Сұраныс заңы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

Кіріспе

Жопары

1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар Сұраныс заңы

2. Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар Ұсыныс заңы

3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы Тепе-теңдік баға

4. Икемділік ұғымы Баға және табыс бойыншы икемділік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КIРIСПЕ

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.

Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс - бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.

Қазақстан Республикасы бүгiнгi таңда әлемдегi орны рыноктық қатынастағы дамушы мемлекет ретiнде көрiнуi болып табылады. Рыноктық қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы уақытқа дейiн даму үстiнде және ол дами бермек. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етiп отырады және оны ұйымдастырушы құрал болып табылады.

Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк бағаны қалыптастырады. Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.

Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Нарықта әрбiр тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзiнiң табысына және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзiн қанағаттандыратын нұсқаны iздейдi. Егер ол осы максималды шартты орындаса, онда ол өз сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.

Сұраныс теориясында үш түрлi икемдiлiк коэффициентi қолданылады. Оларға: сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi, сұраныстың табыстық икемдiлiгi және сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi жатады. Осы сұраныс икемдiлiктерiнiң iшiнде сұраныстың бағалық икемдiлiгiң орны ерекше. Өйткенi рынок сұранысы бiрiншi кезекте тауардың сатылу бағасына тәуелдi болады.

Нарықты жағдайларды зерттегенде сұраныстың не себептi және қандай мөлшерде өзгергенiн зерттеу үшiн “ сұраныстың икемдiлiк коэффициентi” қолданылады. Бұл абсалюттiк емес, салыстырмалылық коэффииент. Сондықтан, сұраныстың икемдiлiк коэффициентi зерттелгелi отырған сұраныс функциясының факторы бiр пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретiнiн көрсетедi.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Сұраныс заңы. Сұраныс икемдiлiгiнiң түрлерi, өлшемi” деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы сұраныстың икемдiлiг көрсеткiшi арқылы тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн, жалпы экономиканың тұрақты дамуын және сыртқы факторлар өзгерiсiне тәуелсiздiгiн көруге болады. Өйткенi тұтынушылардың өмiр сүру деңгейi төмендеу болса, онда олардың сұранысы бағаның өзгеруiне сезiмтал болады, яғни сұранысы икемдi болып келедi. Бұл мысалы бүгiнде елiмiздiң тұтынушыларының жағдайына сәйкес келедi.

Менiң осы тақырыпты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:

  • Рыноктық қатынастың негiзгi элементiнiң бiрi сұранысты жан-жақты қарастырып, оның рыноктың басқа элементтерiмен байланысын қарастыру;
  • Сұраныстың рынок тепе-теңдiк механизмiндегi орнын және оның әрекеттерiн қарастыру;
  • Рыноктық механизмдегi сұраныстың және сұраныс көлемiнiң сыртқы факторларға байланысты өзгеруi немесе жылжуын қарастыру, осы әрекеттердiң экономика дамуы үшiн әсерiн талдау;
  • Сұраныстың икемдiлiгiнiң түрлерiн және оның экономика үшiн маңыздылығын анықтау;
  1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін фокторлар. Сұраныс заңы.

Сұраныc - бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну формасы. Ал, басқаша айтқанда, сұраным төлем қабілеті бар қажеттілік. Құн тұрғысында сұраным қажетті тауардың бағасының соммасы.

Тауардың нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны график түрінде- сұраным қисығының сызығы деп атайды.

Сурет 1. Сұраным қисығының қисығы.

1 Суреттен көріп отырғанымыздай баға- Р1 сұраным мөлшері- Х1, баға Р2>Р1 сұраным мөлшері Х2<Х1 сәйкес келеді. Тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, оған деген сұраным соғұллым төмен болады.

Сұраным заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынкшылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарларға баға өссе, онда оларға деген сұраным азаяды. Сұраным қисығының сызығы бір қалыпты тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл жылжып отырады.

Қисық сызығының оңға / Д1 Д2/ қарай ойысуы тауардың сұранымның өскенін, ал солға қарай ойысуы / Д1 Д1/ сұранымның азайғанын көрсетеді. Оны 2- суреттен көре аламыз:

Сурет-2. Сұраныстағы өзгеріс.

Нарықтық сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады;

  • бағаның деңгейінен;
  • сатып алушылардың ақшалай табысынан;
  • тұрғындардың ұнатуынан және артық бағалауынан;
  • нарықтық шамасынан;
  • жиналған мүліктен;
  • сатып алушылардың санынан және басқалардан.

Сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі сұранымның қызметі / функциясы/ деп аталады. Оны мынадай формуламен көрсетуге болады:

Мұндағы:

- берілген тауарға сұраным мөлшері;

Ғ - сұраныстың оны қалыптас-н фактор-н тәуелділік нысаны;

Б - берілген және кездескен тауарлардың бағасы;

- тұрғындардың ақшалай табысы;

- тұтынушылардың ұнатуы немесе артық бағалануы;

М - жиналған мүлік

Тауарға сұраныстың мөлшері тұрғындардың ақшалай табысының деңгейіне тура пропорционалды және баға деңгейіне кері пропорционалды.

Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарларға сатып алушылар тарапынан болатын сұраным азаяды. Егер сұраным мөлшерінің бағаға байланыссыз детерлиенаттарын ( басқаша айтқанда бағаға байланыссыз факторларын) өзгеріссіз деп есептесек, онда сұранымның бағадан функциональды тәуелділігін мына формула түрінде көруге болады:

Сұраныс жағдайына көптеген, оның ішінде экономикалық (барынша жаңа, пайдалануда тиімді өнімдер) ; аймақтық (табиғат климаттық жағдайларға байланысты әртүлрлі аймақтардағы сұраным ерекшелігі) ; психологиялық ( сатып алу кездейсоқтығының шамасыф) ; демографиялық (әртүрлі жастағы ерлердің, әйелдердің, балалардың ерекше сұранымы) ;

Кәсібилік ( білім дәрежесі, айналысатын кәсібі мен қызмет түріне байланысты болатын тауарды ұнату мен артық бағалау ерекшеліктері) ;

Ұлттық діни сипаттағы және басқа да факторларға әсер етеді.

Нарықты басқару дегеніміз- осы факторлардың көмегімен сұранымға тиімді және мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Сұраныс икемді және икемсіз болып келеді. Сұранымның икемділігі деп- сұраным жиынтығының тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруіне жауап ретіндегі сандық өзгеру шамасын айтады. Икемділіктердің сандық көрсеткіштері жоқ, сарапшылар тек қана сұранымның икемділік коэффициенті қолданады (сұраным икемділігі 1-ден көп, яғни Еа>1) . Бұл коэффициент сатып алуға алынатын тауар санының салыстырмалы түрдегі өсуін, бағаның салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен анықталады:

Мұндағы

Еа - сұраным икемділігінің коэффициенті

  • сұраным көлемінің өсу проценті
  • бағаның төмендеу проценті

Әртүрлі тауарлар тобына сұранымның икемділігі бірдей емес. Бұл коэффициент, берілген және басқа тауарларға сұранымды қанағаттандыру шамасынан, нарықта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін. Әдетте күнделікті қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдерінің өте икемсіз сұраным тисығы болады. Басқаша айтқанда, оларға деген сұранымның бағаларының өсуі себепті айтарлықтай өзгере қоюы екіталай. Мысалы, нанның бағасының 24 тиынннан 10 сомға дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған жоқ. Сұраным бұл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр. Керісінше бағалардың өсуінің әрекетімен хрусталь, зергерлік бұйымдар, жеңіл машиналар секілді бұйымдарға төлем бар сұраным күрт қысқарды. Ал бұл көрсеткіш сұранымның икемділігін сипаттайды.

Сонымен сұраным - төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынудың керекті тауарларға төлей алатын ақша соммасы.

Сұраныс дегеніміз - берілген бағада сатуға арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе- теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе- теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

  1. Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы.

Ұсыным- бұл нарықта тұрған немесе соған жетуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы.

Ұсыным, өндірілген тауарлардың ассортименті ( әр алуан жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранымды құрайды; өз кезегінде сұраным, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымы мен белгілейді, себебі тек-қана тұтыну мен танылатын тауар ғана қайта өндіріле алады.

Нарықтық бағамен өндірушілердің ұсынғысы келетін тауарлар санының арасында ұсыным қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас болады.

Ұсыным қисығының сызығы, әдетте оңтүстік- батыстан солтүстік-шығысқа қарай көтеріледі. Оны 3- суреттен көре аламыз.

3-сурет - Ұсыныс қисығы.

Жоғарыда көрсетілген кесте шығарылатын өнім көлемінің (х) нарықтық бағадан (Р) тәуелділігін көрсетеді.

Баға -Р1, өнім -Х1 сәйкес, ал баға- Рс және Р2 -ге дейін төмендесе онда өнім- Хс және Х2 -ге дейін азаяды. Баға Р1 >Р2, ұсыным көлемі Х1 >Х2-ге сәйкес басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және нарықта сатуға дайын болады.

Ұсыным мөлшерінің көбеюі ұсыным қисығының сызығын оңға қарай (S2S2) ал ұсыным мөлшерінің азаюы солға қарай (S1S1) жылжытады. Оны 4- суреттен көре аламыз.

1-сурет - ұсынымның өзгеруі.

Ұсыным қисығының сызығына қандай факторлар әсер етеді? Ұсыным шамасы бағасынан қолданылатын өндіріс технологиясының сипатынан салықтар мен дотациялардан, берілген (нақты) тауар мен оған ұқсас тауарлардың бағасынан, бағаның өзгеруіне күтуден, сатушылардың санынан, табиғат- климаттық жағдайлардан, өндірістік шығындардан тәуелді болады.

Ұсыным детерминатикалық: ұсыным қисығы сызығының өзгеруін тудыратын факторлар:

1-кесте

Ұсыным қисығы сызығының өзгеруі
: 1
Ұсыным қисығы сызығының өзгеруі: Ресурстар бағасының өзгеруі
: Материялдық тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі бидайдың ұсынымын көбейтеді; жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі жүгерінің ұсынуды азайтады.
: 2
Ұсыным қисығы сызығының өзгеруі: Технологияның өзгеруі
: Жүгері зиянкестеріне қарсы тиімді инсектицидті жасау оның ұсынымын көбейтеді.
: 3
Ұсыным қисығы сызығының өзгеруі: Басқа тауарлардың бағасының өзгеруі
: Қой еті мен шошқа етіне бағаның төмендеуі сиыр етін көбейтеді.
: 4
Ұсыным қисығы сызығының өзгеруі: Салықтар мен дотацияларды өзгерту
: Сигареттерге акция салығын көбейту олардың ұсынымын азайтады; институт университеттерге дотацияларды азайту жоғары білімді мамандарды ұсынуды кемітеді
: 5
Ұсыным қисығы сызығының өзгеруі: Бағаның өзгеруін күту
: Болашақта мұнайға бағаның төмендеуінің күтілуі, мұнай компанияларының ағымдағы ұсынысын көбейтеді.

Нарықтық бағаның көтерілуіне жауап ретіндегі ұсыным көлемінің өзгеру шамасы ұсынымның икемділігін сипаттайды. (Ұсыным икемділігі 1ден көп, яғни Еs>1) Ұсыным икемділігінің сандық коэфиценті-ұсынылатын тауарлар санының өзгеру процентінің, бағаның өзгеру мөлшерінің процентіне бөлінетін бөліндісі болып табылады:

Еs-ұсыным икемділігінің коэфиценті

%Xs-ұсыным көлемінің өсу проценті

%P-бағаның өсу проценті

Ұсынымның икемділік коэфиценті, егер нарықтық баға белгілі бір рпоцентке көтерілсе немесе төмендесе, ұыснылатын тауар санының қалай өзгеретінін көрсетеді. Батыс елдернің тәжірбиесі ұсыным икемділігінің өсу тенденциясын растайды, себебі бағаның өсуі өндіріс көлемінің біршама көбеюін ынталандырады.

Ұсыныстың экономикалық теориясы.

Соңғы жылдарда сұраныстың экономикалық теориясы сынға ұшырауда. Бұған қарсы балама теория ретінде (экономикалық саясат) ұсыныс теориясы, оның басты белгілері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық заңдар
Ұсыныс және оның факторлары
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері туралы ақпарат
Ұсыныс қисық сызығы
Сұраныс факторлары
Сұраныс пен ұсыныс теориясы
Сұраныс және оның факторлары
Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Құн теориясы, маңызы мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz