ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Алматы - 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Қашықтықтан оқыту технологиясы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қашықтықтан оқыту жүйесінің модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қашықтықтан оқыту кезінде компьютерлік оқыту программаларын құру әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Компьютерлік оқыту программаларын құрудың жалпы жолдары ... ... ... ...
ІІ. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ..
2.1 Мәліметтерді өңдеудегі қолданылатын технологиялардың мінездемесі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 MOODLE қашықтан оқыту жүйесін енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
2.3 TAMOS University Suite v.1.8 оқытуды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дүние жүзілік дамуына көз салсақ, оның бірнеше үлгі аларлық, алдыңғы қатарлы бағыттары көзге түседі. Тиімді де ұтымды деп танылған осы бағыттардың ішіндегі қашықтықтан білім беру жүйесін ерекше атауға болады. Жалпы қоғамға ашық түрде үздіксіз білім беру тәсілімен көзге түсетін қашықтан оқып-үйрену жүйесі осы күнгі ең болашағы бар оқу түрі болып саналады.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, компьютерлік те - лекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін қызметтерінің жиыны.
Республика бойынша қашықтықтан оқытуды жоғары деңгейде дамыту үшін білім берудің дүние жүзілік бірегей кеңістігіне енудің маңызы зор. Ол үшін Республикамыздағы білім беру жүйесін қашықтық принциптеріне сәйкес болуы тиіс. Қазақстандағы білім беру құрылымдарын қайта құрып, жарақтандыруды осының өзі зор мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Қазақстанда қашықтықтан оқытудың ашық университеттер, телеоқу, виртуалды оқу салаларын ақпараттандыру үшін білім беру жүйесін қайта құру ісіндегі қажетті шарт болмақ. Қазіргі кезде Республикамыз бойынша орта білім беру салаларын ақпараттандыру жұмысы жүргізілуде. Білім беру са - ласын ақпараттандыру ісі жүріп жатқан кезде, қазірдің өзінде елімізде кейбір оқу орындарында жүйелер негізінде мультимедиалық құралдар арқылы оқудың автоматтандырылған жүйелері зерттеліп іске асуда. Қазіргі кезде мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелердегі құрылып жатқан компьютерлік сыныптарында оқу процесі кезінде электрондық оқулықтар мен мультимедиалық курстарды кеңінен пайдалануға мүмкіндік берері хақ.
Қазақстан Республикасында өріс алған ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары оқу орындарының оқу жүйелерің ақпараттандыру жөніндегі дайындалып жатқан бағдарлама республикамыздың оқу орындарын - да қашықтықтан оқыту жүйелерінің құрылып, өркендеп, дамитынына берік негіз бола алады.
Демократиялық Қазақстанның білім ортасын құру және Республиканың әлемдік білім кеңістігіне кіруі жоғарғы дәрежелі профессионалдарды дайындауды және жоғары дәрежелі сапалы білім мен тәрбиені қажет етеді. Бұл тапсырмалардың шешімі қазіргі білім мен информациялық технология арқылы шешіледі.
Қашықтықтан оқытудың негізгі тапсырмалары мыналар
oo институттың білім коммуникациялық мүмкіншіліктерін жетілдіру.
oo қазіргі ақпараттық технологиямен қамтылған оқытушы кадрларын дайындау.
oo ақпараттық білім мен білім мәліметтер қорын жинақтау.
oo қашықтықтан оқыту әдісінің қазіргі әдістемесін және соған келісімді қамсыздандыруды өңдеу.
Қашықтықтан оқыту программасы оқу процесін ұйымдастыруды қадағалайды және студент білімін тексеру үшін тест жүргізіледі.
Программаның ерекшелігінің бірі - ол оқушы немесе студент Қазақстанның жерінен немесе басқа да қашықтықтан өзінің логині мен паролі арқылы институттың оқу серверінен өзіне керекті оқу-әдістемелік комплексін ала алады. Бұл программаның тағы бір ерекшелігі-оқытушы мен оқушы арасында кері байланысты on-Line және off-Line режимдері арқылы қамтамасыз етуі (видеоконференді байланыс, хат алмасу, форум және т.б.).
Дүние жүзі бойынша дистанциялық түрде білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі оқушылардың кез-қелген колледждер мен университеттердегі оқу программалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына шектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істі өркендете түсуге мүмкіндік туады.
Көкейтестілігі:
Бүгінгі күні тез дамып келе жатқан білім беру жүйесінің бір бағыты болып саналатын қашықтықтан оқыту жаңа ақпараттық технологияға негізделіп, байланыс қызметінің жаңа үлгісін пайдалануда. Әлемдік тәжірибеде қашықтықтан оқыту кеңінен қолданылып, білім берудің барлық сатысындағы шығынды азайтуға септігін тигізіп отыр.
Кең территориялы және елді мекендері қашық орналасқан Қазақстан үшін қашықтықтан оқыту өте өзекті мәселе. Қашықтықтан оқыту технологиясы - бұл оқытушы бақылауында білімнің белгілі массивін қалыптастырудағы формалар мен әдістердің және құралдар жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстан үшін қашықтықтан оқыту арқылы білімгерлердің білімдерін көтеру өте маңызды. Он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға білімгерлердің белсенді қатысуы, Интернет-технологияларды болашақта кәсіби шеберліктерін жетілдіруде қолдануы ҚО дамытудың бірден-бір жолы.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - ол жеке адамды өз алдында интеллектуалды дамыту, сонымен қатар ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйренуі тиіс.Себебі, оның ерекшелігі - ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Біз Қашықтықтан оқыту арқылы білімгерлердің білімдерін көтеру; Он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға білімгерлерді белсенді қатыстыру; Интернет-технологияларды болашақта кәсіби шеберліктерін жетілдіруде қолдана білу.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы - Студенттердің білім деңгейін көтеру мақсатында білім берудің тұтас ақпараттық жүйесін құру дегеніміз. Сонымен қатар, біз әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, онда біз осы тұста ұтарымыз анық.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мыналар:
1. Технологиялықтық
2. Оқытылудың қол жетімділігі және ашықтығы
3. Сапалы білімге тәуелсіздік
4. Қашықтықтан оқыту жүйесінің даралығы.
Жұмыстың құрылымы. Жұмысым кіріспе, үш бөлім және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты, ақтуалдығы, міндеті, қызметі, маңыздылығы, яғни жұмысымның теориясы және практикасы баяндалады.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздемесі бөлімінде: қашықтықтан оқыту ұғымы, қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы, қашықтан оқыту кезінде компьютерлік оқу құралдарын дайындаудың жалпы жолдары, оны құрудың әдістері, қазіргі ақпараттық технологиялар ұғымдарының анықтамалары нақтыланады және білімді ақпараттандыруға қатысты интегралданған оқытуды ұйымдастыру құралдары баяндалған.
Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру атты екінші бөлімінде: Қашықтықтан оқытудың технологиясының мүмкіндіктері, мәліметтерді өңдеудегі қолданылатын технологиялар ерекшеліктері мен мінездемесі, MOODLE, TAMOS жүйесі туралы мәліметтерҚашықтықтан, Қашықтықтан оқыту процесінің мазмұнына аса көңіл бөлінген материалдар берілген.
Қашықтан оқыту моделдері деп аталатын үшінші бөлімде:
Информатика және ЕТ кафедрасына байланысты HTML, CSS, Php программалары арқылы жасалған оқу порталы, Қашықтықтан оқыту ұғымына қатысты негізгі ұғымдар мен сөздік (Глоссарий) берілген.
Электрондық бөлімде ... . порталы құрылған.
Қорытындыда ... нәтижелер, қайжерде қолданылуы т.б.
І. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
НЕГІЗДЕРІ
0.1 Қашықтықтан оқыту технологиясы
Қашықтан білім беру деген тер - мин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, істеп жүрген жұмысыңнан немесе оқудан қол үзбей, біліміңді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің мәнін тереңірек ашар болсақ - қашықтан білім беру ісі оны жүзеге асыру бағытындағы әдістер мен тәсілдерді жете меңгеруге талпынғаннан гөрі осындай мүмкіндіктер болашағын жете ұғынып, оның қажет екендігін түсінуден тұратынын байқауға болады.
Қашықтан оқытуда біздің елдегі және шетелдік тәжірибелердің өрісі кеңейе түсуіне қарамастан, ол туралы әлі күнге шейін көпшілік мақұлдаған анықтамалар жоқтың қасы. Бұл істің соны бағыт екендігін ескерсек, білімдегі мұндай табиғи құбылыстың анықтамаларының да саналуан және көп болуы, оның күн талабының биік тұғырынан көрінген, зерттеулер жүргізуге болатын жаңа әрі өміршең бағыт екендігін дәлелдейді.
Соңғы жылдары Ресейдің жоғары оқу орындары жөніндегі мемлекеттік комитетінде зерттеліп бекітілген оқытудың бірегей жүйесін құру туралы негізгі концепция бойынша қашықтан білім беру дегеніміз - белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, компьютерлік те - лекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін қызметтерінің жиыны деп айтуға болады.
Қашықтан оқыту үздіксіз білім беру тәсілінің бірі болып саналады. Ол білім жетілдіруге арналған ақпараттармен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әрбір адамның білім алып, керекті мәліметтерден хабардар болуы жөніндегі құқын орындайтын негізгі мүмкіндік рөлін атқарады.
Қашықтан білім беру жүйесі оқыту - дың қоғамдағы интегралдық түрлерінің қатарына жатқызуға болады. Білім берудің бұл тәсілі ақпараттық технологияларды және оқу материалдарын шәкірттер санасына ұғынықты етіп, жеткізіп, оларға оқу бағдарламасын өз беттерімен оқып - үйренуге, оқушылар мен оқытушыларды өзара сұқбаттасу арқылы пікір алмасуына және оларды техникалық құралдарды кеңінен қолдана білуге машықтандыруға бағытталған. Оған қоса мұндай оқу процесі уақыттан тәуелсіз (кез келген шақта), нақты білім беру мекемесінің орналасуына қарамастан жүргізіле береді. Осындай ерекшеліктеріне қарай қашықтан білім берудің бірегей жүйесін құру мен оны дамыту бағытындағы басты мақсаты - мектеп оқушыларына, студенттерге, азаматтық және әскери мамандық иелеріне өз еліміздегі және шетелдердегі шәкірттерге олардың қалаулары бойынша кез келген оқу орнынан білім алуларына жағдай туғызу болмақ.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:
* Дидактикалық жүйе;
* Технологиялық жүйе;
* Қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:
1. Ақпараттық-рецептивті;
2. Репродуктивті;
3. Мәселелік мазмұндау;
4. Әвристикалық;
5. Зерттеу;
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты - ол біздің XXI ғасырымыздың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Білім берудегі ақпа - раттандыру бағыты, ол жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Білім алушылардың барлығы қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру процесіндегі ең негізгі қолайлы уақытты, ыңғайлы орынды, тиімді темпті жұмысын құрайды. Сол үшін де тыңдаушылар өз беттерінше жұмыстың
әдістемесі мен техникасын, білімді жоғарғы деңгейде өз бетімен толықтыру негіздерін меңгере білуі керек. Нәтижелі түрде білім алып, оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс жасай алуы керек.
Қашықтықтан білім беруді дамытудың электрондық ақпараттық білім беру ресурстарын жүйелі жинақтау өте маңызды. Қашықтықтан оқытуды дамыту -АКТ негізінде электрондық оқулықтарсыз мүмкін емес. Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі ақпараттық ресурспен қамтамасыз етуге үлкен мән бере отырып барлық күшті білім беруде электрондық контенттің мазмұнын дайындауға бағыттады. Оқытудың ең тиімдісі электрондық және мультимедиалық оқулықтардың қашықтықтан оқыту жағдайында білімнің негізгі ақпаратты құралы екені даусыз. Өйткені электрондық оқулық тек қана ақпарат көзі емес, сонымен қатар ол оқыту функциясын және жүйелі кері байланыс қызметін атқарады.
Егер қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алып қарасақ, ол дегеніміз білім алушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылып жасалынған оқу формасы болып табылады. Тар мағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы білім алушылар мен оқытушылар арасындағы жоғары дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-видео кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптары мен оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі. Қашықтықтан оқытуда интерактивті құрылғыларды қолдану білім беру жүйесінде үлкен рөл атқарады.
Шет елдерге көз салатын болсақ, Америка Құрама Штатында 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алып отырса, ал Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді екен. Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істеп отыр. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізіліп отырады. Сонымен, біздің еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді, бірқалыпты қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.
Шетелдік тәжірибеге сүйенер болсақ, қашықтықтан оқытудың тиімділігі - студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, үйде болсын, жұмыста берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығын айтып кетуге болады. Шалғайдағы, өздері білім алғылары келген кез келген шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы - білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.
Қашықтықтан оқыту қалай қолданылады?

Кең территориялы және елді мекендері қашық орналасқан Қазақстан үшін қашықтықтан оқыту өте өзекті мәселе мәселе болмақ.
Қашықтан оқыту технологиясы - бұл оқытушы бақылауында білімнің белгілі массивін қалыптастырудағы формалар мен әдістердің және құралдар жиынтығы.
Қазіргі кезде бұл білім жүйесінің ажырамас бөлігі, құрамдас элементі болып отыр. Сондықтан ҚО технологиясы білімнің барлық формаларына тез кіріге отырып, оларды толықтыра түсетінін ескеру керек.
Қазіргі уақытта көптеген жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды орнату және оны ұйымдастыру бағдарламасы аясында жұмыс жасалуда.
Қашықтан оқыту нәтижесінде білімгерлер:
* Университет сайтында жазылған оқуға қажетті материалдар, оқу жылының басында студент өзіне қажетті ақпаратты электрондық түрде алуларына болады (СД, е-mail);
* Жыл көлемінде білім беру оқытушының кеңесімен жүреді;
* Теорияны оқи отырып, практикалық және лабораториялық жұмыстарды жасай отырып, студент аралық тестілеуден өтеді;
* Сынақ пен емтихандарды тапсыру студентке қолайлы уақытта универсиетте немесе оның респупликадағы аймақтық жерінде өтеді;
* Мемлекеттік емтихандар тапсыру мен диплом қорғауда студенттің міндетті түрде қатысуын қажет етеді.
Қашықтықтан оқыту оқу процесінің мазмұны:
* Университеттегі оқу процесі бөліктерге бөлінеді, бөліктер шолу дәрісі, бейне түрінде лекциялар(видеолекциялар), компьютерлік сағаттар мен түрлік тестілеуден тұрады.
* Үй тапсырмасын реферат түрінде жазып, өзін өзі тексеру сұрақтарына жауап береді, білімнің негізінің логикалық схемасын жасайды, терминологиялық сөздер бойынша жұмыс істейді.
* Аудиокурстар шет тілін оқуда студенттерге магниттік қондырғылар арқылы өткізіледі. Компьютерлік оқу сағаттары арнаулы компютерлік техникамен жабдықталған залдарда болады.
* Студенттер арнайы жобадағы оқу мазмұнымен бейнедәрістер көреді.
* Әрбір бөлімдерге басты тақырыптардың кілттері мен бағдарламасы жасалған - іскер ойындар, пікірталастар, дөңгелек үстел
* Студенттер университеттегі қазіргі әдебиеттердің әлемдік қоры сақталған бұқаралық кітапханасын пайдалануға құқылы.
Барлық осы аталған материалдар әрбір студенттің жеке кітапханасына лайықталып білім берудегі әлемдік білікті мамандармен жасалған.
Қашықтықтан оқытуды тәмамдаған студент Мемлекеттік үлгідегі дипломды алып шығады.
Қашықтан оқытудың артықшылықтары
1. Технологиялықтық - электронды білім алуда қазіргі заманғы соңғы программалық және техникалық программалық құралдар арқылы оқылатындықтан оқытылу тиімдірек жүзеге асырылады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы визуальды ақпаратты жарқын және динамиалық түрде жасауға болады.
Интернет жүйесінің дамуы және Интернетке жылдам кіру мүмкіндігі, дыбыс, видео мультимедиалық технологияларды қолдану қашықтықтан оқыту курстын толық және қызығырақ түрде береді. (АҚШ - тың білім беру оқу орындары:
:: екі жақты инерактивті видео
:: бір жақты видео, екі жақты аудио
:: кәдімгі видео трансляция
:: видеокассеталар
:: аудио графика
:: аудио конференциялар
:: аудио кассеталар
:: two way online interactions
:: Internet
2. Оқытылудың қол жетімділігі және ашықтығы - оқу орнынан шалғай жерде үйден немесе офистен шықпай оқытылу мүмкіндігі. Бұл оқудың артықшылық кез келген мамандарға өзінің негізгі қызметіне қосымша білім алуға мүмкіндік барлығында. Сонымен қатар оқуды өзіне ыңғайлы уақытта яғни күндіз, кешке немесе демалыс күндері оқуға болатындықта. Интернет және компьютер бар жер шарының кез келген нүктесінде отырып оқуға болады. Негізінен алғанда қашықтықтан оқу жай оқуға қарағанда арзанға түседі. Себебі: жолға, мұғалімдерге, басқа қаладан оқитын болған жағдайда тұратын орынға да қомақты қаржы жұмсалмайды.
3. Сапалы білімге тәуелсіздік - қажетті курсты таңдаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Кез келген мемлекеттен кез келген бірнеше курстарды таңдау өте жеңіл жүзіге асырылатын болды. Қазіргі таңда интернет жүйесінде түрлі мамандықтарға арналған қашықтықтан оқыту курстар пайда болуда. Сонымен қатар әлемнің ең үздік универсиеттерінде қашықтықтан білім алу мүмкіндігі пайда болды. Адамдар өз қалауы бойынша жасырын түрде, басқа ат тіркеу арқылы оқуына болады. Сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектерге де қашықтықтан оқыту өте ыңғайлы білім алу түрі.
4. Қашықтықтан оқыту жүйесінің даралығы. Қашықтықтан оқыту оқытудың көбіне даралық түрде беріледі. Оқытылушы өзі өзіне ыңғайлы оқу графигін таңдау, жеке сабақтарды қалауы бойынша қайта оқуға немесе бірнеше сабақтарды қалдырып кету еркіндігі бар. Тыңдаушы оқу материалдарын тек сессия кезінде ғана емес бүкіл оқу мерзімі уақытында оқи алады. Бұл оқу жүйесі білімгердің өзі дара түрде оқитындықтан, оның білім алу қабілетін дамытады. Практиканың нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыған білімгер жай оқуда оқитын білімгермен салыстырғанда оның бойында тәуелсіздік, мобильдік және жауапкершілік қабілітері жоғары болады.
Сонымен қорыта айтқанда қашықтықтан оқыту артықшылықтары:
* Қалаған уақытта, қалаған жерде оқуға мүмкіндігі бар;
* кәсіби қызметпен қатар да білім алуына болады;
* ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқу үрдісінде студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
* білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқыту кемшіліктері:
* Білім алушымен оқытушының тікелей қарым қатынасының жоқтығы. Ал жанында оқу процесі жайлы бір бірімен шынайы эмоциясымен білдіре алмайтындықтан ол оқу поцесінің басты кемшілігі болып саналады. Мұндай жағдайда топ арасында шығармашылық атмосфера құру қиын соғады.
* Дербес компьютермен Интернеттін қажеттілігі. Ақпараттын әрдайым қажеттілігі. Жақсы техникалық жабдықталудың қажеттілігі, өкінішке орай барлық қалаушылар Интернетке кіру және қашықтықтан оқытудың барлық құралдарымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бола алмайды.
* Оқу процесіне жоғарғы талап және әр тыңдаушылардың мотивтерінің күрделілігі.
* Білім тексеру кезінде қолданушылардың біліміг көрсетудегі қиындықтар, себебі желінің арғы жағында кім отырғаны белгісіз. Бұл жағдайда тьютордың жоғарғы біліктілігін қажет етеді. Бұл мәселе әдетте білім алушы жағына видеокамера және сәйкес программалық оқыту құру арқылы шешіледі.
* Бір бүтін реттелген жеке - психологиялық шартарды қажет етеді. Қашықтықтан оқытуға қатаң дисциплина қажет және оның нәтижесі тек білім алушының өзінің ынтасы арқылы жүзеге асады.
* Әдетте білім алушылар практикалық және тәжірибиелік білімдердің жетіспеушілігін байқайды. Білім алушыға әрдайым қатаң бақылаудың жетіспеушілігі.
* Қашықтықтан оқыту жүйесін құрудың, курстын өзінің ұйымдастырудың және техникалық құралдарының жоғарғы қаражатты шығын қажет ететіндігі.
Уақытша кедергілер немесе кемшіліктер
* Компьютерлік біліктіліктін жеткіліксіздігі, қашықтқтан оқыту тәжірибиесінің жоқтығы және көптеген оқытушы мен білім алушылардың мұндай оқыту түріне дайын еместігі оның орнына дәстүрлі сыныптық сабақ түрін қалайтындықтарында.
* Қазақстанда ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрлымдардың жеткіліксіздігінде.
* Қазіргі таңда квалификационды мамандардың аздығынан оқыту программалары және курстардың сапасының толық түрде қашықтықтан оқытудан білім беру талабына сай келмейтіндігінде.
* Қашықтықтан оқытуға дайындық және оның өткізуге әдістемелік материалдардың аздығы.
* Қашықтықтан оқытуда стандарттардың жеңіл қолдануы. Стандарттардың жетілмеуі салдарынан оқу материалдарының қайта қолданылулары, бірнеше рет қайталанылулары және ауыса қолданылулары.
* Жоғары квалификациялы мамандардың іздеу жұмыстарының қиындығы себебі сапалы мультимедиялы курстарды жасау үшін пән бойынша маман, суретші немесе дизайнер және программистен құралған бір топ команда қажет.
* Қазіргі таңдағы қашықтықтан оқыту курстарының инерактивсіздігі. Қазіргі таңдағы қашықтықтан оқыту курстарының мазмұндық негізін мәтіндік материал және жай графикалық объекттерден (схема, сурет, кестелерден) құралған лекциялар және білімді тексеру бөлімі тестік тапсырмалардан құралған.
* Курстын аяқтау процентінің аздығы қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану тәжірибесінің аздығы және білім алушылардың мотивтерінің қатаң еместігіне байланысты.
Қашықтықтан оқыту формалары
Қашықтықтан оқыту компьютерлік телекоммуникация арқылы жүзеге асып келесі сабақ формаларында өтеді:
Чат - сабақ -- оқу сабағы чат - технологиясын қолдану арқылы өткізіледі. Чат - сабақ синхронды өтеді яғни барлық қатысушылар чат-қа қосылу мүмкіндінгін бір уақытта алады. Көптеген қашықтықтан оқытатын мекемелерде чат - мектептер болады ол дегеніміз - арнайы чат - сыныптарда қашықтықтан оқытушы және білім алушылдардың қызметтері ұйымдастырылады.
Веб - сабақ -- телекоммуникация құралдары арқылы және Бүкіл әлемдік өрмектін басқа да мүмкіндіктері арқылы өткізілетін конференциялар, семинарлар, кәсіби ойындар, лабораториялық жұмыстар, тәжірибиелер және басқа да оқыту сабқтарының формалары.
Веб - сабақтарға арнайы білім беруге арналған веб - форумдар қолданылады.
Чат - сабақтардан веб - форумдардың айырмашылығы жұмыс уақытының ұзақтығында және оқытушы мен білім алушының қарым қатынасы асинхронды түрде жүргізілетіндігінде.
Телеконференция -- Білім беру телеконференциялары білім беру мәселелерін шешуге негізделеді.
Сонымен қатар қашықтықтан оқыту формаларының белгілі бір аумақтарға оқу материалдары жай почта арқылы жіберуге болатын түрлері де бар.
Білім алушы әр дайым практикалық жұмысты орындау арқылы автоматтануға дағдыланады. Бірте бірте практикалық жұмыстарға ене отырып теориялық бөлімі еш қиындықсыз меңгеріледі. Теориялық білім мен практикалық білімнің бірге қалыптасуы - материалды жүйелі түрде және аудио және видеотасмалдаушылардағы материалды қайталау арқылы жүзеге асады.
Телеқатысу (Телеприсутствие): Қашықтықтан оқытудың көптеген формалары бар. Мысалы қашықтықтан қатысу R.Bot 100 роботы арқылы. Қазіргі таңда осы оқыту формасына тәжірибие жүргізілуде. Білім алушы өзінің үйінде оқытушымен робат арқылы қатынасады мұғалімнің қойған сұрақын робот арқылы білім алушы естип оған жауап береді.
ҚОТ бірнеше түрлерімен іске асырылады:
1) ТД-технология;
2) желілік технология;
3) кейс-технология.
1) ТД-технологиясы
Теледидарлық білім беру технологиясы мына екі принциптік үлгі ақпараттық толқыннан тұрады:
Бірінші тік толқын бағыт бойынша: оның негізінде үлкен көлемде ақпараттар беруші, ақпараттық - телекоммуникациялық орталықтық торабы;
Екінші кері толқын бағыт бойынша: ол аз көлемде ақпараттар (есептер мен сұраныстар) беруші, оқу орталығының торабы - Интернет немесе ақпараттық торабы арқылы.
Ортақ білім кеңістігін ұйымдастыру, оқу аудио және видео материалдарын тарату.
Сонымен, ТВ технологиясын қолданған кезде келесі мүмкіндіктері бар байланыс арналарды қолданылуы тиіс:
а) білім алушыға - 2Мбитс кем емес болуы;
б) білім алушыдан - 128 Кбитс кем емес болуы тиіс.
Желілік технология
Желілік - технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу - әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген. Оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей және жанама түрде желілік ұйымдастыруды және қашықтықтан оқытуда қадағалау арқылы оқу материалдарына желі арқылы кіруді қамтамасыз ету және қорытынды шығару.
Қашықтықтан оқытудың желілік технологиясын мақсатында білім беру ұйымында мыналар болуы тиіс:
а) оқу порталы;
ә) желіге шығатын, яғни телекоммуникациялық құралдар;
б)электрондық оқу залы, электрондық кітапхана және т.б.
в)мультимедиялық желілік контенті;
г) желілік тестілеуші кешен болуы тиіс;
д) білім алуды басқарып отыратын желілік жүйе;
е) контентті басқаратын желілік жүйелер;
Кейс-технологиясы
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе -- портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Оқу материалдарын өздігінен контрольды тапсырмаларды орындау арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін формасында дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың комплекттері.
Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым - мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).
- Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
- Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Оқу сабақтарын ұйымдастыру бойынша келесі технологиялар қолданылады:
* Он - лайн - нақты уақыт аралығында ақпараттын синхронды алмасуы жүретін, жүйелік ақпараттық кеңістіктегі хабарламалар алмастырылатын коммуникация құралы (Интернет болғанын қажет етеді).
* Офф - лайн - білім алушы мен оқытушының арасындағы қатынас нақты уақыт аралығына бөлінбейтін (асинхронды) ақпараттық кеңістікте хабарламалар алмастырылатын коммуникациялық құрал (Интернет болғаның қажет етпейді).
0.2 Қашықтан оқыту моделдері
Білім беру мекемелеріндегі қашықтықтан оқыту моделдірі
ҚО технологиясы
Кейстік
Жүйелік
Телекоммуникациялық
ҚО Моделдері
Асинхронды
Синхронды
Аралас
Жүйелік
Таратылған
Модельдерге сипаттама жасайтын болсақ:
Қашықтықтан оқытудың асинхронды моделі
Қашықтықтан оқытудың асинхронды моделі - оқу процесінің қатысушылары арасындағы білім беру коммуникациясы асинхронды түрде жүргізіледі. Олар жай немесе электронды пошта немесе web-сайт арқылы өткізіледі. Жеткізілу технологиясы кейстік ал Интернет асинхронды қолданылады. Сонымен қатар асинхронды ҚО моделін индивидуалды деп те атайды.
Қашықтықтан оқытудың синхронды моделі
Синхронды қашықтықтан оқыту - оқу процесінің нақты элементі болып сабақ болып табылады. Оның негізі білімгер мен оқытушы арасындағы байланыс екі жақты синхронды түрге негізделеді. Жеткізу технологиясы: спутникті немесе кабельді пайдалану арқылы тікелей теледидардық трансляция, Интернет - конференции. Кері байланыс - телефонды немесе факсималды. Осы технологияларды пайдалану арқылы лекциялар, коллоквиумдар, аралық және қортынды бақлаулар жүргізіледі. Ал білімгерлердің практикалық сабақтары, консультациялар, өзіндік жұмыстары традиционды формада жүргізіледі. Сонымен қатар синхронды модельді - топтық деп атайды. Оның себебі қашықтықтан оқыту сабақтары көп жағдайда аудиториялық топтық лекциялар түрінде жүргізіледі.
Аралас модель
Аралас модель - асинхронды және синхронды модельдердің қосындысына негізделген. Екі әртүрлердің негізінде жүзеге асады: біріншісі жүйелік - асинхронды модельдің модификациясын және даму негізінде ал екіншісі Таратылған - өшірілген білім ресурстарына жеке немесе топтық ұрқсат беруге негізделген.
Жүйелік аралас моделі
Жүйелік аралас модельдің асинхронды модельден айырмашылығы: білім ресурстарын виртуальды қолдануға, білімгерлерге қол жетімді on-line (синхронно), виртуальды синхронды сабақтар, семинарлар, конференциялар өткізу моделі.
Таратылған аралас модель
Таратылған аралас модель - асинхронды және синхронды элементтерді қолдану арқылы таратылған ақпаратты - оқыту ресурстарын пайдалану. Практикаға күндізгі оқыту түрінде жүзеге асады.
1.3 Қашықтықтан оқыту кезінде компьютерлік оқыту
программаларын құру әдісі
Болашақта жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде сырттай оқу формасы қашықтықтан оқытудың дамуы болып табылмақ. Қашықтықтан оқытудың принципиальді ерекшелігі - ол жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес білім сапасына кепілдік береді және мұнда студенттер классикалық сырттай оқу формасына қарағанда әлдеқайда үлкен дәрежеде бөлінеді. Мұндай жүйеде әдеттегідей сесия болмайды және білім жеке оқу жоспарымен жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту әдісінің екі түрі бар:
oo ассинхронды оқыту - оқу орнынан қашық орналқан студенттердің бір курс группасын құрылып, білім ордасы дайындаған оқу-әдістемелік материалдарын пайдаланып жеке-жеке оқиды;
oo синхронды оқыту (бірлескен жұмыс) - жоғарғы оқу орындары қашықтыққа бөлініп сабақ (лекциялар, консультациялар) жүргізеді және бір уақытта группа студенттерінің білім алуы. Осы жағдайда оқытушы мен студенттер арасындағы өзара іс-қимыл нақты уақыт масштабында жүргізіледі.
Қарастырылған әдістің әрқайсысында өзіндік мәнді спецификалық білім технологиясы - қашықтықтан оқыту технологиясы бар. Дегенмен әдістің екеуі өзара байланысты және бірін-бірі толықтырады.
Көп ғасырлық педагогикалық тәжірибе көрсеткедей, толық білімді тек келесі жағдайда алуға болады:
oo жақсы оқу-әдістемелік материалдар мен кітаптар;
oo оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас немесе диалог
Қашықтықтан оқытуда кезінден оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас тым шектеулі, сондықтан диалогтың көп бөлігі қашықтықтан оқыту әдісіне негізделуі қажет. Мұндай диалог элементтерін полиграфиялық басылымға қарағанда компьютерлік әдісте қашықтықтан оқыту жүйесіне реализациялау әлдеқайда жеңіл болады. Сондықтан қашықтықтан оқыту жүйесінде оның алатын орны өте маңызды.
Қашықтықтан оқытуда компьютерлік оқу әдістемесін құруда екі функциональді деңгейін атап көрсетуге болады. Оның бірі компьютерлік электронды кітаптар, екіншісі компьютерлік оқыту программалары.
Компьютерлік электронды кітаптар функциясы студентке экран мониторында оқу материалдарын көрсетумен шектеледі. Басылған материалдармен салыстырғанда компьютерлік электронды кітаптарда экономика облысында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жеңіл енгізілуі мүмкін. Оларда жоғарғы графикалық көрнекілік пен қолданушыға ыңғайлы интерфейс (меню, анықтамалар) бар. Әр тақырыптың соңында тексеруге және өзін-өзі тексеруге арналған тесттік тапсырмалар орналасады. Сонымен қатар компьютерлік электронды кітаптар диалогі студенттермен енжар (пассивті), детерминирленген қатынаста болады (сұрақтың тест түрінде қойылу - жауапты енгізу, программаланған парақты шақыру т.б.).
Компьютерлік оқыту программасы - басқа жұмыс. Компьютерлік оқыту программалары диалогты кең көлемде қолданады. Программаның жұмыс алгоритмі студенттердің жауабынан байланысты болуы мүмкін. Мысалы, студентке берілген тапсырманы шешу барысында программа оқытушы ролінде ойнап, көмекші сөздер, түсініктер, ұсыныстар жасауы керек. Программа жауап әрекетінің сценариясына студенттің енгізген жауабына сәйкес келіп, оқу белсенді бола бастайды.
Осылайша, компьютерлік оқыту программасының оқу материалдары оқытушылар қатарында студенттермен өзара іс-қимыл атқарады. Оның мақсаты - студентке материалды жақсы түсіндіру мен студенттің түсінгені бойынша өзін-өзі тексеруді қамтамасыз ету.
Әрине, ешқандай оқыту программасы оқытушыны толық алмастыра алмайды. Студент пен оқытушы арасындағы іс-әрекеттің қажеттілігі міндетті түрде қалады. Студент орындаған контрольді жұмыстардың нәтижесі оқытушыға электронды почта немесе дискета арқылы жіберіледі. Сонымен қатар, оқытушы мен студент арасында нақты кері байланыс телекоммуникациялық (телефон, видеоконференциялық байланыс) және жеке қарым-қатынас (консультация, сұхбаттасу) болуы да мүмкін.
Дегенмен, қашықтықтан оқыту кезінде білім процесінің негізі болып мақсатқа бағыталған және студенттің өзіне ыңғайлы жері мен ыңғайлы уақытында оқыту әдістерін (методикалық көрсеткіштер, оқу пособиясы мен кітаптар, лекциялары бар аудиокасеталар), (кейс) жиындарын пайдаланып оқи алатын, студенттің қатаң қадағаланатын интенсивті өзіндік жұмысы.
Жоғарыда айтылғандарды қорытып, қашықтықтан оқыту жүйесіне келесі анықтаманы беруге болады:
Қашықтықтан оқыту - бұл студент пен оқытушы арасындағы интерактивті (диалогті), асинхронды немесе синхронды оқыту әдістерімен байланысқан уақыт пен кеңістікте орналасу орындарына индифферентті іс-әрекеттерінің мақсатқа бағытталған процесі.
Осы жердегі мақсатқа бағытталған процесс түсінігінің астарында нақты ұйым мен мамандандырылған қызметкерлерді дайындау үшін студенттердің ғылыми және қолданбалы білімдермен, дағдыларымен, іскерліктерімен қамтылуына студенттердің белсенді оқу танылымдылық өзіндік жұмыстарына белсенділіктерін арттыруда түрлі ынталандандыру түрлері жатыр. Бұл келесі себептер үшін ерекше қажет. Қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттерге ең көп бостандық берілген.
Білім беру оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынаста ұйғарылады. Оқытушы білімнің интерпретаторы ретінде оқыту процесіне эмоционалды бояуын кетіріп, кері байланысты іске асырады және қажет кезінде студенттің оқу процесінде корректировка жүргізе алады. Қашықтықтан оқыту кезінде оқытушы ерекше роль атқарады.
Бір жағынан студенттермен араласуда уақыттың тапшы болуы, сонымен қатар аудио немесе видеоконференцияларды жүргізу процестерінде аз уақыт ішінде түрлі сұраныстарды қанағаттандыру үшін оқытушыдан өте жоғары квалификациясын талап етеді. Екінші жағынан, қашықтықтан оқытудың негізгі әдістемелерінің бірі болып компьютерлік оқыту программалары болғандықтан оқытушы ереже бойынша ақпараттық технология облысы жағынан жақсы маман болуы тиіс.
Кейінгі кездері оқытушының телекоммуникациялық технологияларды (internet, intranet) игеруі міндетті тиімді жұмыс шарты болап қалды, сондықтан бастыстың қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушы-консультант (тьютор) ереше статус қызметіне ие болады. Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесінің сапасы осы оқытушы-консультанттың (тьютордың) дайындалуына байланысты болады.
Дистанциялық оқытудағы телекоммуникациялық технологиялар. Жоғары білім саласына компьютерлік желілік жүйені енгізудің қолайлылығын көрсетіп отырған телекоммуникациялық технологиялардың құндылығы толық бір кешенге ие. Демек, білім үрдістеріне ақпараттық технологияны енгізу өте-мөте, тиімді. Әрине оның қатарына қазіргі күнде қауырт дамып келе жатқан дистанциялық білім беруді жатқызуға болады.
Осы заманғы электронды коммуникациялық қүралдарды білім беру мекемелеріне енгізу нәтижесінде дистанциялық оқыту білім беру үрдісінің маңызды формасына айналып отыр. Бұл дистанциялық білім беру, жүйесін арнайы ақпараттық-ағартушылық орта көмегі арқылы тұрғындардың қалың көпшілігімен қандай қашықтықта болсын ақпарат алмасуға бағытталған білім беру кешені деп қабылдауға болады. Бұдан басқа осы дистанциялық оқытудың негізін салған ұстанымдарын орталық Жоғары оқу орындар мен аймақтық филиалдары арасындағы педагогикалық өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыруға да белсенді түрде пайдалануға жарайды.
Бұл дистанциялық тәсілді республиканың білім беру жүйелеріне енгізудің ақылға қонымдылығын көрсететін бірнеше негізгі себептері бар. Олар мыналар:
oo Қазақстан мемлекеті едәуір жерді алып жатқандықтан, жоғары білім мекемелері мен оның қызметін пайдаланушылар арасында аймақтық біршама бытыраңқылық бар:
oo жоғары және кәсіптік білім берудің алдына қояр жаңа талаптарды қарастыратын республиканың экономикалық реформасын дамытуда сол аймақтар мен облыстардың рөлі өте жоғары болып отыр:
oo аймақ тұрғындарының білім беру мазмұны мен технологияларына деген тың талаптары қалыптасып келеді;
oo аймақ тұрғындарының республикалық және халықаралық білім жобаларына қатысу қажеттіліктері арта түсуде;
oo педагогикалық және сол сияқты білім беру үрдісіне қатысушылар арасында ақпараттар алмасудың жаңа сапалы техникалары пайда болып, олар тез әрі тұрақты түрде даму үстінде.
Қазіргі күнде дистанциялық білім беру мен оны оқытудың үйлестіру (синхрондау) мәселелерін шешу Жоғары оқу орындары мен филиалдарында телекоммуникация құралдарын, әсіресе, оның ішінде жергілікті және ауқымды ақпараттық компьютерлік желілерін пайдалану негізінде іске асырылып жатыр. Бұл, сөз жоқ, бүгін қолданылып жүрген информатика курсы мазмұнының өзгеруіне сай электронды ақпараттар алмасу құралдары арқылы оқытудың өзара іс-әрекеттері маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, дистанциялық білімге ден қойған бүгінгі әрбір педагог пен студент жаңа материалды оқып-үйренуде, моделдеуде, тестілеуде және педагогикалық үрдіс нәтижелерін бақылауда оқу тапсырмаларын орындаудың телекоммуникациялық технологияларын кәсіби деңгейде жетік меңгеруі тиіс.
Дистанциялық білім беруді дамыту педагогикалық құралдар: оқулықтар, практикумдер. тапсырмалар жинағы және тестерді өңдеуге кең жол ашып, жаңа амалдар табуға бағдар сіптейді. Олардың бәрі студентке бағытталып, көп жағдайда ақпараттық және энциклопедиялық дәрежеде болуы шарт. Сондай-ақ, әр түрлі тренажерлік және өзі үйреткіштік құралдарды өңдеуге де баса көңіл бөлінген жөн. Ал телекоммуникациялық технологиялардың өркендей түсуіне орай тұлғалық-бағдарлы оқытудың маңызды педагогикалық құралдарына Интернет және гипермәтінді электронды оқулықтардың білім ресурстары айналып келеді.
Білімнің басты мақсаты қоршаған әлем туралы адамзат жинақтаған бүкіл білімді беруге, қазіргі уақытта алып жатқан білімге бейімделуге және жаңа білімдерді игеру қабілеттерін дамытуға бағыттаған. Бүгінгі өркениеттің өсіңкілігі мен ақпараттық дүмпу оқулықтардың тез ескіруіне әкеп соғуда. Осыған байланысты қазіргі ақпараттық қоғамның дамуына электронды оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік тестер және ашық педагогикалық жүйе деп аталатын басқа да электрондық өңдеулер барабар келмек. Ашық электрондық педагогикалық құрал дегеніміз - ол қажеттілік кезінде туады, сонынан тұрақты түрде жаңарып отырады, өңделеді, кеңейеді, яғни эволюциялық жүйе ретінде саналады.
Дистанциялық білім технологиясын жүзеге асыру бірнеше мәселені шешіп береді, оның ішінде педагогтер мен студенттерді оқулықтар және оқу құралдарымен дер кезінде қамтамасыз ету мәселесі бар. Ал қазіргі жағдайда қағаз варианттарын жеткізіп беру дистанциялық оқуға жеке қатысушылар арасында ғана емес ірі жоғары оқу орындары мен олардың филиалдары арасында да қиындап кеткен. Нәтижеде тасымалдап жеткізу қиындығы салдарынан тұрақты оқу үрдісінен кешеуілдеп қалу байқалады.
Осы және басқа да көптеген мәселелерді шешу үшін арнаулы электронды оқулықтар жасау қажет. Ол жеңіл модификацияланады, электронды арналар байланысы бойынша жөнелтіледі және ең бастысы, таралымын көбейту мен таратуға көп шығынды қажет етпейді. Электронды оқулықтың қағаздан айырмашылығы сол - оқыту мен танымның аспабы, ал құрылымы мен мазмұны оны мақсатты пайдалануына байланысты. Электроды оқулықтардың аса тиімді жағдайлары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz