Оқушылардың жеке ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ата-аналар жиналысын өткізу қалай жүзеге асырылады? Сыныптың ата-аналармен
жұмыс жасау жоспарына сәйкес белгілі бір тақырыпта ата-аналар жиналысын
өткізу жоспарын жасаңыз.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысынын формалары мен
әдістері
2.Ата-аналар жиналысын өткізу формалары
3. Ата- аналар жинлысының құрылымы мен маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысынын формалары мен
әдістері
Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшісінің қызметі. Мұғалім, белгілі бір сыныпқа
балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа
кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген
оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта
қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның
бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның
әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,
баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік
өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне
көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің
басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату.
Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін
қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың
орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы
жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын
қалыптастыру.Олардың танымдық, еңбек,
эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым –
қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат
қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау
немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция)
енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі
ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру
барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке
дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді;сыныптағы келеңсіз
жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен
жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден,
өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден,
диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың
жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі
туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының
қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін
басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің
мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу
– тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды
буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру,
пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген
тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді
көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны
жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет
әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар
аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми
тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші –
сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.
Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау
сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз
тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің
өзі де болмаған болар еді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие
процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның
нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп
отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау
барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе
жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге
асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және
түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен
жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық
әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің
көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол, бір жағдайда, барлық жерде
балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса , ал екінші жағдайда,
көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да
кері әсерін тигізуде.
Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта
сыныптағы окушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлганың дамуына
қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға
көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептің өгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші
негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып
жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі
жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие
жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұңдай көзқараста баламен жеке жұмыс
жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын
қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте,
негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, оңда жағымды психологиялық
жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамуына,
әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай
туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік әмірмен қарым-қатынас жасауға аса
көңіл бөлінеді.
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп
өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың жанұясына бару, ата-аналарды
мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен
әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті,
қызығушылығы мен бейімділігі, жанұя мүшелерімен, жолдастарымен қарым-
қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-
аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір
кылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды
еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға
педагогикалық кеңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-
аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен,
бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа
қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға
дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың
дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел
қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларға ата-
аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің,
мұғалімдердің мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу
үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу
мәселелері жайлы пікір алысады, кажетті педагогикалық кеңестер алады.

2.Ата-аналар жиналысын өткізу формалары
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша
төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырьш өткізуге ата-аналар
комитеті мен ата-аналар белсенділері мектеп басшылары және сынып
жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие
жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді.
Кейбір ата-аналар жанұялық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып
жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп
басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен
таныстырады. Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп
отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-
аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен
таныстыру.
Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын еске
алып, тұрған жерлеріне барып жиналыстар өткізуге де болады. Ол үшін
алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардыц ата-
аналарымсн өткізілетін жппалыстарды мектеп ұжымы жыл басында жоспарға
енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие
мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы
лекциялар оқиды. әңгімелср өткізеді. Мұндай жиналыстар ата аналармен кең
пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс. Мұғалімдер басшылығымен оқушылар –
көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында көрсетеді.

Ата-аналар комитеті
Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы - ата-аналар комитеті. Ол
мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие
және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске
асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті
айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар
жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу;
университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және
"қиыни балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме
жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды,
жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен
тұрақты комиссиялар кұрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін
педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге баскарады. Мысалы, оларға
оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді
еңбек, мәдени көшпілік жұмысы т.б. жатады.

Ата-аналар белсенділерімен жұмыс
Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-
қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар
конферснңиясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге
көмектеседі, енбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті
ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін спорт алаңын жөндеу жұмысына
қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және
жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын
балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.
Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан,
мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді.
Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен
ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланы жасына қарай дене және
психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен
белсенділер мүшелерін қаруландырады.

Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі
әңгімелер және лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім
дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы
газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен
лекцияларда үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі
ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.
Әңгімелер мен лекциялардың мазмұны балалардың жас және дербес
ерекшеліктеріне сая баяндалуы қажет. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін
тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым
негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың
көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей
қатысады, өзінің сүйген мамандығын тандау үшін мамандардан тұжырымды
кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.
Тәрбие жұмыстарыныңғ осындай басты мәселерін еске алып, мектеп
мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң
қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, лекциялар
оқиды.
Конференция өткізу
Жанұя тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде
параллельді сыныптар оқушыларының ата-аналарымен конференциялар өткізіледі.
Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатысады.
Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы:
"Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы", "Отбасындағы
тәрбиеде жұртшылықтың ролі". Сонымен бірге кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Мектептегі информатика пәнін саралап оқыту әдістері
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде орта мектепте информатиканы саралап оқытуды ғылыми негіздеу
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың адекватты өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Қазақстандағы есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру жағдайында оқыту процесін ұйымдастырудың бүгінгі көрінісі
Оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыру
Пәндер