Тәрбие процесін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Сынып жетекшісінің жеке басына қойылатын талаптар
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Сынып жетекші жұмысының мазмұны және сынып жетекшінің қызметі
2.Сынып жетекшінің тәрбие жоспары.
3. Біздің елімізде сынып жетекшісінің оқу – тәрбие
процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы

ІІІ.Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Сынып жетекші жұмысының мазмұны және оның қызметі.
Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы
ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да
ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі
бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал
басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде
қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын
болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең
негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті
ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары
қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі,
олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу
дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса,сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін
ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне
жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде
нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға
тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра
отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін,
оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын
біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп
оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша
ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние
танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген
сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды
дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік
шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда
тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие
міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты
қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол
жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі
әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және
олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,
оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға
ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің
және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын
үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың
бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз
қарым-қатынасын қамтамасыз етү.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап,
отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын
жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі
бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың
бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып
жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.

Сынып жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа
балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа
кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген
оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта
қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның
бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның
әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,
баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік
өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне
көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің
басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату.
Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін
қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың
орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы
жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын
қалыптастыру.Олардың танымдық, еңбек,
эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым –
қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат
қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау
немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция)
енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі
ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру
барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық
және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау
жүргізуді;сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны
болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден,
өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден,
диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың
жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі
туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының
қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін
басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің
мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу
– тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды
буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру,
пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген
тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді
көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны
жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет
әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар
аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми
тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші –
сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.
Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау
сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз
тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің
өзі де болмаған болар еді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие
процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның
нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп
отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау
барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе
жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге
асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және
түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен
жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық
әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің
көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол, бір жағдайда, барлық жерде
балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса , ал екінші жағдайда,
көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да
кері әсерін тигізуде.
Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта
сыныптағы окушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлганың дамуына
қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға
көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептің өгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші
негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып
жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі
жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие
жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұңдай көзқараста баламен жеке жұмыс
жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын
қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте,
негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, оңда жағымды психологиялық
жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамуына,
әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай
туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік әмірмен қарым-қатынас жасауға аса
көңіл бөлінеді.

2.Сынып жетекшінің тәрбие жоспары.
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық
құжат.Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі
түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады . Тәрбие – қиын да күрделі процесс.Жоспар болмаған жағдайда
тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі
мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және
мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік
деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке
бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады.Ол үшін тәрбие
жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын
ескере отыра жасалуы тиіс.Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның
талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие
жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.Жоспарлау
барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін
тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі
ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау
барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие
жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін,
нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын
құруға кері әсерін тигізеді.
Бүл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге
болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды.Тәрбиедегі даналықтың бір
белгісі – бала болашағйн оның өзі мен бірге шешу.Бұл педагогикалық
тағылым.Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға
әуестенсе, екіншісі ойын – сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени
жорықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді.Мұндай
жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы
қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден –
бір педагогикалық тәсіл болып табылады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға,
ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да
барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың
жан – жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың
мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма – жыл бірізділікпен жүйелі түрде
құрылмай, керісінше жеке – дара , үздік – үздік әрекеттер басым болып
келеді.Өткенмен – салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы
міндеттерді балгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны
көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма – жыл өзінің тәрбие жоспарына
көшіріп отырды.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық
лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының
нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның
талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда сынып
жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді
қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады.
Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар
құрып алады.Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін
арттырады.
Мектеп тәжірибнсінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері
көп.Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар.Кеңестік
дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик тәрбиенің салаларына
негізделген (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күнде
олай емес.Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім.Олай
болса,тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы,
олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық
әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың
түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі
түрі болады.
Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде
оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата – аналардың әрекеттерін үйлесімді
ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі
ыңғайлы формасы деп есептейміз.

Тәрбие жоспарының үлгісі

1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі,
денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір
ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша
сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша
талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін
анықтау.
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының
нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие
жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық
ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің
түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары
төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.

Апта аралығын көрсету
Негізгі бөлімдер Тәрбиелік Формасы Мерзімі, Жауапты Өтілгені
шаралардың мен тәсіліуақыты адамдар туралы
мазмұны белгі
1.Сынып ұжымын
ұйымдастыру
2.Оқушылардың
өзін-өзі басқару
ұйымдары және
балалардың
бірлестіктері мен
өзара әрекеттері
3.Пән мұғалімдері
және мектеп
әкімшіліктерімен
байланыс
4.Отбасы және
жұртшылықпен
жүмыс
5.Жеке оқушымен
жұмыс

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру:(формасы – сынып сағаты),тақырыптық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқыту
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу – тәрбие үдерісінде пайдалану
Сынып жетекшінің маңыздылығы
Сынып жетекшісінің маңыздылығы. Дискуссия
Мектептің оқу тәрбие процесі
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Мектеп жұмысын жоспарлау
Пәндер