БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ


Қазақстан Републикасының Ғылым және Білім министрлігі
Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
Оқу бөлімі: Сырттай
Мамандығы: «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: Бастауыш білім беру мұғалімі
Оқу курсы: 3 курс
Тобы: 31 «б»
Ғылыми жетекші: Жапарқұлова Н. А
Орындаған: Сабаханова Қымбат
Алматы-2014 жыл
Мазмұны:
І. Кіріспе бөлім . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім . . . 4-6
2. 1. Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту . . . 4-9
2. 2. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқыту арқылы тіл дамыту . . . 10-19
2. 3. Ертегі оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру . . . 20-25
2. 4. Ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың ерекшелігі және әдіс-тәсілдері . . . 26-30
2. 5. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы арқылы оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары . . . 31-37
ІІІ. Қорытынды . . . 38
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
V. Глоссарий.
VI. Қосымша.
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту.
2. 2. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқыту арқылы тіл дамыту.
2. 3. Ертегі оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру.
2. 4. Ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың ерекшелігі және әдіс -тәсілдері.
2. 5. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы арқылы оқущылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
V. Глоссарий.
VI. Қосымша.
Зерттеудің өзектілігі: әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры - оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі. » - деп атап көрсетті.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек. Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта - ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
- оқушының - көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- оқушының сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем - дағдылар қалыптастыру;
- оқушының ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой - пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Зерттеу пәні: көркем шығарманы оқыту.
Зерттеу нысанасы: көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиттер тізімінен, глоссарийден, қосымшадан тұрады. Жалпы көлемі-38 бет.
Глоссарий
Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.
Мысал -тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр.
Мақал- мәтел- тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулап, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз.
Жұмбақ -халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі және барлық халықтардың ауыз әдебиетіне ортақ түрі.
Ертегі -адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуына лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Өлең - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Сын тұрғысынан ойлау - педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі.
Эссе жазу әдісі - француз тілінен аударғанда «шағын көлемдегі ойталқы жазу», белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру.
Инсерт -түртіп алу әдісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- С. Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы - 2005 ж.
- С. Рахметоав «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негіздері» Алматы - «Атамұра» 2011 ж.
- Г. Ж. Тұрдалиева «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі» Астана - «Фолиант» 2007 ж.
- Т. Мейірманқұлова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Астана - «Фолиант» 2010 ж.
- М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы.
- «Қазақ тілінің грамматикасы», II том, Синтаксис, «Ғылым», 1967 ж.
- «Қазақ тілінің грамматикасы», «Ғылым» баспасы, II том, Синтаксис,
- Алматы, 1967 ж
- Балақаев М, Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». Синтаксис, 1977 ж.
- А. Т. Айтбаева «Педагогика» Алматы - 2012 ж.
- Асылов Ү, М. Қ. Сұлтанғазина. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі».
- Алматы: «Атамұра», 2000 ж.
- Асыл сөз. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» - Алматы: «Жалын», 1987ж.
- Әлімжанов Д. «Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері» - Алматы: 1972 ж.
- Әуелбеков Ш, Қонақбекова «Қазақ тілінен дидактикалық материалдар».
- 2-сыныпқа арналған - Алматы: «Мектеп», 1984ж .
- Балақаев М. «Қазақ тілі» 2-сынып (оқулық) - Алматы: «Мектеп», 1990 ж.
- «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы». - Алматы: Мектеп», 1997 ж
- Балақаев М, Әмірова Р. «Қазақ тілі» 3-сынып (оқулық) - Алматы: «Мектеп», 1990 ж.
- Балақаев М. Б, Жұмабаев Ә. Е «Қазақ тілі» - Алматы: «Атамұра», 1978 ж
- М. Жұмабаев «Педагогика». - Алматы, Ана тілі. 1992 ж.
- Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы». - Алматы, Ана тілі 1992 ж.
- Жиенбаев С. «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы». -Алматы, 1939ж
- Т. Ақшолақов, Шығарманың көркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 1998.
- А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992.
- Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990.
- Б. Сманов. Қазақ әдебиеті (әдістемелік нұсқау) . Алматы., «Мектеп», 2003.
- Т. Жұмажанов. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, «Білім», 2009.
- «Қазақстан мектебі» журналы. № 6, 2010.
- «Қазақстан мектебі» журналы. №4, 2009.
- «Мұғалім және заң» журналы. №6, 2009.
- «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журналы. №8, 2009.
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №4, 2003.
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжінің күндізгі оқу бөлімінің 41 «Қ» топ білім алушысы Есім Таңшолпанның қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен «Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту» тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір.
Курстық жұмыс мақсаты- оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта - ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру.
Курстық жұмысты қорғау барысында Таңшолпан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры - оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі. » - деп атап көрсетті. Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда көркем шығарманың алатын орны ерекше екендігін дәлелдей білді.
Курстық жұмысты қорғауға қатысқан студенттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Тәжірибеде көркем шығарманы оқытуда қандай әдіс- тәсілдерді пайдаландыңыз? Осы тақырыпты таңдаудағы басты мақсатыңыз. Көркем шығарманы оқуға оқушыларды қалай қызықтыруға болады? тағыда бірнеше сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға нақты және тәжірибемен байланыстыра отырып жауап берді.
Курстық жұмыс: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, 38 беттен, 26 әдебиеттер тізімінен, ғылыми апараттардан, тақырып мәнін ашатын симфоликалық көрнекіліктерден, практика барысында қолданған технологиялар бойынша өтілген cабақ жоспарларының бірнеше әзірлемелерінен, глоссарийден тұрады. Курстық жұмыс қорғауда қорғаушы жұмысының теориялық жағы мен жазылу кезектілігі ескеріліп, курстық жұмыс . . . деп бағаланды.
Ғылыми жетекші: Жапарқұлова Н. А.
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжінің күндізгі оқу бөлімінің 32 «Б» топ білім алушысы Мукашева Айкеннің қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен «Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір.
Курстық жұмыс мақсаты- оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта - ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру.
Курстық жұмысты қорғау барысында Таңшолпан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры - оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі. » - деп атап көрсетті. Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда көркем шығарманың алатын орны ерекше екендігін дәлелдей білді.
Курстық жұмыс: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, 38 беттен,
26 әдебиеттер тізімінен, ғылыми апараттардан, тақырып мәнін ашатын симфоликалық көрнекіліктерден, глоссарийден тұрады. Курстық жұмыс қорғауда қорғаушы жұмысының теориялық жағы мен жазылу кезектілігі ескеріліп, курстық жұмыс . . . деп бағаланды.
Ғылыми жетекші: Жапарқұлова Н.
Кіріспе
«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек. Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді».
М. А. Рыбникова.
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын - жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
«Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру», - деген болатын әдебиет зерттеуші - ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиетті оқыту - ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені, игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой - түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай - ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.
2. 1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың өзіндік әдістемесін қажет етеді.
Ертегілерді оқыту . Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, қішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуда мыналар ескерілу қажет:
- Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де бі-леді, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау олардыкөңілдендіреді, армандауға үйретеді.
- Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездемеберуге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіп-керлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын бел-гілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.
- Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үл-гімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұға-лім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егерартистердің орындауындағы фонохрестоматияны пай-даланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т. б. осындай жұмыстарды II-III сынып оқушылары орындай алады. Ал IV сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жок.
5. Қейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету керек.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын, бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.
Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді о қ у . Оқулықтарда жұмбақ,
мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ болғандықтан авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын, бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, «Елдің ері» әңгімесін оқығаннан кейін, оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен: «Ерлік білектен емес, жүректен», «Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» немесе И. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын оқығанда «Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері бір айқай-шу» жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің яғни оның жүрген жері неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықтығы жоқ.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан, сөздік қорын байытады.
К. Д. Ушинский бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның, қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп, топтап алады.
Мақал-мәтелдер - тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдай-да жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделінетіні айтылады. Мысалы, «іздесем, ізі жоқ, бауыздасам, қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.
Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестірілді. Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафралық бейне ашылады. Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т. с. с. немесе «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса «Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол - жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы «салған ізі» дегеннің жазған жазу екенін де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың шешуі талданып қөрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап айтуға тырысады.
Мысалдарды оқыту
. Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар: а) аллегориямен айтылатыны;
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны;
б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай әдістемелік сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz