Басқару әдістерінің маңызы және әдістерді қолдану жолдары
5В050600-Экономика
Жайлау шаруа қожалығын басқару әдістерін тиімді пайдалану жолдары
Мазмұны
Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------------- ---------------------
1. Ауыл шаруашылығын басқарудағы өзекті мәселелер
0.1 Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың ролі ----------
0.2 Басқару әдістерінің маңызы және әдістерді қолдану жолдары ----------------
2. Ақнұр шаруа қожалығы өндірісінің қазіргі экономикалық жағдайы
2.1. Шаруашылықтың табиғи жағдайы және өндіріс ресурстарын
пайдалану деңгейі ----------------------------------- ----------------------------------- -----
2.2. Ақнұр шаруа қожалығының экономикалық көрсеткіштерін талдау -----
3. Ақнұр шаруа қожалығында басқару әдістерін тиімді қолдану
жолдары
3.1. Нарықтық қатынастарды жетілдіру жолындағы басқару әдістерінің
маңызы ----------------------------------- ----------------------------------- -------------------
3.2. Аграрлық өндірісті басқарудағы шет ел тәжірибелері -------------------------
0.3 Шаруашылықтың даму болашағы ----------------------------------- ---------------
Қорытынды ----------------------------------- ----------------------------------- -------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ---------------------
КІРІСПЕ
Елімізде нарықтық қатынастардың тиімді дамуы ең алдымен басқару саласында еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканы егжей-тегжейлі білуімен қатар, қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп-өркендеу жолдарын жан-жақты түсінетін, әрі айрықша ынтамен қызмет ететін мамандарға байланысты.
Аграпрлық өндірісті басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды ескере отырып, экономиканы жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осындай күрделі іс-шараларды шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі - өндірісті, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықтық-экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арналған кезекті жолдауында ерекше орын алатын мәселелердің бірі - демократияландыру және тиімді басқару туралы. Басқару жүйесін жетілдіруде басқару әдістерін тиімді қолдану мәселесінің өзектілігі нарықтық экономика жағдайында бұрынғыдан да жоғары болып отыр. Себебі, бұл мәселе мемлекеттік басқару деңгейлеріндегі кадрлар, мамандар ретінде басшыларға қатысты. Сонымен бірге бұл мәселе күн тәртібіне тек бүгін ғана қойылып отырған жоқ, баршаға белгілі, Елбасының Қазақстан - 2030 ұзақ мерзімді даму стратегиясында да қазіргі заманғы мемлекеттік қызметпен жергілікті басқару әдістерін жетілдіру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген.
Біз мемлекеттік басқару жүйесін жаңалап жетілдіруіміз керек,- делінген Президенттің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында. Мұнда басты міндеттер ретінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктің ара-жігін айқын ажырату, бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері атап көрсетілген. Президент: Жаңа қоғамға өту оңай емес, нарықтық экономика өз ретімен жүріп жатыр, ал басқару жүйесі бұрынғы сарынмен келеді. Мұндай кереғарлықты жоюымыз керек. Халық үшін барынша қолайлы басқару тиімділігін арттыру, экономикалық қажеттілікті әкімшілдендіру мен басқару әдістері жөніндегі жұмыстар дұрыс болуы тиіс - деп атап айтты ( 2. 12-14бб).
Ауыл шаруашылығының сала ретіндегі өзгешелігіне байланысты ауыл шаруашылығын басқарудың белгілі бір ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналымдар (циклдер) мен олардың ұзақтығы биологиялық ерекше табиғи заңдылықтарға тікелей байланысты.
Екіншіден, қазіргі кезде ауыл шаруашылығының техникалық жарақтануы өнеркәсіп деңгейінен едәуір төмен.
Үшіншіден, аймақтық ерекшеліктеріне байланысты нарықтық жағдайда өндірістің ұтымды құрылымын, егіс алаңдары мен мал басы құрылымын белгілеудің бірыңғай тәртібін ұсыну мүмкін емес.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өндірісін басқару ерекшелігі, оның маусымдылығына байланысты. Міне, осындай тағы басқа да көптеген ерекшеліктеріне байланысты ауыл шаруашылығында басқару жүйесін жетілдіру жолында басқарудың, сатылы, функционалды және аралас жүйесіне сай басқару әдістері қолданылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында қазіргі жағдайда ұтымды басқару үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жолдары зерттеліп, Алматы
облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақнұр шаруа қожалығы өндірісінің мәліметтерін талдау жүргізілді.
1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
1.1. Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың ролі
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән.
Басқару - процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатқа (өндірістік құралдар мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік-экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асады.
Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отырып, өзінің қалыптасуы мен қызмет барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Басқару іс-әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономикалық дамуы мен қызмет жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін орындарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді:
өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторы басым роль атқарады;
аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
еңбек ресурстарының жылжымалылығының күшейе түсуі;
аймақтардың өндіріс құрылымы мен нарықтық, әлеуметтік инфрақұрылымының күрделене түсуі;
территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында
басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру, екіншіден, мемлекеттік территориялық басқарумен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақстанға ғана тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру
экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді аймақтың саясатын анықтай түсу өте қажет заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі ескеріледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар: өзін-өзі басқару, серіктес таңдаудағы бостандық, өндіріс құрал-жабдықтар нарығы, валюталық қаражат және басқа элементтер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерінің барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс.
Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құрылымдар бар. Олар ұлттық деңгейден төмен.
Бірінші - аралық территориялық құрылымдар және соған сәйкес, билік ететін органдар мен басқару.
Екінші - ең төмендегі (негізгі) әкімшілік-территориялық құрылымдар және жергілікті басқару органдары.
Аралық басқару органдарды сипаттайтын негізгі белгі - дербес өмір сүру мүмкіндігі. Оның шарты: өзіне қарасты (автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік басқару жүргізу.
Жергілікті билік жүргізетін төменгі әкімшілік органдар. Олар өз қызметтерін қалалық немесе селолық жерлерде іске асырады.
Сонымен, аралық орган дегеніміз аймақтарды, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз территориясында мейлінше қағидалар негізінде жүргізуге тырысады.
Аралық және жергілікті билік органдарын қанағаттандырудың негізгі үш кіріс көзі салықтар - мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын төлемдер;
салықтық емес табыстар - басқа да барлық табыстар (әр түрлі жәрдемдер, займдар, т.б.);
субсидиялар - пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық басқару саласы
онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.
Аймақты нарықты объект ретінде екі жағынан қарауға болады.
Бірінші жағы - ол елдің халық шаруашылығы нарығының ажыратылмайтын бөлігі.
Екінші жағы - дербестік жүйе. Аймақтық нарықтың екі жақты - әуелі аймақтың өз ішіндегі субъектілерде нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы білінеді, сонан кейін,аймақ шеңберінен тыс шаруашылық субъектілердің жалпы ұлттық, немесе дүние жүзілік нарықпен ұштасуы арқылы көрінеді.
Оған көп себептердің бірі - нарықтық факторлардың аймақтық саралануы (диверсификация). Материалдық элементтер, ұйымдық құрылымдар, өндірістің әр түрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әртүрлі болады. Мұнымен қатар айта кететін бір фактор - өндіріс күштерінің аймақтарда әр түрлі орналастырылуы мен дамуы.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік тиімділігін қамтамасыз ету төмендегідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:
аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз ету, соның
мүдделі пайдалануын қолдауды бақылау тетіктерін әзірлеу;
жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын
жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа
ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа төлемдер бойынша жеңілдіктер енгізу қажет.
2006 жылғы Президент жолдауында 2007 жылдан бастап кейбір салық түрлерін төмендету мәселесі көтерілді.
Аймақтық басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымының өте күрделілігімен, т аймақтық басқару объектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп басқару объектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылыс, өндіріс күштерінің орналыстырылуы мен адамдардың тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары, т.б. жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір объективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет.
Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі - аймақтық басқару объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі, екіншісі оның субъектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін-өзі басқару ұйымдары кіреді.
Ең басты зерттейтін мәселелердің бірі - аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін-өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі - экономикалық әдістерге көшу. Өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды бағыттауды басқару болып табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік-экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктердің кеңейтілуін қамтамасыз ету:
аймақтық - салалық өзара байланыстар;
салааралық байланыстар;
жеке кәсіпорындарда өндірісті дамыту;
әлеуметтік- және өндірістік инфрақұрылымның дамуы;
салааралық өндірістің дамуы, ресурстарды қайта пайдалану;
нысандарды үйлестіру, олардың орындалуын бақылау.
Республикалық өзін-өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей
жағдайларды енгізу қажет:
территориялық деңгейдегі мүдделер жүйесі және басымдықтар;
өзін-өзі басқарудың субъектілер жиынтығы, олардың функциялары,
құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;
өзін-өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндірістік-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
экономикалық кешенінің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер;
мемлекеттік басқару мен территориялық өзін-өзі басқару мәселелері үйлесімді болу қажет.
Қазақстандағы оңтайлы құбылыстың бірі - аймақтық басқаруға бетбұрыс
жасалуы. Мысалы, үкіметтің 2005-2006 жылдары қабылданған бағдарламасында аймақтық басқарудағы негізгі бағыттары белгіленген. Нақты айтқанда онда қабылданған қағидалар төмендегідей:
негізгі экономиканы басқарудағы аймақтық деңгейде ауыстыру;
аймақтық деңгейде орталықтандырылған жеке орталықтандырылған сәйкестікті ұқыпты іске асыру, орталық үкіметтің көптеген өкілеттілігін жергілікті органдарға өткізу;
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімшілікке кеңейтілген өкілеттік беру.
Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда арнайы тәсілдерді жасау арқылы
олардың толықтай потенциалды мүмкіндіктерін ашу мақсатында құрылады. Осы тұрғыда Қазақстанның барлық аймақтарын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және түрлі инфрақұрылымдық деңгейлеріне байланысты бөлу арқылы басқару көзделген.
Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыруда жергілікті билік органдарының өкілеттілігін күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін енгізу маңызды.
Үкімет жұмыс күнін, капиталды және ақпаратты еркін ынталандыра отырып, қаржы, білікті еңбек, инвестициялар және жаңа жұмыс орындары нарықтарында аймақаралық бәсекелестікті күшейту көзделуі керек.
Жергілікті атқарушы органдарға дәйекті түрде әрбір кәсіпорынның әлуетті салық төлеуші және жұмыс орнының көзі ретіндегі тиімді жұмысы үшін жауапкершілік жүктеледі. Осындай жағдайларда аймақтық инвестицияларды тартуға, жаңартуға және жеке негіздегі жаңа құрылысқа жауапкершілігі артатын болады.
Үкіметтік бағдарламада инвестициялық жобалар мен ниеттерге сәйкес алдағы кезеңде аймақтардағы өндірістік күштердің дамуы жеке-жеке көзделген.
Аймақтарда орталықтандырылған көмектердің атаулығын қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың нысандарын, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға арналған мақсатты субвецияларыды тәжірибеге енгізу, реттелетін кірістерден жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет.
Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс істемейтін өндірістерді қайта дамыту, дәрменсіз кәсіпорындарды, банкроттық және тарату рәсімдерін жүзеге асыру мәселелерінде міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі.
Бағдарламаның міндеттері:
тұрақты экономикалық өсуді және село халқының әл-ауқатын арттыруды
қамтамасыз ету мақсатында селода басталған реформаларды тереңдетуге және ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық сауықтыруға жәрдемдесу;
халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған, нарықтық
жағдайда селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жүйелі шешімдер әзірлеу;
қолайлы тұрғын үй және мәдени жағдайлар жасау, медициналық
қызметтерге, білімге, байланыс, электрлендіру, газ құралдарына, таза суға және қоршаған ортаның табиғи тазалығына қол жеткізу арқылы тіршілікті қамтамасыз етудің лайықты жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кедейлікпен күрес ( 8, 142-145 б.б.).
Аймақтық басқару жүйесіндегі болашақтағы күрделі мәселелердің бірі 2005-
2010 жылдардағы кезеңге арналған. Селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Бағдарламаның мақсаты тіршілікті қамтамасыз етудің толық бағалы жүйесін
қалыптастыру және селода жиынтық кірістер мен шығыстарды арттыру негізінде әлеуметтік игіліктерді жақсарту арқылы село халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын жоғарылату болып табылады.
0.2 Басқару әдістерінің маңызы және әдістерді қолдану жолдары
Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы
зор. Ұйымның көздеген мақсатына жетуі үшін басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау түрі, яғни мақсатқа жетудің ең тиімді жолдары басқару әдістері деп аталады.
Басқару әдістері - басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінң болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғы шарты болып табылады.
Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғарғы тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік - шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше көрініс береді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Әдістер - басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады. Өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Жалпы түрде алғанда басқару әдістерін мынандай екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) Бүкіл басқару жүйесіне қатысты іс-әрекеттер (жалпы әдістер),
2) Басқару жүйесінің жекелеген бөліктеріне қатысты іс-әрекеттер (шағын ауқымдағы әдістер),
Басқарудың жалпы әдістерінің жіктелу түрлері:
кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдері;
министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістері;
түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістері;
белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдеттері.
Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын
сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерлерге қатысты.
Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.
Іс жүзінде басқару әдістерінің өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді), мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен), қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді), қолдану формаларымен (дара, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.
Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттердің соның ішінде экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.
Басқару әдістері жеке емес, бірге пайдаланылады, барлық әдістер бір-бірімен өзара байланысты.
Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады.
Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
Басқару әдістері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Сонымен, басқару әдісі дегеніміз - объективті заңдардың талаптарын іске асыру тәсілі, яғни көздеген мақсатқа жету жолында адамдарға ықпал ету үшін қолданылатын тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен-өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес бағытымен де сипатталады.
Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық формаға сай жүргізіледі. Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдейді.
Басқару әдістері өндіріспен қызметкерлерге түрліше ықпал етеді. Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.
Ықпал ету сипаты жөнінен барлық әдістер 3 топқа бөлінеді:
материалдық себеп әдістері
әлеуметтік себеп әдістері
билік ету әдістері
Осы топтардың әрқайсысы:
оңды себепті (ынталандыру)
теріс себепті (жазалау, мәжбүрлеу)
Бұл әдістер жекелеген қызметкерге де, ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады.
Басқару - алдағы мақсатқа жетуге бағытталған және соған жету жолында менеджерлер жүзеге асыратын күрделі процесс. Мысалы: мақсатты айқындап анықтау кезінде не нәрсеге қол жеткізу керек деген сұрақ болса, артынша - оған қалай, қандай жолмен жету тиімді деген сұрақ туындайды, яғни басқарудың ең ұтымды жолдарын, әдістерін қарастыруға тура келеді.
Әдіс - method, мақсатқа жету жолын зерттеу дегенді білдіреді.
Белгілі бір адамға әсер ететіндегі амалды таңдаған кезде, оның жеке басының ерекшеліктерін еңбекке қатысты-қатыссыз, себепті-себепсіз дәлелдерін, материалдық және рухани игіліктердің қайсысы ол үшін қымбат екенін ескеру қажет.
Қарамағындағы адамдарға әсер етудің негізгі екі тәсілі болады:
- көзін жеткізу;
- мәжбүр ету.
Басшы
Көзін жеткізу Мәжбүр ету
Орындаушы
Кейбір басшылар адамдардың бойында сену, көзін жеткізу қасиеттері болатынын ескермей айқайлау, қорқыту, мәжбүр ету тәсілдерін ең бағалысы деп санайды. Мұндай әдісті қолданатындар білімі таяз, өмірден түйгені аз, адам жанын түсінбейтін, түсінгісі де келмейтін, менменшіл, мансапқор адамдар.
Бірақ өмірде дұрыс нәрсенің дұрыстығына көзі жете бермейтін адамдар болады. Сондай жағдайда мәжбүр ету тәсілін қолдануға тура келеді.
1. Көзін жеткізу - қарамағындағыларға материалдық және моральдық
тұрғыдан әсер ету арқылы адамның бойында қажетті мінез-құлық нормасын қалыптастыру.
2. Мәжбүр ету - орындаушыға әкімшілік тұрғыдан әсер етудің бір түрі,
мұнда орындаушының пікірі де, қалауы да ескерілмейді - бұл тәртіп бұзушыларға қолданылады.
Басқару әдістері дегеніміз ұйымның көздеген мақсатына жету жолында басқарылатын жүйеге ықпал ету үшін қолданылатын тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Басқару әдістерінің үш түрі белгілі:
Әкімшілік ұйымдастыру әдісі дегеніміз - басқарушы жүйенің
иерархиялық дамуын ұйымдастыру - әр деңгейдегі қызметкерлер өзіне жүктелген жауапкершілікті толық түсініп, жоғарғы деңгейден түскен жарлықтарды бұлжытпай орындауға міндеттілігі. Бұл әдіс басқаша иерархиялық әдіс деп аталады. Әкімшілік ұйымдастыру әдісін дұрыс пайдалану басқарудың экономикалық және әлеуметтік - психологиялық әдістерін кеңінен енгізуге ықпал етеді.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі - адамдардың бірлесіп
орындаған жұмыстарындағы және жеке адамдар арасындағы ахуалды, яғни ұжымдағы ерекше психологиялық жағдайды зерттейді, басқаша мәдени әдіс деп аталады.
Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық басқару әдістері - адамдардың әлеуметтік мүдделері арқылы олардың мінез-құлқына әсер ету тәсілдері мен формалары.
Әлеуметтік-психологиялық әдісте мынандай шаралар жүзеге асырылуы тиіс:
1. Қол астындағы адамдардың психологиясын, мінез-құлқын түсіну.
2. Мақтау немесе жазалау шараларын қолдану.
3. Адамдардың білімін, мәдени дәрежесін арттыруға ат салысу.
4. Жұмысшылардың әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету - мәдени
орындар, кітапхана, спорт ғимараттары, медициналық қызмет, әр түрлі тұрмыстық қызметтер.
Экономикалық әдістерді пайдалану - бұл барлық қызметкерлерді
қызықтыратындай нарықтық механизм қалыптастыру үшін барлық ынталандырулар мен экономикалық тетіктерді жеке және комплексті түрде пайдалану болып табылады. Басқарудың экономикалық әдістері нарықтық әдіс деп аталады.
Басқарудың экономикалық әдістері еңбек ұжымы қажетті бағытта әрекет етіп, өздерінің алдына қойған міндеттерін жеке басының материалдық мүддесіне сәйкес келетіндей етіп шешуге экономикалық жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады.
Жеке бастың материалдық мүддесі - әрбір қызметкердің өндіріске қосатын үлесін арттыру және сол еңбегі үшін барынша жоғары мөлшерде материалдық ақы алуы болып табылады.
Басқарудың экономикалық әдістері коммерциялық және ішкі фималық есеп арқылы жүзеге асады.
Коммерциялық есеп - шығын мен пайданың мөлшерін анықтау, өндіріске жұмсалған барлық шығынды кіріспен толтыру, жұмысшылардың табысын молайтып, материалдық ынталандыру, яғни өндіру-сату арқылы кәсіпорында пайданың тұрақты болуын көздеу.
Жалпы өндіріс шығындарын азайту үшін:
1. технологияны жандандыру - өнімнің жаңа түрлерін енгізу, сапасын жақсарту;
2. еңбек өнімділігін арттыру;
3. транспортқа, әкімшілікке кеткен шығындарды азайту - ең басты мәселе болып табылады.
Ішкі фирмалық есеп - құрамдас бөліктерге бөлінген құрылымы бар ұйымдарда бөлімшелердің бір-бірімен өзара байланысы.
Ішкі фирмалық есеп бір ғана ұйымның ішінде жүргізіледі. Ал, коммерциялық есеп - әртүрлі фирмалардың арасындағы байланысты және есеп айырысуды қамтитын шаруашылықты жүргізу әдісі.
Коммерциялық есепті қолданған сәтте баға нақты бір деңгейде емес, әрбір нарық деңгейіне, жағдайына байланысты өзгереді де, тауар-ақша байланысы толық жүзеге асуы тиіс (ұйым пайда түсіру керек).
Ал ішкі фирмалық есепті қолданғанда баға ұйымның ішкі саясатына, стратегиясына байланысты жоғарғы басшылардың жетекшілігі арқылы белгіленеді.
Бұл ұйымның жалпы мақсатын көздейтін көптеген ішкі факторлармен байланысты және өндіріс шығындарын реттеуші ролін атқарады.
Нарықтық механизм қалыптастыру факторлары: өнім (тауар), баға, нарық (рынок), бәсеке (бәсеке арқылы тауардың сапасы жақсарады, яғни сұраныс туады, сұраныс туған тауарды ұсынуға мүмкіндік бар.).
Сондықтан экономиканы басқару үшін экономикалық заңдарды, басқару заңдылықтарын тану мен оны саналы түрде пайдалану, басқарушылық ықпал ету процестерінің жүйелілігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, басқарылатын объектілер мен басқару субъекті үлгілерін сақтау керек.
2. АҚНҰР ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Шаруашылықтың табиғи жағдайы және өндіріс ресурстарын
пайдалану деңгейі
Ақнұр шаруа қожалығы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. Шаруашылық 1995 жылы отбасылық шаруа қожалығы болып құрылып, қазіргі таңда өндіріс көлемі едәуір ұлғайып, отбасы аралық шаруашылыққа жатады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі бірқатар табиғи жағдайларға тәуелді, олардың ішінде аса маңыздылары - ауа райы, топырақтың қасиеті, құрамы ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің құрылымы.
Табиғи-шаруашылық жағдайларды ескере отырып, жеке аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісінде жер негізгі құрал болып саналады. Шаруашылықтар көлемінің өсуі жердің аумақтық көлеміне байланысты, тым ауқымды көлемі басқарудың әлсіреуіне әкеледі.
Өндіріс процестері маусымды. Олар өнеркәсіптегі сияқты стандарттау мен автоматтандыруға келмейді, бұл да өндірістің шоғырлануына шектеу қояды.
Ауыл шаруашылығы жергілікті, аймақтық ерекшеліктердің алуан түрлілігімен, ауа райы, климаттық жағдайлардың болжауға келмейтіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан өнеркәсіптегі сияқты өндірістің технологиясын күні бұрын жобалауға болмайды. Өндіріс барысы, оның нәтижелері өзге салаларға қарағанда қызметтің жеке қасиеттеріне көбірек байланысты.
Жағрафиялық және табиғи климаттық жағдайы өнім өндіру ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және елдің өнеркәсіп орталықтарына азық-түлікті жеткізу бойынша алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі ретінде белгілі.
Облыс шаруашылықтарын мамандандыру бірқатар аймақтардың табиғи ресурстарын комплексті пайдалану негізінде жүзеге асырылып келеді.
Мысалы, мал шаруашылығында бір жағынан биік таулы аймақтарда өсетін әр түрлі шалғынды өсімдіктерге бай жазғы тау жайылымдары пайдаланылса, екінші жағынан, тау бөктеріндегі қысқы жайылымға бай құмды мекендер пайдаланылады.
Алматы облысының табиғи жағдайы ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысқанға өте қолайлы. Шаруашылықта соңғы жылы пайда өсімдік шаруашылығынан түсіп отыр.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жер негізгі өндіріс құралы болып есептеледі. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең маңызды ерекшелігі - жер басқа өндіріс құралдары сияқты адам еңбегінің жемісі болып табылмайды, оның территориялық жағынан шектеулілігінде, оның өзгермейтіндігінде, топырақ құнарлылығының әр түрлілігінде, жердің дұрыс пайдаланғанда ғана өзінің қасиетін жақсартады.
Ақнұр шаруа қожалығының жер қорын анықтау үшін келесі кестені талдаймыз.
1-кесте Ақнұр шаруа қожалығының жер көлемі
Көрсеткіштер
2006
2007
2008
га
%
га
%
га
%-
Жалпы жер көлемі
720
100
720
100
710
100
Егістік
110
15,3
110
15,3
114
16,0
Шабындақ
90
12,5
90
12,5
85
12,0
Жайылым
520
72,2
520
72,2
511
72,0
2006 жылы шаруа қожалығында жалпы жер көлемі 720 гектар болған, бұл көрсеткіш 1,4 пайызға азайып, 2008 жылы шаруашылықта 710 гектар жер қалған. Оның ішінде егістік алқабы 2006 жылы 110 га. немесе жалпы жер көлемінің 15,3 пайызын құраса, ағымдағы жылы 3,6 пайызға артып, егістік алқабы 114 гектар жерді алып жатыр.
Ал шабындық жерлердің көлемі керісінше - 2006 жылы 90 га. болса, 2008 жылы 5 гектарға кеміп, 85 гектар жерді құрап отыр.
Сондай-ақ шаруашылықтағы жайылым жерлерінің көлемі 2006 жылы 520 гектар жерді алып жатса, бұл көрсеткіш 1,4 пайызға азайып, 2008 жылы 511 гектар жайылым жерлері қалып отыр.
Ауыл шаруашылығының қандай саласы болса да, өнім өндіру үшін өндіріс құралдарын қолданады. Кез келген шаруашылық өндірісі даму үшін қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану керек.
Өндірістік қорларға көптеген заттар жатады. Өндіріске қатысу ерекшеліктеріне байланысты негізгі қорлар және айналымдағы қорлар болып екіге бөлінеді.
Негізгі қорларға шаруашылықтағы машиналар, қора-жай, ғимараттар өнім беретін ірі малдар, көп жылдық шөптер жатады.
Айналымдағы қорларға тұқымдық дән, мал азығы, жанар-жағар майлар сияқты бір жыл немесе бір өндірістік циклде толығымен пайдаланылатын құралдар жатады.
Кез келген шаруашылық өзінің қарамағындағы негізгі және айнымалы қорларды үнемі есептеп отыруы керек.
Келесі кесте көрсеткіштері арқылы Ақнұр шаруа қожалығының негізгі қормен жабдықталуын қарастырамыз.
2-кесте Шаруашылықтағы құрал - жабдықтар
Көрсеткіштер
2006
2007
2008
Трактолар саны
2
2
2
Астық жинайтын комбайндар
1
1
1
Сепкіш құралдары
1
1
1
Тырмалар
2
2
2
Престер
1
2
2
Минералды тыңайтқыш шашқыш
1
1
1
Сауын құралдары
2
2
3
Көрсетілген кесте мәліметтері бойынша шаруашылықтағы құрал-жабдықтар құрамы өзгермегенін байқауға болады. Соңғы жылдары жаңа техникаларды мүлде алмаған, тек сауын құралы 2006 жылмен салыстырғанда 1 данаға артқан. Шаруашылықта басқа техникалардың саны сол қалпында қалып отыр. Негізінен жаңа техникаларды сатып алуға шаруашылықтың табысы жетпейді. Сондықтан қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану керек.
Қоғамның басты күші - адамдар. Қандай кәсіпорын болмасын, өндірістің нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан дұрыс назар аударылуы қажет.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әрқайсысында еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру жұмысын басқару мақсатында арнайы кеңес құрылуы, ал кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінде шығармашылық топтар құрылуы керек. Келесі кестеден шаруашылықтағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейін көруге болады.
3- кесте Еңбек ресурстары
Көрсеткіштер
2006
2007
2008
Шаруашылықтағы барлық жұмысшылар
20
20
22
Тұрақты жұмысшылар саны
10
10
11
Жетекшілер
1
1
1
Мамандар
3
3
3
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар
4
4
4
Өсімдік шаруашылығындағы жұмысшылар
2
2
3
Маусымдық жұмысшылар
10
10
11
Соңғы 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда шаруашылықтағы жалпы жұмысшылар саны 2 жұмысшыға артқан. Тұрақты жұмысшылар саны 1 адамға, маусымдық жұмысшылар саны 1 адамға артқанын байқауға болады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығындағы жұмысшылар саны 1 адамға артқан.
Шаруашылықта маусымдық жұмысшылар тек қана науқан кезінде жұмыс істейді, ал басқа уақытта оларға қажеттілік туындамайды.
2.2. Ақнұр шаруа қожалығының экономикалық көрсеткіштерін талдау
Ақнұр шаруа қожалығының орналасқан жерінің табиғаты және топырағының құрамы, аймақтық ерекшелігі өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысуға өте қолайлы. Бұл шаруашылықтың негізгі бағыты осы екі салаға да бейімделген, яғни егіншілікпен және қой шаруашылығымен айналысады.
4- кесте Шаруашылықта өсірілетін дақылдардың егіс көлемі және өнімділігі
Көрсеткіш
2006
2007
2008
егістік көлемі, га
өнімділігі, цга
егістік көлемі, га
өнімділігі, цга
егістік көлемі, га
өнімділігі, цга
Барлық егіс көлемі
оның ішінде:
110
110
114
Бидай
65
10,2
65
10,8
67
12,5
Арпа
35
9,7
35
9,7
37
10,3
Картоп
10
60,3
10
61,5
10
64,1
Кесте мәліметтеріне қарап, соңғы үш жыл аралығында өсімдік шаруашылығы саласында өнім өндірудің тұрақтануы мен өсу үрдісі байқалады.
Шаруашылықта егістік көлемінің басым бөлігіне бидай егеді, қалған бөлігіне арпа және картоп егіледі.
2006-2008 жылдар аралығында дәнді-дақылдардың түсімділігі бидай бойынша әр гектардан 10,2 центнерден 12,5 центнерге дейін ұлғайды. Ал арпа бойынша әр гектардан 9,7 центнерден 10,3 центнерге дейін көбейгенін байқауға болады. Осындай көрініс картоп өндіру бойынша да байқалып отыр.
Әрбір кәсіпорынның табыстылығы өткізілген өнімдердің мөлшеріне байланысты болады. Сатылған немесе өткізілген өнімдер тауарлы өнім деп аталады. Өнімдердің тауарлылығы сатылған өнімнің жалпы өнімге проценттік қатынасы арқылы анықталады.
5- кесте Өсімдік шаруашылығы өндірісінің тауарлылық деңгейі
Өнімдер
2006
2007
2008
Жал
пы өнім,ц
Тауар
лы
өнім,ц
Тауар
лылық
%
Жал
пы өнім,ц
Тауар
лы
өнім,ц
Тауар
лылық
%
Жал
пы өнім,
ц
Тауар
лы
өнім,ц
Тауар
лылық
%
Астық
663
398
60,0
702
450
64,1
838
561
67,0
Картоп
603
155
25,7
615
158
25,7
641
192
30,0
Кесте мәліметтері бойынша сатылған өнімнің жалпы өндірілген өнімге проценттік қатынасы арқылы шаруашылықта өндірілген өнімнің тауарлылығын анықтадық. Неғұрлым өнімнің тауарлылығы жоғары болса, соншалықты сол өнімнің сапасы да жақсы деп есептеледі.
Негізінен шаруашылықта дәнді дақылдардың тауарлылық деңгейі жыл сайын артып отыр. Бидай өнімі 2006 жылы 663 центнер өндірілсе, бұл көрсеткіш 175 центнерге артып, 2008 жылы 838 центнерді құрап отыр. Сол сияқты картоп та 2006 ж. 603 центнер өндірілсе, 2008 жылы 641 центнер өнім алынған.
Осы көрсеткіштер нәтижесіне байланысты сатылатын өнім көлемі де артып отыр.
Шаруашылықта өндірілетін жалпы өнім көлемінің артуының бірден бір себебі жыл сайын топырақтың құнарлылығын сақтай отырып, қажетті органикалық және минералды тыңайтқыштар қолдану, сонымен бірге агротехникалық шараларды дер кезінде орындау нәтижесінде өнімділіктің артуына байланысты болып отыр.
Шаруашылықта жалпы өндірілген өнімнің бір бөлігін сатуға шығарса, қалған өнімдерді жұмысшаларға еңбек ақы ретінде есептеп береді, өз қажеттіліктеріне жұмсайды және келесі жылға тұқым ретінде қалдырылады.
Кез келген шаруашылықтың жұмысының нәтижесі өндіріс рентабельділігі (ең жоғарғы тиімділігі) көрсеткіші арқылы анықталады. Жалпы өндіріс тиімділігі барлық сатылған өнім көлемі мен сол өнімге жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Сонымен бірге сатылған өнімнің бір өлшемінің де экономикалық тиімділігін анықтауға болады, ол келесі кестеде көрсетілген.
6-кесте Өсімдік шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі
Өнімдер
2006
2007
2008
1ц. өнімнің сату бағасы, тг
1ц.өнімнің өзіндік құны,
тг
Пайда
(+), тг.
Зиян
(-),тг
Рентабельділік, %
1 ц. өнімнің сату бағасы, тг
1ц.өнімнің өзіндік құны,
тг
Пайда
(+), тг.
Зиян
(-),тг
Рентабельділік, %
1 ц. өнімнің сату бағасы, тг
1ц.өнімнің өзіндік құны,тг
Пайда
(+), тг.
Зиян
(-),тг
Рентабельділік, %
Астық
1200
1095
+105
9,5
1300
1253
+47
3,7
1300
1277
+53
4,3
Картоп
2510
2462
+48
1,9
2812
2666
+146
5,4
3209
2959
+250
8,4
2006 жылы астықтың әрбір центнерінен 105 теңге пайда алынған болса, ол 2007жылы екі еседен аса азайып 47 теңге ғана болған, ал 2008 жылы әрбір центнерінен 53 теңге пайда түскен. Ал картоп өнімінің әр центнерінен 2006 жылы 48 теңге пайда түссе, 2007 жылы ол үш есеге жуық артқан, ал 2008 жылы әр центнер картоптан түскен пайда 250 теңге болған. Осындай көрсеткіштердің нәтижесінде тиісінше аталған өнімдердің рентабелділігі де артқан.
Нарықтық экономика жағдайында әрбір шаруа қожалығы тек пайда тауып отырмаса, ісі алға баспайды. Сондықтан әрбір шаруашылық жылдың соңында пайда алып отыруы өте қажет.
Өндірістің экономикалық тиімділігі алынған пайданы өнімнің өзіндік құнына бөлгендегі проценттік қатынасты сипаттайды. Бұл көрсеткішті кейде тиімділіктің шамасы деп те атайды. Ол өндірістегі шығынның өтелу дәрежесін көрсетеді.
Келтірілген кесте мәліметтері бойынша астық шаруашылығы өндірісінің рентабелділігі 2008 жылы 2006 жылға қарағанда 2 есеге жуық төмендеген, себебі сату бағасына қарағанда 1 центнер өнімнің өзіндік құнының өсімі жоғары. Ал картоп бойынша рентабелділік соңғы жылы 2005 жылға қарағанда айтарлықтай көтерілген.
Рентабельділік деңгейінің жоғарылауына көптеген факторлар әсер етеді. Атап айтқанда, ол өнімнің өзіндік құнының арзандауына, сату бағасының жоғарылауына, жалпы табыстың көлемінің артуына, өндіріске жұмсалған шығындардың төмендеуіне тікелей байланысты.
Ақнұр шаруа қожалығында өсімдік шаруашылығы өндірісімен бірге мал шаруашылығы өндірісі де бар. Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығы өндірісі үшін қолайлы.
Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығындағы мал өсіріп, өнім өндіретін кәсіпшілік. Бұл көптеген салаларға бөлінеді. Оған сиыр, қой, ешкі, құс, түйе, жылқы, ара шаруашылықтары жатады.
Ақнұр шаруа қожалығында жайылым жерлер мол, әрі қой өсіруге қолайлы болғандықтан, шаруашылық егіншілікпен қатар қой өсірумен айналысады, сонымен бірге ірі қара мал өсіріледі.
Келесі кесте арқылы шаруашылықтағы мал басының санын талдауға болады.
7-кесте Шаруашылықтағы мал саны, бас
Көрсеткіштер
2006
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz