыз микротүйнектерді аз көлемді гидропоника жағдайында алудың оңтайлы жолдарын қарастыру болды.
Зерттеу өзектілігі: картоп өте маңызды ауылшаруашылығы дақылы. Халық картопты екінші нан деп атайды.Соған байланысты егістіктің белгілі көлемін алатын нәрлі заттар мөлшері жөнінен картоп адам баласы өсіретін өсімдіктер арасында алыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Қазіргі уақытта халықты сапалы азықпен қамтамасыз етудің бірден бір жолы сапалы бастапқы материалды алып, өндірудің тиімді жолдарын қарастыру. Негізінен картоп дақылының тұқымының өнімі мен сапасы әртүрлі күрделі факторларға, оның ішінде ашық танапқа отырғызу технологиясына, сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне және өсіру жағдайына байланысты өзгереді. Көпжылдық тәжірибелер нәтижесі мен әдеби мәліметтерден картоптың үздіксіз көбеюі барысында дақылдың жылдан жылға репродукциясы артқан сайын сорттардың сапасы мен өнімділік қасиеті төмендейтіні белгілі. Неғұрлым репродуция жоғарылаған сайын өсімдіктердің вирусты, саңырау құлақ және бактериялы аурулармен зақымдануы жиілей береді.
Сондықтан ауылшаруашылығында картоп тұқымын үнемі ауыстырып, жаңартып отыру өзекті мәселенің бірі болып саналады. Картопты жылыжайда микротүйнектер арқылы өсіру көптеген шаруашылықтарға бірқатар жеңілдіктер алып келеді. Жалпы практикада картоптың өміршеңдігі жоғары, шығыны аз болады. Көлемдерінің кішкентай болғанына байланысты сақтауға, тасымалдауға ыңғайлы. Яғни, коммерциялық бағытта өте тиімді. Ең негізгі қасиеті вируссыз бастапқы материалдың алынуы. Жыл бойы жылыжайды пайдалана отырып, үздіксіз өнім алып, халықты сапалы өніммен әрі аурудан сауықтырылған бастапқы материалмен қамтамасыз етуге болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Зерттеу мақсаты: Картоптың бастапқы тұқымдық материалы- вируссыз микротүйнектерді in vitro жағдайында алудың және олардан in vivo жағдайында супер-супер элита өндірудің оңтайлы жолдарын қарастыру.
Негізгі міндеттері:
1.Тақырып бойынша мәселенің зерттелу деңгейін әдебиеттерге шолу арқылы талдау;
2.Картоптың тұқымдық бастапқы материалын аурулардан сауықтыру әдістерін жетілдіруге арналған зерттеулер жүргізу (термоөңдеу және ұштық ұлпа әдісі);
3.In vitro жағдайында микротүйнектер алу үшін қоректік ортаның құрамын зерттеу;
4. In vitro жағдайында алынған микротүйнектерді тыныштық күйінен ояту барысында және вегетация кезінде фенологиялық бақылаулар мен биометриялық есеп жүргізу;
5.Жылыжай жағдайында микротүйнектерді өсірудің ұсынылған оңтайлы зерттеу әдісін таңдау;
6.Микротүйнек өнімділігіне талдау жасау.
1 Әдебиетке шолу
1.1 Картоптың шығу тарихы, халық шаруашылығындағы маңызы
Шығу тарихы.Картоптың шыққан тегі - Оңтүстік Америка, оның ішінде климаты жұмсақ, қоңыр салқын, ылғалды топырағы калийге бай келетін Чилидің теңіз жағалауы болып келеді. Мұнда картоп түйнегінің өсу кезеңінде жауын шашын мол (300 миллиметрден астам), ауаның ылғалдылығы біршама жоғары (75% астам) болады, тәуліктік орта температурасы онша жоғары емес, 10-15 градустан аспайды және сонымен қатар күн ұзақтығы да 12-15 сағатты құрайды [1].
Картоп біздің жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған деген деректер де келтіріледі [2].
Картоп өсімдігін алғашқыда үндістер ашқан болатын. Біздің дәуірімізден 12-14 мың жылдар бұрын Анды тауында жоғары дамыған үнді цивилизациясы өмір сүрген, олар көптеген өсімдіктердің мәдени сортарымен қатар картопты да шығарған. Бұл туралы бізге діни жоралардан және ежелгі керамикалық ыдыстардағы суреттерден белгілі.
Картоптың дақыл ретінде ашылуы, өткен ғасырдың 20-жылдарындағы орыс оқымыстыларының ғылыми жұмыстарымен байланысты. Жер шарының өсімдік ресурстарын зерттей отырып, академик Н.И. Вавилов Латын Америкасында картоптың орасан зор селекциялық қоймасы болуы мүмкін деген өзінің болжамын айтты. 1925 жылы Вавиловтың бастамасымен Латын Америкасында экспедиция жіберілді [3].
Европа елдері картоп туралы алғаш рет 1538 жылы тарихшы, кошдастадор және дін қызметшісі Сьеса де Лионе Педроның Хроника Перу атты кітабы арқылы танысқан, бұл кітапты Испанияға оралғаннан кейін 1953 жылы Севиль қаласында баспадан басып шығарған. Кітапта картопты Кито (Эквадор), Папоян және Пасто (Колумбия) жерлерінен кездестіргенін жариялаған. Ол бірінші болып картоп дақылына сипаттама береді және одан тағам дайындау, оның өнімін дұрыс сақтау тәсілін көрсетеді. Ол жазбаларында: маисаны (жүгері тәрізді өсімдік) есептемегенде, үндістердің негізгі азығы болып саналатын, жергілікті азық-түліктің тағы екі түрі бар. Оның біреуін Папас (картоп түйнегі) деп атайды, пішіні трюфелге ұқсайды, піскеннен кейін қайнатылған каштан секілді жұмсақ, қабығыда, сүйегі де жоқ, бірақ жер астында дамиды. Бұл жеміс туп-тура біздің егістік мак секілді шөптен өседі деп жазған [3, 4].
Халық шаруашылығындағы маңызы.Картоп - ауыл шаруашылығында кеңінен тараған дақылдардың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдар ішінде күріш пен бидайдан кейінгі орында тұр [5].
Халық аузында картоп жайында Нан-астық атасы, картоп-анасы, Картоп нанға қосымша немесе Картоп-нанға үнем деген сөздер жиі кездеседі. Маңыздылығы жағынан картоп ас атасы наннан кейінгі екінші орында тұрғандықтан, оған деген қажеттілік күннен - күнге артуда.
Картоп құрамындағы сапалы белоктың, әртүрлі витаминдердің және тағы басқа заттардың адам денсаулығына өте қажетті қоректік қасиеті бар. Картоптың түйнегі, ең алдымен тағамға кеңінен әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек орта есепен 840 калорияға дейін жетіп, адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады[2-6].
Картоп түйнегінде 22-25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-24% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл, негізгі құрғақ зат үлесі қант, ақуыз, майларға тиесілі болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар ақуызынан анағұрлым жоғары бағаланады. Ақуызының тағамдық құндылығы бидай, қарақұмық дақылдарымен тең келіп, қара бидай, күріш дақылдарының ақуызынан асып түседі. Құндылығы жөнінен 3 кг картоп 1 кг бидай дәніне тепе-тең келеді. Өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында синтезделмейтін амин қышкылдары -ванилин, лизин, триптофан, лейцин және басқалары бар.
Картоптың биологиялық құндылығы 84-85 % [2].
Қалыпты жағдайда картоп дақылын тағамға қолданғанда (300 гр тәулігіне) ересек адамның ағзасының қалыпты қызметіне өте кажетті көптеген бағалы дәрумендердің қажеттілігін - аскорбин кышқылына (С дәрумені) 50%-ға, В1(аневрин) дәруменіне 10-15%, РР дәруменіне (ниацин) 15%, В2 (рибофлавин) дәруменіне 5% және 1-2% А (каротин) дәрумендердің тобымен толықтырады.Картоп түйнегі, сонымен қатар минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі - темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод және де тағы басқаларының) маңызды көзі болып табылады [2, 7].
Картоп дақылынан мысалы, құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 литр спирт, 55 килограмм сұйық көмірқышқылын, 39 килограмм сивуш майын немесе 170 килограмм крахмал (біздің елімізде крахмал өндірісінің негізгі шикізат көзі болып табылады),100 килограмм картоп ұнын, 80 килограмм глюкоза, 65 килограмм гидрол өндіруге тағы да басқа заттар қағаз, тағам, тігін және басқа өнеркәсіп салаларына қолдануға болады.
Картоп басқа дақылдарға қарағанда агрономиялық тұрғыдан өте тиімді дақыл. Біріншіден, ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған қолайлы, картоп еккен жер арамшөптерден таза болады және қолданған тыңайтқыштарға, берілген суға қайырымы мол дақыл.
Картопты Қазақстанның барлық облыстарында отырғызуға болады. Өскен ортасына өте көп талғам қоймайды, сондықтан кейбір қуаңшылық жылдары немесе тағы да басқа табиғат қолайсыздықтарына байланысты халықты азық-түлікпен қамтамсыз етуде маңызы зор [5, 8].
Картоптың мал азығы ретінде де маңызы зор. Орташа өнім алған күннің өзінде де әр гектарға шаққандағы картоптан түсетін азықтық заттар дәнді дақылдар немесе мал азықтық шөптесін өсімдіктерден түсетін заттардан әлдеқайда көп және сіңімділігі жоғары болып келеді. Картоп өнімінің 83-97 %-ға дейіні пайдаға асады [5].
Картоп - тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай және өндірісте шикі зат ретінде қолдануға арналған, Қазақстан республикасында кеңінен тараған дақылдардың бірі.
Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін мал азықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ-жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда)пайдаланылады. 100 килограмм картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 килограмм қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыр жемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. Картоптың әр гектары орта есеппен 150 центнер түйнек пен 80 центнер сабан алынады, және осы өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге тең [2].
Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсірілетін дақылдардың бірі. Жалпы егіс аумағы дүние жүзі бойынша шамамен 23 миллион гектарды алып жатыр. Картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды, негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан және басқалары. Еліміздегі егіс көлемі 170-185 мың гектар жерді алып жатыр. Қазіргі таңда дақылдың өнімділігі гектарына 16-17 тоннаны құрайды. Жалпы өнім - 2,5 миллион тонна [9].
Мемлекетіміздің ауа райымен топырақ жағдайын картоп тұқымын өсіруге өте қолайлы деп айтуға болады. Көп жылдар бойы жинақталған ғылыми деректерге сүйенсек, картоп өнімі тұқымның сапасына байланысты енендігіне көз жеткізген болар едік [2, 10].
1.2 Картоп дақылының ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері
Ботаникалық сипаттамасы.Картоп - негізінде табиғи тегі бойынша сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде, ауылшаруашылығында біржылдық мәдени дақыл ретінде өсіріледі. Ол алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum Tuberosum.
Сабағы 4-8 бұтақшалардан құралып, сортына, топырақ құнарлығына, ауамен топырақтың ылғалдылығына, аэрация және жарық жағдайына, бастапқы отырғызу түйнектерінің көлеміне байланысты өсімдік биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді.
Оны түйнегімен және сирек жағдайда тұқымымен көбейтеді. Сонымен қатар вегетативті түрде түйнек, көзше, бүршіктерімен, қалемшелерімен көбейтуге болады [10].
Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен (қысқарған жер асты өркенінің өзгергерген түрі) көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде картопта кіндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады [7].
Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш - 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында, кей жағдайларда 1,5-2 мерт тереңдікке де бойлай алады. Тамыр жүйесінің мықтылығы сортына, топырақ, жер асты суы, отырғызу жағдайымен қоректік элементтеріне байланысты болады. Тамыры неғұрлым топыраққа терең бойлаған сайын солғұрлым жоғарғы қабатындағы құрғақшылыққа төзімді келеді.
Картоптың жер асты сабағының ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан. Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті ол - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының тыныштық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қарағанда ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін дұрыс қолдағанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады [1-11].
Биологиялық ерекшеліктері. Жылуға талабы.Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр-жай болғандығын қалайтын өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3-5°С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады.Топырақтың картоп жатқан жеріндегі жылулығы 7-80 болса 30-35 күнде, 11-120 болса 20-23 күнде, 18-250 болса 12-14 күнде жер бетіне өркендеп шығады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура + 16-18° деп есептеледі. Ал жылулық 3-50-тан төмен және 310-тан жоғары болса, түйнетердің өркен жаюы тоқталады. Картоп 10-тан төмен үсікке шалдығады [2- 7].
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың қалыпты өсуі үшін қолайлы жылулық +17 - 22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. -1-1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып, өледі. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-18°, немесе +22-25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26-29°-та түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды, гүлі мен бүршігі түсіп қалады. Сондықтан Оңтүстік облыстарда көптеген картоп сорттары ұрық салмайды. 20 суықта және 300 жылылықта картоп дақылы түбіне түйнек байламайды [5].
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800-2200° аралығында, ал негізінен 1600°-ден 2600°-қа дейінөзгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады [1-5].
Ылғалға қатынасы. Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Картоп түйнегінің жалпы 70-80 %-ы, ал сабағының құрамы 80-85 % судан тұратын болғандықтан картоптың өуі барысында судың маңызы зор. Ғылыми тәжірибелердің негізіне сүйенсек, картоп дақылынан бір тонна өнім алу үшін 100 тонна су керек. Жер бетіне картоп көктеп шыққанша суды қажет етпейді, себебі түйнегінің бойындағы ылғалы өзіне жеткілікті. Суды ең көп қажет ететін шағы, ол картоп дақылының бүршік атып, гүл жайған кезі. Осы уақытта өсімдік клеткасындағы нәрлі су құрамы 10 %-дан асып кетсе, картоп сабағы солып, төменгі қабаттағы топырақтар сарғая бастайды. Керісінше нәрлі су мөлшері 6 %-дан төмендеп кетсе судың артықшылығынан топырақтағы ауа жетпей өсімдік әлсірей бастайды. Сондықтан, картоп дақылы бүршік жарғаннан гүлі түсіп болғанға дейінгі мерзімде топырақ ылғалдылығын, оның толық су сиымдылығын 60-80 % мөлшерінде ұстап отырған жөн болады [5].
Ауа. Картоптың дұрыс өніп-өсуі үшін түйіршіктер арасына ауа жақсы енетін борпылдақ топырақ қажет. Картоп дақылы үшін механикалық құрамы жағынан алғанда құмайт және жеңіл саз балшықты қышқылдау реакциялы, құнары тәуір топырақта жақсы өнім береді. Ауыр саз балшықты, тұтасып қалатын топырақтың картоп өсіруде жарамдылығы шамалы. Мұндай алқаптарды минералды заттарды көп беріп тыңайтқанда ғана картоп өсіруге қолайлы болады. Ауаның температурасы 24-250С жеткенде картоп отырғызу жұмыстары басталады. Әдетте картоп отырғызудың оңтайлы мерзімі сәуірдің екінші онкүндігі болып табылады [1].
Жарық. Картоп - жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетпеген жағдайда картоп сабағы сидиып, биік өседі. Жапырағы сарғайып, өнімі төмендейді. Жарық картоптың көмір суын түзуге тікелей қатысы бар. Сондықтан көмір суы жетіспеген картоптың түйнегі жетілмейді.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне негізінен күн жарығының ұзақ болуы қолайлы келеді. Ал түйнегінің өсіп жетілуіне керісінше күннің қысқа мерзімі дұрыс. Жалпы картоп дақылының өсуіне қолайлы жағдай оның қатарын оңтүстіктен солтүстікке қарай бағыттап отырғызғанда туады. Осы бағытта отырғызылған картоп күн сәулесін ортақ пайдаланады да күннің ыстық кезінде мөлшерден тыс қызудан сақтайды.
Негізінен нақты жағдайда бір гектарда 40-50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептелінеді. Осындай жапырақ бетінің ауданы фотосинтез процесінің жүруіне оң әсерін тигізеді. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады [6].
Картоп түйнегі мен көгені топырақ астында, қараңғыда өсіп жетіледі. Жарықта ұзақ уақыт қалған түйнек жасыл түске енеді. Яғни жасыл пигменттер пайда болады. жарық әсерінен хлорофил және улы заттар (соланин) түзіледі. Оның мөлшері 100 грамда 2-10 миллиграмның орнына 30-40 миллиграммға дейін көтеріліп кетуі мүмкін. Мұндай түйнетерді тағам ретінде пайдалануға болмайды.
Тұқымдық картоп күзде, қоймаға салар алдында бірнеше күн күнге қақталып, кептіріліп салынады. Бұл жағдай картопты сақтау барысындағы түрлі ауруларға төзімділігін арттырып, сақтау мерзімін ұзартады және сақтау кезіндегі ысырап азаяды. Аталған шараның барлығының картоп дақылының өнімділігін арттыруда маңызы зор [8].
Қоректік заттар. Картопқа пайдаланылатын негізгі органикалық тыңайтқыш - шала шіріген немесе шіріген көң. Сонымен қатар, құс саңғырығы, күл, жасыл тыңайтқыштар да жатады. Бұл тыңайтқыш түрлері қоректік заттардың көзі ғана емес, сонымен қатар физикалық, химиялық оң әсерін тигізеді, әрі топырақтың микроорганизмдерінің қызметін жақсартады. Суармалы жерлерде гектарына 15-20тонна өнім алу үшін әсер етуші заттары бойынша 60-85 тга көң енгізу қажет деп өз еңбектерінде бірқатар ғалымдар атап өткен болатын [6].
Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдікке керекті барлық қоректі заттар орта есеппен бір тонна шіріген көң құрамында 5 килограмм азот, 2,5 килограмм фосфор, 6 килограмм калий, және 3,5 килограмм кальций бар [2].
Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының деректері бойынша 40 тонна көң төгілген алқаптың әр гектарынан көң төгілмеген жерге қарағанда 3-5 тонна картоп өнімі артығымен алынған [12].
Ал минералдық тыңайтқыштары ретінде картоп өніміне керекті қоректік заттарға азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор, марганец және тағы басқа заттар жатады.
Өсімдік тіршілігінде әрбір қоректік заттардың өзіндік орны бар. Солардың біреуінің болсын жетімсіздігі байқалса, өсімдіктің қалыпты өсуіне кедергісін тигізеді.
1.3 Қазақстандағы картоптың тұқым шаруашылығы
Халық арасында екінші нан ретінде танылып кеткен картоп дақылы - ауылшаруашылығы дақылдарының арасында кеңінен тараған және үлкен қолданысқа ие дақылдардың бірі. Агрономиялық тұрғыдан қарағанда көптеген басқа дақылдарға қарағанда ауылшаруашылығына тиімді дақыл. Алайда өзімізге белгілі картоптың жыл сайынғы репродукциясы артқан сайын өзінің бастапқы құндылығын жоғалтатыны. Сол себепті картоп дақылының тұқым шаруашылығын реттеуде бірқатар шаралар атқарылуда.
Картоп тұқымшаруашылығының негізгі жүйесі ретінде сорт жаңарту және сорт ауыстыру болып есептеледі. Картоптың өнімділігіне зиян келтіретін вирусты аурулардың таралуы картоптың тұқымшаруашылығын қайта құруға әкелді. Көптеген мемлекеттерде тұқымшаруашылығында вируссыз материал өндірісі саласы бойынша өзіндік бөлім болып анықталған. Бірінші тұқымшаруашылығының ерекшеліктерінің бірі - вируссыз бастапқы материалды дақыл ұлпаларын сауықтырудың белсенді тәсілдерін қолдану [13].
Вирустан таза картоп тұқымы дақылдың өнімділігін 30-40 %-ға арттырады.
Өзінің өсіріліп отырған ортасына көп талғам қоймайтын, әрқилы ауа-райы мен топырақ ерекшеліктеріне қарай, республиканың барлық аймақтарында өсіруге болатын дақыл. Республика бойынша егістік көлемі 160-185 мың гектар көлемінде. Есеп беретін мекемелердің мәліметтері бойынша, соңғы жылдарда картоп өнімі әр гектарға шаққанда 14-15 тонна шамасында ғана. Оның басты себебі, дақылдың әртүрлі аурулармен зақымдануына байланысты олардың сапасының төмендеуі болып табылады [14, 15].
Тұқымдық материалдың сапасының стандартқа сай келмеуі соңғы жылдардағы әртүрлі аурулардың картоп алқаптарында кең таралуы. БҰҰ ауыл шаруашылық мәселелері мен азық-түлік жөніндегі Ұйымның мәліметтеріне сәйкес картоптың ауруларға ұшырауынан жыл сайын әлемдік өнім шығыны 90 млн тоннаға дейін жетеді.
Картоптың тұқым шаруашылығын дамытуда ғылыми деректер мен шаруашылық тәжірибелеріне сүйеніп еңбек етудің маңызы зор [16].
Қазақстандағы картоп өнімінің төменгі дәрежеден көтеріліуінің басты себептерінің бірі оның тұқымының вирус және басқада ауру түрлеріне шалдығып, сапасының төмендеуінде.
Картоп өнімін көтерудің негізгі жолы тұқым шаруашылығын қалыпты жолға қою. Қазақстанның оңтүстік- шығыс өңірінде картоп өніміне көп зиян келтіретін аурулардың ішінде ерекше орын алатын вирус аурулары. Бұл аурулардан картоп өнімі жылына 25-35% - ға төмендеп кететіні мәлім.
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде және алыс шетелдерде бастапқы тұқым өндіру шаруашылығын жүргізудің жаңа тиімді жүйелерін жасау мақсатында сауықтырылған материялды қолдану негізінде зерттеулер жүргізілуде, бұл зерттеулер элита өсіру мерзімін қысқартуға, олардың сапасын жақсартуға және элита өндіру шығынын азайтуға мүмкіндік береді [14].
Осы орайда, картоптың отандық жаңа сорттарын шығару мен оларды өндіріске енгізуде жұмыстар жүргізіп отырған еліміздегі Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының еңбектерін айрықша айтуға болады.
Картоп өндірісінің жалпы көлемінде тұқымдық материал ретінде өнімділіктің маңызды бөлігі кетеді. Тұқымдық материалға қажеттілік жылына 640-750 мың тоннаны құрайды. Бұл сұранысты қанағаттандыру бүгінгі күні біршама қиындықтар туғызуда. Картоптың тұқымшаруашылығы жоғарғы репродукциялы (супер-супер элита, суперэлита және элита) өнім өндіру, бірінші, екінші, үшінші репродукциялық өнімдерін өндіру және азық-түліктік немесе тауарлық картопты өндіру болып табылады.
Картоптың өнімділігіне зиян келтіретін вирусты аурулардың таралуы тұқымшаруашылығын қайта құруға әкелді. Көптеген мемлекеттерде тұқымшаруашылықтың вируссыз материал өндірісі өзіндік үлкен бір сала болып табылады. Бастапқы тұқымшаруашылығын жүргізудің ерекшеліктері: сауықтырудың белсенді әдісінің бірі - ұштық ұлпаларды алу (жоғары меристема), термотөңдеу және вирустың химиотерапиясымен вируссыз негіздегі бастапқы материалды алу [17 ].
Картоптың өнімділігі көп жағдайда тұқымның сапасының және тұқымшаруашылығының ұйымдастырылуының ғылыми-негіздің дұрыс жүйеге қойылуына байланысты болып келеді.
Тұқымдық картоп қорының жыл сайын тұқым егістігі алқабынан алынатын өнімнен жаңартылуы талап етіледі. Вегетативті көбею барысында отырғызылатын материалдың сапасы өнімділікке қатты әсер етеді [18].
Қазақстанда 2012 жылғы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізбесіне картоп дақылының 80 сорты енгізілген. Оның 33-і немесе 41,7 %-ы отандық сорттардың еншісінде.
Тұқым өндірісі ауылшаруашылығының жеке бір саласы болып саналады. Жылдар бойы еңбектеніп шығарған сорттардың тиімділігі ол сорттардың қандай жағдайда көбейтілуіне де байланысты.
Көп жылғы тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей, картоп дақылының репродукциясы артқан сайын, оның өнімділігі төмендейді. Көптеген ғалымдардың деректері бойынша, картоп өнімінің төмендеуінің негізгі себебі, дақылдың вирус ауруларымен зақымдануынан. Мұндай аурулармен зақымданған картоптың өнімділігі 40-60 %-ға дейін төмендеп кетеді [15, 16].
Осыған байланысты әлемдік картоп өсіру тәжірибесінде ауру картопты сауықтыру және оларды өсіру барысында басқа аурулардан сақтандыру жолдары үнемі қарастырылуда осы салада картоп және көкөніс шаруашылығын зерттеу орталығында бірқатар пайдалы ғылыми тәжірибелер жинақталды. Солардың ішінде картоптыңұштық ұлпасын бөлу арқылы сауықтыру, оны жасанды қоректік ортада өсірудің және жедел көбейтудің түрлі тәсілдері жолға қойылған.
Кейінгі кездері республиканың көптеген облыстарында биотехнологиялық әдістер арқылы картоп тұқымын вирустық аурулардан сауықтыру және шыны түтікте жасанды қоректік ортада өсірілген меристемалық картоп өсімдігін көптеп көбейту жұмыстары жүргізілуде. Шыны түтікшеде өсірілген өсімдіктерді тұқым шаруашылығына енгізу үшін жергілікті жағыдайда олардың кейбір биологиялық және агротехнологиялық ерекшеліктерін зерттеуден өткіздік [10].
Картоп тұқым шаруашылығын зерттеулерінің нәтижесі - көптеген картоп сорттары көбею коэффициентінің төмендігіне байланысты жалпы сорттық егіске жетпей өніп кететіндігін көрсетті. Тұқымдық картоптың өнімділігінің төмендеу себептері көшіру кезінде әр түрлі болып келеді.
Вирусты аурулардың дақылды зақымдау арқылы кеңінен таралып кетуіне байланысты, оған қарсы күрес ғылыми ізденістерді талап етеді. Осы мақсатта, биотехнологиялық әдістерді қолданып, аурудан сауықтырылған картоптың бастапқы материалын алудың маңызы зор. Вирустардан сауықтырылған картоп тұқымын алу үшін, кейінгі 30 жыл ішінде ғалымдар ұштық ұлпа әдісін кеңінен қолданып жүр. Ең алғаш рет 1949 жылы бұл әдісті қолдануға тәжірибе жасаған, әрі оның негізін қалаған ғалымдар - П.Лимассе мен П. Карнуе. Ал, вегетативтік жолмен көбейетін көптеген дақылдарды және картопты осы әдіс арқылы вирусты аурулардан сауықтырған ғалымдар [19].
Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен қолданылып, дамып, жетілдіріліп келеді. Тұқым шаруашылығын вируссыздандыру жүйесіне ауыстыруда бұл әдістің маңызы өте зор [17, 20]. Жаңа отандық сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай биотехнологиялық әдістерді қолдану оларды одан әрі жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, бүгінде ғалымдар дақылдың ерекшеліктеріне, өсіру жағдайларына қолайлы әдістерді қолдану және оларды жетілдіру мақсатында ізденістер жүргізуде.
Картоп өнімділігін арттыру үшін, республикадағы шаруа қожалықтарында, өндірістерде және басқа да шаруашылықтардағы картоп егістіктерінде дақылдың сорттары жаңартылып отырады. Себебі, жыл артқан сайын оның өнімділігі төмендейді.
Қазақстанның жергілікті топырақ ауа райы жағдайында вирус ауруларымен зақымдалуы себепті тұқымдық картоп сапасын тезжоғалтады [17, 19].
Картоптың сорттық егініне жылдам өту үшін іріктелген және сорттың тұқымдық картоп өндірісі бойынша сорт жаңарту мен сорт ауыстырудың мықты базасын жасау қажет.
Сорттық егінге ауысу картоптың өндіріс көлемін көтеріп қана қоймай, сонымен бір уақытта өнімнің сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Алғашқы тұқымдық шаруашылық картоптың тұқымшаруашылығының келесілеріне негіз болады және осыған байланысты тұқымдық материал процесінде өте жоғары талаптар қояды.
Кез-келген дақылдың тұқымшаруашылығындағы ауылшаруашылық өндірісінде екі негізгі мәселені қарастыру керек. Біріншісі - сорттар өндірісіне жаңадан енізілген тұқымдық сорттардың жоғары сапалыларының көбеюі. Екіншісі - сорттың, өнімділік сапаcын және басқа да шаруашылық-биологиялық пайдалы белгілердің аудандастырылған сорттарда сақталуы. Картоптың сорттық егініне жылдам өту үшін іріктелген және сорттың тұқымдық картоп өндірісі бойынша сорт жаңарту мен сорт ауыстырудың мықты базасын жасау қажет.
Қазақстандағы картоп өнімінің төменгі дәрежеден көтерілмеуінің басты себептерінің бірі - оның тұқымының вирус және басқада ауру түрлеріне шалдығып, сапасының төмендеуінде. Картоп өнімін көтерудің негізгі жолы тұқым шаруашылығын қалыпты жолға қою [ 17, 20, 22].
Картоп тұқымын вирустардан тазарту үшін оның өркенінен меристема ұлпасы бөлініп, жасанды қоректік ортада шыны түтікшелерде өсіріледі. Қоректік орта ретінде белгілі Мурасиге-Скуга ортасы және оның басқа жетілдірілген нұсқалары қолданылады [17].
Қазақстанда картоп ауруларына бақылау жұмыстары ертеден бастап жүргізілді. Л.Д. Казенастың мәліметтері бойынша 1933-1934 жылдары К.Н. Яцынина картоп ауруларын айқындау үшін отырғызылатын тұқымдық материалғатексеру жүргізген. 1937 жылы осы жұмысты жалғастырған М.В.Власовтың зерттеулері сақтау кезінде түйнектердің шіруін анықтаған.
1950 жылдары [27] картоптың вирус, бактерия және саңырауқұлақ ауруларын және ауру қоздырғыштардың түр құрамын, соның ішінде аурудың белгісіз себептермен залалдануын толығырақ меңгерді. Ол әртүрлі ауру қоздырғыштардың түрлеріне және оларға зиян келтірушілер, құбылмалы климаттық жағдайлардың сәйкестілігі, басқа патогендердің дамуына кедергі келтірушілердің қатынастарын анықтады.
Республиканың оңтүстік-шығыс, орталық облыстарында картоп өсірілетін аудандарда картоптың вирусты және саңырауқұлақты ауруларын жан-жақты меңгеріліп, оларға қарсы қолданылатын шаралар ұсынылған [17, 19].
Республикада Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында, картоптың әртүрлі сорттарын аурулардан сауықтыру технологиясы толығымен өңделген және бастапқы материалды микроклонды көбейтудің барлық кезеңдерін қамтитын жұмыстар жүйеге енгізілген.
1.4 Картоптың негізгі вирус аурулары
Картоп өнімінің сапасына және өнімділігіне аса көп зиянды әсер ететін ол - вирусты аурулар.
Қазіргі кезде ауылшаруашылығы дақылдарын зақымдайтын 30-ға жуық вирустың түрлері бар. Тұқым шаруашылығының тәжірибе танаптарында өсімдік морфологиясын бірқатар өзгерістерге енгізетін, өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсер ететін X, S, M, Y, Z вирустарын кезестіруге және оларды анықтауға мүмкіншіліктер бар. Вирустардың дақылды зақымдауы мен олардың кері әсерінің қаншалықты екендігі ауа-райы мен топырақ жағдайларына, сорт ерекшеліктеріне, агротехникалық шаралардың жүргізілуіне бйаланысты [6]. Вирустар барлық жерлерде таралған және оларды көптеген мемлекеттердің ғалымдары зерттеген. Соның ішінде АҚШ, Англия, Германия, Голландия, Польша т.б.[23, 24, 25, 26].
Ғалымдардың мәліметтері бойынша, ТМД мемлекеттерінде көп таралған вирустар: кәдімгі мозаика және жапырақтың мозаикалық жиырылуын қоздыратын X, S, M, Y вирустары. Бубенцовтің мәліметі бойынша, Қазақстанның оңтүстік-шығысы аймағында сепкіл мозаикадан картоп 20%, әжімді және жолақ мозаикадан 70-80% өнімін жоғалтқан. А.С. Удовицкий мен А.И.Востриковалардың мәліметтері бойынша,Солтүстік Қазақстанның картоп танаптарында вирус ауруларының көптеген түрі кездеседі, соның ішінде жолақты мозаика 18, жапырақтың жиырылуы 35,сепкілді мозаика 32%-ға дейін тараған [27]. Жылдың, ауа-райының ерекшеліктеріне қарай вирусты аурулар әртүрлі зиян келтіреді. Тұқымның сапасына, сорт ерекшелігіне, агротехникаға байланысты, дақылдың өнімділігін бірнеше пайыздан түгел жоюға дейін зақымдауы мүмкін.
Картоп дақылында кездесетін барлық вирус аурулары екі топқа бөлінеді. Олар мозаика және сары ауру. Мозаика ауруын қоздыратын вирустар - М, S У, А, X, және L. Мозаикалық ауруларға шалдыққан картоп сабағында және топырақтарында сарғыштау жасыл дақтар пайда болады немесе жапырақтары жиырылып, қатпаланады, сабақтарында өлі тканьдерден тұратын қара тесіктер пайда болуы мүмкін [27, 28].
Мозаика ауруын тарататын вирустар өсімдік жапырақтарында, сабақтарында көп, ал өсімдіктің ұшар басында сирек кездеседі. Картоптың жоғарғы меристема бөлшегі арқылы вирус ауруынан сауықтыру тәсілі өсімдіктің ұшар басында сирек кездеседі және осы қасиетіне негізделген.
Әр түрлі вирустардың өсімдіктер бойына орналасуы әрқилы болады. Мысалы, А вирусы өсімдіктің ең жоғарғы нүктесінен сәл қашықтау орналасса, Х вирусы сол жоғарғы нүктенің өзіне орналасуы да мүмкін.
Вирустардың өсімдік денесіне енгеннен кейін, олардың таралу жылдамдығы, оның сорттық ерекшелігіне, қоректік заттарға және өсетін ортаға байланысты әр түрлі болады. Көптеген ғалымдардың мәлімдеулерінше [24], картоп өсімдігіне жәндіктер арқылы вирус енгізгенде, оның жапырағынан түйнекке дейін вирус 8-10 күнде жететіндігі мәлім болған. Кейбір ғалымдардың айтуынша [17] картоп өсімдігінің өсу мерзімі ұлғайған сайын, У вирусына төзімділігі арта береді. Сондықтан картоптың тез өсіп жетілуіне бағытталған агротехникалық шаралардың барлығы вирустардың тежелуіне пайдалы әсер етеді. Сонымен қатар, (1958) вирус зақымдаған картоп өсімдігі бойындағы крахмал мен белок мөлшері әдеттегі 2,2% -дан 0,22%-ға дейін төмендейтінін мәлімдеген.
Картоп өсімдігінің өсу мерзімі ұлғайған сайын, оның У вирусына төзімділігі анықталған, сондықтан, дақылдың тез өсіп жетілуіне бағытталған агротехникалық шаралардың барлығы вирустардың тежелуіне пайдалы әсер етеді [29, 30].
Сары ауруға жататындар - столбур, жапырақтың жиырылуы, сыпырғыш тәрізді ауру және тағы басқалары.
Мұндай ауруға ұшыраған картоптардың сабағы жіңішкеріп, сарғайып кетеді.Сары ауру вирустары әдетте жәндіктер арқылы тарайды.
Жапырақтың мозаикалы ширатылуы - бұл ауру да әлсіз мозаика мен шиыршықталудың (майысу) пайда болған кезінен, ең жас жоғарғы жапырақтардың бөліктерінің толқындалып, бұйралануынан көруге болады. Жапырақтардың бұратылуынан айырмашылығы - хлороз бен жапырақтардың тұрпайылануы пайда болмайды. M(K) қоздырғышы зақымдалмаған өсімдік пен ауру өсімдіктің қатынасы барысында және біте (шабдалы бітесі) арқылы беріледі. Зиянкестің бастауы түйнекте сақталады. M, X, S вирустарымен қоса зақымдалғанда өнімділіктің төмендеуі артып (15-45%), крахмалдың құрамы 2-3%-ға түсіп кетеді. Вирус түйнектерде сақталады, ал өсіп өну кезеңінде өңдеу құралдары және сорғыш жәндіктер арқылы таралады.
Әжімді мозаика - бұл ауруға шалдыққан картоптың жапырағы қыртыстанып, қатайып кетеді, олардың бетіне сарғыш дақтар түседі.
Зақымдалған түйнектерді отырғызу өсіп өнудің ең басында-ақ жапырақтың бетіндегі түсінің біркелкі еместігінен, аралық ұлпалардың ісуінен, тақташаларының кеңірдектелуімен, жақтауларының төменге қарап жиырылуы арқылы анық көруге болады.
Жапырақтарда құба түсті дақтар пайда болады.Төмендегі жапырақтары жоғарғыларына қарағанда ерте солып қалады. Жапырақтың бетіндегі түсінің біркелкі еместігінен аралық ұлпалардың ісуі, тақташаларының кеңірдектелуі, жақтауларының төменге қарап жиырылуы анық көрінеді. Y вирусы немесеX, S, M аралас инфекция вирустары ауруға себепші болады. Вирустар жасырын түрде бете, бұршақ, орамжапырақта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz