Оқытудың әдіснамалық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және
оның мақсаты
Жоспар:
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І ТАРАУ Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактикадағы оқыту мен
дамытудың негіздері
І.1 Оқуты мен дамытудың теориялық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
ІІ.2. Оқытудың әдіснамалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-10

ІІ Тарау. Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактикадағы оқыту мен
дамытудың технологиялары
2.1. Оқыту технологияларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-18
2.2. Модульдік – блоктік оқыту технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..19-20
2.3. Саралап және топтап оқыту
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ...21-22

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23-24

ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25-
26

Кіріспе

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті
құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі,
сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін.
Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі
әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды
байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де
осыдан болар.
Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін
қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың
бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-
әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін
аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады:
1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым
мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және
бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың
дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы
үйретуші дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал
Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері
деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы
тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде
таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай
бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету
проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай
жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде
психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын
халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш сынып оқушыларын дидактиканы оқыту негізінде өңделген
сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Зерттеу пәні:
Оқушылардың психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін дамытуға
бағытталған сабақтар.

І ТАРАУ Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактикадағы оқыту мен
дамытудың негіздері
Оқыту-қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын
, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру
мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты
бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі,
қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған
ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың
өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын,
қоғамның толық құндылықгы қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес
дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні
осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара
әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен
ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие
болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты
екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын
дидактикалық мақсаттары:
-білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін
меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің,
дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек
қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді
шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді
дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе
дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту
жағдайларының толық педегоғикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің
үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-
әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты.
Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.

Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен
біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама
оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет
тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың
екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі).
Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой
толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп
қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның
өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінін физиологиялық және психологиялық
сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын
білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні
зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық
қарым-к,атынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык іс-әрекетке
дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын
үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметі тұлғаның жан-
жактылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі —
түрлі реттегі және деңгейдегі зандар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын
заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті,
жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара
байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түрде айқындалған
ерекшеліктері — заңдарды құрайды.

2. Оқытудың әдіснамалық негіздері
Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары
мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық
процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың
танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан,
оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Бихевиризм және прагматизм-оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін)
түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл
бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін
төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл -ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл
позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға
болады деген зандылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Бруннер (АҚШ)
жасаған "жаңалық ашу арқылы оқыту" тұжырымдамасы. Д.Бруннердің
тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін
талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз
бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс.
Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің пікірі бойынша, белгілі
бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті
қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың
шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Ұстанымы тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан,
қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:
І.Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары
құрайды.
2.Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық
жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді. не
қыйыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өзбеттерінше
жеке жаңалық апта оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың
жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсенділіктерінің, педагогикалық
басқарымның саналы үйлесімділігінде.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы
түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардын, іс-әрекеттерінде
оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Ғылым объективті жананы, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ
қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми
түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді
меңгереді.
Ғалымның танымын эксперемент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер,
теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінін
көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және
жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға
аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. ғалым мен оқушы танымының
арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан бұл процестер негізін ұқсас
яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы,
дамушы процесс ретінде қарама-қайшылықтарында түсіндіру керек. Осыған
байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шындық жолында тұрақты
қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкенді кішілі
серпілістердің, құлдыраудың күтпеген ойлардын, туындайтынын, толғаныстарын
болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда
болады. Онда логикалық талдау, индукцйя да, мәндісі де, мәнсізі де болады.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғалыс күші, себебі таным процесі,
ол да сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары
танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің,
іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің
дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.
Педагогикалық процестің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының
қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық процестің ішкі
қозғаушы күші танымдық еңбек, практикалық қоғамдық сипаттағы талаптар мен
оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасындағы
қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші — бір
жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құралдары мен
мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды.
Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы
күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып,
оқытудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі — олардың
анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқытудың қозғаушы күші ретінде қарама-
қайшылықтың болуы шартты — оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі.
Оқушылардың білімді тек қана "ұстап қалмауы", соған "тіреліп" қалмас үшін
және өз беттеріне шешу тәсілдерін табу үшін, оқу процесінің барысында
логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық
негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жлпы әдісі
ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың
тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті
қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және
нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің
бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-
қайшылықтың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық;
мән мен құбылыс; мазмұн мен форма: мақсат пен құралдың үйлесімділігі;
мүмкіншілік пен ақиқат: оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары;
Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы
барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің
еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру басталған, соның
негізінде әрбір оқушынын жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму
процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру
басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинскийде
назар аударған. Ол өзінің Адам тәрбие пән атты еңбегінде, баланың түрлі
жас ерекшеліғі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта
отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта
да, өз өзктілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің
бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы
мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
-оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
-оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын
мүмкіндіктерді пайдаланады;

ІІ ТАРАУ.
2.1. Оқыту технологияларының түрлері
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі
сипаттамалар.
Қазіргі кезендегі психологиялық педагогикалық әдебиетгер ғылыми-
технологоиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына "жаңа
компьютерлік технологияларды" енгізуімен бірге келген "технология" деген
ұғым жиі кездеседі. ұылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл
бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және
қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген
технологияларды екі түрге бөлуге болады: өңдірістік және әлеуметтік,
өндірістік технологияларга үлігі ретінде табиғат шикізатын қайта өндеу
технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім
"шығуында" белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен
қайта өңдеу процесі деп айтады.
Әлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нәтиже болатын адам
болады, ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның
қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде
жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік
технологня ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде
өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру
жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметгік технология бұл өте жоғары
деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам
әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған
күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде
олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты
тиімді болатындығын алдын-ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік
технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай
белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды.
Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген
ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді аттап кетеді.
Педагогикалық іс -әрекет саласына "технология" деген сөздікті енгізу
"индустриялдық" технология (Ф.Б.Гильбрейт,
Ф.У Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық
жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік
үкіметгің аймағында ғалымдар (В.П. Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.)
қолдайды. Білім беру салсындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары
оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс- әрекетін
(Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық
технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсапең жақсы нәтижелерге
жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Бірақ егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең
меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелінетін жаңа технологиялар
жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің
жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде
жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминде технологияны жасаушылардың
дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оку
моделі жағына өлшем жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау
технологиясы, информативтік-оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту
технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік
түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар
саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі
негізінен оқушылардың белгелі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытгалған.
Концепция жасаушылардың "ұстаздар-оқушылар" жүйесінің ерекшеліктерімен
ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара
байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал
жері. Егер кәсіби іс-әрекетгке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында
түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін
емес. Бұл тағы да "технология" ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың
негізінде: концептуальдық ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын
түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының
нақтылғы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық
технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласынын
ұғымына сипаттама болып отыр.
"Технология" деген термин гректің түп тамыры lechnе-өнер, шеберлік,
кәсіп және 1ogos -ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының
бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол
өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер
жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрлыс
жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі
барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай
фабриканттарды өңдеудің жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларың
өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады.
Технология ғылым ретінде міндеті-практикада өндіріс процестерінің ең
тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физкалық, химиялық ,
механикалық және тағы басқа заңдылыктарды анықтау. Міне осыдан бірқатар
өте маңызды айқын анықтамалар туады: -технологияны жасау үшін
нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен
қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек; еңбек затын
өндеу тәсілдерін білу; -еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
-еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін)жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық
еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау береді.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құзыреттілік теориясы
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Оқытудың зандылықтары
Оқытудың әдіснамалық және теориялық негізі
Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
Пәндер