Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері

Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
2.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
3. Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмысы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін,
жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі
мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы
адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы
рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың
негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына
қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы,
тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп
психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір
түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.
Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық
ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып,
қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі
екендігін айқындау.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның
қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі
табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып
жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие
беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып
көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік
пен дағдыларды меңгеруге көмектесу.

1.Сынып жетекшінің тәрбие жоспары.

Сынып жетекшінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық
құжат.Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі
түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады . Тәрбие – қиын да күрделі процесс.Жоспар болмаған жағдайда
тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі
мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және
мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік
деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке
бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады.Ол үшін тәрбие
жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын
ескере отыра жасалуы тиіс.Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның
талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие
жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.Жоспарлау
барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін
тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі
ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау
барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие
жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін,
нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын
құруға кері әсерін тигізеді.
Бүл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге
болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды.Тәрбиедегі даналықтың бір
белгісі – бала болашағйн оның өзі мен бірге шешу.Бұл педагогикалық
тағылым.Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға
әуестенсе, екіншісі ойын – сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени
жорықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді.Мұндай
жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы
қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден –
бір педагогикалық тәсіл болып табылады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға,
ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да
барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың
жан – жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың
мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма – жыл бірізділікпен жүйелі түрде
құрылмай, керісінше жеке – дара , үздік – үздік әрекеттер басым болып
келеді.Өткенмен – салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы
міндеттерді балгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны
көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма – жыл өзінің тәрбие жоспарына
көшіріп отырды.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық
лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының
нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның
талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда сынып
жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді
қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады.
Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар
құрып алады.Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін
арттырады.
Мектеп тәжірибнсінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері
көп.Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар.Кеңестік
дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик тәрбиенің салаларына
негізделген (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күнде
олай емес.Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім.Олай
болса,тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы,
олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық
әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың
түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі
түрі болады.
Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде
оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата – аналардың әрекеттерін үйлесімді
ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі
ыңғайлы формасы деп есептейміз.

Тәрбие жоспарының үлгісі

1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі,
денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір
ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша
сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша
талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін
анықтау.
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының
нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие
жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық
ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің
түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары
төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.

Апта аралығын көрсету
Негізгі бөлімдер Тәрбиелік Формасы Мерзімі, Жауапты Өтілгені
шаралардың мен тәсіліуақыты адамдар туралы
мазмұны белгі
1.Сынып ұжымын
ұйымдастыру
2.Оқушылардың
өзін-өзі басқару
ұйымдары және
балалардың
бірлестіктері мен
өзара әрекеттері
3.Пән мұғалімдері
және мектеп
әкімшіліктерімен
байланыс
4.Отбасы және
жұртшылықпен
жүмыс
5.Жеке оқушымен
жұмыс

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі.Сондықтан, тәрбие жоспарын құру барысында
оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды
қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте
болуы қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін
ескеру.
5.Тәрбие жоспары ықшамд, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6.Тәрбие жоспарындағы атқатылатын шаралар саны жағынан емес, сапасы мен
анықталатын болсын.
7.Тәрбиеліу шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр
тарапты және әржақты болуын ескеру керек.
8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге
қызығатынын,олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған
шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке – дара емес,
біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады ?

I. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие
міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; білім
және ғылым министірлігінің оқу - әдістемелік жұрналдарымен
танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының
өзекті мәселесіне қатысты психологиялық және педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерді оқу.
II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп,
мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие
мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен
міндеттерін анықтау.Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық
міндеттері белгіленеді.Мысалы: Мақсат: “Мәдениет құндылықтарын
меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын
ынталандыру”.
Оның міндеттеріне:
1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық – танымдық (интелектуалдық) әрекеттерін
ұйымдастыру.
2.Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым – қатынас жасауға
ынталандыру.
4.Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос
уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай
әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және
пән
үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен
танысу, алдағы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысып,
пән мұғалімдері және ата – аналармен пікір алмасу.
IV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп,
тану.
V. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді
анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
VI. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
VII. Жоспарлау.Оқушыларды немесе олаодың белсенділерін жоспарлауға,
оны талқылауға тарту.Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында
талқылау және бекіту.

2.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге
мәлім.Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес,сабақтан тыс
жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады.Ол әдетте сыныптан тыс
және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен
ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін
тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы
ретінде балаға кең көлемде балаға ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін
болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының
түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтіктәжірибесін жандандырып,
жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін
байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда
әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға
деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.Егерде балада еңбекке
деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан
болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете
алады.Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса,
соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.Сондықтан бұл
өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы
тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен
бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек
әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа,
бір – біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге
тәрбиелейді.Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын,
танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара
ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен
тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп
спектакль қояды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін
меңгереді.Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін
бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар “бірі бәрі үшін,
бәрі бірі үшін” деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіде, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен
өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды.Сынып жетекшісі оның
формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда
ерікті болады.Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы
сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші
жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады.Бұған қосымша, одан шығармашылық
белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне
күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы.Себебі, онда тек жалпы жетістік
пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік
береді.Соған сәйкес қандаә да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден
анықтау өте қиындықты туғызады.Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи
жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым – қатынаста немқұрайлыққа жол
бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың
болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың
мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам
немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.Сонымен
қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері
қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі
болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға
қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және
қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын
тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін
неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен
ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс
ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған
міндеттерде көрсетілген:
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және
ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.Бұл баланың одан әрі
дара дамуының негізі болады.Себебі, тәжірибе көрсеткендей “қиын балада” өзі
туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан.Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны
не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді.Соған орай дұрыс
ұйымдастырлған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға
мүмкінлік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына,
өзінің күш – қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын
қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда
жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу,
басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан
жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы
қалыптасады.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей
танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру.Оған қызығушылықты баланың
дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру
негізінде қалыптастыру.Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала
өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыданұйымдастыра
алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік,
эмоциональдық, ерік – жігерін қалыптастыру.Сабақтан тыс жұмыстарында бала
адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез – құлық нормаларын
меңгереді.Эмоциалық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы
қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту.Мұндай міндетте сабақтан
тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз
етеді.Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай
көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған.Баланың таным
қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе,екінші
жағдайда,балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі
бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайының
ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше.Олар тәрбие
берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.
Сыныптан тыс тәрбие
жұмысының қызметі. Сыныптан тыс тәрбие
жұмысының мақсат және міндеттері тұтас
педагогикалық процестің қызметін
ерекше сипат береді – білімділік,
тәрбиелілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің қызметі
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы және тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдіс-тәсілдері
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Сынып ұжымын ұйымдастыру
Пәндер