Жазу психологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I тарау. Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығына
қатысты әдебиеттерді шолу
1.1. Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығына анықтама
Оқу мен жазудың психологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Бала өмірінде оқу және жазудың рөлі ерекше. Оқу және жазба тіліне
қатысты, бала оқу мен жазу білімін меңгеру деңгейі бүкіл педагогикалық
процестің дамуына әсерін тигізеді.
Сөйлеу мәнері және танымдық қасиеттері бұзылған балалардағы сөйлеу мен
оқу кемшіліктерін В.В.Воронкованың, Г.А.Кашенің, Р.Е.Левиннің,
Д.И.Орлованың, И.Н.Садовникованың қарастырулары бойынша, оқу мен жазудың
бұзылу себептеріне сөйлеудің әр түрлі дәрежедегі бұзылулары жатады:
айтудағы, фонематикалық қабылдаудағы, дыбыстық талдау мен синтездегі,
лексика-грамматикалық дамудағы өзгерістер, сонымен қатар гностикалық
қызметтердің бұзылуы: аумақты қабылдау, оптика-аумақтық талдау және әріптер
гиозисі, қолды қозғалту қызметі, дыбыс есту координациясы, уақыттағы
бейімділік.
Кейбір зерттеулерде оқу мен жазуындағы бұзылулардың жазу үстінде
туындайтын баланың психикалық қасиеттеріне қатысты ерекшеліктерімен: барлық
жазу операцияларының үйлесіміндегі қиындықтармен, олардың әр қайсысына
көңіл аудару мен бірінен біріне өту қиындықтарымен байланысты екендігі
аталып өтеді. Сөйлеу-есту қасиеттерімен, сөйлеу-естуді есте сақтаумен, т.б.
байланысты жазба тілінің әр түрлі бұзулулары көзге түседі.
Г.И.Данилкиннің ойынша, сөзді дыбыстық және морфологиялық талдауды
меңгеруге дайындықтың жеткілікті болмауы, балалардың ана тідін меңгерудегі
танымдық деңгейінің жеткіліксіз болуына негізгі себеп болып табылады. Бұл
сөздегі орындарына байланысты әр түрлі дыбысталатын дыбыстардың
жиынтығында, сөздегі ұқсас дыбысталатын дыбыстарды ажыратуда үлкен
қателердің туындауы. Бала естіген сөзіне қарап жазатын болғандықтан,
дыбысты талдаудағы және синтездеудегі қателіктер, міндетті түрде сөйлеудегі
және сөзді жазудағы қателіктерге апарады.
Жазу мен оқуды қабылдаудағы кедергі келтіретін тағы бір себеп, танымдық
деңгейлері жетілмеген балалардың дыбысты сәйкес әріппен байланыстыра алмауы
екені белгілі.
Бұл шешім сондай балалардың дыбыстық қорытындысына негізделген.
Ана тілін меңгеру қиындықтары, сонымен қатар, оқушылардың әріп пен оның
белгіленуін үйренгенде туындайды. Г.И.Данилкиннің пайымдауынша, танымдық
деңгейлері қалыпты дамыған балаларға қарағанда, бұл балаларға әріпті жазып
үйренуге айтарлықтай уақыт кетеді, және оларда кейбір ұқсас әріптерді
ажырата алмау мәселесі де көп кездеседі. Олардың танымдық бағдары мен
көрулік қабылдауларының бұзылуы соған себеп дей аламыз.
Танымдық деңгейлері жетілмеген - балаларда, көбіне, моторлық аймақ пен
орын болады. Ол майда бұлшық еттердің сәйкес қимылдарының үйлесіміндегі
өзгерістер немесе кемшіліктерден, саусақ бұлшык еттерійін, толық
дамымауынан, қолдың білегінің тұрақсыздығынан туындайды. Тіпті
байланысты олар тез шаршап, жұмыстары бәсеңдей түсіп, орындап отырған
тапсырмаларында қателіктер пайда болады. (Мовкебаева 3. A. ) (2)
I тарау. Сауаттылыққа үйренуге балалардың дайындығына қатысты
әдебиеттерді шолу.
1.1. Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығына анықтама.
Мектепке бару - мектепке дейінгі кезеңде қалыптасқан тәрбиенің
динамикалық стереотипті сынығымен жалғасатын сәттердің бірі.
Осы уақытқа дейін психологияда "мектепке дайындық" және "мектептік
жетілу" түсініктеріне жеке және анық түсініктеме жоқ. Бұған дәлел осы
аумақтағы белгілі мамандардың бұл түсініктерге берген анықтамалары болын
табылады.(В.А.Аверин, 2000)(6)
Мектептік жетілу - бұл біліммен, мүмкіндікпен бірге, мектептік
бағдарламаны оптималды игеруге қажетті басқа да мінездемелерге ие болу,
-деп есептейді, Анна Анастази(7).
Мектептік жетілу - мектептегі білімді игеруге қабілетті болатын
кездегі, дамудың осындай дәрежесіне жету,- деп есептейді белгілі чех
психологы И.Шванцар.
В.С.Мухинның пайымдауынша, мектепке бару - балалар өміріндегі өзгерісті
уақыт, ересектер мен құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға, қоғамдағы жаңа
орынға, жаңа міндеттерге, жаңа өмір сүруге көшу.
Білімге дайындық жүріс-тұрысты өзіндік меңгерудің, танымдық
қызығушылықтардың, ойлау қызметінің анық даму деңгейінен қалыптасады.(Рогов
Е.И. 1995)(9).
В.А.Авериннің ойынша, кішкентай мектеп оқушысының өзіндік іс-
әрекеттері, оның білімге дайындығын анықтайтын негізгі түс болып табылады,
өйткені, ол жеке танымдық процестермен қатар, ересек адамға(мұғалімге),
құрдастарына және өзіне деген қатынасынан көрініс табады.
Бұл байланыста балалардың мектепке дайындық мінездемесі үш аспектіні
құрайды: физикалық, негізгі және психологиялық.
Білімге физикалық дайындық, ең алдымен,баланың функционалдық
мүмкіндіктерін және оның денсаулығының жағдайын бейнелейді.
Баланың мектепке баратын кезіндегі денсаулығын бағалай отырып, келесе
мәселелерді негізге алу керек: физикалық және жүйке-психикалық даму
деңгейі; дененің негізгі жүйелерінің қызмет деңгейі; қалыптасқан дерттің
болуы немесе болмауы; жағымсыз жағдайларға дененің қарсы тұру қалпы;
баланың қоғамдағы жағдайы.
Дайындықтың негізгі аспектісіне келетін болсақ, оның астарнында
еріктік-дайындықты нұсқайды.
Интеллектуалдық дайындық дегеннен кейбір танымдық процестердін даму
деңгейін талап қылуды түсінуге болады. Е.И.Роговтың санауылша, білімге
интеллектуалдық дайындықты жан-жақты бағалауда ең маңыздылары:
-қабылдаудың дифференцялығының деңгейі,
-аналитикалық ойлау (мысал тудыра алатыннегізгі белгілер мен жағдайлар
арасында байланыс тудыра алу мүмкіндігі)
-шындыққа рационалдық көзқараспен қарау (фантазия рөлінің әлсіреуі)
-логикалық есте сақтау
қол қимылдары мен көру қлзғалыстарының дамуы
ауызекі сөйлеуді қабылдау және символдарды түсіну мен қабылдау мүмкіндігі
- білімге қызыгушылық және оны алу үшін қосымша еңбек.
Тұлғалық дайындық диагностикасы ең қиыны болып саналады, өйткені,
баланың ересектерге, құрдастарына, өзіне деген қатынас даңгейін бағалау
керек болады. Тұлғалық дайындық мотивациялық сфераның белгілі даму деңгейін
белгілейді.
Психологиялық дайындықтың соңғы соңғы аспектісі - бұл эмоционалды-
ерікті сфераның даму диагностикасы, дәлірек айтқанда, эмоционалдық зейіннің
деңгейі. Эмоцогиендік факторлар баланың психикалық жұмыс қабілетіне жақсы
әсерін тигізеді.(В.А.Аверин, 2000).
Оқушының байқалатын ерекшелігі, оның оқуы қоғамдағы белгілі қызметі,
оның оқуы міндетті болып табылады. Ол сол үшін мұғалімнің, мектептің, ата-
ананың алдында жауапкершілікке ие. Оқушының өмірі барлық оқушыларға бірдей,
ауыр жүйеге бағынышты. Оның негізгі мазмұнына барлық балаларға бірдей,
білім игеру болып табылады.
Ұзақ және жүйелік оқу сабақтары, қозғалыстың азаюы, белгілі статикалық
жүк, жаңа міндеттер мен тәртіп талаптары - бұлардың бәрі бірінші сынып
оқушыларына қиындықтар тудырады. Көп балаларда, әдетте оқудың бірінші
апталары мен айларында айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Соның
негізінде, "мектептік стресс", "адаптациялық ауру", "мектептік шок" деген
аурулар жайында айтуға тура келеді.
Егер бала организмі туындайтын қиындықтардан өтуге көбірек дайын болса,
соғұрлым адаптация кезеңінен жеңіл өтеді. Сондықтан да мектептік жетілу
мәселесі, оптималдық жасты дайындау, жүйелік оқудың бастамасы, рационалдық
формаларды, әдістерді іздеу көптеген елдердің педагогтарын, бала
дәрігерлерін, психологтарын ойландырады. Бірақ "мектептік жетілу", "білімге
дайындық" түсініктерінің нақты анықтамалары жоқ. Және баланың жүйелік оқуға
дайындығы жөнінде сенімді критерийлер белгіленбеген.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі балалардың дайындық бағдарламасы
мектепте оқуға психологиялық дайындықтың кейбір бөлімдерінің негізінде
құрылған.:
- қоғамдық-тұлғалық,
- интелектуалдық
- физикалық дайындық
Қоғамдық-тұлғалық дайындық ересектерге, құрдастарына, ө:зіне қарым-
қатынасының қалыптасуына көзделген, тәрбиелік-білімдік жұмыстың негізгі
бағдарламаларын қамтиды.
Интеллектуалдық дайындық - оқу қызметінде маңызы бар білімнің, ілімнің
белгілі жиынтығы.
Физикалық дайындық - қозғалыс ілімдері мен қабілетін білдіреді, баланың
дамуы мен бой көрсеткіші, тік дене, т.б.
Гигиенисттер "Мектептік жетілу" деген терминді ойлап тапты, яғни
баланың жүйелік білімге дайндығы. Морфологиялық және функционалдық дамудың
белгілі деңгейі оқу мүмкіндігін тудырады.
Бала дәрігерлері физикалық тексеру негізінде баланың билогиялық жас
мөлшерін анықтайды. Көрсеткіш негізінде баланың бойы, ұзындықтың қосылуы,
тістердің санын алады.Баланың әрбір тексерілуіндегі көрсеткіші, оның жасы
мен жынысына сәйкес стандарттармен салыстырылынады.
1948ж. А.Н.Леонтьев "мектептік оқуга баланың психологиялық дайындығы"
деген түсінікті ұсынды. Ол бұл дайындықтың ең қажетті компенентін көрсетті
- балалардың өз іс-әрекеттерін басқару қабілеттерінің дамуы.
Д.Б.Эльконин мен Е.М.Бохорский баланың мектепте оқудың психологиялық
дайындығының негізі үлкендердің талаптарына және ережелеріне бағынуы деп
санайды.
А.Л.Венгер мектепке дайындықты нормаларға қатысты етіп пайдалануға
болатын жағдайға қатыссыз формаларды меңгеруге дайындық деп санайды.
Р.С.Немовтың айтуынша, бала танымдық жоспарда ектепке барғаннан
бастап, мектептік бағдарламларды еркін қабылдай алатын дамудың жоғары
деңгейіне көтеріледі. Дегенмен, мектепке психологиялық дайындық мұнымен
ғана шектелмейді. Танымдық процестерден басқа: қабылдау, көңіл
адару, елестету, ойлау және сөйлеу, - оның құрамына тұлғалық
ерекшеліктердің қалыптасуы жатады, оның ішінде мотивтер, қабілеттер,
баланың мінезінің қалыптасуы, әр түрлі қызметтерді атқарудағы қабілеттері.
Мектепке келерде баланың өзін-өзі бақылауы, еңбектік қабілеті және
дағдысы, адамдармен қарым-қатынас жасай білуі, іс-әрекеті жоғары деңгейде
дамыған болуы қажет. Баланың білімді үйренуі және меңгеруі үшін осы
айтылған қабілеттердің бәрі оның бойында жеткілікті деңгейде көрінуі керек.
Балалардың сөйлеу дайындығы, Р.С.Немовтың ойынша, танымдық және
тәртіптік процестерді өзіндік басқаруда сөзді қолдануға үйрену мен оқу
нәтижесінде көрінеді. Сөйлеу қабілетінің дамуы қарым-қатынас жасау құралы
ретінде көрінуі және жазуды үйренудің алғышарты екендігі де маңызды,
себебі, жазба тіл баланың интелектуалдық даму прогрессінің көрсекіші.
Тұлғалық дайындықтың балалардың оқуға танымдық - және ителлектуалдық
дайындықтары сияқты пайдасы мол. Осыған баланың оқуға деген қызығушылығы
және жетістіктері қатысты. Танымдық қалау "толмайтындардың" қатарына
жатады, олардың ең басты ерекшелігі, қалаулары орындалған сайын, ол күшейе
түседі.
Балалардың оқуға мотивациялық дайындығы туралы айтқан кезде жетістікке
жетуді қалап, өзін-өзі бағалау мен жарыстың деңгейін нысанаға
алу керек. Баланың жетістікті қалау қасиеті, әрқашан қорқыныш сезімінен
басым тұру керек. Оқуда, қарым-қатынаста, практикалық жағдайларда, басқа
адамдармен мүмкіндіктері жағынан салыстырылатын кездерде қорқынышты,
сенімсіздікті аз көрсету керек. Өзін-өзі бағалаудың адекватты болғаны
маңызды, ал болатын жарыс оның мүмкіндіктері сәйкес келетін түрде өткізілуі
қажет.
1.2. Жазу мен оқудың психологиясы.
Жазу психологиясы.

Жазу - күрделі психикалық процесс, әр түрлі формаларға ие, тілге кез-
келген психологиялық классификацияда ене алады. Жазба тілі ауызекі тіл
сияқты құрамына жазу мен оқуды қамтиды. (Цветкова Л.С.,1988)(22).
Жазу тарихының дамуы жазба тілінің дамуы, примитивті мнемоникалық
белгілерден туындаған, адамның жасанды есте сақтау қабілеті болып
табылатынын көрсетеді.
Тарихтың елгілі бір кезеңінде, адамдар оқиғаны, өз ойларын белгілі бір
тәсілдермен жазып алып отырған. Жазу тәсілдері өзгеріп отырғанымен, қарым-
қатынас жасаудың, хабарлаудың, есте сақтаудың мақсаттары өзгермей қала
берді. Егер адамзаттың бастамасын отты пайдаланудан батайтын болса, адамзат
өмір сүруінің төменгі және жоғарғы формаларын бөлетін шекара жазу өнерінің
пайда болуы десек болады. Жазу өнерінің алғашқы формаларының бірі есте
сақтау үшін түйін байлау болып саналады.
Жазу өнерінің дамуы басқа заттарды қолданумен байланысады. Көне Перуде
мемлекет өмірінен кейбір жайларды жазып қалдыру үшін "квипу" деп аталатын
міндетті жазбалар болды.
Алғашында адамдар символдарды ойлап тапты - ағаштарды ою, суреттер -
пиктограммалар, өзгерістер нәтижесінде кейін идеограммаға айналған, осылай
кейін жазба өнерінің бастамасына айналды. Бұны алғаш ассирийялықтар ойлап
тапты. Бұл әдіс идеяның туындуына көмегін тигізді. Кейінірек идеограммалар
белгілердің жиынтығына, әріптерге, олар Египетте пайда болған символикалық
буындық жазбаларға айналды. Лсы ойлардың, идеялардың жазылуының үзақ
тарихынан кейін алфабиттік жазу пайда болады. Гректер ойоап тапқан бұл
жазуда бір әріптік белгі бір дыбысы білдіреді.
Сонымен біз жазу тарихы бейнеліліктен ауысып, тілге қарай дамығанын
байқаймыз. Алғашында ол ауызекі тілге қатыссыз дамыса да, кейіннен ауызекі
тілдің жалғасына айналды.
Қазіргі жазба тілі алфабиттік характерге ие, ауызекі тілдің дыбыстары
әріппен белгіленеді, шындығында бұл дыбыс - әріп деген қатынас барлық
тілдерге қатысты емес. Мысалға, ағылшын тілінде, немесе түрік және грек
тілдерінде ауызекі модальді тілі жазба тілінен едэуір ерекшеленеді. Жазба
тілі ауызекі тілдің қорымен дамиды және тілдік дамудың ең жоғарғы этапының
көрсеткіші.
Жазба тілінің дамуында сөз бен естілгеннің арасында, айтылған сөз бен
көзбен көрген сөздің арасында жаңа байланыстар туындайды. Егер ауызекі тіл
тілдік анализаторлардың әрекетімен пайда болса, жазба тіл, Ананьев Б.Г.-нің
айтқаны сияқты, есту емес, көру есту-моторлы қасиетпен пайда болады. Жазба
тілінде ауызекі сөздің дыбыстық жағы белгілі графикалық белгілермен
көрсетіледі, дыбыстардың уақыттық жалғасуы графикалық бейнелердің кезеңдік
жалғасына ауысады.
Осы жағдайдың өзі жазба тілімен ауызекі тілдің арасындағы күрделі өзара
байланысты көрсетеді, олар бір-бірімен тығыз байланыста, және сол
байлныстар олардың ерекшеліктерін көрсетеді. Жазу мен ауызекі тілдің
қатынасына А.Р.Лурия, Б.Г.Ананьев, Э.С.Бейк, Р.Е.Левиннің, О.Ф.Кауфманның
еңбектерінде көңіл аударылады.
XIX ғасырдың өзінде кейбір классик - неврологтар жазуды оптико-моторлы
акт ретінде қарастырады., ал оның бұзылуын - оптико-моторлы актың жоғалуы
деп есептейді. Жазба білге берілген мұндай анықтама оны тілдің
қасиеттерінен алыс алып кетті.
Қазігі психология жазба тілді , сөйлеу әрекетінің қабылданған күрделі
түрі ретінде қарастырады. Және ол өзіндік ұқсастықтар мен ерекшеліктерге
ие. Зерттеулердің шешімдері бойынша, жазба тілі мен ауызекі тіл
процестерінің айырмашылықтарын мына қасиеттері арқылы байқауга болады:
пайда болуымен;
қалыптасу тәсілімен;
даму тәсілімен;
психологиялық мағынасы арқылы;
қызметтеріне қарай.
Ауызекі тіл өмірдің екінші жылында пайда бола бастайлы, ал жазба тілі
болса алты-жеті жаста қалыптасады. Ауызекі тіл, әлбетте, ересек адамдармен
қарым-қатынас негізенде қалыптасады, ал жазба тіл болса, саналы түрде
үйрену арқылы қалыптасады.
Жазба тілі басынан бастап-ақ саналы іс-әрекет ретінде көрінеді, тек
уақыт өте қалыпты жағдайға айналып, дағдыланған әдіске айналады. Ол осы
қасиетімен еріксіз пайда болатын, өзінше дамитын ауызекі тілден
ерекшеленеді.
Бала жазуды үйрене бастаған кезде, әрбір істеген әрекет ережемен,
саналы іс-әрекет болып табылады. Балаға сөзді жазу бірнеше тапсырмалардың
қосындысы болып табылады: Дыбысты анықтау, осы сәйкес әріппен белгілеу,
есте сақтау, және жазу. Жазуды үйренудің соңғы кезеңдерінде жазу үстінде
кейбір әдістер үмытылып, олар қалыптасқан әдетте жазыла береді, солай
жалғаса келе, психикалық әрекет - жазба тілін айналады.
Ауызекі тіл мен жазба тілінің нақты айырмашылығы бұл процестердің
психологиялық сәйкестіктерінде көзге түседі. С.Л.Рубинштеин тілдің бұл екі
түрін салыстыра отырып, аузекі тілдің оқиғалық болатынын жазған.
Хабарды айту және қабылдау қарапайымдалатың, контекст тудыратын жалпы
оқиға ауыз екі тілде болады. Екіншіден,ауыз. екі тілде коммуникацияға көмек
болатын эмоционалды көрсеткіштерге ие: сейлгу арасындағы пауза, мимика,
қимылдар ауызекі тілде жағдайды тудырады. Үшіншіден, ауызекі тілде
мотивациялық сфераға байланысты бірнеше формальды амалдар бар.
Жазба тілінің мотивтері де кеш көрінеді, олар кейін абстракты және
интеллектуалды болады. Балада жазу мотивтерін тудыру қиынға соғады, өйткені
олар жазуды қажет етпейді.
Жазба тілі бірнеше психологиялық ерекшеліктерге ие:
ауыз екі тілге қарағанда ерікті. Ауызекі тілде қалыптасқан дыбыстық форма,
жазуға үйренуде бөлуді, талдауды,синтездеуді қажет етеді. Фонетика сияқты
жеке фразаларда ерікті.
Бұл саналы әрекет ниетпен байланысты. Белгілер иен олардын, қолданылуы,
баламен саналы түрде қабылданады. Ал ауызекі тілде оған қарағанда санасыз
түрде қабылданады.
Выготский Л.С., жазба тілі - тілдің алгебрасы, ойластырылған және
саналы тіл әрекетінің қиын және күрделі түрі деп анықтайды.
Жазба тілі мен ауызекі тілдің айырмашылығы олардың қызметтеріненен де
көрінеді:
Ауызекі тіл сөйлесу кезіндегі ауызша сөйлеудің қызметін атқарады, ал жазба
тіл келесе бір адамға мазмұнды жеткізу үшін қызмет етеді. Оның
іскерлік,ғылыми, т.б. түрлері болады.
Ауызекі тілмен салыстырғанда жазба тіл қарым-қатынас жағдайларында ауызекі
тілге көмекші ғана болып көрінеді.
Жазба тілінің қызметі ауызекі тілге қарағанда кеңірек. Жазба тілінің
қызметі - хабарды кез-келген қашықтыққа жеткізе алуы, хабарды белгілі бір
уақытқа белгілей алуы болып табылады. Олар адамзат дамуының шегін кеңейте
береді.
Жазудың бұл мінездемесі жазба тілі мен ауызекі тілді лингвистикалық
және психологиялық тәжірибеде екі деңгей ретінде қарастыруға көмектеседі.
XIX ғасырдың агылшын неврологы Х.Джексон жазу мен жазылғанды түсіну
символдармен символдарды басқару деп санаған. Ауызекі тілді қолдану
Л.С.Выгодскийдің пайымдауынша, алғашқы символдарды, жазба тіл кейінгі
символдарды қажет етеді. Сондытан да, жазба тілі тез және анайы түрде
өзгеріске ұшырап отырады, өйткені ол соңғы және күрделі функция деп
қарастыра аламыз. Ауызекі тіл мен жазба тілдің айырмашылықтарынан мынадай
қорытынды жасаымыз. Жазба тілі:
саналы және ерікті процесс
оның бірлігі монолог болып табылады.
- Оқиғалы ауызекі тілге қараған жазба тіл контексті болып келеді.
Арнайы тіл аударуға қатысты әдістер арқылы өздігінен туындайды,
активтенеді, бақылайды;
Оны экономды ететін қосымша амалдары жоқ, олар амалдар жиынтығын қолданады.
(лексикалық, синтаксистік, фонетикалық);
ол толықтырылған;
өзінің дамуы үшін абстракцияны талап етеді; ол ойланылады, бірақ
айтылмайды;
жазба тілі - тілдің алгебрасы;
мотивтер интеллектуалды.
Жазба тілінің психологиялық жүйесі.
Жазудың психологиялық жүйесі өте күрделі. Сөздің дыбыстық талдануы
оның алғашқы және негізгі компоненті, естілген сөзден арнайы дыбыстарды
бөліп қарастырып, оларды тұрақты фонемаға айналдырады. Жазу процесіне
енетін екінші компоненті сөзден берілген дыбысты оған сәйкес әріппен
бейнелеу болып табылады. Қимылдардың көмегімен көзбен көрінген әрпті
графикалық бейнелеуге айналдыратын перешифровка үшіншісі болып табылады.
Жазудың психологиялық жүйесі біз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамдар арасындағы қарым қатынас рөлі
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Дін психологиясы пәнінің ерекшеліктері
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Тіл мәдениетінің сипаты
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Қарым-қатынасқа және сөйлеуге жалпы сипаттама
Пәндер