Қазақстан экономикасына және әлемді алаңдатқан қаржы дағдарысына жалпы сипаттама беріп, қаржы дағдарысының түрлерін және Қазақстан экономикасына тигізер кері әсерлерін ашып көрсету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріпе

Менің курстык жұмысымнын басты максаты Казакстан экономикасына Жане алемді аландатқан қаржы дағдарысына жалпы сипаттама беріп,

қаржы дағдарысынын түрлерін себептерін және Қазақстан экономикасына тигізер кері әсерлерін ашып көрсету.

Қазақстан Республикасынын Президенті Нурсултан Назарбаевтың Казакстан халкына жолдауында ( Астана, 2005 жылғы 18 акпан ) - былай дейді « Казакстан экономикалык, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында. Біз жалпы ішкі онімді екі есе улғайтып, бірлесіп тағыда бір Қазақстан орнататындай межеге жакындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жаткан нарык экономикасын курдык.

Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жургізу білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

Мен 2010 жылы Жан басына шаккандагы жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерде, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сиякты елдерден бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АКШ доллары мөлшеріне жеткізу күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінін шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазырдың өзінде жақынбыз.

Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімзге сеніыіміз мол.

Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында негізнен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ауқымымен шектелген біздің сыртқы да быршама тарамдала тусты.

Осылайша біз өзіміздың әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жахандык бәсекелестік арнасына еркін шығатынымызға анық көз жеткіздік.

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сурүдың жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемның тиімді дамып келе жатқан елдерыныің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабылетті болған жағдайда ғана істей аламыз.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін тандай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларда дамытуға кірістік, сол арқылы Қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.

Біз өзімізді Жаңа технологиялар мен Жаңа экономика әлеміне енгізген экономикалык дамуды баскарудың түбегейлі Жаңа жүйесі- Улттық инновациялык жүйе жасауды колға алдык.

2004 жылы 204 инвестициялык жоба іске асырыла, соның тен жартысы даму институттарынын қолдауымен жүзеге асты.

Біздің стратегиялык міндетіміз - бәсекеге қабылетті елдердын катарына лайықты орын алу.

Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиымдылыкке негызделген арыптестык катнастарын жолга коюы керек.

Әрбір істер қазакстандық осы ортаға кырығып, инновациялық экономикадаңы өз орнын табуга тиіс.

Казакстандыктардығ бастамашалығына Кең өрөс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкындіктерді пайдалана білсе игі болар еді.

Мен оңірлерді экономикада өршіл болуға шақырамын.

Ендігі жерде Жаңа идеологияга сәйкес заңнаманы сапалы жағынан жаксарту мындет.

Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердын, ең алдымен ірі мемлекеттык компаниялар мен монополиялардын оздерыне улеспейтын мындеттерын шагын Жане орта бизнеске тын тыныс ашамыз».

Қазақстан Республикасының Президентыныің идеясы максат- мудделік принципының негізіне кұрылған. Бурынғы біртұтас кешенді шаруашылық қатынастарың кажетінше сақтай отырып және нарыктық катынасты ескерген жана бастамамен даму қажеттілігінен туған.

Интеграциялык процестердын даму Еуропалык бірлестікті дүниеге келтірді. Еуропалы одактың әрекеті қуқықтық принципке негізделген.

Ереже мен әрекеттер одақты туғызатын шарт-келісім және оларды толыктыратын акт негізінде жасалған. Онын зандары мен бағдарламалары әр алуан сипатта, әр деңгейде жүргізілген кеңесулердің нақты нәтижесі.

Әлемді шарпыған экономикалық дағдарыстың шығу себептері

АҚШ-тан бастау алған дағдарыс экономикалық сектор мен қаржы секторындағы тепе-теңдік болмауы осы жағдайға алып келген. Ноама Шайбер соңғы кезде дағдарысқа кімнің кінәлі екенін анықтауға арналған материалдардың көптеп жазылып, жыл соңына дейін ол жайында жазылған кітаптың жарық көретінін айтты. Американдықтардың қаржылық құндылықтарға деген көзқарасы күрт өзгергенін жеткізді. Банктер мен қор биржаларында орын алған тауқыметтер соңғы кезде американ жастарының қаржыгер мамандығынан гөрі басқа саланы таңдауына итермелеп отыр. Ғаламдық дағдарыстан қандай сабақ алынды дегенге ол қазіргі банктерден несие алудың қаталдануы алып-сатарлыққа жол бермеуге ықпал еткенін мәлімдеді. . Бірақ, оның ұзаққа бармайды-ау деген күдігінде жасырмады. Оның үстіне бұрынғыға қарағанда, американдықтар қаржыны үнемді жұмсауға кіріскен .

Ноам Шайбер, АҚШ-тың «The New Republik» журналы редакторы

Қазіргі ғаламдық дағдарыс кезінде АҚШ-тың көп тұтынып аз шығаратыны байқалды. Ал Қытай секілді елдер керісінше, аз тұтынып көп тауар шығаруда. Соған байланысты доллар өзіне тиесілі қызметін нақты орындай алмаған. Қазіргі жастар Уол-Стритті емес, басқа саланы таңдауы әрқалай әсер етеді. Егер несие беру қайта жеңілдеп, жұмыссыздық азаятын болса, оның әсері сезілетін болады. Ол үшін бір ұрпақ ауысады емес Әлемдік қаржыдағдарысының әлеуметтік -

философиялық мәселелері

Әлемдік қаржылық дағдарыс көп жағдайда әлемде қалыптасқан экономикалық қатынастар шеңберінде қарастырылып, соның кемшіліктері ретінде қарастырылып жүр. Бұл мүмкін дұрыста болар, бірақ атам қазақ айтқандай «жұт жеті ағайынды» деген қағиданы ескеріп, дағдарыс феноменіне кеңірек көз салар болсақ, оның бірнеше себептері бар екенін байқаймыз. Солардың бірі адамзат баласының рухани құндылықтарымен байланыстылығы, іс-әрекеттің құндылықтарды қалауы мен таңдауы, олардың қоғам, өркениет негізінде басты ұстаным болып қалыптасуы. Осы тұрғыдан келгенде, нарықтық экономикалық қатынастар негізінде жатқан құндылықтар мен ұстанымдар қандай, олар өркениеттік дамудың мызғымас негізі бола алама деген сұрақтар туындайтыны заңды нәрсе. Бұл сұрақ бүгін ғана пайда болды десек қателескен болар едік. Мұндай рухани негізді іздемеген ғалым, философ ойшылдар кемде кем болар. Олардың қатарында К. Маркс, В. И. Ленин, М. Вебер, С. Хангтингтон, П. Бурдье, Ж. Бодрияр тағы басқалар да болғаны белгілі.

Заман өзгереді, бір құндылықтар кетіп, екінші құндылықтар келіп жатады. Бұл өмірдің заңды құбылысы. Кезінде К Маркс қоғамның ең негізгі клеткасы «товар» десе, бүгінде қоғамның басты субстанциясы «ақша» болды. Бүгінде ақшасыз қозғалыс жоқ. Бәрінің өлшемі ақша. Ақша шексіз билікке ие болған. Ақша жалпыбайлыққа айналған. Бұрын ақша товардың эквиваленті ретінде болса, бүгінде ол өз қызметін өзгерткені соншалықты, ақша адамдардың іс-әрекетін, ұстанымы мен көзқарасын, дүниетанымын, жалпы болмысының өлшемі қызметін атқаруда. Қазақ текке айтпаса керек « ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда», немесе «алтын көрсе періште жолдан таяды» деп. Бүгін қоғамға товар емес, ақша керек, бәрінің өлшемі ақша. Өндіріссіз ақша жасауда күнделікті дағдыға айналған. Ақша буына піскендер жеті жұртты аузына қаратып, дүниені ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап өз үстемдігін орнатқысы келеді. Тіпті ақшаның құдіреттілігі соншалықты, ақша адамдар арасындағы қарым қатынастың өлшеміне айнала бастаған. Адамдар ақша үшін жан беріп, жан алысуға да бар. Нәтижесінде адам өмірінің мәні де, моральдық қағидалары да, тіршілік өлшемі де ақша болуда. Ақша жеке тұлғаның тұтастығын ыдыратудағы негізгі фактор болып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі нарықтық қатынастардың қозғаушы күші ақшаға негізделген жекелеген адамдардың құмарлығы мен ерік жігері болып қалуда. Әлемдік қаржылық дағдарыстың ментальдық негізі де осында жатырғаны сөзсіз. Бұл өмір парадоксы, сондықтан да оның объективтік логикасы, стийхияға толы қайшылықтары қоғам дамуының заңдылықтарынан тысқары жатқанын байқаймыз. Демек, қаржылық дағдарыс тек капиталистік дамудың түбегейлі нәтижесі ғана емес, сонымен бірге либеральдық теориялар мен құндылықтардың да нәтижесі деп санауға болады.

Бір кездері қоғамның, мемлекеттің байығаны жеке бастың байығаны, елің бай болса, сен де бай боласың деген түсінік, адамдардың санасында нық орнап еді. Бүгінгі нарық жағдайында «әркімнің бай болуы, байлыққа ұмтылуы» қоғамның негізгі қозғаушы күшіне айналып, жалпылама сипатқа ие болды. «Ақша жасау» қағидасы адамдар іс әрекетінің жетекші күшіне айналды. Нәтижесінде, қоғамның жалпы дамуы жекелегенген адамдардың ерік жігеріне, ұстанымдарына тәуелді болды. Ақша негізінде адамдар бірлігін қалыптастыру мүмкін еместігін, керісінше, ақша адамдарды бір-бірінен алшақтататынын, ақшаға негізделген қоғамдық жүйенің де болашағы бұлыңғыр екенін әлемде болып жатқан қаржы дағдарысы тағы бір дәлелдеп отыр. Сондықтанда бүгінгі қаржы дағдарысының себептерін де осы жеке адамдардың іс-әрекетінің негізінде жатқан құндылықтардан іздеген дұрыс деп есептейміз.

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Российская газета» басылымында жарық көрген «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында: « Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс- бұл адамзат әлі біліп болмаған теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет» -дейді.

Капиталды жекелендіру қажетті сипат алып отырған жағдайда, ақшадан ақша туындап, жекеленген топтардың астамшыл сұраныстары мен тұтыныстарын қанағаттандырып жатқанда Ел басының бұл үдерістерге жаңаша көзқарас қажет деуі үлкен саяси маңызы бар іс деп есептейміз. Себебі, ақша өндіріске бағытталмай, одан түскен қосымша құн қоғамға қажетті деңгейде тұтыну құнын жасамай қоғамда тұрақтылық орнауы мүмкін емес. Болмаған жағдайда қоғам іштей ыдырау, күйреу үдерістерін бастан кешу қауіпі туындауы әсте мүмкін. Сондықтан да бүгінгі жағдайда, шетелдің жеңіл несиелері мен инвестицияларының үстінен үстеме пайыз алып, ақшадан ақша жасап отырғандардың жолына тосқауыл қойылу қажеттілігін қоғам енді сезіне бастағандай. Ең бастысы әлемдік қаржылық дағдарыс, шетелдік ақаулы капиталдың шамадан тыс біздің экономикамызға өз билігін жүргізуі қоғамдық санада капитализм қарыштап дамып келе жатыр, үнемі өрлеуді қамтамасыз етуде деген пікірдің жалған екенін де мойындатуда.

Қаржы дағдарысының әлеуметтік- философия негізі туралы айтқанда тағы бір айналып өтпейтін мәселе, ол «жалпылық сана» мәселесі. Қаржылық дағдарыстың негізгі көрінетін жері де осы жалпылық сана. Себебі жалпылық санада қалыптасып үлгірген капиталистік жүйенің мінсіз, ақаусыздығы күлі көкке ұшуда. Әлемдік валюта болып танылатын доллордың өзі ақаулы екендігін Ел басы әлем алдында жайып салды. «Бұл әлемдегі әдет бойынша біз әлемдік капитализм дейміз. Ақаулы валютаға негізделген жаңағы ақаулы капиталды шынайы атымен, мәселен «дефектал» деп атау дұрысырақ әрі адалырақ болатынын түсінсек те әлемдік капитализм деп келеміз. Жуырда бүкіл әлем бойынша жүздеген миллиардерлер санаулы айлардың ішінде олардың бүкіл «ақаулы капиталы» кенеттен бірқыдыру дерлік құлап түскенде өздерінің қиялдағы капиталдарының бүкіл нақты ақаулығын іс жүзінде бастан кешірді. Енді олардың өздері де бұл нағыз «дефектал» екенін айқын көріп отыр» деп жазады.

Демек, бұл ойды одан әрі жалғастырар болсақ, нарықтық экономика дамуының өзі мифологемдерге толы болғандығы. Қазіргі таңда ақаулы нарықтық экономика ақаулы капитализмнің іріп-шіріп бара жатқан соңғы сатысы десе де болады. Себебі, онда болашаққа деген сенім, алға дамудан бұрын құлдырау, жалпылай жатсыну, ақшаға негізделген күштілермен алпауыттардың жолының басымдылығы, әлеуметтік әділетсіздіктің өрескел шамадан тыс бұзылуы т. б. жағдайлар нарықтық қатынастың болашағына деген сенімнен бұрын күдікті күшейте түскендей. Демек, бүгінгі біздің дамуымызға тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, біз жоғарлау үдерісін емес, керісінше ылдилау мен құлдырау үдерісін басымыздан кешіп жатқандаймыз. Осы жағдайда «дефекталға» негізделген ақаулы капитализм апологеттерінің ой пиғылының да жымысқы екенін сезінуге болады. Себебі қайыссының жаны ашып, осылар өз тәуелсіздігін әлемдік бәсекелестік жағдайында қорғасын, экономиканың нақты секторлары әлемдік деңгейде сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығарсын деп бүйрегі бұрар дейсің. Бұл да қаржы тоқырауының біз үшін көзімізді ашқан жаңалығы екені сөзсіз.

Осындай жағдайда қоғамда жүріп жатқан үдерістерге нақты баға беру, оның даму тенденциясын анықтау әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Бұл жолда бүгінгі қоғамдық дамуды талдауда қандай методологиялық ұстаным болу керектігін анықтаудың да маңыздылығы арта түседі. Қаржылық тоқырау мәңгі болмайтынын ескеріп, оған дамудың бір сатысы ретінде және жаңа қатынастардың сапалық деңгейге көтерілуінің бір кезеңі ретінде қараған жағдай да ғана қоғамның даму тенденциясын байқауымызға болады.

Қаржылық дағдарыстың әлеуметтік рухани саласының басты субъектісі адам. Бүгінде қаржылық дағдарыстың барлық ауыртпалығы қарапайым адамдарға, олардың арақатынасына түсуде. Жұммыссыздықтың кеңінен етек алуы, оларды материалдық және рухани күйзеліске әкелуде адамдар арасында қалыптасқан қатынастарды өзгертуде. Осыдан келіп адамдар бойын билеген үрей мен қорқыныш, болашаққа деген сенімнің әлсіреуі қоғамда кеңінен етек алуда. Мұндай жағдайда адамдардың әлеуметтік белсенділігі жасампаздыққа емес, қиратушылыққа бағытталу мүмкіндігі арта түсетіні сөзсіз. Бұл салада мемлекет тарапынан көптеген әлеуметтік жеңілдіктер жасалып жатқаны да белгілі. Дегенменде, бұл шаралар түптеп келгенде адам мен нарық арасындағы қарым қатынасты толық түбегейлі реттей алмайтыны белгілі. Ол үшін адамдар арасындағы қарым-қатынастар заттық сипаттан гуманистік сипатқа ауысуы керек. Яғни айтқанда, қаржылық дағдарысты айтқанда, біз оған тек экономикалық тұрғыдан қарап, адами жағына мән бермейміз. Мұндай көзқарастың сыңаржақты екендігін айта кеткен жөн. Айналып келгенде, қоғамдағы қандай да болмасын өзгерістер мен даму адам іс-әрекетінің нәтижесі екені белгілі. Олай болса, қаржылық дағдарыстың негізінде адамның пендешіліктен туындайтын кемшіліктері жатқаны рас. Қаржылық дағдарыс адам бойындағы моральдық этикалық қасиеттердің төмендеуінің, руханисыздықтың нәтижесі десек артық айтпаған болармыз. Өз кезегінде бұл мәселе адам мен қоғам арасындағы қалыптасып отырған қайшылықтарды методологиялық тұрғыдан жеке талдауды қажет етеді. Біздіңше мұндай ұстаным мына төмендегі мәселелердің басын концептуальды тұрғыдан ашып алуды қажет етеді.

Біріншіден, біздің экономикалық дамуымыздағы соңғы он жеті жылы көрсеткендей, Қазақстан Батыстық үлгідегі «нарықтық қоғам» құруға ұмтылуда. Бұл объективтік тұрғыдан қараған кезде заңды құбылыс екені сөзсіз. Дегенменде, қоғамдық сана деңгейінде әлі де болса «капиталистік қоғам» мен «нарықтық қоғам» ұғымдары орынсыз орын алмастырылып еркін тұрғыдан жөнді -жөнсіз пайдаланылуда. Нәтижесінде әртүрлі түсініктер мен ұстанымдар қалыптасуда. Бұл не деген сөз? Ол, біз әліде болса қандай қоғам құрып жатырғанымызды білмей отырғанымызды көрсетсе керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық гуманитарлық білімде бұл сұрақтар төңірегінде айқындық пен бір ізділіктің жоқтығын көрсетеді.

Екіншіден, Батыста және бізде «нарықтық қоғам» әртүрлі түсінік пен мазмұнға ие болған. Олай болса, біз Батыстық үлгідегі «нарықтық қоғам» құрып жатырмыз деп, нық сеніммен айта алмаймыз. Сондықтан да бұл мәселелер қоғамдық әлеуметтік ғылымдарда нақтылану қажет. Сонда ғана біз қаржылық дағдарыстан шығудың жолын дәл анықтауға мүмкіндік аламыз.

Үшіншіден, осындай қарама-қарсылықты түсініктердің нәтижесінде ақша Батыстық әдіспен жұмыс істемей, бізде тек жекелеген адамдардың тұтынысын қанағаттандыру негізінде жұмыс істеуде. Осы жағдайда әлемдік қаржылық дағдарыстан ұзамай құтыламыз деудің өзі, немесе бұл дағдарыстан тек Америка, Батыс елдерінің көмегіне ғана сүйене отырып жеңіл шығамыз деудің өзі жаңсақтық пікір болар еді.

Егерде, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұлы депрессиядан шығу екі жүйенің күресі негізінде жүріп, капитализм өзінің ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, қоғамдық дамудың жаңа қағидаларын өмірге әкелсе, бұл жолы да дағдарыстан шығу үшінде капитализм тарихи жүйе ретінде, жаңа ұстанымдар мен қағидаларды дүниеге әкелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, ол өзінің адамзат алдындағы тартымдылығын, тарихи өміршеңдігін жоғалтуы әсте мүмкін. Сондықтан қаржылық дағдарыстан шығу тек экономикалық қатынастарды реттеумен шектелмеуі тиіс. Капитализм өзінің тарихи өміршеңдігін әлем алдында дәлелдеу үшін рухани салада да үлкен өзгерістер әкелуі тиіс. Ал соңғысына келер болсақ, көптеген зерттеушілердің ойынша Батыс қоғамы рухани салада өз мүмкіндіктерін баяғыда сарқыған. Рухани жаңару мен жаңғыруды Шығыстан іздеу қажеттігі күнен күнге анық айтылуда. Әсіресе ислам құндылықтарын адамзат өркениеті дамуының негізі ретінде қарау қажеттігі күн тәртібінде пайда болуда. Бұл бұрын сонды болмаған әлемдегі қалыптасып отырған бет бұрыстың басы екені сөзсіз.

Әлемдік қаржылық дағдарыстың әлеуметтік философиялық астары туралы айтқанда тағы бір ойға келетін мәселе - бүгінгі қоғамдағы мемлекеттің ролі. Кешегі күні мемлекет нарықтық қатынастарға араласуға болмайды деген көзқарас басым болып келгені белгілі. Мемлекеттің міндеті «түнгі күзетші» сияқты нарықтық қатынастарды сырттан бақылау, реттеу, бірақ ешқандай жағдайда нарық ісіне араласуға болмайды деген көзқарастың болғаны белгілі. Себебі мемлекет жақсы менеджер бола алмайды, демократиялық қағидаларды өрескел бұзуға ұмтылып тұрады деген ой пікір басым болды. Нәтижесінде мемлекет өз азаматтарын жекелеген миллионерлердің, ақшалылардың деструктивті іс-әрекеттерінен қорғай алмады, солардың жетегінде кете барды. Бұның барлығы қоғамда мемлекетке деген сенімді азайтты. Халық пен мемлекет арасында алшақтық, түсінбестік пайда болды. Осының барлығы қоғамның ретті және ырғақты дамуына кедергісін тигізді. Әлемдік қаржы дағдарысы бұл мәселенің де ұрымтал жерлерін аша білген тәрізді. Осы тұрғыдан келген кезде, нарықтық қоғам жағдайында мемлекеттің қызметі мен ролі заман талаптарына сай қайта қаралу керек деп есептейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына тигізер әсері»
Қаржы секторын тұрақтандыру туралы
Қазақстан Республикасы ислам қаржы жүйесіне ислам банкінің енгізудің тиімділігі
Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері
Ғылыми кеңесші экономика ғылымдарының докторы
Ислам даму банкі Қазақстан компанияларымен арада іскерлік қатынастарды орнатуға мүдделі
Қазақстан Республикасында қаржы нарығы
ҚР банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz