Шаруашылықта ресурстарды пайдалануды басқару


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Өндірісті басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1. Ұйымның басқару құрылымын бір жүйеге келтіру - басқару тиімділігін арттыру кепілі

1. 2. Басқару тиімділігін арттыруда нарықтық механизмнің ролі

2. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығының қазіргі жағдайдағы

басқару және даму деңгейі

2. 1. Шаруашылықта ресурстарды пайдалануды басқару

2. 2. Шаруа қожалығының өндірістік-экономикалық жағдайын талдау.

3. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығын басқару тиімділігін жетілдіру

3. 1. Шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

3. 2 Шағын бизнесті дамытудағы шет ел тәжірибелері

3. 3. Шаруа қожалығының болашақта даму бағыты

Қорытындылар

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану мен оның тиімді жұмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыру дәрежесіне тәуелді.

Басқару тиімділігі өндірістің технологиялық деңгейіне сонымен бірге кадрлар сапасына да байланысты. Кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсаты - өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру. Кез келген кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін, өндіріс құралдарын толық пайдалануы, сыртқы ортамен байланыста болуы, еңбек бөлінісі тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Сонымен бірге тиімді басқару арқылы сапалы өнім шығарып, оны ұтымды жолдармен өткізу, яғни өткізуді басқару керек.

Басқару тиімділігін жетілдіру жолында мынандай нақты қызметтер орындалуы тиіс.

  • кәсіпорынның даму болашағын болжай білу және алдағы мақсатты дұрыс таңдай білу;
  • ресурстарды даярлау және тауарлар өндіру мен қызметтер ұсынуды ұйымдастыру;
  • кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыру;
  • билік жүргізу және басқа іс-әрекеттерді үйлестіру;
  • кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау.

Осы қызметтерді орындаумен бірге, ауыл шаруашылығының сала ретіндегі өзгешелігіне байланысты ауыл шаруашылығын басқарудың белгілі бір ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Ауыл шаруашылығын басқару тиімділігін арттыру арқылы аграрлық бизнестің нәтижелері жоғарылайды, яғни белгілі бір тауарға сұранысты қалыптастру, тұтынушылардың талап-тілектерінен шығу жүзеге асады. Сонымен бірге нарықтық қатынастарға лайықты басқарудағы соңғы әдіс-тәсілдерді қолдану, оның ішінде жаңарту негізінде басқару, тұтастай жаңа стратегиялар әзірлеу негізінде басқару және жедел шешімдер қабылдау негізінде басқару.

Өндірістің басқару тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде көптеген шет елдік ғалым-экономистермен бірге, еліміздің ауыл шаруашылығы ғылымына мол үлес қосқан Р. Ю. Куватов, У. Ә. Әбділманов, С. Ә. Әбділдин, Л. Е. Әбділдина сияқты басқа да бірнеше ғалымдар кеңестік экономика кезінде және нарықтық экономика жағдайында да бірнеше ғылыми еңбектер дайындап ұсынуда. Бұдан байқайтынымыз, өндірісті басқару тиімділгін арттыру және оны уақыттың өзгеруіне байланысты жетілдіріп отыру жалпы Қазақстан Республикасының дамуы үшін, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін де ең қажетті фактор болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі еліміздің экономикасының аса маңызды табысты саласы болуы тиіс. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы өндірісін басқару тиімділігін арттыру және үздіксіз жетілдіріп отыру ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты ретінде аса маңызды. Ол ресурстарды таңдау кезінде балама нұсқаларды анықтау үшін қолданатын сапалы бағалау көрсеткіші болып табылады.

Осы дипломдық жұмыста өндірісті басқару тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.

1. ­ Өндірісті басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Ұйымның басқару құрылымын бір жүйеге келтіру - басқару тиімділігін арттыру кепілі

Әрбір кәсіпорынның басқару тиімділігін арттыру көптеген аспектілерге байланысты. Басқару дегеніміз кәсіпорынның көздеген мақсатына жету үшін қолда бар мүмкіндіктер мен қалыптасқан жағдайларға байланысты шешім шығару, оны қабылдау және қабылданған шешімнің орындалуын бақылау. Басқару, ұйымдастыру іс-әрекеттерін орындау арқылы ғана жоғары нәтижеге жетуге болады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында басқару әдістерінің ауқымы өте кең, соған қарамастан осы күнге дейін басқару жайындағы Әбу Насыр Әл Фарабидың, Фредерик Уйнслоу Тейлордың, Анри Файоль сияқты басқа да менеджер-ғалымдардың теориялары басқарудың негізі болып табылады.

Сондықтан қандай кәсіпорын болмасын, оның басшысы көздеген мақсатына жету үшін еңбек бөлінісі тәртібін сақтау ережелеріне басты көңіл аударуы тиіс. Еңбек бөлінісі тәртібі сақталу үшін кәсіпорынның басқару құрылымын бір жүйеге келтіру қажет. Менеджменттегі жүйелік ықпал болмай, басқару тиімділігіне жету мүмкін емес, әрбір ұйымда, тіпті күрделі емес, ұйымдардың қызметкерлері де еңбек бөлінісі тәртібін сақтап, әрбір адам өз міндетіне жауапкершілікпен қаруаы керек, яғни басқарудың тиімді құрылымы ғана тиімді басқаруға мүмкіндік туғызады.

Кез келген кәсіпорын өз жұмысын нәтижелі орындап, көздеген мақсатына жету жолында басқару жүйесіндегі қызметкерлер белгілеген міндеттерін белгілі уақытта орындауы тиіс және ол жүйелік ықпал арқылы жүзеге асады.

Жүйелілік табиғат құбылысының жалпылама қасиеті, бүкіл табиғат жүйе арқылы дамиды. Сол сияқты қоғам, барлық ұйымдар - кәсіпорындар табысқа жету үшін белгілі бір жүйеге келтірілуі - заңдылық.

Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық. Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы дамитын, әрі өзін-өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа жүйелер секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге де өзінің белгілі бір қасиеттері мен ерекшеліктері тән. Ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы үшін айрықша маңызы бар.

Басқаруды бір жүйеге келтіру үшін барлық ұйымда басқару құрылымы үш деңгейге бөлінеді. Мұнда әр деңгейдегі қызметкерлердің орны, ролі, міндеті, жауапкершілігі, өз орнына сай ерекшеленеді. Әрбір деңгейдегі қызметкерлер өз деңгейіне сай салалары, мамандықтарымен бөлінеді, ал деңгейлер бір-бірімен жауапкершіліктері мен лауазымы арқылы бөлінеді.

Басқару құрылымының үш деңгейі, басқару буындары деп аталады.

Мұндағы институционалды деңгейде - ұйымның бірінші басшысы мен сала бойынша орынбасарлары, басқарушылық деңгейде- бөлім басшылары, техникалық деңгейде - хатшы-референттер, цех шебері, звено жетекшісі, тағы басқалары қызмет етеді.

Ұйымның басқару құрылымын үш деңгейге (немесе буынға) бөлу арқылы басқаруды бір жүйеге, ретке келтіріп, көздеген мақсатқа жету жолында жұмыс атқаруға қолайлы мүмкіндік туады.

Жүйе дегеніміз ондағы элементтердің қарапайым жиынтығы емес, әрбір элементтің өзіне тән функционалдық мәні, өзіндік орны бар.

Жүйенің жалпы қасиеті иерархиялығы (төменнен жоғарыға бағыну тәртібі), яғни жүйе элементтері бір-біріне тәуелді және тығыз байланыста болады. Әр деңгей белгілі бір жүйеден тұрады, әр деңгейдегі жүйе өзінің белгілерімен, ерекшеліктерімен өзгешеленеді.

Басқару құрылымын схема түрінде былай көрсетуге болады:

Басқару буынының мақсаты жүйедегі жалпы түпкі нәтижеге жетуге бағытталады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті - оның дербестігі және өзін-өзі басқаруы.

Жүйе әрбір өзгерістерге бейім болуы, жағдайлардың өзгеруіне ең қолайлы әдіспен жауап қайтаруы, сөйтіп көздеген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Кез-келген ұйым екі жүйеден құралады: басқарушы жүйе (басқарушы субъект) және басқарылатын жүйе (басқарылатын объект) . Әлеуметтік-экономикалық жүйе ашық жүйе арқылы дамиды, себебі ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады. Мысалы, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, материалдық ресурстар ұйымға сырттан келеді. Тиімді басқару мен қолайлы технологияның көмегі арқылы ұйым шикізатты түрлендіріп, сыртқы ортаға (нарыққа) шығарады, яғни өнім өндіріп, түрлі тауарларды нарықта сатады немесе қызмет көрсетеді. Осының нәтижесінде ұйымға пайда түсіп, табысқа жетіп, ұйым өсіп, өркендейді.

Жоғары нәтижелерге жету, басқару жүйесін жетілдіріп, ұйымның белгілі бір жүйемен жұмыс орындауы арқылы жүзеге асады. Сондықтан нарықтық қатынастардың дамуы үшін, әлеуметтік жағдайды жақсартып, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін басты мәселе басқару жүйесін жетілдіру арқылы басқару тиімділігін арттыру болып табылады.

Ауыл шаруашылығы - бұл тек өндіріс сферасы ғана емес. Ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа салалардан айырмашылығы - ауыл шаруашылығы экономикасы және ауыл халқы бір-бірімен үзіліссіз байланыста. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі дағдарысы жалпы экономиканың әлсіреуіне ықпал етеді. Соңғы жылдары ауа райының жағымды болғанына қарамастан, аграрлық секторда өнім өндіру және өткізу тәуекелі жоғары және дақылдардың түсімі төмен болды.

Агротехнологиялардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін технологиялардың деңгейінің төмен болуы жергілікті өнімнің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себебі болып табылады, бұл жағдай аграрлық секторда мүмкін болатын табыстарды қысқартады.

Ауыл шаруашылығы комплексін дамытуға заң шығаратын базаны құру және нығайту бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Жердің нақты иесі пайда болды, ол - шаруа. Жалпы ауыл шаруашылығының қалыптасуының 99 пайызға жуығы жеке меншік иелігінде. Бұл ауыл шаруашылығы инвестиция ағымын жоғарылатуға, өндірісті тұрақтандыруға және саланың қаржылық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылында республикалық бюджеттен 55 млрд. жуық теңге бөлінді. Ал, 2004 жылы 70 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жеңілдетілген салық салу түрінде жанама дотация алды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін тұрақты түрде жоспар бойынша мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен осындай көмектер беріліп тұруы қажет. Ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі көптеген елдердің ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу негізінде ауыл аймақтарының экономикасы мен тікелей байланысты табыс деңгейінің көрсеткіштері көрсетеді.

Еліміздің жалпы ішкі өнімінің 8, 5 пайызын ауыл шаруашылығы құрайды, мұнай өнімі саласының көлемінің өсуімен, ішкі нарықтағы тұрақсыздығы мен, тасымалдау шығындарының жоғары болуы салдарынан Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігінен және агротехнология деңгейінің төмен болуы салдарынан нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы айтарлықтай өзгермей тұр.

Тұрғындардың жеке шаруашылығы бүгінгі күні ауыл тұрғындары үшін азық-түлік өндірушілердің бірі және ауылдық жердегі табыс көзінің қайнар көзі. Нарықтық қатынас жағдайында ауыл шаруашылығының дамуы мемлекеттік реттеумен бірге жүргізілетін қаржы-несие саясатынсыз мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы секторы дамуындағы қаржы -несие қатынасының нарықтық механизмінің қалыптасуы жаңа ғылыми әрекеттермен ұсыныстарды талап етеді. Ауыл шаруашылығы секторының көп қырлы жағдайында өндірістің дамуына әсер ететін қаржы қатынастарын жүзеге асыру қаржының тиімді жұмсалу тәсілдеріне негізделуі тиіс. Қаржы жүйесінің жүзеге асуын негізгі ынталандырушысы ұтымды ұйымдастырумен ауыл шаруашылығы секторы тиімділігіне әсер ететін қаржы әдістері болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы құралдары қызметінің өзгеруі - өндіріске әсер ету механизмі мен басқа да әсер ету күшінің өзгеруі. Қаржы құралдары мемлекет пен агронарықтағы субъектілердің қарым-қатынасын реттеуші болуы керек.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңа жолмен жетілдіру және өндірісті басқару тиімділігін арттыру жолындағы басты міндеттер ретінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынстар жүйесін жетілдіру мәселелері басты орын алады.

1. 2 Басқару тиімділігін арттыру жолындағы нарықтық механизмнің ролі

Өндірістің тиімділігін арттыру үшін әрбір кәсіпорын ең алдымен өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыруы, яғни түсетін ақшалай табысты өндіріске жұмсалған шығындармен салыстырып отыруы, сөйтіп рентабельді жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін үнемі жан-жақты, әрі терең талдау жасап отыру қажет. Терең талдау жасау үшін аграрлық кәсіпорындардың басшылары коммерциялық есептің мынандай принциптерін ескеру қажет:

  1. Өнім өндіруге жұмсалатын шығынның өтелуі және тауарлы өнімді өткізуден түскен табыс оның өзіндік құнынына асып түсуі үшін сату бағасының жоғары болуын қаматамысыз ету;
  2. Кәсіпорынның басқа да өндірушілермен бәсекелестігі, өнімнің сапасы, бағасы қызмет пен өнімнің түрелері бойынша бәсекелестікке төтеп беріп, озып шығу;
  3. Барлық қызметкерлердің, өндірісітің нәтижелі болуына ынталылығы үшін еңбекке негізгі ақы төлеу, қосымша ақы төлеу, сыйлық беру арқылы жүзеге асады, ал ондай әдістер рентабельді шаруашылықта ғана қолданылады.
  4. Өндірістің нәтижелерін бақылау жүргізу ақшадай формада өлшеуге негізделген және оны басшы қызметкерлер жүзеге асырады.

Осы аталған принциптер орындалу үшін нарықтық механизм қалыптастру қажет. Нарықтық механизм қалыптастыру факторлары - өнім (тауар), бәсеке, баға және нарық, яғни бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім өндіру, оны өзіндік құнынан жоғары бағаға нарықта сату.

Бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықтық ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

Нарықтық экономика жағдайында ескеретін маңызды жәйт -ол өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықтық экономикаға сай экономикалық мәні болмайды. Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:

а) таза бәсеке

б) монополиялық бәсеке

б) олигополиялық бәсеке

Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға ешқайсысы да әсер ете алмайтын жағдайда болады) және жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөлінеді. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.

Таза бәсеке нарығын бір- біріне ұқсас (бір-бірін ауыстыра алатын) тауарларды көптеген сатушалар және сатып алушылар құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранысқа бақылау орнатуда, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды.

Олигополиялық (грекше «олигос» - көп емес, «полео» - сатамын) бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты.

Таза монополия жағдайында жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасау, бір өзі ғана өнім шығара отырып, оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Жасанды монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою, заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жәйт - монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналуы керек. Себебі, дамыған нарықтық қатынастар жоқ кезде монополизмге қарсы күрес әкімшіл-әміршілдік жүйенің сақталуына және күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай, нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес.

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметрлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді. Соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі нарығының бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы - нарықтық құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, еркін бәсекелестік нарығына барлығынан жақын тұрған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмндегідей:

Біріншіден, ауыл шаруашылығы нарығында тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2млн. 176 мың құрады. Бұл олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.

Екіншіден, еркін бәсекелестік нарығы болып саналатын ауыл шаруашылығы нарығының белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.

Еркін бәсекелестік нарығының үшінші маңызды белгісі - өнімнің біртектілігі және бірқалыптылығы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.

Еркін бәсекелестік нарығының төртінші ерекшелігі - бәсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың нарыққа келуі үшін кәдімгідей қолбайлау болатын барьердің жоқтығы.

Нарыққа кіру барьері әртүрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда- жоғары қуатты өндірісте шығындарды азайту және өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру.

Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай барьер ауыл шаруашылығында жоқ.

2. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығының қазіргі жағдайдағы

басқару және даму деңгейі

2. 1 Шаруашылықта ресурстарды пайдалануды басқару

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыта отырып, көздеген мақсатқа жету үшін қолда бар ресурстарды толық пайдалана білу қажет. Ауыл шаруашылығы өндірістік ресурстарына еңбек рсеурстары (адамдар), материалдың ресурстар (жер, су, құрал-жабдықтар, техника т. б. ) және қаржы ресурстары жатады.

Ауыл шаруашылығында өнімнің барлық түрі жерді пайдаланудан шығады. Өндірістегі басқа ресурстардан өзгешелігі, жерді ұқыпты пайдаланса, оның құнарлылық қасиеті арта береді.

Жердің осы ерекше және аса маңызды қасиеттерін ескере отырып, барлық елдерде оны есепке алу, бөлу, иелену, пайдалану, қасиетін, құндылығын төмендетпеу үшін арнайы шаралар қолдану заңды түрде жолға қойылып отыр.

Егіншілік - ауыл шаруашылығындағы маңызды және күрделі салалардың бірі. Егіншілікпен шұғылданған кәсіпорындарда астық, қант қызылшасы, мақта, құнбағыс, көкөністер, картоп т. б. дақылдар өсіріледі.

Біз қарастырып отырған «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығында сол жердің табиғатына байланысты қажетті дақылдар өсіріледі.

Жер өзінің құнарлылығына сәйкес пайдаланылады және шаруашылық орналасқан аймақтың ауа райы мен климатына байланысты өндіріс салалары дамиды. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығының жазы салқын, ең жоғарғы температура шілде айының бірінші және екінші он күндігінде 25-28°, ал ең суық айлар қаңтар және ақпанда - температура ( - 28-30°) суық болады. Қысы ұзақ болғанмен, қыратты жерлерде қар қалың түспейді, қой шаруашылығы үшін қолайлы. Шаруашылық егін шаруашылығымен шұғылданады және қой шаруашылығы даму үстінде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатында пайдаланылатын жерлер ауыл шаруашылығы жерлері деп аталады. Оған жататындар: егістіктер, аңыздықтар, көп жылдық өсімдіктер өсетін жерлер, шабындықтар және жайылымдар. Әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілетін және таза пар ретіндегі жерлер егістік жерлер деп аталады.

Шаруашылықта бұрын егін егілген, әзірше техниканың жетіспеушілігінен пайдаланылмай қалған аңыздық жерлер, сонымен бірге пішен дайындау үшін пайдаланылатын шабындық жерлер бар.

Шабындық жерлер суарылмайды, олар бұрын түпкілікті және үстірт тәсілмен жақсартылған жерлер. Мал жаюға жарамды жайылым жерлер бар, олар жазықта, таулы-қыратты жерлерде орналасқан және пайдалану мерзіміне байланысты көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы жайылым деп аталады.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі үнемі бірдей емес, жерді өңдеу, құнарлылығын арттыру мақсатындагы түрлі жұмыстарға және пайдалану мақсаттарының өзгеруіне байланысты олардың көлемі де өзгеріп тұрады. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы жерінің көлемі 1-кестеде көрсетілген. Төмендегі кесте арқылы біз шаруашылықта барлық жер көлемінің 90% артық бөлігі ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатындығына куә болып отырмыз. Кесте мәліметтеріне қарағанда, ауыл шаруашылығы жерлерінің көпшілігі жайылым жерлер болып отыр. 2007 жылы - ауыл шаруашылығы жерлеріндегі жайылым жерлердің үлесі - 86, 8%, 2007 және 2008 жылдары - 86, 9%, болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы ақпарат
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы
Табиғи орта, экономикалық дамудың негізі ретінде дамуы
Табиғатты қорғау түсінігі
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру
Шаған агрофирмасының шаруашылық операциясына бухгалтерлік жазулар шығындар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz