Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс.
Жоспар:
Кіріспе.
1. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен
мақсаттары.
2. Исатай мен Қарауыл қожа Бабажановтың алғашқы қақтығысы.
3. Тастөбе маңындағы ұрыс
4. Жаманқала маңындағы арпалыс.
5. Ақбұлақ жеріндегі соңғы айқас.
6. Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішінде орын алған (1803-
1892) бүкілхалықтық толқын – Жайық сыртындағы кең байтақ даланы
қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып,
қосылуды көздеген халық талпынысынан туған еді. Сырт жақтағы өздерінің
туған- туыстарынан ажырап, әрі жан-жағынан, берісі Жайық өзені мен Каспий
теңізінен бастап Еділ бойына дейінгі аралықта орыстың елдімекенімен,
әскери бекініспен қоршалып қалған осынау қарапайым халықтың бұл
талпынысының шыққан басты себебі Жайық сыртындағы қазақтар толықтай
бостандықта өмір сүрді де, оларға орыс үкіметі мен Ордадағы басшылар
тарапынан басыбайлы құл етіп ұстаудың қауіпі төнген жоқ . Жайық сыртына
өтуге деген бұл талпыныс, әсіресе, малдары жаппай жұртқа ұшырап қырыла
бастаған және басқа да көлденең қарсылықтардан халықты қайыршылыққа душар
еткен шаруашылық дағдарысы тұсында ерекше қаулай түсті .
1818 жылы үкімет қазақтардың Нарыннан Кіші ордаға , яғни Жайық
сыртына өздігінен өтіп кетуін тыю жөнінде жарлық шығарған соң олар
өздерінің аса бытыраңқылық дәрежесіне қарамастан , линиядан “қарулы қолмен
“ өтіп шығамыз деген ниетте болды.
Орданың ішкі рулық құрлысына қатер төндірген Жәңгір ханның барлық
шарасы – 1827-28 жылдардағы қоғамдық ауыртпалық және Қайыпқали сұлтан мен
тағы басқалардың ”кешікпей қазақтар басыбайлы шаруаға айналып,Еділдің оң
жақ жағалауына қоныстандырылады да сол жақта орыс казактарымен бірдей
әскери борышын өтеуге жіберіледі “ деген лақап үгіті – бүкіл Орданы дерлік
көтеріліске аяғынан тік тұрғызды.
Алайда, арғы жаққа өтуге ұмтылған қараусыз халық бұқарасының барлық әрекеті
Орал казактарына қарама- қайшы келді де, олар мұны көбінесе тыйып тастап
отырды. Өздерінің әрбір сәтсіз әрекетінен соң шұбырған халық ескі
қоныстарына қайтып оралып, уақытшатыныштала тұрса да, кезекті сыртқы дүмпу
ықпал еткен кезде қайтадан көтеріліп, линияға қарай қайталап лап қоятын
болды.
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен
мақсаттары.
ХIХ ғасырдың 30-жылдарында Ордада шиеленіскен сұлтандар мен қарапайым
халық арасындағы әлеуметтік және экономикалық қарама-қайшылық жаңа
көтерелістің бірден-бір себепшісі болды. Бірақ бұл өзінің сипаты жағынан
бұрынғы хандық өкімет үшін өзара жауласқан, сұлтандар басқарған
көтерілістен мүлдем өзгеше еді.
1836 жылы басталған көтерілістің басты ұйымдастырушылары Исатай Тайманұлы
мен Махамбет Өтемісұлы болды. Батырдың екеуі де Беріш руының Жайық
бөлімінен шыққан және екеуіде старшын болған. 1
ХIХ ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хандығында қазақ халқына
экономикалық қысым еселене түсті, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық
қалыптың бірқатар маңызды жақтары күрт қиратылды. Астрахань губернаторының
үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға кейбір салт -дәстүрден бастап, жер
қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын қоса, хандықтағы қоғамдық
тұрмыс пен саяси қурылысты қайта құрудың “аристократиялық - өркениетті “
жоспарларын ойластырып отырды. Ол өзіндік салт-дәстүрі бар жартылай көшпелі
қазақ қоғамының негізінде хан билігі мен патша тағының саясатына бірдей
дәрежеде құлақ асатын , өзінше бір “сауатты“ аймақтық хандық құруды
ойластырды.2 Алайда көшпелі және жартылай көшпелі қауымдар ханның бұл
жаңалықтарын қабылдауға әзір емес еді.Патша әкімшілігінің жергілікті
ұйымдарына және негізінен алғанда, патша өкіметінде қызмет атқаратын ірі
және орташа жергілікті шонжарлар бөлігіне біржақты сүйене отырып , хан
билігі зор табандылықпен жүргізген саясат хандық және отаршылдық езгінің
күрт күшеюіне, ауылдық- қауымдық жерлерді шонжарлардың жаппай тартып алуына
әкеліп соқты.
Осының салдары ретінде ол шаруашылық өмірдің мықтап бұзылуын, ауылдық
ұжымдардың экономикалық әлеуетінің құлдырауын, жоқшылыққа ұшырап,
кедейленген қожалықтар санының едәуір көбеюін, хан билігінің беделі мен
ықпалының күрт құлдырауын, сол кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты
туғызды.Осындай жағдайда қазақтың малшы шаруалар бұқарасының көтерілісі
болып, ол әсіресе 1836-37 жылдарда хандықты мықтап дүр сілкіндірді. Халық
азаттық қозғалысы бастапқыда хандықтың Каспий теңізі жағалауына жапсарлас
жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды.3 Бұл қолайлы , бай жайылымдық алаптар
еді. Негізінен жерсіз және жері аз көшпелі қауымдар , өмір арнасынан шығып
қалып, қанағаттанарлық жалгерлік жағдайында жайылым алуға немесе балық
кәсіпшіліктеріне жұмысшы болып жалдануға үміттенген қауым мүшелері сол
жерлерге ағылды . Уақыт өте келе , бұл жердегі халықтың тығыз болып , ал
қазыналық басқарушылар үстіне хан және салық жинаушылар билігінің
тонаушылық сипат алғаны сонша, бұл учаскідегі жердің тарлығы мен алым
салықтың хандықтың басқа аудандарына қарағанда ерекше көптігі күрделі
шиеленісті туғызды. Аталған иеленушілердің жерлеріне ғана 30- жылдардың
орта шенінде орда халқының үштен бірінен астамы, 7 мыңға жуық шаңырақ көшіп
барды. Қысқа қарай мұнда көп мал айдап әкелініп , олардың саны 200 мыңдай
жылқыға және жарты милионнан астам қойға жетті, бұлардың көбі бай
сұлтандармен билердің малы еді.
Шаруалар бұқарасы мен көптеген ауыл старшындарының хан саясаты мен
басқаруына наразылығы тез өрістеді . Оның тұтынуына Жәңгірдің 1833 жылы
қайын атасы Қарауыл қожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне
қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды.4
Ханның бұл әрекетін жергілікті жерлерде көпшілік жұрт өздерінің
--1. А. Рязанов. “Исатай Тайманов көтерілісі” А .,1996. 27-28 беттер
2. М. Чапай “Қазақстан тарихы “ А ., 2000 114 бет
3. Қазақстан тарихы III том. А .,” Атамұра” 2002 . 339 бет.
мүдделері мен ауыл қауымдарының еркін мүлдем елемегендік және өздеріне қыр
көрсетушілік деп санады .Халық Қарауылқожаны қарапайым көшпелілерді
қатыгездікпен қанаушы ретінде, ірі өсімқор- саудагер және күш қолданып
басқаруды жақтаушы ретінде білетін. Ол ханның жаңа саясатын ең жақын және
жан сала уағыздаушылардың әрі орындаушылардың бірі ретінде де белгілі
болатын. Халықтың орныққан көзқарасы бойынша , шыққан тегі қожа
болғандықтан, оның қазақ руларын басқаруда құқысыз жағдайының да мәні
болды. Хан Бабажановты тағайындау туралы шешім қабылдау қарсаңында да, одан
кейін де ханға жолданған топтың өтініштері мен ескертулеріне назар
аудармады. Ашынған халық бұқарасы ханға ашық қарсы қозғалыс бастады.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт -азаттық күресі өз
дамуында үш кезеңнен өтті . Бірінші кезең 1833-1836 жылдарды қамтиды және
қарулы көтеріліске дайындық кезеңі ретінде сипатталады. Екінші кезең
көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып олардың жеңіліске
ұшырауына-1837 жылғы қарашаның орта шеніне дейін созылады. Үшінші кезең
көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған шағын тобының Жайықтың сол
жағасына өткен кезінен (1837 жылғы желтоқсанның орта шені), күштерді жаңа
шайқастар үшін топтастыру және Ақбұлақ өзеніне жақын жерде болған ұрыста
біржола жеңіліске ұшырау (1838 жылғы шілденің орта шені ) кезеңімен
аяқталады.5 Оңтүстікте көшіп жүрген беріш руының ауылдары қоғамдық ашу
-ыза мен қозғалыстың орталығына айналды, ол ауылдарды старшын Исатай
Тайманұлы басқаратын, кейіннен ол көтерілістің басшысына айналды. Оның
халық бұқарасын басқарудан зор тәжірибесі бар еді, ерлігі мен және
батылдығымен ерекше көзге түсті, әскербасылық қасиеттері болды. Оған әуел
бастан-ақ жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын Махамбет Өтемісұлы
қосылды.Ол сол уақытқа қарай–ақ халық арасында шешендігімен, өр
мінезіменжәне терең ойлылығымен ғана емес, сонымен қатар қатардағы
көшпелілердің мүдделерін қорғаумен де мәлім болды. Сөйтіп хандықтың
оңтүстігіндегі
азаттық қозғалысы қалыптаса бастаған кезде аса көрнекті екі қайраткер-
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тізе қосты.Хандықтың оңтүстігіндегі
жағдай хан режиміне және оның сыртында тұрған отаршылдық өкімет орындары
үшін тым қауіпті, елеулі сипат алды. Оқиғалардың зиянды өрістеуінің алдын
алу үшін Жәңгір хан Исатай мен Махамбетке сый-сияпат көрсетуге тырысады.
Оларды хан сарайы мен жанындағы маңызды жиналыстар мен съездерге шақырып,
хан ордасына патша шенеуліктері келген кезде солармен таныстырады. Бір
кезде Махамбет сарай ақыны, хан балаларының тәрбиешісі болған еді және
Жәңгір оны өз нөкерлері құрамында Петербургке император сарйына ертіп
бармақшы да болады. 1834 жылы Махамбет старшын болып тағайындалады.6.
Алайда хан билігінің Исатай мен Махамбетті өз жағына тартуға тырысқан
Барлық әрекеттері қалағандай нәтиже бермеді, олардың ханға қарсы көңілі
барған сайын айқындалып тереңдей түсті. Сол кезде Жәңгір оларды ашықтан-
ашық қудалауға және олар жөнінде күш қолдану шараларына көшті. Ол Махамбет
Өтемісұлын тұтқынға алғызды. Ол “хан иеліктеріне“ және Жайықтың сол
жағасына өтуге үгіт жүргізіп әрекет жасағаны үшін 1829 жылы 15 шілдеде 1830
жылдың қыркүйегіне дейін Калмыков бекінісіндегі түрмеде ұсталды. 7.
Исатай Таймаұлында ұстауға да әзірлік жасалды . Каспий теңізінің жағалауын
алып жатқан рулардың басқарушысы етіп Қарауылқожа Бабажановтың
тағайындалуы, бірінші кезекте , Исатай мен Махамбеттің айтқанға көнбей,
бетімен кетушілігіне қарсы өш алу , оларды халықтан бөліп тастауға қол
жеткізу үшін және оларға үнемі бақылау жасап отыру мақсатында жасалған еді.
4. И . Кенжалиев “Тайманұлы Исатай “А ., 1997 .67-68 беттер
5. Д . Жамбылов. “ Тәуелсіз және саяси сана “ А ., 1997. 54 бет.
6. М.Қ . Қозыбаев “Жауды шаптым ту бойлап “ А., 1994. 121-122 беттер
7.Қазақстан тарихы III том. А ., 2002. 341-342 беттер.
Жаңа басқарушы өз қызметін ханның алдында Исатайды беріш руының
басқарушы қызметінен тайдыру туралы және оның өзі мен оған ниеттес
ауылдарды құнарсыз жайылымдық учаскілерге көшіру туралы мәселе қоюдан
басталды.Сонымен бірге Жәңгір хан Орынбор губернаторлығынан Исатай мен
Махамбетті және олардан басқа да кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп
пен патша өкіметінің даладағы саясатына қарсы бүлікшілдікке бастаушылар
етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шараларды қолдануды сұрады. 1836
жылғы 17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды:
Исатай мен Махамбет “халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар
старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап
алып, Хан ордасына жеткізуге әмір етемін “.8 . 1833 жылғы жаздың аяғынан
бастап оңтүстіктің көптеген ауылдарының өмірі өзгеріп кетті . Ауылдардың
дағды бойынша бір-бірінен алыс көшуінің орнына, рулық қауымдардың көші-қоны
жақындай түсті ; жол бойында ру бөлімшелерінің асығыс тапсырмалары жаушылар
мен хабаршылары жосып жүрді, жиындар мен кеңестер өткізіліп , ауылдардың
төңірегінде хан қол шоқпарларының жасалуы мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл
бекеттері құрылды. Азаттық қозғалысының осы жергілікті кезеңіне мынандай
белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан
билеріне, ру басқарушыларына күрт наразылық білдіріп , олпрдың орындарынан
алынуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-
сұлтан топтарының саясатына қасрсы бағытталған қозғалысқа барған сайын
жаңадан ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Үшіншіден,
әсіресе 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл
жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиеледі.
Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей басшылық етті.9
Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі
аймағындағы көптеген ру ішіндегі және рулық қауымдар хан шенеуніктерінің
билігін көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Бесіншіден, азаттық
жолындағы және заңға қарсы пиғылдар орданың басқа да бөліктеріне тарап
кетті. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты қамтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі
лагерь: хан лагері мен азаттық қозғалысының лагері құрылды.Көтерілісті
дайындау мен өткізудің барлық кезеңдерінде азаттық қозғалысының негізгі
әлеуметтік базасы еңбекші көшпелі шаруалар болды. Қозғалыстың көптеген
белсенді қатысушылары халықтың кедей және ең кедей топтарынан шыққандар еді
.
Исатай мен Қарауыл қожа Бабажановтың алғашқы қақтығысы.
Исатай батырдың Жәңгір ханға және жалпы Бөкей ордасындағы қалыптасқан
тәртіпке қарсы күресінің басы – Каспий бойы қазақтарының басқарушысы
Қарауыл қожа Бабажановпен жеке дара қақтығысынан басталды. Қожа бұл
қызметке 1833 жылы тағайындалған болатын10 . Арғы тегі қазақ емес , қазақ
халқын ешқашан басқарып көрмеген, демек тегі бойынша бұған құқысыда жоқ.
Қарауыл қожаның тағайындалуы ата-бабаларында, соның ішінде Исатайдың өзін
ашу – ызаға булықтырды. Сөйтіп ол ханның қайын атасына бағынғысы
келмеді.Бірақ қажа өз төңірегіне ықпалы жүретін бай адам еді, оның үстіне
Жәңгір ханның жақын туыстарының ішіне кіріп алды. Сондықтан онымен күресу
аса қиынға соқты. Атаққұмар әрі олжа табуды ғана көздейтін қомағай қожа
жалпыға бірдей халықтың бәріне де жеккөрінішті адам болды.Қазақтарды
басқара отырып , ол ешқашан халықтың қамын ойлаған жоқ, қайта өз байлығын
кеңейткен күнде толықтыра түсуге көбірек қамқорлық істеді.Алым – салық
жинау жолымен өзінің жеке табысын молайтуға мүдделі Жәңгір хан қайын
атасының ынта ықыласын көтермелеп отырды. Сол арқылы жәбір- жапа
шеккендердің қожаны ығыстыру жөніндегі шағымы да, арызы да ешбір мақсатқа
жеткен жоқ.
8. Қ . Жұмалиев. “ Егеулі найза “ А ., 1997. 35 бет.
9. Қазақстан тарихы III том. А ., 2002. 343 бет.
10. Қазақстан тарихы III том.А ., 2002. 343 бет
Қарауыл қожа өз дәуірінің білімді адамы болғандықтан Орынбор,
Орал,Астрахань қалаларының жоғарғы топтпрымен жеке танысып алды. Ол Орынбор
Шекара комиссиясының төағасы Генспен жеке таныс болды . Генс қожаның
аузынан бірнеше қазақ аңыздарын , халықтың шығу-тегі жөніндегі тарихи
деректерді жазып алды.
Қарауыл қожаның бүкіл әрекеті Исатайдың көз алдында өтті . Батыр оның Адай
руына рубасы болып, әрі Каспий қазақтарының басқарушысы қызметіне
тағайындалғаныны наразы болды. 1835 жылдың өзінде–ақ Исатай қалай болғанда
да Қарауыл қожаны бұл қызметтен ауыстыруының амалын қарастыра бастады.Ол
шұғыл түрде шаралар қолдана бастады. Ал, Қарауыл қожа бұны естіп ,бірінші
кезекте Исатайды және оның қасына ерген жақын сыбайластарын қолға
түсіріп,Орда төңірегінен біржолата аластау қажет деп кеңес берді.Хан 1836
жылдың 17 наурызында қайын атасына Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын
ұстап , дереу хан ордасына жеткізуге бұйрық берді.12.Осы бұйрықты алған
Қарауыл қожа өзіне бағынышты Берш, Адай ,Тама руларының ауылынан 522
жігітті жинап, қастарына сол рулардың бірнеше старшындарын қосып алып ,
батырдың аулына қарай жолға шықты. Қарауыл қожаның өз қолымен жақындап келе
жатқанын естіген Исатай өз ауыл аймағын қорғаудың шарасын шұғыл
ұйымдастырды да адамдарға садақ секілді жеңіл-желпі қару жарағын үлестіріп
, өз жанына 200-дей сенімді деген қолын жинап алды да Қарауыл қожаның жолын
тосты.Қарауыл қожаның әскері 4 сәуірде Исатай ауылынан бір көш жердегі
Қиялы мола деген жерге жетіпаялдап, Исатай мен келіссөз жүргізу үшін
старшын Сағыр Баршығайев пен молда Қабиықты жұмсайды. Солар арқылы “Исатай
хан мен императордың тәртібіне бағынатын болсын, ал бала- шағалары мен ауыл-
аймағының аман-сау қалуы үшін Қиялы молаға өзі ғана келсін “-деп талап
қояды. 13
Исатай қожаның аитқан талабына қарсы болмайды, бірақ ол Қиялы
молаға200-дей жігіттері мен бірге қолына желбіреген ту ұстап келеді.
Тұтқындап, хан ордасына әкелу керек делінген бес старшынның бәрі де
үстеріне сауыт пен бастарына темір қалапқ киген еді. Өзгелерден ілгері
шығып, Қарауыл қожаға арадағы талас – тартысты жекпе-жекпен шешуді ұсынды.
Алайда қожаның Исатай мен шайқасуға ешқандай ниеті жоқ еді, оның үстіне
өзінің қымбат басын тәуекелге бере алмады. Ал, оны қаумалаған старшындар
мен хан жақтаушыларының ішінен де ешбір жан батырдың шақырғанына жауап
беру үшін белсеніп алға шыға қоймады. Қарауылды қоршап келген жігіттер де
аты аруақты батырмен соғысуға ниет білдірмеді. Осыны қалаған Қарауыл қожа
өзді-өзді ақылдаса келе қан төгілуден аулақ болу үшін “бүлікші”
старшындармен соғыспай-ақ кері қайталық деп келісті.
Қарауыл қожа өзінше ізгілікпен тасалана білді: шалғайдағы ауылына
қайтып оралды да, ханның бұйрығын орындамастан әскерін таратып жіберді.
Сөйтіп бұл қақтығыс қантөгіссіз аяқтала тұрса да, халық көкірегін кернеген
ашу ызаның қатері барған сайын өршіп, бұрынғыдан да гөрі айқын сипат ала
бастады.Исатай батыр да ханмен қарулы қақтығысқа баруды қаламады. Қарауыл
қожа қашып кеткеннен кейін де, батыр әлі де болса ханнан бейбіт жолмен
әділдік аламыз деп үміттенді Сол мақсатпен Жәңгір ханға мынандай өтініш
жолдады: “Жоғарғы мәртебелі мырза, Сізге айтар біздің де ар- намысымыз
бар,1838 жылы сіз белгілеген Каспий теңізі жағалауының басқарушысы Қарауыл
қожа Бабажановтың бұқараны қанаушылығы бастан асып кетті“14Исатай батыр
ханға Қарауыл қожа жайлы осылай деп хабар жеткізген еді . Әрине бұл
қақтығыс Қарауыл қожаның шегініп кеткендігі арқасында қанды шайқасқа
ұласпай, аман қалды.
12. И. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz