Көрнекі құрал оқу моделі
Қазақстан Републикасының Ғылым және Білім министрлігі
Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолдану жолдары
Оқу бөлімі: Сырттай
Мамандығы: Бастауыш білім беру
Біліктілігі:Бастауыш білім беру мұғалімі
Оқу курсы: 3 курс
Тобы: 32 б
Ғылыми жетекші:Жапарқұлова Н.А
Орындаған: Байжұманова Айнұр
Алматы-2014 жыл
ЖОСПАРЫ
І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.Көрнекілік - нәтижелі оқытудың негізі
2.2.Сауат ашу кезеңінде пайдаланатын көрнекіліктің түрлері және оған қойылатын талаптар
2.3.Сауат ашу кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар және оларды сабақ барысында тиімді пайдаланудың жолдары
2.4.Сауат ашу кезеңінде пайдаланатын көрнекі құралдардың оқушы тілін дамытудағы маңызы
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс - тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс - тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көрнекіліктерді пайдалана отырып, балаларды білім әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жақсы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т.б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.
Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын - көрнекілік.
Оқу-әдiстемелiк кешеннiң бiр бөлiгi ретiнде көрнекiлiк құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдiстемесi мен оқу-тәрбие жүйесiнiң бiртұтастығын талап етедi. "Көрнекiлiк құралдары" ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде әр түрлi сипатта берiледi. "Көрнекiлiк" деген терминнiң өзi "көру" етiстiгiнен шықса да, қазiргi кезде ол әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы әсер ету дегендi бiлдiредi.
Педагогикалық сөздiкте "көрнекiлiк" - оқушылардың тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негiзделген дидактикалық ұстаным" деген анықтама берiлген. Оқушы санасында көрнекiлiк бейнелердi қалыптастырудың құралдары ретiнде мектепте әр түрлi оқу жабдықтары қолданылады. Қоршаған ортаның түрлi заттары мен құбылыстары көрнекiлiк құралдары ретiнде маңызға ие. Мәселен, Л.И.Фридман, Л.Я.Зорина, И.Нұғыманов, К.Жүнiсова және т.б. көптеген педагогтар көрнекiлiкке қатысты өз ойларын бередi. Мәселен, Л.И.Фридман көрнекiлiк құралы модельдерiн заттық және идеалды деп жiктейдi. Көрнекiлiк сабақтың кез келген тұсында қолданыла бередi, ең бастысы мазмұнды және эстетикалық талапқа сай болуы керек. Көрнекiлiктер есту және көру көрнекiлiктерi болып жiктеледi.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр - сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген.
Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я.А.Коменский (1590 - 1670) 17 ғасырда енгізді. Одан кейін педагогтар швейцар И.Г. Песталоцци (1746 - 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д.Ушинский (1824 - 187071), т.б. Көрнекілікті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, "Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін" мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары - кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Көрнекілік - нәтижелі оқытудың негізі
Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа заңында Жас-тардың жалпы орта білімін одан әрі жетілдіру және жалпы білім беретін мектептің жұмыс жағдайын жақсарту туралы қаулысында Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, есептей білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәде-ниетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс.Ол оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке адал көзқараспен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тиіс делінген.
Олардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп. Оның өзі мұғалімнің шығармашылық еңбегіне, әдіс-тәсілдерін қолданудағы шеберлігіне, терең теориялық біліміне, тәжірбиесіне, әр сабаққа тиянақты даярлығына байланысты сабақ сапасын арттырудың тағы бір шарты-сабақта көрнекілік пайдалану.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құ-лақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
И.Г.Песталлоци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. Бұл кісімен бірге көрнекілік әдістің дамуына мәнді үлес қосқан ұлы педагогтар: Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.М.Пышкало, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скатин, Л.В.Занков, М.А.Рыбникова және отандық педагогтарымыздан: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев және т.б.
Көрнекілік оқушыларға заттардың өзіне немесе олардың бейнесін тіке-лей көріп байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу - көрнекілікке, сезімге, бақылау әрекетіне негізделеді.
Көрнекілік - бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, образ, оның графиктік кескіні (сурет, сызба, схема және т.б.) бола алады.
Бізді қоршаған материалдық әлем адам танымының мақсаты құрал емес. Обьективті өмір сүретін зат көрнекі құрал немесе көрнекілік емес. Сондықтан түсінігінен нақты заттарды, табиғи құбылыстарды шығарып тастау керек.
Сонымен, көрнекі құрал түсінігінің елеулі белгілері қандай:
Оқу міндеттерін шешу үшін жасалған кез келген материалдық немесе белсенділік мораль көрнекі құрал бола алады. Көрнекі құрал оқу моделі.
Көрнекі құрал әрдайым таным құралы ретінде нақты заттарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жақындатады.
Көрнекі құрал түсінік пен қабылдау негізінде қорытыны жасауға мүмкіндік беретін сезімдік бейнелерді қалыптастырады. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушыларда пайда болатын сезімдік бейне таным құрылымында басты мәселе болып табылады.
Я.А.Коменскийдің айтуы бойынша, ақыл-ойға түсінік әсерін тигізбей, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда нәрсе, заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген. Оның ойынша, білім түйсікке негізделу керек. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатынын дәлелдейді. Коменский былай дейді: Мұғалім үшін алтын ереже - бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иіс иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап, қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы-тағыларын байқасын. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түсініп, қабылдағаны жақсы. Бұл жағдайды ол балаларды оқудағы ең бағалы дәреже деп санады.
Ұлы Абай: Адам баласы...көзбен көріп,құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады деген даналығы педагог класиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру бала-ның барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттықтыру арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді. Ол: Қазақ жастарын ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен қарап, ажырата білулері керек деген.
Сонымен көрнекілікті пайдалану заттардың негізгі белгілері мен ерек-шеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе-заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, көрнекілік оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми білімді игеруде, деректерді есте сақтауға, әрбір сабақ үстінде көр-некілікті пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайда-ланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.
Сабақта көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалып-тасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкін-шіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде кешенді түрде қолдануы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдына қойылатын әрбір та-нымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлікке жеткізуге болады.
Көрнекіліктің әр түрлі құралдарын кешенді түрде қолдану қажеттілігі оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланыты. Бұл жайт М.Н.Скаткинның бір жұ-мысында жан-жақты, егжей - тегжейлі ашыла берілген. Зат кеңістік пен уақыт аясында бірікен тітіркендіргіштердің белгілі кешені ретінде бір сыпыра анализаторларға әсер еткен кезде ми сыңарларының қыртысында жүйке клеткаларының тиісті топтарымен уақытша байланыстар пайда болады деп жазды. М.Н.Скаткин мұның өзі организмнің затты тұтас нәрсе ретінде сезінуіне мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге көрнекілік құрал-дарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әр түрлі жақтарын ашып беруге, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алуға болатын жағдайда ғана пай-далануға тиімді. Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде олардың мүмкіндігін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет.
Бұл арада Ю.К.Бабанскийдің: Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағ-дайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танудан басқаға аударады, мұның өзі, әсіресе ес қабілеті көрнекілік образды қабылдаудан гөрі, сөздік - логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады дейтін пікірімен келіспеске болмайды.
Көрнекі құралмен жұмыс істегенде мұғалім ең кемінде мынадай үш нәрсені есепке алған жөн:
1.Көрнекі құралдардың мазмұнына талдау жасау;
2.Оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни, оқушының ойлау әрекетін басқару керек;
3.Қалыптастырылатын сезімдік бейне оқу міндетін орындау мен байланыстыру керек.
Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі, нанымы, дәлелді болады. Ойлауы тереңдей түседі. Сонымен қатар, көрнекілік, көрнекілік оқылатын нәрсе-заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе-заттардың әр жағынан, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе-заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал -- Әліппе және Әліппе серігі. Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар.
Әліппеге қосымша көрнекі құрал -- кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті ал - фавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі.
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы Жазу үлгісі ұсынылады. Жазу үлгісінде әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр сыныпта оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар -- клеткалармен берілген заттық картинка - лар, екінші бір жағдайды -- әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық матери - ал -- оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен, тақтаға дөңгелекшемен, сызықшамен т. б. с. с). Сөздегі дыбыс - тарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі.
Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда көрсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.); 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.
Сауат ашуда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді, буындарды, морфемаларды) анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет.
Ендеше көрнекілік деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуларды да қамтиды.
Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады яки асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншіде қосымшасы).
Мұндай тәсілдер жазылғанды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді. Сондықтан көрнекіліктер жасау үшін материалдар жан-жақты ойластырылып, таңдалып алынады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұқсас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет. Мысалы, й, и әріптерінің жазылуын түсіндіру үшін мұғалім мына сияқты сөздерді бағана етіп жазады.
Киін - кейін Ки -- қой
Жина -- жайна Сиыр -- сойыл
Биле -- бейне Тиме -- түйме т. б.
Мұнда и, й әріптерін қызыл түспен жазуға да болады. Бірақ негізгі әдіс -- бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен салыстыру. Бұл сөздердің жазылуын салыстыра отырып, балалар олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табады, и әріпінің қандай дыбыстардан кейін жазылып тұрғанын анықтайды. И-дің дауыссыздардан, й әрпінің дауыстылардан кейін жазылатынын өздері айтады. Бұған мысалдар келтіреді, берілген сөздерден, сөйлемдерден, мәтіннен құрамында и, й әріптері бар сөздерді тауып, олардың қандай дыбыстардан кейін келіп тұрғанын айтады. Мұғалім өзі бірнеше сөз беріп (мысалы, көбей, икемді, мұхит, айқай т. б.), онда и мен й-дің қайсысын, не себепті жазу керектігін сұрайды; и-дің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылатынын, ал й-дің сөздің басында жазылмайтынын, бірақ сөздің ортасын - да, аяғында келе беретінін байқатып, и мен й-дің ұқ - састық қасиеттерін (екеуі де ый дыбысының таңбасы, екеуі де сөздің ортасында, аяғында келеді) және бір-бірінен ерекшеліктерін (и -- дауысты дыбыстардан кейін келмейді, й -- дауысты дыбыстардан кейін ке - леді, и -- буын құрайды, й -- буын құрай алмайды, и -- дауысты дыбыс, й -- дауыссыз дыбыс, и -- сөздің басында келеді, й -- сөздің басында келмейді) көрсетеді. Сөйтіп, әр әріптің жеке қасиеттерін анықтау арқылы қорытынды шығарылады.
Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептеледі. Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын, жүйесін, әдісін, сондай-ақ, оқушының білім, дағды, шеберлік дәрежесін білуге болады. Қысқасы, дәптер -- оқушы жұмысының айнасы.
Әр сабақтың басында оқушылардың барлығы дәптерлеріне сол күнгі датаны жазады. Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады. Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді. Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше, сауатты болу керек. Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады, жаттығуларға түрлі түсті қарындаштар да пайдаланылады.
I сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.
Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Жүгіртіп оқи алатындарға Әліппе серігінен қосымша материал беріледі. Ежелеп оқитындарға Әліппеден әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.
Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.
Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте әліппенің беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы қағида әліппеден кейінгі кезеңдерде, Ана тілін оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты -- сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайынды - ғына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.
Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді. Мысалы, құрал-саймандар. Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі. Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз, машина суреттерін алады. Олардан гөрі тәуір оқитындар: шалғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, шеге алады. Әрбір оқушы құрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан сон, әр оқушыдан ол сөзді неге құрал-сайманға жатқызғаны, ол құралмен не істелетіні, қалған картинканы неге құрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.
Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз құрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқи алатындарды көп ұзамай қуып жетеді.
Мектептегі оқу мен тәрбие ісінің құрылысын жетілдіріп, тиімді әдіс - тәсілдер қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру, техникалық құралдармен көрнекілік құралдарын орынды қолдану нәтижесінде оқушылардың біліміндегі формаларды жою, оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру, сабақ үрдісін нағыз ғылыми жолмен ұйымдастыру. Жалпы сабақтарда көрнекіліктерді пайдалану сонау 16 - ғасырлардан бері сөз болып келеді. Көрнекі құралдары принцип ретінде дүниеге белгілі еткен словян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский. Көрнекіліктерді пайдалану іс жүзінде тек қазіргі заман мектептерінде орын алып отыр. Қазіргі мектептерде сабақ көрнекіліктерді қолдануға ерекше мән беріп отыр, өйткені ғылыми техникалық үрдістің алға басуы нәтижесінде балаларды да ақыл - ойында болып жатқан өзгерістерді тез қабылдайды деуге болады .
Сауат ашу сабақтарында көрнекілікті қай кезде, қандай мақсатпен қолданады .
1. Көрнекілік оқушыларды сөйлету мақсатымен қолданылады. Ондай сюжетті суреттерді көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге, буынға және дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат танысуға тиісті дыбысты сөйлеу тілінен ажырата білу .
2. Тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғымдармен ұштастыру мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немесе сюжетті суреттер пайдаланылады .
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады .
4. " әліппе " кезінде суретті, алфавит, кеспе әріптер, буындар, түрлі кестелер т б . пайдаланылады .
Сонымен қатар көрнекіліктің мынандай түрлері бар:
Таблицалық көрнекілік - бұл мектепте көп тараған және қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын өте пайдалы әдістемелік құралдың түрі (орфо-графиялық таблица,фонетикалық таблица,грамматикалық таблица).
Схемалық көрнекілік - бұл қазақ тіліндегі заңдылықтарды схема ретінде көрсететін көрнекіліктің түрі. Мысалы: сөз тудыру схемасы, сөз түрлендіру схемасы.
Плакаттық көрнекілік - оқушылардың сөздігін толықтыру мақсатында жасалған плакат, сөз мағыналарын байқату үшін жасалған плакат, жазу емлесі мен тыныс белгілеріне арналған плакат т.б.
Тақта көрнекілігі - бұл бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ерекше көп қолданылатын көрнекіліктердің бірі. Тілден өтілетін материалдар, оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі.
Көрнекі құралдарды пайдалану барысында мұғалім көрсетілген зат пен құбылысты сөзбен сипаттап береді. Өйткені сөзсіз көрнекілік - мылқау.
Сабақта көрнекілікті үнемі көп көрсете беру нәтиже бермеуі мүмкін, сондықтан оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып, бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн.

Педагогикалық әдебиетте көрнекілік құралдары термині турліше түсіндіріледі. Біреулер көрнекілік құралдарына көру арқылы қабылданатынды ғана жатқызады, иллюстративті көрнекі құралдарды ғана қалдырып, заттар мен процестерді көрнекі құралдар қатарынан шығарып тастайды. Екіншілері, керісінше, бұл ұғымның мазмұнын кеңейткісі келеді, бейнелі сөзді таңдаудан тұратын елестерді, көркем әдебиет оқуды осыған жатқызады. Бұл елестер ұқсас болғанымен түзілу жолдары әр түрлі. Біреулері жоғары дәрежелі нерв қызметінің бірінші және екінші сигнал системаларының өзара әрекеттесуі негізінде қалыптасады, басқалары - тек екіншінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz