Мавзолейдің қасбеті
Қ.А.Иассауи кесенесі
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қ.А.Иассауи кесенесі
2.2 Мавзолейдің қасбеті
2.3 Қазандық кіре берісі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Түркістан қласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық
ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен
өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене
мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395
жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып,
астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа
Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады.
Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын.
Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге
және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір
Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ
болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің
әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды.
Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді
мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында
ол осы арадан Иасы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Иасауи зиратының басында
құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни
қызметшілерге бағалы сыйлықтар береді. Деректерде Қожа Ахмет Иасауидің 12 ғ-
да салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып,
орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ-түйекке
дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала
анықталып көрсетілген-ді.
Жамағатхана күмбезінің 41 кезге, ал айналасы 130 кезге тең болуға тиісті.
Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың
мұнараларға дейінгі ені —60 кезге, пештақ арқасының биіктігі—30 кезге жетуі
қажет болатын. Бұдан әрі қабырғаларынық ұзындығы—30 кезге тең, бірнеше
металдың қоспасынан құйылған қазан орнатылатын төрт бұрышты, күмбезді
бөлме — жамағатхана орналаспақ еді. Оған қабырғалары 12 кезге тең, ор
қабырғасында төрт қуысы бар, төбесі қосарлы күмбезбен көмкерілген төрт
бұрышты бөлме — көрхана жайғасуы керек-тін. Бұл бөлменің еденіне тавриз
мәрмәрі төселуі тиіс еді. Көрхананың оң және сол жағынан көлемі 16,5X13,5
кез бөлмелер салынуы қажет болатын. Бұлардан басқа да бөлмелер болуға тиіс-
тұғын. Олардың күмбездері мен қабырғалары шыны таспен қапталып, қабір
қоршауы тастан қашалуы қажет-ті және т. б.
Құрылысты жүргізуді Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын
Мәулен Убайдулла Садырға жүктеді. Мавзолейді салу жедел қолға алынып, сол
заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Негізгі және қосалқы
бөлмелерді салу кезінде де құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық
сызбалар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды. Архитектуралық көлемдер мен
олардың бөлшектерінің асқан шеберлікпен салынғандығының себебін тек осылай
ғана түсіндіруге болады. Темірдің болашақ мавзолей жобасын жасауға тікелей
қатысып, құрылысшыларға нақтылы нұсқау бергендігін әр түрлі жазба деректер
де дәлелдейді.
Жобаны әзірлеу барысында олар белгілі бір модульді пайдаланды, оның жартысы
да, ширегі де өлшем ретінде жүре беретін. Сондай-ақ, композициялық негіз
етіп алынғап модульдік жүйе де қолданылатын. Осы жүйе бойынша
архитектуралық көлемдердің мөлшері, ішкі және сыртқы тарамдардың,
қуыстардың түрлері, қанаттардың ұзындығы, терезе және есік ойықтарының,
арқалардың, қуыстардың, күмбездердің, сталактиттердің және т.б. тепе-
теңдіктері белгіленіп отыратын. Ғимараттың жеке бөліктерінің жобадағы және
кеңістіктегі өзара үйлесімділігі, негізінен алғанда, шаршы келген қабырға
ұзындықтарының бас бөлменің көлденеңіне қаншалық сәйкесуіне байланысты
белгіленетін.
Осы әдіс Ахмед Ясауи сәулет ғимаратын салу кезінде де кеңінен
қолданылды. Жобаны өлшеу нәтижесі мавзолейдің 60,6 сантиметрлік тең
қабырғалы модульдік — көлемдік торға дәл келіп тұрғанын көрсетті, Ал 60,6
сантиметр — ортағасырлық бір кезге тең.
Қытайға қарсы жорығын жүзеге асыра алмаған Темір 1405 жылғы февральда
Отырар шаһарында дүние салды. Ол қайтыс болған соң мавзолей құрылысы да
тоқтап қалды.
Ахмед Ясауи сәулет ғимараты — аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс.
Оның ені —46,5 метр, ұзындығы—65 метр. Ғимараттың орасан зор порталы (ені —
50 метрге жуық, порталдық арқасының ұзындығы—18,2 метр) және бірнеше
күмбезі бар. Онын, орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35
бөлме салынған.
Жамағатхана (мұнда қола қазан тұруы себепті қазандық деп аталған)
күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі—37,5 метр.
Қазандық бөлмесіне тікелей қомақты пештақ — портал арқасы арқылы өтуге
болады. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы—1,8—2 метр, қазандық қабырғаларынрың
қалыңдығы —3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассимметриялы
боп келетін бұл зәулім ғимарат сегіз түрлі бөлмелер тобынан тұрады. Ол
порталы оңтүстік шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік батыс пен
солтүстік шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас
порталдың сәнді есігі арқылы кіреді.
Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпішпен өрген
күмбездердің ішіндегі ең үлкен, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен
көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы
Ахмед Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады.
Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед-Ханафия порталы деп те
атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды.
Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта архитектурасы
да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік батыс блокта
мешіт орналасқан. Ал оңтүстік шығыс блокта халимхана бар. Халимханада
дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін
тағам — халим әзірленетін болған.
Өзінің ауқымы жағынан бұл мавзолей Самарқандтағы Бибі ханымның
мешітіне, Шахрисябздағы Ақсарай мен Доруссиадат көрханасына тең. Ахмед
Ясауи мавзолейінің прототиптері ретінде біздің дәуіріміздің VII—VIII
ғасырында салынып, бітпей қалған Жамбыл облысындағы алып құрылыс (бекініс-
сарай) Ақыртасты (Тасақыр) және Термез маңындағы (IX ғасыр) Қырыққыз
комплексін атауға болады.
Сондай-ақ, Кене Үргеніштегі Нәджмеддин Қубрдің (XIV ғ.), Бұхарадағы
Буян Кули ханның (XIV ғ.) және т.б. мавзолейлері де бізге дейін жетіп отыр.
Алайда, классикалық архитектуралық үлгіге айналғай осы екі тәсілдің екеуі
де мәңгі жасайтын мемориалдық комплекс — Ахмед Ясауи сәулет ғимаратында
ерекше үйлесім тапқан.
Ахмед Ясауи сәулет ғимараты да айқын әрі үйлесімді жоспармен салынған.
Солтүстік шығыс блокта құдықхана, ал солтүстік батыс блокта Үлкен Ақсарай
орналасқан. Оңтүстік батыс және солтүстік шығыс жақтарының орта тұсында
өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар — Кіші
Ақсарай мен кітапхана және қос қабатты құжыралар бар. Кезінде кітапхана
қоры мейлінше бай болған. Комплекстің өзге бөлімдері де әр түрлі шешімін
тапқан. Мавзолейдегі сегіз дәліздің алтауы өтпелі де, екеуі— тұйық.
Биіктігі қос қабатты үйдей дәліздер бүкіл комплексті өз алдына дербес
блоктарға бөледі. Бұл инженерлік озық шешімге кірпіш конструкциялары
саласындағы аса білімдар маман, профессор A.A.Шишкин ғана бірінші боп көңіл
аударып, табан топырағының әр тектестігін және жер сілкіну қаупін ескере
отырып, күрделі де керемет үлкен құрылысты салып шыққан адамдардың ғажайып
көреген болғандығына барынша, баса назар аударды. Шынында да, бүкіл
комплексті 8 түрлі жеке бөліктерге бөлу арқылы жасалған жүйенің
қарапайымдылығы мен дәлдігі ғана тіпті мавзолейдің ірге топырағы қатты
ылғалданған кезеңде де комплекстің ұзақ сақталып, жалпы бірлігінің
бұзылмауын қамтамасыз еткен еді.
Кітапхана мен Ақсарай бөлмелерінің төбесі көлденең аркалармен
жабылған. Төбені осылайша жабу түрлі пошымдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ
тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші
арқалардың өзара қиылысу элементтері Қазақстан мен Орта Азия
архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады.
Алайда, күмбез астындағы бөлмелерді, қабырғаларындағы қуыстарды тереңдету
және кеңіте түсу арқылы оны шаршы етіп жасау бұған дейінгі құрылыстардан
да кездеседі.
Негізгі бөлімдер — қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты аркалар
жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт-төрттен ойықшалар жасалған.
Күмбездердіц ішкі беті алуан тұрпаттағы сталактиттермен көмкерілген. Бұлар
арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген. Сталактиттер күмбез табаны
астындағы жалпақ паруазды түзілісті көзден көлегейлеп тұр. Жалтыр аркалар
мен қалқан тәрізді сүйір желкендерге сегіз қырлы күмбезшелер келіп
қиюласқан, есік жақтағы шаршы көлемді құжыраларды орталық порталдан солар
бөліп тұрады. Кіші Ақсарай мен кітапхана бөлмелерінің төбесін жабуға қалқан
тәрізді желкендер пайдаланылған.
Мавзолейдің сырт қабырғаларының көркемделуі үш бөлікке жіктеледі. Оның
орта бөлігіне үлкен көлемдегі гирихтермен өрнектелген жазулар түсірілген,
жоғары жағына — эпиграфтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлегіне)
биіктігі—1,85 метрлік тас кенере жүргізілген. Ірге бөлегі қашалған тас
тақталармен дәнекерленген. Мавзолейдің үш қабырғасының үстіңгі жағымен
өтетін эпиграфтық фризде құраннан алынған сөздер жазылған. (6-сүре—Мал,
58-аят). Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz