Педагогика теориясы мен тарихында балалар тәрбиесі маңызды мәселе



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика теориясы мен тарихындағы тәрбиенің мақсаты туралы ойлар
Жоспар
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Негізгі бөлім
1. Педагогика теориясы мен тарихындағы тәрбие
мақсатының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .4-6
2. Педагогика теориясы мен тарихындағы отбасылық
тәрбиенің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 7-8
3. Педагогика теориясы мен тарихында балалар тәрбиесі
маңызды
мәселе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...9-10

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .11

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

І. Кіріспе
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина
тілімен дебил деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай
ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады.
Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде
уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып
саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап
алмаса болмайды.

Педагогика гректің пайс- балалар, эгейн-баланы басқару, тәрбиелеу,
жетектеу ұғымдарынан шыққан. Ертедегі Грецияда өзінің қожайынының
баласынгың қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды
педагогтар деп атаған.
Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде педагогика сөзі (ұғымы)
кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты
балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.
Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғылымдардың зерттеу жұмыстарында,
сөздіктер мен анықтамаларды педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және
әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика-тәрбие
туралы ғылым болып табылады.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып
қалыптасқан. Тәрбие жайывндағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне
сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным- мағлұматтары
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға
ауысып отырады.Адамзат қоғамының ғылым-білімінің дамуына байланысты
тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің
қажеттігі туды.

1. Педагогика теориясы мен тарихындағы тәрбие мақсатының мазмұны
Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға,
еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар
дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-
аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті,
қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін
болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік,
көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол
қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының
және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы
ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы
шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын
өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз
шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін
қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең
бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы",
"Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға
өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер
әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі
қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң
келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы
баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға
қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының
еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі,
адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір
ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік
асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық
тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз
керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы,
мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға
бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы
қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен
көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие
берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз
байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы
қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың
ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп
"қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда "бұлақ
көрсең көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз
гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге,
ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең
алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру,
жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын
қалыптастыру.
Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға
ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің
және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау
тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.
Тәрбие баламен сөйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес
берумен ғана шектелмейді - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра
білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.
Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып,
тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие
жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық
сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-
ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.
Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын
барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы
- мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак
уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының
алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық
тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші
рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер
жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы
себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция
- отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.
Көптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды. Жоғары
дәрежеде дамыған елдердің бір қатарында мектеп жасына дейінгі балалардын
басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы, Францияда –
Швецияда Финляндияда - 65-75% және т.б. Отбасы - бала жанына жақын, жеке
туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

2.Педагогика теориясы мен тарихындағы отбасылық тәрбиенің мақсаты
Отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдын
тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық сенім
атмосферасында өскен бала жетекке онай жүріп, тәрбелік әсерге көнгіш
болады.
Сонымен, отбасының тәрбиелік ықпал деңгейін былайша анықтауға болады:
Отбасының әлеуметтік құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның
мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылық-тын
болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік,
отбасылық және қоғамдық мерекелер, мәдени және спорттық демалыстар
отбасының бірлігін нығайта түседі. Өсіп келе жаткан кішкентай азаматқа
үлкен қуаныш сыйлайды.
Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын талаптың
бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А.С.Макаренконың педагогтарға арналған
тәрбиенің педагогикалық мақсат-міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің
ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге ортақ көзқарасы, ортақ
қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихында балалар тәрбиесі маңызды мәселе
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Константин Дмитриевич Ушинский педагогика теориясы және оның маңыздылығы
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ
Мектепке дйінгі педагогика тарихы ЖОО-ның студенттеріне арналған оқу құрал
Бастауыш мектеп кезеңі
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер