Қан құрамы және қандағы қант мөлшері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қан құрамы және қандағы қант мөлшері
Қан құрамында қанттың болуы – адам денсаулығының ең маңызды
көрсеткіштерінің бірі. Қандағы қанттың деңгейі аз немесе көп болуы инсулин
қосылымдары – гармон арқылы анықталады. Өйткені бұл асқазан асты
бездерінің жасушалары арқылы пайда болады да, адам ағасындағы жасушалар
арқылы қантты одан әрі игеруге әрекет ете бастайды. Осыған байланысты қант
диабеті – адам ағзасында қанттың көп болуынан қалыптасатын ауру. Қандағы
қанттың артуынан тамырдың қабырғалары мен жүйке түйіспелері зардап шегеді,
себебі оларға енген глюкоза ұлпаларға зиян келтіретін затқа айналады.
Нәтижесінде азғаның қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзгерістер пайда болады.
Ал ағзада жіңішке тамырлар мен жүйке түйіспелері бар екені белгілі. Қан
тасымалдайтын жіңішке тамырлар торабы көз торлары мен бүйректе анағұрлым
дамыған, ал жүйке түйіспелері ағзаның өн бойында кездеседі (әсіресе жүрек
пен мида), бірақ олар аяқта көп болады, ал дененің дәл осы бөлігі
диабеттік асқынуларға бейім болып тұрады. Ең алдымен көз, бүйрек, аяқ
зардап шегеді. Қандағы қанттың деңгейі аш қарында 120 мг. Пайыздан артық
болуы адамдағы қант диабетінің дамуының бар екендігін көрсетеді.

Қандағы қант деңгейі               Қалыптылығы                Артықтығы

Аш қарында                    120мг% (6,6 ммольл)      120 мг.
пайыздандан артық

Тамақтан соң                  140 мг%(7,7 ммольл)      160-180мг пайыздан
артық

Жалпы қанның талдануы
Жалпы қан немесе клиникалық талдау — диагностикалауда қолданылатын қан
талдауының ең негізгілерінің бірі. Жалпы қан талдауды жүргізу үшін
капилляр қанын қолданады. Қанның клиникалық талдауы басқа да талдаулар
сияқты аш қарынға алынады. Нақтылайтын талдаулар дәл сол уақытта талдау
көрсеткіштерін табиғи түрде азайту үшін жүргізіледі.
Қанның жалпы клиникалық талдауына мыналар кіреді:
а) қандағы гемоглабинді анықтау
ә) эритроциттер мен лейкоциттерді есептеу
б) түс көрсеткішін анықтау
в) эритроциттердің қоршау жылдамдығы тіркеледі және лейкограмманың есебі
жүргізіледі.

Қосымша зерттеу ретінде мыналар анықталады:
а) қанның ұюу уақытын анықтау
ә) қан ағысының ұзақтығы
б) ретикулоциттер санының есебі
в) тромбоциттер және т.б.

Биохимиялық талдау және қан биохимиясы:
Қанның биохимиялық талдауы адам жүйесі мен ағзасындағы көптеген аурулар
түріне болжау жасауға негіз болады. Биохимиялық талдау үшін қанды венадан
таңертең аш қарында алады.Бұл шарт міндетті саналады, себебі онсыз қанның
биохимиялық талдауы дұрыс нәтиже көрсетпейді.

Қанның биохимиялық талдауы

1. Глюкоза деңгейін талдау
Глюкоза ағзадағы көміртегінің алмасуына жауап береді. Глюкозаның болуының
қалыпты көрсеткіші 3,3 –тен 5,5 ммольл-ға дейін болады.
Глюкоза деңгейінің төмендеуі инсулин көбейген жағдайдағы қант диабеті
ауруларында болады. Денсаулығы жақсы адамдарда ол қатты аштық пен
алкогольмен мас болғанда ғана төмендейді. Қанның биохимиялық талдауы
кезінде глюкоза деңгейінің төмендеу себебі эндокриндік ауру немесе
бауырдың қызметінің бұзылуы болып табылады. Глюкоза деңгейі қант
диабетімен ауыратындарда артып кетеді. Глюкоза деңгейінің бірден және
сирек артуы инсульт, инфаркт, травма, инфекциялар, панкреатиттің алғашқы
сағатарында тіркеледі. Қандағы қант деңгейінің көбеюінің себебі физикалық
күш салудан да болады.

2. Жалпы ақуыз құрамының талдауы
Жалпы ақуыздың шамасы 65-68 гл , жас топтарда 60-тан жоғары деңгейде
кездеседі.
Ақуыз деңгейінің төмендеуі бауыр, бүйрек жұмыстары нашарлағанда, аштықта,
ұзаққа созылған суық тию байқалғанда төмендеуі мүмкін.

3. Ақуыздар – альбуминдер
Альбуминдердің кездесу жағдайындағы қалпы 54%-дан аз болмауы керек.
Ақуыз альбуминінің деңгейінің төмендеп кетуі бауыр мен бүйрек ауруларында
байқалады. Бұл көрсеткіш қант диабетінде, күшті аллергияда, аштықта, күйіп
қалғанда, суық тигенде, ірің ағу прцесстерінде ғана төмендеуі мүмкін.

4. Ақуыздар Гамма- глобулиндер
Ақуыздар гамма-глобиндердің болу қалпы 12-ден 22% пайызға дейінгі аралықта
болады.
Ақуыздар гамма-глобулиндердің деңгейінің көтерілуі ағзада инфекция немесе
суық тиюдің бар екендігін көрсетеді.
Ақуыздар гамма-глобулиндердің деңгейінің қанда төмен болуы қарсы тұратын
иммунитеттің аз екендігін білдіреді.

5. Ақуыздағы альфа-глобулиндердерге талдау
Бұл ақуыздардың қандағы болу деңгейінің қалыпты көрсеткіші 2-5% пайызға
дейінгі аралықта болады.
Олардың деңгейінің көтерілуі кез келген суық тиюдің асқынған ауруларының
бар екендігін анықтайды.

Қандағы ферменттер( Амилаза)
Деңгейдің көтерілуі асқазан асты бездерінің ауруларының болуын көрсетеді.
Қандағы амилаз санының болуының қалыпты көрсеткіші — 0,8 ден 3,2 мг.
аралығы болып табылады. Панкреатиттің асқындаған түрінде, асқазан асты
бездерінің ісіктері,тастары, спайкалары болғанда көтеріліп кетеді.
Қандағы амилаз деңгейінің төмендеуі гепатиттің, қалқанша без гармондарының
артуының немесе жүкті әйелдердегі таксикоздың кешігуінің себепшісі болады.

Зәр қышқылына арналған талдау
Қалыпты түрде зәр қышқылы 0,15 –тен 0,45 ммольл аралығында болуы керек.
Қанда немесе зәрде зәр қышқылының артуы лейкоз, инфекциялардың асқынған
түрінде, бауыр аурулары, қант диабетінің ауыр формасында, қалыптасқан
экземеда, псориаз, бүйрек ауруларында көрініс табады.

Қандағы лейкоциттер.Талдау қалпы мен деңгейі
Лейкоциттер алғашқыда өлшенбейтін болған. Кейін келе олардың санын
гранулоциттер, лимфоциттер, мен моноциттер шамасы сияқты қанның бүтіндей
көлемінің бірлігімен санау қабылданған.
Лейкоциттер — ең алдымен қорғаныштық қызметке ие. Солардың арқасында ағза
микробтар мен токсиндерден қорғанады, сонымен қатар оларда қарсы тұру
реакциялары пайда болады.
Қандағы лейкоциттердің деңгейі мынадай сыртқы факторларға байланысты
өзгереді:
1. мезгілдік
2. климаттық
3. ағзаның әртүрлі физиологиялық жай-күйлерінде (ғасырлық
өзгерістер, жүктілікте және т.б.)
Осы себепті де қандағы лейкоциттерді зерттеу – ауруларды
диагностикациялаудағы басты талдау.

Қалыпты мөлшерлері:
Қандағы лейкоциттердің санының қалыпты көрсеткіші 1 мкг қандағы
4000-8800мөлшері блып саналады. Мұндай шашыраңқылықтың көп болуынан
лейкоциттерге барлығының да қатысы бар болады, яғни қаралушының психикалық
жай-күйінен қатты ашулануына дейінгі әрекеттерін айтуға болады.

Клиникалық маңызы:
Лейкоциттер санының артуы — лейкоцитоз деп аталады. Ол ағзада суық тию,
инфекциялар, интоксикация, естен тану, қан жоғалту, аллергия пайда
болғанда қалыптасады.
Лейкоциттер санының төмендеуі — лейкопения деп аталады. Ол вирустар, үнемі
болатын инфекциялар, бауыр циррозы, үнемі болатын активті гепатитте және
т.б. арқылы пайда болады.
Лейкоцитарлы формула — лейкоциттердің көптеген түрлерінің қатынастарының
пайызға шаққандағы көрінісі. Көптеген аурулар есебінен формула
өзгереді,бірақ формула өзгерісі аурудың спектріне әсер етпейді, себебі ол
жеке-дара болып саналады.
Бұл параметр тек аурудың созылу ұзақтығын ғана көрсетеді.

Қан ұйығыштығына талдау
АЧТВ (қанның қоюлану икемділігін анықтайды) — плазмаға кальций хлоридін
қосқаннан кейін оның қоюлануына кететін уақыт.
АЧТВ — гемостазиограмма құрауда анықталатын,қан ұйығыштығының ең дәл
көрсеткіші.
АЧТВ шамасы 30-40 сек.
АЧТВ артуы қанның ұюына көп уақыт қажет болады дегенді білдіреді, яғни
қоюлану икемділігі төмен. Осы себепті қаралушыларда талдау нәтижесін
түсінбеушілік пайда болады. АЧТВ артуы бауыр ауруларында, К витамині
жетіспегенде және т.б. жағдайларда болады.
Ұйығыштықтың кез келген факторы қалыптан 30-40% пайызға төмендесе,онда
АЧТВ-ның жалпы деңгейі де өзгереді.
Қандағы ұйығыштықтың азаюы мынадай аурулардың белгісін білдіреді:
а) қан қоюының төмендігі
ә) гемофилия
б) ДВС синдромы(II және IIIфаза)
в) антифосфолипидті синдром

Қандағы гормондар деңгейі:
Гормондар талдауы- көптеген ауруларды диагностикациялаудағы ең маңызды,әрі
негізгі көрсеткіш.
Гормондар – биологиялық белсенді заттар.Олар гипофиз,бүйрек асты, асқазан
асты, қалқанша, жыныс бездері сияқты ішкі секреция бездері арқылы
қалыптасады.
Қандағы гармондар құрамы басқа заттармен көлемі жағынан салыстыруға
келмейді,бірақ олар ағзаның және адам жүйесінің жұмыстарына үлкен әсер
етеді.
Гормондар негізгі процестерді — өсу, даму, көбею, зат алмасуды басқарады.
Гормондар қанда болғандықтан, олар ағзаның өн бойында, ұлпаларда
барлығында да кездеседі.
Қандағы гормондар санының арақатынасы да аса маңызды. Гормондар адамның
жүйке жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан оның қызметіне,жалпы ағзаның
жұмыс атқаруына әсер етеді.
Қандағы гормондардың белгілі бір шамасы. Гормондар шамасы адамның жасы мен
жынысына байланысты өзгеріп тұрады. Қандағы гормондар деңгейі жүктілік,
жыныстық жетілу, психологиялық жай-күйлер сияқты көптеген сбептерге
байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Гормондар жетіспеушілігі ағзаның жұмыс
атқаруындағы өзгерістерге әкеліп соқтырады, сонымен қатар көптеген
ауруларға шалдықтырады. Гормондардың болу деңгейін арнайы талдаулар арқылы
анықтайды. Гормондардың артуы немесе жетіспеушілігі ішкі секреция
бездерінің қызметі бұзылған дегенді білдіреді, ал бұл жеке ағзаның немесе
жүйенің қызмет атқаруына әсер етеді. Гормондарды талдау медицинаның
мынадай көптеген салаларында диагностикациялауда қолданылады:

1.ендокринология
2.онкология
3.гинекология
4.урология
5.андрология
6.невропотология
7.гастроэнтерология
8.тағы да басқа саларларда
Адам ағзасында гормондар саны көп болғандықтан, гормондарды талдау
әдістері де өте көп.

Негізгі әдістерге мыналар жатады:

1.қалқанша бездер гормонына зерттеу жүргізу;
2.гипофиз бездерінің гормонына зерттеу жүргізу;
3. жыныс гормондарына зерттеу жүргізу;
4.бүйрек үсті бездерінің гормондарына зерттеу жүргізу;
Нұсқаулар:қандағы гормондарға талдауды таңертең аш қарынға тапсырады.
Әйелдерге гормондарды зерттеу кезінде талдауды етеккір жүйесінің арнайы
белгіленген күндерінде өткізуі қажет. Кез келген жағдайда қандағы
гормондарды анықтауда екінші талдау өткізуге қандай шектеулер
қойылатындығын дәрігер кеңес береді.

Гемоглобин деңгейі (жоғарытөмен)
Гемоглобин – эритоциттер құрамында болатын ақуыз. Гемоглобин ақуыздар мен
темір қосылымынан тұрады.
Темірдің болуынан қанда қызыл түс болады. Гемоглобин басқа мүшелердегі
жеңіл жасушалар аралықтарына оттегі мен көмір сутегін тасымалдайды.Ол
сонымен қатар қандағы РН деңгейіне де тірек болады. Қанда гемоглобин
жетіспеген жағдайда ағзаның белгілі бір мүшелеріне оттегінің тасымалдануы
қиындай түседі. Нәтижесінде ағзаның өн бойындағы оттегіне аштық басталады
да,зат алмасу бұзылады.

Гемоглобин мөлшері:

Ерлер үшін – (135-160)гл
Әйелдер үшін – (120-140) гл
Гемоглобиннің артуынемесе жоғары болуынан мынадай аурулардың белгісі
байқалады:
1. эритроцитоз
2. қан қоюлығы
3. ішектер қызметінің бұзылуы
4. жүрек аурулары
5. жоғары сатыдағы күйіктер
6. жүрек кемшіліктері
Гликолиздалған гемоглобиннің көбеюі — ағзадағы темір жетіспеушілігі мен
қант диабетінің даму белгісі болып саналады. Көп жағдайда гемоглобин
деңгейінің артуы физикалық күш салудан да болады, бірақ бұл уақытша
құбылыс.Сонымен қатар жоғары гемоглобин таулы аймақтың тұрғындарынан
байқалады.
Қандағы гемоглобин ұзақ уақыт таза ауада серуендеген соң да көтерілуі
мүмкін.

Анемия (гемоглобиннің аздығы) қан кету болғанда, эритроциттерді құртумен
сипатталатын қан ауруларында дамуы мүмкін.
Төмен гемоглобин қан құюда (донорлықта) байқалады.

Гемоглобиннің төмен болуының себептері
Анемияның пайда болуының себебі темір немесе В12 витаминінің
жетіспеушілігі болуы мүмкін. Көп жағдайда гемоглобин жүктілік кезде темір
жетіспеуінен төмен түседі. Егер қалыпты мөлшер бойынша күніне 5-15
миллиграмм жиналса,ал жүктілік жағдайынжа 15-18 миллиграмм жиналуы керек.

Қандағы холестеринге талдау жасау
Холестерин немесе кейде хоестерол деп аталады. Ол – ағзадағы май алмасудың
ең маңызды компоненті.
Ағзада холестерин мынадай себептер үшін қолданылады:
1. Жасушалардағы мембрананың дамуы үшін
2. Бауырдағы өт жолының жүруі үшін
3. Холестерол жыныс гормондарының синтезінде де қолданылады
4. Д витаминінің бөлінуі үшін

Қандағы холестерин мынадай формаларда болады:
1. Жалпы холестерин
2. Тығыздығы төмен(ЛПНП )липопротеин холестериндері
3. Тығыздығы жоғары (ЛПВП) липопротеин холестериндері
Тығыздығы төмен(ЛПНП )липопротеин холестериндері — ағзадағы негізгі
холестериндерді орналастыру үшін қолданылады.ЛПНП зерттеуі қандағы
холестериннің жоғарылығын анықтау үшін жасалынады. Жүрек, қан-тамыр
аурулары дамыған кезде қан тамырлар қабырғаларында холестериндер жиналып
қалады екен. Осыған байланысты атеросклероз бен жүрек аурулары дами
түседі.
Тығыздығы жоғары (ЛПВП) липопротеин холестериндері адам ағзасындағы
жасушалар арасында майлар алмасуын атқарады.
Жасушаға түскен жағдайда холестерин не жоқ болып кетеді, не жиналып
қалады.
Холестерол ағзада пайда болады , сонымен қатар сырттан әкелінеді. Көп
жағдайда ол бауырда (50-80%), бүйрек үстінде, ішектердің арасында
қалыптасады.
Сонымен қатар холестерин көп жағдайда тамақтың құрамында болады:майлы
еттерде,балықтарда, сары майларда,жұмыртқаларда, сүтте және мал
өнімдерінен дайындалатын тағамдарда және т.б.

Холестерин мөлшерлері
Жалпы қандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері
Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары
Ұйқы безінің эндокриндік жасушаларының инсулинді жеткіліксіз өндіруі
Спонтанды қант диабеті
Қант диабетінің алиментарлық профилактикасы
Инвазивті емес глюкометрлер
Қант диабеті, этиологиясы
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Қант диабеті және оның типтері
Қандағы билирубинді, қантты және жалпы белокты анықтау туралы
Пәндер