Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Ауаны ластау қылмысының құқықтық сипаттамасы
тақырыбы бойынша дипломдық жұмысына

Сын пікір

Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері - атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі.
Бүгінгі таңда экология мәселелері өзекті маңызға ие бола отырып, мемлекеттік реттеудің қатаң түрлерін қолдануды, табиғат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана емес, келешек ұрпақтарға табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға және молықтыруға байланысты негіздерді қалыптастыру міндеттерін көздеп отыр.
Дегенмен де бұл жұмыстың кемшіліктері жоқ емес, олар төмендегідей:
1. Дипломдық жұмыс орындаушы, жұмысты жазу барысында тәжірибелік материалдарды аз қолданған.
Бірақ, жоғарыда көрсетілген сын ескертпелер жұмыстың құндылығын төмендетпейді және дипломдық жұмыс жоғарғы бағаға лайық деп есептеймін.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
0.1 Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... 9
1.2 Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының субъектісі ... ... ... ... ... ... . ..22

2 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Ауаны (атмосфераны) ластау құрамының объективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
2.2 Ауаны (атмосфераны) ластау құрамының субъективтік жағының белгілерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері - атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі. Табиғат қазынасы - шексіз-шетсіз жатқан сарқылмас қор емес, оны қоғамның игілігі үшін, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктері үшін тиімді пайдалануды ешқашан естен шығармауымыз, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына зор мүмкіндіктерді тудырып, оларды экономикалық-экологиялық тиімді қолдануға еш шектеу қойылмаған.
Мемлекетімізде атқарылып жатқан экологиялық саясатқа байланысты әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың мақсаты мемлекеттік маңызды шешімдерде және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев бекіткен 2030 - жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясының "Экология және табиғи ресурстар стратегиясы" бөлімінде көрініс тапқан. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы жолында өткізіліп жатқан реформаларға байланысты қоғамдық қатынастардың әлі де сан өзгеріске ұшырайтыны аян. Еліміз өз егемендігі мен тәуелсіздігін жария етіп, бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындап, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Табиғи байлықтарға қатысты халқымыз айрықша құқықтарға ие бола отырып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға және еліміздің әл-ауқатын арттыру мақсатында қажетті негіздерді қалыптастырды. Еліміздің, шынында да демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуы және оның ең қымбат қазынасы - адам және оның құқықтары мен бостандықтары деп Конституциямызда көзделген [1,4б.].
Бүгінгі таңда экология мәселелері өзекті маңызға ие бола отырып, мемлекеттік реттеудің қатаң түрлерін қолдануды, табиғат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана емес, келешек ұрпақтарға табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға және молықтыруға байланысты негіздерді қалыптастыру міндеттерін көздеп отыр. Бұған дәлел, Ата Заңымыздың 31-бабында көзделгендей, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар екендігі айқындалған. Елбасының Қазақстан халқына ұзақ мерзімді Жолдауында төртінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты деп атап көрсетілген. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
oo ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру;
oo нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес;
oo темекі мен алкоголды тұтынуды қысқарту;
oo әйел мен баланың денсаулығын жақсарту;
oo тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту делінген [2,13б.].
1993 жылдан 2000 жылға дейін зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негізінен өндіріс құлдырауының есебінен 5,1 млн тоннадан 3,2 млн тоннаға дейін кеміді. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн тонна деңгейінде тұрақтандыруға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманы жаппай енгізудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Мұндай тетіктерді одан әрі жетілдіру 2010 жылдан кейін қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кірісуге мүмкіндік береді [3,5б.].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экологиялық жүйеде қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қалыптасқан табиғат объектісі-"атмосфералық ауаның" ластануының мәселелері әрқашанда қозғалып, қазіргі таңда өзекті де даулы әңгімеге айналып отыр. Осы мәселені монографиялық деңгейде зерттеп, өз еңбектерін жарыққа шығарған ТМД атақты ғалым-заңгерлері М.М. Бринчук, Т.А. Бушуева, Е.В. Виноградова, Р.Х. Габитов, С.Б. Гавриш, П.С. Дагель, О.П. Дубовик, А.Э. Жалинский, Э.Н. Жевлаков, О.С. Колбасов, Ю.И. Ляпунов, Н.И. Малышко, Г.И. Осипов, А.М. Плешаков, В.В. Петров, П.В. Повелицина, В.Д. Пакутин және т.б. Қазақстандық ғалымдар Е.О. Алауханов, А.Н. Ағыбаев, Н.М. Әбдіров, Д.Л. Байделдінов, С.Б. Байсалов, А.Е. Еренов, Ү.С. Жекебаев, Е.І.Қайыржанов, Ә.Х. Меңдіғұлов, Н.Б. Мухитдинов, М.С. Нәрікбаев, Е.Н. Нұрғалиева, Р.Т. Нұртаев, Е.Ә. Оңғарбаев, А.С. Стамқұлов, К.А. Шайбеков құқықтық аспектілерін жетілдіріп және қылмыстық-құқықтық аспектілерін жетілдіруде заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің Экологические преступления: понятие и виды, квалификация атты докторлық диссертациясы және С.М. Құстаулетовтың Уголовно-правовая и криминологическая характеристика засорения, загрязнения и истощения вод, порчи земли и загрязнения атмосферы атты кандидаттық диссертациясы және заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л. Байделдіновтың атмосфералық ауаның экологиялық-құқықтық қорғалуы туралы монографиялық деңгейдегі зерттеуі осы ғылыми тақырыпты қозғауға өз септігін тигізді. Алайда, атмосфераны ластау қылмыс құрамының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемаларын, қылмыстық жауаптылық проблемаларын қарастыратын, жаза мәселелеріне қатысты, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жетілдіруге байланысты тиянақты ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстары еліміз тәуелсіздік алғалы жүргізілмеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - атмосфераны ластаудың қылмыстық-құқықтық аспектілерін және криминологиялық элементтерін зерттеу, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесін, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде оның маңыздылығын арттыру жолын қарастыру және оны жетілдіру мәселелерін анықтауды мақсат тұтады.
Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 282-бабымен көзделген атмосфераны ластау қылмысының жекелеген белгілерін ашу;
- Экологиялық қылмыс ұғымын заңды түрде бекітуге талпыныс жасау;
- Экологиялық қылмыстылық ұғымына және оның элементтеріне (затына) түсінік беру мен оның белгілерін айқындау;
- Экологиялық қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімді айрықша шаралар кешенін құқық қорғау органдарына ұсынумен байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу;
- Қылмыстық заңнама тұрғысынан атмосфераны ластау қылмысының қоғамдық қауіптілігін талдау және оны айқындау;
- Зерттеліп отырған процестің заңдылықтары мен үрдістерін анықтау;
- Экологиялық қылмыстарды, оның ішінде атмосфераны ластауды ескерту және алдын алу шараларын іздеу және осы тараптағы ұсыныстарды енгізу, сондай-ақ себептілік кешен ұғымын анықтау мен қарастыру;
- Атмосфераны ластаудан қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың кейбір аспектілерін жетілдіру бағыттарын белгілеу.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер, теориялық негізін қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан отандық ғалымдардың еңбектері қалады. Тақырыпты зерттеу барысында, жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу диалектикалық-материалистік заңдарын, логикалық, салыстырмалы, жүйелі әдістерін басшылыққа алып, жеке ғылыми -әлеуметтік және психологиялық, сондай-ақ жеке ғылыми әдістерге соның ішінде, сауалнамалық сұрау жүргізу әдістеріне жүгіндік. Деректік эмпирикалық материалдың аздығына байланысты зерттеудің әдістемесі негізі сондай-ақ гипотеза, анализ, синтез, индукция, дедукция сияқты теориялық әдістерден құралады.
Зерттеудің объектісі мен заты. Зерттеудің объектісі - атмосфераны ластағаны үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық заңнама нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 282-бабымен жауаптылық көзделген норманың қылмыстық - құқықтық белгілері мен оның криминологиялық сипаттамасының аспектілері осы ғылыми зерттеудің заты болып табылады.
1 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Ауаны (атмосфераны) ластау қылмысының обьектісі

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексі экологиялық қылмыстармен тиімді күресу үшін құқықтық негіз болып табылатын табиғатты қорғау нормаларының кең ауқымды жүйесін қамтиды. Құқықтық қорғау объектісінің біртектілігі мен маңыздылығына сүйене отырып, Қазақстанның қылмыстық заңнама тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің жүйесінде экологиялық қылмыстардың құрамын анықтайтын нормалар топталған жеке тарауға бөлінді. Алайда, Қылмыстық кодекс Экологиялық қылмыс деген ұғымның нормативтік анықтамасын бермейді. Ал бұл ұғымның тұжырымы іс жүзінде жүзеге асырылатын көптеген мақсаттарға қол жеткізу үшін өте маңызды. Экологиялық қылмыстың жалпы түсінігіне бірқатар белгілерге тән түрлік мағынасы жатады. Әдебиетте қылмыстық заңда көрсетілгендей, қылмыстың жалпы белгілеріне сәйкес, қол сұғушылықтардың анықтамалары берілген. Әдетте, олар қылмыстық іс-әрекет объектісінің анықтамасымен байланысты немесе одан туындайды .
1980 жылы В.Д. Пакутин ғылыми әдебиетке енгізген Экологиялық қылмыс терминін табиғатты қорғау туралы заңнаманы соттардың қолдануын талдаған 1972 жылғы КСРО - ның Жоғарғы сот Пленумында О. С. Колбасов алғаш рет Экологиялық құқық бұзушылық деп қолданған еді. Бұл мәселе Мемлекетті экологиялық тазартудың шұғыл шаралары туралы (1989ж.) КСРО - ның Жоғарғы Кеңесінің Қаулысында да қозғалды, бірақ шешілмеді. Әр түрлі қылмыстардың ұғымын заңды анықтау қажетсіз дегенге қарсылықтардың туындайтын біле тұрып, ерекшелігіне ғалымдар мен тәжірибешілер күмәнданып, көптеген жылдар бойы талдау жүргізілгеннен кейін әскери қылмыстарға қатысты даулы сұрақтар өзінің теориялық шешімін тапқанмен, заң шығарушы әскери қызметке қарсы қылмыстар тарауында әскери қылмыс (ҚР ҚК 366-бабы) ұғымын қарауды мүмкін деп ойлады. Осыған қоса, мүлікке қарсы қылмыстардың маңызды түрлік белгілерін анықтау үшін ҚР ҚК 175- бабындағы ескертуде ұрлық ұғымына анықтама берілген. Экологиялық қылмыстардың ерекшеліктерін және олардың ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормалар жүйесінде орын тапқанын ескере отырып, экологиялық қылмыс ұғымын заңды тұрғыда бекіту қажет деп ойлаймыз. Анықтаманы беру кезінде біз барлық экологиялық қылмыстарға бланкетті диспозициялар тән екенін ескердік. Бұл дегеніміз - іс - әрекетті қылмыс деп тану үшін қылмыстық нормалардан басқа да құқықтық нормаларға жүгіну қажет. Экологиялық қылмыс құрамдарының анализі ҚР ҚК экологиялық қылмыстар деп саралауға мүмкіндік беретін табиғи объектілерге зиян келтіру нәтижесі қоғамдық қауіпті салдарға әкеп соқтыруы міндетті деп көрсетті.
Солайша мысалы, ҚР ҚК 282-бабы (Атмосфераны ластау) бойынша қылмысты саралау кезінде мыналарды қолдану қажет: ҚР Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы, 1997 жылғы ҚР Қауіпсіздік туралы заңы және тағы басқалар. Дұрыс саралау үшін төменгі шарттардың болуы қажет:
- Іс-әрекет белгілі бір нормативтік табиғатты қорғау туралы актінің нормаларын бұзу керек;
- Іс-әрекет жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балықтар қорына, орман немесе ауылшаруашылығына, адамның денсаулығына немесе өміріне зиян келтіруі керек.
Құқыққа қайшылық және жазаланушылық белгілері қосымша регламентацияны қажет етпейді, себебі бұл белгілер кез келген қылмысқа міндетті түрде тән болады. Дәл сондай белгілер экологиялық қылмыстардың басқа құрамдарында да болуы тиіс.
Е.В. Овчаренконың көзқарасы бойынша, экологиялық қылмыс болып табиғатты қорғауға байланысты заңнама нормаларын бұзатын және кез келген табиғи объектіге зиян келтіретін қылмыстық іс-әрекет саналады. Біздің ойымызша, бұл анықтамамен келісу қажет - ақ, себебі ол бүгінгі күндегі құқықтық сана мен құқық түсінушілікке сай келеді.
Әрбір қылмыс әр түрлі жағдайлармен және фактілермен қосарлана жүреді. Кейбіреулерінде қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болса, басқаларында ол кездеспейді. Қылмыстық-құқықтық мағынаға қылмыс құрамының сәйкес белгілері бар әрекет саралауға маңызды. Қылмыстық істің фактілік жағдайларын анықтағаннан кейін қылмыстық-құқықтық норманы таңдау керек. Бұл салыстыру қылмыс құрамының барлық элементтері бойынша жүзеге асырылады. Ортақ ереже бойынша саралау процесі қылмыс объектісін анықтаудан басталады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады. В.Г. Смирновтың пікірі бойынша "Құқықтық тәртіп шын мәніндегі қоғамдық қатынастардың өзінше бір құқықтық қабаты ретінде қылмыс және басқа да құқық бұзушылық кезінде белгілі бір зардап шегеді, осы тұрғыдан келгенде, ол қылмыстық - құқықтық қорғау объектісіне енуі тиіс.
Отандық жетекші ғалымдардың бірі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржанов қылмыс объектісінің материалдық және формалдық жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын мүдде болса, формалдық жағы ол мүддені жауып, бүркемелеп тұрған құқықтық норма. "Құқықтық қорғаусыз құқықтағы мүдде жоқ, сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ"-деп атап тоқталады. Демек, оның ойынша қылмыстың объектісін анықтау үшін кез келген жеке жағдайда екі түрлі өзара байланысты мәселеге тоқталу керек. Біріншіден, кімнің қандай мүддесі, екіншіден, қандай құқықтық норма бұзылды?. Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұра, өз кезегінде өзінің құқықтық формасымен жанамалануы, рәсімделуі қажет, әйтпесе, ол қылмыс объектісі болмайды . Н.И.Коржанский нормативистік теорияға өз қарсылығын білдіріп, төмендегі негіздерді ұсынды: біріншіден, қылмыс кейде құқық нормаларымен реттелмеген қоғамдық қатынастарға, кейбір жыныстық қатынастар қоғамдық тәртіпке қол сұғады, екіншіден, қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыс жасаудан бұрын өмір сүрмейді, сол сияқты бұл қатынастардың объектілері де одан бұрын өмір сүре алмайды. Ал қылмыс объектісі, керісінше, әрқашан қылмыс жасаудан бұрын өмір сүреді.
"Қоғамдық қатынастарға" соңғы жылдарда қарсылықты профессор А.В. Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды "тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы" деп түсіну өмірдің биологиялық құбылысы ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да профессор А.В. Наумов қоғамдық қатынастар идеясынан бас тартып, XIX ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және әлеуметтік мектептерінде іргесі қаланған құқықтық игіліктер теориясына оралуға шақырады [4, 664б.]. Десек те, Н.И. Коржанскийдің пікірі бойынша, адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде емес, биологиялық тіршілік иесі деп қарасақ, онда қажетті қорғану жағдайында, үкімді орындау кезінде адамға қаза келтірудің заңды екендігін түсіну мүмкін болмай қалады. Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлдем бас тартуға болмайды, өйткені, айталық әрекетсіздік арқылы жасалатын, науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру қылмыстарының адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын, егер қоғамдық қатынастар жүктелетін міндеттер болмаса, қайдан туындағанын қалай білуге болады? Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне заңмен қалыптасқан қоғамдық қатынастар арқылы жүктелетін міндеттер жауап береді. Көрнекті ғалым, профессор А.Н. Ағыбаевтың пікірінше, "Қылмыстың объектісі деп сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз" деп тұжырымдаған [5, 320б.] Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше. Осыған орай, қылмыстық құқық бойынша, қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектісі деп таниды. Қылмыстық заңмен қол суғұшылықтардан корғалатын қатынастардың тізбегі Қылмыстық Кодекстің міндеттерін айқындайтын 2- бабында атап көрсетілген. Кез келген қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғалмайды. Мысалы жұбайлардың арасындағы мүліктік қатынастар отбасылық құқық нормаларымен қорғалады, қарыз беруші мен борышқор арасындағы қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі, жұмыс беруші мен еңбекшінің арасындағы еңбек қатынастары Еңбек туралы заңдармен қорғалады. Сондықтанда, қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп келтіретін немесе қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстың объектісі ретінде танылады. Қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың өзі тарихи өзгермелі сипатта болып отырады. Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып танылатына байланысты артуы немесе кемуі мүмкін. Мысалы, бұрын қылмыс қатарында болмаған компьютерлік ақпаратқа кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚР ҚР227-бап) жаңа заң бойынша қылмыс, ал бұрын қылмыс болып саналатын екі немесе көп әйел алушылық, алып сатарлық жаңа заң бойынша қылмыс емес, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға жатпайды. Сондықтанда, ҚР ҚК 2-бабыбының 2-бөлігінде (осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті, қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады деп көзделген). Мұның өзі қолданылып жүрген қылмыстық заңдар бойынша белгілі бір қорғауға алынған қоғамдық қатынастар ғана қылмыстың жалпы объектісі болып танылғанын көрсетеді. Қылмыс объектісіне қол сұғуға қатысты мәселеге Н.И. Коржанскийдің жеке монографиясы арналған, қылмыс объектісінің жалпы сұрақтарына байланысты Н.Д. Дурманов, Н.И. Загородников, Н.Д. Шаргородский, А.А. Пионтковский, Я.М. Брайниннің, ал арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және т.б.
Отандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржановтың еңбектері және оның бірқатар ізденушілерінің зерттеулері арналып жарық көрген, отандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.О. Алауханов "Қылмыс объектісі дегеніміз- қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан зиян шегетін құндылық" деп пайымдайды [6, 272б.]. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Сондықтан да қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық та, тәжірибелік те маңызы ерекше, қылмыстың объектісін дұрыс анықтау қылмысты саралау барысында ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға үлкен септігін тигізеді, себебі қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне әрқашанда өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады.
Кеңестік заң әдебиетінде қылмыс объектісі, әдетте, қылмыстық іс-
әрекеттерден қылмыстық заң арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар деп анықталды. Дегенмен, бұл көзқарас абсолютті даусыз деп мойындала алмайды, себебі қызмет пен байланыс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар ретіндегі қоғамдық қатынастар деп түсіндірілетін қылмыс объектісінің теориясы жүзеге аспайды. Бұл барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде адамды марксистік қабылдауды негізге ала отырып, кеңестік қылмыстық құқық ғылымында тұлғаға қарсы қылмыстың объектісі - адамның өмірі, денсаулығы, намыс пен абыройы, қадір - қасиеті емес, бұл құндылықтар жөніндегі қоғамдық қатынастар болды, яғни адам қылмыстық-құқықтық нормалардың қорғауына биологиялық түр ретінде емес, белгілі бір әлеуметтік құндылықтардың иесі ретінде қойылды. Табиғатты қорғау қоғамдық қатынастардың призмасы арқылы жанама түрде, белгілі бір мүддені қорғау ретінде жүзеге асырылады. Қылмыс объектісін осылай ұғу абсолюттік құндылықтардың дәрежесін түсіретіндігі анық, сол себептен бұл ұғым әмбепап болып саналмайды. Қылмыстық құқықтың классикалық мектебінің шеңберіндегі өткен ғасырдың соңында пайда болған қылмыс объектісінің теориясына қайта оралу мүмкін болып табылады.
Құқықпен қорғалатын өмірлік мүдде деп қылмыс объектісін анықтай отырып, төңкеріске дейінгі ресейлік қылмыстық құқықтың ірі өкілі Н.С. Таганцев қылмысты Белгілі мемлекетте, белгілі кезде норма арқылы қорғалатын өмір мүддесіне қарсы іс-әрекет үшін басқа шаралардың болмауынан, мемлекет қылмыскерді жазалауға мәжбүрлейтін әрекеттер деп анықтады. Сонымен, қылмыс объектісі деп қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған және қылмыстық заң қорғайтын мүддені санаған дұрыс болады. Бұл мүдделердің маңыздылығы мен елеулілігі мемлекет осы мүддені қорғауға қолданылған шаралар арқылы анықталады.
Қылмыс объектісі туралы ілімде объектілерді топтастыру маңызды орын алады. 1938 жылы В.Д. Меньшагиннің ұсынысы бойынша, объектілерді жалпы, тектік, тікелейге бөлу таралған. Үш деңгейге бөлуге - Ерекше бөлім - Ерекше бөлімнің тарауы - қылмыс құрамы - қорғау объектісін үш деңгейлік бөлу сәйкес келеді: жалпы объект, тектік объект, тікелей объект. Алайда, бұл мәселе бойынша бір ғана көзқарас бар деп айтуға болмайды. Қазіргі кезде объектілерді жалпы, тектік, тікелейге бөлу көзқарасын көпшілік мойындайды, бірақ 60-жылдардың басында объектілердің бұл үштігі тек қана тұлғаға қарсы қылмыстарға пайдаланылды. Дегенмен, бұл бөлу соңғы болып табылады ма?
Қылмыстық-құқықтық әдебиетте қылмыс объектілерінің жаңа топтастырылуын іздеу қажет емес, себебі құқықты жүзеге асыру және құқықты қолданудағы барлық негізгі мәселелерді шешу осы үштік арқылы жүргізіледі. Бірақ, қазіргі кезде ҚР ҚК Ерекше бөлімінің құрылымының өзгеруі себебінен зерттеуші алдында тағы бір объектінің бар болуын анықтау қажеттілігі туады. Жаңа Қылмыстық кодекстің құрамында бөлімдер ғана емес, сонымен бірге тараулардың болуы шарт болғандықтан, қылмыстың объектісінің бөлігі бола тұрып, бөлім ішінде қылмыстарды тарауларға бөлу үшін негіз болатын объектінің тағы бір түрін қолдану дұрыс болады. Бұл идеяны көптеген ғалымдар қолдайды, мысалы, В. Я. Таций бұл идеяда Тәжірибелік мағынасы бар және ол белгілі бір қылмыстар топтарының жүйесін құру кезінде пайдаланыла алады, деп есептейді. Л. Л. Кругликов Тігінен топтастыру объектілердің төрт категориясын қамту керек деді: жалпы, тектік, түрлік (топтық) және тікелей. Біріншісінен басқаларда үш мағына бар: біріншіден, қатынастар мен объектілерге қол сұғушылық болғанда, заң шығарушыға оның қоғамдық қауіптілігінің сипатын анықтауға мүмкіндік береді, екіншіден, жауапкершілікке әкеліп соқтыратын қылмыстар мен нормалардың ғылыми және заң шығарушы классификациясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, үшіншіден, ортақ объективті талаптарға бағынатын белгілі анықталған жүйе бойынша заң шығарушы материалды реттеуге негіз болады.
Ауаны қылмыстық ластау туралы айтқанда, қылмыстың жалпы объектісіне тоқталмаймыз, себебі ол барлық қылмыстарда бірдей болады және қылмыстық құқықтың міндеттеріне сәйкес келетін, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделердің жиынтығы арқылы анықталады. Топтық объект жалпының бөлігі бола тұрып, қылмыстардың біркелкі тобы және қол сұғылатын біркелкі мүдделер тобы болып есептеледі. Топтық объект Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тарауларға бөлінуінде негізге алынған. Барлық экологиялық қылмыстардың топтық объектісі деп экологиялық қауіпсіздік пен экологиялық құқықтық тәртіпті санауға болады, себебі қауіпсіздік және оны қамтамасыз ету туралы жалпы ұғым 1998 жылы ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңында берілген. Ол Тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің өте маңызды мүдделеріне қауіп төнген кездегі экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар жүйесі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздікті әлеуметтіктің (ортақ қауіпсіздіктің) құрамдас бөлігі деп есептеуге болады. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзгеде әсерлер салдарынан туындайтын қауіп­қатерден қорғалуының жай­күйі [7, 3б.].
Бұрын өз күшінде болған КССР Қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыс үшін жауапкершілік туралы арнайы бөлімнің болмауына қарамастан, қылмыстық құқық теориясында бұл қылмыстардың топтық объектісі жөнінде белсенді даулар жүрді. Бұл даулар көбінесе топтық және тікелей объектінің талдауына байланысты болды. Бірақ, экологиялық қылмыстардың топтық объектісі табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану туралы қатынастар (экологиялық құрылымдардың көбі Шаруашылық қылмыстар деген 6- тарауда көрсетілген), қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік (КССР - дің ҚК 223, 230 баптары) туралы қатынастар да бола алады, яғни Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір тарауының шеңберінде екінші қосымша объект туралы сөз қозғау тиіс болды, бірақ пайдасы болмады. Әрине, барлық экологиялық қылмыстар үшін белгілі тікелей объектіні алдын - ала білу арқылы бұл жағдайдан шығуға мүмкін еді, бірақ онда барлық экологиялық қылмыстарда ортақ тікелей объектінің болуымен байланысты тағы бір қиындық туа алды, яғни, балық аулау кәсібімен заңсыз айналысқанда (КССР - дің ҚК 163-бабы) континенталды шельф туралы заңды және радиоактивті материалдарды сақтау мен қолданудың ережелерін бұзған кезінде қылмыскер қылмыстық-құқықтық қорғаудың сол бір тікелей объектісіне қол сұғушы еді, ал бұл дұрыс деп саналмайды.
Заң шығарушымен бір бөлімге жинақталған барлық қылмыстарда топтық объект болады. Белгілі топтар бойынша бір бөлім шеңберінде қылмыстарды бөлу тұрақты белгілер негізінде өту керек. Жалпы объектінің құрамдас бөлігі ретінде түрлік объектінің негізі болады. Солайша, мысалы, ресейлік авторлардың Қылмыстық құқық оқулықтарында Ерекше бөлім шеңберінде халық денсаулығы, компьютерлік мәліметтермен жұмыс кезіндегі қоғамдық тәртіп, экологиялық құқықтық тәртіп пен экологиялық қауіпсіздік сияқты түрлік объектілер қарастырылады [8, 792б.].
Объектінің ішінде түрлікті бөле тұрып, экологиялық қылмыстардың объектісіне байланысты болған даулар түрлік объектіге қатысты екенін айтуға болады. Қылмыстық құқық теориясында экологиялық қылмыстардың объектісіне экологиялық құқықтық тәртіп деп қарастыруға болатын табиғи ресурстарды қолдану жүйесі жатады деген көзқарас айтылды. Бірақ, қылмыс жасалғанда кейбір ережелер (белгілі бір қызметті реттейтін нормативтік актілер) бұзылды деген сөз қоғамдық өзін-өзі ұстау тәртібі рұқсат етілгеннің шекарасынан шықты және ережелерде көрсетілген тәртіпке сай келмейтінін көрсетеді. Бұл жағдайда қылмыстық қол сұғушылық заңмен қорғалатын белгілі бір мүддеге қарсы емес, құқықтық бұйрыққа қарсы жасалады. Экологиялық құқықтық тәртіп дегеніміз - табиғи байлықтарды қолдану және қорғаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі, яғни ережелерде, бұйрықтарда заңды бекітілген табиғатты пайдалану қатынастары. Б.А. Бушуева мен П.С. Дагель экологиялық қылмыстың объектісі ұғымын сараптай отырып, оны Адамзат қоғамының өмір сүруі мен қызметінің негізі ретіндегі қоршаған ортаға байланысты адамдар арасындағы кәдімгі қатынастар деп анықтады. Айтылған қоғамдық қатынастар адам - қоршаған орта жүйесінің қызмет етуін растайды, соның ішіне табиғи ресурстарды пайдалануды да, табиғатты сақтау мен қорғау үшін бағытталған адамның табиғатқа ықпалы да жатқызылады.
Табиғатты қорғаудағы қылмыстық қол сұғушылықтар табиғи ресурстарды ұтымды қолдану (сақтау, өндіру, жақсарту) көзқарасынан талқыланады. ҚР - нда табиғатты қорғаудың заң шығаруы белгілі табиғи объектілерді, орман массивтерін, ауа, су, жануарлар дүниесін сақтау мақсатымен шаруашылық иелерінің және табиғат ресурстарын басқа тұтынушылардың құқықтарын шектеуден құрылды.
Бүгінгі күнге дейін іс жүзінде қылмыстық құқық теориясында ресурстарды сақтау басымдылығы туралы көзқарас негізгі, басты болып келеді. Бұл көзқарас, біздің ойымызша, бірнеше себептерден дұрыс емес болып саналады:
- біріншіден, табиғи байлықтарды тиімді, ұтымды пайдалану олардың белгілі шаруашылықтық мүдделерге бағынуын білдіреді. Осылайша табиғатты қорғау іс жүзінде екінші орынға жылжиды немесе жай ресми мәлімделеді. Мұны экологиялық қылмыстардың ресми статистикасында бірінші орынды браконьерлік іс алатынынан көрінеді. Жауапкершілік туралы нормалар табиғи ресурстарды заңсыз қолданған қылмыстар кезінде пайдаланылады да, табиғи ортаға және экологиялық қауіпсіздікке нұқсан келтіру үшін жауапкершілік туралы нормалар қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары болғанына қарамастан, кей кездерде ғана қолданылады.
- екіншіден, табиғатты қорғау заң шығарудың бүкіл тарихында табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану нормативтік актілердің төмен сапасы, келісімге келмеушілік себептерінен қамтамасыз етілмеді. Мысалы, су мен ауаны ластау үшін жауапкершілік туралы КССР ҚК 223-бабы (1960ж.) іс жүзінде аз қолданылғаны, ол негізделген диспозициялардың және кейбір салалық нормалардың нақты тұжырымдалмағанымен түсіндіріледі. Бұл баптың сирек пайдаланылатынының тағы бір себебі - заң бұл экологиялық қылмысты тұрақты нормативтермен, дәлірек айтқанда, ауа сапасының критерийі ретіндегі зиянды қосындылардың шекті рұқсатты концентрацияларымен (ШРК) байланыстырады [9, 26б.].
Алайда, бұл көзқарас ауаның токсикологиялық жағдайын толық көрсетпейді. Біріншіден, бірқатар өте зиянды заттардың себебінен ШРК әлі күнге дейін анықталмады, ал мамандардың есептеуі бойынша бір қосындының ШРК-сын анықтау үшін бір - екі жыл жұмыс және көп материалдық шығын қажет болады. Екіншіден, бақылаушы органдар ауа үлгілеріндегі зиянды қосындылардың аз мөлшеріне ғана зерттеулер жүргізе алады. Талдау табиғатты қорғаудың заңнама нормалары сирек емес, бір - біріне қарама - қайшы келетінін, нақты тұжырымдардың болмауын, керексіз шектеулердің болуын, өзінің іс-әрекеттер, қызмет аясына кірмейтін қоғамдық қатынастарды реттейтінін көрсетті [10, 53 б.].
Экологиялық қылмыстардың түрлік объектісі ұғымын дамыта отырып, В.В. Петровтың экологиялық қылмыстардың түрлік объектісі деп табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану адам және тағы басқа тірі ағзалар үшін сапалы, жағымды табиғи ортаны сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қылмыстық заңмен қорғалған кешенді қоғамдық қатынастар деген көзқарас дұрыс деп санауға болмайды, себебі бұл көзқарасты қабылдасақ, біз жағымсыз табиғи ортаны қолдану бойынша қатынастарды құқық реттемейді дегенді мойындаймыз. Бұл жағдайда адам үшін жайлы емес Арктика және Антарктиканың табиғаты немесе ғарыш қалай қолданылады?
Экологиялық қылмыстардың мәні туралы соңғы кезде басқа да пікірлер жүр. Дәлірек, талданып жатқан іс - әрекеттердің объектісі қызметтің тікелей негізі ретінде қоршаған ортаны пайдалану және тағы басқа әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша адамның өмір қызметін қамтамасыз ету үшін ұтымды орындалуын қажет ететін фактілік қоғамдық қатынастардың күрделі, біртұтас кешені, олардың құқықтық формасының және материалдық субаппараты деп анықталады. Бұл күрделі және кейбір қатынастарда даулы анықтама объектісі ретінде қоршаған ортаны қолдау бойынша адамның тиімді өмір қызметін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастар, дейді, мүмкін бұл көзқарас табиғатты тұтынумен байланысты қылмыстың объектісі туралы Т.А. Бушуева, П.С. Дагель, В.Д. Пакутин тарапынан білдірілген көзқарастарының орнын басушылық пен трансформациясының нәтижесі болып келеді.
Бұрынғы қылмыстық заң қорғаған экология саласындағы әлеуметтік құндылықтардың иерархиясын ескере отырып, бұл туралы білдірілген ойларды талдай тұрып, өмір сүру ортасымен байланыстағы адам мен қоғамның тиімді өмір қызметі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ететін қоғамдық экологиялық қатынастар бұрын айтылған қылмыстардың объектісі болып саналады деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, бұл - қолайлы қоршаған ортаға құқық туралы қатынастар. Денсаулық пен аман - саулықтары үшін жағымды қоршаған табиғи ортаға әрбір адамның құқығы бар екені ұсынылған құқықтық принциптерде көрсетілді, қоршаған орта мен даму бойынша Халықаралық комиссияның баяндамасында бұл идея орын алды. Бұл идея экологиялық қатынастарды кең мағынада реттейтін Қазақстан Республикасы бірқатар заңдарын жасау кезінде қолданылды. Бұл мәселені қарастыру кезінде мемлекеттік, халықаралық және экологиялық құқық бойынша әдебиетте басқа да ұғымдар кездесетінін байқауға болады: қолайлы табиғи жағдайларда өмір сүруге құқық, қоршаған ортаның жағымды жағдайда болуына құқығы, қауіпсіз қоршаған ортаға құқық және бұл ұғымның синонимдері деп қарастыруға болатын тағы басқа ұғымдар [11, 134б.].
Біздің ойымызша, қолайлы қоршаған табиғи ортаға байланысты құқық мазмұны өте кең ауқымды. Ол адамдардың экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуға, мемлекеттік органдар өз шешімдерін негіздейтін және қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістер туралы ақпараттарға қол жеткізу, бұзылған құқықтар мен шаруашылық - экономикалық шешімдердің тура немесе жанама ықпалынан экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды қалпына келтіру үшін және өтемақыға байланысты сотқа жүгіну құқығы және т.б..
Әрине, қолайлы қоршаған ортаға құқықты қамтамасыз ету қажеттігін қабылдай отырып, экологияны адам мен қоғамға жағымсыз әсерден қорғау деп қана қарастырсақ, бұл проблеманың ауқымы қысқарады. Атақты ғалым-заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л.Бәйделдіновтың көзқарасын қолдай отырып, біздің пайымдауымызша да, адам тек қана табиғаттың бөлшегі, ал қоғам оның әлеуметтік құрамдасы. Биологиялық түр ретіндегі адамның тірі қалуын табиғатты ластау мәселесінен жасанды бөлу мүмкін емес. Бұл екеуі бөлек мәселе емес, ортақ болып саналады. Арнайы әдебиетте жиі кездесетін және қылмыстық-құқықтық ұғымда тұрақтанған қоршаған орта, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа ұғымдар нақты проблеманың мәнін дұрыс ұқпауды білдіреді [12,210б.].
Экологиялық қылмыстық-құқықтық нормалар табиғатты қорғауға бағытталуы тиіс, ал адамды қорғау жанама түрде өту керек, себебі біз табиғатты қорғай тұрып, әрине, адамды да қауіпті қатерлерден қорғаймыз. Заң шығарушы экологиялық баптардың диспозицияларында жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балық қорларына және т.б. зиян келтіру салдарын алдын ала біле тұрып, осы жолмен жүрді делінеді, ал адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіру күшейтілген және ерекше күшейтілген құрам деп анықталалады [13, 324б.]
Осылайша, біздің пайымдауымызша, қылмыстық-құқықтық нормалардың қорғауында тек қана адамдар емес, барлық табиғи орта болады деп айтуға болады. Айтылған көзқарасты қолдайтын аргумент келесі бола алады: экологиялық қылмыстар тарауы заңнама түрінде алдын ала қарастырылды, егер адам қауіпсіздігі туралы айтылса, бұл нормалар тұлғаға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік тарауында өз орнын таба алушы еді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, экологиялық қылмыстардың, дәлірек айтқанда, атмосфераны қылмыстық ластаудың топтық объектісі деп табиғи орта мен оның барлық компоненттерін қамтитын бір - бірімен байланысты мүдделердің кешені деп анықталатын экологиялық қауіпсіздік, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтуға болады.
Біркелкі жалпылықтың нормативтік массивтен бөліну негізіне қол сұғушылықтың объектісі алыну тиіс деген қылмыстық құқық теориясы мен заңнама тәжірибесінде тұрақталған пікір тектік объект бойынша нормаларды жүйелеудің негізі болып табылады. Бұл жүйелеу қылмыстың әлеуметтік мәнін анықтайтын белгіге негізделеді. Түрлік объектінің болуы қол сұғушылықтардың объектісі бойынша біркелкі қылмыстардан маңызы және мәні бойынша жақын мүдделерге қауіп төндіретін іс-әрекеттер тобын бөлуге жағдай жасайды [14,792б.]. Мұндай мүдделерге экологиялық мүдделер жатқызыла алады, бұл оларды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жеке тарауға бөлінуіне негіз болады. Топтастыру негізіне қылмыс заты, сапалы қасиетін құрайтын тұрақты белгі және топтастырылған құбылыстардың ерекшелігі жатқызылады.
Қоршаған ортаны қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес, экологиялық қылмыс құрамдарының қылмыс заты ретінде қарастырыла алады:
* табиғи экологиялық жүйелер, орман, өсімдіктер, жануарлар дүниесі, микроағзалар, генетикалық қор. Бұларға қол сұққанда қылмыскер биоэкологиялық мүдделерге қол сұғады (ҚР ҚК 280-бап. Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы; ҚР ҚК 287-бап. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу; ҚР ҚК 288-бап. Заңсыз аңшылық; ҚР ҚК 289-бап. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу; ҚР ҚК 291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу; ҚР ҚК 292- бап. Ормандарды жою немесе зақымдау);
* жер, оның қойнаулары, жерүсті мен жерасты сулары, жердің озон қабаты, атмосфера, табиғи ландшафттар. Бұл жағдайда геоэкологиялық мүдделер туралы сөз айтылуда (ҚР ҚК 281-бап. Суларды ластау, бітеу және сарқу; ҚР ҚК 282-бап. Атмосфераны ластау; ҚР ҚК 283-бап. Теңіз аясын ластау; ҚР ҚК 284-бап. ҚР құрылықтық шельфі туралы және ҚР айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы; ҚР ҚК 285-бап. Жерді бүлдіру; ҚР ҚК 286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу);
* егер қылмыс заты кешенді болса, онда бұл қылмысты биосфералық деп атау дұрыс болады (ҚР ҚК 277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы; ҚР ҚК 278-бап. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы; ҚР ҚК 279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы; ҚР ҚК 293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы; ҚР ҚК 294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау)[15].
Біздің ойымызша, Е.В. Овчаренконың экологиялық қылмыстарды биоэкологиялық, геоэкологиялық және биосфералыққа бөлу туралы жіктелуі ғылыми логика тұрғысынан қарағанда кемшіліктерсіз болып келсе, тәжірибешілер үшін қолайлы емес, себебі оған жасанды тән. В.В. Петров ұсынған басқа жіктеу қылмыстық заңнамада орын алған өзгерістер себебінен уақыт тексерісінен өте алмады. Ол - қылмыстарды құрамдары бойынша, негізділерге (қылмыстық қол сұғушылық объектісі табиғи объект болатын құрамдар - КССР ҚК 161, 163, 165, 223-баптары және тағы басқа), аралас (анықталған жағдайларда ғана экологиялық функцияларды орындайтындар - КССР ҚК 167, 199-баптары осыған қоймаларды, жерді өзінен - өзі иемдену жатады) және қосымша (белгілі жағдайларда экологиялық сипаттамаға ие болады, мысалы: билігін шектен тыс қолдану, т.б.). Бұл топтастыру бұрын күшінде болған заң шығару үшін жараса, қазір оның қолданылуы мүмкін емес.
Біз барлық экологиялық қылмыстарды төмендегілерге тікелей қол сұғушылыққа байланысты топтастыруды ұсынамыз:
oo Экологиялық қауіпсіздікке қылмыстық қолсұғушылықтар;
oo Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар;
oo Халықаралық келісімдер және басқа мемлекеттердің табиғи ортасына зиян келтіру. Біздің көзқарасымыз бойынша, табиғатты қорғау саласындағы халықаралық келісімдерді бұзу ҚР ҚК ауқымынан шығады.
Бар топтастыруларды талдау қылмыстық құқық ғылымында кейбір авторлардың қылмыстық-құқықтық концепцияларды жаңаша құрастыру әуесі кеңестік қылмыстық-құқықтық мектебінің ең жақсы жетістіктерін мойындамауға әкелетіндігін байқауға мүмкіндік береді. Қылмыстарды табиғи - ресурстық және табиғатты қорғаушы деп бөлу ең түсінікті болып көрінеді. Экологиялық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстардың заты - табиғи ресурстар, табиғатты қорғау қылмыстарының заты - жалпы табиғи орта, оның құрамдас бөліктері. ҚР ҚК 11-тарауында көрсетілген қылмыстарды келесілерге бөлуге болады:
oo экологиялық тәртіпке қол сұғатын қылмыстар - табиғи-ресурстық және браконьерлік;
oo экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар - табиғатты қорғау.
Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі табиғи ресурстық қылмыстарына мыналарды жатқызуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстарға түсінік
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Экологиялық қылмыстар туралы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Пәндер