Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу
Тақырыбы: Зейін және оның даму ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Зейіннің негізгі түрлері және қасиеттері қасиеттері
2.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу
3.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытудағы ерекшеліктерін
зерттеу
4. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін
дамытуға арналған әдістемелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мектепке дейінгі жастағы балалар, кездескен қиыншылықтарды шешуге және
алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін
дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы
мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық
таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда
зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін
бағалау;
- Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін
дамыту және шоғырландыру;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда зейінді
зерттеу әдістемелерін пайдалану;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіннің
қалыптасу деңгейін бағалау;
Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты
психологиялық және әдістемелерді талдау.
-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің
анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен
психологтар тәжірибесін зерттеу;
-зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің
жауаптарын талдау пайдалынады.
Зейін анықтаудың тиімді үлгілерін табуды және ұйымдатыруды жалпы зейін
әрекетін анықтауды жүзеге асыру.
1.Зейіннің негізгі түрлері және қасиеттері
Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептерді шығарып
отыр.Ол бұған соншама үңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы
көрінеді(бала көзін қадайды,шұқшия үңіледі,демін ішіне тартады т.б.).Оқушы
есептің шығару жоспарын ойлайды,оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп
шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географианы оқуға
көшеді.сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады.Осы
көріністердің бәрінде де бала әрекетінің әрбір түріне өз зейінін
үйымдастырып,басқа обектілерден ойын бөліп отырады.Осындағы түрлі
кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда
азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі
болуы қиын.Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің
маңызын былайша көрсеткен еді:Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық
ойды аңғартатын,адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады,демек,бұл
есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды,егер де ол соқпай
өтсе,онда баланың санасында ештеңеде қалмайды.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені,адам өз өмірінің әрбір моментерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне
түсіреді,бірер нәрсені қиялдайды,бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін
болса,өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп
келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді
күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект
жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял
процестері де зейінге тірліше әсер етіп отырады.
Зейінің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің
өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов,егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,осымен
байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатынддығын айтқан.
Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе,басқа нәрселер жөнді ойлай
алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу процесі болып жатады
да,айналасындағы алаптарда тежлу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик
А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де,мидың бір албын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай
алапты доминанта деп атаған.Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы
әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған
алабы онан бетер күшейеді.Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға
кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің
ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін
қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы,
сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге
көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейілінше беріле түсуге
жәрдемдеседі. Өйтекені,жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып,солардың есебінен
күшейіп отырады. А.А.Утомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың
Қозудың оптимальдық алабыдейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптималдық қозу алыбы теориясы ырықты зейіннің табиғатын
физиологиялық тұрғыдан өте жақсы тұсіндіріледі.Қоз процесі ешқашан да ми
қабығына біркелкі тегіс тарамайды,өйткені онда әр. уақытта қозу пайда
болатындай жағымды оптималдық жағдайжасалып отырады.Оптимальдық қозуы бар
осы алап-ми қабығының творчестволық бөлімі,ырықты зейінің физиологиялық
негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді:Бас сүйегінің сыртынан біз
іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу
пайда болатын жері жарқылдап көрінсе,біз ойлап отырған саналы адамның ми
сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз
жарқылдаған сәуле дағын көрер едік,бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін
алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген
болар еді.Ұлы физиологоптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта
келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп
түсіндірді. Мидағы тежелудің бірінен екінші сапқа шығуы осы оптимальдық
қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзәра индукция
заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам
зейіні бір жерге күшті шоғырланады да,ол қалған объектілерді байқамайтын
болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар
қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың
бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық
әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың,
көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы
көрінеді. Бірақ, бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы
айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге
болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарап
бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын
ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжрибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.
Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру –
мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің
бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп
орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген обектілері кейде ырықсыз-ақ біздің
назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның
бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына
жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейінің
бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде
адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе
қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы
әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні
маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық
кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу-ырықсыз
зейінің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты
кітап оқуға ырықсыз зейінді жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу-ырықты
зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс.Бірақ ырықты
зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді.Мұнда адам істен шығатын
нәтижеге қызығады,оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен
нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (орионтировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін
кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейінің
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а)күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс,мұрын жаратын иіс т.б.),заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну,көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етді.
Адамның ырықты зейіні әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау
арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп,
объектіге ерекше зер салып отыруы көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына
дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай
еркшеліктермен сипатталады;
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу
үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды
аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын
ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен,
көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-
гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді
шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы
жолы болып табылады.
5) Зейінді бөлуді үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда,
ырықты зейін деп іс әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейінің мынадай қасиеттері бар:
А)Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге
немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай қалса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
Мысалы, өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін
осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арасында адам істеп
отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңе алудың басты бір
белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу,
жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам
соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын
ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады.Осылайша зейінің бірде әлсіздене,
бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу-зейіннің табиғи
қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда
бөтен ойға түседі,басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейінің мұндай толқуы,
әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне оының бөлінуіне, зейінін
тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді.
Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның
өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін,
әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп
күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу-қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осынан осындай жағдайда да жұмысты тез
және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болған
мен, машинаның дүрілі, музиканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш
болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-
шуы, реніш т.б. адамды күштірек алңдатып, жұмыс істетпейді.Әрине, бұларды
жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай,сабырлық пен жұмыс істей
беруге болады.Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде
жұмыс істей алушылық-адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың
атақты жазушысы А.П.Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан
үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығамаларын
отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі
келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде де отырып
жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзің ыңғайсыз жағдайларға төселтіріп, кез-
келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Ә)Зейіннің аударылуы. Зейінің аударылуы деп бір объектіден екінші
объектігі назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы
оптимальдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв
процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың
түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қоып жаңа жұмысты тез
меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің
зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындық пен ауысады. Зейінді тез аудара
білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет.
Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген
болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп
жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір
бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау)
екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz