Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Оқушыларға ұлттық тәрбие беруге байланысты тәрбие жұмысының
технологиясы

Жоспар

1. Патриоттық тәрбие беруге байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру
технологиясы.
2. Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруда жүргізілетін тәрбие
жұмысының формалары.
3. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының
мазмұны.
4. Схема.
5. Ұлағатты сөздер.

1. Патриоттық тәрбие беруге байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру
технологиясы.
"Атамекен"-Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие
процестерінің өзіндік ұлттық, айшық ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы
педагогикасының тәлім-тәрбиелік ұстанымдарына негізделген ғылыми
педагогикалық және методикалық бағдарлама.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере
отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жұмысын жасау, балалар мен
ересектерді біріктіретін ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық
"Атамекен" ордасын штабын құру. " Елімай" атты ұлттық -
этнографиялық іскерлік, шығармашылық-көріністік ойындарын өткізу, өз туын,
ел таңбасын, төсбелгісін, ұлттық киім үлгісін және өзге рәсімдік-рәміздік
белгілерді иелену, әрбір мектепте тарихи ұлтық - этнографиялық мұражайлар
ашу.
Қызметі: "Атамекен" негізгі 30 шығармашылық бағыттан құралған. Онда
халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этно-мәдениеті мен
этностың тілдері, рухани игіліктерін қолдана отырып барлық ағарту-тәрбие
процестері кешенді комплексті түрде қарастырылған. Шығармашылық
бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептен тыс
мекемелерде, педагогикалық жоғары оқу орындары мен училищелерінде және өзге
құлшыныс танытқан орындарда іс-әрекет етуші "Атамекен" ордасы құрылды.
Орда төрағасы , орынбасарын, 3-бірлестіктің жетекшілерін І-ІV сынып
“Балдырғандар ата-баба елінде” бірлестігін құрып, толық шығармашылық
жұмыстар жүргізеді.
Әрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай яғни өз
тілектеріне орай бағыттарын белгілейді Олар белгілі бір мерзімдер бойынша
бірлестіктерге тапсырылып, салтанатты не дәстүрлі түрде жалғастырып
отырады. Қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады.
Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық-рәміздік елтаңбасын иеленеді.
"Мың бала" патриоттық қозғалысының бағдарламасы
1. "Білік мектебі" Халқымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік
мектебін оқып үйренеді. Соғыс пен бейбітшілік мәселелерін зерттейді,
сабақтар, конференция, семинарлар, кездесулер өткізеді.
2. Біз бейбітшілікті сақтаймыз. Бейбітшілік жақтайтын балалар іс-
әрекетін ұйымдастырады, өзара қарым-қатынас орнатады.
3. Мен ертеңгі жауынгер. Болашақтағы әскери өмірге үйренеді.
Әскери сипаттағы жарыстар өткізеді. Әскери бөлімшелерге, шекара
бекеттеріне таным жорықтар ұйымдастырады.
4. Тәні саудың – жаны сау. Денесін шынықтырып, спорт түрлерімен
айналысады. Басқа халықтардың қорғану әдістері, олардың түрлерімен
танысады.
5. Салауат клубы. Салауатты өмір салты насихатталады. Арақ ішуге,
темекі тартуға, нашақорлыққа т.б. денсаулыққа зиянды әрекеттерге қарсы
күрес жүргізеді.
"Мың бала" атты оқушы жастар ұйымының негізгі өнеге етіп ұстар
тұтқасы, алатын жолы он бес жасар Сартай батырдың адамгершілік пен
отаншылдық ерлігі. Мың баланы басқарған "Сартай батыр" дастанында
елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа, өнерге, ерлікке шақыру жағы
басым.
Сартай батырдың ерлігін дастан етіп жазған ақын Нұрмағанбет Қосжанұлы
(1897—37 жыл) осы дастанды жазғаны үшін "Халық жауы" деп атылды. Дастандағы
әр сөз тәрбиенің әр саласына арналған қасиетті тұмардай, кейіпкерлердің іс-
әрекеті бір-бір тақырыптағы тәрбиелік көрініс. Болған оқиға үш
ғасырға айналса да мазмұнын жоймаған. Қазіргі жастарға, ел
басқарған әкім, қара басының қамын ойлап байыған қорқауларға
арналғандай.
2. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру
"Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа
байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады.
Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді" (П.С.Брегг) —
дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы
әрекеттің барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі
және дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты.
Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты
туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге
қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге
сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына
бірден-бір кепіл болады. Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеметтену
жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты
өмір салтын ынталандыру - тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының
негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.
Платон "мемлекет туралы" өзінің философиялық трактатында жазған
пікірі бойынша біздің назарымызды екі жағдайға аударады: "адамның денесі
үшін гимнастика, жаны үшін музыка" қажет. Ондағы айтайын деген ойы, біздің
көзқарасымыз бойынша, "гимнастика" тек денені жаттықтыру үшін ғана емес, ол
адамды "әдемілік заңы" бойынша дене мүшелерін үйлесімділік пен
көтеріңкілікке тәрбиелеудің, ал "музыка" — тар мағынасында біздің тек
музыка жайында ғана білімім деп түсінбеуімізді, керісінше барлық музаға
(көркем өнер мен ғылымның қамқоршы құдайы) қызмет көрсету деп түсіну
керекіігін меңзейтіндей.
Олай болса "Салауатты өмір салты" деп нені айтамыз?
Ол үшін "салауаттылық" пен "өмір салты" деген ұғымдардың мәнісін
анықтап: алған жөн.
"Салауаттылық", яғни "деннің саулығы" -Бүкіләлемдік денсаулықты
сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және
әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. "Деннің
саулығы" — адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын
білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
"Өмір салты" — адамның денелік, интеллектуальдық және еңбек әрекетін,
тұрмыстық өзара қарым-қатынасын; дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін,
өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас
ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, "өмір салты" — деннің саулылығына
нәтижелі ықпал ететін "салауатты өмір сүру" ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым “салауатты өмір салтын”:
- ең жақсы үйлесімді тәртіп;
- иммунитетті және денені шынықтыру;
- дұрыс тамақтану;
- орнықты өмір сүру әдеті;
- зиянды әдеттің болмауы ("ауру қалса да - әдет қалмайды");
- жоғары дәрігерлік белсенділік - деп түсіндіреді.
Қазақта "Деннің саулығы - бастың амандығы" - деген ұғым қалыптасқан.
Олай болса, салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген
ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар
күрделі мәселе. Себебі, жаңа XXI ғасырдың адамы - дені сау, рухы күшті, жан
дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан, оқушылардың салауатты өмір сүруін
қалыптастыру — мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам - қоғамның маңызды
құндылығы.
Деннің сау болуы — ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне
бөлену, өмірден ләззат алу, баланың жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тосқанындай,
әрбір таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік қам-
көңілсіз, кіршіксіз сәтті ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді өзің сүю,
құрметтеуден басталады.
Ол үшін, оқушыларды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге
тәрбиелеу қажет. Оған жету, ерінбей, шалдықбай үлкен еңбек етуді қажет
етеді. Ондай еңбек — деннің сау болуын қажет етеді. Міне, осы тұрғысында
оқушылардың санасы таза, сенімі айқын болуы шарт. Кімде кім өзінің өмірін
темекі түтінімен, ішімдік уытымен уласа, арам қылықпен өмір сүрсе, сол
ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарайды. Ол үшін тіршілік, өзін қоршаған орта
көңілсіз, беймәлім, күңгірт болып келеді. Осы қағиданы әрбір баланың
жадына, зердесіне тоқыту, жалпы адамзаттың, соның ішінде мектеп пен ата-
аналардың мемлекет, қоғам, бала алдындағы міндетті борышы.
Біздің көзқарасымызша, "Салауатты өмір сүру салтына" 3 идея негіз
бола алады, дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл
үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі
қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы
тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс.
Ол өзінің педагогикалық әрекетін "АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК" заңына
байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана
ол ақиқат дүниеге айнала алады.
"Салауатты өмір салты"
(Формасы: тәрбие сағаты)
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: а) Білімділік. Шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, ЖҚТБ
(СПИД)-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан
туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.
ә) Тәрбиелік. Оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, ЖҚТБ-ның
адам өміріне зияндьі әсерін аша отыра, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу
және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыру.

б) Дамытушылық: Оқушылардың терапевт, фтизиатор, невропатолог, гематолог,
гинеколог, фармацевт, психолог, химик, биохимик, нарколог, құқық, статист
мамандықтары бойынша түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне қатысты
сауатын дамыту.
Ұйымдастыру формасы. Баспасөз конференциясы.
Көрнекілігі: Газет, журнал материалдары; фото-альбом және әртүрлі
мазмұнды плакаттар мен суреттер; реферат жұмыстары, қажетті әдебиеттер.
Өтілу мерзімі, уақыты:
Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру
және "Темекінің", "Ішімдіктің", “Нашақорлықтың”, "ЖҚТБ-ның адам өміріне
зиянды әсері" тақырыптарына реферат жазу, стенд, қабырға газеттерін шығару
жұмыстарын тапсыру. Шақырылатын қонақтардың тізімін әзірлеу.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз. Тақырыптың мақсаты, тәрбие сағатының
барысын түсіндіру.
2. Тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға пікір алмасу: "Жас алаш", "Егемен
Қазақстан", "Ақжол", "Ұлан", "Алматы ақшамы", "Жас қазақ" газеттері және
"Парасат'', "Денсаулық" жорналдары тілшілерінің арнайы шақырылған
мамандарға сұрақтарын талқылау.
3. Оқушылардың алдын-ала дайындаған жұмыстарын талқылау.
4. Қорытынды.
Өту барысы:
Кіріспе сөз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев "Халық
денсаулығы" атты Мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту,
мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі екендігін атап
көрсеткені баршамызға мәлім. Олай болса, " Бағдарламада" Қазақстан
азаматтарының денсаулығына әсер ететін барлық факторлар жан-жақты мұқият
екшелеп бағамдалған.
Бағдарламаның басты мұраты - халықтың денсаулығын сақтау,
демографиялық ахуалды жақсарту. Адамның ақыл-ойын, денсаулығын,
қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде
шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл-Фараби "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз,
мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" деген екен.
Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты?
XXI ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге
денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай; жаны мен тәні кіршіксіз таза,
танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы және
шығармашылык, қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, республика
бойынша ерлердің 57 пайызы, жас өспірімдердің 40 пайызы шылым тартса,
ересек адамдардың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 29,5
пайызы нашақорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда
10 мыңнан астам жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар
барын, әрбір үшінші сәби өлі немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Тәрбие жоспары және қойылатын талаптар
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмысы
Сынып жетекшісі
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі
Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Пәндер