Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Табиғи-географиялық алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Тарихи алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ
НЫСАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Алматы экскурсиялық нысандарын тақырыптық бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендерін-экскурсиялық нысан
ретінде қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Алматы каласы бойынша экскурсиялык маршруттар ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
ІІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ... ... .
3.1. Алматы қаласындағы туризм жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Алматы қаласында туристiк нысандарын қорғау және сақтау мәселелері...
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТIЗIМI
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә
КІРІСПЕ
Қазақстанның жоғалтып алған секторы - туризм. Экономиканың осы саласын дамыта алмай жатқанымыз аян. Туризм кластерін құрамыз дегенімізбен, әлі күнге дейін нақты мардымды ештеңе жоқ. Жібек жолы бағдарламасы, экотуризм, мәдени-танымдық және іскерлік туризм түрлерін дамыту ойда бар. Нақты жасалып жатқан іс жоқтың қасы. Авиа компания тасымал саласына жатады, ал адамдар оны туризмге апарып, қосып қояды. Келетін туристер болса, тасуға дайын екендігін білдірген ол, өткен жылы компанияның 1,2 млн шет елден жолаушы тасымалдағанын, оның 1 пайызы ғана туристер болғанын айтты. Бұл тым аз. Және аталған компания республика ішінде 27 пунктке рейс жасайды екен. Олардың арасында да жергілікті туристік орындарға бара жатқан жолаушылар жоқ. Студенттер, туыстарына бара жатқан жолаушылар ғана.
Біздің елдегі туристік компаниялардың көпшілігі шығу туризмімен жұмыс. Әрине, бұл туризм түрі қысқа мерзімде көп табыс әкеледі, ал жалпы алғанда бұл мемлекет үшін тиімсіз. Өйткені мемлекет ақшасы басқа мемлекетке кетуде деген сөз. Басқа елге барған турист, сол елдегі қызметтерді пайдаланады және оған ақша төлейді. Ал кіру туризмімен аз ғана мекеме айналысады. Және айналысқанның өзінде жергілікті әкімшіліктердің түсінбеушіліктерімен кезігуде. Бұл осы саланың дамуына кері әсер етуші.
Осы кіру туризмінің дамытушы локомативі ретінде іскерлік туризмнен бастауға болады. Конференцияларға, форумдарға келген адамдар біздің елдің көрікті, қызықты жерлерімен танысады, қалаларымыздың көркемдігін көріп, келесі бір кезде өз жанұясымен, достарымен қыдырып келуі мүмкін, және басқа да адамдарға осы ел жайлы хабар таратады. Бұл дегеніміз үлкен жарнама.
Болашақта Алматы қаласы орта Азиядағы ірі қаржы орталықтарына айналу мүмкіндігі жоғары. Осындай үлкен экономикалық потенциал шетелдік компаниялар мен инвесторларды тартуда. Және сонымен қатар Алматы қаласының географиялық орналасуы мен рекреациялық ресурстары туризм дамуына өте қолайлы. Медеу, Шымбұлақ, Шарын, әсем тау бөктерлері, осының барлығы туристерді тартуда. Сонымен қатар Алматыда ірі көрме оралықтары да бар, жыл сайын қалада 50 шақты көрме өткізіледі
Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сүиенсек, осы іскер турист елде мың долларға дейін тастап кетеді екен.
Әлемде іскерлік туризм жыл сайын қарқын алып келе жатыр. Мысалы : АҚШ та 5%, еуропа елдерінде 5-6 % ке, Ресейде 10% ке өсуде. Ал Қазақстанда іскерлік туризм даму жөнінен соңғы орында Оның алдында экологиялық және мәдени танымдық туризм тұр.
Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны - 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.
Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.
Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті
І. Алматы қаласының туризм дамуының алғышарттары
1.1. Табиғи-географиялық алғышарттары.
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан. аумағы 190 шаршы шақырым. Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі. Желдің орташа жылдық жылдамдығы -- 1,2 мс, ауа температурасы орташа -- 9,0 C°, Орташа жылдық ылғалдылық мөлшері -- 62 %. Кесте 1 Алматы қаласы климатының жылдық көрсеткіштері көрсетлген. Осыған сәйкес, қала бойынша экскурсияларды жүргізудің ең қолайлы кезеңі тамыз, қыркүйек және қазан айлары деп мәлімдеуіме болады. Бірақ, қала өзінің қолайлы географиялық орны мен климаттық жағдайына байланысты, экскурсияларды жыл бойы өткізіп тұруға болады.
Қаланың айналасы негізінен, таулы, сайлы-жыралы болып келеді. қала маңындағы биік таулы еңіс (3000-5000м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама бейткейлі. тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Алматы арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың арналары Қарғалы, Қарасу өзендері ағады. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзінде әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. Фау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.
1.2. Тарихи алғышарттары
Қаланың даму тарихы ежелден кезеңдерден бастау алады. Бұл қазіргі қалыптасқан экскурсиялық нысандарынан байқай аламыз. Қала дамуы бірнеше тарихи кезеңнен өтті.
Б.з.д. 10 -- 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел -- ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ. -- б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін сақ патшаларының қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы -- Есік қорғаны, онда Алтын адам, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық көркемдік қоласы -- шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-14 ғасырларда Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел -- осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.
1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.
1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы Дала комиссиясының баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.
1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата дегенжаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін деген бұйрық шығарды.
1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.
1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-шы бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы -- 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.
Ленгипрогром жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, Қазақстан қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат -- Алматының жасыл желекті қала атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
Сурет 1. алматы қаласының археологиялық нысандары бар территориялары [автордан]
1.3. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстан өз тәуелсіздігін жария етті. Сол кезден бастап ол демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолымен сенімді жүріп келе жатыр.
Бүгінде Достастық елдерінің арасында біздің республикамыз барлық дерлік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарға шығып келеді. Ерекше мәнді күнге Алматы қаласы да жақсы нәтижелермен және келешек жоспарлары, идеяларымен кіріп отыр. Мерейтой қарсыңында қаланың да елімізбен бірге өткен жолын талдау мәнді. Бұл жол қиыншылыққа толы болды.
Себебі, 15 жыл ішінде алматылықтар экономикалық формацияның өзгерісімен қатар, қала мәртебесінің өзгерісіне де куә болды. Бұл кезеңді үшке бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезең - 1992-1996 жылдар. Осы аралықта Қазақстан қоғамында бұйрықтық-әкімгершілік жүйеден нарықтық экономикаға ауысу процесі жүріп жатты.
Екінші кезең (1997-2001 жылдар) Алматы қаласының астаналық құзырын Астана қаласына көшірумен және жергілікті билік органдары қызметтерінің жаңа мәртебеге ие болуымен байланысты.
Үшінші кезеңге (2001-2006 жылдар) өркендеп келе жатқан экономика және қаланың халықаралық қаржы орталығы ретінде дамуы тән. Осы кезеңдерге толығырақ тоқталып өтейік.
1992-1996 жылдар еліміз үшін дамудағы ең қиын кезең. Жеке мемлекеттер сияқты Қазақстанға жеке заңдарымен өмір сүруді үйрену қажет еді. Бұл заңдарды жаңадан қалыптастыру қажет еді, бұрынғы заңдар іске асыруға келмеді.
90 жылдардың басында республиканың барлық аймақтарында экономикада тоқыраушылық басталды, содан кейін барып, ол құлдырай бастады. Осы жағдай шаруашылық байланыстардың толық құлдырауымен, қарыздардың жиналып, ақшаның құнсыздануымен қиындады.
Бұл жерде 80 жылдардың ортасына тиесілі әкімгершілік-бұйрықтық басқару жүйесінің билеп отырған кезіндегі күйзелісті еске салу орынды болады.
Бақылаушылар нарық кезеңіне дейінгі өнеркәсіп ерекшелігін жақсы біледі. Ол тұрақты жұмыс жасап отырды, бірақ көпте болса, жақсырақ болады принципте негізделді. Сапа мәселесі екінші орында қалып қойды. Өнеркәсіп өсімі бола отырып, өндірістің техникалық дамыуында артта қалушылық айқын көрініс ала бастады. Егер 80 жылдардың соңында қарыз болып, өсім сақталып отырса, ал 90 жылдары тоқыраушылық, экономикада құлдырауға ауысты.
80 жылдар мен 90 жылдардың басы және одан де ертерек жылдар тарихқа жаппай тапшылық атымен енді. Кейбір жылдары азық-түлік тауарлары қатаң мөлшерленді: сары май- 500 грамнан ғана берілді, ет - бір текше, қант - 1 килограмм, арақ - 1 бөтелке, т.с.с. Киім, аяқ киім, жиһаз, автомобиль, барлығы тапшы болды.
1993 жылы Алматыда өнеркәсіп өндірісі 10 пайызға төмендеді, 1994 жылы - 20 пайыз, ал 1995 жылы - 30 пайызға төмендеді. Тұрмыстық қажетті өнімдерді есепке алмағанда, сүт, шұжық, басқа да азық-түлік өнімдері 5-10 есеге азайды.
1996 жылдың соңында Алматының өнеркәсіп өндірісі 1991 жылмен салыстырғанда 60 пайызға төмендеді, құрылыс инвестициялары - 5 есе, жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау - 13 есе азайды.
Осындай құлдыраушылық тұрғын үй құрылысында да көрініс тапты. Мектептер, ауруханалар, емханалар, басқа да әлеуметтік сала объектілерін тұрғызу тоқтатылды. Жартылай салынған сұр үйлер сол кезең экономикасының мұңды бейнесіне айналды.
Барлық саладағы тоқыраушылық - бұрыннан келе жатқан бүкіл өндіріс жүйесі күйзелісінің өршуі болып табылады. Бұл отандық және шетел ғалымдары мен аналитиктерімен анықталды.
Әрине, осы жағдай кең халықтың тіршілік деңгейіне теріс әсер етті. Осы кезеңде Алматының миграциялық ахуалы апатты болды: 1991 жылмен салыстырғанда туылғандар саны 1996 жылы 35 пайызға төмендеді, ал өлім-жітім 15 пайызға артты. Инфляция нәтижесінде халықтың шынайы табысы ұдайы азайып отырды. Кәсіпорындардың жабылуы мен басқа да себептерге байланысты 5 жыл ішінде 60 мың адам жұмыс орнынан айырылды. 2001 жылы жалақы бойынша қарыз көлемі 240 млн. теңгеге жетті.
Сол қиын кезеңде мемлекеттілігі жоқ, айналасының барлығы осындай жаңа мемлекеттермен қоршалып жатқан ел әлем қауымдастығында өз орнын тауып, басымдықтарды анықтап, ең бастысы, халыққа келешекке деген үміт арттыруы қажет еді.
Сол жылдары қандай ауқымды жұмыстар жүргізілгенін еске түсірейік. Өйткені, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы тіршілік әрекетінің, сана, іс-әрекеттердің түбегейлі өзгеруі негізінде жүргізілді. Мемлекеттік деңгейде бағаны либерализациялау, көптеген тауарларды тарату үшін тосқауылды алып тастау, шаруашылық субъектілерінің ісіне мемлекеттің араласуын шектету бойынша жедел іс-шаралар қабылданды. Заң базасы түгелімен жаңа беттен жазылды.
Сол жылдары қазіргі кезде посткеңестік кеңістікте ең күшті болып мойындалған елдің банк жүйесі қалыптастырылды.
Бүгінде өткен жылдар көзімен қарағанда, біз экономикадағы шок терапиясы принципі бойынша жүргізілген реформаның ел үшін жалғыз дұрыс шешім болғанын түсініп отырмыз. Оның КСРО құлдырағаннан кейін иелік ету жағдайына кезеңмен енуге мүмкіндігі болмады және 1992 жылы экономиканың либерализациялануын жарялаған Ресейде жүргізілген реформаларға тәуелді болды.
Республикада жүргізіліп жатқан реформалардың ортасында Алматы мен оның тұрғындары болды. Сол жылдары кәсіпорындарды шетел басқаруына немесе жекеменшікке беру процесі басталды. Үйлердің бірінші қабаттарында тауар өндірісі және қызмет көрсетумен айналысатын шағын және орта бизнес кәсіпорындары ашыла бастады.
1994 жылы құбырлар, түсті және қара металдан бұйымдар шығаратын Кастинг кәсіпорны ұйымдастырылды.
1993 жылы Іскер кәсіпорнымен елдің темір жол жүйесі үшін қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар өндірісі игерілді.
1995 жылдан бастап бұл кәсіпорын осындай өнім өндіруші елдегі жалғыз кәсіпорын болып отыр.
1996 жылы Іскер-ГАЗ Қазақстан-Ресей кәсіпорны құрылды. Ол ГАЗЕЛЬ, Соболь маркасының автомобильдерін, автомобильдердің, кузовтардың, фургондардың, автотіркемелердің 30-дан астам түрін щығарды.
1995 жылы Белкамит бірлескен кәсіпорны құрылды. Ол мұнай мен газды өңдеу үшін жабдық шығаратын. Кәсіпорын өнімі елде алғаш рет халықаралық стандарттар бойынша сертификатталды.
Сол жылдары азық-түлік өнеркәсібінің кәсіпорындары белсенді дами бастады. 90 жылдардың басында азық-түлік өнімдерін шығару технологиясында Беккер и К компаниясы алға шықты. Нәтижесінде, ол отандық нарықта шұжық және ет өнімдерін ең үздік өндіруші болып қалыптасты.
Алматы маргарин зауыты 1996 жылға дейін ауыр халде болды. Демек, кейіннен акцияларының 90 пайызын швейцариялық әріптестер сатып алды. Бұл өндіріске 6 млн. АҚШ долларын инвестициялауға, ал бұл өз кезегінде өнімнің әлемдік нарығында өз орнына ие болуға мүмкіндік берді.
Осындай кәсіпорындардың арқасында біздің экономикамыз аман қалып, аяғына тұрды. Содан барып қарқынды өсу жолына түсті.
1995 жылы Салық пен басқа да міндетті төлемдер туралы заң қабылданды. Өмір көрсетіп отырғандай, бюджет қаражатының күйзеліс жағдайында, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша қарыздың өсуінде қатаң фиксалды және оң роль атқарды. Демек, ол сол кезден-ақ, нарықтық экономиканың дамуына бейімделген болатын. Кейіннен, оған бірнеше рет ең алдымен кәсіпорындар мен кәсіпкерлер үшін салықтық төлемдерді азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілді.
90 жылдардың алғашқы жартысын елімізде кәсіпорын қозғалысының пайда болу кезеңі деп айтуға болады. Осыған дейін адамның ынталылығы мен энергиясы жөнінде көбі ойланған емес. Сол кезеңде адамдардың бизнеске ене бастады. Оның негізгі бағыты далада сауда жасау, ал ұраны: арзанға сатып алып-қымбатқа сату болды.
Бұл әлі өркениетті бизнес болған жоқ, демек жекеменшікке негізделген жаңа экономика пайда бола бастады және өз еңбегінің нәтижесіне мүдделілік өсе берді.
Кәсіпкерлікті дамыту ісінде Алматы жаңашылдық енгузіші болды. Сол кезден-ақ, жеке бизнесті қолдау бойынша нақты іс-шаралар қабылданды. Шағын және орта кәсіпорындардың кейбір категорияларына орынды жалдау мен коммуналдық қызметті төлеуде жеңілдіктер орнатылды. Бұл жеңілдіктер кәсіпорындарға шығындарын төмендетуге, негізгі қызметін арттыруға мүмкіндік берді. Сол кезеңде әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілердің бос алаңдары, үйлердің бірінші қабатын кафе, дүкен, шаштараз және т.б. ашуға берілді.
Қабылданған іс-шаралар көптеген азық-түлік өнімдерін, тауарлар мен қызмет көрсетуді шағын бизнеске бейімдетуге мүмкіндік берді. 1996 жылдың аяғында кәсіпкерлер үлесінде нан өнімдерін өндірудің 10 пайызы және шұжық өнімдерінің 5 пайызы болды. Бұл, әрине, аз. Демек, кәсіпкерлер қабатының қалыптасуында ерекше роль атқарған отандастарымыздың тағдыры осы қарапайым сандар соңында.
Сол кезеңнің басты жетістігі кәсіпорындардың нақты иелерінің болуында. Ал 1997 жылдың аяғында өндірістегі тоқыраушылық тоқтатылды, зейнетақы, жәрдемақы және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеудегі қарыз жойылды.
1997-2001 жылдар кезеңі Алматы тарихына екі тарихи оқиғамен кірді. Біріншіден, бұл елдің әр мемлекетке жеке мақсаттарын көріп, жүзеге асыруға, жағдайдың барысы өз қолында болуға көмек көрсететін стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру негізінде күйзеліссіз даму моделін қалыптастыруға өтуі. Екіншіден, астана мәртебесінің Астанаға берілуі және Алматының республикалық маңызға ие қала ретіндегі мәртебесінде дамытудың жаңа моделін әзірлеу.
1997 жылдың аяғында елбасы Қазақстан-2030 даму Стратегиясы жария етілді. Ол әлеуметтік-нарықтық экономикасы бар тәуелсіз гүлденген, саяси тұрақты Қазақстанның қалыптасуына бағытталды.
Осы жылы Президент жарғысымен Астана қаласы ресми ел астанасы етіп жарияланды. Біздің қала жергілікті билік органдарының қызметін түбегейлі өзгертуге тиіс болды. Қысқа мерзімде қала потенциалын сақтауға көмек беретін мүмкіндіктер мен басқару тұтқасын табу қажет еді.
Сол кезде көптеген адамдар қала ақырындап құлдырайды деген болжам жасаған. Шын мәнінде де осыдан қауіптенді. Бұл негізделген болатын, себебі шығындар көптеп болатыны мәлім еді. Астанаға ұлттық компаниялар көшіп кетті, ал олармен бірге бюджет жиналатын салықтың 25 пайызын жоғалтып отырды. Көптеген ірі инвесторлар, іскер орталар жаңа астанаға ауысты. Лайықты қолданысты талап ететін ғимараттар босатылды.
Осы және басқа да көптеген мәселелерді қала мен ел үшін бірдей өндірістегі күйзеліс, инфляцияның, жұмыссыздықтың өсуі және т.б. келбетінде шешу керек еді.
Осы мәселелерді шешу үшін басты екі мақсат қойылды - елде көзделіп отырған реформаларды жүзеге асыру және қаланың астана мәртебесінен айырылумен байланысты жеке мәселелермен айналысу.
Ғылыми құрылымдарды тарту арқылы 1997 жылы жаңа жағдайда қаланы реформалау бағдарламасы әзірленді, содан кейін, 1998-2000 жылдарға, соңынан 2010 жылға дейін Алматы қаласын дамыту стратегиялық жоспары даярланды.
1998 жылдың шілде айында Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы ҚР заңы қабылданды. Ол бойынша Алматының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшелігін ескеріле отырып қаланың ерекше мәртебесін нақтылайтын құқықтық негіздер бекітілді.
Уақыт - ең жақсы сот. Ол қалап алынған бағыттың дұрыстығын дәлелдеді.
Сол жылдары бюджет саясаты өзгерістерге ұшырады. 90 жылдар ортасы мен одан да ертеректегі жылдардың бюджетіне салаларды үстемелеу тән. Бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, электр және автомобиль көлігі үстемеленді. Білім, денсаулық сақтау сияқты салалар толығымен үстемеленді. Бұл ретте әлеуметтік сала қалдық принципі бойынша қаржыландырылды.
1997 жылдан бастап жаңа бюджет саясатын жүргізу бағыт алды. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы салық базасын кезеңмен кеңейту бойынша шаралар қабылданды, коммуналдық шаруашылық қалыптастырылды, кепілдік қоры құрылды, тендер негізінде мемлекеттік сатып алу мен қызмет көрсету жүйесі дамытылды, шағын және орта бизнеске несие беріле бастады.
Білім, денсаулық сақтауға көлік және т.б. салаларда жекеменшік секторын дамыту оларға кететін шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Бұл ретте 2001 жылдың аяғында қол жеткізілген экономикалық тұрақтылық қоры жылдан жылға бюджет шығынығың әлеуметтік бағытын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде бюджет құрылымды қалыптастыру қызметін атқара бастады. Бұл оны Алматы қаласында реформалардың мемлекеттік саясатын жүргізудегі басты құралдардың бірі етті.
Өнеркәсіп саласын дамытуға біршама назар аударылды. Отандық кәсіпорындарды сауықтыру процесінде импорттың орнын басу мемлекеттік бағдарламасы оң әсер етті.
Мәселен, 1999 жылы осы бағдарлама арқасында АЗТМ АҚ үшін Ресейден әкелінетін өнім үлесі 90 пайыздан 68 пайызға ттөмендеді. Нан зауыттары мен нан комбинаттары, Белкамит, Рахат және т.б. көптеген кәсіпорындар отандық шикізатқа дерліктей ауысты.
100-ге жуық қалалық кәсіпорын жылына 5-6 млрд. теңге көлемінде өнім тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, импорттың орнын басу бағдарламасына белсенді қатысты. Бағдарламаға белсенді қатысқандардың қатарында ЫРЫСТЫ АЭВРЗ, АЗТМ, Мұнайаспап, Белкамит, Іскер және т.б. кәсіпорындар болды.
Экономиканы сауықтыруда оң әсер еткені - 1997 жылы қабылданған Банкроттық туралы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы. Ол бойынша өндіріс дамуына инвесторларды тарту жолы арқылы, кәсіпорындарды арнайы сауықтыру процедурасын жүргізу, төлеуге шамасы жоқ қарыздармен жұмыс жасау және заңды тұлғаларды банкрот деп санау ережелері бекітілген.
1997 жылдан бастап Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы банкроттық жөніндегі арнайы комиссиямен 200-ге жуық кәсіпорындар жұмысы қаралды. Нәтижесінде олардың көбі мемлекетке қарыздарын өтеп, экономиканың шынайы түрде сауықтырылуына себепші болды. Мәселен, 2001 жылы 55 кәсіпорын 13 млрд. теңге көлемінде бюджетке қарызын өтеді.
Азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының шығаратын өнімдері тұрақты өсе бастады. 5 жыл ішінде 1996 жылмен салыстырғанда үш есеге артты. Алматыдағы Рахат, Нәзік, Беккер и К және басқа да кәсіпорындардың азық-түлік өнімдері әлемнің көптеген елдерімен лайықты бағаланды.
Машина жасау кешені кәсіпорындары белсенді дами бастады. Тапсырыс жүйесінің қалыпқа келуі мен иморттың орнын басу саясатын жүргізу арқасында өндіріс көлемі орта есеппен жылына 1,6 есе артты. Компьютерлер жинақтау жақсы игерілді, түрлі электр құралдарын шығару қалыпқа келтірілді, электр есептеуіштерінің өндірісі 5 есеге артты, жүк тасымалдайтын автомобильдер шығарылымы 6 есеге ұлғайды. Кейбір кәсіпорындар (Әйгерім АҚ, ашытқы зауыты және т.б.) шығын саудаға қарсы қолдау алды. Бұл аяқтарына тұрып, өнім сапасы бойынша әлемдік брендтермен бәсекелесуге мүмкіндік берді.
Стратегиялық басымдықтарға сәйкес, 1997-1998 жылдары жолаушы көлігін демонополизациялау жүзеге асырылды. Бұл ретте ол күйзеліс жағдайында жүргізілді. Парктің көп бөлігі жарамсыз болды, қалалық бағыттардың залалы артты, жолдардың, байланыс және кабель желісінің техникалық ахуалы нашарлады. Демонополизациялау нәтижесінде бәсекелестік орта құрылды және түрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар дами бастады.
Қала дамуының осы кезеңін бизнестің өркениетті пайда болу кезеңі деп атауға болады. 1997 жылы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша іс-шаралар туралы Президент Жарлығы қабылданды. 5 жыл ішінде 2500 пәтер кәсіпкерлік қызмет объектісіне жабдықталды, 2000-нан астам объект сатылды, жалға, басқармаға және текке берілді.
Кәсіпкерлік бастаманы дамыту мақсатында өнеркәсіп аймағын дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, жүзеге асырылды, ал елде алғаш рет бизнес - инкубаторларын құру тәжірибесін республиканың барлық аймақтары үйренді.
Бастауыш кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында жастар бастамасы Орталығы құрылды, Кәсіпкерлікті қолдау орталығының негізінде бизнес негіздерін оқытатын тегін курстар ұйымдастырылды.
2001 жылдың аяғында кәсіпкерлік саласында қызмет жасап жүргендер саны 1997 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артып, 120 мың адамды құрады.
1997 жылдан басталған кезеңді қала үшін қарқынды құрылыс кезеңі деуге болады. Рамстор сауда орталығының көрікті ғимараттары салынды, әлемдік стандарттарға сай Достық даңғылы бойында Іскер орталығы, мешіттер, еврей синагогалары, банкнот фабрикасы, көптеген ТЖО ашылды. Фемили, Айя қиял әлемі парктері қолданысқа енгізілді. Арман, Алатау, Искра, Сары-Арқа, Қазақстан, Байқоңыр, Целинный, Спутник, Шұғла кинотеатрлары күрделі жөндеуден өткізілді, Рамстор сауда орталығында Номад кинотеатры ашылды.
Осы кезеңдегі Алматы қаласының дамуындағы ерекшелікке азаматтарды әлеуметтік қорғау саясатының белсенді жүргізілуін атап өтуге болады. 1999 жылдан бастап әкімдік шешімімен енгізілген кемінде 120 мың зейнеткерге ай сайын төленетін қалалық әлеуметтік жәрдем ақы тек осында жүзеге асырылады. Сол жылдан бастап жәрдем ақының басқа түрімен қатар барлық топ мүгедектеріне коммуналдық қызметті, жылу мен т.б. төлеу үшін мемлекеттік жәрдемақы төленеді. ҰОС ардагерлері қала көлігінде тегін жүріп-тұру құқын алды.
Жалпы қала өміріндегі осы кезеңді тұрақты экономикалық өркендеу, кәсіпкерліктің даму және әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылып жүзеге асырылған кезеңі деп атауға болады.
2001-2006 жылдар қала тарихына елдің инновациялық және қаржы орталығы ретінде орын ала бастаған Алматының қарқынды даму кезеңі ретінде кіреді.
2003 жылдан бастап индустриалды-инновациялық даму қалалық стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Ол елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және азық-түлік, фармацевтика, электронды өнеркәсіп, ағаш өңдеу және т.б. салаларда импорт көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда бұл бірнеше кәсіпорындардың іскерлігі арқасында қамтамасыз етілді. Олардың ішінде Вита АҚ. Бүгінде оның негізінде аймақаралық соялық кластер қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда; Интеграцияланған цифрлық спутник желісі жоғары технологиялық жобасын жүзеге асырушы Жарық ЖШС, сонымен қатар, қаланың басқа да өндірістік кәсіпорындары. Олардың барлығы жаңа технологияларды жақсы меңгеруде. Осылайша, отандық өндірушінің қуатын барынша арттыруда.
Инновациялық жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қаржы институттары белсенді қатысады. Қазіргі таңда 13 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында телепрокат спутниктік жүйесін қалыптастыру, жергілікті портал технологиясын қалыптастыру, түрлі электрондық техниканы экспортқа өндіру, суды тазартудағы жаңа технологияларды дамыту және т.б. жобалар.
Кәсіпорындардағы менеджмент сапасына ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні қаланың 88 кәсіпорны ИСО 9000, 9001 сериясындағы сапа менеджменті Халықаралық жүйесіне сәйкес сертификаттар алды.
Кәсіпкерлікті индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру жұмысына тарту мақсатында қазіргі кезеңгі инфрақұрылым қалыптастыруда. Алматы технопаркінің негізінде құрылыс пен инженерлік коммуникацияны қалпына келтірудің жаңа технологияларын қалыптастыру, дәрі-дәрмек шығару, емдеудің жаңа технологияларын енгізу, экологиялық таза азық-түлік өндіру жобалары жүзеге асырылуда.
Үкімет қолдауымен 2005 жылы Алатау ауылында ақпараттық технологиялар паркі құрыла бастады.
2007 жылға Алматы қаласы өзін Орталық Азия аймағында көптеген көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатардағы ірі мегаполис ретінде нық орнықтырды. Демек, ол мемлекет ауқымында АІӨ (аймақтық ішкі өнім) бесінші бөлігін, бұл ретте қызмет көрсету саласына 85 пайыз тиесілі; салықтық түсімнің бесінші бөлігін, көтерме және даналық операциялардың 50 пайызға жуығын және сыртқы сауда айналымының алтыншы бөлігін, тұрғызылып жатқан тұрғын үйдің 12 пайызын, барлық инвестицияның 14 пайызын, кәсіпкерлік саласымен жүзеге асырылып жатқан тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің 31 пайызын қамтамасыз ететін қаржы, мәдени, туристік, оқу-білім орталығы болып табылады.
Алматы дамыған интеллектуалды-ғылыми базасымен ерекшеленеді. Бұған дәлел, оның аумағындағы 66 Жоғары оқу орны мен 700 ғылыми-зерттеушілік қызметпен айналысатын ұйымдардың болуы.
Мұнда ядролық медицина, қазіргі кезеңгі ғарыштық технологияларды дамыту, қазіргі кезеңгі бағдарламалық қамтамасыз ету, қорды сақтап қалу технологияларын дамыту және т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі.
Алматының қаржы қоры біршама. Мұнда Қазақстан банктерінің 80 пайызы, Ұлттық Банк, Қазақстан қор биржасы, көптеген сақтандыру клмпаниялары мен зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар орналасқан.Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығына FITCH (рейтинг ВВ+ тұрақты) және MOODY'S (рейтингі Bal positive -инвестиция алдындағы категория) халықаралық агенттіктерімен берілген рейтингтер дәлел бола алады.
Алматыға еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше ықыласпен қарайды. Бұл жөнінде ол Еуразия жүрегінде атты кітабында жазады. Ол екі астанаға келіп-кеткен шетелдіктер Астананы ұнатасыз ба? деген сұраққа Иосиф Бродскийдің айтуындай: Астанадан бұрын мен Алматыны көріп қалдым деп жауап берер еді.
Бұл кітабында Президент қаланы барлық бақтары, саяжайлары мен парктерімен, Тянь-Шань пирамидасымен, Көк-Төбе шамшырағымен және басқа да дүние таңғажайыптарымен қосып ұнататынын атап кетті. Ол Алматыны әлемдегі ең көрікті, күшті қала деп санайтынын баса атап өтті.
Қаржыгерлердің ІV Конгресінде Елбасы Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптастыру туралы айтып өткені кездейсоқтық емес.
Бүгінде бұл идея жетік жүзеге асырылып жатыр. 2006 жылдан бастап Алматыда аймақтық қаржы орталығы ресми қызмет жасай бастады.
Елбасы Алматыны қаржы орталығы ретінде дамыту жөнінде бірнеше заңдарға қол қойды. Орталық қатысушыларына салық төлеудің жеңілдіктері орнатылды, салық бақылау тәртібі жеңілдетілді, шетел мамандарының кіруіне квота алынды, визалық тәртіп жеңілдетілді және т.б.
Ағымдағы жылдың басында Алматы қаласында қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттік құрылды. Ол Орталыққа инвесторларды тіркелімге және қатысуға тарту бойынша дайындық жұмыстарын бастады.
Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай салынып жатқан ААҚО іскерлік кешені ең үздік әлемдік сәулет жобалары бойынша салынған офистерден тұратын болады.
Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде дамыту қаланың техникалық мәселелерін кешенді шешуді көздейді. Олардың қатарында жер сілкінісі қаупі және тау қарының құлауы, барлық инженерлік коммуникациялардың жарамсыздығы, энергия қуатының жетіспеушілігі, көлік мәселелері және т.б..
Оларды кешенді шешу мақсатында және қаланың қарқынды дамуын қамтамасыз етуде Президент Жарлығымен 2010 жылға дейін Алматы қаласын дамуты Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оларды жүзеге асыру қайта құрулардың барлық бағыты бойынша оң нәтиже береді.
Өнеркәсіптегі жыл сайынғы өсім орта есеппен 15 пайызды, құрылыста 11 пайызды, қаржы салуда 14 пайызды құрайды.
ІАӨ көлемі 1995 жылдан 10 есеге артты, ал оның көрсеткіші қала халқының жан басына шаққанда республикалық деңгейден 2 есеге артық.
Осы жылдары әлеуметтік сала объектілері белсенді дамыды. 2001 жылдың қорытындысы бойынша, мәселен, бірнеше жыл ішінде алғаш рет көпшілік әлеуметтік объектілер қолданысқа енгізілді: 3 жалпы білім беру мектептері, алдын-ала тексеру емханасы, қазіргі кезеңгі медициналық технологиялардың емдік-диагностикалық орталығы, нашақор ауруларды сауықтыру орталығы.
Алматы қаласы көптеген әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырушы болды. Кейіннен олар республика аумағында тарала бастады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру туралы жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Аталған жоба жайында Елбасы алғашқы рет 1995 жылы өткен Қазақстандық банктер ассоцияциясының кездесуі мен 2004 жылдың қараша айындағы Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі барысында жариялады.
Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға тікелей ат салысқан Boston Consulting Group компаниясы тартылды.
Компанияның негізгі міндеті Қазақстан қаржы нарығын дамытудағы артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, Алматы қаласында құрылған өңірлік қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қазақстан Республикасында қаржы секторын дамыту жөніндегі тапсырма Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы атты жолдауында анықталды.
Сонымен қатар, Орта Азиялық аумақтағы басты қаржы орталық ретінде Алматы қаласының дамуына ерекше көңіл бөлінді. Осыған сәйкес, ірі аймақтық бизнес-жобалар үшін қаржы және сақтандыру қызметі мен қарыздар беруде ірі қаржы ұйымдарына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалынып, қаржы орталықтары қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілді.
2006 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы Заңы қабылданды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне сәйкестендірілген өзгертулер енгізілді. Сол жылы қаржы орталығының өкілетті органы- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz