Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   


Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары

520230- саясаттану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін
алу үшін дайындалған

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

I ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.1. Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық негіздері ... ... ...
1.2. Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Жастардың саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
(салыстырмалы талдау) ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері (социологиялық зерттеу нәтижесі бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан - әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикасы бар егеменді мемлекет. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының экономикалық қиындықтары аз болған жоқ, алайда егемен ел болу үшін басты мақсаттар қатарынан саяси-рухани мәселелерді де көре аламыз. Олардың ішінде даралап айтып кетер бір - саласы жастардың саяси ой санасы мен құндылықтар жүйесінің, саяси бағдарларының қалыптасуы.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық мінддеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Жастар – еліміздің жарқын болашағы, әрі әлемде өзіне баса назар аударатын халықаралық жастар қауымдастығының бір бөлшегі болып табылады.
Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның бұл өзгермелі, белсенді және ″тәжірибесіз″ бөлігі ел болашағында шешуші рөл атқарады. Н.Ә.Назарбаев осы мәселеге ерекше назар аудара отырып: ″Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр буынның өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта өмір сүру үлесі тиді. Және сіздер елді көтере аласыздар... Қуатты күш болғандықтан Қазақстан Республикасы кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық жариялай отырып, жастар жүргізіліп жатқан реформалар бағдарын қолдай алады″ 1. Тиімді әрі пәрменді әрекет ету үшін жастарда әрі озық, әрі еліміздің түбегейлі мүдделеріне сәйкес саяси құндылықтар жүйесін қалыптастыру міндеті айқындалып тұр. Бұл істі әлеуметтік стихияға беріп қою дұрыс емес. Өйткені бос қалған орын міндетті түрде толтырылады.
"Қандай қиын қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар" деп елбасымыз 2 айтқандай саяси құндылықтар объективті жүріп жатқан саяси процестің даму үрдісінің мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындап отырады. Ол адамның қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-дәстүр, мінез-құлық қағидаларын адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез-құлқын, жасаған іс-әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған қылықтарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.
Қоғамның саяси өміріне қажетті әрі озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады. Көп ұлтты қазақстан қоғамында әр түрлі этникалық қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің экономикалық және әлеуметтік салаларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Бұл бағыттағы ұтымды саяси процеске жастармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмысындағы ұлтаралық құндылықтар жүйесін үйлесімді ету үлкен маңызға ие болады.
Көпэтникалық Қазақстан үшін саяси құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл жастардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан бұл құбылысты саясаттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеудің өзектілігі мол.
Қазақстан жастарының саяси құндылықтарын зерттеу мәселесі тек теориялық жағынан ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан маңыздылығы бар мәселе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, этникалық өзара түсіністікті нығайту мәселелерімен астасып жатады. Қазақстан жастарының демократиялық құқықтарын кеңейту, олардың саяси процеске нағыз саяси субъект ретінде қатысуы бүгінгі еліміздің саяси ахуалы үшін нақты мүмкіндіктер.
Зерттеудің мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты – жастардың саяси құндылықтық бағдарларын анықтау, нақты-тарихи зерттеулер арқылы дәстүрлі саяси құндылықтардың саяси өмірге тигізетін әсерін және олардың саяси құбылыстармен байланысын зерттеу.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынандай ғылыми-зерттеу міндеттері ғылыми жұмыста алға қойылады:
қоғамдағы саяси құндылықтарды зерттеудің саясаттанулық аспектілерін, теориялық негіздерін анықтау;
саяси құндылықтардың ғылыми құбылыс ретіндегі мәнін ашып, оның басқа саясаттанулық ұғымдық аппараттармен, әсіресе саяси құбылыстармен байланысын анықтау.
саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін айшықтау, қазіргі қоғамымыздағы саяси құндылықтардың тарихи-этникалық бастауларын анықтау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстанның тәуелсіздігін алған жағдайындағы жастардың саяси құндылықтарының ерекшеліктері этникалық талдау арқылы сарапталады. Сонымен қатар жұмыста мынандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын методологиялық және теориялық ұстанымдар айқындалады;
жүйелілік, нақты-тарихи принциптерін қолдану арқылы құндылықтар сабақтастығы көрсетіледі;
саяси құндылық феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беріледі;
саяси құбылыстардың үйлесімді жүруі қоғамдағы саяси құндылықтардың жүйелі қалыптасуымен тікелей байланыстылығы дәлелденді;
саяси құндылықтардың қалыптасу механизіміндегі демократияландырудың, гуманизмденудің рөлі мен қызметі ашылған, бұл жастардың саяси қатысу белсенділігімен тікелей байланысты екені дәлелденді.
Зерттеу обьектісі ретінде жастардың саяси құндылықтық бағдарларын айқындау, саяси құндылықтардың қалыптасу түптамырларын көрсету болып табылады.
Зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу жұмысы саясаттанудың жүйелілік, салыстырмалы, нақты-тарихи, құрылымдық функционалдық зерттеу әдістеріне сүйенеді. Сондай-ақ социологиялық зерттеудің сауалнама әдісі қолданылады.


I ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Саяси құндылықтарды зертеудің теориялық негіздері

Құндылықтар әлемі кеңінен алғанда адам әлемі, мәдениет әлемі, бұл ғаламды тұлғаның игеруіндегі, танып-білуіндегі маңызды алғышарты. Өйткені, адам баласы өз санасының, дүниетанымының арқасында қошаған ортадағы әрбір құбылысқа баға беруге тырысады. Міне, содан келіп құндылықтардың жеке адамдық деңгейдегі құрылымы пайда болады. Әрбір әлеуметтік субьектіге сәйкес келетін қасиет – ол әлемді қарастырғанда, оған міндетті түрде құндылықтық қатынасын айқындайды 3.
Объективті идеализмді ұстанған Платон мен Гегель сияқты философтар аксиологиялық (құндылықтық) мәселелер мен болмыстық мәселелерді сәйкестендіріп келді. Натуралистік-психологиялық бағытты ұстанған зерттеушілер кезінде адамның табиғи қажеттіктері мен импульстерінен құндылықтардың себептерін іздеді. Экзистенциялизмдегі М.Хайдеггер, Сартр сияқты зерттеушілер құндылықтардың қоғамдық маңызына мән беру қажеттігіне шақырды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдан бастап, этика, эстетика, социология, философия және саясаттану салаларымен айналысқан зерттеушілер өздерінің ілімдерін, гуманитарлық облыстардағы концепцияларын міндетті түрде құндылықтар әлемімен байланыстырып келді.
Б.Констанды (1767-1830) зерттеушілер оны либерализімнің рухани әкесі деп есептейді. Б.Констан саяси ілімнің негізгі көзі-жеке бостандық проблемасы. Мұнда бостандық дегеніміз антикалық дәуірдегі бостандықтан ерекше болды. Б.Констан үшін адамның материалдық және рухани автономиясы, оны заңның сенімді қорғауы бірінші кезекте тұрады. Оның ілімі бойынша бұл құндылықтарға мемлекет құрылысы мен мақсаты тәуелді болуы керек.
А.Токвил (1805-1859) ″Америкадағы демократия туралы″, ″Ескі тәртіп және революция″ атты еңбектерінде демократияның практикалық аспектілерін зерттеді. Оның пікірі бойынша демократия ″теңдік″ және ″бостандық″ құндылықтарымен тығыз байланысты. Демократия үшін шексіз орталықтанған биліктің қажеті жоқ, сондықтан да ол билікті тармақтарға және жергілікті басқару ұйымдарына бөлуді ұсынды. Сонымен бірге, А.Токвил ″баспасөз бостандығы″ ″діни бостандық″ ″сот тәуелсіздігі″ сияқты құндылықтарды да ұсынды.
Марксизм классиктері саяси құндылықтар мәселесіне арнайы тоқталмаған, дегенмен әлеуметтік-экономикалық және таптық мәселелерді құндылықтармен тығыз байланыста қарастырды. Марксизм үшін ең маңызды болған құндылықтар ″теңдік″, ″еркіндік″, ″әділеттік″, ″еңбек″ жалпы адамзаттың негізгі құндылықтарының қатарына жатады. Бұл құндылықтарды қоғам өміріне ендіру формасы ретінде революцияны таңдаулары үлкен қатерлі болғанын тарих дәлелдеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс капитализм орнына социализм келеді, онда бұл аталған құндылықтардың басымдылығы артады деген пікірлері іске аспады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары шыққан еңбектердің кейбірінде саясатты құндылықтардан босату керек, ол тек идеологиямен ғана тығыз байланыста болу керек деген қағида көрініс бере бастады. Ал, кейбір зерттеушілер (Дж.Роулс, Н.Нозик) қоғамдық өмірдің жылдам техникалануымен қатар реидеологизациялануы да бірге жүреді деген пікірді білдірді.
Еліміздің саясаттану ілімінде соңғы үш-төрт жылдарға дейін де әзірге саяси құндылықтар құбылысы ғылыми зерттеу обьектісі ретінде толық мағынада қарастырылмай келді. Оған, бір жағынан, кешегі кеңес үкіметінің мұраға қалдырған қоғамдық өмірді идеологияландыруы, саяси санадағы инерттіліктер мен стереотиптер кедергілерін жасап келсе, екінші жағынан, саяси ғылымдар гуманитарлық пәндер ішінде өзінің еншісін соңғы жылдары ғана толық ала бастады. Міне, осындай объективті процестер жағдайында құндылықтар негізіне философиялық, психологиялық зерттеулердің ауқымында қарастырылып келді 4.
Әрине, құндылықтар теориясын дамытуда барлық концепциялардың қосқан үлестері назар аударарлық.
Саяси зерттеулердің тәсілдері сан-алуан болып келеді. Солардың қатарына тарихи-салыстыру, эмперикалық және жүйелілік әдістері жатады. Бұл тәсілдер бір-бірін толықтырып, саяси құбылыстар жөнінде біршама толық мағлұматтар бере алады және олардың мәнін, мағынасын ашуға себепкер болады.
Саясаттану ғылымында саяси құндылықтарға берілген анықтамалар көптүрлі. Мәселен, құндылықтар саяси мәдениеттің ішкі өзегі, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделері мен сұраныстарының қорланған рухани көрінісі (Смелзер); адамзат мінез-құлқының мотивациялық орталығы (Здравомыслов); құндылықтар айырмашылығы мәдениетті түсіну негізі (Гидденс); құндылықтар әлеуметтік іс-әрекеттің жоғарғы қағидалары (Парсонс);
Сонымен саяси құндылықтарға саясаттану саласының ерекше ғылыми категориясы, ұғымы ретіндегі сипатына анықтама беруге тырысып көрелік. Саяси құндылықтар дегеніміз қоғамның саяси өмірінде саяси-әлеуметтік субьектілердің әр түрлі саяси құбылыстардың маңыздылығын айқындап, оларды өздерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерінің негізгі іргетасына айналдыруы. Саяси құндылықтардың азаматтардың бағалауларынан айырмашылығы- олардың дүнитанымдық астарды қамтуында, объективті сипатты иемденуінде.
Саяси құндылықтар табиғатына келетін болсақ, онда бұл жерде негізінен саясаттың адами өлшемі туралы сөз қозғаймыз. Өйткені, бұл өлшемдер тек қана саясат саласында ғана көрініс бермейді, ол барлық мәдени кеңістікті қамтиды.
Қоғамдағы саяси құндылықтар жүйесінің қалыптасуының, өзгеруінің бірнеше себептері атап көрсетілген, мәселен:
сұраныстар мүдде ретінде қайта құрылған өз кезегінде құндылыққа ″айналады″;
құндылықтарды жоғарыдан нұсқау ретінде тарату, көбінесе тоталитарлы қоғам кезінде кездеседі;
құндылық қоғамның саяси мәдениеті жетістігінің жемісі.
саяси мәдениеттің бірден-бір қызметі қоғамдық санада қажетті саяси құндылықтарды қалыптастыру және бекіту;
құндылықтар саясаттан тыс пайда болады, болмыстың түбегейлі салалары: мораль, дін, экономика өнімі;
құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі өзгеріс тапшылық гипотезасы мен әлеуметтендіру гипотезасына негізделген;
құндылықтар адамдардың шығармашылық таңдауы, бағалауы негізінде пайда болады, әрі ұлттық дәстүрмен, дүниетаныммен тікелей байланысты.
Саяси құндылықтарға қоғамдық өмірдегі белгілі бір әлеуметтік саяси қызметтер тән. Олардың ішіндегі маңыздыларына мыналар жатады:
біріктіруші (консолидация) қызметі, саяси жүйенің құлауына жол бермеу және азаматтардың сол саяси жүйені қолдауына қол жеткізу;
бағалау қызметі саяси өмірдегі іс-әрекетті, адамның саяси іс-қимылының туындысын, саяси идеяларды, пікірлерді ақтау немесе қаралау;
легитимдеу қызметі, билік құрылымын қоғамдағы көпшілік азаматтардың құндылықтық бағдарларымен сәйкестендіру, заңдастыру;
жұмылдыру, іске тарту. Қоғамдағы саяси іс-әрекеттерге, қимылдарға түрткі болып, адамдарды саяси билікпен байланысқа тарту, ″саяси адамды″ қалыптастыру, азаматтардың саяси қатысуын, яғни саяси әлеуметтенуін белсендіру болып табылады;
мерзімдік, қоғамда өткізілетін әр түрлі саяси оқиғалар мен процестерге байланысты (сайлау, референдум) қызметі;
локальді, әрбір әлеуметтік қабатқа маңыздылығы бар әрекеттер, аймақтық деңгейдегі жұмыстар.
Жекелеген адамдарды қоғамдағы саяси билікпен не байланыстырады? Ең алдымен, социомдағы саяси құндылықтар жүйесі, ол қажетті қалыптар мен адамдар арасындағы қатынас ережесін анықтап, белгілі бір мағынада олардың әрқайсынан саяси белсенді азаматты жасайды. Демек құндылықтар саяси қызметтің маңызды бағыт беруші құрылымдарының ядросы болып табылады:
идеология – құндылықтар жүйесі және топтық таңдаулар, сенімдер;
саяси мәдениет – саясаттағы бағдар мен іс-әрекет модельдері, өзіне таным, көңіл-күй, бағалауды қамтушы және саяси мәліметтерді таңдау өлшемі қызметін атқарушы;
саяси жүйе – саяси билікті пайдалануды ұйымдастырушы құндылықтар мен институттар;
саясат, құндылықтарды авторитарлы тәсілмен белгілеу және тарату.
Мемлекет көп құндылықтарды азаматтарының орындауын талап етеді. Бірақ қоғамдық саяси жүйенің даму үрдістері демократиялана түскен сайын авторитарлы тәсіл өз күшін әлсірете бастайды. Міне, мұнда қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас өзара келісімге негізделеді.
Құндылықтарды жіктеудің өзінде көптеген тұрғылар байқалады. Мәселен, формальді түрде субъект құндылықтарды оң және теріс, салыстырмалы және абсолютті, объективті және субъективті десе, мазмұны бойынша мәңгілік (рухани), логикалық, эстетикалық, этикалық құндылықтарға бөледі.
Әрине, бұл жерде қоғамдағы құндылықтар типологиясының әр түрлі тарихи кезеңіңде ғана емес, әр түрлі тұлғаның деңгейінде өзгерістерге ұшырап отыратыны, басымдылықтардың орнын ауыстыратынын айта аламыз. Тіптен, қысқа тарихи кезеңнің өзінде саяси сананың, саяси құндылықтардың түбегейлі өзгеруі мүмкін. Оған қарағанда адамның түпкі мәнімен байланыста болатын жоғарғы құндылықтары- адамгершілік қалыптары өзінің тұрақты қасиетін сақтай алады. Өйткені қоғамда ондай тұрақты өзек болмаса жалпы әлеуметтік дүние күйреп кетуі мүмкін.
Н.Ресчер өзі ұсынған құндылықтарды анықтау типологиясын адамның әр түрлі қажеттіктері, мүдделері мен қалауларына байланыстыра қалыптастырады. Бұл типологияны төменгі таблициядан көруге болады.

№1 таблиция
Н.Ресчер жіктемесіндег Кейбір мысалдар.
құндылықтар категориясы
1. Материалдық және Денсаулық, жайлылық,
денелік. денелік қауіпсіздік.
2. Экономикалық Экономикалық сенімділік,
өндіргіштік, тиімділік.
3. Моральдық Адалдық, әділеттілік.
4. Әлеуметтік Қайырымдылық, сыпайыгершілік.
5. Саяси Еркіндік, теңқұқықтық, заңдылық.
6. Эстетикалық Әсемдік, үйлесімдік, симметрия.
7. Діни Мойынсұнушылық, төзімділік.
8. Интеллектуальды Білім, анықтық, логикалық.
9. Кәсіби Табыс, мойындату.
10. Сезімдік Махаббат, тартымдылық, достық.
Сонымен бірге саясаттануда мақсат құндылықтар және құрал құндылықтар деп жіктеу кездеседі. Мақсат құндылықтар қоғамның негізгі мән-мағынасын ашатын адами құндылықтар, маңыздылықтар болса, құрал құндылықтарға көбінесе күнделікті өмірде уақытша қолданылатын объектілер, нәрселер жатады. Ал енді саяси құндылықтар қандай құндылықтардың рөлін атқарады? Бұл жерде нақты-тарихилық принципіне сүйене отырып, бұл негізгі құндылықтардың сипаттамасын бере аламыз. Мәселен, тәуелсіздікке жете алмай жүрген халық үшін бұл құбылыс мақсат-құндылықтардың рөлін атқарса, ал өзіндік егемендігі бар ел үшін ол басқа мақсаттарды жүзеге асырудағы құрал болып саналады.
Әлемдегі теңдікті іздеген саяси қайраткерлер, тарихи тұлғалар стихиялы эгалитаризмді нақты әлеуметтік орталарда саяси құндылықтар жүйесі ретінде бұқара халыққа ұсынып келді. Олардың кейбірі қабылданды, кейбір уақытша ғана өзінің үстемдігін білдіріп, тарих сахнасындағы сыныққа шыдамай, орнын басқа құндылықтық қатынастарға босатқан болатын. Сөйтіп, енді бұл процестердің түптамырларын, себеп-салдарлық негіздерін анықтау үшін саяси құндылықтардың негізгі белгілеріне сүйенеміз. Ал саяси құндылықтар 3 белгісімен сипатталынады: оларды адамдардың біріккен ұжымдық әрекеті нәтижесінде ғана тарату мүмкіндігі; мемлекеттік билік механизімінің барлық аспектілеріне белсенді ықпал етуі; әлеуметтік қауымдастықтың бірыңғай мүдделерінің байланыс формасы. Сонымен бірге саяси аксиологияның негізгі заңдылықтары да қоғамдағы құндылықтар жүйесін зерттей отырып, ондағы стратегиялық бағыттар мен басымдылықтарды анықтайды, негізгі мақсаттарға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл жердегі негізгі методологиялық негіз болатын саяси философия принциптерін ғана емес, сонымен қатар социология, психология, мәдениеттанудың әдістемелерін синтездеу қажеттігі бар.
Құндылықтарды анықтау үшін ең алдымен субъект оны бағалау кезеңінен өткізуі керек. Сондықтан бұл құндылықтық қатынастардың қалыптасуы үшін элементтерді құрылымына енгізеді. Құндылықтар субъектісі- адам, әлеуметтік топтар; құндылықтар объектісі- нәрсе, процесс, құбылыс, дерек; құндылықтар мағынасы- рухани- категориялық атауға ие болуы, тұжырымдардың жасалуы.

1.2. Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы

Саяси құндылықтар саяси саланың саяси мәдениет, саяси қалыптар, стереотиптер, саяси мүдде, идеология, саяси діл сияқты құбылыстары негізінде талданады.
Саяси мәдениеттің әлеуметтік-психологиялық жақтарын білдіретін ұғымдар қатарында саяси түсініктер мен көзқарастар, құндылықтар мен құндылық бағдарлары, ұстанымдар мен сенім-нанымдар ерекше рөл атқаратындығы белгілі. Аталған құрылымдарда саясаттың тұлғалық және субьектілік өлшемдері нақтылы көрініс табады. Сонымен қоса олар саяси сананың рәміздік табиғатын ерекше айқындап көрсетеді 5.
Саясаттың субъектілік және ішкі рухани болмысын, әдетте, психологиялық және әлеуметтанулық ілімдер көбірек қарастырады. Саясаттануда жоғарыда аталған құрылымдар негізінен саяси қатынастар мен процестер арқылы айқындалады. Яғни құндылықтар бағдарларын қарастыру саяси мәдениет үшін ауқымда болып шығады. Оған байланысты бірнеше ұғымдардың мазмұның анықтап алайық. Құндылықтардың табиғатын қарастыратын ілімді аксиология (грек тілінен- ″аксе″ - құндылық , ″логос″ - ілім деп аударылады). Жалпы алғанда, құндылық нәрселер мен құбылыстарды адам мүддесі тұрғысынан бағалаудан туындайды; яғни, өзімен өзі бейтарап нәрселер адамдық әрекетпен қамтылып, пайдалы, әдемі, қажет, ұнамды т.т. бола бастайды. Құндылық дегеніміз нәрселер мен заттардың әлеуметтік функциялары болып табылады. Құндылықтар әлемі сан алуан.
Саяси құндылықтардың табиғаты мен түрлері, олардың өзара қатынасы, қоғамдағы атқаратын қызметі Қазақстанда жеткіліксіз зерттелген. Оның бірнеше себептері де бар. Біріншіден, бұрынғы тоталитарлық қоғамда саяси аксиологияға мән берілмеген. Өйткені саяси құндылықтар жоғарыдан танылып отырған және олар нұсқау сипатында халық арасында таратылып, олар туралы пайымдаудың қажеті болмаған. Екіншіден, Қазақстанда саясаттану ілімі енді қалыптасып келе жатқан жас ғылым және аксиологиялық мәселелер енді ғана теориялық талдаудың обьектісіне айналып отыр. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен жарияланған ″Саясаттану″ оқулығында адамдардың үш түрлі саяси құндылық бағдарлары аталып өтеді: 1) билеуші құрылымдарға қатысты 2) қоғамның басқа мүшелеріне байланысты 3) өзінің саяси белсенділігіне қатысты 6.
Аталған үш түрлі саяси бағдарларды негізге ала отырып, оқулық авторлары құндылық бағдарлары мен саяси мәдениеттің типтік ерекшеліктерін айқындауға ұмтылды. Осыдан саяси мәдениеттің үш типі айқындалады: патриархалдық (саяси енжар), мақұлдаушы және азаматтық. Біріншісі көбінесе дәстүрлі қоғамға, екіншісі – тоталитарлық жүйеге, үшіншісі – демократиялық елдерге тән. Ең маныздысы: оқулық авторларының құндылықтар мен саяси мәдениеттің коррелециялық байланысын кесте – модель арқылы көрсетуі.

Саяси мәдениет модельдері 7.

Кесте № 2
Белсендiлер
Белсендiлер
Белсендiлер
Белсендiлер

Мақұлдаушылар

Мақұлдаушылар

Мақұлдаушылар
Мақұлдаушылар

Патриархалдар

Патриалхалдар
Патриалхалдар

Патриархалдар
Демократиялық тоталитарлық авторитарлы демократия
индустриалды авторитарлық өтпелі индустриалы
индустриалды емес

Авторлардың пікірі бойынша, Қазақстан үшінші және төртінші топқа жақын келеді. Әрине осындай үлгінің танымдық жақтары жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ, саяси құндылықтар мәселесі басқада ілімдерді ескеруді қажет етеді. Мысалы, бірінші бағанға дамыған Батыс елдерді, екіншісіне – бұрынғы социалистік жүйе, үшіншісіне – кейбір дамушы елдер, төртіншісіне – экономикасы төмен елдер жатсын дейік. Бірақ, барлық демократиялық елдерде жоғарғы саяси белсенділік бар деу шындықтан алшақ. Мысалы, көптеген Батыс елдерінде сайлауға халықтың бірталай мөлшері қатыспайды. Сосын дамыған елдерде белсенділіктің бұқаралық мәдениетпен тығыз байланысты екендігін ескерген жөн. Қаншама айтқанмен, бұқаралық сананы манипулациялау әрекеттерін бекерге шығара алмаймыз. Жарнама арқылы әсереленген, имиджмейкерлер ″ойлап″ әдеміленген саяси тұлғаны қолдауда бұқара ерекше бір жасампаздық жасай қоймайды.
Жоғарыда аталып өткендей саяси құндылықтарды біз аксиома ретінде тұжырымдай алмаймыз, оларды саяси қатынастарды эмперикалық талдау арқылы алынған көрсеткіштері арқылы айқындаймыз. Нақтылы әлеуметтік зерттеулерде төмендегідей саяси қатынастарға басты назар аударылады:
жалпы саясат пен саяси билікке қатынас;
нақтылы бір саяси режим мен жүйеге қатынас;
жеке саяси құрылымдар (мемлекет және оның институттары, саяси партиялар мен қозғалыстар) мен олардың күнделікті әрекеттеріне қатынас;
саяси тұлғаларға (елбасы, саяси қайраткерлер, оппазициялық тұлғалар т.т.) көзқарас;
саяси құндылықтарға қатынас.
Осы қатынастардың саяси өмірдегі жиі әрі орнықты кездесетін типтері саяси әрекеттің мәдени түпнұсқасын құрастырып, саяси санада құндылық бағдарлары ретінде көрініс табады. Құндылықтардың өзі бұқаралық санада саяси ұстанымдармен тұтасып әрекет етеді. Егер саяси ұстанымдар мен құндылықтардың көріністеріне келсек, онда олардың әлеуметтік өмірде саяси мұраттар және мақсаттар, басым мүдделер және өмірлік тілек-армандармен қосылып әрекет ететіндігін де ескеру қажет. Осыған дейін айтылғандарды және нақтылық әлеуметтік зерттеулерді пайдалана отырып, негігі саяси-әлеуметтік құндылықтарды атап өтейік. Мысалы, оларға мыналар жатады: ″азаттық″, ″еркіндік″, ″еріктілік″, ″әділеттілік″, ″тәртіп″, ″жауапкершілік″, ″теңдік″, ″адамгершілік″, ″ынтымақтастық″, ″отан″, ″қауіпсіздік″, ″орнықтылық″, ″ұлтжандылық″, ″комплиментарлық , ″азаматтық қоғам″, ″демократия″, ″лидер″, ″шығармашылық азшылық″, ″билік″, ″мемлекет″, ″отбасы″, ″адам құқықтары″ т.т.
Саяси-әлеуметтік құндылықтар жеке дара әрекет етпейді. Олар басқа да тұлғалық құрылымдармен бірігіп, күнделікті өмірде тіршілік стилі (келбеті) арқылы көрініс табады. Ғылыми әдебиетте өмір стиліне әртүрлі анықтамалар беріледі. В.Я.Ядов оны әлеуметтік іс-әрекеттің өзегі ретінде қарастырады. (әлеуметтік диспозиция) 8.
Қазақстан сияқты өтпелі мемлекеттерде жоғары саяси мәдениетті қалыптастыру үшін тұлғаның құндылық әлемін жан-жақты зерттеу табысты әрі тиімді саяси ықпалдың алғышартына жатады. Осы мағынада құндылық бағдарлар мен саяси ұстанымдардың сана деңгейіндегі көрінуі де маңызды болып табылады.
Саяси бағдарлар мен ұстанымдардың төмендегідей құрылымдық элементтерін атап өтуге болады:
танымдық-ақпараттық бөлік. Бұл элемент қоғамдағы саяси саланың рационалдық даму деңгейін білдіреді. Қоғамдағы әртүрлі идеологиялық ағымдар мен жүйеленр өз құндылығын парасаттылық өлшемдерімен байланысты дәлелдеуге, насихаттауға және қорғауға ұмтылады;
сезімдік-тылсымдық бөлік. Саяси құндылықтар адам мүдделерімен тікелей байланысты болғандықтан, олар тұлғалар үшін бейтарап емес. Кейбір саяси құндылықтар адамда сезімдік қуат тудырса, басқалары халықтың ашу-ызасын келтіруі мүмкін;
баға беру бөлігі. Кез келген құндылық қолдауды не қарсы шығуды талап етеді. Мақұлданған саяси құндылықтар нағыз жасампаз күшке айнала алады. Әртүрлі саяси субъектілер бағаланып, олардың қоғамдағы орны мен беделі айқындалады;
іс-әрекеттік компонент. Шынайы саясат осыдан басталады. Мотивтік талдау құндылық потенциалын ғана көрсетеді, саяси қайраткерлер алуан түрлі саяси жағдайларда өз әрекеттерімен көзге түседі.
Саяси бағдарлардың құндылық негіздерін қарастырғанда туындайтын маңызды мәселе олардың басты типтік түрлерін жіктеумен байланысты. Қазіргі саясаттанулық әдебиетте төмендегідей саяси құндылықтарға бағытталған жалпылама типтер аталып өтеді:
консерваторлық бағдар. Бұл типте басым құндылықтар болып ″тәртіп″, ″бедел″, ″дәстүр″, ″әдеп″, ″дін″, ″отбасы″, ″патриоттық″, пен ″күшті мемлекет″ т.т. жарияланды. Консерваторлық саяси бағдардың мәдени өлшемдеріне архаистік сана, фундаменталистік бағыт, партикуляризм, жаңа мифология мен конондық құқық жатады. Осындай бағыттағы адам ″ата-бабалар жолы″ дегенді тым әсерелендіріп жібереді және болашақтан гөрі өткенді көбірек мадақтайды.;
либералдық бағдар. Оның басты құндылықтарына ″саяси еріктілік″, ″көппартиялық″, ″азаматтық қоғам″, ″азшылық құқықтарын қорғау″, ″демократиялық мемлекет″ сияқты батыстық үлгілер жатады;
эгалитарлық бағдар. Бұл тип өзін бұқараның ірі бөлігі деп есептейді. Ол үшін басты құндылықтарға ″теңдік″, ″біркелкілік″, ″әлеуметтік әділеттік″, ″халық мүддесі″, ″интернационализм″, т.т. жатады;
анархистік бағдар. Әдетте девианттық мінез-құлыққа тән және жалпы тәртіпті бекерге шығарады.;
ұлтшылдық бағдар. Бұл типте этникалық құндылықтар адам құқықтарынан жоғары қойылады. Оның басты принциптеріне ұлттық мәдениеті, тілді, ділді, мемлекетті т.т. әсірелеу жатады. Дамыған қоғамда бұл бағдар трайбализммен ұштасып келеді 9.
Әрине, бұл саяси құндылықтар әр елде өз ерекшелігімен байқалады. Тіпті, АҚШ халқының барлығын либералдық бағдарда деп есептеу асығыстық болар. Тіпті, консерваторлық бағдардың да ұнамды жақтары болуы мүмкін. Өйткені толассыз модернизм адамда мигранттық болмыс қасиеттерін қалыптастыруы мүмкін. Керісінше, тұрақтылық пен орнықтылық жалпы адамдық дамудың (соның ішінде – саяси дамудың) алғышарты.
Жоғарыда келтірілген саяси аксиологиалық құндылықтар бағдарларында негізгі саяси қатынас-билік қатынасы жеткілікті ескерілмеген. Сол себепті кейбір әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар мемлекеттік билікке көзқарасты басты таксономиялық өлшем ретінде алады. М.Вебер саяси бағдарларды анықтауда үш нәрсеге назар аударуды маңызды деп есептейді 10. Оларға билеуші топ пен саяси лидерлердің легитимдігі, биліктің шектері мен функциялары және биліктің бөлінуі жатады. Осыған баиланысты ғалым үш түрлі саяси билік бағдарын атап өтеді: 1) дәстүрлі; 2) харизматикалық; 3) жария-рационалды.
Биліктің легитимділігінен басқа оның шектері мен функцияларына қатысты этатистік, либералдық және анархистік құндылық диспозицияларын айтуға болады. Этатистік бағдарлама мемлекеттік биліктің қоғамның барлық салаларын қамтуын қолдайды. Бұл бағыттағы азамат мемлекеттегі бірден-бір реттеуші тетік және әділеттіліктің кепілі деп түсінеді, мемлекет билігі әке билігімен теңестіріледі. Социалистік қоғамнан ″еш нәрсе істемесе де болады, әйтеуір мемлекет өлтірмейді″ деген түсінік қалған.
Этатистиік бағдардан өзгеше диспозиция либерализм мемлекеттің билік аймағын функцияларын шектеуді қолдайды. Мемлекет азаматтардың құқығын, тәртіпті және қауіпсіздікті қорғайтын ″күзетшіге″ айналып кетеді.
Бұл негізінен Батыс елдеріне тән. Келесі бағдар анархизм мемлекеттік билік пен тәртіпті мүлдем бекерге шығарады.
Саяси аксиологиялық келесі бір маңызды мәселе, саяси субъектінің ұйымдасу типі мен бөлінуіне байланысты қойылады. Ежелгі заманнан бері монархия, аристократия мен демократия (Платон, Аристотель), билеу формалары ретінде сарапталып келеді. Осы мемлекеттік ұйымдасу түрлеріне байланысты үш түрлі саяси бағдар мен ұстанымдарды атап өтуге болады: 1) авторитарлық; 2) элитарлық; 3) демократиялық.
Саяси субъектілердің құндылық бағдарларын қарастыру тек саяси ұстанымдар типологиясымен аяқталмайды. Нақтылы саяси іс-әрекетте оның мотивациялық негіздері мен әдептік ахуалы үлкен рөл атқарады. Бұл саяси этос мәселесін алдыңғы қатарға шығарады.
Саяси этос деп саяси субъектілердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне, қылықтарына тікелей әсер ететін, саяси мәдениеттің ішкі бөлігі болып табылатын - әдеп нормаларының тұтастығын айтамыз. Егер саяси идеология жалпы стратегиямен байланысты болса, онда саяси этос осы стратегияны жүзеге асырудағы нақтылы моральдық факторларды қолданумен қатысты.
Саяси этос мәселесін айқындап алмай саяси құндылықтардың табиғатын түсіну қиынға соғады. Қазіргі кезде бұрынғы қолданылып жүрген ″капитализм″ мен ″социализм″ сияқты терминдер өз мағынасын түбегейлі өзгерткен. Мысалы, белгілі ғалым Ф.Хайектің тұжырымдамасы бойынша қазіргі өркениетті елдерді капиталистік деп сипаттаудың еш негізі жоқ. Оларды ″адамдық ынтымақтастық пен келісімнің кеңейтілген тәртібі″ анықтайтын елдер деп атаған жөн 11. Құндылық бағдарлары мен саяси этостың ішкі байланысы қазіргі құқықтық мемлекетті қалыптастыру мақсаттарынан да байқалады. Өйткен құқықтың нормалары моральмен тығыз байланысты.
Тек әдеп құптаған баптар құқық нормаларына айналады. Құқық дегеніміз зұлымдық пен жамандықтың белгілі бір мөлшеріне тиім салудан туындайды 12.
Бұқаралық санада саясаткер мораль талаптарынан тыс тұратын, есеппен ғана әрекет ететін тұлға деген түсінік кездеседі. Әрине саяси бағдарлар мен әдеп құндылықтарының арасында қайшылықтың болуы мүмкін. Айталық, таза мораль тұрғысынан кез келген күш жақсылықтан тыс тұрады. Себебі әдеп күнделікті өмірден гөрі мұрат – идеяға жақын. Алайда нақты әлеуметтік саяси қатынастарда заң шеңберінен шығатын тұлғалардың құқығын шектеуге тура келеді. Сонымен қоса саясаткерлер көптеген жағдайларда (негізінен саяси күресте) тиімділік және мақсатқа сәйкестілік принциптерін жиі басшылыққа алып отырады. Саяси мүдделер өз әрекеттерінде мүдделері қарама-қарсы топтарды өз жағына шығару үшін жиі ымыраға барады.
Саяси этос мәселелері Т.Парсонстың ″әлеуметтік әрекет″, Р.Мертонның ″ғылымның нормативтік этосы″, М.Вебердің ″идеалды типтер″ ілімдерінде жан-жақты қарастырылған. Мысалы, М.Вебер қаншама саясатты айыптағанымен, саясаткер үшін жауаптылық, әділеттілік сезімі дипломатия қажет деген. Оның пікірі бойынша саяси этостың басты құндылықтарына әмбебаптылық, сын көзбен қарау, келісімділік, үйлесімділік, тағы-тағылар жатады 13.
Саяси құндылықтар әдеп әлемімен қоса саяси мәдениетпен де тығыз байланысты. Саяси құндылықтар мен саяси мәдениеттің өзара байланысы саяси саланың саяси қалыптар, стереотиптер, саяси мүдде, идеология, саяси діл, сияқты құбылыстары негізінде талданады.
Саяси мәдениеттің категориялық келбетін ғалымдар әр қилы тұжырымдармен айқындау үстінде. Біздің ойымызша саяси мәдениеттің ұғымдық мәнін барынша дәл бере білген көзқарастың қатарына Д.С.Клементьевтің редакциялауымен дайындалған ″Политология″ оқу құралындағы анықтама жатады. Ол еңбекте: Саяси мәдениет – азаматтардың қоғамдағы саяси іс-қимылдарын анықтайтын саяси нормалар мен ережелер, принциптер мен дәстүрлердің жиынтығы және ол жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады 14.
Саяси мәдениет ұлттың (халықтың) және әр түрлі топтардың тарихи қалыптасқан саяси санасындағы көптүрлі аспектілердің жиынтығы. Оған тарих пен саясатты субъект түрде қабылдау, саяси білім мен мінез-құлық жатады. Бұл жерде тұрғындардың саяси мәдениетінің деңгейіне ықпал етуші факторлар, жағдайлар және саяси мәдениет деңгейінің азаматтардың құндылықтық бағалауларын бір арнаға жинақтаудағы маңыздылығы анықталынады 15.
Тұрғындардың саяси мәдениетінің деңгейіне ықпал етуші факторлардың бірі – азаматтардың жеке белсенділігі, қызығушылығы және біліктілігі. Бұл қызығушылықтың жойыла бастаған кезеңінде саяси аномия құбылысы пайда болады, яғни өмірлік мәнді құндылықтардың маңыздылығын жоя бастауы, дәстүрлі саяси құндылықтарға теріс көзқарастардың қалыптасуы жатады. Ол жағдай біздің елімізде посттоталитарлы кезеңде көрініс береді. Өйткені, ондаған жылдар бойы саяси сананың негізін құрап тұрған құндылықтар жүйесі, өзіндік тұрақтылығы бар экономикалық және әлеуметтік қатынастар қысқа мерзімде күйреп, талай адамдарға психологиялық тұрғыдан соққы болды. Тәуелсіздікпен қоса адамдарға жаңа дем беретін, рухтандыратын жаңа құндылықтар келді. Бірақ осымен орай азаматтардың саяси салаға сыни көзбен қарау дәстүрі де қалыптаса бастады. Бұқара халықтың бір бөлігі саяси енжарлық позициясына ауысып, нарық жағдайындағы қайшылыққа толы тіршіліктің ортасына қосылып кетті. Бұрынғы қоғамның мүдделері адамдардың дүниетанымында терең болғандықтан жаңа құндылықтар жүйесіне ауыса қою өте қиын әлеуметтік психологиялық феноменге айналады.
Өтпелі қоғамда нағыз конструктивті типтегі саяси құндылықтар әлеуметтік тұтастықты сақтауға, саяси, экономикалық, мәдени процестердің үйлесімді дамуына, азаматтардың бағалау жүйесінде жоғары үлгілердің қалыптасуына әсер етеді. Адамдар қоғамда өздерінің мақсаттарын саяси жүйенің талаптарына сай қоя білуді осы құндылықтар жүйесі арқылы үйренеді. өйткені, құндылықтар арқылы әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі құбылыстардың маңыздылықтарын анықтауға болады. Әлеуметтік мақсаттар саясат субъектілерінің іс-қимылының мотиві (ниеті) 16.
Әлеуметтік және саяси құндылықтар саяси қалыптардың негізін құрайды. Ол екеуі де белгілі бір дүниетанымның ауқымында пайда болып, өмір сүреді. Саяси қалыптар – азаматтардың саяси мінез-құлқын білдіретін, саясат субъектілерінің іс-қимылын реттейтін, белгілі бір саяси мәдениет ауқымындағы саяси құндылықтарға сәйкес келетін саяси өмірдегі құбылыстар жиынтығы.
Қалыптармен салыстырғанда құндылықтар адамдардың шығармашылық бағалауы арқасында пайда болады, ол дәстүрмен, дүниетаныммен тікелей байланысты. Ал, қалыптар болса қоғамдағы стандарттанған ереже, мінез-құлықтың орташа үлгісі ретінде дерективті түрде енгізіледі. Ол қоғамдағы белгілі бір өлшемде тұрақтандыратын құбылыс. Құндылықтар қалыптарға, мәдени-тарихи үлгілерге қарағанда өзгергіштеу келеді. Сондықтан саяси құндылықтарды абсолютті, салыстырмалы, қажетті, кездейсоқ деп жіктей аламыз. Бұл жіктеудің негізгі өлшемі адамдық басымдылықтар болып табылады. Құндылық ақиқатқа жақындаған сайын жоғары деңгейге көтеріле түседі.
Сөйтіп саяси құндылықтар саяси құбылыстарды қабылдау тәсілі ретінде саяси мәдениеттің рәміздік маңызды факторы болып саналады. Ал саяси мәдениет болса әлеуметтік қауымдастықтардың тарихи тәжірибесін, саясаттағы қайраткерлер іс-әрекеттерінің қоғамдағы азаматтарының саяси мінез-құлқына әсерін қамтиды 17.
Саяси кеңістікте негізгі құбылыстардың бірі – саяси діл, ол- тұрақты геосаяси, тарихи-мәдени, әлеуметтік, саяси факторлардың әсерінен қалыптасады және ол саяси ойлаудың, саяси бағалаудың, басымдылықтар мен құндылықтардың, саяси мінез-құлық стереотиптерінің жүйесі. Саяси ділдің негізгі сипаттамасы – бұл құндылықтарды қабылдауға, ұстануға бейімділіктерін білдіру. Ал, саяси өмір болса кейде әртүрлі кедергілерден өтуге мәжбүр етеді. Міне, осыған орай саяси кеңістіктегі тұрақтылық пен өзгерістер бірін-бірі ауыстырып тұратын жағдайда саяси құндылықтардың бағыт-бағдары әрбір адамның жеке тағдырына өз ісін қалдырады 18.
Елімізде саяси мәдениеттің демократиялық типін таңдап алуға – халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың индустриялануы, кең байлығының молдығы, халықтар достығы дәстүрі, көп мемлекеттердің қарым-қатынас жасауға ашықтық сияқты негіздері бар. Бірақ, Қазақстан үшін саяси мәдениет дамуы күрделі құрылымға ие, ол – патриархалданудың басымдық танытуы. Бұл кездейсоқ қалыптасқан жоқ, себебі социалистік даму принциптері этникалық-мәдени дамуда маңыздылығы бар құндылықтарға мән бермей келді. Міне, сол жүзеге аспаған мүдделер өз уақыты келгенде әлеуметтік кеңістікте қайшылықтарды тудырады, енді бұл заңды процестердің тиімді шешімін тауып қана жылжудың реті келеді. Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай түсуі саяси жүйенің халықтан оқшау тұруына, демократиялық құндылықтарды қабылдау мен дамыту тарихи діліне сәйкес жүргізілмеуіне байланысты 19.
Саяси құндылықтар, ұстанымдар және мәдениет туралы жалпы саясаттанулық қағидалармен танысып өткеннен кейін, олардың Қазақстан республикасы жағдайындағы ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Адамзат тарихында авторитарлық немесе тоталитарлық кейіптегі биліктің түрлері басымдық танытқаны белгілі. Қазақстан өз тәуелсіздігіне жеткенше социалистік типтегі тоталитарлық биліктің қыспағында болып келді. Сол заманға сай азаматтардың саяси мәдениетінің деңгейі болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде демократиялық принциптер пайда бола бастады.
Қазақстанның жалпы саяси бағдарына көшсек, мемлекеттің негізгі заңында ол құқықтық мемлекет құру және қоғамдағы демократияландыру деп атап көрсетілген. Конституция бойынша ″Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады″ 20. Тарихи құбылыстардың нәтижесінде Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қалыптасты. Осы ұлт өкілдері өздерін Қазақстанның толыққанды азаматымын деп есептеуі елдегі саяси тұрақтылық үшін өте маңызды болып табылады, яғни әртүрлі этностар саяси ымыраға келуі тиіс. Оны күшпен емес, демократиялық саяси келісім арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Қандай да болмасын аз ұлттық азаматтың құқығын шектеу біз орнатып жатқан құқықтық демократиялық мемлекет мұратымен мүлдем сыйыспайды. Бүгінгі демократиялық жағдайда негізгі қазақ халқы мен басқа ұлт өкілдері арасындағы кез-келген ұлтаралық шиеленіс ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне кері әсерін тигізеді. ″Сондықтан да ұлттық мемлекет құру мүддесін көздеген қазақ халқы өз қамын ойлаумен қатар, ең алдымен барлық құқылы жағдайларды пайдалана отырып, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы тиіс″ 21. Бұл білгір саясат пен өркениеттілік реформалар дәйекті жүргізуді талап етеді, ал ол үшін елдегі құндылықтар бағдарларын да біліп отырған жөн.
Әрине, саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – еліміздің тәуелсіздігі екенін жасыруға болмайды. Өйткені, бұл басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан Қазақстан азаматтарының бәріне ортақ құндылық – саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани, экономикалық тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытуда. Ал, бұл айтылған басымдылықтың астарында әрбір адамның еркін дамуына, тұлғалық жетілуіне жағдайларды қалыптастыру мақсаты жатыр.
Сонымен, жалпы бағдармен ел ерекшелігін ескеру қажеттігі анық болғанымен, Қазақстандағы құндылықтар бағдарларының нақтылы тетіктері мен әрекет етуі саясаттану ғылымында әлі жеткіліксіз зерттелген.
Жалпы азаматтарымыздың бағдарларына төмендегідей ерекшеліктер тән:
1. саяси құндылықтар қоғамдағы жалпы құндылықтар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады;
2. Қазақстан Республикасында құндылық бағдарлары өтпелі қоғамға тән игіліктерді қайта қарау тұрғысынан қалыптасып келеді;
3. саяси құндылықтардың дәстүрлі сипаты ұрпақтар сабақтастығы арқылы этникалық ділдің ″қатпарларында″ терең орналасқан;
4. құндылық бағдарлары бұқаралық санада саяси ұстанымдар мен өмір сүру стилімен біте қайнасып келеді. Саяси ұстанымдар посттоталитарлық жағдайға жоғарыдан таңылғанымен, күнделікті өмірде этникалық және отбасылық құндылықтар алдыңғы қатарға шығады.



ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІ

2.1. Жастардың саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірілік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызық та таң-ғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз; қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған ХХІғ. – бүгінгі таңдағы жастар арасында елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырды.
Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы- жетпісінші жылдарындағы жастар ″жарқын болашақ″ - коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас құндылықтардың негізі мықтап орныққанды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас ұрпақтың рухани әлемі еңбек үстінде қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.
Бір жағынан жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты. Е.М.Бабосов пен М.Х.Титма атап көрсеткеніндей, қоғамдық белсенді топ өз қатарына тартатын жекелеген жеткіншекке мынадай талаптар қоятын; тұрақты тапсырмалар алып отырады, қоғамдық-саяси жұмысты және қоғамдық істі бәрінен де маңызды деп санауға тиісті 22.
Жастардың моральдық бет-бейнесі ең басты шарт еді, әлеуметтік деңгейдің өлшеміндей бағаланатын, қоғамның бар сипатындай көрінетін. Сол жылдардағы жастар өздерінің еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен ұғынатын. Социалистік қоғамда жас адамның тұлға ретінде қалыптасуы – кісінің ұжымдық форманың кең дамуын және оның тікелей ықпалы жағдайында қалыптасуы шамамен осылай еді, мұның өзі оның кісілік келбетін көрсететін.
Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие екені белгілі. Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың ″рухының беймазалығы″, болмысқа сын көзбен қарайтындағы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін ″өзімшілдігі″ ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы. Яғни, көңіл деген – көк дөнен, өз ерік-жігерінен қиялы ұшқыр.
Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқара өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі. Жетпісінші жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар арасында ″өмірді түсіну түйсігін жоғалту″ деп аталатын дерттің тез таратылуы туралы кәдімгідей алаңдаушылықпен дабыл қақан-ды. Сол жылдары американдық журналдың бір санында осы тақырыпқа әр қырынан келген 200 сұхбат негізінде АҚШ жастары мен студенттерінің Декларациясы жарияланды. Содан үзінді: ″Біздің ең бір қиын проблемамыз – қоғамнан өз орнымызды табу. Бәрі сендердің болашақ туралы мазасыздануларыңның жөні жоқ: білімдісіңдер, таланттысыңдар деп иландырады. Бірақ қоғамның бізді шеттеткенінен емес, сол қоғамды біз қабылдай алмаймыз ба деп қорқамыз...″ 23.
Сексенінші жылдары Батыста жастардың әлеуметтік қарсылығы саясбырси бастады. Оны тек босқа шабуылдан шаршау және, 60-70-жылдардағы жеңілістерден көңілдері қарадай қылып, түңілуден немесе еңсе басқан еріншектіктен ғана деп қарау жөн емес, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси құндылықтық бағдарлары
Қазіргі жастардың құндылықтары
Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері
Жастар субмәдениетінің рухани адамгершілік құндылығына әлеуметтанулық талдау
Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Мәдени саясат
Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерісін психологиялық талдау
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Пәндер