Адам әрекеті сан алуан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Іс-әрекет психологиясы

І. Кіріспе
І ТАРАУ. Іс-әрекет ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. Іс-әрекет түсінігі, оның психологиялық сипаттамасы
2. Іс-әрекеттің түрлері, түрткілері мен міндеттері.
3. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары
мен мәселелері
4. Іс-әрекетте тұлғаның дамуының психологиялық негізі.

ІІ ТАРАУ. Іс-әрекет ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ПІкІРЛЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
2.1. А.В. Брушлинскийдің іс-әрекет және психикалық іс-әрекет жайлы
түсінігі
2.2. В.В. Давыдовтың іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық
психологиядағы орны туралы көзқарасы
2.3. Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ

Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары
2. Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
3.Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен
мәселелері
4. Іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі
әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында
өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп
жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек
адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан
салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге
байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні
зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен
жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті
шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты
белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің
шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал
жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі,
психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның
басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның
негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат,
міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ
қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас
мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып
көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі
маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар.
Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір
қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны
түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі
бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен
байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету
кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті
де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті
бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды
әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі
әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты
ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін
сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар
іс-әрекет болып табылады.
Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға
қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы
балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар
бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа
буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым - білім
жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім
жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы
түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ
уақытты керек ететін күрделі процесс. Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің
сабақ оқытуы екеуіде "инемен құдық қазғандай" аса қиын нәрсе. Мәселен,
мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-
ой жиренушілігін туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани
тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін
білуге құштарлығын дамытуы қажет.
Бала психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің
бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты
шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі
жөнінде К.У.Ушинский: "Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер
бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің,
адамгершілігі мен ақыл ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-
ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады." -
дейді. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды,
икемділіктердің болуын, зейінділікті, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.

1. Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары

Іс-әрекет категориясының мәні мен жалпы мазмұнын ашатын неғұрлым
маңызды теориялық бағдарлар ретінде мына жағдайларды бөліп шығаруға болады.
1) Іс-әрекет категориясы адам болмысын сипаттайтын маңызды категория
болып табылады. Бұл категориясыз адамның тұрмысын талдау мүмкін емес.
Іс-әрекет адам болмысын сипаттайды
2) Іс-әрекет ақиқатты қайта құратып белсенділіктің (адам мен қогамга
топ) арнайы формасына жатады. Кең мағынада алганда "іс-әрекет" атауы
"белсенділік" ұғымына баламалы ("асtіvіtу" — іс-әрекет, "асtіоn" — әрекет).
Іс-әрекет-белсенділіктің көрінуі мен формасы
3) Іс-әрекет категориясы тек қана психологиялық категория
болмағандықтан, психологияда дәстүрлі ортақ қабылданган деп саналады. Ол
психикалық бейнелеу, тұлга, сапа, қарым-қатынас сияқты категориялармен
бірге базалық психологиялық категориялар сапатына кіреді. Б.Ф.Ломов
психология ғылымының негізгі категориялары ретінде бейнелеу, іс-әрекет,
тұлға және қарым-қатынасты қарастырды.
Іс-әрекет — психологиянын негізгі категориясы
4) Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара
тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің
көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас
жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол
психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда
болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде
маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс
түсінуге болмайтынын көрсетті.
Іс-әрекет категориясы мен психикалық бейнелену өзара байланысты
Б.Ф.Ломов зерттеулеріпде іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас
категориясының өзара байланысы қадагаланады, сондай-ақ іс-әрекеттегі қарым-
қатынастың негізгі қызметтері бөліп шығарылады. Ол қарым-қатынастың іс-
әрекетте бірнеше қызмет атқаратынын көрсетті:
• қарым-қатынас іс-әрекеттің ұжымнан жеке-дараға өту жолындағы ауыспалы
түрін құрайды;
• қарым-қатынас ұжымдық іс-әрекетке қатысады;
• қарым-қатынастың өзі адам іс-әрекетінің маңызды түрі болып табылады.
Іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас өзара байланысты
Іс-әрекет категориясы мен тұлғаның өзара байланысы бірқатар
зерттеулерде ашылады.
А.В.Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым-қатынаста
жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде
қарастырылады.
Б.Ф.Ломов психология ғылымы үшін базалық дәрежелерді қарастыра отырып:
"психикалық құбылыстар іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде пайда болып,
қалыптасып, дамиды. Алайда олар іс-әрекетке немесе қарым-қатынасқа да емес,
олардың субъектісі — қоғамдық тұлғаға тән. Іс-әрекет пен қарым-қатынас өз
бетінше ешқандай психикалық сапаларга ие болмайды да, өз бетінше тіршілік
етпейді. Бірақ бұл қасиеттерге тұлга ие болады.
Сонымен, іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесі тұлға мәселесімен
"тұйықталады"... іс-әрекет пен қарым-қатынасты талдау арқылы (адам өмірлік
іс-әрекетінің бәрін) психология тұлғаның психикалық бітімін, оның ішкі
рухани әлемін ашады..." деп айрықша атап керсетті.
Іс-әрекет пен тұлга өзара байланысты
А.Н.Леонтьев сананың шығу тегін талдай отырып, оның психологиялық көп
өлшемділігін іс-әрекет пен сана дәрежелерінің өзара байланысы арқылы
көрсетеді. Оның пайымдауынша, субъектінің сыртқы және ішкі іс-әрекеті
ақиқаттылықты психикалық бейнелеумен жанамаланып, реттеледі... Бізге
тікелей ашылатын психикалық ақиқаттылық — бұл сананың субъективті әлемі.
Іс-әрекет категориясы мен сана өзара байланысты
5) Іс-әрекет категориясы психологияда екі әдіснамалық қызмет атқарады:
1 — іс-әрекет түсіндіруші қагида, ретінде;
2 — іс-әрекет зерттеу пәні ретінде.
Іс-әрекет бағытының нобайы мен негізі Л. С. Выготский, С. Л.
Рубинштейн, А. Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды.
Психологиядағы іс-әрекет мәселенің түрлі қырларының ашылуы мен оның
дербес психологиялық мәселесі ретінде бөлінуі берілген сызбада толық
көрсетілген.

Іс-әрекет категориясының әдіснамалық қызметінің психиканың дамуын
зерттеудегі негізгі бағыттарымен байланысы

Выготский Л. С.
Іс-әрекет түсіндіруші қағида ретіндеІс-әрекет зерттеу пәні ретінде
Іс-әрекет категориясының функциялары

2. Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясының негізгі идеялары іс-әрекет
бағыты дамуының ағымы ретіндегі гылыми мұраларын талдау В.В.Давыдов,
Л.С.Радзихов, Н.Ф.Талызина зерттеулерінде неғұрлым толық ұсынылған. Олар
Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығында іс-әрекет басты орын алатынын және
"...өзінің мәні бойынша бұл психологиялық теорияны іс-әрекет бағыты
аясындағы толыққанды бағыт ретінде қарастыруға болатынын көрсетті". Олардың
пікірінше, іс-әрекет бағыты ретіндегі Л.С.Выготскийдіц теориясының негізгі
идеяларына мына жағдайларды жатқызуға болады:
1. Адамдардың практикалық іс-әрекетінің психология үшін маңыздылығы;
2. Сананы еңбек іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастыру;
3. Психикалық процестердің (олардың генезисі мен адамзаттың тарихи
дамыған құралдық, заттық-практикалық іс-әрекетінің себептендіруі туралы
теориялық жағдайларды жасау. Л.С.Выготскийдің атап көрсетуінше, психика
еңбек іс-әрекетімен себептендіріледі және заттық-практикалық іс-әрекет
психиканы себептендіретін ақиқат болып табылады. Психиканың іс-әрекеттік
себептерінің тезисі Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығының негізгі түйіні
болып табылады.
4. Психиканың іс-әрекеттік себептенуі туралы тезис мазмұнының
нақтылануы. Іс-әрекеттік себептендірілу сыртқы (еңбек) іс-әрекеті мен
психикалық қызмет (психологиялық құралдар болжамы) құрылымында
ұқсастықтардың болуын жорамалдайды, яғни еңбек іс-әрекеті мән психикалық
процесстер құрылымында принципті ұқсастықтар бар: "Еңбек
процесі — психологиялық процесстер", "еңбек құралдары — психологиялық
құралдар" ұғымымен ұқсас.
5. Психикалық қызметтер мен еңбек іс-әрекетінің ұқсастығының құрылымы
мен гонозисінле құралдық жанамалану кезеңі қатысады. Себептендірілу онто
және филогопез барысындағы жанамалау механизмі
ретінде түсіндіріледі. Себептендіру өткізгіштері — адамның тарихи іс-
әрекетінің өнімдері, белгілік, коммуникациялық жүйе сияқты психологиялық
құралдар болып табылалы.
Іс-әрекетте тарихи дамушы адам психикасының генезисі мен құрылымының
лоторминациясы жанама сипатқа ие, белгілер — жанамалау механизмдерінің
бірі.

Писхиканың психологиялық құрал = белгілер мен іс-әрекеттік себептендіруінің
жанама сипаты

Психологиялық құрал белгілер = арқылы өтеді
(Психологиялық құралдар
еңбек кұралдарымен
ұқсастықта бөліп шығарылады)

Л.С.Выготскийлің бар күш-жігері іс-әрекет категориясы мен
психологиялық теорияны түсіндіруші иринципі ретінде бекітуге, яғни іс-
әрекеттіің бірінші әдіснамалық қызметін зерттеуге бағытталды.
Іс-әрекет дербес зерттеу пәні ретінде, яғни іс-әрекеттің екінші
әдіснамалық қызметі ретінде Л.С.Выготскийдің шығармашылығында қойылғанымен,
жетілдірілген жоқ.

Іс-әрекет бағыты дамуы бағдарларындағы
Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары
көзқарастарындағы алшақтықтар
Жалпы психология ғылымындағы іс-әрекет бағытының дамуында екі бағдарды
бөліп шығаруға болады.
Бірініші бағдар психика дамуының белгілік-рәміздік жүйесімен
(Л.С.Выготский), екіншісі — психика дамуының іс-әрекеттік жүйесімен
(Л.Н.Леоньтев, А.Р.Лурия т.б.) байланысты. Л.С.Выготский іс-әрекет
бағытының негізін қалаушы бола отырып, өз зерттеулерінде іс-әрекеттің
бірінші әдіснамалық қызметіне, дәлірек айтқанда, іс-әрекетті жалпы
түсіндіруші принцип ретінде ерекше назар аударды. Ол өзінің жоғары
психикалық қызметі туралы психологиялық теориясын адамның практикалық іс-
әрекеті категориясын индивидуалдық категория ретінде пайдалана отырып жасап
шығарады.
Бұл категорияларды "психологияландыру" мен "дараландыру" мәселесін
шешуде және оны психологиялық зерттеу пәніне айналдыруда іс-әрекет
бағытының негізін салушылардың бірі — Л.С.Выготский мен іс-әрекет
мәселесінің басқа да көрнекті зерттеушілерінің, соның ішінде оның ізбасар
шәкірттерінің көзқарастары алшақтады.
Л.С.Выготский психикалық қызмет генезисінің негізі болып табылатын
психологиялық құрал немесе белгі идеясын дамыта отырып, адамзаттың тарихи
дамушы заттық іс-әрекетінің "психологияландыру" құрал ретінде кез келген
жоғары психикалық қызмет бастапқыда интерпсихологиялық, тек кейіннен
интрапсихологиялық сипатта болады деген тезисті тұжырымдады. Онтогенездегі
психикалық қызметтердің мәдени-тарихи (белгілер) жанамалануы арқасында
төменгі психикалық қызметтер негізінде пайда болады.
Л.С.Выготский интерпсихикалықтың интрапсихологиялыққа айналу процесін
қарастыра отырып, жоғары психикалық қызметтер генезисі мен адамдар қарым-
қатынасындағы белгілерді пайдалану арасындағы байланысты негіздеді.
Л.С.Выготский еңбектерінде негізінен белгі және белгілер жүйесі идеясы іс-
әрекет түсіндіруші принцип ретінде қарастырылды.
Л.С.Выготскийдың шәкірттері А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия және т.б.
психологиядағы іс-әрекет бағытын жетілдіре отырып, іс-әрекеттің екінші
әдіснамалық, дәлірек айтқанда, іс-әрекет зерттеу пәні ретіндегі қызметіне
ерекше назар аударды.
Олар да, Л.С.Выготский секілді, іс-әрекетті түсіндіруші жағынан көрді,
алайда белгі және белгілер жүйесін іс-әрекет мәселесі аясында қарастырған
жоқ. Іс-әрекетті зерттеу пәні ретінде қарастыруда А.Н.Леонтьев және т.б.
жеке-дара іс-әрекет идеясын жасады. Мұнда іс-әрекеттің жеке-дара категория
ретіндегі "психологияландыру" мәселесі шешілді.
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет психологиясының концептуалды жүйесінде іс-
әрекет адам психикасына әлеуметтік және тарихи бағыт тұрғысынан
қарастырылады.
Психика дамуының іс-әрекеттік жүйесін жасай отырып, ол іс-әрекетті
психикалық өмірдің негізгі процесі ретінде айқындап, оның құрылымы мен
жалпы құрамы мәселелерін шешті.

3. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары
мен мәселелері
XX ғасырдың басында Л.С.Выготский психологиядағы іс-әрекет бағытының
нобанын белгіледі. Бұл кезде психотехниктер (еңбек психологиясының
мамандары) еңбек іс-әрекеті түрлерінің профессиографиялық мазмұнын
жетілдіріп, адамның еңбекке кәсіби жарамдылығы мәселелерін шешуге талпыныс
жасады. Олар еңбекті еңбек іс-әрекеті ретінде қарастырды, бірақ олар бұдан
психологияда жаңа пайда бола бастаған іс-әрекеттік бағытпен еш байланысты
көрмейді.
XX ғасырдың ортасында С.Л.Рубинштейн психологиядағы субъектілік-іс-
әрекеттік бағыт идеялар жүйесін ұсынып, дамытты. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің
жалпы психологиялық теориясын жасап шығарды.
Еңбек психологиясының мамандары Н.Д.Левитов, Ю.Б.Котелова,
К.К.Платонов және басқалары еңбекті оның психологиялық компоненттері
жағынан қарастыра бастады. Еңбектің кәсіби еңбек іс-әрекет ретіндегі
индивидуалды тұлғалық және әлеуметтік тұлғалық мәселелері қозғалды. Адамның
еңбекке, еңбектің адамға, еңбектегі тұлғаның тұлғаға бейімделу мәселелері
қойылды.
XX ғасырдың соңғы ширегінде Б.Ф.Ломов психологиядағы іс-әрекетті
зерттеуде жүйелі әдіснаманы қолдану қажеттігін негіздеді. XX ғасырдың соңы
іс-әрекет мәселесіндегі үш ғылыми мектептің маңызды үлесімен белгіленеді.
В.Д.Шадриков іс-әрекетті зерттеудегі жүйелік бағытты дамыта отырып,
кәсіби іс-әрекеттің системогенезінің психологиялық теориясын жасайды және
индивидуалды іс-әрекет пен қатынастар психологиясы мәселесін жаңаша қойды.
Психологиядағы субъектілі - іс-әрекеттік бағытты дамытушы А. В.
Брушлинский іс-әрекет теориясын жасады. Мұнда әрекетке процесс ретінде,
оның тұтастығына, субъектінің интегралдығы мен бірлігіне ерекше назар
аударылды. Е.А.Климовтың іс-әрекет теориясын жасаудагы маңызды ғылыми үлесі
еңбекке адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕКЕ АДАМДАРДЫ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Мектеп жасына дейінгі жаста ойынды қолдану ерекшелігі
Еңбек әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуы
Көркем туындыдағы адам тұлғасы
Ұжым және жеке тұлғаның ара қатынастарының ерекшеліктері
ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Қабілет
Еңбек әрекеті - қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі
Пәндер