Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар

Педагогика және психология мамандығы бойынша

Алматы - 2013
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар тақырыбына орындаған диплом жұмысына
РЕЦЕНЗИЯ

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Интеллектуалды ұлт - 2020 ұлттық жобасы идеясына оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру деп, нақтылаған болатын. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.
Диплом жұмысында дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы және дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы, дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі жасалынып, дарынды балаларды оқыту технологиясы, олармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және оларды ғылыми жұмысқа бейімдеу мәселелері қарастырылды.
Диплом жұмысы талапқа сай орындалғандықтан, оған өте жақсы деген баға қоюға болады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..8
1.2 Дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы ... ... ... ..12

2 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН
ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1 Дарынды балаларды оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері
мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа бейімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.4 Алматы қаласындағы Дарын мектеп-интернатының
оқушыларымен жұмыстарының іс-тәжірибесі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 49

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерің бірі - жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады - деп, көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында [1].
Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Интеллектуалды ұлт - 2020 ұлттық жобасы идеясына оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру деп, нақтылаған болатын [2]. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.
Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз - бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де - тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі - ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады дейді [3]. Интеллектуалды ұлт -2020 жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерін көрсетер болсақ: оның сараланып жіктелген көпсатылы үздіксіз білім беру (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары білім беру, магистратура және докторантура) жүйесі адамның білімі мен әдет-дағдыларын үзіліссіз жаңартып және жетілдіріп отыруына мүмкіндік береді, адамның жеке тұлғасына зор әсер етеді. Сондықтан, жаңа бағдарлама бойынша білім берудің балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі барлық саласы толық үйлесімді дамуына баса назар аударылуы - отандық білім беру саласын жаңа сапалы деңгейге көтеретіні сөзсіз. Ал, бұл өз кезегінде халықтың болашағы - жастардың жан-жақты білім алуына тың серпін береді.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кірігу болып отырған қазіргі уақыттағы білім мәніне ерекше назар аударылады: Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің үлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысаны болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әдеқайда маңызды да күрделі - делінген [4]. Осы мақсатқа сай бүгінгі білім беру жолында оқытушы білім алушыға білім алудың жолын көрсетіп бағдар беруші ретінде, ал оқушы өздігінен ізденіп, ақпарат көздерін, ақпараттық технологияны пайдаланып, білімін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастырған тұлға ретінде дамуы тиіс.
Жалпы, біліми сананың дамуына, білім алған оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуына тек мұғалім ғана емес, олардың кәсіби шеберлігінде, білімі мен білігінде, парызында, халық алдындағы жауапкершілігінде тұр.
Қазіргі дамыған өркениетті қоғамда қазақ тілін жастарға оқытуда жаңа технологиялар мен интерактивті әдістерді жиі қолданған дұрыс. Сонымен бірге казақ тілінде оқытатын мектептегі қазақ баласын жеке тұлға ретінде және оның сана-сезімін, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға арнаулы кәсіби білімі бар, жоғары білікті, тілді құрметтеп, маңызын түсіне білетін мұғалім жүргізген дұрыс.
Мектеп - білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жаткан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне, осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.
Бүгінгі жаһандану жайлап бара жатқан қоғамның мектепке әлеуметтік сұранысы бүгіндегі білім беру үрдісінің мақсаты мен міндетін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Қоғамдағы адамдар кез-келген жағдайға дайын, өзіндік пікірі қалыптасқан проблемалық әрекеттен жол таба білетін тұлға болуы қажет. Осы тұрғыда білім берудегі негізгі мақсат әрбір оқушыға өзіндік қабілетіне қарай бабын таба оқута білу мен жеке-дара көмек көрсету болып табылады. Жеке қабілеттің дамуы әр оқушының тұлғалық қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі білім беру үрдісі бойынша логикалық ойлау қабілетін дамыту жағын ойластыру қажет. Дәстүрлі оқу үрдісі оқушыға негізінен дайын, өңделген, оқу материалдарын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасала қоймайды. Ал, жаңа талаптар бойынша оқушы өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізуі тиіс.
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі - дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыкқа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.
Келтірілген пайымдаулар мен көрсетілген қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды және тақырыпты Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар деп таңдап алуға себеп болды.
Зерттеу пәні - дарынды балалармен жұмыс.
Зерттеу мақсаты: дарынды оқушылармен жұмыс істеудің теориялық негіздері мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздерін жасау;
дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: дарынды балалар мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық таным теориясы, психологтар мен педагогтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі жайындағы ілімдер, жеке тұлға туралы теория және оны дамытудағы халық педагогикасының мәнін айқындайтын тұжырымдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері жасалынды;
дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі жасалынды.
Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп.
Зерттеу әдістері: зерттелетін мәселе бойынша әдебиетті теоретикалық талдау мен жалпылау, педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау, салыстыру, сауалнама өткізу, бақылау т.б.
Зерттеу нысанын дамыту жөнінде болжамдар: дарындылықты теориялық-әдіснамалық негізде жалғастыра зерттеу, дарынды балалармен жұмыс істеуіне мұғалімдердің психологиялык-педагогикалық білімі, дағдысы, іскерліктерінің әсері, педагогтың кәсіптік-тұлғалық көзқарасы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурызындағы № 256 қаулысы.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2011-2012 жылдар) зерттеу мәселесіне байланысты материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; зерттелуге тиісті негізгі мәселелер қарастырылып, теориялық негіздер анықталды.
Екінші кезеңде (2012-2013 жылдар) дарынды балаларды оқыту технологиясы, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу мәселелері анықталып, диплом жұмысы орындалды.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі мен ғылыми аппараты анықталды.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері атты бірінші бөлімде дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы және дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы жасалынды.
Екінші Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі атты бөлімде дарынды балаларды оқыту технологиясы, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу мәселелері қарастырылды.
Қорытындыда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық Дарын ғылыми - практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды бала - лармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондықтан, дарынды баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызды проблема болып отыр. Дарындылық - баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. "Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі"
Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттер жөніндегі идеялар ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. XIX ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К.Д.Ушинский ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт-мұғалім мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында, - деп нақтылаған [5].
XIX ғасырдағы қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы.Алтынсарин Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім деп бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған [6].
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбай-ұлының поэтикалық шығармалары мен кара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.
А.Құнанбаев адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. Жетінші қара сөзінде Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демекші. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, ол немене?, бұл немене? деп, ол неге үйтеді? деп, бұл неге бүйтеді? деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген [7]. Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. XX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, XX ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиыңдығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыстығы екендігін ұғынып, халықты білімге шақырған болатын.
Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М.Дулатов Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда - көріп тұрғандай боласың - деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын [8].
Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет [9]. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан Педагогика еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты саралаған [10].
Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін жетілдіруде ұлттық дүниетаным, қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тағылымдарын пайдаланудың өзекті мәселелері, оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен сабақтастырудың жаңаша сипаты С.Ж Пралиев, Р.К.Төлеубекова, Қ.Б.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, С.Ғаббасов сынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған [11-16].
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді [17].
Бірінші категория - ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория - жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілетгілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория - дарындылық күш - қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтін-дерде жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Міне, дарынды баламен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігіп жасаған жұмысының мәні зор. Олар балаларды рухани азыктандырып, өз-өзіне деген сенімін оятып, оны нақты бір шығармашылық салаға дер кезінде бағыттау керек. Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады.
Қабілетті дарын иесі арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарттары - дарын иелерін таңдай білу қоғамның аз ғана бөлігін құрайтын дарын иелерін таңдаумен бірге, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы және мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады.
Дарынды балаларды даралау - бұл дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке белуге болады.
Шығармашылық дарындылық.
Интеллектуалды, табиғи дарындылық.
Лидерлік дарындылық - деп, Отырар ауданының Шеңгелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Ұлсерік Арыстан Жұматқызы өз тәжірибесімен бөліскен. Осы тұрғыда Дарындылық - бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллекту - алды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғары деңгейінен көрінуіне әсер ететін интеллектуалды-тұлғалық білім көрсеткіші.
Дарынды баламен жұмыс жасауда білім ордасының мақсаты - оқушыларға өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасау, олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін ашып, дамыту. Ол үшін:
1. оқушылардың ғылыми қоғамының құрылуы оқу - шылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау;
2. ғылыми-зерттеу проблемаларын шешу барысында қоғам мүшелерін өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
ғылым, техника, өнер саласындағы жетістіктерін танымал ету;
шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту;
ғылыми ізденудің әдістерін үйрету;
шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
ғылыми білімнің әр адам үшін және жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру.
Дарындылық ұғымының бүгінгі білім беру үрдісіндегі мәні мен маңызы өте зор. Білім мен ғылымның даму сипатында елімізге өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға - ларды даярлауда интеллектуалды дамыған шығармашыл білім алушылардың рөлі айқын. Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озат технологиялар арқылы оқушылардың дарындылығын дамытуды басты назар етіп алды.

1.2 Дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт [18].
Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі дарындылықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор. Бүгінгі таңда мұғалім құзіретіне арнайы білім бағдарламаларын оқытып қана қоймай, баланың шығармашылық қабілетіне қарай бала бойындағы дарындылықты дамыту жолдарын да іске асыру жұмыстары да тиесілі. Бұл арнайы бір бағытта жұмыс жасай отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өмірлік жағдаяттарға пікірін айта білетін, адамгершілік тұлғасы қалыптасқан, интеллектуалды тұлға тәрбиелеу деген сөз. Баланың рухани өсуіне, оның әр түрлі әлеуметтік ортада өзін жайлы және қалыпты сезінуіне психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай жасау арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу жұмыстары дарынды баланы анықтауға бағытталуы қажет. Әрине, осы уақытқа дейін дарынды балалармен жұмыстар жасалынып келді. Алдағы уақытта дарынды баламен жұмыс түрін жандандыра отырып, қоғамдық мәселелерге үн қосуға бейімдеу және мектеп қабырғасынан инновациялық ғылыми сипатқа бейімдеу сынды мәселелерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Міне, дарынды баламен жұмыс түрлері осы тұрғыда жүзеге асқаны дұрыс. Ал, ол жұмысты жүзеге асыру ең алдымен дарынды баланы анықтау мәселесімен тығыз байланысты.
Дарындылықты қандай да нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды [19]:
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз.
Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандай да бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады.
Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушынын болмыс-бітімі анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп психологымен мұғалімімен және ата-аналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар екені анықталады.
Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Осы ұстаным негізінде мектеп ғылыми қоғамына төмендегідей бағдарды негізге алу қажет:
Мектеп оқушыларының интелектуалды деңгейінің дамуына жағдай жасау;
Дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу;
Мектеп ішілік әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дамыту.
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделген кезенде дарынды баламен жұмыс іс-әрекетінің жетістігін байқауға болады.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелі болуы жоғарыда айтылған жұмыстардың жүйелілігінде. Сапалы да жүйелі ұйымдастырылған жұмыс - ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымы болса, оқушының қабілеті мен дарынының шыңдауы.
Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін ғалымдар екі топта қарастырылады дейді:
1. Актуальді дарындылық - бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады.
2. Потенциалдық дарындылық - баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байкалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады.
Бұлақ көрсең көзін аш деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар - психомоторлық, интеллектуалдық, академиялық, шығармашылык және әлеуметтік дарындылық [20].
Дарынды балаларды анықтау - өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі көзқарас бар. Бірі "...кез келген бала дарынды, тек уакытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек" десе, ал қарсы көзқарастағылар "... дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей" дейді. Ал, шындығында адами ойлау - ізденімпаздықтың, табиғаттың адамға берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бермегені де анық.
Дарынды балалар қабілетін анықтауды ғалымдар үш деңгейде қарастырады. Олар: теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру [20].
1. Теориялық- дарындылықты анықтау.
Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және оның зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.
2. Әдістемелік-қабылданған анықтау әдісі мен дарынды оқушының білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.
3. Педагогикалық-ұйымдастыру-дарынды балалармен диагностикалық жұмысты таңдау түрі мен ұйымдастыру әдісінің болжамы.
Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Міндеттері:
- оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
- өзін өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;
- жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
- жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:
1. Шығармашылық:
- ойлау;
- қабілет.
2. Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік):
- күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
- пәнге қызықтыру.
3. Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
- сөйлесуде;
- тәртібінде.
Тест немесе сауалнама арқылы анықталады.
Оқушының қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән (вундеркинд).
Оларды жылдамдатып оқыту керек, өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік. Мысалы: гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.
3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы. Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарын - ды оқушыға жеке тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.
Бала өзінің дарындылық қасиетін іс-әрекет барысында көрсете алады. Сонымен бірге, іс-әрекеттің бір түрінен әр түрлі дарындылықтың аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылықтың әр қилы түрі, формалары оқушының психологиялық мүмкіндігі мен даму кезеңдерінде жақсы болып келеді және ол баланың ортасына да тікелей байланысты болады. Балалар кішкентай кезінен белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Осы қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырған жағдайда ғана ол қасиет баланың бойына дарып, болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар береді.
Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшандықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Дарындылық ұғымының мәнін тусінуде маңызды болып табылатын қабілет түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атап көрсеткен ғалым Елеупаева Ж.К. Олар:
1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
2. Қабілет - барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
3. Қабілет - нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Ғалым Елеупаева Ж.К. Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байла - нысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім - деп, қабілеттің даму үрдісіндегі оқытушылардың да өзіндік рөлін ашып көрсеткен өз ғылыми еңбегінде [21].
Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күнінен қалыптаса бастайды және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Дарындылық "оқу" және "шығармашылық" болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу, әдетте, оқып-үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін "шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. "Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында" деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.
Бала дарындылығының байқалмайтын жақтары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқу - шының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл кабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады.
Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Ерте кезден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық құралда ойнайды, т.б.). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың мұғалімдердің алдында жаңа міндет - балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Н.С.Лейтес дарынды баланың ойы дамуын жай оқушылармен салыстыра келе, жалпы дарындылықты жалпы қабілеттердің жиынтығы деп түсіндіреді (жеке қабілетке қарағанда, мысалы, музыкаға, бейнелеу өнеріне), бірақ, олар іс-әрекеттің әр түрінде кең көрінеді деп, айқындай түскен [17]. Ғалым осы ойын дарындылықтың ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды үш санатқа болу арқылы түйіндейді:
1) кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар);
2) арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (матема - тика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар);
3) әлеует және жасырын дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсенділігі және ой-өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар).
Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалар - дың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен [20]:
арнайы психометриялық тест;
баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)
- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;
- педагог тарапынан оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын эксперттік бағалау;
- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;
- оқушы шығармасының туыңдыларын эксперттік бағалау;
- арнайы психодиогностикалық тренинг;
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностиқалар (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі), т.б. қажет.
Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялык сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
- арнайы психологиялык сұрақнама, әдістемелер;
баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;
- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;
- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.
Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілі - гін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтсе де, дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностикалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптер басшылыққа алынады. Ол - ұйымдастыру кезеңінен тұрады. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері. Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: дарындылық картасы, интеллектуалдық портрет және т.б.
Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер: оқушылардың қызығушылығының картасы, интеллектуалдық портрет. Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Дарынды оқушылармен жұмысты жаңаша ұйымдастыру арқылы субьектілік белсенділігін арттыру
Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Дарынды балаларды анықтау
Дарынды балалармен тәрбие жұмысы
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Пәндер