Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Шымкент институты

Педагогика психология кафедрасы

Бірінші сынып оқушыларын оқытудың психологиялық педагогикалық негіздері

Тақырыбы: Бірінші сыныпқа арналған оқу әдістемелік құралдар

Аға оқытушы: Ж.Б.Балажанова

Шымкент 2007
Тақырыбы: Бірінші сыныпқа арналған оқу әдістемелік құралдар.

1. Бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарына қойылатын гигиеналық және
дидактикалық талаптар.
2. Математикаға арналған оқу құралдарының топтамасы.
3. Қазақ тіліне арналған оқу құралдарының топтамасы.
4. Бірінші сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары
5. Мұғалім үшін әдістемелік оқулықтар.

Бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарына қойылатын гигиеналық және
дидактикалық талаптар
Оқулықтың идеялығы, қызықшылығы, қарапайымдылығы, тіл
материалдарының, оны беруден әдістемелік аппараттық жоғары деңгейде болуы –
әрбір оқулыққа және оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талап. Себебі
оқулықтың міндеті – оқытудың әрбір кезеңіне арналған оқу пәнінің
бағдарламасында қарастырылған практикалық, оқу және тәрбие міндеттерінің
комплексі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Әрбір оқу құралдарын ыңғайлы,
сапалы және сырт көрінііс әдемі болуы керек.
Оқулық заманына қарай дамиды, өзгеріп отырады, сондықтан бұл
құбылысты күн тәртібінен түспейді.
Мектеп оқулығының мазмұны мен құрылымына, оның жасалу принциптеріне
оқу кешені мен оқу процесіндегі оқулықтардың орны мен роліне, тіл
материалының қолдану принциптеріне, елтану принциптерін есепке алуға
көрнекілік және иллюстрациялық материалдарды іріктеуге және таныстыруға
айрықша назар аударылып, тілді үйрету тәсілдеріне, әдістеріне арнайы назар
аудару керек.
Әрбір оқу құралдарына және дидактикалық талаптар қойылады және олар
жүзеге асырылады.

Математикаға арналған оқу құралдарының топтамасы
Болашағы күңгірт, тіл болашағы жоқ деп есептелінген қазақ
мектептеріндегі тәрбиелеу мен барлық пәңдерден оның ішінде, әсіресе
математикадан, білім беру мұғалімдердің ерекше күш жігерімен, білімінің,
қазақ баласының табиғи дарындылығының арқасында ғана мүлдем күйреп қалған
жоқ. Себебі, сонау 1930 жылдардың басынан бастап Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғанға дейін қазақ бастауыш сынып мұғалімдері
математика пәнін оқыту үшін пайдаланған құралдары аударма бағдарлама мен
аударма оқулық қана болды. Ал, араға бірнеше жыл салып барып, оның үстінде
"орысшасы бар ғой, соны аудара салмаймыз ба?", "әй, сондай оқу құралдарын
жазу қолдарыңнан келе ме?" деген сияқты әсіре сақтық пен әсіре қорқыныш
тіпті адамды қорлау негізінде үлкен күш-жігермен жарық көрген бірлі-жарымды
төл оқу құралдары таралымы мардымсыз болғандықтан, мұғалім қауымына толық
жеткен жоқ.
Мысалы, 1987 жылы "Мектеп" баспасынан жарық көрген Т.Қ.Оспановтың
"Бастауыш кластар математикасын оқыту методикасы" атты мұғалімдерге
арналған көмекші құралы 12 000 таралыммен жарық көрді. Бұл бір қарағанда
әжептәуір таралым болғанымен, біріншіден, қазақ бастауыш мектеп
мұғалімдерінің төрттен біріне ғана жететін еді, екіншіден, он жылда бір
шығатын кітап үшін түк те емес. Ал, орысшадан қазақшаға аударылған оқу
құралдары да тіптен аз болды, яғни қазақша тек қана негізгілердің негізгісі
болып табылатын "Бастауыш мектептің мұғалімі" мамандығы бойынша білім
алатын студентгерге арналған "Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
әдістемесі" атты педагогикалық жоғары немесе арнаулы оқу орындарына
арналған кітаптар ғана аударылды. Бұл жағдайда да мысал келтіре кететін
болсақ, қазақша аударылып 1978 жылы "Мектеп" баспасынан жарық көрген
М.А.Бантова., Г.В.Бельтюкова, А.М.Полвшикованың "Бастауыш кластарда
математиканы оқыту методикасы" атты педагогикалық училищелердің мектептік
бөлімдерінің оқушыларына арналған оқу құралдарының таралымы 6 760 болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, түзеуге мүмкін болған бұл жағдайдың
қазіргі кездегі даму барысы жаман емес.
Бұл күнде бастауыш математика пәнін оқыту үшін дайындалған оқу
құралдары төрт тілде жарық көруде. Мұндағы, мектеп санының шектеулігіне,
яғни оқу құралдарының таралымының өзін-өзі ақтамайтындығына қарамай, біздің
өзбек (Қазақстанда 80-ге жуық қана мектеп), әсіресе ұйғыр (15-тей ғана
мектеп) мектептері үшін оқу құралдарын шығаруымыз біреу түсінетін,
бағалайтын, ал көбіміз басқаша түсінетін, басқаша бағалайтын қазақтың
кең пейілділігі, адамгершілігі емес пе?!
Демек, бұл күнде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үшін тек қана
оқулық емес, оқу-әдістсмелік кешен шығарылуда. Және де оқу-әдістемелік
кешенге енетін әр оқу құралының оқыту барысында өз қызметі, өз орны бар.
Сол себепті, оқушыларына дұрыс білім беремін деп ниеттенген мұғалім оқу-
әдістемелік кешенге енетін барлық құралдарды тауып алуға және олардың
ерекшеліктерімен терең таныс болуға міндетті.
Ал, ол оқу құралдары мыналар:
1. Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
2. Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты. Негізгі ережелер. Алматы, "РОНД". 2002.

1-сынып "Математика" оқулығы (2001 жылы жарық көрген) 2-басылымына
негізінен төмендегідей өңдеулер мен түзетулер жасалды. Бұл ретте авторлар
тек мұғалімдерден келіп түскен ұсыныс-пікірлерге сүйенбегендіктерін,
көбінесе авторлар тараптарынан өңдеу жұмыстарын жүргізгендігін айтқымыз
келеді.
"Математика" оқулығы (авт. Т.Оспанов, Қ.Өтеева, Ж.Қайыңбаев,
К..Ерешова) бойынша мазмұндық, стильдік, терминдік түзетулер жасалды.
Көптеген шығармашылық тапсырмаларға өңдеулер жасалды. Кейбір шығармашылық
тапсырмалар жеңілдетілді.
Сонымен бірге 1 сыныптың оқу-әдістемелік кешендері жетілдірілді. № 1,
2 "Математика дәптері" баспадан қайта басылып шықты.
2-сыныптың "Математика" авторы Оспанов Т.Қ. т.б. оқулықтың екінші
басылымын дайындау кезінде көптеген теориялық, мазмұндық, терминдік, көп
жерде тілдік, стильдік те өзгерістер енгізілді. Оларды оқулықтың бастапқы
беттерінен бастап соңына дейін байқауға болады. Мұғалімдердің салт-
дәстүрге, салауатты өмір салтына, үнемшілдікке, экологияға байланысты
есептер енгізу, математикалық қызықты деректер, қысқаша тарихи мағлұматтар
және кейбір есептер суреттермен берілсе деген ұсыныстарын авторлар келесі
басылымдарда ескеретіндіктерін білдірді.
3-сыныптың "Математика" оқулығын мониторингілеу кезінде байқау,
сынау, сараптау, бағалау, жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі ғылыми-
зерттеу жұмыстарында жеке тұлғаға бағдарланған парадигма негізінде оқушыға
басты назар аударылып, олардың оқулықтағы материалдарды қабылдауы,
меңгеруі, оқулық мазмұнын жетілдіру кезінде ескерілді.
3-сыныптың "Математика" оқулығын жетілдіру жұмыстары оқулық сапасының
мониторингі үш бағытта: оқулыққа теориялық талдау, практикалық талдау,
оқулық күйінің диагностикалық картасын дайындау жұмыстары жүргізілді.
"Математика" оқулығында дамыта оқыту, дидактикалық бірліктерді
ірілендіру, ізгілендіру қағидалары басшылыққа алынған.
Оқыту бағдарламасы дамыта оқыту қағидасын ұстанғандықтан, көп мәселе
оқулықтың басынан аяғына дейін сол күрделене түсіп, қайталанып отырады.
Оқулық мазмұны оқушыны дамыту және оқыта отырып тәрбиелеуге мүмкіндік
береді.
Оқулық дайындау талаптарына сай "Математика" оқулықтары (1-4
сыныптар) жазылған:
- "Математика" оқулығы міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес;
- оқулық эстетикалық талапқа сай бояулармен безендірілген;
-"Математика" оқулығының мазмұны оқушының білімдігін, коммуникативтік
қызметі, өз бетінше білім алуға дайындығы, еңбек етуге, халықтың мәдени-
тарихи құндылықтарын, жалпы халықтың мәдениетпен байланысы ескерілген;
-математикалық ойлау стилін дамьпу, жеке басының (сезім) қасиеттерін
дамытады;
- негізгі мектепке жан-жақты дайындайды, математикадан алған
білімдерін өмірмен байланыстырады.
Оқулықта математикалық түсініктердің нақты енгізілгені көрініс
береді. Материалдар бір-бірімен логикалық байланыста құрылған: негізгіні
ашып көрсету және материалдың үлкен көлемде берілуі, өткөн материалды
келесі сабақта, әрбір сабақта қорытындылап отыру.
Оқулық материалдары алдағы тақырыппен байланысты, оны әрі қарай
дамытып отырады (қайталау жасай отырып, жаңаны оқытуды жалғастырады,
салыстыруға, даралауға). Сонымен бірге өткен мен жаңаны байланыстыра отырып
құрылған.
“Математика” оқулығындағы басты ерекшелік - оқу мен тәрбие мәселелері
шебер ұйымдастырылған, мәселен, мазмұнды есептер саны мен құрылымына
сараптама берілген.
Оқулықта материалдар жүйелі түрде берілген материалдар бір бірімен
байланыста көрініс тапқан.
Оқушылардың өздеріне бақылау, сараптама, қорытындылауға мүмкіндік
жасалған.

Қазақ тіліне арналған оқу құралдарының топтамасы
Әрбір елдегі білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі - өзіндік
ұлттық мәдени ерекшеліктері мен концепциясын әзірлеу, ұлттық тілді
өркендету және дамыту. Ұлттық тілдің ықпалды дамуы - әрбір елдің келешегі.
Себебі ұлттық тіл ұлтаралық экономикалық және саяси интеграция жолына
кедергі болмайды, өйткені барлық елдердің тарихи да, экономикалық та
жағынан өз тілінің болуы — табиғи қажеттілік. Сондықтан бастауыш сыныптарға
арналған қазақ тілі оқулықтарының ғылыми-әдістемелік негіздері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Математиканың білім мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта сатысындағы сабақтастығы
Математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері туралы
Толық жүздіктерді қосу және азайту
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда көрнекілік әдісінің алатын орны
Бастауыш мектеп математикадағы арифметикалық ағымдар оқыту әдістемесі
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Бастауыш сыныпта есеп шығаруға үйрету жолдары
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Пәндер