Творчество сабақтарын жоспарлау


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Творчество адамның санасының қалыптасу процесі нақ мектепте басталады.
б) Дарын мәселелерін теориялық тұрғыдан терең зерттеу - ғылымның міндеті.
в) “Творчествоға үйрету” - деген не?
Қорытынды
Творчество сабақтарын жоспарлау.
Творчествоға баулимыз
Реутовкадағы екінші мектепке тосыннан келген кісі көзі үйренбеген бір жағдайға тап болар еді: сабақка келе жатқан I кластың оқушылары, қолдарында балға. Балға болғанда ойыншық емес, кәдімгі, нағыз балға. Олар сонда қайда бармақ? Не істемек? Тіпті жеті жасар балаға мұндай қауіпті құралды ұстауға болар ма екен?
Иә, одан әрі не болғанын көрелік. Балалар «Творчсство бөлмесі» деген жазуы бар класқа емін-еркін бет алды. Орындарына отырып, балғаларын стол үстіне қойды. Әрқайсысының алдарында оқытушы алдын ала әзірлеген сызуға арналған альбомдар, сызатын, ағаш жонатын құралдар, ағаш кесінділері, сым.
Бәрі жайғасқан соң мұғалім сабағын түсіндіре бастайды.
- Балалар! Өткен сабақта біз кеменің үлгісін жасаған едік қой. Жұмысты аяқтау, жақсарта түсу үшін кейбіреулерін үйлеріне әкетіп едіңдер. Таня, Люда, Коля, қатарлар бойынша жұмыстарды жинастырыңдаршы.
Мұғалім столында бүтіндей эскадра тұр. Оған тағы да бірнеше үй жұмыстары қосылды. Барлығы 40 кеме және бірі-біріне сірә да ұқсамайды: үлкендері де, кішкентайлары да, қарапайымдары да, күрделілері де, азаматтық та, әскери де кемелер бар. Мұғалім бірнеше жұмысты алып балаларға көрсетеді.
- Міне В. Сережаның жұмысы. Оның кемесінің ұзындығы 20 сантиметр шамасында үстіндегісі палубалық қондырмалар: зеңбірек мұнаралары, желкендер, труба. Сережа жарайсың ол жұмысты дұрыс істеген, жұмыс жинақы орындалып, акырына дейін жеткізілген, әскери кеме екені көрініп тұр және жұмыстың өзі күрделі - онда ағаштан жасалған 17 бөлшек бар. Мынау Е. Ираның жолаушылар кемесі. Аумағы шағындау, бірақ өте жақсы жасалған, оның 14 бөлшегі бар. Кеме алуан түсті жалаушалар мен мерекедегідей безендірілген. Ал Ш. Саша бірі үлкен бірі кіші екі кеме жасады.
Әрине, мұғалім шәкірттерін көбірек мактаңқырап жіберді. Бірақ үлгілердің бәрі дерлік мақұлдауға тұрарлықтай еді: ойдағыдай орындады. Мұғалім жұмыстарды 5 - 7 минут байқағаннан кейін: «Сонымен, балалар, біз ағаштан кеме үлгілерін жасап үйрендік, енді мүсінші болып, сарбаздың мүсінін жасап көрелік», - дейді.
Мұғалім алдымен орта ғасырлардағы сарбаздар, жекпе-жек айқастар, бәсеке жарыстары жайлы әңгімелеп, түрлі қару-жарақ асынған сарбаздар бейнеленген бірнеше таблицаларды көрсете отырып, сыр тербейді. Содан соң ортаншы кластардағы оқушылар жасаған сарбаз мүсіндерін көрсетеді. Бұдан кейін мүсінді қалай жасау керектігін түсіндіреді. Ол әуелі тақтаға нобайын сызып, өлшемдерін белгілейді. Балалар сол өлшемдер бойынша бұрыштама, сызғыштың көмегімен чертежді өз альбомдарына сызады. Әрине, бәрінде де көңілдегідей болып шыға қоймайды, бірақ мұнда тұрған ерекше бәле жоқ- мұндайда мұғалім әрқашан көмекке келеді: чертеж дайын болған соң балалар оны алдын ала әзірленген тақтайшаға көшіреді, кішкене араны алып (араның сынығын пайдаланып), тақтай бетіндегі нобайды ойып алады.
Бірінші класс оқушыларының қалай жұмыс істегенін көрсеңіз! Ынталы әуестене, ден қоя атқарады. Бұрыштама мен сызғышты оңтайлы қолданады, бір жерлерін өшіріп, қайтадан сызады. Өздерінше сызу дайын болған - кезде тақтайшаны аралауға кіріседі. Арамен кескен соң сымды алады да, оны өзінің сызғаны бойынша тағы да иеді. Бұл одан әрі аяққа, қолға, найзаға немесе қалқанға айналады. Енді тағы да өз беттерінше оларды чертежге түсіріп, нобайына шегелей бастайды. Міне, нақ осы тұста өздері творчество бөлмесіне әкелген балғалар кәдеге асады.
Бір қызығы, балғамен тиімді жұмыс істеу әдісін балалардың өздері ойлап табады. Олар әуелі балғаның сабын ұңғысына жақын ұстап, дәл ұруды қарастырады. Біраз уақыт өткен соң балға сабының орта тұсынан, ал сабақ соңында ең ұшынан ұстайды: осылай ыңғайлы, шеге ұрғаннан-ақ кіріп кетеді, - соққы салмақты. Сірә бала мақ осы жасында жұмысқа бейім келетін секілді.
Келесі сабақта бірінші класс оқушылары пластилин мен нобайдың түрін келтіреді, ақыр соңында сарбаздың мүсіні пайда болады. Бұған күмәндану мүмкін емес. Сарбаздар әр түрлі сауыт киінген, әрқайсысының дулығалары мен қару-жарақтары да әр түрлі. Балалардың қиялдауға қиналмайтыны көрініп-ақ тұр. Рас, кей сарбаздың белі иықтарынан үш есе кең, екіншісі жалмауыз кемпірге ұқсайды; бірақ мұның қазіргі сәтте мәні емес, ең бастысы бәрін балалардың өздері істегенінде. Олар мүсін жасаудың әдіс-тәсілдерін игерді, ал сезім тепе - теңдігі жүре қалыптасатын іс.
Басқа сабақтарда бірінші класс оқушылары көптеген ғасырлар бойы берік қамалдарды тас оқпен атқылайтын зеңбіректің қазіргі нұсқасын ағаштан жасайды. Мұның өзі аса күрделі нұсқа - мұнда 25 ағаш бөлшегі бар, оның ішінде терең ойылған ағаш қасық та бар. Сонымен екі аптадан кейін шайқасқа дайын зеңбіректердің батареясы мұғалімнің алдында тұрады.
Ал II класс оқушылары іс жүзінде оған көп ойланбастан-ақ тапсырманы оңай орындайды. Үшінші класс оқушылары болашақта кескіндер сызып, олардан көлеңке жасайды. Сонда бұл не? Мұның өзі арнаулы көркем сурет оқу орнының 2 курсында оқитындарға тән ғой. Және оған бұл теориялық әрі практикалық міндеттерді шешуге бүкіл класс, барлығы 40 адам қатысады.
Сонымен бұл неткен сабақ? Балалар немен шұғылданады? Техникалық творчествомен бе? Олай болса олар неліктен мүсін, қуыршақ, ағаштан ою-өрнек жасайды? Өнердің колданбалы түрімен шұғылдана ма?
Бұл жалпы орта білім беретін мектептің нақ әдеттегі класы. Тек сабақтары әдеттегідей емес. Мұнда сңбек сабағы да емес, бейнелеу өнері сабағы да емес, творчество сабағы өтіледі.
Шегініс жасайық. Бүгінде мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен өз ісіне творчестволықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті мамандардын, санымен анықталады. Сондықтанда партия ғылыми-техникалық революция дәуірі еңбеккерлерінің тұрпатына қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты жетілген, үйлесімді, творчество адамын тәрбиелеуді басты міндет етіп қойды. Творчество адамы санасының қалыптасу процссі нақ мектепте басталады. Сондықтан да бұл процесті дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Автор сурет және сызу пәндерінің бұрынғы мұғалімі 1952 жылдан бері сабақтан тыс уақытта оқушылардың творчествосы мен дербестігін дамыту проблемасымси, қабілеті мен икемділігін дамыту мәселесімен шұғылданып келеді. Біздің тәжірибеміз совет психологтарының барлық естияр балалардың алуан түрлі потенциалдық қабілеті бар деген қағидасын сенімді түрде дәлелдеуде. Мектептің міндеті - оларды балаларға оңтайлы да қызғылықты қызметте ашық көрсетіп, дамыту. Көптеген жағдайда нәтижелер соншалық әсерлі болып жүрді, тіпті оқушылардың жүмысын кергендер еріксіз: «О, бұл аса дарынды, талантты, қабілетті балалардың жасағаны ғой!» - десіп, таңдай қағысты. Әйтсе де мұндай таңданарлық жұмыстарды біздің жағдайымызда әдеттегі балалар тіпті бәрі жасай алады. Біз тек баланы қабілет дамытудын, тәсілдерімен қаруландырып, жүмыстын, кілтін, орындалу принципін оның қолына беру, дарындылығының ашылып, одан әрі дамуына жағдай жасау деп есептейміз.
Дарын мәселелерін теориялық тұрғыдан терең зерттеу - ғылымның міндеті. Осы тұста мен балалардың творчестволық қабілетін дамыту жөніндегі өзімнің мұғалімдік жұмысым, сонымен бірге мүмкін әдістердің бірі туралы айтайын. Бірақ тек тәжірибе жұмысын жоспарлап, оны жүзеге асыра отырып, автор тұрған позицияны анықтағанда ғана бұл тәжірибені түсініп, соғұрлым ойдағыдай пайдалануға болады. Ол үшін оқытудағы, қызметтегі оқушылар тәртібінің ерекшеліктеріне, заңдылықтарына қатысы бар белгілі теориялық қағидаларға сүйене отырып, дарын мен қабілет мәселесін талдап көрелік. Бұл сонда табиғаттың сирек тартуы ма, әлде салыстырмалы түрдегі жиі ұшырайтын құбылыс па? Егер алғашқы пікірді ұстансақ, онда «табиғаттан рақым күту» керек, ал егер екінші пікірді ұстансақ, онда біздің міндетіміз - оқытуды әр баланың табиғат берген қабілетін қызметтің белгілі бір түрлеріне мейлінше дамыта түсетіндей етіп құру болып табылады.
ТВОРЧЕСТВО САБАҚТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
Сабақтардың мақсаттары мен міндеттері.
Егер түпкілікті мақсаттың нақтылы анықтамасы болмаса «мазмұны жақсы» «оқытудың жақсы процесін» жобалауда ешқандай мән жоқ. Сондай-ақ, жалпы творчестволық оқытуды жалпы творчестволық қабілеттерді дамытуды көздейтін сабақтарды белгілеу қажет емес. Егер жобалауды «белгісіз» тапсырмадан бастайтын болсак онда ертегіде айтылатындай: «ана жерде алтын бар, барсаң алтын түгіл бақыр да жоқтын» кері болып шығады. Сондықтан жобалау түпкілікті мақсаттың нақтылы анықтамасынан басталады.
Осы мақсатты таңдаған кезде біз творчество сабақтарын жүргізетін мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі бар творчестволық оқытудың жалпы мақсатын, оның мамандығын іскерлігін және мектептің нақтылы жағдайларын есепке алдық.
Біздің жағдайымызда мектеп жалпы білім береді, класс бұрынғыдай арнайы іріктелмеген, жұмыс жағдайлары да бұрынғысынша, творчество сабағын жүргізетін мұғалімнің мамандығы - «сурет салу мен сызу». Түпкі мақсат былай белгіленді: төменгі класс оқушыларының творчестволық дербестік саналарын қалыптастырып, дамыту.
Бастауыш кластарға арналған творчество сабақтары белгіленді. Москва облыстық оқу бөлімінің рұқсатымен № 2 Реут орта мектебінде тәжірибе тәртібін-дегі творчество сабақтары 1970 жылдан бастап жүргізіліп келеді.
1. Балаларды түрлі іс-әрекетке тарту. Бұған практикалық жұмыстардың арнайы іріктелген түрлері арқылы қол жеткізуге болады (20-25 түрлі істер) . Бұл жұмыстарды ойдағыдай орындау (өзінің қайталанбайтын нұсқасында, былайша айтқанда творчествода) еңбек, сурет салу, сызу және басқалар бойынша білімнің пайдаланылуын талап етеді. Нақтылы бұйымдарды дайындау процесінде осынау негізгі білімдерді игеру ең алдымен жоғары кластарда оларды теориялық терең саралауға ықпал етеді.
2. Оқушыларды еңбектің (қызметтің) жаңа түрлерін тездете игеруіне икемді тәсілдер ойластыру, былайша айтқанда білімдер мен дағдыларды жаңарту.
3. Практикалық қызметке байланысты түрлі жаңа міндеттерді шешу кезінде зеректік пен шапшаңдығын дамыту.
Бастапқы принциптер. Өзіміздің көп жылғы тәжірибемізді талдай келіп, творчествоға баулудың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ аталмыш жастағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, біз творчество сабақтарын жоспарлап, ұйымдастыру кезінде басшылыққа алатын бастапкы принциптерді, бағдарларды қалыптастырдық.
БІЛІМ - ТВОРЧЕСТВО ТІРЕГІ. Оқушынын творчестволық қызметі оның білімінен тысқары кете алмайды. Бірақ төменгі класс оқушыларында творчестволық қызметі басталғанға дейін жұмысты орындауға кажетті білімі жетіспей жатады. Олар сызуды да, құралдармен де, станокта да жұмыс істеуді, бұйым дайындаудың әдісін де және т. б. білмейді. Міне, сондықтан да, олар тек бірегей творчестволық қана емес, жалпы кез келген өнімді жасай алмайды. Демек, балаларды қажетті негізгі білімдермен хабардар өте жобаланған (жоспарланған) өнімдерді, оның ішінде творчестволық өнімдерді жасауға керегі болатын жұмыс дағдылары мен әдістеріне үйрету керек. Творчество нормаларды білуді жоққа шығармайды. Керісінше, ережені біле отырып, біз орындау ерекшелігін, дербестігін және ережеден ауытқу мақсатын бағалай аламыз. Баланы творчествоға мұғалім оған хабардар еткен іс жүзінде ширата түсуді керек ететін информацияларға негіздей отырып, біртіндеп баулу керек? Бар білімдерге құралдармен жұмыс істеу дағдыларына қатысы жоқ тапсырмалар пайдасыз ғана емес, сонымен бірге зиянды да: жарақатқа ұрындырып, жанды күйзелте түседі, алған білімдер мен дағдыларды бір-бірінен ыдыратып, қазірдің өзінде бар, бірақ әлі буыны бекімеген білімді бұлдыратып жіберуі де мүмкін. Баланы мақсаткерлікпен талпындыра отырып, бұрынғы алған дағдыларын сан қайтара пысыта біртіндеп баулу керек.
ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ҚАТАЛ ІРІКТЕУ. Конан Дойл ғалым-психолог болған жоқ, бірақ Шерлок Холмстың сөздері арқылы біздің миымыз қаңыраған шатырға ұқсайды деп орынды айтқан. «Осы шатырды» немен толтыратынымыз, көксоқтамен немесе қажетті заттармен толтыратынымыз өзімізге байланысты. Егер біз оны көксоқтамен тығындасақ, онда қажетті заттарды ешқайда сыйғыза алмаймыз, ал егер осы көксоқтада қажетті бірдеңе бар болса оны ілезде таба да алмайсың. Демек белгілі уақыт өлшемінде оқушы информацияның шексіз мөлшерін емес, белгілі бір мөлшерін игере алатын болса онда берілген есепті (немесе есептерді) шығаруға керекті деректерді мұқият іріктеуі тиіс. Нақтылы қалыптасқан түпкілікті мақсатқа тікелей немесе жанама түрде қатысы жоқ кез келген өзгеше информация оның жетістігін ұзақ мерзімге, тіпті бірнеше жылға сырып тастап, оқытудың тиімділігін күрт төмендетуі ықтимал.
Түрліше ұйымдастырылған оқу материалының сан-қайтара қайталануы. Төменгі класс оқушылары оқылмақ материалды 100-200 рет қайталап, ой елегінен өткізуіне тура келеді. Мысалы, бала А әріпін жазып үйрену үшін уақыттың белгілі бір кезеңінде оны 100-200 рет қайталап жаза беруі керек. (Н. Ф. Талызина) . Егер ол сол әріпті бірден 100 немесе 200 рет жазса да ешқандай нәтиже бермейді. Міне осы кезеңді едәуір, бірнеше аптаға немесе айларға ұзарту керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz