Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кiрiспе

1. Экологиялық мәселелер және халықаралық қатнастар мәселесi
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар. БҰҰ және оның арнайы мекемелері. БҰҰ-ңың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы
3. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы. Қазақстанның халықаралық экологиялық бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға катысуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кiрiспе

Бүгiн қоршаған ортаны қорғау бүкiл адамзаттың қажеттілігіне айналып және әлемдік қауымдастық оны сақтап қалу үшін өзара ұйымдасуға және өз әрекеттерін үйлестіруге мәжбүр етiп отыр.
Негiзiнде бүгiнгi күннiң экологиялық сипаттағы планетаны сақтау және қорғау проблемасы адамзаттың тiкелей қызметінің нәтижесінде туындап отыр деп айтуға болады. Сондықтан да бүгiнгi күнде адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі экологиялық қатынастарды реттеу болып табылғандықтан, оны шешуге халықаралық ұйымдар мен әлемнiң барлық мемлекеттерi бiрлесе қатысуы тиiс.
Тiптi көптеген мемлекеттер адамның өнеркәсіптік қызмет әсері болмай тұрғанда-ақ табиғи орта бұзылуының ғаламдық зардаптарын ұғынды. Ұлттардың қысқа мерзiмдi мүддесі кейбір мемлекеттерді қоршаған ортаның бұзылуы мен ластануына көз жұмғызып отыр. Ал бұдан да маңыздырақ проблемалары бар мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау мәселесін екінші қатарға жылжытып қоюға мәжбүрлiк тудырып отыр. Оның үстiне осы күндегi қиыншылық жағдайға қарамастан, адамзат қызметінің табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға қауіпті әсер ететіндігі қазірдің өзінде дәлелденіп отыр. Осы процесті тоқтату және қоршаған ортаға байланысты саясатты өзгерту адамзаттың қазіргі кезде бұзылған қоршаған орта мүдделерін қалпына келтіру мен өндiрiс қалдықтарын сақтаудағы және келешек ұрпаққа болашақта да осы мүдделердің бұзылуына жол бермеуі тапсыру маңызды міндет болып табылады. Бұл жұмыста қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың кейбiр теориялық және құқық мәселелерi қарастырылып оның осы халықаралық құқықтық саладағы кейбiр өзектi проблемаларына теориялық шолу және талдау жасалмақ.

1. Экологиялық мәселелер және халықаралық
қатнастар мәселесi

Әлемде 60-жылдардан бастап өнеркәсіп пен ауыл ша-руашылығының, энергетиканың дамуында өзгеріс болып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді және ғаламдық көлемде зиян келтiру аса қауiптi сипатқа ие бола бастады. Осыған байланысты әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қажет екенін үғынды.
Мәселен, 1972 ж. Стокгольм Декларациясының 1-тарауының 6-тармағында қоршаған ортаға қамқорлық көрсете отырып, біздердiң бүкіл әлемдiк денгейде өз әрекеттерімізді реттеуімізге тиісті кезең келді делінген. Олай болмаған реттерде түсінбестікпен немесе немқұрайдылықпен қарау арқылы біз жер шарына орасан зор және түзелмейтін залал келтіруіміз мүмкін. Осы мәтіннен бұл әрекеттің халықаралық құқықты құрайтын халықаралық-құқықтық реттеу екендігі түсінікті. Сондай-ақ, Стокгольм Деклара­циясының осы тарауының 7-тармағында бұл әрекет түріне ерекше мән берілді. Қоршаған ортаға байланысты үдел келе жатқан барлық проблемалар аймақтық және халық­аралық сипатты иеленетін болғандықтан немесе олар жалпы халықаралық аяға әсер ететін болғандықтан, жалпы мүдде үшін халықаралық ұйымдар тарапынан шаралар қолдану мен мемлекеттер арасындағы кең ынтымақтастығы талап етеді. Осының барлығынан мынадай тұжырым шығаруға болады, халықаралық немесе аймақтық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мақсатында әлемдік қауымдастық ынтымақтастықтан күткеннен асып түскен нәтиже алу үшін өз қызметін ретке келтіруге тырысуда. Заң тілімен айтқанда, бұл қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу болып табылады.
Қарастырылып отырған қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғау — қоршаған ортаны қорғау аясындағы қатынастарды реттейді (реттеу пәні). Егер нақты айтар болсақ, пәні болып халықаралық экологиялық қатынастар, яғни табиғи ортамен тікелей немесе жанама байланыстағы қатынастар1.
Мәселе бүгiнгi күнi халықаралық экологиялық құқықтың мақсаты — қоршаған табиғи орта мен қоғамның әрекет жасау аясындағы халықаралық қатынас субъектілерінің және мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін екіжақты түрде қалыптастыру арқылы адамзаттың жүріс-тұрысын заңды құралмен реттеуге қызмет ету табылады. Демек, ҚОХҚҚ — бұл қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы халықаралық жалпы құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуші халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларынан тұратын халықаралық көпшілік құқықтың бір бөлігі.
ҚОҚХҚ объектісі - адамның материалдық әлемге нақты әсер ету шегіндегі ғарыштық кеңістік пен жер планетасының барлық табиғаты. Бірақ ішкі қоршаған орта ішкі құрылыстық бөлімшелерді иеленетін болғандықтан, оның элементтері мен қорғаушы объектілері ерекшеленеді.
Дүниежүзілік мұхит, жер шары бетінің 23 ауданын алады. Дүниежүзілік мұхит ұғымы жердегі барлық 4 — Атлант, Үнді, Тынық, Солтүстік Мұзды мұхиты, сондай-ақ олармен байланысты барлық теңіздерді қамтиды. Дүние­жүзілік мұхитқа материктер ішінде орналасқан, оқшауланған теңіздер жатпайды, мысалы, Каспий теңізі.
Құрлықгар адамзат дамуы үшін негізгі және тікелей өмірлік кеңістікті құрайды. Осы түсінікпен дәстүрлі түрде, жердің құрлықтағы бетімен тығыз байланысты барлық табиғи комплекс, яғни топырақ, жер қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер және жануарлар әлемі қамтылады. Алайда, соңғы жылдары халықаралық-құқықтық қорғау аясында табиғи объектілерді саралау пайда болды және бірте-бірте халықаралық көлдердің және басқа құрлықтық суаттық, бір немесе бірнеше елге тиесілі табиғи байлықгың объектілерін қорғау ретінде жеке мойындалды. Ендi осыларға толықырақ тоқталып өтелiк:
Атмосфералық ауа — жер беті мен ғарыш кеңістігінің арасында жататын жер шарының газды қабығы. Атмос­фералық ауа құрамы белгілі бір пропорцияда оттегінен, азоттан, көмір қышқыл газынан, сондай-ақ табиғи зат алмасу процестерінен құралып, біршама тұрақты болып табылады.
Ғарыш — жердің немесе оның атмосферасының шегінде жататын барлық материалдық кеңістік. Ғарыш кеңістігі шексіз. Бірақ адамдардың әсер ету аясы жерге жақын аудандарда шектеулі болып келеді. Сондықтан қазіргі заманғы деңгейде адамның ғарышқа ену процесіне сүйенетін өндірістік күштердің дамуы ғарыш бөліктері, оның ішінде жер маңындағы ғарыш кеңістігі, табиғи жер серігі — Ай, Күн жүйесі планетасы халықаралық-құқықтық қорғауды қажет етеді2.
Халықаралық жария құқықта жаңа сала пайда болды және бөлініп шықты — ол халықаралық экологиялық кұқық. Осы құқық саласының пайда болуы мен дамуы, адамзаттың қоршаған табиғатқа орынды және ақылға қонымды әсер етуінің жалғасына айналды. Әсер ету адам мен табиғаттың экологиялық тұрмысында жаңа үлгілер құратын халықаралық ұйымдарға, мемлекетке, адамның қызметіне ықпал етуге негізделеді.
Халыкаралық экологиялық құқық — кағидаттары мен нормалары ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуді іздеудегі халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықта өте маңызды рөлді иеленуші халықаралық құқықтың дамып келе жатқан саласы.
Халықаралық экологиялық құқықтың объектісі әр түрлі, бірақ тұтастай алғанда бұл барлық табиғи қоршаған орта ҚОХҚҚ объектісі әзірше таусылған жоқ. Жақын болашақта қоршаған ортаны қорғаудың жаңа объектілері пайда болуы мүмкін. Қазір әлем ғалымдары адамның денсаулық жағдайына электроқұрал сәулелерінің әсер етуін оқып үйренуде, оларға компьютердің мониторы, компьютердің өзі, ұялы телефон жатуы мүмкін.
Халықаралық экологиялық кұқықғың қағидаттары мен нормаларының жиынтығы халықаралық жария құқық саласын құрайды. Бұл халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінен көрінген тікелей материалдық құқық. Осылардың ең маңыздысы — әмбебап сипатта болатын халықаралық шарттар. Оларда халықаралық экологиялық құқықтың негізгі қағидаттары бекітілген.
Халықаралық экологиялық құқық қағидаттарын — бұл халықаралық экологиялық қатынастарда басшылыққа алатын ережелер немесе негізгі бастамалар деп қарастыруға болады. Қағидаттарда нақты күштердің үлесі бар, олар саяси немесе моральдық, жоғары заңды күштер болуы мүмкін3.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар. БҰҰ және оның арнайы мекемелері. БҰҰ-ңың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы

Адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі экологиялық қатынастарды реттеу болып табылғандықтан, оны шешуге халықаралық ұйымдардың басым көпшілігі қатысады. Олардың кейбіреулері арнайы табиғатты қорғау мақсатында кұрылған. Басқалары әр түрлі халықаралық қатынастар жасау мақсатында кұрылғандықтан, бірте-бірте табиғатты қорғау қызметіне енді және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтердің бір бөлігін өзіне алды.
Табиғатты қорғау ісіне қатыспаған Ұлттар Лигасына қарағанда, БҰҰ мұндай маңызды мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Оған БҰҰ-ның Бас Ассамблея, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС), аумақтық экономикалық комиссиялар (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭКА, ЭКЛА), Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Өнеркәсіптік даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО), Халықаралық Еңбек ұйымы (МОТ), Сауда-саттық пен ауылшаруашылық мәселелер жөніндегі БҰҰ (ФАО), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО), Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым (ВМО), Табиғи ресурстар жөніндегі халықаралық банк (КПР), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) және басқа басты органдар мен арнайы мекемелер көңіл бөледі.
1949 ж. БҰҰ бастамасымен табиғатты қорғау мәселелеріне байланысты халықаралық техникалық конферен­ция өткізіліп, ол әлемдегі мемлекеттерді ғылым мен техниканың даму процесіндегі қолайлы табиғи жағдайлардың бұзылмауының алдын алу қажеттігіне бағыттады. Кейінірек 1962 ж. 18 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблея сының XVII сессиясында "Экономикалық даму және табиғатты қорғау" жөнінде қарар қабылдап, экономикалық даму процесінде мемлекеттердің негізгі борышы болып табылатын табиғи құндылықтарды сақтау, қалпына келтіру, байыту және тиімді қолдануын жариялаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттердің халықаралық табиғатты қор­ғау жөніндегі ұйымдарына көмек көрсету, флора мен фаунаны қорғау жөніндегі халықаралық келісім-шарттарды сақтау, ішкі заңнаманың негізінде табиғатты қорғау жөнін­де неғұрлым қатаң шаралар қолдану, ақпарат алмасуын кеңейту, халық арасында табиғатқа ұқыпты түрде қарау жөнінде насихат жүргізуді күшейту туралы кеңес берді.
Шешімдері БҰҰ Бас Ассамблеясының XXVII сессия­сында мақұлданған Стокгольм конференциясының тарихи маңызы болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының "Қоршаған орта саласындағы халықаралық қатынастар бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық шаралар" жөнінде 1972 ж. 15 желтоқсанда қабылдаған №2997 қарарына сай қоршаған ортаға байланысты БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) деген атқа ие болғанын ерекше атап өтсек, БҰҰ-ның шегінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде үкіметаралық жаңа орған құрылды. Ол негізгі қосалқы органның міндетін атқарады, экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы әрбір 2 жыл сайын өзінің қызметі жөніндегі баяндамаларын Бас Ассамблеяға ұсынып отырады. ЮНЕП құрамында 3 негізгі: 1) Басқарушылар кеңеюі; 2) Атқарушы директоры басқаратын секретариат; 3) Қоршаған орта жөніндегі қор құрылымы бар. ЮНЕП-тің штаб-пәтері Найробиде (Кения) орналасқан.
ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңесі БҰҰ Бас Ассамблея­сының 3 жылдық мерзімге алынатын 58 мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Ол жыл сайын қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық қатынастардың негізгі мәселелерін талқылау үшін жиналады. ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңесінің алғашқы сессиясы 1973 ж. өткізілген.
ЮНЕП-тің атқарушы директорын БҰҰ Бас Ассам­блеясы 4 жыл мерзімге сайлайды. Ол барлық ағымдағы істерді басқарады, дәлірек айтсақ, Басқарушылар кеңесінің әрбір кезекті сессиясының дайындығын қамтамасыз етеді. Ол басқаратын секретариат ЮНЕП-тің ұйымдастырушылық-техникалық қатынастарының жұмысын қамтамасыз етеді.
Қоршаған орта жөніндегі қор ЮНЕП шеңберіндегі мемлекеттер жүзеге асыратын халықаралық табиғатты қор­ғау шараларына қосымша қаржылық көмек көрсету мақсатында құрылған. Қор әрбір мемлекеттің өз еркімен берілетін салымдарының негізінде құрылады және ЮНЕП Басқарушылар кеңесінің ұсынысына сәйкес жұмсалады. Алғашқы қордың көлемі 5 жылға 100 млн. доллар.
ЮНЕП ұйымдастырылғалы бері қоршаған ортаны қор­ғау жөнінде бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды: қоршаған ортаның жағдайына байланысты әлемдік бақылау жүйесін құру үшін дайындық жұмыстарын өткізді (мони-торинг), 100-ден астам халықаралық табиғатты қорғау жобаларын өз қамқорына алды.
Азық-түлік және ауылшаруашылық мәселесі жөніндегі БҰҰ (ФАО), өнімді жерлерді, су ресурстаРын, өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғауға көңіл бөледі. ФАО осы табиғат объектілерінің жағдайын анықтау мақсатыңда зерттеулер жүргізеді, оларды үнемді қолдану және қорғау жөнінде ұсыныстарды дайындайды, қызмет көрсетуші ұйымның тапсырысын орындайды, осылайша әлемдік және аумақтық көлемде тәжірибе жинау мен алмасуды жеңілдетеді, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар мен бағдарламаларға қаржьшық және материалдық-техникалық көмек көрсетеді.
ЮНЕСКО қоршаған ортаны қорғауға байланысты ғылыми мәселелермен айналысады. ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша жердің тропиктік және құрғап кеткен аймақгарында табиғатты қорғауға байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізілген. Әлемдегі табиғат ескерткіштерін қорғау бағдарламаларына көмек көрсетеді, халықты табиғатқа үқыпты қарау рухында тәрбие және білім беруге жәрдемдеседі. ЮНЕСКО "Халықаралық гидрологиялық онжылдық", "Адам және биосфера" және басқа қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар ірі халықаралық ғылыми бағдарламалардың жүзеге асырылуын ұйымдастырды.
Табиғат қорғау міндеттерін шешуге қоғамдық күштерді жұмылдыру үшін арнайы құрылған үкіметтік емес ұйым — Табиғат және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ (МСОП). Ол 1948 ж. қазанда Фонтенеблода (Францияда) өткен құрылтай ассамблеясының шешімі бойынша құрылды. МСОП жарғысының 1-бабына сәйкес ол үкіметтердің, ұлттық және халықаралық ұйымдардың арасындағы, сондай-ақ ұлттық және халықаралық шараларға сәйкес жүргізілген табиғи ресурстарды сақтау және табиғатты қорғау мәселесімен айналысатын жеке тұлғалардың арасындағы қатынастарға жәрдемдеседі. Бұл ұйымның мүшелері: елдердің үкіметі сияқты, жеке мемлекеттік органдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар (ұлттық және халықаралық) және табиғатты қорғау ісіне өз салымдарын салушы адамдар болуы мүмкін.
МСОП-тың жоғары органы сессиясы 3 жылда 1 рет өткізілетін табиғатты қорғау жөніндегі Бүкіләлемдік Конгресс деп аталатын Бас Ассамблея. МСОП-тың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Халықаралық экологиялық құқық
Республикасының экологиялық жағдай
Халықаралық экологиялық құқық ұғымы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестікті құқықтық реттеу
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi 160-I Заңы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РОЛІ
БҰҰ - ңың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық экологиялық шараларға жалпы сипаттама
Пәндер