Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 1
І-тарау. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ВАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ.
І. 1. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі құрамы . . . 3
І. 2. Лексикалық варианттар және олардың жасалу
жолдары . . . 7
І. 3. Фразеологизмдердің фонетикалық және морфологиялық варианттары . . . 24
ІІ-тарау. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ.
2. 1. Адамның іс-әрекетін, қимылын суреттейтін фразеологизмдер . . . 30
2. 2. Адамды сипаттайтын, адамның жан дүниесін танытатын фразеологизмдер . . . 33
2. 3. Өмірді, өлімді, жастықты, кәрілікті, тaбиғат құбылыстарын суреттейтін фразеологизмдер . . . 41
2. 4. Образды фразеологизмдер . . . 43
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ. . 48
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ50
І ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ВАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. 1 Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі құрамы
Тілдегі варианттылық - қазіргі тіл біліміндегі келелі мәселелердің бірі. Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс. Сөз варианттылығы ауызекі сөйлеу тілінде жиі
ұшырайды. Коммуникация заңы бойынша бір сөздің қолдану өрісінде түрліше айтылуының өзі бір жағынан, тілдің мол мүмкіншілігінен бүрын сөздің артықтығын көрсетеді десек те, тілдің үздіксіз даму жағдайында вариант сөздердің болуы заңды нәрсе. Өйткені тіл-қоғамдық құбылыс. Тіл кеңістік категориясынан, алшақ дамымайды. Тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты, қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау өмір сүрмейді. Варианттылық - тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы. Тілде варианттылық болмаса, норма туралы үғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері түптеп келгенде стильдік мақсатпен жүмсалады. Негізінде жалпы варианттылықтың тура қызметі осы ғой. Сондықтан да, сөздің айтылуында кез келген вариант артық дүние емес.
Тілдің ішкі даму заңдылығында вариант болатын, бола беретін құбылыс. Бұл - тілдік тарихи категория. Өйткені тіл адамдарсыз жеке дара өмір сүре алмайды. Тіл қатынас құралы болғандықтан, тілдің қайсыбір қызметі қолдану аясында сан түрлі тіршілік тынысында сөздің даму сатысы адамдар ықпалымен өзгіріп отырады. Сондықтан тілдің даму бағытында варианттар керек. Сөз варианттары тілдік құбылыс ретінде тіл нормасының қалыптасуына әсері мол.
Айтушы еш вариантсыз да сөйлеуі мүмкін.
Варианттылық - тілдің тарихи дамуының жемісі. Сондықтан да вариант сөздер тілімізде белгілі кезеңге дейін уақытшада өмір сүруі мүмкін. Тілдік норма жағынан алсақ, сөйлеу тілінің нормасына қатысты. Ең соңында вариант сөздер тілдің тілдік стильдік аясында қарастырылады.
Вариант сөздер сөйлеушінің еркіне қарай, саналы түрде емес, автоматты түрде таңдалады жөне синонимдер сияқты ұдайы пайдаланады. Қазақ тілінде варианттылық қатарды құрайтын сөздер екі немесе одан да көп кездесе береді. Фразеологизмдер құрамында да варианттылық қатар жиі ұшырасады.
Кейбір жарыспалы сөздер екі сөзді қатардан он үш түрлі қатарға дейін бар екендігіне мысалдар бар. Алайда жарыспалы сөздер қатарларының ішінде ең көп кездесетіні екі-үш сөзден құрылған қатарлар екені байқалады. Бірақ сөз варианттарының көптігі тіл байлығы емес екенін ескерген абзал.
Варианттылық туралы ғылыми пікірлерді топтастыра келгенде, оған қойылатын шарттар, негізінде, бірізділікке саяды. Ең алдымен басты назар аударатын нәрсе - лексикалық мағына дәлдігінің сақталуы. Содан кейінгі фонетикалық, морфологиялық варианттар болуы үшін де мағына сәйкестігі алғашқы шарт болып табылады. Сонымен лексика-грамматикалық мағына дәлдігі болғанда ғана сөз варианттары туралы сөз етуге болады [2, 35] .
Ал лексикалық синонимия мен сөз варианттылығы жалпы лингвистика тұрғысынан бірдей емес. Лексикалық синонимия -синхронды функционалды стилистикалық құбылыс. Синонимикада - тілдің стилистикалық қорының негізі жатыр. Синонимдік қатарларға сөздің стильдік таңбалануының аясындағы сөздер жатады.
Әдеби тілдің нормасы әр кезде тілдік қағидамен сәйкес келе бермейді. Тілдік норманың өзгеруі тіл дамуының динамикалық қалпына байланысты.
Қазіргі заманғы тіл білімінде варианттылықтың пайда болуын тілдің:
1) территориялық жағына;
2) әлеуметтік ортасына;
3) тілдің ішкі құрылысына қатысты деп қарастырады.
Варианттылық тілдің коммуникативтік қызметіне тікелей байланысты. Тіл - тілде сөйлеуші тілдік қатынастың шарты бойынша, алдын ала таңдаған сөздер жиынтығымен ойын жеткізеді. Бүл ретте сөйлеушінің белгілі территориялық аймаққа қатысы және әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Әрі айтушының жасы, мамандығы, әдеби тіл нормаларын қаншалықты меңгергендігіне назар аударуы қажет. Орыс тіліндегі варианттылық туралы біраз зерттеу еңбектерін жазған К. С. Горбачевич варианттылықтың пайда болуының ішкі және сыртқы себептерін айқындайды.
І. Сыртқы себептеріне: а) территориялық диалектінің әсерін, ә) тілдің басқа тілдермен байланысын жатқызады
ІІ. Ішкі себептеріне: 1) аналогия факторының әсері (парадигматика мен синтагматика) ; 2) мазмұн мен түрдің біркелкі дамымауының салдарынан туған түр мен мазмұнның сәйкессіздігі; 3) тілдің даму процесіндегі қолдану аясының (көптігі) тереңдігі; 4) үнемдеу тенденциясы (материалдық немесе ойлау бағытында) ; 5) дыбыстың айтылуын жеңілдету үшін буындағы дыбыстардың өзгеруін жатқызады.
Варианттылықтың туу себептерін осылай түйіндей келе, автор варианттылықты тілдің фонетика, грамматика, лексика бөлімдері-нің қайсысының зерттеу обьектісі болу керектігіне назар аударады. Вариант үғымы аталған бөлімдерге тікелей байланысты екенін және варианттылықты міндетті түрде лексикология тексеру керектігін ол әрі лексикографияға көп қатысы бар екендігін айтады.
Фраземаның ішкі түрінің (мағына) тұрақтылығы соншалық, айтушы сөйлеу процесінде тұрақты сөз тіркесін еш өзгеріссіз айтып тұрмын деп ойлайды. Сонда айтушы (сөйлеуші) мына жағдайларды ескермейді:
І. Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті түсіп қалуы мүмкін. Шыр көбелек айналдыру - шыр айналдыру.
2. Тұрақты сөз тіркесінің бір сөзін басқа сөзбен ауыстырып айтуы мүмкін. Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу.
З. Компоненттері фонетикалық немесе морфологиялық өзгеріспен айтылуы мүмкін. Қаны қараю.
4. Қосымша түсініктеме сөздерді қосып айтуы мүмкін. Болары болды/болар іс болды/болар іс болды, бояуы сіңді.
Сонымен, айтылатын ойды дәл, толық жеткізу үшін тіліміздегі фразеологизмдерді әрі әсерлі, экспрессивті-эмоционалды сипатпен, сол ойға, жағдайға байланысты кейбір өзгерістермен қолданудың қажеттілігі туады. Бұл қүбылыс тілдің ішкі өз заңдылықтарынан туатындықтан да фразеологиялық варианттарды тілдегі басы артық құбылысқа жатқызуға болмайды, ол тілдің ішкі заңдылықтарына қайшы келетін немесе сол тілдің бұзатын керексіз категория емес, қайта тілді байыта түсетін, ойды мәнерлеп, әр түрлі стильдік ерекшеліктермен орамды етіп жеткізуге көмектеседі.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер варианттылығының түрлерін қысқаша былай деп топтастыруға болады:
1) Фразеологизмнің лексикалық,
2) фонетикалық;
3) морфологиялық;
4) лексика-грамматикалық варианттары.
Аталған варианттар түрлеріне жеке-жеке тоқталмастан бұрын, алдымен фразеологизмшнің варианты болу үшін басты шарттар жайында, сондай-ақ бұл жөнінде өз пікірімізді айтудан бұрын, зерттеушілердің ғылыми ой тұжырымдарын сөз еткен орынды.
Орыс тіл білімінде фразеологияның варианттары туралы А. В. Кунин, Г. И. Крамаренко, В-Н. Телия, Е. И. Диброва сынды ғалымдар кезінде фразеологизмнің варианттылығы туралы келелі мәселелер көтеріп, зерттеу еңбектерін жазған.
В. П. Жуков лексикалық вариант үшін ең басты қасиет фразеологизм қүрамының бөлек бітімді боп келгендігі дейді.
В. И. Зимин фразелогизм құрамындағы ауыспалы компонент-тер өзара түрлі семантикалық байланыста болу керектігіне назар аударады. Фразеологизмнің кейбір компаненттері жеке алғанда еркін сөз тіркестеріндегі сөздер сияқты фразеологизмнің мағынасын, құрамын, құрылысын бұзбай-ақ бір семантикалық сферадағы сөздермен ауыса алады. Мысалы: жүзін жылыту-түсін жылыту-өңін жылыту. [10; 43] .
Алайда варианттылық қүрылым фразеологизмнің жалпы
мағынасына, әр компанент семантикасының бірлігіне байланысты. Орыс тіліндегі фразеологизмдердің варианттылығы туралы жоғарыда айтылған ой-пікірлер, негізінен бірін-бірі толықтырып, варианттылыққа қойылатын талаптың деңгейін айқындайды.
Түркі тілдерінде фразеологизмнің варианттылығы жөнінде әр кезде жазылған ғылыми пікірлердің бар екенін айтуда.
1. 2 Лексикалық варианттар және олардың жасалу жолдары
Фразеологизм варианттары ішіндегі ең өнімдісі де, ғылыми жағынан көбірек зерттелгені де - лексикалық варианттар. Бұлай болуы заңды да. Себебі лексикалық варианттардың басқа да фонетикалық, морфологиялық варианттарға негіз болатының естен шығармауымыз керек. Сонымен қатар, күнделікті өмірден туатын қатынас құралы - тілдің түрлі қолданыс аясында сөздің лексикалық варианты қажеттіліктен туады. Фразеологизмнің лексикалық варианттарының түрлерін қысқаша топтастыруға болады:
1 . Фразеологизмдердің түйдек тіркестердегі (идиома) лексикалық варианттары.
2. Фразеологияның сан есімдер арқылы жасалған варианттары.
З. Фразеологизмдердің квантативті варианттары (компаненттер құрамындағы сандық өзгерістер) .
4. Соматикалық атаулармен кездесетін лексикалық варианттар.
5. Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары.
6. Фразеологизмнің лексика-семантикалық варианттары.
Сөз сырына үңілсек, халық тілінде бұрыннан қалыптасқандар күйінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері-фразеологизмдер құрамындағы жеке сөздердің мағына жағынан көмескіленіп, мүлде алыстап кететіні соншалық тіркес ішіндегі бірнеше сөздердің бәрі жиылып, тек бір мағынаны білдіреді. Солардың бірі - идиомдар. Ит өлген жерде/өте алыс /деген ұғымды білдіретін тіркестер.
"Итарқа " - күрке, жаппа сияқты жасалатын уақытша баспананың аты. Тым алысқа шалғайға көшкен адам, әрине, мекендейтін жерінен алдымен уақытша болса да түратын жер сайлайды. Жалпы ұлттық тұрмыс-тіршілікті білдіретін алуан сөздер, сөз тіркестері ғасырлар бойы қалыптасқан, әбден орныққандықтан ауыспалы мағынаға айналуы заңды да.
Осы сияқты басқа да келтірілген тізбектердегі мағына
ғасырлар бойы қалыптасып, әбден орныққандықтан көп ойлап толғануды керек етпейді, олар жалпы ұлттық қасиетке ие болған. Айтайын деген ойды айқындауға дайын тіркестер ретінде аса қажетті бейнелі сөздік құрал есебінде қолданылады. Біреуді (кім көрінген), (кез келген) деудің орнына, қазақта (иттің итақайы) деп атайды. Акад. І. Кеңесбаев фразеологиялық түйдек пен тіркес қолданылу сәтіне қарай, бағзы бір уақыт бірінің орнына бірі жүріп, ауысып отырады. Бұл екеуінің қай ретте шегін белгілеп, ажыратып алудың өзі қиын дейді. Шынында о бастағы берілген анықтамаға үңілсек, бөліп жаруға келмейтін ерекше сөз тіркестерінен кейде мынау фразеологиялық түйдек, мынау фразеологиялық тіркес деп бөліп жарудың өзі қиын. Фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық тіркестің орын тәртібі өте тиянақты болып келетіндіктен, әрі мағыналарының тым көнеленіп, ескіре, күңгірттене басталуы мынау идиом деуге біраз қиындық келтіреді. Ауызбен орақ ору, ауызбен
айды алу
-сөзге пысық, іске жоқ адам; емшек табы
аузынан кетпеген. ит
басына айран(
іркіт) төгілу
,
жүрегі
(иманы) тас төбесіне шығу; қызыл кеңірдек (өңеш) болу; жерге
отырғызып кету
(
қаптыру
),
жер сипап қалу (соғып қалу)
[11, 48] .
Алайда сөйлеу тілі болсын, әдеби тіл болсын, басты қағида -
тіл-қатынас құралы болғандықтан жанды қозғалыс, даму үстінде түрлі өзгерістерге ұшырауы табиғи құбылыс. Дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Табиғаттың, қоршаған ортаның, адамдар тірлігі бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Бүкіл тіл байлығымыз, сөздік қорымыз тілдің даму сатысында әрдайым көбейіп, мағына жағынан кемелденіп толыға түседі. Кей ретте, фразеологизмдерде "тұрақтылық” деген белгіні басты шарт етіп алудың өзі де шартты. Бұл тілдің логикалық даму сатысындағы теріске шығаруды - теріске шығару - өмір диалектикасы. Тілдің тарихи даму барысында оның құрылымы үздіксіз жетіліп отырады. Лексикалық құрамының кемелденуі және лексика-семантикалық сөздермен толығуы, тілдегі фактілердің жүйелі сипаты қоғамдық қүбылыс ретіндегі тілдің өзінің табиғатынан келіп туады.
Фразеологиялық тұлғалардың лексикалық варианттарының енді бір тақырыптық қатарлары сан есімді компоненттерге байланысты. Тұрақты сөз тіркестерінің біраз бөлігі (фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер) жеті, үш, тогыз, қырық сияқты бірқыдыру сан есімдердің төңірегінде топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дөуірдегі ұғым, түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатуында. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың ұғымд Мысалы : жеті атасынан түк көрмеген дегенде жеті сөзі уақыт, мезгілдің шартты көрсеткішіне айналған.
Фразеологизмнің сан есімдегі компоненттеріндегі лексикалық варианттардың жасалу жолдары:
а) Компоненттер құрамының мәндес, мағыналас немесе синоним сөздермен алмасып келуі арқылы. Мысалдар: қырық құрау-қырық жамау, бір жақсысы-бір тәуірі, алты қырдың астында-алты қырдың ар жагында. Мұндағы есімді, етістікті, үстеу мәнді сөздер фразеология аясынан тыс тұрып та синоним болып қолданылатын сөздер. Компоненттер құрамының бұлай өзгеруі тіркес мағыналарына стильдік тұрғыда ешбір нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Синтаксистік конструкциясы жағынан да сол қалпы, демек бірінің орнына бірі еркін жұмсала береді.
ә) Вариант болатын сөздердің бір мазмұндас немесе мағыналас жақындық негізінде шоғырланған мәндес сөздермен ауысып келуі. Мысалы: екі қолын мұрнына тыгып қалу, екі қолын танауына тыгып қалу.
Фразеологизмдердің құрамындағы сан есімдердің тіркесте өзара вариант болуы қызық. Әдетте басқа сөз таптарына қарағанда сан есімдердің семантикалық жағы тұрақты, әрі нақты объектінің санын білдіреді. Соған қарамастан, тілімізде фразеология құрамында олардың өзара вариант болып келетін тұстарында синонимдік қатынасқа түсіп, ауызекі сөйлеуде бір-бірінің орнына еш қиындықсыз қолдана береді.
1. Тіліміздегі біраз фразеологиялық тіркестерге сан есімдер ұйытқы болып, төмендегідей варианттар түзіледі.
Біреу екеу болу/бірі екеу болу; бірді екі ету/бірін екі ету/бірі екі болу. Бұл варианттар топтау сан есімдері мен тәуелдіктің ІІІ-ші жағы және табыс септік арқылы морфологиялық варианттар есебінде түрленеген.
Бір ауыз сөзге келмеу/екі сөзге келмеу; бір айтқанын екі айтып/бір айтқанын мың айтып. Мұнда бір, екі, мың сан есімдері өзара вариант болып тұр.
2. Халықтық өлшем есебі ретіндегі елі сөзі екі сан есімімен
тіркесіп вариант болып тұр.
Аузынан бір елі түспеу/аузынан екі тастамау; қасынан бір елі
қалмау/соңынан екі елі қалмау.
З. Құрамындағы сан есімге мүлде қатыссыз, басқа сөз таптарынан келетін сөздер де вариант тұлғалар жасайды. Он екі саққа жүгірту/әр саққа жүгірту/неше саққа жүгірту- біреу туралы өсек айту.
Фразеологизмнің квантативті варианты-құрамындағы компоненттерінің кемуі арқылы (эллипсис) немесе қосылу арқылы жасалған лексикалық варианттар. Тілімізде кең тараған, әсіресе, ауызекі сөйлеу стилінде жұмсалатын фразеологизмнің лексикалық варианттарында компоненттер саны жағы қысқаруы арқылы пайда болған варианттар баршылық.
Тіл білімінде жалпы мұндай құбылысты эллипсис сөйлеу тілінде немесе тексте белгілі бір мүшенің синтаксис конструкциясында жетіспей тұруы деп түсіндіреді. Бұған дейін сөз еткен лексикалық варианттардың құрамындағы компоненттері ғана ауысып, сырт құрылымы өзгермеген болса, енді бір не екі сөздің түсіп қалуынан фразеологизмнің сандық құрамы өзгереді. Соған қарамастан, эллипсисті варианттарда бүкіл фразеологизм құрамындағы тірек сөз сол күйінде қалады да, тек жартылай немесе толық мағыналық байланыста жүмсалып тұрған сөз ғана түсіріліп айтылады. [2, 63] .
1. Фразеологизмдердің лексикалық варианттарының көбі тіліміздегі көркемдік тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі. Бұл ретте теңеу, метонимия, метафора түрлері арқылы жасалған фразеологизмнің компоненттеріндегі тәсілдер түсіріліп айтылады, немесе тірек сөз сол тәсілдің қызметін атқарады. Мысалдар: шыр көбелек айналдыру~шыр айналдыру; буйі тигендей болу-буйідеу болу т. б.
2. Толық құрамды фразеологизм компоненттеріндегі анықтауышты, пысықтауышты тіркестердің бірі түсіріліп айтылады. Мысалдар: аппақ қудай болу-кудай болу; адал қара бітпеген (кедей, малдан ештеңесі жоқ деген магынада) .
3. Фразеологизмнің қос сөз түрінде келетін компоненттеріндегі бір сөздің қысқартылып айтылуынан жасалған эллепсисті вариант. Мысалдар: Зәре-құтын алу-қүтын алу; аң-таң қалу-таң қалу; ант-су ішу-ант ішу; өсек-аяң еру-өсек еру.
4. Үш немесе төрт компоненттен тұратын, бір тармақты, екі бунақты фразеологизмдердің кейбір компоненттері сөйлеу тілінде түсіріліп айтылады. Мысалдар: қызыл шұнақ сары аяз (сақылдаган сары аяз) -сары аяз-шүнақ аяз; санда бар, санатта жоқ-санда бар немесе санатта жоқ.
5. Қарғыс мәнде айтылатын фразеологизмдерде кейде жеке компоненттерінің түсіп қалуынан да эллипсисті варианттар жасалған. Мысалы:жетпей желкең қиылгыр-желкең қиылгыр; тіліңді тәңір кессін-тілің кесілсін.
Фразеологизмнің мұндай варианттары ауызекі сөйлеу тілінде көбінесе окказионалды өзгеріспен түсіріліп айтылып, келе-келе вариант есебінде жұмсалатын тіркестер. Тұрақты сөз тіркестері компоненттерінің толық және толық емес мұндай түрлерін А. Молотков фразеологизмнің факультативті компоненттері деп атаған.
Сонымен фразеологизм компоненттерінің сандық өзгерісі мағына жағына ешбір сапа өзгерісін әкелмейді. Компоненттің кемуінен жаңа фразеологизм жасалмайды, түр және мазмұн бірлігі үнемі тұтастық қалпында қалады. Сөздің астарында логикалық ұғым болса, фразеологизмде образдылық бар. Образдылық-фразеологизмнің ішкі тірегі, маңызды қасиеті. Жоғарыда келтірілген эллипсисті варианттардың жасалу жолдарына қарасақ, фразеологизм ішіндегі лексикалық сөздің түсіп қалуынан бүкіл мағынаға еш нұқсан келтірілмейді . Фразеологизмнің экспрессивті стилді колориті (бояуы) ешбір жұтаңдық көрмей, керсінше қолданылу аясында, тұрақты сөз тіркестері қорында дайын тұрған, стильдік мақсатпен түрленіп, қолданыла беретін фразеологиялық тұлғалар.
Құрамында дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды. Лексикологтардың айтуына қарағанда қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің 30%-жуығы соматикалық атаулардан тұрады. [12, 193] .
Башқұрт фразеологы З. Г. Ураксин: "Қазіргі түркі тілдерінде біраз фразеологизмдер дене мүшелерінің атауларынан жасалған. Ол баста бұл тіркестер дене мүшелерінің әр түрлі қалып жағдайын білдіргенімен, ауыспалы мағынада адамдардың түрлі психикалық күйлері мен іс-әрекеттерін айқындауда олар бара-бара фразеологизмдерге айналған" деп, дене мүшелеріне қатысты сөздердің тұрақты сөз тіркестерін жасауда жалпы түбі бір түркі тілдес халықтарға тән ортақ белгілерін және оның этимологиясын салыстырмалы түрде айқындаған.
Жекелеген сөздердің бұл ұғымға жату-жатпауын есепке алмай, жалпы адам біткенге қатысты сөздер мен фразеологизмдерді барынша түгел қамтып көрсету мақсатында сөздікте адамның дене мүшелеріне қатысты екі жүзге жуық сөздер қамтылып, бұлардан туындаған 4200 фразеологизмдер анықталған. Бұл қазақ тілінің анатомиялық атауларға қатысты фразеологизмдерге соншалықты бай екендігін көрсетеді. Тілдегі фразеологизмдердің мол қорын жасаудағы адамның дене мүшелеренің қызметін жай кездейсоқ нәрсе деп қарауға болмайды. Қазақ тіліндегі анатомиялық атаулардың ішіндегі фразеологизмдерді жасауда қызметі жағынан ең өнімділері деп , көз, жүрек, жан , к і ол , бас, ауыз , 6ет, аяқ, іш, тіл сияқты он түрлі атауды ерекше айтуға болады. [30, 82] .
Соматикалық атаулармен жасалған тұрақты сөз
тіркестері ішінара түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Компоненттер құрамындағы бір сөз (атау) басқа туыстас, мағыналас сөздермен (атаулармен) алмасуына мағыналарына еш нұқсан келмейді. Тіркестегі образдылық пен эмоциялық әсер толық сақталады. Осыдан барып, соматикалық фразеологизмдердің лексикалық варианттары пайда болады.
Фразеологиялық варианттардың жасалу жолдарын қарасақ, әр варианттас сөздер арасында біріншііден, логикалық байланыс, екіншіден, образ тұтастығы бар. Дене мүшелерінің атаулары-сөздік қордың өте ертеден келе жатқан көне тобы. Сол себепті де соматикалық атаулардың фразеологизмдер құрамына көптеп кездесуі заңды да.
Соматикалық фразеологизмдердің лексикалық варианттары тіліміздегі басы артық нәрсе емес. Олар алуан түрлі варианттарымен стильдік ыңғайда жұмсалатындықтан, сөйлеу тіліне үлкен тірек, таусылмас қор.
Көркемдік тәсіл фразеологизмнің варианттарын жасаудың арнаулы жолы емес. Әдеби шығармалардағы көркемдік тәсілдер-өзіндік ерекше сөз қолданысы. Ертеде әдеби тіл дамығанға дейін-ақ, сөйлеу тәсілінде көркемдік мақсатқа сай, қоршаған орта шындығын тілдік тәсілдермен жаңғырта көрсету тіл өнерінің басты талабы болған. Көркем өнердің кез келген түрінің өз формасы, оның әрбір элементінің өз мағынасы ішкі ойы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz