ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
журналистика факультеті
Телерадиожурналистика кафедрасы
АЙГЕРІМ ҚОЖАХМЕТОВА
Электронды БАҚ-ындағы мәдениет мәселелерінің насихатталуы
Жоғары оқу орнын бітіру үшін қорғалатын бакалавриаттық
бітіру жұмысы
Шифр-521030
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент О. Ошанова
Ресми сарапшы:
Телерадио журналистикасы кафедрасының
2007 жылғы мәжілісінде талқыланып, қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... ... .
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданады.
Диплом қорғау күні: 2007 жылғы 15 маусым
Комиссия хатшысы: ... ... ...
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I тарау. Журналистика және мәдениет
II тарау. Электронды БАҚ және мәдени хабарлар
III тарау. Мәдениет мәселесінің телерадиода насихатталуы және көтерілу
деңгейі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
Сілтемелер
тізбесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I – тарау. ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Журналистика мен мәдениет туралы жазбас бұрын, алдымен жалпы
журналистикаға және мәдениет түсінігіне жеке-жеке тоқталып кетсек.
Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз
қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика
бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI
ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда
болғанымен, оның негізі ерте кезді меңзейді. Сол уақыттан бері журналистика
даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін
бастан кешірді. Сөйтіп, өзінің тарихи ролін толық ашып берді. Бұлай дейтін
себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты
әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі
хабарлармен қамтамассыз етіп көрген емес. Ол барлық уақытта қоғам өміріне
араласып отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен,
ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология,
мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім
жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның
әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды
идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді
байытуға себепкер болады. Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге
асады. Оған-телевидение, радио, газет-журналдар, интернет, ақпарат
агенттіктері жатады. Ал жалпы Бұқаралық ақпарат құралдары деген атаудың
өзі мына жайларды білдіреді:
1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға,
халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс
орнатылмақ;
2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын
қанағаттандыру үшін берілмек;
3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселерге белсенді позиция
ұстап, соған жұртты жұмылдыруға ат салысу болмақ;
4. Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын
қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтындай болу керек;
5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып
отыруға мүмкіндік туғызу;
6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат орындарына қатысуына жол ашу, т.б.
Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін
материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде
кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру
абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті
болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. Журналист-
ақпарат-аудитория. Журналист шығармашылық тұлға - ол айтады, жазады, ал
оны халық тыңдайды, көреді, оқиды.
Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, теледидар көрген
кезде әлемдегі жаңалықтар мен өзгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге
сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы да бар екенін сезініп, сол
құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол
оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай
заңдылығы бар екенін пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет
жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек. Журналистика ең
алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді
сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де
бағыт - идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар
алуына көмек етеді.
Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі маңызды қоғамдық-саяси роль
атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді.
Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың
жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси
қызмет жасаудың өнерін игере беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап
отырады.
Жалпы журналистика-халықтық болып саналады. Өйткені журналистика-халықтың
қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың
жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай
мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға,
халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып,
халықтық позиция ұстайды. Бұл дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет
етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша бүкіл
жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға
сыйымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі
біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету-биік
моральдық этикалық қасиет екені ақиқат.
Журналистиканың халыққа қызмет етуі - сол халықтың
реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін
жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе
бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса, онан асқан арман мақсат жоқ шығар.
Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек.
Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр?
Осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ,
халықтың пікірі, ойы, мақсаты жрналистиканың ең бір мұқият назар аударып
отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең
бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап,
қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез
өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз
заңдылықтардың өзі халықтың шынайы қажетін қанағаттандыратын болуы керек.
Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу
үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе
астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерлеп, кемшілігін
ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идеяға
халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластырған жөн. Халық өміріне
кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп,
ескеріп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті.
Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек.
Ақпаратты тарату, жинау, сараптау айналамыздағы барлық болып жатқан
оқиғалардан, құбылыстардан баршаны хабардар ету, сонымен қатар қоғамдық
пікірді қалыптастыру қазіргі таңдағы журналистиканың басты міндеті деп
айтамыз. Дегенімен, журналистика ақпарат таратумен айналысып қана қоймайды,
әрбір адамзатқа қажетті рухани күш - қуат береді, ой мен сананы
демалдырып, этика мен эстетикаға баулиды. Бұрынғы кездері, яғни ғылым мен
техниканың жетістіктері мұндай дәрежеде дамымай тұрғанда, электронды
бұқаралық ақпарат құралдары деген түсініктің қалыптаспай тұрған шағында,
қазақ халқы ақпаратты бір ауылдан бір ауылға ат басын тіреген
жолаушылардан естіп, көшіп-қонып жүрген жұрт, басы қосылған шағында рухани
күш-қуат пен серпіліс алу үшін ойын-сауық құрып, әнші сал-серілердің өнерін
тамашалап, айтыс ұйымдастырып, бір жасап қалатын. Қазір заман өзгерді,
көшпеліден отырықшы халыққа айналдық, Электронды БАҚ пайда болды.
Жаһандану процесі жүріп жатыр. Барлық дерлік бұқаралық ақпарат құралдарынан
қалағаныңды таба аласың. Шығыстың да, батыстың да мәдениеті араласып
жатыр. Міне осындай қоспа мәдениет арасында біздің ұлттық құндылықтарымыз,
мәдениетіміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қандай дәрежеде
насихатталуда? Жалпы мәдениет дегеніміз не? Мәдени хабарлар қандай болуы
керек? Осы сұрақтарға жауап бермес бұрын мәдениет түсінігіне тоқталып
өтейік.
Мәселен, Қазақ кеңес энциклопедиясында: Мәдениет
дегеніміз - адамдардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан рухани және
материялдық игіліктері болып табылады,-делінген. Бұл жалпылама, жалаң
ғана пікір, сірә, тоқырау жылдары кезінде ұлттық мәдениетке мән бермеуден
туса керек. Ал шын мәнінде мәдениет ауқымы кең, алар орны ерекше. Бұл
турасында қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Ә. Марғұлан: Мәдениет
дегеніміз - адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлық еңбегі, мұның
бәрі зор қоғамдық сипат, - деген екен. Сонымен мәдениет, халық мәдениеті -
ұлттық тарих сахнасында қалыптасқан, мәдениет мұрасы, әдет - ғұрып, салт -
дәстүрі, яғни мәдениет өз топырағында дамып, өркендеуі тиіс. Мәдениетті
сонымен қатар қоғамдық болмысымыздың барлық саласымен тамырлас, астас
жатқан қасиетті ұғым ретінде де қарағанымыз жөн.
Адам мәдениетті дамытады, мәдениет адамды тәрбиелейді
деген ұлағатты ұғымға сүйене отырып, мәдениет тарихының рухани және
материялдық болып екі салаға бөлінетінін білеміз.
Рухани мәдениетке-күллі басылымдар, радио, теледидар қойылымдары, кино,
оқу-ағарту істері жатады. Ал тарихи ескерткіштер, театр үйлері, клубтар,
мұражайлар мен толып жатқан мәдени мекемелер, сонымен қатар қол өнер
мұралары, зергерлік және тағы да басқалар материялдық мәдениетке жатады.
Жалпылай айтқанда мәдениеттің қатыспайтын саласы жоқ. Мысалы, олар -
экономикалық, экологиялық, халықаралық дипломатиялық, саяси мәдениет болып
жалғаса береді. Рухани мәдениеттің өзі эстетикалық, этикалық болып түрлене
түседі.
Мәдениет танушы ғалым Т. Ғабитов: Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар
бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі,
халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы
мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейін - есі философиялық
жүйелер мен рәміз - таңбалық өсиеттері, орын толмайтын шығындар мен
өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты-осының бәрі мәдениет пен
бірге қайнасқан десе, белгілі академик М. Қозыбаев Адам баласы шыр етіп
жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейін өмірі үнемі сан
ғасырлық наным - сенімі, танымы -түсінігі, қоғамдық даму барысындағы
ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер аясында болады десек, ендеше, салт -
дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің
тірегі. Ал қазақ халқының мәдениеті –ұлттық тарих сахнасында өзі
қалыптасқан мәдени мұрасы, халық білімі, сенімі, әдет - ғұрып, салт -
дәстүрі десе, ал әдебиетші - ғалым А. Сейдімбеков: Бүгінгі таңдағы
ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел - жұрттың білім өрісі
мен сауатын да, халықтың тұрмыс - тіршілігі мен өндіріс ауқымын да, ойдың
орамдығы мен тілдің құнарын да, материялдық және рухани қажеттіліктердің
деңгей дәрежесін де, ең арғысы толғамның татымына дейін мәдениеттің аясына
сыйғызады. Демек, мәдениет дегеніміз адамзат баласының ақыл - ойы мен
маңдай тері тудырған жетістіктердің бәрін қамтиды екен, - дейді.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени
дамуының тұжырымдамасында: Мәдениет дегеніміз - адамның ойлау, өзіне де,
айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті. Адамдарды ізгілікті,
ақылды, моральдық міндеттемелерді мойнына алатын сыншыл жанға айналдыратын
да мәдениет
Сөйтіп, кез - келген ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт - дәстүрлер
жүйесіне бірден көзіміз түседі. Ал, бұл туралы белгілі философ Гердер:
Салт - дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының анасы, - деген салмақты
пікір айтса, зерттеуші Ғ. Ақпанбет: Мәдениет өзінің кең мағынасында бір
ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы
жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет
өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу - сызу болмаған ерте заманда мәдениет
ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек
артқан. Олар - терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған
тәжірибесінің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі,
- деп нақты тұжырым жасайды.
Сондай-ақ М.Қани өзінің Қазақтың көне тарихы атты монографиясында:
Қазақ халқының мәдениеті ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп,
қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен
рухани мәдениетінің заңды жалғасы және заманға сай дамып, қалыптасқан түрі
- деп анықтама берген.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңы қабылданады.
Онда: Осы заң мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді, қазақтың
ұлттық мәдениетінің Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін жасау,
жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттейді, - делінген.
Осыған орай тәуелсіздік алған Республикамыз үшін қазіргі экономикалық
мәселелермен бірге халықтың рухани жаңғыруы, яғни, төл мәдениетін
өркендету, дамыту аса маңызды міндет болып отыр. Сондықтан, қандай да
экономикалық тұтқаларды пайдалансақ та, қандай да қаржы ресурстарын
иеленсек те, болашақ ұрпақты жоғары мәдениетті ортасыз көру мүмкін
еместігін қатал ескеруіміз керек. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
табылады.
Бұған ел басы Н. Ә. Назарбаевтың: Өзгелердің ұлттық
мәдениетіне тиісті құрметтеу жоқ жерде шынайы азаматтық тағылым да
болмайды. Қазақтар орыс мәдениетін жете меңгерген. Ендеше, қазақ әдебиеті
де Қазақстанда тұратын басқа ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы
нәрседей алып құбылыс болмаса керек. Қазақ әдебиеті, тілі, ауыз әдебиеті,
музыкасы әрқайсымыздың да рухани дүниемізді орасан байыта алады. Еврвзияның
ең бір бай да бірегей мәдениеті - қазақ мәдениетінен нәр алуы қиамет
кезеңдерде өз ортасынан ойып баспана беріп, омырауын ашқан меймандос
халыққа көрсетілген бірден - бір құрмет саналмақшы. Осылай бір - бірін
айтпай түсінген ақпейілділік пен бауырмалдық қана ұлтаралық жарастыққа жол
ашады, - деп жазуы куә.
Бөрікті қалай айналдырсақ та, өмірде мәдениет араласпайтын ешқандай сала
жоқ. Экономикалық мәдениет, экологиялық мәдениет, саяси мәдениет,
халықаралық - дипломатиялық мәдениет болып жіктеле береді. Ал, рухани
мәдениет болса: этикалық, эстетикалық деп аталады да, іштей сөйлеу
мәдениеті, жазу - сызу мәдениеті, тамақтану мәдениеті, жүріс - тұрыс, киім
кию мәдениеті, діни мәдениет деп бөліне береді.
Бағамдасақ мәдениетсіз адам өмірін елестету мүмкін емес. Сөйлеу, жүріп-
тұру, тамақтану, киіну мәдениеті тән рахаты үшін десек, ән-күй, қара өлең,
поэзия тыңдау, театралды қойылымдар көру, айтыс тамашалау, ұлттық
құндылықтарымызды еске түсіретін хабарлар көру жан рахаты үшін екені анық.
Журналистика адам өміріне маңызды тәннің қажеттілігі мен жанның
қажеттілігін қамтамассыз етеді. Себебі, қандай да бір бұқаралық ақпарат
құралы болмасын, онда ең бастысы сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Газет -
журналдан, радиодан, телеарналардан журналист немесе жүргізушінің қалай
болса солай сөз қолданғанын байқау қиын. Күнделікті заман талабына сай
сәннің өзгеруі, қай жерде өзіңді қалай ұстау керектігін, ең жақсы және
сәнді деген бұйымдарды қайдан алуға болатынын, жер шарының түкпір -
түкпіріндегі ең дәмді деген тағамдардың дайындау әдісін осы бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы білетініміз жасырын емес. БАҚ - ның жетістігі
арқасында бүгінде үйімізден шықпай-ақ қалаған елдің мәдениетімен, тұрмыс
- тіршілігімен етене танысып, өзімізбен салыстырып та жүрміз.
Кеменің екі ұшы болатыны секілді ақпараттың да көп болуы
біздің қоғам үшін барлық жағынан тиімді болып отырған жоқ. Жаһандану
процесі жүріп жатқанын еске түсірсек, БАҚ арқылы шет елдердің мәдениетімен
танысып қана қоймай, оны өзімізге сіңіріп жатқан жәйіміз бар. Қазақ
радиосы мен Шалқар ұлттық арнасын есептемегенде еліміздегі барлық
радиотораптардан батыстың ешбір мән-мағынасы жоқ, даңғыраған айқай-шуға
толы әндері күні-түні сайрап тұрады. Бұл жағдайға үйреніп алғанымыз сонша,
айтылып жатқан ән қай тілде екенін білмесек те, ести-ести құлағымыздың
майын ішкен өлеңді бір сөзінен де жаңылмай қосылып айтып жүретін болдық.
Аналарымыз бесік жырдың орнына ауызекі тілде -вальс аталатын әндермен
баласын ұйықтататын болды. Батыстағылар өздерінің мәдениетін бізге осылайша
алдымен рухани жаулау арқылы сіңірмек. Қазақ тілнде шығып жатқан әндердің
көп жағдайда авторын да білмейтініміз тағы бар. Әншілер мен әртістер қажет
деңгейінде елге танылып, насихатталмайды да. Қазіргі жасөспірімдерден
қазақша бір әннің орындаушысы кім? - деп сұрасаңыз, дұрыс жауабын алуыңыз
екіталай. Керісінше, шетелдің әнін кім орындап жатыр деп сұрасаң, әншінің
атымен қоса оның қайда тұратынын, қандай автокөлік айдайтынын, не ішіп-
жейтінін және де кіммен некелескенін, онымен қанша уақыт тұрғанын, не үшін
ажырасқанын, қазіргі уақытта кімге үйленбекші т.б. осындай секілді
сұрақтарыңызға жауап аласыз. Бұл әрине үлкен қалалардағы жағдай.
Дегенімен, игіліктің ерте - кеші жоқ дегендей соңғы бір-екі жылда қазақ
әндері де жоғары деңгейге көтеріліп, сапалы клиптер түсіріліп талантты
әншілер мен жақсы әндер шыға бастады. Телеарналарда жүріп жатқан
проекттердің (Ұят болмасын, Қымызхана, Той бастар, Қызық радиосы,
Таң қалмаңыз, Біздің көшенің тұрғындарыт.б.) арқасында актерлер де
танылып, бағаланып келеді. Телеарналардан ұлттық рухымыз бен
мәдениетімізді жаңғыртатын хабарлар көрсетіліп жатыр. Мәдениет, тіл,
ұлттық құндылықтары мен ұлт болашағы мәселесі әлеуметтік ток-шоулардың
басты тақырыптары болып отыр.
Қандай да болмасын ұлттық мәдениеттің негізі адамгершілік нормаларын және
дүниетанымды түсінуде мәдениеттің тағы бір терең тамыры дінде жатыр.
Тоқырау кезеңінде ұлттық мәдениетті жою жоспарымен, діннің ешқандай әсері
жоқ деп халықты мәңгүрттікке тәрбиеледі. Дінге деген көзқарас мифологиялық
күштерге бағытталса, ұлттық дініміз - адам мен қоғам арасындағы байланыстың
қажеттілігіне бағытталады. Қалай десек те дінтанусыз мәдениеттанудың
жоқтығы табиғи заңдылық. Бұл туралы белгілі діни қайраткер Халифа Алтайдың:
Ислам діні сан ғасыр бойы қазақ халқына рухани, мәдени, имандылық,
адамгершілік өміріне айрықша ықпалын тигізді. Қазақ халқы ислам және
имандылық жөнінен өте қиын кезеңді өткізуде, әрине мұның өзіндік себептері
бар - деген болатын. Тілі, діні жоқ елде мәдениеттің де болмайтыны айдан
анық. Тілді дамытуға, дінді насихаттауда журналистика ең бір тиімді құрал.
Ғаламның тыныс - тіршілігін бір сәтте үйдегі көгілдір
экран арқылы тамашалап, таным көкжиегін кеңейтіп, біліп, қанығу - адамзат
қоғамының мәдени сапалық деңгейі өскенінің көрсеткіші. Қаламының ұшында,
көңілінің түпкірінде бүгінгі заманның болмыс-бітімітұлғаланатын журналистер
қауымының уақыт алдындағы парызы мен қарызы өсе түсуде. Жедел де шыншыл,
әділ де өткір хабарларды кәсіпқой шеберлікпен, азаматтық парасатпен бере
білетін ақпаратқұралдары өкілдері дәуірдің тұтас тұлғасын сомдауға үлес
қосады, -деп атап көрсетті Елбасы Н. Назарбаев. Сондықтан мұндай
жасампаздық жетістікті игілігімізге пайдалану - уақыт талабы. Егемендік
дәуірінде бағдарламаларға ұлттық түр мен пішін; мазмұн мен мән беріп,
рухани келбетін таныту қажеттілігі туындайды.
Тележурналистика мемлекеттік идеологияның жалаң
насихатшысы ғана емес, оның елдің әлеуметтік - экономикалық, мәдени-рухани
саласының кем-кетік тұстарын түзетуге көмек жасайтын бұқаралық сипаты да
басым. Ақпараттану дәуірінде тележурналистиканың технологиялық саласының
күрделенуі - табиғи құбылыс. Соңғы буын жаңа санды технологияның
тәжірибеге енуі телеөнімдердің таралуы мен бейнелілігіне, көрнекілігі мен
безендірілуіне, компьютерлік ақпараттық желілер мен әдіс-тәсілдердің
сапалық жағынан ғылыми - танымдық әсер - ықпалын, мәдени қызметін арттырды.
Бұл бағытта да тележурналистиканы алуан шығармашылық ізденістермен қатар,
ғылыми - техникалық жетістіктің соңғы табыстарымен сабақтастыра
қарастырудың өзектілігі танылады.
Қоғамның негізін құрайтын қарапайым көпшіліктің қызығып тамашалайтын
мәдениеті - халықтың төл өнері. Олардың қатарына айтыс, өлеңдер мен әндер,
күйлер мен термелер, ойын - сауық бағдарламалар т.б. жатады. Халықтың
мәдени сұранысын дөп басып, олар қажетсінген дүниелерді өмірге келтіру -
борыш әрі міндет. Халық мұрасын шығармашылықпен пайдалана отырып, осы күнгі
талапқа, талғамға сай мәдениет жасау оңай емес. Төл өнеріміз бен
мәдениетімізді жаңғырту мен жаңартудың, жандандыру мен жаңаша қолданудың
әдісі мен жолдарын нарыққа сәйкестендіру керек. Мысалы, фольклерлық
шығармалар негізінде кинофильм, телефильм, бейнефильм, спектакль, балет
шығаруға болар еді. Алайда, олар қазіргі талғам мен талапқа сай жасалмаса,
нарықтық бәсекеге түсе алмайды. Жедел қарқынмен дамыған бүгінгі қоғамда
ұзақ хабар тыңдалмайды, көлемі 1 - 1,5 сағаттық сұхбат түріндегі, талғамсыз
бағдарламалар көрерменді бұрынғыдай қызықтырмайды.
Шеттен келіп жатқан дөрекі мәдениеттің соқыр жетегінде кетпес үшін уақыт
кезеңіне сай өз үрдісімізді қалыптастыруға күш салған орынды. Ол тек ұлттық
шеңбер аясында ғана емес, озық өнер мен шет елдің үздік мәдениетін
үштастыру және ұлттық мәдениетіміздің мәйегін сақтай отырып, заман талабына
сай дамыта пайдалану арқылы қалыптаспақ. Сондықтан тезірек мәдениет
нарығына ену, шығармашылық бәсекеге түсу қажет. Мәдениет күресіне, талант
жарысына түсудің алғы шарты - ой азаттығы мен шығармашылық еркіндік. Екінші
кезекте-қаражат пен құрал-жабдықтар. Көркем шығармашылық жарыста, өнер
жарысында жеңіп шығу үшін бағдарламаны дұрыс насихаттау шарт. Теледидардағы
талантты авторлар мен продюссерлер мәдениет нарқына түсуі үшін олардың
бағдарламасын қай топ, қай қауым жақсы қабылдайтынын зерттеп, соған сәйкес
іс - әрекет жасайтын маман менеджерлер даярлайтын кез келді.
Ең бастысы - мәдениет пен мәдени мұра, теледидар туралы бүгінгі қалыптасқан
жағдайға сай жаңа заң қабылдау, әрі ол заңда теледидар мен өнердің
туындысы, мәдени дүниелер - кәсіпкерлік тауар бола алатынын бекіту.
Бағамдасақ журналистика мәдениетті қалыптастыратын да, тоқырауға
ұшырататын да үлкен әлеуметтік - рухани құрал.
II – тарау. ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ХАБАРЛАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ
5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері
20-бап. Журналистің құқықтары
1) ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысандарындағы ұйымдарға баруына
және өзінің қымет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруға байланысты олардың
лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткізу туралы шешім
қабылданғаннан басқа жағдайда өзін тіркеген орган өткізетін барлық
шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды
қоспағанда, жазбалар, соның ішінде оларды дыбыс - бейне техникасын, кино –
фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
4) журналистің куәлігін көрсету арқылы дүлей аппаттар болған аудандарда,
митингілер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық , топтық және жеке
мүдделер мен наразылықтарды өзге де білдіру нысандарына қатысуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын
мәліметтері бар үзінділерін қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынптын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезінде мамандарға жүгінуге;
8) өзі дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын
(бүркеншік атын) көрсетіп таратуға;
9) материалдардың мазмұны редакциалық түзетуден кейін журналистің жеке
сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуімен
жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
21 – бап. Журналистің міндеттері
Журналист:
1)Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзі шарттық
қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге
асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған
өтініштерін қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне жүктелген өзге де
міндеттерді орындауға міндетті.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста көрудің, сөйлеу
мен естудің маңызы айрықша. Осы қабілеттердің басын біріктіріп, ақпарат
тасымалына жол салған , миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен
Электронды БАҚ-тың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан
бастау алады. Жапырақ сыбдыры, құстың сайрағаны, су сылдыры мен шалпылы,
адам дауысы, доңғалақ сықыры, қоңырау үні, матор шуы, музыка-мұның барлығы
ауадағы табиғи тербелістердің адам құлағына жетуі, оны сана арқылы
түйсіктеуіміз болып табылады. Дыбыс адамның өмір сүруін, қауіпсіздігін
қамтамассыз етіп қана қоймайды, сонымен қоса көңіл-күй сыйлайды, рухани
байытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді, күш - қуат
береді, немесе жұбатады, дем алдырады, бір күйден екіншісіне көшуге көмек
береді. Адам өзінің еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритм) жетегінде өмір
сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де
құбылмалы болып келеді. Бүгінгі БАҚ адамның биологиялық, физиологиялық
қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескереді.
Электронды БАҚ ішінен ең бірінші радиоға тоқталайық.
Дүние жүзінде радио ең көп территорияны және тыңдарман аудиториясының
көптігінен алда. Демек, оның қоғамға әсер ету деңгейі де жоғары. Басқа БАҚ-
мен салыстырғанда, Радиоақпарат тарату табиғатына келгенде, ғылымда оның
басты 3 қасиеті бірінші айтылады және бірауыздан мойындалады.
Радионың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz