Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану

Жоспар

І. КІРІСПЕ3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Оқушыларды тәрбиелеуде халық педагогикасының ролі 4-6
  2. Халықтық педагогикада оқушыларды тәрбиелеудегі адамгершілік және ақыл -ой тәрбиесі . . . 7-8

3. Оқушылар тәрбиесінің ұлттық дәстүрлері . . . 9-11

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……12

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 13

І. КІРІСПЕ

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда балалардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет - ғұрпын, салт - санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми - теориялық негіздерін анықтау;

- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;

- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.

Зерттеудің теориялық мәні: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.

Зерттеудің практикалық мәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.

1. Оқушыларды тәрбиелеуде халық педагогикасының ролі

Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.

Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар. Мысалы. оларды бүгінгі таңға орайластыра шартты түрде жіктесек:

  1. отбасы болуға дайындық және ұрық тазалығы;
  2. Ана құрсағындағы тоғыз ай;
  3. Бесіктің тәрбиелік мәні;
  4. Балбөбек кезеңі;
  5. Балабақша тәрбиесі;
  6. Бастауыш мектеп кезеңі;
  7. Орта білім беру және кәмелеттік кезең болып шығады.

Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.

Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.

Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.

Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз . . . Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе . . . Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А. С. Макаренко.

Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.

Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.

Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.

Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы қағидалар топтастырылды.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.

Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп "қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.

"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда "бұлақ көрсең көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге, ілімге үйретті.

Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру, жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын қалыптастыру.

Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.

«Тәрбие баламен сөйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес берумен ғана шектелмейді» - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.

Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы - мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция - отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.

Көптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды. Жоғары дәрежеде дамыған елдердің бір қатарында мектеп жасына дейінгі балалардын басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы, Францияда - Швецияда Финляндияда - 65-75% және т. б. Отбасы - бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі, емен-жарқын сөйлесу, аялау, еркелету, қалыптасқан от-басылық дәстүрлер, әдет және т. б. тағылымды тәрбиенің негізін қалайды.

Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық байлық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі, т. б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды.

Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінін тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру, көңіл - күй адамгершілік тынысы, қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саласымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да баланы тәрбиелеу, оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс ұйымыдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған үй-ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады.

2. Халықтық педагогикада оқушыларды тәрбиелеудегі адамгершілік және ақыл -ой тәрбиесі

"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене енбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның үштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық - ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.

Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну - біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»- деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.

Орыс ғалымы И. П. Павлов: «Фактілер - ғылымның ауасы» десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: «Тәрбие негізі - ғылым, даналық негізі - білім» деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс түсінген қазақ халқы.

Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.

Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендер, се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Ж. астардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адаэддықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді»; «Құдай деген құр қалмайды» деген кағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, кылығы түзде», «Қысыла, қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе - елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді мензейді.

Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.

Еңбек пен өнер тәрбиесі.

Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек - адамның екінші анасы», «Еңбек түбі - бере-ке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір - сөнген көмір», «Еңбегі қаттының ембегі тәтті» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық - кісінің соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.

Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған.

Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің, «Керқұла атты Кендебай» ертегісіңдегі Кендебайдың, «Күн астындағы Күнікей кыз» өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық «еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді» деп, жастарға үлгі-өнеге-етіп ұсынады.

Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған.

3. Оқушылар тәрбиесінің ұлттық дәстүрлері

Бүгінгі күні жан-жақты өзгерістерге дейін "Совет адамын" қалыптастыру жолында көптеген азаматтық қасиеттер тыс қалып әр ұлттың өз өмір салты феодалдық, капиталистік қалдық деп ұғындырылды. Ұлттық сана сезім рухына өмірді, тіршілік саласын өзгерту қажеттілігін туғызып отыр. Бүкіл ел болып өткен тарихында шындық таразысынан өткізу. Бұл шынайы азаматтық санаға ауысқандықты аңғартса керек.

Оның ішінде ең негізгі бағдары адам баланы өзін-өзі терең танып қана қоймай, оған жеткізер қуаты мол тәрбиелік әдістерді жетік пайдалануды қарастыруда. Сойтіп, адамның іштей түлеп, рухани жетілуін түбегейлі өзгерту тәрбие жұмысындағы басты мақсаттың бірі болмақ.

Өміріндегі кездесетін неше алуан қиындықтарды тек адамшылық негізінде шешкенде ғана, қисынсыз қателіктерге ұрынбауға болады. Оның бәрі ұлттық қасиетпен тығыз байланысты. Бұл тұжырым қоғамымыздың бүгінгі таңдағы ең үлкен мақсаты.

Бала тәрбиелеуге ұлтық дәстүрлердің қажеттілігіне тоқталар болсақ, ата-бабамыз салған дәстүрлерді ұрпақ арқылы әрі қарай жалғастыру, адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Халық даналығы "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген екен. Ендеше, осынша ұзақ жасағысы келген ұлыс атаулы өзінің орман-сулы Отанын, отбасындағы думанды күйлі ошағын, атадан балаға ауысатын қара-шаңырағын көшзінің қарашығындай қорғап, олардың үздіксіз өркендеуін үнемі қадағалап отыруы керек.

Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді халқымыздың бала тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.

Біріншіден балалар бой жетіп, ер жеткенше өзінен кішілерге қамқорлық жасап, оларға білетіндерін үйретіп жуыиныру, киіндіру, тамақтандыру, ойнатуды мойнына алып, бала тәрбиесіне ата-ана, әже-атасымен қатар араласып, ұстаздықты табиғи жағдайда үйреніп бойына сіңіреді. Сонымен балаға түсінік, сезім, қажеттілік өзі бала кезінен бастап тәрбиеленеді.

Жас нәрестс дүниеге келмес бұрын оның дене тазалығын, жан тыныштығын қалыптастыратын іс шара халықтың педагогикасының жазылмаған заңдылықтары барына көзіміз жетті. Бұл бала тәрбиесінің екінші шарты десе де болады.

Қамқор ене әдетте келін түскен кезде - ақ ұл немересі болу үшін оған ырымдап алаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті әйел болса, біреудің үйіне өз дастарханына апарған дәмді "Қыз тауып қоямын" деп жемейді. Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай жиі лоқсып, құсып жүргенін байқаса, оны қазақтар "Жерік болу" деп атайды. Осы кезде оның әлдебір асқа тәбеті ерекше ауады да турады. Енесі ауыл әйелдерін шақыртып қонақ етеді. Осы кішігірім той "құрсақ шашу" делінеді. Бұл томалаққа жиналған аналар өз үйінен бір-бір дәм пісірім әкеледі. Оның себебі келіннің жерік асын тауып беру. Егер асы тапсырмаса, яғни "жерігі қанбаса" өзі босанғанша ішкен тамағын қуса береді, тамағы бойына сіңбейді.

Мұны халық "ит жерік болу" дейді. Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің ес жиғанша ауызынан сілекейі ақкыш болады. Аяғы ауыр келінді түнде өзін далаға шығармау, жалғыз жатқызбау болған.

Баланың жан дүниесін тыныштықта сақтау үшін, келінді корқыныштан сақтау керек болған. Ол үшін, құрсақ шашу кезінде оң босағасына ақ шүберек байлап, кірген адамға айғай-шусыз жүруін байкатқан.

Жолбарыстан жүрегіне, аюдың өтіне, бүркіттің миына жерік болған әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген аңыздар ел ішіндс әлі күнге дейін сақталған.

Енесі аяғы ауырған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөліп, оған көбінесе ақтан жасалған тамақтарын береді. Жазды күні келіннің тәбетін ашу үшін ит жуасын береді. "Іштегі бала шымыр болсын" деген ниетпен құм сағыз таңталады. Мүмкіндіктері болса, тауда өсетін рауғаш, қымыздық теріп әкеп береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құлық тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ ПРИНЦИПІ
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
Еңбек тәрбиесі
Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Оқыту үдерісінде кіші мектеп жаcындағы оқушылардың тілін дамыту тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz