Грамматикалық мағына - сөздің жалпы мағынасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Републикасының Ғылым және Білім министрлігі
Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі


Курстық жұмыс
Тақырыбы: Грамматика сабақтарының түрлері

Оқу бөлімі: Сырттай
Мамандығы: Бастауыш білім беру
Біліктілігі:Бастауыш білім беру мұғалімі
Оқу курсы: 3 курс
Тобы: 32 б
Ғылыми жетекші:Жапарқұлова Н.А
Орындаған: Шылғаубаева Гүлдана

Алматы-2014 жыл
Жоспар:
І . Кіріспе бөлімі:
0.1. Грамматика туралы түсінік

ІІ . Негізгі бөлім:
2.1. Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым.
2.2 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің мазмұны.
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны.
2.4 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні.
2.5 Оқушылардың танымдық қызығушылық қасиеттерін ойын элементтері арқылы дамыту.
2.6 Ұлттық ойындардың бала өміріндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдалаған әдебиеттер.

Мазмұны:
І . Кіріспе бөлімі:
0.2. Грамматика туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ . Негізгі бөлім:
2.1. Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің мазмұны ... ... ... ... ... ... .6
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.4 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... .14
2.5 Оқушылардың танымдық қызығушылық қасиеттерін ойын элементтері арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.6 Ұлттық ойындардың бала өміріндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдалаған әдебиеттер.

Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Бәсеке басы білім,ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу - үрдісінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасын мен белсенділігін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық ойын технологиялары арқылы дамытып, білім береді. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, ойын арқылы білім алып жан - жақты тұлға дамиды. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Өзекті мәселелердің бірі болып отырған Қазақстан - 2030 жолдауында да, Білім туралы заңда, оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Сол себепті мен өз зерттеушілік тақырыбыма Грамматика сабақтарының түрлері және сабақта ойын түрлерін қолдану тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ойындар арқылы балалардың белсенділігін мен инициативасын арттыру, білім сапасын көтеру. Баланы есте сақтау қабілетін дамыту арқылы жаттықтыра отырып, жоғары нәтижеге жеткізу.

Зерттеу болжамы: Сабақ үрдісінде ойындарды кеңінен пайдалансақ оның тәрбиелік мүмкіндіктері мол екеніне көзіміз жетер еді. оқуға деген белсенділігі, қызығушылығы, ойлауы тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Ойын арқылы есте сақтауы артады.

Теориялық негізі: түрлі ойындар бала қиялын ғана дамытпай
оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын артады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып (1-4 сынып) оқушылары
Зерттеу пәні: ойын арқылы оқытудың ерекшеліктері
Болжамы: ойын кезінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта- ықыласы артады.
Зерттеу мақсаты:
▪ Ойын технологияны қолдану ерекшеліктері; ▪ Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
▪ Ойын әдіс - тәсілдерін оқыту үрдісінде қолдану жолдарын анықтау. Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі деген болмайды,- деп атақты педагог Сухомлинский ойынға ерекше мән берген.
Ойынның міндеті :
* Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
* Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
* Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
* Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
* Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал - мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
* Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;
* Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлемнен, қорытынды,қосыша сызбалардан , пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе

Сөз тілде сөйлеу процесі арқылы өмір сүреді. Сөздің сөйлеу процесінде басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр - тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі қызметі, т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады.
Грамматика (гректің grammatike - оқи алу, әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым - қатынастарды, сөйтіп, сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір - бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Грамматиканың бір саласы морфологияның (гректің mоrрhе - форма, тұлға және Iоgоs - сөз, ілім деген сөздерінен құралған) да зерттейтін басты объектісі - сөз. Әрине, морфология лексикалогия сияқты жеке сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқанын, функционалдық - стильдік сипаттарын емес, сөздердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән - мағыналары топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп, сипаттайды.
Ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория жатады. Бұл үшеуі бір - бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық құбылыстар, жүйелер сол ұғымнан туындайды.
Грамматикалық мағына - сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтық қасиеті негізінде сөздер грамматикалық топтарға топтасады. Осыдан грамматикалық мағынаның мынадай ерекшеліктері байқалады. Біріншіден, лексикалық мағынаға қарағанда, грамматикалық мағына одан кейін пайда болады, атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, содан кейін сөйлеу процесінде сөздердің бір - бірімен әр түрлі қарым - қатынасқа түсуі арқылы және сөздің сөйлемде жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы сипатталады.

Негізгі бөлім
2.1. Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым
Күнділікті тәрбие көрсетіп жүргендей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда олар ұйымдастырушылық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетіп, ойынды өз беттерімен ұйымдастырумен бірге, ұжымда қалыптасқан тәртіп ережелері мен мінез - құлық нормаларын сақтауға дағдыланады. Әрбір ойын мүшесі ұжым алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, ережелердің орындалуын өздері бақылай білуге үйренсе, онды мектепте жақсы жолдас, шебер ұйымдастырушы, көркемөнер үйірмесінің белсенді мүшесі, спорттық ойындар мен жарыстардың озат қатысушысы бола алады. Сол себепті де, біз балалар ойынын мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие беру құралы етіп алып отырмыз. Демек, балалардың ойын әрекеті арқылы адамгершілік тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында адамгершілік сезім, сана, мінез - құлық, көзқарас жүйесін орнықтыру болып табылады. Ал бұл міндетті бұлжытпай орындау, ойын әрекетіне сүйіспеншілігін арттыруға саяды. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру балалардың адамгершілік тәрбие компоненттері мен ойын туралы таным түсінігін тереңдетіп, олардың қоғамдық өмірге, қоршаған ортаға, үлкендер еңбегіне, табиғатқа деген жаңа мәдени қарым - қатынасын бекітуге бағытталады.
Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял - қабілеттері, адамгершілік сапасы мен көзқарасын, мәдениетін, ой - өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеу, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті аңғарып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның, ұлттық салт - дәстүрдің айрықша орын алатыны жайлы қазақ халқының тұңғыш этнограф - ғалым Ш.Уалиханов, көрнекті ағартушы - педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаевтың Педагогика еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістері көрсетілуімен қатар қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған. Оқулықта адамгершілік сезімдері жайлы ғылыми ұғымдар да әр қырынан ашылған. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс, - деп балалардың адамгершілік дамуындағы үлкендердің рөліне тоқталады.
Бағдарламаның мазмұнында балаларды адамгершілік тәрбие түсініктерімен таныстыру жұмыстары Өнер көзі - халықта, Әуенді қимыл - қозғалыс, Тіл - халық қазынасы, Экологиялық тәрбие, Еңбек, Ойын бөлімдерінде қарастырылған. Бағдарламада адмгершілік тәрбие ісінің міндеттері төмендегідей сараланады.
Мектепалды даярлық тобында балалар өмірінде оқу және еңбек әрекетінің үлесі басым бола түседі. Соған қарамастан ойын әлі де болса өз маңызын жоймайды, ол баланы мектепке даярлау мақсатын жүзеге асыруға бағытталып отырады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым - қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруды пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйеледік:
1. Мазмұнды - бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құс фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, теміржол, теңізшілер;
2. Қимыл қозғалыс ойындары: қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, ботақан, соқыртеке, жырадағы қасқыр, жерден биік, су, ауа, жер;
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын - қысқа, аласа - биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары - төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрылыс ойындары: лего және басқа конструкторларды пайдалану;
5. Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол;
6. Драммалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рольдерге бөле отырып орындау.
Мектепалды даярлық топ балаларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы, адамгершілік сезімі мен талғамның жіктелуі, тәрбиелеу мен білім беру ісінің нәтижелі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі, жоспарлы, бірізді жүргізілетін жұмысқа байланысты. Ойын арқылы мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие беру үшін, ойын үлгілерін іріктеп, бала санасына сіңіріп, тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің біліміне, ұзтаздық шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Балабақшада балалар еңбегі ұйымдастыру барысында кешенді ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қасиеттерін дамытады. Ойын балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің бірі болып саналып, балалар өмірінде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік сапасын, талғамын , қызығушылығын қалыптастыру, мінез - әрекетін тәрбиелеу, жеке басын жан - жақты дамыту бағытында меңгерілген білім, дағдыларын ойын арқылы іске асырылады.
Сонымен, 6 - 7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы адамгершілік тәрбие беруде бұрыңғы көзқараста қалып қоймай, ойын түрлерін зор қызығушылықпен, сезіммен меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін жұмыс мазмұнын, әдістері мен түрлерін іздестірудің терең мәні бар. Егер мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрлерін дұрыс меңгертетін болса, онда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз сөзсіз.

2.2 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің мазмұны
Баланың қоршаған ортадағы жақсылықты көру, қабылдану нышаны бөбектік шақтан - ақ байқалады. Оны дамытып кемелдендіру, шығармашылыққа баулу, бақылап сезген, көрген адами болмысты терең түсіну, өміршең ету отбасы және балабақшадағы тәрбие үрдісінде іске асырылады.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи - әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлгенін ғылыми зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастырау жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл жағдайда оқу - тәрбие үрдісіндегі педагогиалық шарттардың мәнін ашып көрсету өте салмақты орын алады. Құндылықтарды игеру механизмі адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы адамның өзін - өзі тану барысында жүзеге асады. Оның алғашқы денңгейі - игеретін құндылықтардың мәнін ашу нәтижесінде адамның адамгершілік құндылық бағыттарына ие болуы. Соңғы жылдары білім беру жүйесінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалық үрдістерде құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық механизмі тәрбие үрдісіне жеткілікті түрде бағытталмаған. Тәрбиешінің білімі мен белгілі тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыруы керек. Адам бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы ізгілік мәдениетінің негізін құрайтын гуманистік құндылықтар жүйесін меңгерумен байланысты. Осы тұрғыда Л.Выготскийдің еңбегіндегі Баланың мәдени дамуы кез келген екі түрде пайда болады. Біріншісі - әлеуметтік, кейін психикалық деген пікірі көп ойды аңғартады.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы балалардың өзін-өзі тануы жүзеге асатын тәрбиенің басты түрі: құндылық жағы басым тәрбие үрдісі болып есептеледі. Тәрбиенің бұл түрі іс - әрекеттік жағынан жүзеге асады.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.Төлеубекова Адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі дейді. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасасақ, адамгершілік - адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі және адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік орта жағдайында адамның адмгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамының және әлеуметтік ортаның алатын орнына байланысты.
Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан моралдік сана - сезім мен мінез - құлық барлық балалар іс - әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мен үлкендер арасындағы өзара қарым - қатынастары кешеніне шешуші ықпал жасайды. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде ойын үстінде жүзеге асады.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс - әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой - өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін, сапалы ойлана білуін, ой - өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуде төзімділікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық педагогикалық ерекшеліктерге сүйене отырып тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қалыптастырады:
ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойында рухани мәдениетті қалыптастыру;
ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие үрдісінде баланың бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамыту;
салт-дәстүрлер негізінде ойынның ерекшеліктерін ескере отырып баланы рухани - адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарының бірі - ол баланың қызығуын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай тәрбиені жүйелеп берсе, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Бұл жерде Л.Занковтың идеясын негізге алған дұрыс. Ол баланы қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен еркін араластыру керек, баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенінайқындай отырып, жүргізу қажет деген ұсынысын өз зерттеуімізде басшылыққа алдық. Тарихи ескерткіш - мұраларға жүргізілген саяхаттар мен таным жорықтар балардың танымын қалыптастыруда негізгі орын алатынын тәжірибе барысында айқын байқадық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары балалардың ынтымақтастығын жетілдіреді. Бұл туралы психолог Л.С.Выготскийдің ...дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі дегені баланы ынтымақшыл ету үшін топпен жұмыс ұйымдастыруды ұсынуы құптарлық пікір.
Ойын тек баланың іс - әрекеті ғана емес, ойын - еңбек, ойын - оқу, ойын - әлеуметтік қарым-қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс-әрекетін жан-жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырылып келген.
Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қошаған ортаны тану құралы болып табылады.
Ойын бірнеше қызмет атқарады:
ойын-сауық;
коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
коррекциялық (өзін-өзі түзету);
әлеуметтендіру.
Ойын ұғымына анықтама берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде дидактикалық ойындардың орны ерекше.

2.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындардың алатын орны.
Педагогика дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлікпен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.
Балалар ерте жастан - ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әр түрлі заттармен қарым-қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет-сапалары турыла мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны - қандай да болмасын ақыл-ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындай ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мүндай қиял-ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмаыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.
Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт.
Оның құрылымы төмендегідей:
1. Міндеті.
2. Әрекет.
3. Ереже.
4. Нәтиже, ойынның аяқталуы.
Егер оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ:
1. Міндеті - әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидакатикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның (мақсаттан келіп ) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.
2. Әрекет - ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез-құлқын анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоцияналдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:
а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;
ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.
3. Ереже - дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орын алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды ережеге құрылған ойындар деп те айтады. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс - әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережесіз іс - әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.
4. Ойын нәтижесі - бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тәрбиешінің көз қарас тұрғысынан.
Егер ойын нәтижесі баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда мұғалім ойынның балаға маролдік және рухани ләзат беру жағын есепке алады. Дидактикалық ойынның міндетін шешу баладан белгілібір күш -жігерді талап етіп, олардың ойлау іс - әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық тұрғыдан қанағаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады, оларды қуаныш сезімге бөлейді.
Мұғалім мен тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор.
Адам өскен сайын ойын өзінің мәнін, жетекші рөлін жоғалта бастайды. Бірақ ол кейбір адамдарда өмірлік іске айналады (шығармашылық, техникалық және басқада мамандықтар). Ойын тарихы, оның еңбектің пайда болғанын көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі болып қала береді. Сондықтан дмдактикалық ойын - бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.
Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әректін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда, Жақсы ойын жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол - мазмұнының тәрбиелік - танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.
Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдерімен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс - әрекетінің бір формасы болып табылады.
Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады.
Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар.Бір жағынан- ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан - ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып - үйрену, өткенді қайталау, іс керлікпен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда, оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтығ әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақатың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы, оқушыларды іс - әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.
Әдіскер ғалым - Ж.В.Арутюнян бастауыш сынып оқушыларына математиканың оқытуда ойынды қолдану әдістемесін жасады. Ол оқытуда ойынды қолдану әдістемесін компонеттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы, деп түсінеді. Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Оған байланысты жүйенің басқа компанеттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланыс.

Ойынның нақты мақсаты

Мазмұнын құралдары
ұйымдастыру формасы түрлері

Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.
Мұғалімге қойылатын бірінші талап - ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей.
Бастауыш сынып оқушыларына әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалаптастыру.
Бала қабілетінің қырларын жан - жақты дамыту.
Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Еңбең, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгаершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру;
Есте сақтау қабілетін дамыту.
Екінші талап - ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шар - ойынның көмегімен жүзеге асырылатын деректі оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.
Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыруға бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.
Дидактикалық ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау) ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді (оқу, жазу), қарым - қатынас іскерлегін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6-7 жасар балаларға тән көрнекті - әрекеттің және көрнекті - бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, тағы басқа сондай болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына, оның түріне байланысты болу керек.
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар т.с.с) оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педогогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
4. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
5. Ойынның эмоцианальды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдары мен материалдары күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында, оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлағының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне желеу керек.
5. Ойын үстінде оқушының өз пікірін еркін білдіруге, достарымен санасып отыруға баулу қажет.
6. Бірлесіп әрекет жасауға, ұйымшылдыққа жұмылдырып отыру керек.
Дидактикалық ойындарды таңдап алу, олардың дұрыс өткізу мен ұйымдастыру - оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу,біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіндіден оқушылардың психологиялық көңіл - күйінің болуын талап етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі, олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын - ала дайындап алуға, ойын процесінде оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында оқушылар түрлі іс - әрекеттерді орындайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс - әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады.

2.4 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні
Ерте заманнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздің лексикалық мағынасы
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі
Грамматикалық нөлдік форма және оның тілдік жүйедегі түрі
Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар
Грамматикалық мағына және оның түрлері
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
Тіл біліміндегі морфология саласындағы грамматикалық мағына және сөзжасамның тәсілдері
Негізгі грамматикалық ұғымдар
Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкессіздігі
Септік категориясының мағыналары
Пәндер