Дамуынды ауытқуы бар балалардың жалпы психикасына сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .2-4

I Тарау. Психика туралы жалпы ұғым.

1.1 Психология туралы жалпы анықтама ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
1.2 Дамуынды ауытқуы бар балалардың жалпы психикасына
анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6-8

II Тарау. Психикалық және физикалық дамуларында күрделі ауытқулары
бар балалар.

1. Күрделі ауытқулар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... .9-
16
2. Күрделі ауытқулардың негізгі себептері ... ... ... ... ... ..16-1 7
3. Күрделі ауытқулары бар балалардың психикасының даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...17-24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24-25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 25-26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .27

Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі: Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі
кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі
дефектологтардың тұжырымы бойынша, арнайы мекемелерде осы балалардың
саны 40% құрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу,
арнайы мекеменің жұмыс істеу әдістемелерінің нәтижесі болуына өте
қажет. Осы балаларды толық зерттеп, және олардың ерекшеліктерін
жақсы білу оларға тек түзету, дамыту әдістерін қолдану үшін ғана
қажет емес, сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының
нашарлауының алдын – алу үшін де қажет.

Зерттеудің мақсаты: Бұл зерттеудің негізгі мақсаты болып күрделі
кемістігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу, бір ғана
кемістігі бар баланың және бірнеше кемістігі бар баланың психикалық
айырмашылығын көру. Ол бірнеше кемістіктің пайда болған себептерін
анықтау және олардың оқыту принциптерін қарастыру.

Зерттеудің міндеті: Осы аталған мәселе бойынша зерттеу
жұмыстарын жүргізу.

Зерттеудің теориялық мәні: Арнайы психологияның күрделі
кемістігі бар балаларды оқытудағы бар кемшіліктерді анықтау, оны
балалардың психикасына әсер етуін зерттеп білу.

Зерттеудің практикалық мәні: Күрделі кемістігі бар балаларды
оқыту біздің елімізде енді 10 жылдың ішінде қолға алынып жатқан
мәселелердің бірі болып саналады. Олардың барлық психикалық
ерекшеліктерін мамандар әлі қарастырып зерттеп болған жоқ. Өйткені,
кемістіктер әртүрлі болып келеді және де олардың түрлері көп.
Бұрында егер күрделі дефектісі бар бала оқытылмайды деген атқа ие
болса, қазіргі біздің жағдайымызда ол стереотип жойылып бара жатыр.
Өйткені, көптеген ғалымдар осы сала бойынша өздерінің зерттеулерін
жүргізіп жатыр, оның қыр – сырын күннен күнге ашып толықтыруда.
Міне мен өз үлесімді қосқым келді. Менің ойымша егер бұл
зерттеуді әрі қарай дамытса, қызықты және пайдалы мәліметтер ашуға
болады.

I Тарау. Психика туралы жалпы ұғым.
1.1 Психология туралы жалпы анықтама.
Әр бір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады.
Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын,
әрі ол - күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші
адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Психологияның зерттейтін
объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар
мен құбылстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың
өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте – бірте олар адамның
психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер,
процестер, күйлер (көңілге байланысты) тағы басқалар жатады. Мұндай
процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі
заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның
ішкі жан дүниесіне тән.
Психология, психика деген түсініктер гректің псюхе - жан
деген сөзінен шығады. Логия - ілім. Сонымен, психология – жан
туралы ілім.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны
зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми
ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым
– теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы
психология – адамның танымы мен практикалық іс - әрекеттерін, түйсіну
мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік жігері мен
сезім күйлерінің, қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік
психологиялық ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін,
мінездегі жетекші ниет – тілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай
білуін тағы басқа ерекшеліктерін зерттейді.
Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеленеді
органикалық дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған
қасиетті деп санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде
түсіндіреді. Психиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары
сатыда жетілген жүйке жүйесінің қызметіне байланысты болса, екінші
жағынан, адамның қоғамдағы қызметі мен еңбек тәжірибесіне
байланысты.
Психика, сана - материяның ең жоғары түрде дамығын жемісі
және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі
сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың
нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс -әрекет арқылы
тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен
оқиғаның бейнелері біздің ақыл – ойымыз бен санамызға әсер етіп,
білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Сөйтіп, адамның
дүниетанымы тікелей сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан
әрі қоғамдық тәжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным әрекетінің бұл
жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал психика мен
психологиялық қасиеттердің бәрі - адамның осы дүниетанымының санада
із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканы және оның жоғары
түрде дамымаған сатысы – санасы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу
мәселелері – психология ғылымының басты міндеттері.
Ал енді, зерттелініп жатқан жұмысымның арнайы
психологиясына тоқталып өтсем. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму
жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері
мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда:
олигофренопсихология – ми зақымы аурумен туған адамның психологияның
дамуы, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар
психикасын, тифлопсихология - нашар көретіндер мен соқырлардың
психологиялық дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар
психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз
грек тілінде патос- зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді.
Патопсихология медицина ғылымы мен оқу – тәрбие істерін зерттейтін
пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын қарастыратын психология
ғылымының түйіскен торабына жатады.
1.2. Дамуынды ауытқуы бар балалардың жалпы психикасына сипатама
Кеміс бар балалар немесе аномальды балалар деп- біз психикасы мен
дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балаларды
Айтамыз. Аномальды дегеніміз – ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс
емес деген мағынаны білдіреді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда
ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала
организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе
бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді ,
өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай
сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын
бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін
мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала
организмінің керіс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір
жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе
дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі
қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтан да, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің
және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен
тәрбие қажет ететін балалар жатады.
Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар:
1. Есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін,
кешестімей қалғандар);
2. Көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
3. Сөйлеу қабілеті бұзылған – логопаттар;
4. Интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-
ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер);
5. Психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр
мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, қыл-ойы жетілмеген және т.б.);
6. Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған;
7. Психопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-құлығы бұзылғанбалалар жатады.
Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және
еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып
отыр.
Кеміс балалар – күрделі және әр түрлі мінезді топқа жатады. Егерде
кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал
кейбіреуі тек компенсацияланады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен
араласуына және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Кеміс балалардың білім
деңгейі әртүрлі, бірелері қарапайым білім беруді тез меңгереді, ал
біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгеруі
де оқушылардың арнайы мектепте оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін
тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе,
біреулерінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі
ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.
Медициналық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс
балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге себебін тигізеді.
Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.

Баланың дамуындағы негізгі заңдылықтарда биологиялық және әлеуметтік
факторлардың әсерін дұрыс түсіну мәселесі жатыр. Биологияда ұзақ уақыт
бойы механикалық қағида орын алған. Бұл қағида бойынша баланың дүниеге
келгеннен кейінгі даму процессі тек мөлшерлік, немесе сандық өсуі мен
дамуы деп саналатын. Бүкіл организмнің қасиеттері, ерекшеліктері
құрсақтың ішіндегі ұрықта қалыптасқан дейді. Бұл қағида сыртқы
факторлардың, әлеуметтік ортаның әсерін мойындамай терістейді,
педагогикалық септігін, мағынасын бағалап құндамайды. Алайда,
генетикалық бағдарламасының қандайда ерекше, бірегей болғанымен де,
әлеуметтік факторлардың әсерін есте сақтамауға болмайды.
Әр бір адамдағы биологиялық ерекшеліктерін, жеке тұлғаның
дамуын әлеуметтік факторлар анықтайды, қоғамдық орта оның ішінде
балалық іс-әрекетті (ойын, оқу, еңбек әрекеті) бала біртіндеп
меңгереді, мысалы, қоршаған адамдардың тілін үйренеді, тәжірибесін
игереді, үлкендердің мінез-құлығына еліктейді. Зат пен тәжірибені
келе-келе меңгеріп, бала өзінің ойлау процесін, есте сақтау
қабілетін дамытады.
Сонымен, жеке тұлға ретінде даму процесі биологиялық және
әлеуметтік факторлар жүйесінің өзара әрекетімен сипатталады. Осы екі
фактор – бір ғана мақсатқа бағыттайды, яғни жеке адам, тұлға болып
қалыптасуына әкеледі. Әрбір балада өзінің туа біткен нерв
жүйесінің қасиеттері болады (күш, тепе-теңді, нервтік процестердің
беріктігі мен қозғалғыштығы, білімді тез меңгеру және т.б.).
Баланың нерв жүйесінің осы жеке ерекшеліктеріне байланысты меңгеру
қабілеті, танымдық қызметі, жалпы айтқанда биологиялық факторлар
адамның психологиялық дамуына жол көрсетеді.
Соқырлық пен саңыраулық - әлеуметтік емес биологиялық факторлар
болып саналады, бірақ педагог биологиялық факторлармен емес,
олардан туындаған әлеуметтік салдарымен жұмыс жасайды, - деп көрсет
кен Л.С.Выготский.
Егер биологиялық ауытқулар неғұрлым ауыр, тереңірек болса, онда
педагогикалық әсерлердің тиімділігі аз болады, үнемі қажетті
түзету, тәрбиелеу және компенсаторлық мүмкіншілктерді қарастырып
іздеп, қолдануды қажет етеді. Анализаторлардағы немесе
интеллектілердегі дефект әртүрлі ауытқуларға әкеледі.

II Тарау. Психикалық және физикалық дамуларында күрделі ауытқулары
бар балалар.
2.1 Күрделі ауытқулар туралы түсінік.
Әр түрлі ауытқулары бар балалардың таным әрекетін теңеу
арқылы
олардың психикалық ерекшеліктерінің дамуын зерттеуінде Р.М. Боскис,
Т.А. Власова, Л.С. Выготский, В.И. Лубовский және тағы басқа ғалымдар
көп үлестерін қосты. Олар аномальды балалардың өзіндік даму
заңдылығын, жалпы, олардың кемшіліктерін мінездеу, сипаттау және
әлемді қабылдау мен түйсінудің қиыншылықтарын, ақаулықтың
себебінен, сонымен қатар оны психолого – педагогикалық коррекциялық
және компенсациялық жолдармен түзету шараларын көрсетті.
Кемістігі бар балалардың психикалық дамуының тежелуінің
себебі, қоршаған ортадан информацияны шектелген түрінде қабылдауынан
болады. Сенсорлық бұзылыстар кезінде ол информацияның шектелуінен,
яғни есту және көру анализаторлардың паталогиялық өзгерістердің
болуынан, ал психикалық дамуы тежелген және ақыл – есі кем
балаларда жоғарғы жүйке жүйесінде бұзылуының немесе жұмысқа
қабілетінің төменділігінен, сол информацияны қабылдауына және
қорытуына әсерін тигізеді.
Психикалық даму процесі әрбір кезеңдегі негізгі қызмет үшін
неғұрлым қарқынды болады. Бала үшін ерте кезеңдегі негізгі қызмет
ол қоршаған орта туралы білімдерін меңгеру, ол бұл білімді
үлкендермен қарым – қатынас арқылы толықтырады және бекітеді. Егер
толық қарым - қатынас болмаса жаңа ақпаратты есте сақтау процесі
күрделінеді.
Көру қызметі бұзылған кішкене баланың белсенділігіне
неғұрлым төмендеген кезде қарым-қатынасты жүзеге асыру қиын, оның
үстіне алғашқы айда тіпті бірқалыпты көретін баланың өзінде оның
ересектермен тұрақты қарым-қатынасына үн қатуы қиын.
Соқыр және нашар көретін балаларда өмірінің алғашқы айларында қарым-
қатынас пен оны ынталандыруды дамытудың міндеттері және оларды жүзеге
асырудың әдістері мен тәсілдері көзі көргендермен бірдей. Сипалау (аялау),
нәзік үн, жағымды жылы сезіну, ана денесімен үйлесуі қабылданатын және
жауапты реакция тудыратын ынталанулар болып табылады.
Алғашқы, жарты жылдың аралығында екінші жарты жылдықта келесі формаға –
ситуациялық іскерлік қарым-қатынасқа өтуді қамтамасыз ететін шешуші рольді
ситуациялық және эмоционалдық қарым-қатынас атқарады. Сөйтіп, соқыр
нәрестенің өмірінің алғашқы жарты жылдықтағы дамуы өзіндік ағымда болады.
Көзі көретін өзінің құрдастарымен салыстырғанда оның психикалық қызметінің
дамуында басқаша қалыптасады.
Түйсіну өрісінің баяу қалыптасуы мен байланысты дифференциялданған
естуді қабылдауда алдымен көретін баладан сәл артта қалуы байқалады, бірақ
әрі қарай ол теңеседі және көру қабілеті бұзылған бала естуінің дамуында
сол жастағы көретін балаларды қуып жетеді. Көзқарас және дене қимылы аз
психикалық белсенділік сияқты мәнерлі қарым-қатынас құралдарын шектеулі
қабылдаумен байланысты қарым-қатынасты ұйымдастыру қиындығы қарым-
қатынастың көретін балаға қарағанда кішірек және тек ситуациялық-
эмоционалдық формада пайда болуына алып келеді.
Баланың психикалық дамуын қалыпына келтірудің қажетті жағдайы ересек
адамның бірнеше бағыттағы белсенді көмегімен жасалады: қабылдаудың
полисенсорлық негізін құрайтын жүйке байланысының күрделі жүйелерін құру
мақсатында барлық сақталған анализатордың қызметін белсендіру, негізгі
қарым-қатынасты ұйымдастыру, даму белсенділігін қамтамасыз ететін аралық
және ішкі функционалдық байланыстардың генерализацияланған жүйесін
қалыптастыру.
Жоғарыда айтылғанның барлығы тек жай кемістіктер болатын болса,
сонымен қатар олармен бірге көбіне қосарланып келетін басқа
ауытқуларда бар. Оларды біз күрделі кемістер деп атаймыз.
Күрделі ауытқулар - бұл бірнеше кемістіктің бірлесіп пайда
болуы. Ол кемістіктер бірінші жақты және екінші жақты болып
бөлінеді.Бірінші жақты дефект деп біз, егер баланың көзі көрмейтін
болса онда сол кемістіктің арқасында қосарланып тағы бір кемістік
пайда болуы мүмкін, ол мысалыға алатан болсақ, баланың психикалық
дамуы тежелуі мүмкін. Бірақ, бұл кемістіктердің тек қосындысы емес,
оның әрқайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің
клиникалық белгілері жеке – жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен
ерекше. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерде кездесетін күрделі
ауытқулар, деген терминдеріне мағынасы бойынша ұқсас күрделі
дефект, дамудың күрделі ауытқулары, бірнеше кемістіктердің
бірлескен түрі сияқты сөздер қолданылады. Оның бәрі - соңғы кезде
жиі кездесетін ауытқулардың күрделі құрамын анықтайды. Ауытқулардың
құрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа
бөлінеді.
Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық
дамуында негізінен ауытқудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың
әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы,
соқыр – саңыраулық, ақыл - есі кем және тірек - қимыл аппараты
бұзылған балаларды айтамыз.
Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және
оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері
әсерін тигізеді. Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту.
Осы жағдайды кейде баланың алғашқы кемістігінің асқынуы деп
түсінуге болады.
Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алғашқы
кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын асқынған
кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститін
балалар: немесе қимыл - тірек аппараты зақымданған балаларда
кездесетін көру және есту кемістіктері оған қосымша тіл
мүкістіктері.
Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар
балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардың
тұжырымы бойынша арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40%
құрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы
мекеменің жұмыс істеу әдістемелерінің нәтижелі болуына өте қажет. Осы
балаларды толық зерттеп, және олардың ерекшеліктерін жақсы білу
оларға тек түзету, дамыту әдістерін қолдану үшін ғана қажет емес,
сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын –
алу үшін де қажет.
Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу процесі
енді қалыптасып келе жатқан, арнайы психологияның жаңа сала болып
табылады. Егер бұрын бұл балалар оқыта алмайтын деген атқа ие
болса, қазіргі он жылдың ішінде ол енді қолға алынып қарастырылып
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың психикасының дамуы
Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Жеткіншек жастағы балалардың психикасына психотропты заттардың әсері
Жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық адаптациясы
Гидроцефалиядан асқынған олигофрения
Пәндер