Жеке тұлғаның қалыптастырудағы оқулықтың рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жеке адам түсінігі
2. Іс - әрекет және қарым – қатынас негізгі әсер етуші факторлар
3. Жеке тұлғаның қалыптастырудағы оқулықтың рөлі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ЖЕКЕ АДАМ ТҮСІНІГІ

Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты
назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ
өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу-оның іс-әрекетін тиімді
басқарудың алғы шарты.
Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қатиды. Сондықтан жасалған
теориялар, әлбетте олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі
идеологиялық бағдарына байланысты идеолисттік немесе материалистік сипатта
болады.
Буржуазиялық психологияда жеке адам жайындағы сан алуан түрлі, көп ретте
қарама-қайшы және бірін-бірі жоқа шығаратын комцепциялар орын алып келеді.
Олардың ішінде әсіресе биологиялық, биоәлеуметтік және әлеуметтік
концепциялар даралануда.
Биологизм, әсіресе З.Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде
айқын да оның көрініс тапқан . Фрейдтің ілімі бойынша жеке адам дегеніміз-
үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ьқпалын сезінуші, сонымен бірге
қарсы турушы биологиялық түйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы
биологиялық әсермен немесе инстингтерімен, ең алдымен жыныстық елігумен
бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату
инстингтерін қанағаттандыруы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де
адамның елігуімен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы-жеке адамның тек
қана биологиялық индивидуализмнің концепциясы.

2. ІС - ӘРЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС НЕГІЗГІ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-
әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-
әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің
салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және
мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен
байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және
олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі — ойын. Ойынның бірнеше
түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т.б. жатады.
Ойын — балалардың денесін, ақыл-ойын дамытудың сарқылмас көзі. Балалар
дәрігер, мүғалім, суретші, құрылысшы-инженер, теңіз кемесінің
капитаны, үшқыш, космонавт болып ойнағанда, олардың бейнесін есіне
түсіреді, әр маманның іс-әрекетіне тән ерекшеліктерін өздерінің түсінігі
бойынша ескеріп, релін атқаруға талаптанады. Бұл жастағы балалар, әсіресе,
геолог, теңіз кемесінің капитаны, космонавт болып ойнауды сүйеді және
солардай болуды арман етеді. Мұндай шығармашылық ойындар айналадағы ортаны
тануда балалардың ой-өрісін бірте-бірте дамытады. Ал өр түрлі ойындарды
мамандыққа бағдар беру тұрғысынан қарастырсақ, онда олар балалар үшін
келешек мамандықты танудың беташары болуы да мүмкін.
Балалар ойын процесіңде геологтардың рөлін атқару үшін өздерінің
ойларын іске асыруға тырысады. Олар ойынның негізгі мазмұнын геологтардың
іс-әрекеттерімен байланыстыра көз алдына былай елестетеді: бір топ
геологтар Отанымыздың Каспий теңізі аймағына барып, жайғасты. Олар табиғат
күшіне тотеп беріп, ауа райы аумалы-төкпелі белестерден өтіп, жергілікті
коліктерді пайдаланып, қазба жер байлықтарын іздестіруде. Геологтар па-
латкаларда түрып, түрлі қиыншылықтарды кездестіреді, мыса-лы, маса, шыбын-
шіркейлермен күреседі. Балалар алға қойған мақсатын орындап, ойынды
аяқтайды. Мүндай қиыншылықтарға мойымайтын тозімділік, батылдық, табандылық
сияқты тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Ақыл-ой және спорт ойындары да баланы дамытудың басты себептерінің
бірі. Ақыл-ой ойындары балалардың аңғарымпаздығын, ұғымталдығын, зеректігін
дамытады, ойлау теориясына (салыстыру, ажырату, жинақтау т.б.)
жаттықтырады. Спорт ойындары балалардың қайраттылық, шешімділік, өзін-өзі
билеу, батылдық, ерлік, төзімділік сияқты моральдық қасиеттерін қалып-
тастырады, денесін шынықтырады.
Мектеп жасындағы балалардың жан-жақты, үйлесімді дамуының негізгі
көздері оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, көркемонер және спорттық іс-әрекеттері
деп жоғарыда айтып кеттік.
Оқушылар іс-әрекеттерінің ең басты және жетекші түрі — оқу. Ол алдын-
ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі
түрде іске асырылып отырылады. Сондықтан оқу басқа іс-әрекеттеріне
қарағанда оқушылардың таным қабілетін дамытады, дуниеге адамгершілік
көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқудың барысында сыныптан сыныпқа
кошкен сайын оқушының ой-өрісі кеңиді, білімі тереңдейді, жауапкершілігі
артып, ол алдына қойған мақсаттарын орындауға талпынады. Оқушы он бір
жыддың ішінде бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін даму жолынан өтіп,
нақты білім, саналы тәрбие алады. Міне, осының нәтижесінде еңбек етуге,
ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орындарына түсуге қабілетті болып
шығады.
Адамның рухани дамуының көзі - еңбек. Ф.Энгельс еңбектің тарихи ролін
қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамды жаратқан еңбек деген қорытындыға
келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, еңбексіз кері кетушілікке ұшырауға
болады. Еңбек - адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне
қарай еңбек ету әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне
айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам озінің омірі мен қызметіне, қоғамдық
әл-ауқатын арттыруға қажетті нәрселерді жасауға тиіс.
Жастарды еңбек сүйгіштікке, Отанның игілігі үшін жан тәнімен еңбек ете
білуге тәрбиелеп өсіру — халық мұғалімдерінің жауапты міндеті.
Педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылып, жоспарлы түрде жүргізілетін еңбек —
баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы. Бала жастайынан
еңбек етуге талпынады. Оны еңбек дағдыларына үйрету үшін үйелмен мен
мектепте еңбек төрбиесі қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырылып,
жүргізілуі керек.
Мектепте іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Олар: баланың өзіне-өзі
қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Іс-әрекетінің мұндай
түрлері: еңбек тәрбиесі барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іске
асырылады. Еңбек тәрбиесі жүйесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің
мәні зор. Олар үйде өзінің төсек-орнын жинауға, киімдерін тазалауға, кір
жууға үйренеді, үйді жинау, тамақ пісіру ісінде ата-аналарына көмектеседі.
Мектепте оздерінің еркімен көрнекі оқу құралдарын, мектеп мебельдерін,
сынып болмелерін жондеседі, кезекшілік міндетін атқарады.
Қоғамдық пайдалы еңбек түрлері оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына
сәйкес жүргізілуі тиіс. Қалалар мен ауылдарды көгалдандыру, табиғатты
қорғау, металл сынықтары мен макулатура жинау, жауынгерлердің, қоғам мен
ғылым қайраткерлерінің ескерткіштерін қорғау, ауыл тұрғындарына
әдебиеттерді таратып, сату жұмыстары, зейнеткерлер мен мүгедектерді
қамқорлыққа алу оқушылардың еңбекке көзқарасын тәрбиелейді, адамгершілік
қасиеттерін (жолдастық, үлкендерді сыйлаушылық, ізгілік, адамға
тілектестік, қарым-қатынас т.б ) қалыптастырады.
Оқушылардың өнімді еңбекке қатысуының үлкен тәрбиелік мәні бар. Олардың
өнімді еңбек барысында жауапкершілік артады, іскерлік қабілеті дамиды. Ауыл
мектептерінің жоғары сынып оқушылары өндіріс бригадаларында ауыл шаруашылық
дақылдарын өсіріп, жоғары өнім алады. Колхоздар мен совхоздарға, өндіріс
орындарына нақты көмек көрсетеді. Мектеп немесе мектеп аралық
шеберханаларда түрлі мекемелердің, өндіріс орындарының тапсырмаларын
орындайды. Мектеп оқушылары қоғамдық өнімді еңбекке қатыса отырып, бағалы
заттар жасап шығарады. Олар халықтың материалдық жағдайының дамылсыз өсе
беруіне зор қуанышпен тілек білдіріп, аз да болса өздерінің үлес қосқанда-
рын біледі.
Сонымен, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысу оқушыларды
жауапкершілікке, іскерлікке үйретіп қана қоймайды, олардың дене күштері мен
ақыл-ойын дамытуға ықпал жасайды, сабақта алған білімдерін тереңдетіп
жетілдіреді. Егер еңбек іс-әрекеттері оқумен ұштастырылып ұйымдастырылса,
баланың әлеуметтік тәжірибесі молаяды. Табиғатты және адамның өзінде
өзгеретін еңбектің күшіне баланың сенімі артады.
Тәрбие жұмысында оқушылардың көркем өнермен айналысуының алатын орны
зор. Көркем өнер іс-әрекеті баланың сезіміне, эстетикалық талғамына және
сеніміне өзінің ерекше құралы көркем бейнелер арқылы әсер етеді. Балалардың
эстетикалық таным күшін дамытудың негізгі көздері - әдебиет, театр, кино,
музыка, бейнелеу әнері (кескіндеме, графика, мүсін) салаларындағы көркем
шығармалар.
Халықты жаңа бақытты өмір қүру үшін күреске шақырудың күшті
құралдарының бірі - әдебиет пен өнер. Әсіресе, музыка бүкіл халықтардың бір-
бірімен өзара қарым-қатынас жасауының, олардың өмір шындығы үшін күреске
шақырып жігерленудің құралы. Тарихта ерекше орын алған Париж коммунасы
құлағаннан кейін 1871 жылы француз жұмысшы ақын Эжен Потье Интернационал
олеңінін текстісін, ал 1888 жылы мебелыиі Пьер Дегейтер музыкасын жазды.
Бұл шығарма осы уақытқа дейін өзінің күшін жоймай, халықаралық гимнге
айналды. Осындай шығармалар арқылы халық бірін-бірі тани бастайды,
түсініседі, бейбітшілік үшін үн қосып бірігеді. Сөйтіп, жеңілмейтін үлкен
үдемелі күшке айналады.
Мектепте көркем шығармаларды тиімді пайдалану оқушылардың сана-сезімін
оятады, оларды жаңа өмір үшін күресуге төрбиелейді. Тәрбие жұмысының
саласында оқушылардың көркем-өнер іс-әрекетінің бірнеше формалары бар.
Олар: әдебиет, музыка, көркемөнер үйірмелері; музыканы сүюшілер клубы:
балалар шығармашылығының көрмесі мен сайысы; көркем өнерпаздар үйірмесі;
көркемөнер галареясы, музей, табиғат, театр және кинотеатрлармен оқушыларды
таныстыру үшін эстетикалық сайыстар; әдебиет және өнер қайраткерлерімен
кездесулер; поэзия, музыка, кино жөне көркемөнер күндері; эстетикалық
тақырыптарға жүргізілетін пікірталастар мен әңгімелер т.б.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақ
композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете
біле бермейді. Ал, осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының
өскелең өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім. Міне, осыған
орай, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды эстетика саласындағы
мәселелермен үнемі таныстырып отырудың тәрбиелік мәні оте зор.
ІҮ-ҮІІ сынып оқушыларымен жүргізілетін әңгімелер үшін мынадай
тақырыптарды пайдалануға болады. Құрманғазы — күй атасы, Менің ұнататын
композиторым, Қазақ халқының бейнелеу өнері, Қазақ суретшілері
тақырыбына өткізілетін әңгімеде мұғалім қазақтың халық қолонер
шеберлерінің, суретшілерінің еңбектеріне (сырмақ, алаша, кілем, басқүр
оюлар, ағаштан, сүйектен, мүйізден, күмістен, мыстан ойып жасаған түрлі
әсем заттар т.б.) талдау жасайды, олардың мәнін, онер саласында алатын
орнын түсіндіреді. Қазақ суретшілері тақырыбы бойынша өткізілетін
әңгімелерде оқушылар Ә.Қастеевтің Турксиб, Қызық отау, Соколов
-Сарыбай руднигі, М.Кенбаевтың Шопан әні, Қ.Шаяхметовтың Туған ауылда,
А.Ысмаиловтың Тың жерде тағы да осы сияқты картиналардың репродукциясымен
таныса-ды, толық мағлүмат алады. УІІ-Х сынып оқушылары үшін эсте-тикалық
әңгімелерді әр түрлі тақырыптарға откізуге болады.
Көркемөнер іс-әрекетінің толып жатқан түрлерін пайдаланудың мәні оте
зор. Мысалы, жазушылармен, композиторлар және суретшілермен кездесулер,
оқушылардың шығармашылык еңбектерін (олеңмен жазылған шығармалар,
фельетондар, өлеңдер, қабырға газеттері, қолжазба журналдары т.б.)
көрмелерде корсету, байқау сайыстарын өткізу оқушылардың қуаныш сезімдерін
арттырады, эстетикалық талғамын дамытады, болашақ мамандықты саналы түрде
таңдап алу жайлы ой туғызады.
Коркем өнер іс-әрекеттерінің барлық түрлеріне оқушыларды жаштай тарту
үшін мектептің педагогикалық үжымы ең алдымен оларға мүмкіншілігінше жағдай
жасаулары керек. Әрбір онердің түріне қарай оқушылардың мұқтаждықтарын,
бейімділіктерін және қабілеттерін анықтай отырып, олардың мұндай психикалық
ерекшеліктерін дамыта және жетілдіре түсудің нақты жолдарын үнемі
іздестіріп отырулары қажет.
Қазақстан Республикасында спорт жүмысының дамуына көп коңіл аударылады.
Үкімет спорт және дене шынықтыру мәселелерін үнемі өзінің қамқорлығына
алып, адамдардың жан-жақты, үйлесімі дамып қалыптасуына жағдай жасап
келеді.
Мектептерде оқушылардың дене шынықтыру сабақтары мен түрлі спорт, іс-
әрекеттерін ұйымдастырып жүргізудің өзі мұғалімдер ұжымдарының тол ісіне
айналды. Сабақ барысында оқушылар теориялық білім алады, түрлі
гимнастикалық жаттығуларга үйренеді. Оқыту барысында берілетін дене
тәрбиесі оқудан тыс уақытта жүргізілетін дене шынықтыру және денсаулықты
жақсарту жұмыстарымен толықтырылып отырылады. Осындай өзара байланысты
спорт іс-әрекетінің барысында бала әрі қайратты, әрі әдемі болып өседі.
Сонымен бірге оның эстетикалық талғамы және адамгершілік қасиеттері
қалыптасады, дене шынықтыру сабақтарында жауапкершілігі артады, еңбек
қызметіне және Қазақстанның Қарулы Күштеріне келешек қызмет етуге дайын
болуды қажеттілігіне саналы түрде түсінеді.
Жалпы білім беретін мектептерде кеңінен тараған спорттың түрлері
бірнеше секцияларға бөлініп жүргізіледі. Оларға волейбол, баскетбол, бокс,
күрес, шаңғы, коньки, турист, шахмат, дой-оы, акробатика, спорт және көркем
гимнастика, ескекті жеңіл қайық, бадминтон т.б. секциялары жатады.
Қазіргі кезде спорт жүмыстарын одан әрі жетілдіру басты міндеттердің
бірі болып отыр. Бұл міндеттер жастарды физкультура мен спортқа кеңінен
қатыстыру үшін оқу орындарының, спорт қоғамдарының, кәсіпорындардың қолда
бар базасын, қай ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, нығайтып,
неғүрлым тиімді пайдалануды талап етеді.
Барлық іс-әрекеттерінің процесінде баланың қоршаған дүниеге көзқарасы
қалыптасады, ол адамдармен қарым-қатынас жасайды. Оның нәтижесінде бала
бағыну мен басшылық және жауапкершілік принциптеріне, немқұрайдылық пен
қамқорлыққа, қызығушылық пен парықсыздыққа түсіне бастайды.
Іс-әрекеттерінің процесінде баланың, мысалы, біреуді үнату немесе жек
көруі, бір іске қызығушылығы немесе одан жиіркенушілігі, іс-әрекеттерінің
нәтижелеріне талдау мен бағалау және сын көзімен қарау сияқты эмоциялық
жағы да дамиды. Демек, адам өз бойындағы бір динамикалық стереотипті бұзып,
екіншісіне көшкенде осындай эмоция туады. И.П.Павлов Динамикалық
стереотипті жасап және демеп отырғанда, ми жарты шарындағы нерв процестерін
— өзінің екі негізгі категориясында ұнамды, ұнамсыз және толып жатқан
градациялық күшпен өтіп жатқан сезімдер деп ойлау керек — деді.
Сонымен педагогикалық тұрғыдан жете ұғынып тиімді ұйымдастырылатын оқу
мен тәрбие іс-әрекеттері оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ынтасы мен
бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын үнемі дамытып отырудың зор
қазынасы.
Ойын – бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы
педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған.
Балаа ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым –
қатынасқа түседі, атынм – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы
қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден – ақ ойын мәселесіне өз назарын
ударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне
айналды. К.Гросқа дейін итальян оқымыстысы Д.Колоцца балалар ойыны туралы
материалдарды жүейге келтіріп, ойынның педагогикалық, психологиялық маңызын
ашуға әрекет жасады. Ал ғалым – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ - ОҚУЛЫҚ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуында іс - әрекеттің және қарым қатынастың алатын орны
Әдістемелік даярлық
Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Сауаттылықты қалыптастыруда оқулық мәтіндерінің рөлі
Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері
Оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі
Пәндер