Ойлау тәсілдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Ойлау туралы түсінік
2. Ойлау мен сөйлеудің байланысы
3. Ойлау тәсілдері

1.Ойлау туралы түсінік
Ойлау ой операцинларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы
формасы болып ұғым есептеледі. Үғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы
ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен,
мектеп, оқушы, мұғалім
т. б. ор текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің
нәтижесі қорытылады. "Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі
қозғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді
көрсетпейтін болады".
Ұғымдар дара және жалпы больш бөлінеді. Мәселен, "Шымкент қаласы", "Ғ.
Мұратбаев" дара ұғым болса, "кітап", "адам", "жұлдыз" т. б. жалпы ұғым
болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, "жиналыс"
(студенттер жиналысы), "кітапхана" (балалар кітапханасы) т. б. Бала
мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім,
дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай
туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден
меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, "Ана
тілі" сабағында мұғалім үй жануарлары мен жабайы ацдар түралы
түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен қатар,
ұқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада "жабайы
аңдар", "үй жануарлары" дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын
дамыту, ұғымдарын өсіру — науқандық жұмыс емес. Ол орбір сабақ үстінде,
мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін
жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мәселен,
екінші сынып оқушыларына сөз таптарын түсіндіргенде, мұғалім зат есімдердің
септелуін, олардың классификациясын, математика сабағында "бөлінгіш",
"бөлгіш" сияқты үғьшдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне қарай
ажыратқызса, бала үғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген
үғым — жалпылай алудың нотижесі. Бастауыш сынып оқушылары қүбылыстардың
сырттай үқсастыкдарына көфірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың
сыртқы белгілеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға "күн", "өсімдік", "жануар"
үғымдарынтүсіндіргенде, "күн жарқырайды" немесе "жылытады", "өсімдік
өседі", "шөпті мал жейді", "сиыр — үй жануары", "ол сүт береді", "қүс
үшады, сайрайды" т. б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы
белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала езі көрмеген
нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары
кктті көбінесе балық деп санайды. Өйткені киттің суда жүзетіндігі, сыртқы
түрі балыққа үқсас екендігі рас. Мүғалім киттің ауамен дем алатынын,
балаларын сүтпен қоректендіретінін айтып түсіндіргенде де бала оны
балык.тьщ бір түріне жатады деп ойлайды.
Төртінші сыньштағылардың жалпылауларымен заттың ішкі мәнін, оның
негізгі ерекшелігін, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады.
Мәселен, олар су, ауа, металл т. б. денелердің кысым үлғаюшылык. Секілді
жалпы белгілеріне қарап, бүларды "өлі табиғат" ұғымына, ал өсімдіктерді
өсіп отыратындығына байланысты "тірі табиғат" үғымына жатқызады.
Бір зерттеуде төменгі сынып оқушылары "құс", "балық" үғымдарының мәнді
және монсіз белгілерін қалайша ажырата алатындығы тексерілген.
Оқушылардың заттар мен қүбылыстардың монді белгілерін ажырата алуы
сыныбы жоғарылаған сайын арта түсетінін, олардың зат туралы белгілі ұғымы
бірге-бірте қалыптасып огыратындығын байқатады. Егер бірінші сынып оқушысы
"қүс" үғымының мәнді белгісін бар болғаны 26 пайызға көрсете алса, төртінші
сынып оқушысы 87 пайызға (түгелге жуық деуге болады) жеткізген, сойтіп,
төртінші сынып оқушысында "құс" туралы ұғым толық қалыптасқан деуге болады.
"Қүс", "балық" үғымдары балаға бүрыннан да таныс норселер. Сондықтан да
оқушылар мүмкіндігінше (қай сынып оқушылары болсын) осы үғымдардың негізгі,
мәнді белгілерін білуге үмтылады. Таблицадағы цифрлар бойынша оқушыларда
үгымның мөнсіз белгісіне нақты көңіл бөлу біртіндеп азая түсетіндігін
көрсетеді. Мәселен, төртінші сыныптағылар осы үғымның мәнсіз, екінші
катардағы белгілерінен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртінші
сыныптағылар заттардың жалпы белгілерімен қатар жеке белгілерін де жақсы
ажырата алады. Осы сыныптағылар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда
оның басты белгісі — жыртқыш аң екенін көрсетіп береді.
Үғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-
бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық, кеңістік пен
уақыттық, функционалдық т. б.) бейнеленіп отырады. Мәселен, жоғары-төмен,
жақын-алыс, кеп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын
оқушылар қиналмай үғады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың
кеңістікке қалайша орналасқандығы жайлы үғымдарды меңгеру қиынырақ соғады.
Өйткені бүл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі — үзындық екенін бірден
ажыратпайды. Мәселен, "метр" үғымын көбінесе "бүл сызғыш" деп заттың
түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы үғымдарды (метр,
километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету)
үштастырып отырған абзал. Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі
бөліктерін көзімен көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі тұрқы бар екенін
аңғарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөніндегі үғымдары
жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты үғымдармен толыға түседі.
Шындықтагы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір —
бүл бір зат туралы мақүлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың
формасы. Мәселен, "Астана — Қазақстан Республикасының орталығы десек, бүл
шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал "Атом — заттың бөлінбейтін жөне
өзгермейтін бөлегі" десек, бүл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде
үш бөлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жогарыда
келтірілген пікірде: "Алматы" — логикалық бастауыш. "Қазақ республика-сынын
орталығы — логикалық баяндауыш. Байланыс сөздер ("деп", "дегеніміз",
"айтамыз" т. б.) пікірде көбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір
грамматикада сөйлем делінеді. Пікірт үғым сияқты тек тілдік материал
негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре
алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені бүл екеуінің
негізгі мүшелеріиің мазмүны біреу. Пікірлердің түрлері көл. Оны логика
ғылымы жан-жақты қарастырады. Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер,
олардың түрлі қасиеттері, сондай -ақ нәрселердің арасындағы түрлі
байланыстар бейнеленеді. Төменгі сынып оқушыларын дүрыс пікір айта білуге
тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын
меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың
пікірлері кесімді болып келеді. Өйткені ол қүбылысты жан-жағынан
қарастырмайды. Мәселен, "Асан бүгін неге сабаққа келмей қалды?" деп мүғалім
кезекшіден сүрайтын болса, "ауырып қалды" деп бірден жауап береді. Ал
екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға талаптанады. Мәселен,
сабаққа келмеген Асан жөнінде олар: "мүмкін ол ауырып қалған шығар", "не
ұйықтап қалған болуы мүмкін", "сабағын оқымады ма екен, кім білсін?" деп
түрлі жорамалдар жасайды. Бірак, олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат
етпейді. Өйткені мүндай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында
ғана қалыптаса бастайды. Бүған оқушыларда білім көлемінің өсуі және оның
жүйелене түсуі үлкен себеп болады. Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-
жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана қоймай, оған тиісті
жауапты езінше бере алатын болады. Математика сабағында моселе есептерді
шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру — олардың
пікірлерін дамытады. Әрине, төменгі сынып оқушыларының пікірлері шындықтағы
заттардың объективтік байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгілі.
Мәселен, олардың "жылқы — жануар", гүл — өсімдік" деген пікірлері негізінде
дүрыс болғанмен, осы ұғымдардың мәнін жеткілікті көрсете алмайды.
Ойлаудың күрделі формаларыныңбірі ~ ой қорытындылары. Ой қорытындылары
дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шыгару тәсілі. Қорытынды
шыгару үшін оны белгілі тэртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар
турган кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, "Барлық
дельфиндер - жануар", "Барлық металдар электр өткізеді" деген екі пікірдің
арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бүл екеуінен үшінші жаңа
бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындыларыііың үш түрі болады. Біріншісі — дедукциялық, екіншісі
— индукциялық, ал ушіншісі — аналогиялық ой қорытындысы деп аталады.
Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен,
біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі
организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете
алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция — жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен,
оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ, оттегі жоқ ауада
жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан
жалпылап оттегі жоқ ауада "барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды!"
деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже,
фактілерден қорытындылар жасалады. Мәселен, Д. И. Менделеев химия
элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан.

2.Ойлау мен сөйлеудің байланысы

Ойлаудың психологиялық зерттеулері дамуының бүкіл тарихи жолында ойлау
мен сөйлеудің арақатынас проблемасына ерекше мән берілді. Олардың ұсынған
шешімдері әртүрлі болды - ойлау мен сейлеуді бір-бірінен толық бөліп, бір-
біріне тәуелсіз қарастырудан оларды біріктіруге, абсолюттік бірдейлікке
дейін әртүрлі көзқарастар орын адды. Қазіргі көптеген ғылымда келісушілік
көзқарасты ұстанады, бірақ ойлау мен сөйлеу бір-бірімен бөлінбейтін
байланыста болғанмен, олар өзінің генезисі бойынша, сонымен қатар атқаратын
қызметі жағынан дамығандықтан түрінде тәуелсіз болып табылады. Осы мәселеге
қатысты қазіргі ғалымдардың талқылап жатқан басты мәселесі — ойлау мен
сөйлеудің арасындағы байланыстың сипаты туралы, олардың генетикалық
тамырлары және өзгерістері туралы, өздерінің даму үрдісінде өзгерістерге
үшырап отырады.
Бұл проблеманы шешуге елеулі үлес қосқан Л.С. Выготский болды. "Сөз, -
деп жазды ол, - ойлауға қатысты болумен қатар, сөйлеуге де қатысты. Сөз -
бүл жеке заттарға, дара аты ретінде жапсырылған нәрсе емес: ол әруақытта да
жалпы аталатын зат немесе күбылысты сипаттайды, демек, ойлау актісі ретінде
қызмет атқарады. Сонымен қатар сөз - бұл да қатынас құралы, сондықтан да ол
сөйлеудің құрамына кіреді".
Ойлау мен сөйлеудің әртүрлі генетикалық тамырлары бар. Алғашқы кезде олар
әртүрлі қызметті атқарды және бөлек дамыды. Сөйлеудің бастапқы қызметі
коммуникативтік қызмет болды, ал сөйлеудің өзі қатынас қүралы ретінде
адамдардың бірлескен еңбек үрдісінде іс-әрекеті болу және реттеу
қажеттілігіне байланысты пайда бодды. Сонымен қатар сөздік қарым-қатынаста
сөйлеудің беретін мазмүны күбылыстардың белгілі тобына қатысты, сондықтан
жалпьшама бейнелеуді, яғни, ойлауды қажет етеді. Бірақ, карым-қатынастың
көрсету ишарасы сияқты тәсілі өз табиғатында ешқандай жинақтауды
білдірмейді, сондықтан да ойлауға жатпайды.
Сонымен қатар сөйлеумен байланыссыз ойлаудың түрлері бар, мәселен,
көрнекілі-әрекеттік (ойлаудың бүл түрі жануарларда болады). Кішкентай
балаларда және жоғары сатыдағы жануарларда ойлаумен байланыссыз өзіндік
ерекшелігі бар қатынас қүралдары байқалады. Тірі жәндіктің ішкі жағдайын
бейнелейтін, бірақ белгі немесе жалпылау болмайтын бұл айқын аңғарылатын
қозғалыстар, ишара, мимика.
Ойлау мен сөйлеудің филогенезінде интеллектінің дамуында сөйлеуге дейінгі
кезеңі анық байқалады.
Л.С.Выготскийдің айтуынша, бала шамамен 2 жаста, сол сияқты Ж.Пиаженің
ойынша да бұл кезеңде ойлау мен сөйлеудің қатынасында қиын да түбірлі
өзгеріс кезеңі басталады: сөйлеу - интеллектуалдық, ал ойлау - сөздік
болады деген. .
Бұл екі функцияның дамуында түбірлі өзгерістердің басталу белгілері болып
табылатын баланың өзіңдік сөздік қорының тез және белсенді кеңеюі болып
табылады (Бұл қалай? дейтін сұрақтар үлкендерге жиі қойылады) және сондай
тез қарқынмен коммуникативтік сөздігі көбейеді. Әрбір интеллектуалдық
міндеттерді шеше отырып, бала ауызша ойлай бастайды, ол енді сөйлеуді
ойлаудың құралы ретінде пайдаланады. Практакалық тұрғыдан бала үшін сөздің
мағынасы түсінікті болады. Бұл дерекгер тек қана ұғымдарды меңгерудің және
ойлау мен сөйлеудің үрдісінде оларды қолданудың белгілері болып табьшады.
Одан әрі бұл үрдіс, терендей отырып, біршама үзак мерзімге дейін, жеткіншек
жасқа дейін жалғаса түседі. Ғылыми ұғымдарды баланың дұрыс меңгеруі кеш
іске асады. Бұл кезеңді Ж. Пиаже формалдық операциялардың дәуіріне
жатқызған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДА РЕФЛЕКСИВТІ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУДЫ ӘДІСТЕМЕСІ
Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Критикалық ойлау
Ойлау және оқыту үрдісі
Әдебиет сабақтарында инновациялық әдіс
Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тәсілдері
Математиканы оқыту әдістемесі
Жалпы технологиялық пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Пәндер