САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.
2. Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
3.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері

4. Аралас құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.

Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей
бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы,
зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі
грамадатикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог
ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілер болады.
1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі,
көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша
грамматикасы деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан
тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі -
синтаксиске арналған (1897ж).
Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем
синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-
дің ешқайсысында құрмалас сөйлем деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл
түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет
осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі
түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аталған қазақ
тілі грамматикасында сложное предложение, подчиненные предложение
деген атауларды кездестіреміз (51, 92).
В.В.Катаринский грамматика киргизского языка деген еңбегінде
құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп
атаныған (42, 85).
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу
еңбектері қазақтілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми
тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды.
А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: Ішкі жақындық -
мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақыидығы бар
сөйлемдер құрмалас деп аталады,- деп анықтама бере ( -келе, құрмалас
сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі
(14.300-30,1).
1991 жылы С.Жиенбаевтың Синтаксис мәселелері деген еңбегі жарық
көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге ,
бөледі. 1935жылғы Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралыдеген мақаласында
үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.

1939 жылы орталау және орта мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі
грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарық көрді. Оқулық мектеп программасына
негізделіп жазылғандықтан, құрмалас сөйлем жайындағы деректер кеңірек
қамтылған.
Профессор Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер деген
еңбегінде құрмалас сөйлемдерді сдлалас және сабақтас сөйлем деп екіге
бөледі.Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10
түрлі жолы көрсөтіледі (36, 201).
Қазақтіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда
зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның синтаксисінің қысқаша курсы
атты зерттеу еңбегінде атап керсетті.Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я
бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я
сөздер тобының жиынтығы-деп автор анықтамасын береді (2,176)
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор
үлес қосқан ғалымның бірі - Н.Сауранбаев. Ол Қазақ тіліндегі құрмалас
сөйлем жүйесі деген еңбегінде қазақтіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен
үш топқа бөледі: іргелес салалас және сабақтас құрмаластар. Іргелес
құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. Негізгі ойды
сипаттау, толықтыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен
тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер
қысқартылмай толық күйінде айтыпады. Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті
жатқызады: Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі,-
дейді (65, 32).Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген
жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан.Бірақ автордың
бұл пікірі қазақтіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы
Н. Сауранбаевтың жайылыңқы іргелесін жалғаулықсыз салалас деп,
қойылыңқы іргелесін бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды.
Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы -Т.Қордабаев. Ол
құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін" ішінара
бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің
бірі болып саналады (11,192).
Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп,
зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің Кұрмалас сөйлем синтаксисі,
Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрлысы атты еңбектерінде құрмалас
сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу
заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис
саласына зор үлес қосты (30, 141).Ұ.Салиева да өз еңбегін құрмалас
сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады (60. 25).
Б.Сағындықұлының Аралас құрмаластың мағыналық топталуы деген көлемді
мақаласында құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас сөйлемнің
табиғатына тоқтала келіп: аралас құрмалас сөйлемдерді мағыналық жағынан
шартты түрде екіге бөлуге боләды. Оның біріншісі-баяндауыш формасыз,
тиянақты түрде келетін, текбайланысу тәртібімен Телетін, ерекшеліктері көп
басыңқылы сабақтас сөйлемге ұқсас түр де, екіншісі-бұндай формаға кереғар,
аралық категорияның пайда болуынан бастап қолданыла бастаған, әрі
салаласып, әрі сабақтас келетін түрі, -дейді (61, 37).

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ
Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принцип-терінің
бірнешетүрі пайдаланылып келеді. Олардың еңбастылары: дәстүрлік және
құрылымдық-семантикалық.
Дәстүрлік топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас, сабақ-тас,
аралас болып үшке бөлінеді. Ал құрылымдық-семантикалық топтастыр-ғанда
құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып сараланады.
Салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы айырма-
шылықтар - компоненттердің негізгі екі мүшесінің бір -бірімен синтаксистік
қатынастарында, әсіресе, компоненттердің баяндауыш формасында, сондай-ақ
олардың компоненттерінің құрмаласу тәсілінде, мағыналық байланыс-тарында
және интонациялық құбылыстарында.
Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болса, сабақтас
құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлем баяндауышы басыңқы сөйлемге тәуелді,
бағына байланысады.
Әзімбай бұны сүйсіне қостады, әрі оның соңғы сөзін қайта-қайта еске
алды М.Әуезов -салалас;
Абай бүгін әдейі бір үй ішті кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш.
Әбіштерді осында шақыртқан М.Әуезов - сабақтас.
Салалас пен сабақтастың арасында төмендегідей айырым белгілері
бар.
1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақ-ты
тұлғада тұрады да, ал сабақтас құрмалас компоненттерінің алдыңғы сөйлемінің
баяндауышы таянақсыз тұлғада болады.
2. Салалас құрмаластың баяндауыштары тендік қатынаста тұрып, салаласа
байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент баяндауы-шы басыңқы
компонент баяндауышына бағына байланысады.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасындағы
интонациялық кідіріс біршама тиянақты болады да, сабақтас құрмаластың
сөйлемдері арасындағы мнтонация елеусіз немесе тиянақсыз болып келеді.
4. Салалас құрмалас кошоненттерінің баяндауыштары өз бастауыш-тарымен
қиыса байланыса келеді де, сабақтас құрмалас сөйлем компо-ненттерінің
баяндауышы өз бастауыштарымен қиыспайды.
5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыру
үшін жалғаулықтар қолданылса, ал сабақтас құрмалас сөйлем компонент-терін
құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.
6. Салалас құрмалас сөйлемнің бір компонекті екінші компонентке
тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас
құрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі меңгеріліп
тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, соны түрлі жағынан
айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.

Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері

Салалас құрталас сөйлем дегеніміз құрамы кемінде екі немесе бірнеше
сөйлемнен құралатын, құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары өзара
теңдәрежеде байланысқан сөйлемді айтамыз.Оләр өз ішінде жалғаулықты және
жалғаулықсыз болып белінеді.
Жалғаулықты сапалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен
жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады.
Жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрғанына қарай сөйлем
де сол жалғаулық атымен аталып топталады. Алайда аталған топтардағы
жалғаулықтардың мағыналық жағынан белгілі бір ұқсастықтары болғанымен,
қолданылу орнына, контекске қарай олардың әрбіреуінің өзіндік ерекше
дербестіктері әте көп ұшырасып отырады.
Ал құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда жалғаулықсыз салалас
сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Қарсылық мәнді құрмалас сөйлемдер
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Пәндер