Қан тоқтату тәртібі
Тақырыбы: Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізіг бөлім
1. Қан ағу түрлері, тоқтату тәсілдері
2. Асептика және антисептика туралы түсінік.
3. Жаралар, жара инфекциясы
4. Сүйектің сынуы, алғашқы медициналық көмек.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.
Алғашқы медициналық көмектің міндеті — жарақаттанған адамның өмірін
сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп қиналудан асқыну
мүмкіндігінен сақтандыру, жарақат немесе ауру зардаптарының жеңілдеуіне
мүмкіндік жасау.
Жазым болған жерде алғашқы медициналық көмекті жарақаттанған адамның
өзі (өзіне-өзі жәрдемдесу) немесе оның серігі (өзара жәрдем), жасақшы
санитар қыз көрсетуіне болады. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мынадай
шаралары бар: қанның ағуын уақытша тыю, жараға немесе дененің күйген жеріне
стерильді таңғыш байлап, қолдан тыныс алдыру және жүрек тұсын ұқалау,
антидоттар жіберіп, антибиотик ішкізу, ауруды басатын (шок кезінде) дәрі
егу, жанып жатқан киімді сөндіру, тасымалдауға әзірлеп, иммобильдеу,
дөңесін жылыту, ыстық пен суықтан сақтау, противогаз кигізу, жарақаттанған
адамды зақымданған жерден, әкетіп, аз-аздап санитарлық тексеруден өткізу.
Алғашқы медициналық жәрдем неғұрлым тез көрсетілсе, зақымданудың
бұдан былайғы барысы мен сауығу нәтижесіне, тіпті өмірді сақтап калуға
шешуші әсер етеді. Қан көп кетіп, электр тогы соққанда, суға батқанда,
жүрек қызметі, тыныс алу тоқтағанда, басқа да бірқатар жағдайларда дереу
алғашқы медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Егер алғашқы медициналық көмек
көрсетуді қажет ететін зақымданушылар көп болса, оның кезегі мен қайсысына
жедел жәрдем берілетіні анықталады. Ең алдымен балаларға және өте ауыр
зақымдалған немесе жараланған науқастарға көмек беріледі.
Қат-қабат жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек көрсете отырып,
оның жеке тәсілдерін орындаудың жүйесін анықтап алу керек. Алдымен
зақымданған адамның өмірін сақтап қалуға немесе келесі медициналық жәрдем
көрсетуге қажетті мүмкіндік беретін тәсілдер орындалады. Мәселен ортан
жілік тіке сынып, артериядан қан кеткені байкалса, алдымен өмірге , қауіпті
қан кетуді тиып, жараға стерильді таңғыш салып байлайды да, аяқ қолды тек
содан кейін ғана иммобильдейді, арнайы шендеуіш салады немесе сынықты
қимылдатпайтындай қолда бар құралдар пайдаланылады.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткенде қолданылатын тәсілдердің қай-
қайсысы болса да ұқыптылықпен, ойлап орындау керек. Қалай болса солай
көрсетілген көмек зақымданушыға зиянын тигізіп, оның халін нашарлатуы
мүмкін. Алғашқы медициналық көмекті бірнеше адам керсетуге тура келген
жағдайда, іске жұмыла кіріскені жөн. Мұндайда жәрдемдесушілердің біреуі
басшылық жасап, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін орындағанда
барлығына жетекшілік етуі тиіс.
Алғашкы медициналық көмек көрсеткенде тізімдік және қолда бар
құралдар пайдаланылады. Таңу материалдары — бинт, медициналық таңу пакеті,
үлкен және кішкене стерильді таңғыштар мен салфеткалар, мақта және басқалар
алғашқы медициналық көмек көрсетудің тізімдік құралдары болып табылады. Қан
кеткенде таспалы және түтікті қан тоқтататын жгуттерглен тыяды, ал
иммобильдеуге арнайы фанер, баспалдақты, торлы және басқа шендеуіш
қолданылады. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ампула немесе шишаға
құйылған 5 проценттік спиртте ерітілген иод, шишаға құйылған 1—2 проценттік
спиртте ерітілген бриллиант көгі, валидол таблеткалары, шүйіншөп (валериан)
тұнбасы, ампулаға кұйылған мүсәтір спирті, натрий гидрокарбонатының (ас
содасы) таблеткалары немесе ұнтағы, вазелин және басқа кейбір дәрі-
дәрмектер қолданылады. Зақымдау ауқымында радиоактивті,
уландырғыш заттармен және бактериялық құралдарға шалдыққан зақымданушыларға
жеке адамға арналған аптечкамен (АИ-2) сақтандыру шарасы жасалады.
Санитарлық жасақтар мен санитарлық постарға тізімдік құралдар
беріледі. Құрылыс пен өндірістік учаскелерге, цехтарға, фермалар мен
бригадаларға, оқу орындары мен мекемелерге, тұрғын халық тынығатын жерлерге
алғашқы көмек көрсетуге арналған аптечкалар жиынтығы койылады. Адамдарды
тасымалдайтын құралдарда, сондай-ақ жеке пайдаланылатын автомобильдерде де
аптечкалар болуы тиіс.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткенде қолда бар құралдар ретінде:
таңғыш салып байлауға — ақжайма, жейде, мата (түсінің, ала-құла болмағаны
жен); аққан қанды тыюға — жгуттың орнына белбеу немесе белдік, ширатылған
мата; сүйек сынғанда — шендеуіш орнына қатырма қағаз немесе фанер тілкемі,
тақтай. таяқ және т. б. пайдалануға болады.
Жаралар, жара инфекциясы
Терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалын, ткань қабатының
бүлінуінен жанға батып ауыртатын қан кететін зақымданған жер жара деп
аталады.
Караның түрлері өте көп: оқ тигенде, кесіп алғанда, шауып алғанда,
шаншып алғанда, соғып алғанда, мылжаланғанда, жырымдалғанда, бір нәрсе
шағып немесе тістеп алғанда жара пайда болуы мүмкіндік тигенде немесе әлде
ненің сынығы тигенде оқ жарасы пайда болады. Оқ тесіп өтсе — теспе жара;
оқ немесе әртүрлі жарықшақтар тканьде қалып қойса — тұйық жара, ал оқ
немесе әртүрлі жарықшақтар тканьде қалып қоймай, тері мен жұмсақ тканьді
бүлдіріп, жанап өтсе — жанама жара деп ажыратылады Кесіп алғанда және
шаншып алғанда жара онша аумақты болмайды, жараның ішкі жағы мен кенересі
тіршілігін сақтап, қан көп кетеді, жараның басқа түрлеріне қарағанда бұл
инфекцияға аз шалдығады. Шаншылған өтпе жараның аумағы өте үлкен болмаса да
тері мен кілегейлі қабықшаны тереңірек бүлдіріп, ішкі мүшелерді зақымдайтын
және инфекцияға шалдықтыратын мүмкіндіктеріне байланысты өте кауіпті
болады, соның салдарынан перитонитке және сепсиске айналуы да мүмкін,
Шабылған_ жараның тереңдігі біркелкі болмайды, оның жұмсақ тканьдері
соғылып, мылжаланады. Соғылған. жырымдалған және мылжаланған жаралар —
жараның өте ауыр түрі; оның жиегі жұлмаланып, қанталайды, жансызданған
(некротизацияланған) тканьдері өте көп болғандықтан, инфекцияның дамуына
қолайлы жағдай туады. Жырымдалған жара бір нәрсенің күшті жарақаттауынан
пайда болады, көбінесе тері сыдырылып, сіңір, бұлшық ет, қантамырлар
бүлінеді, лас көп түседі. Тістелген жараға әрдайым сілекей арқылы инфекция
жұғады.
Операциядан басқа жаралардың барлығы инфекцияға ұшырайды.
Жарақаттайтын нәрсемен бірге, топырақтан, киім қиқымдарынан, ауадан және
қолдың жанасуынан жараға микробтар түседі. Микроб түскен жара іріңдеп,
тілме ісікке айналып, асқынады. Ауасыз дамып, анаэробты инфекция (қабарма
гангрена) туғызатын микробтар жараға түссе, тіпті қауіпті болады. Бұдан
басқа жараға сіреспе қоздырғыштары жұқса, ол асқынып кетеді. Ластанған,
әсіресе топырақ түскен жарақаттардың барлығына сондай-ақ мылжаланған
тканьдерге сақтандыру шарасын жасау үшін жаралы адамға сіреспеге қарсы
тазартылған анатоксин немесе сіреспеден сақтайтын сарысу етеді.
Асептикалық таңғышты неғұрлым жедел салып байлау жараға микробтардың
одан әрі түсуінен сақтандыратын алдын ала шара болып табылады.
Жараның дене сыртында болуы немесе бассүйек қуысына, көкірск сарайына,
құрсақ қуысына етіп кетуі де мүмкін. Өтпе жаралар өте кауіпті болады.
Кеудедегі етпе жарадан көбінесе өкпе зақымданып, қан қақыру, плевра қуысына
қан кету" және шел эмфиземасы туындайды. Кеудедегі өтпе жараларды ашық,
бітеу жара және қақпақ пневмотораксы деп ажыратады, мұнда ауа кеңірдектен
немесе өкпеден көкірек қабырғасындағы жара арқылы плевра қуысына өтеді.
Жаралану кезінде плевра қуысына ене бастаған ауа ікара өзегі жолындағы
жұмсақ тканьдердің жылжуы салдарынан дереу тоқтап қалатын кездер жиі
байқалады. Міне бітеу пневмоторакс осылай пайда болады. Аздап келген ауа
плевра қуысына дереу таралады.
Апық пневмоторакспен ауырған адамның кеудесінде өтпе жара болғанда
жара арқылы плевра қуысына ауа тыныс алғанда сорылып, тыныс шығарғанда
сыртқа шығарылады. Әдетте ашық пневмотораксты жарақаттанған адамның
кеудесінде тыныс алу және жүрек қантамыр қызметінде жетімсіздік құбылысы,
жіті гипоксия (оттегі жетімсіздігі) пайда болады. Булығу, жөтел, кеуденің
ауыруы зақымданушының халін ауырлата туседі.
Қақпақ пневмотораксы өте қауіпті болып табылады, мұнда тыныс алған
кезде плевра қуысына сорылады, ал тыныс шығарғанда сонда сақталып қалады.
Ауа плевра куысына кеуде қабырғасындағы жара арқылы келуі ықтимал — мұндай
жағдайда сыртқы пневмоторакс деп аталады, сондай-ақ ауа кеңірдек жарасы
арқылы да енеді — бұл жағдай ішкі пневмоторакс делінеді. Ауа кеуде
қабырғасындағы жара арқылы плевра куысына енгенде шел эмфиземасы пайда
болып, шел клеткасына да өте алады.
Қарындағы өтпе жара кезінде ішкі мүшелердің: бауыр, қарын, ішек,
бүйрек және басқалардың зақымдануы да, зақымданбауы да, олардың кұрсақ
қуысынан түсуі де, түспеуі де мүмкін. Қарындағы өтпе жараның жарақаттан
басқа белгілері: ауру ішке таралады, құрсақ қабырғасындағы бұлшықет
созылады, іш кеуіп, шөлдейді, ауыз тобарсиды. Іште бітеу жарақат болған
жағдайда, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелердің жараланбай-ақ зақымдануы да
мүмкін.
Қан ағу түрлері, тоқтату тәсілдері.
Қан кету — жара өте асқынып кеткен жағдайда адам өміріне аса қауіпті
құбылыс. Зақымданған кантамырлардан қанның шығуы қанкету деп түсіндіріледі.
Қанның қаитамырлардан зақымдана салысымен дереу немесе біраз уақыттан соң
кешігіп барып та шығуы мүмкін.
Қантамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің артериялық,
веналық, капиллярлық және паренхиматоздық түрлері болады.
Ең қауіптісі — артериялық, қан кету, мұнда организм аз уақытта едәуір
қанықан айрылады. Артериялық қан кету белгілері — қан түсінің алқызыл
болуы, қанның лақылдап, шапшып ағуы, Артериялық қан кетуден веналық қан
кетудің мынадай айырмашылығы бар: қошқыл түсті қан толассыз ағады және оның
шапшып атқылауы байқалмайды. Тері, шел клеткасы және бұлшықеттердегі ұсақ
қантамырлар бүлінгенде капиллярлық қан кетеді. Капиллярлық қан кету
кезінде жараның үсті түгелдей қан болады. Ішкі мүшелер: бауыр: талақ,
бүйрек, өкпе зақымданғанда паренхиматоздық қан кетеді (бұл қашан да
тіршілік үшін қауіпті).
Қанның сыртқа да, ішке де кетуі мүмкін. Қан сыртқа кеткенде терідегі
және көзге көрінетін кілегейлі қабықшадағы, қуыстағы жара арқылы ағады.
ішке қан кеткенде тканьдерге, мүшелерге немесе қуыстарға қан құйылады,
сондықтан ол қан құйылу деп аталады. Қан тканьдерге құйылғанда сіңіп,
инфильтрат немесе қанталау деп аталатын кішкене ісік пайда болады.
Тканьдерге біркелкі сіңбей, жылжып аққан қан қуыстарға толып томпаяды да,
олар гематома деп аталады. Қансырап, 1—2 л қаннан айрылғанда, әсіресе дене
бірнеше жерден жарақаттанғанда зақымданған адамның өліп кетуі де мүмкін.
Қан тоқтату тәртібі
Бұрау қою - аяқ-қолдың ірі күре тамырлары зақымдалған кезде қанды
уақытша тоқтатудың негізгі әдісі. Бұрауды санға, сираккз. иыққа жәке
білекке қан аққан жерден жоғары, жараға жақын қояды. Ол киім мен бинттен
жасалған жұмсақ төсем немесе қолда бар материал болуы мүмкін. Теріні қыспау
үшін оны ортасынан ұстайды, бұраудың келесі орамдары біріншімен қатар
орналасуы (алдыңғы орамның шетін аздап баса отыра) және үстіңгі жағын
кеңінен басу үшін жарақаттанған аяқ қолды созып байлайды. Бұраудың шетін
ілгектің көмегімен бекітеді, олар жоқ болса түйеді. Аяқ-қолға бұрауды дұрыс
қойған жағдайда қойылған жердің төменгі бөлігі ағарады, тамыр соғысы
қалыпқа түсіп, қанның ағуы тоқтайды. Айы-күні, сағаты мен минуты
көрсетіліп, бұрау қойылған уақыты жазылады. Бұрауды 1,5-2 сағаттан артық ал
суық уақытта 1 сағаттан артық қоймайды, әйтпесе бұрау қойылған жердің төмен
жағындағы аяқ-қолдың бөлігі жансыздануы мүмкін. Бұрау қойылған сәттен
бастап екі сағат өткен жағдайда тамырдың соғысын бақылай отырып, тамырды
саусақпен ақырындап қысып, бұрауды 5-10 минутке босаңсытып, бұдан кейін оны
қойылған жерден аздап жоғарырақ етіп қайтадан қояды. Сырқатқа хирургиялық
көмек көрсетілгенше әрбір сағат сайын бұрауды уақытша алып отырады. Бұл
жағдайда әрбір алып қойылған сайын оны жазбаша белгілеп отырады.
Халық емшілігіндегі қан тоқтаушы қарапайым әдістер.
1. Ана суті.
Босанғанына екі аптадан асқан әйелдің сүтін дәкеге не болмаса құрғақ
таза шүберекке сіңіріп жарақатқа басады.
2. Биік қарандыз (девясил) тамырының тұнбасы.
2 шай қасық ұнтақталған тамырды 2 стақан салқын суға салып 8 сағат
тундырып, сүзгіден өткізеді. Күніне 14 стаканнан 3-4 рет тамақтан 30 минут
бұрын ішеді.
3. Тараққұйры ң (тысячалистник) шөбінің маңызы. Бір шай қасық шөпке
бір стакан қайнаған су құяды. Тундырып, сүзгіден өткізеді.
Күніне тамақтан бұрын 13 стакан мөлшерінде
қабылдайды.
4. Қымыздың (конский щавель) тамырының маңызы. Тамырдың бір ас
қасығын 1,5 стакан суға салып, 15 минут қайнатады. Кейін 4
сағат тұндырады. Күніне 1 ас қасықтан і 3-4 рет тамақтанар алдында
ішеді.
Жараланғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Асқынған жараларға жасалатын сақтандыру шарасы. Кез келген,
тіпті ең кішкене жара зақымданушының өміріне қауіп туғызады — олар әртүрлі
микробтардың көбеюіне қолайлы орын болып табылады, ал кейбіреулерінен қан
көп кетеді.
Осы асқынуларға алғашқы медициналық көмек көрсеткенде жасалатын
негізгі сақтандыру шаралары — жараны неғұрлым бұрынырақ стерильді таңғышпен
байлау, асептика және антисептиканың ережелерін қадағалау, қан кетуді
тоқтату. X Асептика және антнсептика туралы ұғым. Асеихииа дегеніміз бұл
жараға микробтар түсуден сақтандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Асептика — жара инфекциясына сақтандыру шарасын жасау әдісі. Оны тек
негізгі ережені қатаң сақтағанда — жараға жанасатын нәрселердің барлығы
стерильді болғанда (микробтар болмау керек) ғана жүзеге асыруға болады.
Жараға қол тигізуге, ондағы жарықшақтар мен қиқым сиқымдарды алып тастауға,
стерильденбеген материалмен жараны жабуға болмайды.
Жарадағы микробтарды азайтып, жоюға бағытталған шаралар жүйесі
антесептика деп аталады. Антисептиканың механикалық, химиялық және
биологиялық түрлері болады. Жараны бірінші рет хирургиялық емдеу
механикалық антисептикаға жатады. Физикалық антисептика микробтардың жарада
өсуіне қолайлы жағдай туғызбайтын — жараны кептіру, оның іріңін түтік
арқылы шығару және жара бөліндісін ағызу әдістерін қолдану арқылы жасалады.
Күн сәулесі және ультра-күлгін сәулелермен қолдан сәулелендірсе, микробтар
өледі. Химиялық антисептика микробқа қарсы әсер ететін әртүрлі дәрі-
дәрмектерді қолдануға негізделеді. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады.
Әсіресе иод тұндырмасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий
перманганатының ерітінділері тәрізді, т. б. антисептикалар барынша кең
қолданылады. Антисептикалардың, мысалы Вишневский майы сияқты, бірнеше
заттардан құралуы мүмкін. Жара инфекциясына сақтандыру шарасын жасауға және
емделуге қолданылатын антибиотиктер бкологиялық антисептикаға жатады.
Жараның инфекцияға шалдығуымен күресте асептика және антисептика
әдістері бірін-бірі толықтыра түседі.
Таңғыш және таңу туралы ұғым. Таңғыштардың түрлері және оларды байлау
әдістері. Таңғыш дегеніміз — жараның үстін басып байлайтын таңу материалы.
Жараны таңғышпен байлау таңу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz