Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Консерваторлардың 1979 жылғы сайлаудағы
жеңісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 М.Тэтчер және XX ғ. 70-жылдарының аяғындағы консервативтік
партиядағы құрылымдық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
1.2 Тэтчеризм - консервативтік идеология мен саясаттың жаңа
Нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 М.Тэтчер үкіметінің ішкі және сыртқы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Фолкленд соғысы және XX ғ. 80-жылдарының басындағы
конституциялық реформалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Консерваторлар үкіметінің әлеуметтік-экономикалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Ұлыбританияның сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта тэтчеризм деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және тэтчеризм атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді. М.Тэтчердің қолдауымен әлемде көптеген өзгерістер орын алды. Оның Кеңес Одағымен 80-жылдардың ортасында байланыс ұстауының өзі көптеген саяси идеологиялардың алмасуы мен төңкерісіне алып келгенін көре аламыз. Осы мәселелерге қатысты әлем баспасөздерінде және Британияда Тэтчер факторы, Тэтчер феномені, Тэтчер революциясы деген терминдер қалыптасты. Бұл терминдердің сипаты өте жоғары мәнге ие. Бүгінгі таңда әлем саясаткерлерімен, Британ үкімет органдарының ірі өкілдері М.Тэтчердің жүргізген саяси бағыттарына біржақты қолдау білдірмегенімен, оның іскерлігі мен терең саяси атқарған қызметтерін еріксізден мойындайды. М.Тэтчер партия бойынша, консервативтік партияның өкілі болып табылады. Консерваторлар осы күнге дейін оның есімін толықққанды мақтаныш тұта алады. Оған себеп болар айғақтарды біз өз кезегінде толық, тиянақты талқылаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты. Әлемдік және Ұлыбританияның саяси кеңістігіндегі М.Тэтчердің атқарған саяси қызметтері мен жеке тұлғалық қасиетінің мәнін, портретін аша білу, жұмыстың негізгі мақсатының бірі болмақ. Сондай-ақ М.Тэтчер есімімен тығыз байланысты, саяси- идеологиялық тэтчеризм теориясына да жан-жақты кең тоқталып, ол жасаған реформаларға қазіргі таңдағы көзқарастар мен пікірлерге өзіндік пікір білдіре отырып, обьективті тұжырым жасау. Кеңес Одағына қатысты саяси ұстанымдарының мәнін айшықтап, ондағы М.Тэтчердің роліне кең тоқтала кету.
Диплом жұмысының міндеттері. Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- М.Тэтчер және саяси өмірге қадам басуы;
- Консервативтік партия аясындағы оның атқарған қызметтері мен жаңа бағытын қалыптастыруы;
- М.Тэтчер үкіметінің ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары;
- Тэтчеризм идеолгиясының пайда болуы;
- М.Тэтчердің саясаттағы жеке рөлі мен Кеңес Одағына қатысты оның көзқарасы;
- М.Тэтчер кезіндегі Ұлыбританияның саяси-әлеуметтік, экономикалық жалпы сипаты.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ол - мәліметтер базасының түрлі деңгейде болуы еді. Қазіргі таңдағы отандық зерттеушілердің еңбектері мен мақалаларының тақырыбқа байланысты кең қолданыс табуы да, айтарлықтай маңызды болып табылады. Жұмыста ғылыми методологиялық әдістер, өз деңгейінде қолданылған. Маргарет Тэтчердің жеке өмірі мен қызмет саласындағы жетістіктері мен іс-әрекеттерінің, жұмыста обьективті түрде көрінуі, жұмыстың өзіндік идеясы мен мәні бар екендігін білдіреді. Өткен кезеңде жазылған ой-пікірлер мен қазіргі кездегі көзқарастар мен пікірлердің ара-салмағы бойынша салыстырмалылық, аналогиялық тұжырымдар орынды жасалынған.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жұмыс өзінің территориялық ауқымы бойынша, континентаралық мазмұнға ие бола алады. Еуропа, Солтүстік Америка, Азия құрлықтарының территориялық белгілері анық көрсетіледі. Ал хронологиялық шеңбері М.Тэтчер туылған- 1925 жылдан, премьер-министр қызметінен кеткен- 1991 жылға дейінгі, уақыт аралығы қамтылады.
Жұмыстың тарихнамалық, деректік базасы. Жұмыстың тарихнамалық, деректік базасының құрылымы әр-алуан сипатқа ие. Ол бойынша орыс, ағылшын зерттеушілерінің еңбектеріне негізінен сүйенеді. М.Тэтчердің жеке өмірімен саяси өміріндегі қызметтерін кең тоқталып жазған зерттеушілердің бірі, ол - И.Д.Бирюковтың Кризис британской импералистической политики (1968-1984) атты еңбегі 1985 жылы Москвада басылып шықты [1.36]. Бұл еңбек Кеңес Одағы кезінде шықсада өзіндік пікір мен тұжырымдарға ие, еңбек болып табылады. Одан соң, Л.М. Замятиннің Тэтчеризм атты еңбегі 1989 жылы жарық көрді [2.67]. К.Огден 1992 жылы Москвада Женщина у власти атты монографиясын жарыққа шығарды. Өзінің зерттеулік мәліметтер құндылығымен бұл еңбек аса жоғары бағаланады. 1991 жылы Ресейлік зерттеуші В.И.Попов Тэтчер: человек и политик атты еңбегін жазып шықты [3.19]. Сондай-ақ Современный консерватизм еңбегі 1992 жылы жарық көрді [4.]. Бұл еңбекте консерваторлар мен М.Тэтчер есіміне кеңінен тоқталады. Бұл еңбектердің көпшілігі М.Тэтчер билігі кезінде және биліктен іле-шала кетісімен жазылған еңбектер болып табылады.
Атап өтер тағы бір нәрсе, зерттеушілердің басым көпшілігі терең саясаткерлер мен тарихшы, журналист ірі мамандар қатарынан саналады. Еңбектер дәлме-дәл, анық анализ бен сыни пікірлерге толы болып жазылған.
Негізгі деректер қоры. Бұл жұмыстағы пайдаланылған негізгі деректер мен материалдар қоры қазақ, орыс зерттеушілерінің жазылған еңбектеріне сүйенеді. Сондай-ақ жұмыста ағылшын тіліндегі әдебиеттерден орыс тіліне аударылған әдебиеттер мен мақалалар көзі де қолданыс тапқан. Отандық зерттеушілерден С. Куттыкадамның Еще раз о тэтчеризме атты мақаласы, осы жылы жарық көрді. Онда мақалалар жиынтығы жинақталған. Сонымен қатар К.Огденнің Маргарет Тэтчер. Женщина у власти атты еңбегі әлемдік кеңістікте кеңінен танымал болды. Орыс зерттеушілері И.Д. Бирюковтің Ольстер: кризис британской империалистической политики (1968-1984) атты еңбегі Маргарет Тэтчердің билік басында тұрған кезінде шығып, обьективті сипатта жазылғанымен құнды болып табылды. Белгілі қазіргі заман тарихы зерттеушісі, бірнеше маңызды еңбектердің авторы Д.Б. Воскобойниковтің Леди с даунинг-стрит атымен шыққан еңбегі 1989 жылы КСРО мемлекетінде мәскеу қаласында басылып шықты. Консерваторлардың билікке келуі мен олардың түрлі салада жүргізген реформалары туралы жаңа көзқараста жазылған С.М.Мәшімбаевтің Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихы атты еңбегі отандық құнды еңбектердің қатарынан орын алады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс бірінші кіріспе бөлімі, негізгі тараудан құралады. Кіріспе бөлімінің ішінде де бірнеше бөлімдер бар. Негізгі тарау екі бөлімнен тұрады: 1-тарау- 2 - тараушадан тұрса, 2-тарау- 3-тараушадан құралады. Жұмыстың соңғы құрылымдарын қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.

жеңісі

партиядағы құрылымдық өзгерістер.
Жұмысымызды бастамас бұрын, тақырыбымыздың басты жұмысы Маргарет Тэтчердің өмірінен аз да болса, мәліметтер беріп кету орынды болады. Маргарет Хилда Робертс 1925 жылы 13- қазанда Ұлыбританияның Линкольншир графтығы, Грэнтема қаласында дүниеге келеді. Жастайынан өжет, пысық, қайсар қыз әкесі Алъфрид Робертстің айтқан ақылы мен кеңестерін бойына сіңіріп өсті. Отбасындағы екі қызды әкесі округтегі ең алдыңғы мектепте оқытады. Маргарет жастайынан-ақ, болашақтағы үлкен өміріне дайындықты қалыптасытырып өсті деуге әбден негіз бар. Маргарет мектеп жасында мектептегі кітапханадан шықпай, ондағы барлық кітаптарды оқумен қатар, түрлі маңызды лекцияларға қатысып, саясаткерлердің айтыстарын тыңдауға әуес болды. Өзінен төрт жас үлкен апасы, Мьюрилден ақыл-ойымен және парасаттылығымен әлдеқайда ересектеу көрінді. Маргареттің әкесінің майда-шүйде сататын, кішігірім азық-түлік дүкені болды [5.123].
Маргарет сол дүкенде де әкесіне қолғабыс тигізуден кеш қалмайтын. Биографтардың айтуы бойынша, Маргаретке тоғыз жасында ол мәнерлеп өлең оқу жарысында бірінші орынды жеңіп алады. Мұғалімі оны құттықтап жатып: Сенің жолың болды Маргарет дегенде: Неге олай дейсіз? Мен жеңіске лайықтымын ғой деп, жауап бергенін ерекше жазады. Маргарет өте ұқыпты, сөзді тыңдай білетін, білуге деген құмарлығы әрдайым оянып отыратын. Ол кешкісін әкесінің бөлмесіне оның әңгімелерін, саясат жөніндегі пікірлерін тыңдау үшін әдейі түсетін. Оның саясаткер болып туылған, туылмағанын айыру қиын болатын. Тэтчерлердің дүкені 1935 жылы сайлау қарсаңында үлкен консерваторлар, партиясынан ұсынылған кандидаттың штаб-пәтеріне айналады. Сол уақытта он жастағы Маргарет сайлау штабында байланысшы болып қоғамдық жұмысқа тартылып, сайлау учаскелеріндегі күнделікті болып жатқан, жаңалықтарды тасымалдаушы шабарманның қызметін атқарады.
Кейін жаңадан сайланған депутат өз қолдаушыларына алғыс білдіруге келгенде, Маргарет өз қуанышын жасыра алмады. Осыдан соң ол саясатпен айналысу менің қанымда бар деген берік ұстанымға келеді. Бұл оның алдағы өміріндегі негізгі шешуші бетбұрыстарға жетелей түсті. Маргареттің орта оқу орнын тәмәмдағаннан кейінгі негізгі жоспары мен мақсаты жоғарғы оқу орнына түсу болатын [5.11]. Университетке түсер алдындағы Кестевен жекеменшік мектебінде оқып жүргенде Маргарет өз құрбыларымен, ашық пікірталасқа шығып, өзін тәжірбиелі саясаткер ретінде көрсете білді. Ол біржағынан актриса да болғысы келді.Әйтсе де оның билік құмарлығы саясат тақтасына алып келді. 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында ол 14 жаста, ал соғыс аяқталғанда 20 жаста болатын.
Оның Оксфордтағы Самервилл колледжінде оқуы, саясатқа шындап келуіне жол ашты. Ұлыбританияда Оксфорд және Кембридж колледждерінің бірінде білім алмаған адам саяси билік институттарына барып, билікке араласа алмайтын. Ол университеттердің қалыптасып, Ұлыбританияда негізгі шешуші орынға шыққанына да 700 жылдай уақыт болатын. Ағылшын аристократиясының білім ордалары саналатын осы жоғарға оқу орындары Ұлыбританияға 13 премьер-министр мен барлық үкімет мүшелерінің қатарын даярлап бергеніне, оқу орындары мақтана алатын. Енді Маргарет неге осы жоғарғы оқу орнында оқығысы келді? Деген сұрақ туындайды. Өйткені бұл оқу орны басқаларына қарағанда саясатқа бір табан жақын тұрды. Жастайынан саясаткер болуды армандайтын Маргарет үшін бқл оқу онын бітіру міндет болды. Дәл осы оқу орнында Маргарет өзінің белсенді саяси әрекеттерін бастады. Ол бірден Оксфорд университетінің Консервативті ассоциациясының құрамына кірді [7.210].
Соғыс аяқатлған кезде Маргарет оқуының жарты кезеңін аяқтап қойған болатын. Бірақ оған химиямен айналысқаннан, саясатттану пәнімен айналысып, қызығушылық танытуы анағұрлым жоғары болатын. Осы уақытта Маргарет парламентпен қарым-қатынас білдіруге ынта білдіреді. 1946 жылы ол ассоциацияның төрайымы болып сайланады. Бұл оның саясаттағы карьерасының басталғанын көрсететін. Осы жұмыс барысында ол үш-төрт сағаттан артық ұйықтамайтын. Дипломдық жұмысын қорғар сәтінде, ол жоғары нәтиже көрсетіп, қанағаттанарлық белгімен химия бөлімінің екінші дәрежелі бакалавры болып шықты.
1948 жылы Маргарет Консервативті ассоциацияның жыл сайынғы бітіруші түлектерінің конференциясында төраға болып, өзінің келесі бір ірі қадамын жасады. Оған 1950 жылы алдағы сайлауға Дартвуд округінен парламентке өз кандидатурасын ұсыну туралы ұсыныс келді [8.45]. Бірақ та Маргарет бұл округтегі сайлау нәтижесінде лейбористерден жеңіліп қалды. Өйткені бұл округ ертеден лейбористердің жіті бақылауындағы округ саналатын. Бірақ сонда да бұрынғы сайлауға қатысушыларға қарағанда Маргарет лейбористердің осы сайлауда дауыс алуын үшке қысқартып, парламенттегі олардың үлесінің едәуір азаюына алып келді.
1950 жылғы сайлауда Маргарет Робертс консерваторлар партиясынан ұсынылған ең жас кандидат болып саналды. 1948 жылы маргареттің кандидатурасы парламентке ұсынылған кезде, ол өзінің болашақ жары Денис Тэтчермен танысты.
Ол мықты консерватор болғанымен, саяси амбициясы төмендеу болатын. Олар танысқан кезінде Дениске отыз жас, бір некелі болғанын айта кету керек (айтпақшы оның бұрынғы әйелінің аты да Маргарет болатын). 1951 жылы Маргарет өзінен он жас үлкен Денис Тэтчерге тұрмысқа шықты. Ол осы кезден, күйеуінің фамилясы бойынша Тэтчер болып аталады. Оның Дениске тұрмысқа шығуы олның отбасының күйбең тірлігінен арылып, алаңсыз саясатпен айналысуына жол ашты. Денис қаржы мәселесі орынға қойылған, аристократтық ортадан шыққан болатын. 1953 жылы маргарет егіз бала туды. Оларға жұбайы Марк және Кэрол деген ат қойды. Әрине Маргарет қарапайым әйел болудан қашты. Ол өзінің болашақ юристік білімін алып, босанғанына төрт айдан соң адвокаттық жұмысөқа емтихан тапсыруы керек болды. Ол юристік білімін алып, адвокаттық практикасын жүргізіп жүрді. Ол консервативті адвокаттар ұйымында белсенді іс-әрекеттер жүргізді [9.46].
Маргарет салық құқығы бойынша білім алуға шешім қабылдады. Өйткені елдің мемелекеттік қаржысы маргареттің белсенді әрекеттер жасап жүрген жерінде дайындалды. Сондықтан да ол салық саласын жақсы меңгеруге тырысты. Ал салық саясаты Тэтчердің Британияды жүргізген енгізгі қозғаушы бастамаларының бірінен саналатын. 1950 жылдардың соңында Марагарет бүкіл өзінің энеогиясын саясатқа жұмсчауымен ерекшеленеді. Ол сайлауларға қатысып, өзіне лайық округтерді іздеді. Ал ондай сай келетін округтерді табу оңайға соқпайтын [10.92]. 1957 жылы Маргарет Кент графтығы бойынша өзінің партиядағы кандидатурасын ұсынды. Бірақ нәтижесінде екінші орынды иеленді. Сосын басқа графтықтан ұсыныс білдіргенімен дауыс беру қорытындысы тағы да солай болып шықты. Әдеттегідей, бұл жерде консерваторлардың ер адамға деген шовинизмдік мінездемесі үлкен роль ойнады. Өйткені Маргарет бұл кезде, екі баланың анасы болатын.
Консерваторларда бұл уақытқа дейін, әйел затынан партия лидері болмақ, парламентке сайланған әйел шықпағандықтан, маргаретке бұл қағидамен күресу оңайға соқпады. Фиинчли округінен Маргарет сол жылы парламенттік сайлауға қатысты. Оның арман-тілегі 1959 жылы ақырында орындалды. Көп жылға күрестен соң, ол парламенттің мүшесі болып сайланды. 1960 жылдардың бастапқы кезеңдері консерваторлар үшін қолайсыз болды [11.99].
Макмилланның атақ-абыройы 1963 жылы елдің экономикалық жағдайының күрт нашарлауымен, үкіметтегі жанжалдарға қатысты бірден түсті. Макмилланның өзі науқасқа шылдығып, қызметтен кету жөніндегі арызын берді. 1664 жылғы парламенттік сайлаудағы лейбористердің жеңісі алды-ала шешіліп қойғандай еді [12.49]. Бұл солай болды да. Жаңа лейбористік үкіметті Г.Вильсон басқарды. Сайлаудан соң, Тэтчер парламенттік орнында қалып, тұрғын-үй құрылысы жөніндегі министр болып тағайындалды. 1967 жылы Тэтчер министірлер кабинетінің мүшесі болып, осылайша ол осы кабинет құрамындағы бірінші әйел болып саналды.
Маргарет Тэтчер өзінің премьерлік қызметінде Британия тарихында ерекше рекордттар жасайды. Консерваторлардың 13 жылдық билігі кезеңінде (1951-1964) бірінен соң бірі Черчилль, Иден, Макмилан үкіметтері ауысып билік тұтқаларына келіп жатты. Алайда олардың билік кезеңдерін М.Тэтчердің үкімет басында отырған кезімен салыстыруға болмайтын.
Саясат сахнасында Маргарет Тэтчер есімі 80-жылдардың соңында кеңінен танымал бола бастады. Маргарет Тэтчердің консервативтік партиядағы ролі 70-жылдардың басында айтарлықтай өсе түсті. 1970 жылы 18 маусымда Ұлыбританияда парламенттік сайлау өтті. Лейбористерді қолдап 12 миллион сайлаушылар дауыс берді. Парламентке 287 депутат өтті. Консерваторларды 13,1 миллион сайлаушылар қолдап, парламентте 330 депутаттық орын алды. Консерваторлар жаңа үкімет құрып, премьер-министр болып, Э.Хит тағайындалды. Э.Хит халық арасынан шыққан, нақты сөзбен жеткізгенде, қарапайым ортадан шыққан тұңғыш премьер-министр болды [1.212].
Консерваторлар өздерінің Жарқын болашақ атты бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама оппозиция және саясаткерлердің қызу талқысынан өтті. Британ экономикасын дағдарыстан шығару үшін, неоконсерватизм идеясын қолданды. Лейбористер кезіндегі, экономиканы мемлекеттік реттеу саясатынан бас тарты. Мемлекет тарапынан бөлінетін көмекті мемлекеттендірілген өнеркәсіптерге азайтты. Кәсіпкерлерге еркін сауда кеңістігі ұсынды. Тред-юнион ұйымдарынан үкіметтің әлеуметтік саясатын қолдауды талап етті. 1970 жылы парламент арқылы Өндіріске қатысты заңдарды бекітті. Бұл заң бойынша ереуілге шығуға тыйым салынды. Ереуілге шыққандарды соттауға және айып төлемдерін төлеуге тиісті болды. Кәсіподақ ұйымдары үкіметтің рұқсатынсыз саяси шерулерге шығуға тыйым салынды [13.29]. Өндіріске қатысты заңға қарсы кәсіподақ ұйымдары мен жұмысшылардың шерулері кең етек алды. 1970 жылы ереуілдердің көп болуы, 11 миллион жұмыс күнін жоғалтса, 1972 жылы 24 миллион жұмыс күні жоғалды. Өндіріс иелері қарсы жауап ретінде, өздерінің өнеркәсіп орындарына банкрот жариялап, жұмысшыларын жұмыстан шығарды. Ереуілдік қозғалыс жалпы ұлттық ереуілге айналды.
1970 жылы үкімет басында Эдвард Хит бастаған консерваторлардың келуімен Маргарет Тэтчер Білім және ғылым министірі болып тағайындалды. Консерваторлар элиталық мектептер аясының кеңеюін, жекеменшік секторды дамытуды қолға алады. Тэтчер жалпы білім беретін саланы өркендету жөніндегі лейбористік партия тарапынан болған ұсынысты қабылдаттырмай тастады. Бірақ Хит бастаған консерваторлар партиясы елдегі әлеуметтік-экономикалық салаларды көтеру мәселелерінде кәсіподақтармен оңды тіл табыса алмады [5.45]. 1972 жылы қаңтар-ақпан айларында елде жаппай ереуілге шығу құбылыстары орын алды. Бұл ереуілдерде, 280 мың адам қатысты. Ереуілшілердің талабы жалақыны өсіруді талап етті. Ұлыбритания жұмысшылары сол кезде, орта дамыған Еуропа елдерінің жұмысшыларының жалақысымен тең дәрежеде болды. Бұған Ұлыбританиядағы күнкөріс көрсеткішінің ол елдерден жоғары болып табылатынын қоссақ, шын дағдарыстың Ұлыбританияны меңдеп алғаны белгілі еді. Кейбір баспасөз беттері Ұлыбритания енді Ұлы деген атқа лайық емес, Британия деген сөз, жеткілікті деп жазды. Бұл ереуілдердің нәтижесінде, теміржолшылардың жалақысы 14-25 %-ға өсті. Ереуілге қарсы үкімет күш көрсету арқылы басуға мәжбүр болды. Үкімет кәсіпкерлері мен кәсіподақ ұйымдарының үш жақты келісімі жыл сайын жалақыға 250 фунт стерлинг көлемінде өсіріп отыруға келісті. Бұл кәсіподақтардың нәтижелі жұмыстарының арқасы болатын [14.85].
Э.Хит үкіметі кезінде, Солтүстік Ирландия мәселесі бұрынғыша шиеленіскен күйінде қалды. Протестанттар мен католиктер арасындағы діни қақтығыстар мен террорлық әрекеттер үдей түсті. Ұлыбритания үкіметі Солтүстік Ирландияға 15 мың әскер күшін төксе де, олардың көшедегі іс-әрекеті ешқандай тоқтамады. Ұсталға адамдарды үкіметоргандары сотсыз, тергеусіз түрмелерге жауып отырды. 1972 жылғы басты оқиға, келісімге негізделіп құрылған, парламенттті (стормантты) жабу туралы қаулы шығарылды. Солтүстік Ирландия тікелей Ұлыбритания үкіметіне бағындырылды. 1973 жылы халықтық референдумда Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамында қалама деген сауал өткізілді [6.123]. Сайлауға католиктер байкот жариялады. Ирландиялық ұлтышылдар бұл бастамаға тікелей түрде қарсы шықты. Протестанттар одақта қалуды қалап, 57,5 % дауыс берді. Сайлаудан кейін, Солтүстік Ирландияда төтенше жағдай жарияланды. Э.Хит үкіметі Солтүстік Ирландия туралы және Терроризмге қарсы күрес заңдарын қабылдады.
Ұлыбритания билік орындары жағдайды, төтенше шаралар арқылы шеше алмады. Ағылшын әскері католиктерді қуғынға ұшыратты. Елдеқақтығыстар бұқаралық күреске айналып, 1972 жылы 30 желтоқсанда қанды жексенбі оқиғасына ұласты. Бұл бір кездердегі патшалық Ресейдегі оқиғаны еске салатын. Ағылшын әскері Лондондерри және дублин қалаларында адамдарға қарсы оқ атты [10.41]. Солтүстік Ирландияда 475 адам өліп, мыңға тарта адам жарақат алды. ИРА толықтай күреске шыққанын білдірді. Солтүстік Ирландия мәселесін шешу үшін, Ұлыбритания мен Ирландия Республикасы арасында Саннигдейл келісіміне қол қойылды. Бұл келісім арқылы, Ирландия Кеңесі консультативтік органы құрылды. Кеңеске Ирландия Республикасынан парламент мүшелері мен Солтүстік Ирландия өкілдері кірді. Протестанттардың қарсылығы барысында келісім екі жақтан да ратификацияланған жоқ. Консерваторлар үкіметі Солтүстік Ирландия мәселесін шеше алмады. Ольстер дағдарысы жалғасты.
Э.Хит кезінде, Ұлыбританияда Біртұтас ұлт идеясы кең тарала бастады. Жаңа консерваторлардың тобы үкімет саясатына реформалық өзгерістер арқылы неоконсерватизмді қолдады. Реформа авторлары Г.Джонсон, А.Прост және Р.Боллдар экономиканы радикалды өзгертуге щақырды. Үкіметтің оң қанаттағы мүшелері К.Джозеф пен М.Тэтчерлер де неоконсерватизмді қолдады. Мемелекет қоғамдық қатынастарды табиғи механизмдер арқылы, жеке адамдардың белсенділігін арттыру арқылы жеке кәсіпкерлердің қызметін қолдау, бәсекелестік күресті қолдау арқылы жүргізуді қолдады. Мемелекттік бюджет кірісін және әлдеуметтік басқаруды бақылау мен террорды тежеу құбылыстарын тежеу арқылы тұрақты саясатты қолдады. 1973 жылы денсаулық саласында, реформалар жүргізілуі денсаулық саласындағы кемшіліктердің бетін ашып берді. Барлық денсаулық қызметкерлері жеке қызмет, көмек көрсетуге ауруханаларда емделушілердің орнын көбейту, жеке дәрігерлік көмекпен айналысатын мамандарға қоғамдық денсаулық орындарындағы құралдарды пайдалануға мүмкіндік жасады. Нарықтық экономика кезеңінде жеке меншіктегі дәрігерлік көмек көрсету мен мемлекеттік көмек арасындағы айырмашылықты жойып, ұлттық денсаулық қызмет көрсету жүйесін қалыптастырды [15.67].
Маргарет Тэтчердің басшылығымен білім беру саласында бірқатар реформалар жүргізілді. Ол Ұлыбританияның әлемде озық білім беру артықышылығына ие екендігін алға тарта отырып, оны алға дамыта түсу керектігін айтты. Бұл үрдістердің оңды жалғасуы, Ұлыбританияның әлем алдындағы жан-жақты сипатын қалыптастырады. Білім беру мекемелері жеке меншік білім беру саласы мемелекеттік салаға қарағанда, элитарлық бағытта болуы керек болды [12.89]. Жеке білім беру мемлекеттік білім беруден жоғары болуымен қатар, әр адам өздері анықтауы тиіс болды [36.136]. Мемлекеттік білім беру мен жоғары оқу орындарына бөлініп келген бюджет қысқарды. Сапалы білім беру жүйесіне өту мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Студенттердің саны азайды. Маргарет Тэтчер сапалы білімге, экономикадағы сапалы құрылымға, бәсекелестікке бас назар аударатынын, айта кеткен жөн.
Консерваторлық үкімет білім саласында ақылы оқу жүйесін қолдады. Сондай-ақ үкімен Әділетті бағыт атты тұрғын үй реформасын жүргізді. Тұрғын үй саясатын нарықтық экономикаға бағыттау болды. Тұрғын үй саясатында мемелекеттік дотациялық көмекті алып тастады. Жер сатып алуға берілетін жеңілдіктерді, жердің бағасын либеризациялады. Жер комиссиясының жұмысын тоқтатты. Тұрғын үй реформасы жеке меншіктің еркін жүргізілуіне жағдай жасады. Муниципалдық тұрғын-үй бағдарламасы тоқтатылды. Бұл бағдарламалар мемлекеттік реттеуден бас тарту саясаты болды. Өнжірістік саласында денационализациялау үрдісі жүргізілді. Ірі монополияларға салынатын салық мөлшері азайтылды. Жекешелендіру жүргізілмеді. Э.Хит үкіметі ішкі экономикалық саясатты неоконсерватизм саясаты арқылы жүргізіп, жеке кәсіпкерлердің өндірісінің дамуына қолайлы жағдай жасады. Мемлекеттік реттеу Кейнс теориясынан бас тарта бастады. Кейнс теориясы экономиканы мемлекттің қатаң бақылауға алуын, негіздейтін 16.94.
70-жылдарда Э.Хит үкіметі ішкі өнеркәсіптің дамуына көп көңіл бөлді. Ішкі өндіріске капитал салу инвестициялық саясат арқылы жүргізілді. 1972 жылы ішкі инвестиция 2,5% өсіп, капитал мөлшері 1%-ға артты. Мемлекеттік бюджет мөлшері өнеркәсіпті дамытуға 50% көлемінде көрсеткішті құрады. 1973 жылы өндірісте өнім өндіру 7 %-дан артты. Инфляция төмендеді. Ұлттық өндіріс өнімдерін шығару біркелкі тұрақтанды. 1973 жылы ОПЕК (мұнай шығарушы елдер ұйымы) мұнайдың 1 баррелінің бағасын 3 доллардан 11,65 долларға өсірді. Ұлыбританияда мұнай ауруы кең етек ала бастады. Транспорт саласы мұнай тапшылығын айқын сезіне бастады [5.12]. Шикі мұнай сұранысының 23-сін таяу шығыс елдерінен алып отыратын. Ал Таяу Шығыс елдері Ұлыбританияның Таяу Шығыс мәселесінде, Израйльді қолдауын жаратпайтын. 1973-1974 жылдарда Ұлыбританияда энергетикалық дағдарыс басталып, өндіріске қажетті шикі зат көзі жетіспеді. 1973 жылы Ұлыбританияның дүниежүзілік капиталистік елдер арасындағы үлес салмағы 6,6% болып, дамыған капиталистік елдер арасында бесінші орынға түсті. Бұл көрсеткіштердің реті төмендегідей:
1-АҚШ, 2-Жапония, 3-ГФР, 4-Франция, 5-Ұлыбритания болды. Э.Хит үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі, Еуропалық Экономикалық Ынтымақ (ЕЭЫ) ұйымына кіру болды. Көп жылдар бойына Францияның бархат ветосы кедергі болып келді. 70-жылдарда Ортақ Еуропа идеясын қолдауы Ұлыбританияны Еуропаның елдеріне тереңдей кірігуіне жол ашты. 1972 жылы 22 қаңтарда Э.Хит Брюсселде Ұлыбританияның ЕЭЫ-қа қосылуы туралы шартқа қол қойды [7.23]. 1973 жылдың қаңтарында келісім күшіне енді.Ұлыбритания Еуропалық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болып табылды. Бұл ұйымға кіруі Ұлыбританияның сыртқы саясатының бағытындағы маңызды бетбұрыстардың бірі болды. 1972 жылғы журналистерге берген сұхбатында Э.Хит Еуропалық ұйымға Ұлыбритатнияны кіргізу, менің үкіметімнің маңызды мақсаттарының бірі болатын деп мәлімдеді.
Британ ғалымдар шоғыры бұл оқиғаға салмақты қарады. Сыртқы саясатта Ұлыбритания Хит үкіметінің кезінде, АҚШ және Солтүстік Алянспен арадағы қарым-қатынасты бұзып алмауға тырысатын. 1972 жылғы Брюссел келісімінде Хит АҚШ-ын да, Солтүстік Алянс ұйымын да ауызға алмады. Бірақ бұл оның саяси рөлдердегі айла-амалдарының бірі болатын. Болмаса сыртқы саясатта АҚШ-ның мүдделері міндетті түрде қарастырылатын. 70-жылдардың ортасынан бастап Ұлыбританияның ЕЭЫ-тағы рөлі айтарлықтай өсті [1.156]. Бұл кезеңде Ұлыбританияда барлық сала бойынша түбегейлі реформалар жасау қажеттілігі туындап тұрған кезең еді. Енді консерваторлардың осы қиын кезеңіндегі жағдайына қысқаша дәйекті тоқтала кетсек. Ұлыбритания бұрын-соңды бұндай экономикалық қиын әсерге душар болмаған еді деп, жазады баспасөз беттеріндe [17.90].
Ұлыбритания соғыс жағдайынан соң екінші дәрежелі державалар қатарына көшіп, оның әлемдік кеңістікттегі өнеркәсібінің үлесі едәуір қысқарды. Бұл жолы екі еседей қысқара түсті. Консервативтік партияының беделі осы ғасыр ішіндегі беделінің одан әрмен түсуіне бұл кезең айырықша әсер етті. 1974 жылғы парламент сайлауында консерваторлар партиясы аз дауыс алғаннан кейін, енді лидерлікке кімді қоямыз деген сұрақ тұрды. Пратия лидері Хит бұрынға премьер-министр Дуглас-Хьюманың жетекшілігімен комиссия құрды. Бұл комиссия сайлаудың мәселелерімен айналысу қажет болды. Комисиясның ұсынған шарттары қатаң болды. Бірақ Хит оған көнуге мәжбүр болды. Атқарылған шараларға сәйкес, сайлауға түсуші, өзінің бәсекелестерінен 15% көп жинау тиіс болды. Маргарет Тэтчер де өз кандидатурасын ұсынды.
Бұл қадам өте өресі де көрінді. Өйткені партия тарихында, партия лидері әйел затынан болмаған болатын. Осы уақытта М.Тэтчердің мына бір сөзін еске алмасқа болмайтын: менің әйел екенімді ұмытыңыздар [35.91]. Лидер Хит сайлаушылардан, ұсақ буржуазия мен жастардың қолдауына үміт артты. Оған сондай-ақ ықпалды кабинет иелері мен баспасөз айдарлары да қолдау көрсетті. Осы жерде Тэтчерге қарсы болуышылардың ауқымды компаниясы пайда бола түсті. Ал енді М.Тэтчердің сайлауға түсу барысындағы басты бағдарламаларымен танысуға көңіл бөлсек [18.49]. Ол ең бірінші елді дағдарыстан алып шығу мәселесін ең басты міндеті деп білді. Сондай-ақ инфляцияны төмендетудің шаралары мен экономикалық ысырапшылдық пен қолданыстың мемлекет тарапынан реттеліп отыруының жоғары болуын да көрсету керек.
Сайлаудың нәтижелері Хиттің жақтастыран тығырыққа тіреді. Маргарет Тэтчер сайлаудағы дауыс беруші 276 дауыстан 130 дауыс алса, Хитке-19, Шотландиялық аристократ Фрейзерге- 16 дауыс берілді. Бұл хабарды естіп, Хит бірден қызметтен кету жөніндегі арызын беріп, партия лидерлігінен түсті. Сайлаудан соң. Белгілі болғандай, сайлауға төрт адам ұсыныс беретін болып, олардың ішінен беделдісі У.Уайтлоу саналды. 1975 жылы 11 ақпандағы сайлаудың екінші турындағы нәтижелер М. Тэтчердің толық басымдығымен бітті [19.56]. М.Тэтчерге парламент мүшелерінен 146 дауыс, Уайтлоуға-79 дауыс берілді. Өзінің ең басты бәсекелесінен Тэтчер 67 дауысқа артық жинады. Консерваторлар 1974 жылғы сайлаудағы қатарынан екі жеңілісі оларды 1945 жылғы жағдайға әкеліп тірегендей еді. Партия мүшелерінің саны қысқара түсіп, оған күмәнданушылардың саны арта түсті. Партияда дағдарыс басталған болатын. Осы уақытта партияға жаңа көзқарастағы, іскер, шешімтал, тығырықтан алып шығар бір лидер керек болды. Ол лидер М. Тэтчер болып шықты.
1979 жылдың басына қарай, Ұлыбританияның экономикалық жағдайы нашарлай түскен болатын. Инфляция 20%-дан 7%-ға дейін, қысқарып, баға тағы да 10% өсті. Ағылшындардың әлеуметтік деңгейі күр төмендеп, жалақы уақытылы берілмей, әлеуметтік жағдайы бойынша ортаеуропалық деңгейге жетті. Ұлыбританиядағы өнеркәсіптің жұмыс көрсеткіштері төмендеп, ағылшын өндірістік құралдарының елдегі қолданылуы азайып кетті. Ағылшын өнеркәсібі құлдырады. Англияда үкіметті дағдарыс та басталды. Биліктегі лейбористер, бұған дейін көп дауыс иеленбей келген, оларға либералдар қолдау керсетті. Бірақ либералдар лейбористерден кейін тұрып, тайталаса алмады. Үкіметтің жұмыс атқаруына Шотландия мен Уэльстік парламентарилерде көңіл толмаушылығын білдірді. Оппозицияның лидері бұл жағдайды пайдаланы, бірден қарсы әрекеттерге көшті.
Сайлау күні қарсаңындағы парламенттегі үкіметке сенім бойынша сұрақ мәселесінің атмосферасы сондай қарқынды болып тұрды. Лейбористік партия алға шыға ма деген сұрақ соңғы нәтижеге дейін, белгісіз болды. Билік тұтқасында қалуға лейбористік партяға бір ғана дуыс жетпей қалды. Осылайша олардың үкімет басындағы өкілі қызметтен кетуге мәжбүр болды. Бұндай жағдай Ұлыбританияның кейінгі жарты ғасырында болмаған жағдай орын алды. Жаңа сайлау 1979 жылдың 3 мамырына белгіленді [20.86]. Әрине Тэтчер өз пратиясын билікке әкелуді қалады. Пратияның манифесті, басты көздеген бағдарламасы Тэтчердің өзінің жазуы бойынша ол-елдегі инфляцияны төмендету болды. Ол бойынша Ұлыбританияны өркендету, алға шығару мәселесі де басты орындарда тұрды. Ол бағаның өсуінің бәсеңдейтінін жай айтпай, ол жолға мемелекеттік аппартақа жұмсалатын шығындардың қысқартылуымен жетуге болатынын үндеді. Консерваторлардың сайлау алды бағдарламалары Тэтчердің үндеуі бойынша кәсіпкерлікті дамытудың, жаңғыртудың шараларын атап көрсетті. Бұл бастамалар шағын кәсіпкерлер тарапынан қызу қолдау тапты.
Тағы атап өтер нәрсе, ол ондіріс пен кәсіпкерлік, кәсіподақ саласындағыларға салықтың түрлері бойынша төмендетілуі еді. Бұл дағдарыстағы ел үшін өте тиімді жасалынған жоба болып табылатын. Әсіресе салық бойынша халықтын әлеуметтік жағдаймен аз қамтылған бөліктеріне салықтың біраз түрімен қысқартылуы оң шара болды. Сайлау алдындағы М.Тэтчердің негізгі тезисі ол- мемлекеттің экономикаға минимумдық көрсеткішке дейінгі араласу, кірігуі мен, дамытудың мақсатымен әрбір адам мен компаниялар дербес болуы керек делінді. Осы бойынша консерваторлардың экономикалық жобасы түзілді [21.45].
Сондай-ақ Тэтчер отбасы мәселелері, тұрғын үй бойынша жас отбасы құрушыларға тиімді жеңілдіктермен тұрғын үй берілудің де жобаларын атап көрсетті. Бұл жоба, тұрғын-үй мәселесі қинап жүрген ағылшындарың көпшілігін қуантты деуге негіз бар. Консерваторлардың сайлау алды сенімді іс-шараларына қарамастан сайлаудың соңғы күніне дейін, олардың толық жетістігі айқын бола қоймады. Тэтчердің өзі сайлау күнін, өзінің сайлау округі Финлинде өткізді. Тэтчер 3 мамыр күні көп дауыс жинады. Ол өзінің бұрынға басқа кандидаттарына қарағанда аз айырмашылықпен дауыс алды. Сайлаудың соңғы нәтижелері, консерваторлардың 13 млн. 697 мың адам, лейбористердің-11 млн.532 мың, либералдардың-4 млн адамға дауыс алуымен аяқталды.
Нәтижесінде, мажоритарлы жүйе бойынша, консерваторлар парламенттегі 635 орыннан 339 орын иеленді. Бұндай праламенттік қолдауға арқа сүйеген Тэтчер өзінің көздеген мақсаттарын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сонымен Тэтчен өзінің премьер-министірлік резиденциясын Даунинг-стрит, 10 бойынша иемденді. Сол уақытта барлық сала бойынша түбегейлі өзгерістер болатынан алдын-ала айту қиын болатын. Бірақ көптеген британдықтан бұл сайлаудың тегін болмағанын айқын түсінді. Жаңа қызмет бабындағы Тэтчерге күшті министірлер кабинетін құру қажет болды [22.19]. Тэтчер бұл бастамада, өзінің идеясына толық қосылатын, өзіне берілген, сенімділер деуге болатын үкімет мүшелерінен жасақтады. М.Тэтчер бүкіл саясаткерлерді екі топқа бөлді: біреулері бізден, және біреулері олардан. Үлкен саясат сезіміне ие ол өз кабинетінің мүшелерін, өзіне берілген, бағдараламаларды атқаруға жанын сала істейтін, адамдарды маңызды орындарға қойып, ал қалғандарын өздеріне ықпал өрісі мен беделін өсіруге көмектесетіндер қатарына жатқызып, құрды.
Қазына канцлері орнына Джефри Хау сайланды. М.Тэтчердің бағалауы бойынша, ол өз ісіне, сенімге ие адам. Қазына бөлімінің бастығы Хаудың бас хатшысы, орынбасары болып Джон Биффен сайланса, өнеркәсіп министірі - Кит Джозеф, сауда министірі- Джон Нотт сайланды. Сондай-ақ үкімет мүшелері қатарына, Маргарет Тэтчердің саяси карерасында маңызды рөлдерге ие бірнеше адамдар кірді. Олар: Леон Бриттен, Нейджел Лоусон, Сессил Паркинсон, Питер Рис. Бұл саясаткердің барлығы да үлкен бизнестің мүддесін қорғаушылар болып табылады. Тэтчердің бірінші кабинетінің 22 министірінің 18 министірі бұрынығ Хиттің администрациясы кезінде қызмет атқарған болып табылатын. Тэтчердің экономикалық саясаттарына олардың көпшілігі жақын жүрмеді. Нәтижесінде Тэтчердің бірінші кабинетінде тек қана тоғыз министр қалды. Олардың ішінен қаншамасы оппозициялық өкілдер қатарына саналатын.

нұсқасы
Тэтчердің бірінші үкіметі экономикалық бағдарламаларды орындауды алдыңғы қатарғы мәселеге қойды. Бұл экономикалық бағдарлама тэтчеризм деген атауға ие болды. Ал кейіннен бұл атау түрлене келе, тэтчерлік революция деп аталды. Ол Маргарет Тэтчердің өзінің саяси карерасының бастапқы сатыларында үнделген принциптерге негізделді. Ол бойынша: еркін кісіпкерлік, экономикаға үкіметтің минимумдық шамаға дейін араласуы, салықтөлемінің тікелей төмендетілуі, жеке бизнестің дамуының стимулдері, монополияны ликвидациялау мен бәсекелестіктің дамуы шаралары жатқызылды. Осы жерде Тэтчердің мына сөзін кірістіре кету керек секілді: мен әрбір адамның меншігі болуын қалаймын. Бұдан шығатын қорытынды үкіметтің әрбір адамның мүмкіндігінше бай болуына жағдай жасау мен қолау туғызуы еді. Өмір сүру деңгейін жоғарылату мәселесі, Тэтчердің беделінің артуына жағдай жасады. Еркін кәсіпкерлік, салықтың төменгі шегі, шағын бизнестің өрістеуіне қолдау білдіріліп, ол кеңінен жүргізіле бастады.
Тэтчердің және ол құрған тэтчеризмнің басты элементі монетаризм принцптерін ұстану болды. Бұл саясат қаржы саясатын түбегейлі өзгертуден бастау алды. Алайда қаржы саясаты инфляцияның артуына әкеп соқты. Мұның соңы әлеуметтік салаға бөлінетін, мемелекеттік шығындарды азайтып, ұсақ және, шағын бизнеске жеңілдіктер жасауға алып келді. Осының ықпалынан акциясы бар британдықтардың саны үш еседен асты. Акцияны сату табысты молайтып, тауарлық өнімнің өзіндік құны арзандады. Халықтың қарапайым бөлігі қол жетімді пәтерлерге ие бола бастады. Тұрғын-үй мәселесінің оңды шешілуі консерваторлардың жалпы Ұлыбританиядағы қолдаушыларының артуына, сенім білдірушілердің молаюына әкелді. Маргарет Тэтчердің үндеуімен муниципалдық үйлерді тіпті 60 пайыздық көрсеткішке дейін сатып алуға мүмкін болды. Ірі компаниялар жеке меншікке өтіп, халықтық капитализм орнықты. Монетаризмнің экономикалық доктринасы 60-жылдардың басынан бастап, бедел ала бастаған болатын [23.27].
Ол Мильтон Фридманның Капитализм және еркіндік атты кітабы шыққан уақыттан шарықтай түсті. Бұл теория бойынша ақша массасының өсуі, оның экономикалық өнімдердің үстінде тұруы барлығы инфляцияның себептері болып табылады. Бұның барлығы саяси біилік орындары реттей алады. Өйткені үкіметттің қолында техникалық мүмкіндік бар. Ол ақша массасының айналымға шығуын қадағалап, оны ізінше азайта алады. Бұл теорияның екінші маңызды жағы ол экономикалық саясат кәсіпкерліктің аясын шектемеуге тиісті,капитализмнің механизміне араласу қажет емес, ол тек өнімдердің азаюына әкеліп соғады. Экономиканы кез-келген жағына реттеуді еркін нарыққа қалдыру керек деді.
Тэтчеризм саясаты ең алдымен ел бюджетін қайта құрудан басталды. Бюджет 1979-1980 жылдары Маргарет Тэтчердің ең көп белсенді әрекет еткен жері болып табылады. Ол мемелекеттік бюджет саясатын түбегейлі өзгерістер енгізумен баса айналысты. Бұл сонымен қатар салық саясатына да қатысты еді. Салық саясатында бірқатар оңтайлы екі есеге жуықтай қысқартулар немесе төментетулер жүрді. Мемелекеттің кірісіне түсіп жатқан кірістер өнеркәсіпті жаңарту мен дамытуға жұмсалына алатын. Бірақ бастысы мемелекеттік шығындардың қысқартылуы болатын. Тэтчер ысырапшыл министірлікке шығындарды 3.5 млрд фунт стерлингке азайту тапсырмасын қойды. Әрбір ведомствада 10-20% штатттар қызметтері қысқартылды. Бұл тек денсаулықсақтау министірлігі мен қорғаныс саласын ғана қамтымады. Өйткені Ұлыбританияның саяси жағдайы осы екі салаға мұқтаж болатын. Әскери саланы дамытуға бірқатар тиімді өзгерістер енгізілгенін айта кету керек.
Бұл жерде Маргарет Тэтчердің тэтчеризм саясатының аясында жүргізіліп жатқан бағдарламалардың көпшілігі саннан сапаға (экстенсивті жағдайдан интенсивті жағдайға көшу) өту деп, қабылдағанымыз жөн. Бағдарлама бойынша 1979 жыл мен 1989 жылдар аралығында азаматтық әскери міндетін атқарушылар саны 732,3 мың адамнан 567,2 мың адамға қысқартылды. Үкіметтің мемелекеттік басқару құрылғысының іскерлігін көтеру мақсатында Тэтчер мемелекеттік аппаараттарда менеджеризациялау жүргізді. Сапалы менеджерлердің санын арттыру көзделді. Ол жоба бойынша жеке корпорациялардан және сырт елдерден тәжірбиелі менеджерлерді шақырды. Мәселен қара металлургия, көмір өнеркәсібі саласында модернизация жүргізу барысында американдық миллионер Я.Макгрегор шақырылды.
Жаңа экономикалық қаржы саясаты бойынша инфляцияны бәсеңдету мен жұмыссыздықтың санын арттырмай көзделінді. Бірақ-та екінші қаржы мына міндеттерге құрылды. Мемелекттің қаржы шығындары әлеуметтік сфераға едәуір қысқарып, ал шағын және орта бизнеске жаңа жеңілдіктер жасалынды. Мемелекеттік секторға қарыз 3.5 млрд фунтқа қысқарып, жаңа жанама салықтар енгізілді (бензинге, машина майларына, автомобилдерге, темекі өнімдері мен спиртті сусындарға) [24.75].
Рас Маргарет Тэтчер әлемнің жарты шарын социализм идеялары билеп-төстеп тұрғанда үкімет басына келді. Ағылшын қоғамы консерваторлар жарқын болашаққа бет алған машинаның бұзылған тежегіші іспетті дегшен ұрандарды жиі көтеріп жүрді. Өндіріс орындарындағы барлық шарттарды солшыл кәсіподақтар жүргізді. Олар қарызға белшесінен батқан, қайтарымы жоқ, шахталар мен зауыттардың жұмысын тоқтатуға қарсылық білдірді. Тэтчер премьер-министр қызметіне жаңадан кіріскен тұста ереуілдеоге миллиондаған адам шығып, өз наразылықтарын білдіріп жатты. Ол адам өз қалауы бойынша жұмыс жасауы тиіс әрі еңбегінің ақысын өз еркінше жұмсауға құқылы және өз иелігіне қожа бола білуі керек деген ұранды қоғамның талқысына алып шықты. Экономикаға модернизация жасау арқылы оның әлсіз буындарына қолдау білдірді. Оның бұл мақсатта үлкен тәжірбиесі болатын. Осы тәжірбие оның саясат кеңістігінде өз-өзіне сенімді іс-әрекеттер жасауына арқау бола білді. Сол кезеңдегі әлем бойынша экономикасы ең озық деген мемелекеттер қатарына Ұлыбританияда жататына.
Бірақ олардың ішіндегі мықтыларын санамалап келгенде Ұлыбритания өзінің жүз жыл бұрынғы экономикалық, әлеуметтік, өндірістік қуатын сақтап қала алмайтын. Бұл кезде Жапонияның, ГФР, АҚШ секілді мемелекеттердің экономикалық даму, өсу көрсеткіштері Ұлыбританиядан әлдеқайда жоғары болатын. Әсіресе соғыстан жеңіліп шыққан ГФР, Жапония елдерінің даму қарқыны таңқалдырарлықтай еді. Ұлыбритания, Франция елдері бұл даму қатпарларынан кейінгі орынды иеленетін. Маргарет Тэтчер сондықтан да Ұлыбританияның экономикалық, әлеуметтік деңгейін көтеру жолында бар күшті жұмылдырды. Ұлыбританияда жалпы дағдарыс ол 1950 жылдардың орта шеніне орын алған болатын.
Бұның себебі мынада болатын. Ұлыбритания 300-400 жыл уақыттан бері отарлы империя болып саналатын. 1947 жылы Британ інжу-маржаны немесе Британ тәжі аталған Үндістан бөлініп кеткеннен кейін, Британ отарлары жаппай тәуелсіздік ала бастады [19.68]. Шикізат өнімдерін, арзан жұмысшы күшін пайдаланып қалған британдық капиталистерге бұл ауыр тиді. 50-жылдардың ортасынан Ұлыбританияда жиі-жиі экономикалық дағдарыс болып тұрды. Бұл үрдісті реттеуге бірінен кейін, бірі келіп жатқан үкіметтердің мүмкіндіктері жете бермейтін.
Экономика саласына қатаң бір реформалардың керек екендігі сөз жоқ көрініп тұрды. Үкіметтің атқарған шараларының нәтижесінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz