Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

Алматы, 2011
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: ХХ ғасырдағы қазақ аудармасының дамуы

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған
тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 45 бет

Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны – 33

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Қазақ аудармасы, көркем
аударма, аударма теориясы , аударманың зерттелуі мен дамуы.

Зерттеу нысаны: ХХ ғасырдағы қазақ аудармасының даму жолдары мен
бағыттарын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жалпы қазақ әдебиетіндегі аударма
жанрының қалыптасу үрдісін зерттеу, ХХ ғасырдағы қазақ аударма өнеріндегі
жаңалықтар.

Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың кіріспесінде еңбектің мақсаты мен
міндеттері, зерттеу нысаны айқындалады. Еңбектің маңыздылығы, өзектілігі,
еңбекте қозғалып отырған мәселелердің көкейкестілігі сөз болады. Сонымен
қатар негізгі дерек көздері айтылады.
Жұмыстың бірінші тарауында қазақ аударма саласының ХХ ғасырдың
басындағы көрнекті өкілі Абай мен оның мектебі туралы сөз болады. Қазақ
аудармасының қалыптасуы туралы сөз болады.
Жұмыстың екінші тарауында ХХ ғасырда қазақ аударма саласында қандай
өзгерістер болғаны, жетістіктері мен кемшіліктері талданады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АУДАРМА ЖАНРЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .7

1. 1 Қазақ әдебиетінде аударманың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...7
1. 2 Абайдың аудармашылық мектебі және аудармашы Ә. Найманбаев ... ...13

2 ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ... 18

2. 1 Қазақ аудармасындағы әдіс-тәсілдер және зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... 18
2. 2 Қазақстандағы көркем аударманың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..46

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік
орны бар аударма өнері сан ғасырлардан тамыр тартып жатыр. Салт-дәстүрі де,
әдебиеті мен мәдениеті де бір-біріне ұқсамайтын екі елдің арасында аударма
екеуін жалғастырушы алтын көпір іспеттес. Аударманың тағы бір ерекшелігі
ол әдебиеттің бұрынырақ пайда болған жанры болғандықтан, қалған басқа
салаларға қарағанда тарихи тереңде жатыр. Қазақ аудармалары шын мәнінде
мыңдаған жылдық даму жолын басынан өткерді. Мәселен, әдебиетшілер
аударманың тарихын сонау XII-ХIV ғасырлардан бері қарай зерттеуді бастады.
Әрине, ол кездерде қазақ әдебиетінің тарихында Алтын орда дәуірі деген
атпен белгілі болған дәуірде аудармаға ұқсас өзгеше әдеби жанр
назирагөйлік қатты өркендеп дамыған. Оның өзі әдеби байланыстармен
қатысты екендігін осы жерден байқауға болады. Демек, аударманың өзі екі
елдің бір-бірімен әдеби жағынан қарым-қатынасқа түсуі, сол арқылы елдердің
арасында ортақ әдеби процестің қалыптасуы.
Аударма жанры қазақ әдебиетінде, әсіресе, өткен ғасырлардың ішінде
дамудың үлкен бір белесіне жетті. Бұл тұрғыда орыс әдебиетінің классикалық
үлгілерінен жасалған аудармаларды зор мақтанышпен көрсетуімізге болады.
Атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Жанғаливтар орыс
халқының ұлы тұлғалары Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Н. Погодиндерден
аударма жасап, көптеген озық туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына
әкеліп қосты. Сондықтан көптеген зерттеушілер аударма туындыларды төл әдеби
мұраларымыз деп қарастырды. Аударма теориясы мен практикасын ұштастыра
қарастырған әдебиеттанушы-ғалымдар Ә. Сатыбалдиев, С. Талжановтар осы
саладағы жарияланып жатқан көптеген еңбектерді сарапқа салып, талдауды
жүзеге асырды.
Сол сияқты көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жазылы, осы салада
кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды, монографиялар жазылды.
Аударманы жан-жақы қарастырудың нәтижесінде аударма теориясы деген жаңа
ғылым саласы қалыптасты. Аудармалардың өзі бірнеше топтарға бөлініп, оның
теориялық және практикалық негіздері дамытыла бастады.
Кеңес үкіметі кезінде аударманың теориясын қалыптастырған С.
Талжанов пен Ә. Сатыбалдиев еңбектері бұл жанрдың іргесінің беки түсуіне
үлкен септігін тигізді. Ә. Сатыбалдиевтің шетел, орыс жазушыларының
туындыларын қазақ тіліне келістіріп аударған тамаша аудармашы екендігі
мәлім. Мұның өзі ғалымның екі жақты өнерді шебер меңгергендігін көрсетеді.
Ол көркем аударма саласындағы тәжірибесіне сүйене, аудармашылық
өнердің қыр-сырын терең зерттеп, оны жақсартудың нақты жолдарын саралап,
құнды пікірлерін ортаға салды. Яғни, көркем аударманың теориясымен де
айналысып, аудармада түпнұсқаның ерекшеліктерін сақтау, шығарманың
көркемдік күшін, идеялық, эстетикалық әсерін айнытпай жеткізу сияқты
мәселелерін алға тартады.
Сонымен қатар майталман теоретик аударма түрлерін де саралайды:
Еркін аударма – түпнұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар стилін
сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл және тартымды етіп шығара білуді еркін
жеткізу тәсіліне жатқызады, оның өзін шығармашылық еркіндік деу керек.
Жолма-жол аударма- бір тілден екінші бір тілге аударғанда, автор мен
аудармашыныңі арасын байданыстыратын елші.
Сіреспе аударма – оқуға ауыр, ырғағы үйлеспейді. Ұғымы түсініксіз,
сөздері қиыспайды, бір-біріне қабыспайды. Ойдың желісі бұзылады.
Дәл аударма – жазушының тіл,стиль, көркемдік ерекшеліктерін сақтай
отырып, дәлме-дәл беру. Сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару.
Балама аударма – сөз баламаларының әрбір контекстің ыңғайына қарай
орынды қолданылады. Аудармашы белгілі бір сөзді қазақшалағанда, онымен
ұғымдас, мәндес келетін бар сөздерді саралай отырып, солардың ішінен нақ
осы қалыпқа, осы көрініске жазушының белйнелеп отырған өмір көрінісін
құрастырмай сөздерді дәл тауып, қоя білуі керек.
Сөзбе-сөз аударма формализмнен туады. Түпнұсқаны сөзбе-сөз
келтіремін деп, сірестіріп қою тіл бұзарлық болады [1, 57].
Демек, Ә. Сатыбалдиев көркем аударма теориясында бүгінгі күнге дейін
қолданылып жүрген аударма қағидаларын қалыптастыруға күш салады.
Аударма теориясының орнығуына үлкен еңбек сіңірген С. Талжанов
аталмыш сала турасындағы өз пікірін былайша білдіреді: Мен бүгін орыс
тілінің қорғаушысы ретінде сөйлеймін, аударманы аудару кезінде оның
тазалығына, шығарманың шынайылығына көз жеткізуіміз керек [2, 97] дейді.
И. Брагинский ойды қорғап, аудармашы әдебиеттанушы болу керек десе, А. Дейл
болса, аудармашының талантын жоғары бағалайды. Біздің ойымызша, екеуінің де
айтқаны дұрыс. Ендеше осы екі көзқарастың бастарын біріктіріп, былай деп
түсіндірсек: Аудармашы, біріншіден, талантымен ерекшелене білуі керек,
екіншіден, сонымен қатар әдебиеттанушы да бола білуі керек [3, 24].
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХ ғасыр ғылымның қай саласы болсын,
барынша дамып, ілгерілеген ғасыр болды. Бұл құбылыстан аударма саласы да
сырт қала алмады. Қазақ аударма ғылымының қалыптасуына кеңес үкіметінің
орнауы, одақтас он бес республикалардың бір-бірімен әдеби-мәдени қарым-
қатынасқа түскені ықпал етті. Кеңес үкіметі орнаған 20-жылдары қазақ
аударматану саласы тәжірибесіз болса да, келе-келе көршілес елдерден
жинақтаған әдіс-тәсілдердің арқасында үлкен деңгейге өсті. Қазақ аударма
саласының өсу жолдарына назар аударып, олардың шеберлік сырларын зерттеу
диплом жұмысының өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Бітіру жұмысы мынадай мақсаттарды басшылыққа
алды:
1) ХХ ғасырдағы қазақ аударма саласының қалыптасу, даму жолдарын
анықтау;
2) Аударма салысының негізгі өкілдерінің ой-пікірлеріне,
тұжырымдарына назар аудара отырып, олардың аудармаға қосқан үлесін анықтау;

3) Аударма саласындағы негізгі жеткен жетістіктерге, шығармашылық
шеберлікке қатысты зерттеу жүргізу.
Зерттеу жұмысының пәні: Зерттеу жұмысының пәні ХХ ғасырдағы қазақ
аударма саласының дамуы.
Зерттеудің теориялық және практикалық негіздері: Зерттеу жұмысын
қазақ әдебиетіндегі аударма саласына байланысты ғылыми еңбектерге
пайдалануға болады. ХХ ғасырдағы қазақ аударма саласының әдебиеттің
көркемдік мәнін ашуда да маңызы зор болғандықтан, теориялық еңбектерге
қолдануға болады.
Практика негізінде көркем аударма пәнінде жекелеген аудармашылардың
еңбектерін қарастыру барысында айтылған ойларды жүзеге асыруға болады.
Зерттеудің дерек көздері: Зерттеудің негізгі дерек көздері ретінде
С. Талжановтың көркем аударма туралы, оның ішінде Мұхтар Әуезовтің аударма
пьесасы Ревизор туралы қарастырған Көркем аударма туралы, сонымен қатар
автордың тағы да бір еңбегі Көркем аударманың кейбір мәселелері
монографиясы, Рымғали Нұрғалиевтің Трагедия табиғаты зерттеу еңбегі,
Мұхтар Әуезовтің жекелеген мақалалары, К. Треневтің, А. Афиногеновтің, Н.
Погодиннің кітаптары пайдаланылды. Бұлармен бірге Ә. Сатыбалдиннің Рухани
қазына кітабын да бітіру жұмысымызда басшылыққа алдық.

1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АУДАРМА ЖАНРЫ

1. 1 Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы

Аударма — әдеби байланыстардың ең маңыздысы, өзара әрекеттестігінің
әркелкі қарым-қатынастары мен формалары арасында ең бастапқысы. Сонымен
бірге, жекелеген бір тілдегі туындылардың басқа бір тілде көрініс табу
үдерісі тұрғысынан әдеби шығармашылықтың жеке түрі болып саналады.
Қай кезеңде болмасын, қоғам өмірінің ілгері жылжып, дами түсуіне
аударма өнерінің қосқан үлесі айрықша. Себебі, әдебиет, мәдениет,
экономика, халық ағарту ісі, халық шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина т.т.
қай-қайсысы да аударма арқылы қанаттанып қалыптасып отырған.
Аударма тарихы ежелгі Антика дәуірінен басталып, осы күнге дейін
қарқындап, құлаш жайып келеді. Қазақ халқы мен Шығыс халықтарының ауыз
әдебиеті мен ертегілеріндегі сюжет ұқсастықтарын алсақ, мұны біз аударма
туындысы ретінде қабылдауымыз керек. (Мысалы, Калила мен Димна,
Шахнаме, Ләйлі-Мәжнүн және т.б.). Қазіргі кезде әлем әдебиетінің тамаша
үлгілері қазақ тіліне аударылған. Бұл жерде, У. Шекспирдің, И. Гетенің, Ги
де Мопассаның, А. Дюманың және т.т., сондай-ақ орыс классиктері А.
Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Л. Толстойдың, А. Чеховтың т.с. сөз
шеберлерінің дүниелерін атауға болады. Осы аударма өнері арқылы қазақ
әдебиеті де дүниежүзілік әдеби арнаға қосылып, өзін бүкіл әлемге танытуда.
Абай, Ж. Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І.
Есенберлиннің және т.б. қазақ жазушыларының шығармалары түрлі тілдерде
жарық көрді. М. Әуезовтың Абай жолы эпопеясы ағылшын, болгар, венгер,
вьетнам, грек, неміс, корей, поляк, румын, словак, түрік, француз, чех және
т.б. тілдерге аударылды. Аударма халықпен-халықты жақындатып, рухани
қазыналарымен ортақтас етіп, әдеби байланыстарды нығайтып, күшейе түсуіне
ықпал етеді.
Көркем аударма әдеби байланыс процесі мен халықтар мәдениетінің
ілгері жылжи, дами түсуіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Осыған дәлел:
қазіргі таңдағы жарық көретін әрбір үшінші кітап аударма туындысы болып
табылады. Көркем аударма туындылары бүкіл көркем әдебиеттің жартысына
жуығын құрап, ұлтаралық әдеби байланыс дәнекеріне айналды.
Белгілі академик Н. И. Конрад: Өзге бір тілде жазылған әдеби
шығарманы өз тіліңде жаңғырту — әруақытта да шығармашылықтың шыңы.
Аударманың пайда болуы — белгілі бір дәрежеде төл әдебиеттің баюына ықпал
жасайды... [4, 29] Әдеби шығармашылықты қажет ететін, көркем аударма,
шындығында, әдебиеттердің өзара әсер етуіне, бірін-бірі байытуына жол ашты.

Ә. Сатыбалдиев өзінің Рухани қазына атты кітабында аударма
жайлы ойларын қорытындылай келе былай дейді: Көркем аудармада өзінен сөз
қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қарадүрсіндікке саяды, ол түпнұсқаны
сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз етіп сірестіріп қою — тіл бұзарлық болады.
Мұның екеуі де сорақы. Нағыз творчествалық көркем аударма дегеніміз
түпнұсқаның тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-
идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару.
Осы екеуі шебер ұштасқанда ғана аударма көркем болады. [1, 171]
Аударма — басқа бір тілде жазылған шығарманың екінші тілге көшіріліп
қайта жасалуы (интерпретация). Бұл дегеніміз, аудармашының еншісінде шамалы
қажетті еркіндіктің болуы. Еркіндік шамадан тыс болмай, түпнұсқа мазмұнын
дәлме-дәл беру ұтымды болмаған жағдайда ғана қажет. Ал аудармашының
біржақтылығы мен ауа сілтеушілігі, өзінен сөз қосушылығы аударма емес —
желісі бойынша еліктеуге әкеп соқтырады. Ұлттық бейімдеушілік — бір ұлт
әдебиетінің екінші ұлт әдебиетіне ену формаларының бірі. Жеке бір тілде
жазылған шығарманың мазмұны мен желісіне өзге бір тілде жаңғырту
бейімдеушілікке жатады. Біз қарастырған аудармашының басты мақсаты —
оқырманға түпнұсқаның мазмұнын жәй әрі қарапайым қазақы тілмен жеткізу
секілді. Ұлттық бейімдеушілік аудармаға жатпағанымен, онымен тығыз
байланысты.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: ол екі тілді де барынша
жақсы білуі тиіс. Оның үстіне өз тіл сырын, тіл мәнін, көркемдіктің қадірін
білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем
образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те
сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы керек.
На массу читателей действует одно несомненно – прекрасное,
действует один талант; талант; творческий дар, необходим переводчику; самая
взыскательная добросовестность тут недостаточна 5, 324, - дейді орыс
халқының атақты жазушысы И. С. Тургенев.
Бұл айтылғандарға қосымша, аудармашыға ауадай қажет нәрсе – нағыз
энциклопедиялық жан-жақты білім, жоғары мәдениет. Ол түпнұсқаның тілінде
сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс салтынан, әдет-ғұрпынан, сол дәуірдегі
қоғамдық қалпынан хабардар болуы керек. Тіпті, жалғыз сол халықтың ғана
емес, адамзат тарихы мен мәдениетіне байланысты көп нәрселерден зор
мағлұмат алып отыруы қажет. Өйткені ол әрбір ойдың түпкі төркіні қайдан
шығып жатқанын біліп отырмаса, сөздің арғы сырын жеткізе алмайды. Бұл
тұрғыдан аудармашыға ғалымдық ізденімпаздық, әр алуан сөздіктер мен
энциклопедияларға үйірсектік керек.
Бұлар түгелдей көркем аудармаға қатысы бар талаптар. Аудармашы
қаншалықты дарынды болғанымен, екі тілдің де сырына қанықтығымен қатар,
автордың ойы жеткен дәрежеге көтеріле алатындай жан-жақты білім иесі
болмаса, екінші тілде түпнұсқаны оқушыларға бар ниетімен ашып бере алмақ
емес.
Осылардың бәріне көп жылдық тәжірибеден, жалықпай сызу, өшіру және
қайта жазу негізінде машықтана беруден барып бірте-бірте ашылатын нағыз
өнерпаздыққа тән нәзік шеберлік қосылса, әр автордың әуеніне, үніне
айнытпай салып, автор болып күліп, автор болып жылап, автор болып қатулана
білетін артистік құбылымпаздық өзінің ішкі сезім дүниесін әрқашан ширатып
ұстап, әр мақамға бұра алатын, әр саққа жүгіртіп, әр шыңға көтере алатын
ырғақ болса, мұның бәрін істегендегі өзінің ең ардақты борышы – қасиетті
ана тілінің өткірлігін, көріктілігін, икемді-орамдылығын, мағыналылығын,
күллі сән-сәулетін арттыра әсемдей түсуге себін тигізу екенін, ана тілінде
оқитындардың ой-өрісін ұлғайта түсуге қызмет ету екендігін нағыз – азаматша
түсінсе, міне, аудармашылық өнердің қонғаны деп осы кезде айтуға болады.
Аудармада ана тілінің заңды жүйесін бұрмалап, тілбұзарлық жасауды
кешірілмейтін қылмыс деп жариялайтын уақыт жетті.
Аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр
қамқоры, іскер ұйымдастырушысы, батыл жаңашылы болуы керек. Одан
аударылатын еңбекті өз ыңғайы мен қабілетіне, көңілінің сүюіне, қызығуына
қарап таңдап алудан бастап, ақыры кітап боп шығып көпке таратылуына дейінгі
бар ауыртпалығын мойнына алу талап етіледі. Бұл жерде ол түпнұсқаның екінші
авторы болып саналады. Кітаптың жаңа тілде қайта тууына байланысты қуаныш,
реніштің бәрін ол өзі көтереді. Сондықтан да творчестволық толғану үстінде
өзегін жарып шыққандай болып туған әрбір бейнелі сөзге оның шын авторша
жаны ашиды, редакциялау кезінде ондай туындыларының қалай өзгертілуіне
енжар боп елеусіз қала алмайды.
Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі болады. Олар:
еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама (адекватный), немесе реалистік
аударма. Осы үш түрінің алғашқы екеуін, яғни еркін аудару мен сөзбе-сөз
аудару әдістерін көркем аударма теориясы теріске шығарады. Дегенмен қай
кезде болса да осылардың үшеуі де бой көрсетпей қалған емес 6, 16.
Бір айта кететін нәрсе, қазақ әдебиетінің жағдайында аударма
жөніндегі біздің терминдеріміздің өзі әлі де ғылыми тұрғыдан қалыптасып
болған жоқ. Қолданылып жүрген атауларды кейде әр адам әр түрлі түсініп, әр
түрлі мағынада пайдаланады. Айталық, орыс тілінде аударманың түрлерін
вольный, свободный, дословный, буквальный, точный, адекватный,
реалистический деп бөледі. Біз де осыған қарап еркін аударма, сөзбе-
сөз аударма, дәл аударма, балама аударма, реалистік аударма десіп
жүрміз. Бірақ бұлардың әр қайсысының мағыналық шегі қандай дейтін болсақ,
бұл сұраққа нақтылы жауап алу қиын. Мысалы, еркін аударма дегенді бірде
вольный перевод дегеннің мағынасында қолданып, аудармадағы ауа жайылып
кететін ұнамсыз мысалдарды келтіріп отырып сөйлесек, біре қазақшасы жатық
келіп, еркін құйылып отыратын ұнамсыз мысалдарды айтқанда да қолданамыз.
Аударма теориясының басқа терминдері жөнінде де осындай орнықпағандық әлі
бар.
Аударма жайын сөз еткенде көп айтылатын жаман мағынасындағы
еркіндік дегенді творчестволық еркіндіктен айыра білуіміз керек.
Аударма әдебиетін төл әдебиеттің өз қоры деп ұғуға болады. Қазақ
тіліне орыс әдебиеті – оның классиктерінің аударылуы ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан басталды делінеді. Осындай игілікті іске әр дәуірде жанашырлық
танытып отырған сыншылар да болды. Солардың жәрдемдерімен, газет-журнал
беттерінде мақалалар жариялау арқылы кеңес беруімен қазақ аударма саласы
дами бастады. Мәселен, ең алғаш рет 1915 жылы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин
Айқап журналының бетінде сөз етті. Содан бері қарай аударма мәселесінің
зерттелуі толастаған жоқ. Бұрын аударма жөніндегі күрделі сындар, кіші-
гірім рецензиялар әр жерде: газет-журнал беттерінде жазылып келген еді.
Кейіннен сол еңбектер жинақталып, басыла бастады. Аударма әдебиетін төл
әдебиетіне байланыстыра, күрделі сатыға көтерген қалам қайраткерлеріміз М.
О. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Т. Ахтанов, Т. Әлімқұлов, Ә.
Нұрпейісов тағы басқалары болды.
Негізінен алғанда, осындағы сындар екі бағытты жүргізіледі. Бірінші,
ең көбірек кездесетіні, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар
жөнінде болды. Әсіресе солардың кем-кетігін баса айтумен келді. Екіншісі,
қазақ тілінен орысшаға аударылған шығармалар жөнінде болады. Осыларды
көбінесе көтере айтуға тырысады. Осы арада Е. Ландау, М. Әлімбаев, Е.
Жовтис және тағы басқалары атап кеткеніміз жөн.
Осы жерде қазақ әдебиетіндегі аударманың біраз талас-тартысты мәселе
болғандығын да ескереміз. Бұл көбінесе түпнұсқадағы ойдың дұрыс, нақты,
сөздердің тұтас жеткізілуіне байланысты. Осыған қатысты аударма саласының
білгірі С. Талжанов орыс жазушысы И. С. Тургеневтің Записки охотника атты
шығармасының француз тіліне аударылуын мысалға келтіреді. Оны франзуз
тіліне аударған Е. Шарриер Записки русского барина деп тәржімалаған
болатын. Сол аударма бойынша француз тілінде сындар шығып, аударма басылып
шыққаннан кейін екі жыл өткеннен кейін И. Тургенев өзінің шығармасын
француз тілінде оқиды.
Сонда: Не говорю уже о бессмыслицах и ошибках, которыми он
изобилует, - но, право, нельзя себе представить все изменения, вставки,
прибавления, которые встречаются в нем на каждом шагу. Сам себя не узнаешь
деп қатты ашуланып жазған хаты бар. Тургенев И я убежал десе, Шарриер Я
убежал как сумасшедший деп аударады. Тургеневтің қояны - ақ тиін,
құлаған ағашы – шашты алып болып кетеді. Овсянка - сулы ботқа – ол
орталан (кіші құс), арапник қамшы, ол арап құл мағынасында болып кетеді.
Міне, осындай аудармадағы келісімсіздіктер кейін де қазақ әдебиетінде орын
алып келгені мәлім болып отыр 6, 56.
Тургеневтің аударма туралы бұл хаты туралы мәліметтер кейін де қазақ
әдебиетінде оның шығармаларының аударылуына әсер етті. Бұлай деп айтатын
себебіміз, тургеневтің әлгі сөзінен аса алмаған Мұхтар Әуезов жазушының
романы Дворян ұясын өзінен аудармай, сол қалпында береді. Абай жолы
эпопеясын жазған автордың стиліне ол аударма ұқсамайды. Бұл туралы кейін де
бірталай айтылған-ды.
Мұхтар Әуезов көркем аудармада түпнұсқаның мазмұнымен қатар, бүкіл
стилін де дәл келтіру керек деген принципті ұстанды. Мұны ол 1952 жылы И.
Тургеневтің Дворян ұясы дейтін романының өзі жасаған аудармасын
жариялаумен байланысты жазған кіріспе мақаласында да атап көрсеткен. Мен
шамам келгенше, ең алдымен, романды дәл аударуға кірістім, - деген ол. –
Тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере
алатын болады, бұл жөніндегі дәл аудару дегенді мен сөйлеміне сөйлем орай
аудару деп түсінемін. Сондықтан қанша ұзын болса да, романның өзіндегі
сөйлемі үзіліп, бөлшектеніп, бірнеше сөйлем болып берілмейді. Соның орайына
орысша мәтіннің өзінде болғаны тыныс белгілерінің көбі қазақша мәтінде де
көп қолданылады. Сөйтіп, Тургеневтің сөйлемдері қазақшасында да өзінің
ұзынды-қысқалы көлемімен беріледі 7, 4.
Алайда М. Әуезовтің бұл ұстанымы кейін сыншылар тарапынан қарсылыққа
тап болды. Сол кездегі қазақ әдебиетінде қалам тартып жүрген сыншылар мен
аудармашылар Әуезовтің бұл аудармасын сынақ ретінде жасалған аударма деп
түсінді. Қалай болғанда да, Дворян ұясына жасалған бұл аударма өзгешелеу
қабылданғандығы анық.
Жалпы принципін дұрыс қойғанымен, М. Әуезов бұл мәселені іс жүзінде
қалай шешу керектігін талдап көрсетуге үлгірмей кетті. Сонымен қатар, оның
осы тәсілді принцип ретінде әдейі қолданған жерде, яғни Дворян ұясының
аудармасында сол сөзбе-сөз, жолма-жолдықтың ұнамсыз әсері де жоқ емес 8,
98.
Бұл турасында белгілі сыншы, филология ғылымдарының докторы М.
Қаратаевтың аудармашы түпнұсқаға сөзбе-сөз ұқсатамын деп, кітаптың оқушыға
түсініктілігін ауырлатып алған. Тургенев прозасының нәзік психологиялық
суреттерін толық жеткізе алмаған деп айтқан пікіріне толық қосылуға болады
9, 96. Бұл М. Әуезовтің көзі тірісінде айтылған пікір болатын.
Алайда бұл аударма (Дворян ұясы) дер кезінде зерттеуді керек
етеді. Өйткені мұнда бұрын аударма өнерінде не бір тамаша үлгілер көрсетіп,
еркіндік пен дәлдікті шебер ұштастыра білген классик жазушының әдейілеп
жасаған бетбұрысы бар. Сондықтан да бұл еңбектен дәл аударудың жолындағы
қиындықтарды көрсететін көптеген мысалдарды көрсетуге болады.
М. Әуезовтің осы романды аударуға байланысты пікірлеріне дау
айтушылардың да көп болғаны анық. Аудармашы-жазушы Ә. Ипмағанбетов 1954
жылы Әдебиет және искусство журналының 2-санында басылған, кейін жинаққа
енген Көркем аударманың кейбір мәселелері деген мақаласында М. Әуезовтің
аудармада автордың өзіндік ерекшеліктерін жеткізу үшін сөйлемді
бөлшектемей, тұтас аудару керек деген пікірін толық қуаттай отырып, бірақ
М. Әуезов жолдас сөйлемді тұтас аударумен қатар автордың стилін неғұрлым
айқынырақ көрсету үшін, сол сөйлемнің ерекшеліктерін, тыныс белгілеріне
дейін сол күйінде, бұлжытпай дәл беру керек дейді. Бұл соңғы пікіріне
қосылуға болмайды. Түпнұсқадағы сөйлемнің көшірмесін дәл беру мүмкін емес.
Өйткені әр тілдің өз алдына синтаксисі бар дейді 10, 44. Бірақ, Ә.
Ипмағанбетов та, автордың стилін дәл беруді аудармашының алдына басты талап
етіп қойғанымен, оны жүзеге асырудың жолы қайсы екенін, аудармашы
түпнұсқаны қалай еткенде бұлжытпай жеткізе отырып, әрі ана тілінің бүкіл
заңдылығын сақтай алатынын ашып көрсетпейді.
Мұнда айрықша бір ескертетін нәрсе: Ә. Ипмағанбетов айтқандай, М.
Әуезов ешқашан да аудармада түпнұсқадағы сөйлемнің көшірмесін беру керек
деген талап қойған емес. Егер ол аудармада түпнұсқаның стилін толық
сақтауды талап еткен болса, бұдан оның көшірмесі жасалсын деген ұғым
тумайды. Қайта ол көркем аударманы творчестволық еңбек деп қарап, оған
жазушылық өнер деп қараған адам. Түпнұсқаның стилін, бүкіл үн-ырғағын,
барлық ерекшеліктерін жеткізу – аударманың ең жоғары мақсаты. Бұған
Ипмағанбетовтің өзі де келісіп отыр. Бірақ соны қалай жеткізу керек?
Мәселе, міне осында. М. Әуезов тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл,
стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады деп ашып айтты. Ал дәл
аударудың көшірме жасап шығу емес екендігі белгілі. Оған үлкен
творчестволық еңбекпен ғана жетуге болатыны айқын.
Аудармада жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келгенде, көптеген
маңызды мәселелерге көзіміз анық жетеді. Яғни автордың ой тұтастығын бұзып
алмай жеткізу шығармадағы синтаксистік құрылымдарды, сөйлемдерді үйлестіре
аударумен байланысты. Бұл пікір М. Әуезовтің ғана емес, басқа да қазақ
аудармашыларының сүйенген пікірі.
Аудармада күрделі сөйлемді күрделі сөйлеммен жеткізу күні бүгінге
дейін практикалық жағынан аса шеберлікті, теориялық жағынан көпттеген ішкі
сырларын ашып, терең талдауды қажет ететін мәселе. Мұнда, ең алдымен, екі
тілдің әрқайсысына тән ерекшеліктері мен бір-біріне ұқсамайтын ішкі
заңдылықтары бой көрсетеді. Сондықтан абайламаған адам, тек қана
түпнұсқаның сөйлеміне сөйлем үйлестіремін деп отырып, оның ықпалына түсіп
кеткенін байқамай қалуы, сөйтіп, ана тілінің заңды жүйесіне нұқсан
келтіруі, соның салдарынан аударма еңбектің ұғымдылығын, әсерлілігін,
көркемдік-эстетикалық ләззатын кемітіп алуы әбден ықтимал 11, 78.
Ойымызды жинақтай отырып айтатын болсақ, түпнұсқаның барлық
ерекшеліктерін сақтап, екінші тілде кемеліне келтіріп, дәл беру үшін
аудармашы оның (түпнұсқаның) ішкі сырын жете ұғынуы керек. Түпнұсқа
тіліндегі сөздердің әдемілігін де, өз тіліндегі сөздердің көркемдігін де
бірдей білуі шарт. Сонда ғана түпнұсқа иесінің ой-өрісін, дыбыс ырғағын,
сөз саптау әдісін көңілдегідей етіп шығара алады.

1. 2 Абайдың аудармашылық мектебі және аудармашы Ә.
Найманбаев

М.О. Әуезов "Абайдың туысы мен өмірі" атnы еңбегінде былай дейді:
Осы жыл Абайдың барлық ақындық қызметінің ішіндегі ең жемісті жылы болады.
Сексен тоғызыншы жылы жиырма бес шамалы өлең жазады. Бұл сөздердің ішінде
бұрынғыша елінің өзі көрген кемшілік, мінездерін қатал сыншы, үлкен ұстаз
тілімен сынап, тексеру бар. Сонымен қатар, махаббат жайындағы сөздер,
табиғат суреттері, бас қайғысы да бар, одан соң, Пушкиннің "Евгений
Онегинінен" аударма жасайды.
Осы жылдан бастап Абайдың білімі мен өсиетіне құмар болған ел ішінің
сөзі ашық жастарына Абай ауылы үлкен білгіштіктің медресесі сияқты болады.
Абай ұстаз да, сөз үғатын талапты жастарының бәрі — шәкірт".
Қазақ халқының ақиық ақыны, заңғар әншісі Әсет Найманбайұлы бай
әлеміне М.Әуезов айтып отырған 1889 жылы келген болатын. 22 жасар жас Әсет
Абай әлемінен көп дүние алды. Дүниетанымы, білімін Абай әсерімсн
қалыптастырды. Алғашында өлеңді байырғы қалыптасқан дәстүрмен суырып салып
айтатын Әсет Абай әсерімсн шығармаларын қаламмен түсіретін болған.
1889 жылы Абай аударған Пушкиннің "Евгений Онегині" қазақ арасына
кең тарап, ерекше жаңалық әкелді. Ел арасына бұл туындыны алғаш
насихаттаушылар - Шәкерім, Әсет, Әріп, Уәйіс, Мұқа сынды байдың өнерпаз
шәкірттері еді.
М.Әуезов "Абай жолы" романында Пушкин шығармасының халық арасына
таралуы турасында былай жазған: "Татьяна хаты" Пушкин ( өзгеше жаңа бір
қауым ортасында түңғыш рет той алдына шықты. тақты әншінің үлгімен орыс
ақыны сазын шертті. Мұнда да барлық -мәжілісті алдында шыншыл сөз үйыта
мүлгітті. Мұқа соңғы сөздерін жырлап, қайырып болғанда, әннің басынан-ақ
құлай тыңдап отырган бір қарт сөз қатты:
"Қарағым, көп жаса! Бойды балқытып-ақ өнер айттың. Ал, енді, осыны
айтқан кім? Соны бір шешіп берсеңші" деп еді, әнші жігіт:
- Орыстың баяғы өткен Пошкин деген кісі болған екен, соның өзі.
Қазақшаға аударған Абай, - деді". [12, 496]
"Евгений Онегиннің" Абай аударған нұсқасын тыңдап айрықша әсерленген
Әсет бұл шығарманы өзінше жырлап көреді. Жалпы, "Евгений Онегинді" Абай
дәстүрімен Әріп, Уәйіс сынды ақындар да өздерінше жырлаған. Бірақ ол
нұсқалар бізге толықтай жетпеді.
Абайтанушы ғалым Қ.Мұқаметханов Әсет аударған "Евгений Онегин"
поэмасы жайлы былай деп жазды: "Әсет Абайдың алдында болып, мол тағылымын
алып, ұлы ұстазының әдебиеттегі дәстүрін өзінің ақындық, әншілік өнерінде
үлгі-өнеге еткен. Ғылымның әр саласынан өнеге етіп айтып отыратын Абайдың
әңгімелерін, өсиет, ақылын, насихат сөздерімен, Абай маңындағы ақындардың
өлең-поэмаларымен терең танысьш, үлгі алады. Орыстың ұлы ақын-
жазушыларының, соның ішінде Пушкин шығармаларымен де Әсет осы Абай ауылында
алғашқы рет танысады. Әсеттің Абайдан алған әсері, көрген өнеге-үлгісі оның
ақындык өнерінің жаңа бағытта өркендеуіне үлкен себеп болады. Әсеттің
"Евгений Онегин романының оқиғасын алып, еркін аударма жасап, Пушкин
шығармасының қазақ поэзиясында өзінше бір нұсқасын тудыруы - сөз жоқ, тура
Абай әсері, Абай өнегесі". [13, 126]
"Евгений Онегиннің" Әсет аударған нұсқасы "Онегин мен Татьяна
әңгімелері" деген атпен 1937 жылы А.С.Пушкиннің қазақ тілінде шыққан
таңдамалы шығармалар жинағында басылды.
1988 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген Әсеттің шығармалар
жинағына жазған алғы сөзінде жазушы Бексұлтан Нұржеке халық ақыны Қуат
Терібаевтың естелігінен үзінді келтіреді: "1910-11 жыддары Семейлік
Бәсентиін руынан шыққан Сақып дейтін бай-саудагер тұратын еді. Мен сол
байға көшер болып тұрдым. Май айының аяқ кезінде, сол жылда Әсет келіп,
Сақыптың үйінде оншақты күн қонақ болып жатты. Сақып мақтаншақ кісі еді.
Үйінде неше күндей ойын-сауық болды. Қаланың байлары Әсет ақынды кезекпен
қонаққа шақырып тұрды. Әсет пен Сақыпты алып барып түрдым. Пушкин деген
орыстың асқан ақынының шығармасы "Онегин мен Таьтяна" деп өлеңін айтқанда,
естіген елдің бәрі таң қалды. Мен үйренсем деп құмарланып, жаттап алып,
халыққа көп тараттым". [14, 270]
Жоғарыдағы естелікті оқып отырып, "Онегин мен Татьяна әңгімесінің"
халық арасына қалай кең тарағанына көз жеткізесіз.
Бұл айтып жатқан аз сөз Әсет аударған "Евгений Онегиннің" қысқаша
ғана тарихы. Ал, ендігі әңгіме - Әсет Пушкинді қалай аударды, түпнұсқаға
қалай барды деген бағытта өрбиді. Әрине, "Евгений Онегинмен" Әсет, сөз жоқ,
Абай арқылы танысты. Жасынан көп саяхаттап, көп көрген, көпті түйген
Әсеттің орыс тілінен хабары қандай деңгейде болды, бізге бұл жағы беймәлім.
Әсет ислам руханиятын терең меңгерген жан. Жалпы, ғылым атаулының бастауын
діни құндылықтардан алатынын ескерсек, бұл ұшан-теңіз ілімнен хабардар
жанға тіл игеру немесе әлде бір дүниенің сырын меңгеру қиын нәрсе емес.
Әдебиетші-журналист Сауытбек Әбдірахманов "Қазақ әдебиеті" газетінде
"Е, Тәтіш..." атты, Әсеттің "Евгений Онегин" шыгармасының аудармасы жайлы
терең толғамды мақала жариялады. Аталмыш мақаласында автор Әсеттің "Евгений
Онегинді" аудару процестеріне байланысты мынандай ойлар білдіреді. "Айрықша
атап өтер жайт — Әсеттің Пушкин романының мазмұнын ғана емес, мәтінін де
жап-жақсы білгендігі. Оның себебін дәл қазір түсіндіру қиын. Бексұлтан
Нұржекеевтің айтуында "Лепсі уезі начальнигінің сол кездегі тілмашы Әбіш
деген кісінің нақты көмегі болған көрінеді. Әйтеуір, кім болса да, орысша
сауаты бар кісінің егжей-тегжейлі, бажайлап түрып баяндап бергені
байқалады. "Ей рано нравились романы, Они ей заменяли все" деген сияқты
нәзік детальдарға дейін андап қалғаны оқыған терең сырлы романдардан
қайғы түседі екен жүрек тасып" дегеннен де көрініп түр". [15]
Әсет Пушкиннің "Евгений Онегинін" толық аудармаған. Яғни, ол да
үстазы Абай өнегесімен Онегин мен Татьяна арасындағы ғашыктық хаттарын
таңдап алады. Осы ретте, Абайтанушы-ғалым Ж.Ысмағүловтың пікірімен ойымызды
нақтылайық: "Біздің Абайтану ғылымымызда Абай Пушкин романынан жекелеген
үзівділер аударады деген үғым қалыптасқан. Егер төл әдебиетіміздің арғы-
бергі үрдістерінс үңіле қарасақ, Абай орыс ақынының ең күрделі туындысын
үзіндіден емес, ықшамдай отырып, керекті деген жерлерін түгел аударды десек
те, шындықтан алыс кетпейтін сияқтымыз". [16, 228]
Әсет аудармасына — табиғилық, ұлтгык сипат тән. Ол Татьяна есімін
"Тәтіш" деп әдемі өзгертіп, қазақыландырады.
"Е, Тәтіш! Мен қырық алты,сен он сегіз,
Арамыз екеуміздің ұшан-теңіз.
Жадырап, өзің тендес жас жарға ти,
Өлмейтін тіршіліктің қамын жеңіз"
Әсет аудармасын оқып отырғанда, окиға тым алыс, Ресейде өтіп
жатқандай емес, дәл өзіңіздің ауылыңыздың маңында болғандай сезінесіз.
Яғни, оқиғаның бояуы қанық, мазмұны жанға жақын. Жалпы, әртүрлі
варианттарда жырланған "Онегин мен Татьяна әңгімесін" қазак қауымы үлкен
ықыласпен қабылдаған ғой. Мүның бірінші себебі, халқымыздың өлең-жырға,
жаңалыққа құмарлығынан болса, екінші себебі, Абай, Әсет тәрізді
алыптарымыздың сол жаңалықты әсерлі, әдемі жеткізе білген һас
шеберліктерінде деп ойлаймыз.
Пушкинді қара өлеңмен төгілдіре жырлаған Әсет түпнүсқаның жалпы
оқиғасынан мол мағлұмат береді. Ол "Евгений Онегиннің" қай жылы жазылғанын
жәнс қанша тараудан түратынын да білген.
"Сөйлей бер, қызыл тілім, қапияда,
Тұрғанда тән саламат, жан ұяда
Аудардым Пушкин ердің романын,
Жазылған 1823 жылы Русияда.
Роман - сегіз бөлек ұзақ өлең,
Алдымен Онегиндей ерге келем.
Қазақтың Абайындай болмасам да,
Бұл жерге өз тілімдей айтып берем".
"Евгений Онегин" 1830 жылы жарықка шығады. Бұл арада Әсет шығарманың
жазыла бастаған жылын айтып отырған болу керек.
Кез-келген ақын өзі жатық білмейтін тақырыпқа беталды бармаған.
Белгілі бір тақырыпты жырламас бұрын, әуелі азды-көпті зерттеу жасаған.
Әсет те Пушкин шығармашылығымен танысып алғаннан кейін барып, "Евгсний
Онегиннің" халықтық бір нұсқасын жасайды. Әсеттің бала күнінен жыр-толғау
жанрын меңгерген жан екеніне "Әнші Әсет атты мақаласында жазушы С.Бегалин
кеңірек тоқталған: "Әсет медреседе оқып жүргеінінің өзінде қайда ойын-той
болса, сонда іздеп барып өлең айтып, ән салатын еді. Ол тіпті, бала жасынан
әйгілі ақын болатын. [17, 14]
Әсет Пушкин шығармасының мазмұнын ұғып алып, өзіне жырлаған десек
те, кей тұстары түпнұсқадағы жолдарды дәлме-дәл аударып отырады.
"Другой!.. Нет никому на свете,
Не отдала бы сердце я!
То в вьшшем суждено совете...
То воля неба: я твоя..."
"Жауап жаз, қабыл алсаң осы хатқа,
Көңілім берілмейді сізден жатқа.
Сүйсем де, күйінсем де мен білейін,
Сырынды менен сезген ешкімге айтпа"
Пушкин мен Әсет шумақтарындағы мағыналас ұқсастықтар байқалып тұр
емес пе?
Сезім мен аңсарға толы асықтық сөздерді Әсет кейіпкерлері жүректен
суырып айтады. Әсіресе Тәтіштің тәтті сезімге талпынған көңілін, алып-ұшқан
күйін Әсет егілдіріп, төгілдіріп шебер өрнектеген.
"Оқ тиген қос өкпеден тірілместей,
Жарадан жазыла ма мендей мертік
Тамырың тоқтап қалған қанданыпты,
Суынып, өлген денең жанданыпты.
Жалғаннан жалғыз өту жарамас деп,
Қатайып тіршілігің шамданыпты.
Мен кештім айыбы жоқ, асыл қалқа,
Жарқырап нұрсыз көзге шам жаныпты".
Алғашында алдымен сыр білдірген Татьянаны көзге ілмеген өркөкірек
Онегин кейін, бір кеште Татьянаға ғашық болады. Бүл сәтті Пушкин былай
береді:
"Но мой Онегин вечер целый,
Татьяной занят был одной, . -
Не этой девочкой несмелой ,,,..
Влюбленной, бедной и простой,
Но равнодушною княгиней, .
Но не преступною богиней...
... Сомненья нет: увы! Евгений
в Татьяну как дитя влюблен;
В тоске любовных помышлений
И день и ночь проводиг он".
Осы мағыналас жолдарды, яғни, Онегиннің оянған махаббатын Әсет
әсерлі жеткізеді.
"Жатық сөз, жайдары, ашық, қандай дана,
Мақтаулы, кірсіз туған Татьяна.
Сөзіне тындаған жан таңқалды,
Айтады өлшеуменен тым аз ғана.
Тыңдаушы - мыслящий табылғанда,
Шығады бір сөзінен он мағына.
Жақтырды қызды сынап Онегин ер.
Айналып ұрғашыға сонда ғана.
Ойлайтын әйел ондай болмайды деп,
Ғашық боп көңіліне түсті сана".
Әсеттің "Евгений Онегин" романын нәзира үлгісімен жырлаған талабы -
қазақ халқының жаңалыққа, жақсылыққа ұмтылысының нәтижесін көрсетеді. Ол
сол талабымен үлттық әдебиетіміздің қорына елеулі үлес қосты.
Академик С.Қирабаевтің сөзімен ойымызды түйіндейік: "Абаймен жалғаса
туған шәкірт ақындар (Абай маңындағы) шығармашылығы мен Абай өнегесін,ол
ұстанған шыншылдық мектепті үлгі тұтқан кейінгі ақындар еңбектерін қазақтың
ағартушылық-демократтық әдебиеті принциптері түрғысынан зерттеу-ғылым үшін
аса маңызды проблемалардың бірі" [18, 296].

2. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

2. 1 Қазақ аудармасындағы әдіс-тәсілдер және зерттелу тарихы

Орысшадан қазақшаға бұрынды-соңды аудармаларды шолып өткенде, қазақ
елінің әр қилы мәдени сатысына сай, аудармада орын алған үш түрлі әдістің
бар екенін байқаймыз.
Біршшісі — еркін аударма, бұл тәсіл түп нұсқаның тілін, әдеби
ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі,
аудармашының өзіне тиімділігін көрмеуден туады. Қысқасын айтқанда, еркін
аударма әрбір елдің балаң кезінде, мәдени шеңбердің тараң кезінде пайда
болады.
Мысалы, 1843 жылы орыс тіліне Фридрих Шиллердің Вильгельм Телль
атты пьесасын Г. Ф. Мюллер (1818—1881) аударды. Сол пьесасының рухын, өзіне
ерекшелігін бере алмадың,- деп, И. С. Тургенев Мюллерге мынадай пікір
айтты: Жалпы алғанда Мюллер мырза жеңіл тілмен жатық жазады. Бірақ
түпнұсқамен салғастырғанда, қатесінің ұшы-қиыры жоқ... Орта қолды
оқырмандар Мюллерді мүдірмей оқып шығады, өйткені бұдан бұрынғы Молчанов,
Куражковский, Славин тағы басқаларға қарағанда мұны мақтамауымызға да
болмайды, өйткені бұл (Мюллер) грамматиканы, өлең ережесін біледі, бейшара
орыс тілін сорлатпайды,- дейді.
Жуковскийдің өлеңі өте жеңіл, тап-таза, мөп-мөлдір, мүлде
қарапайым, бүлдіршіндей әдемі келеді. Бірақ, ол неміс пен ағылшын
тілдеріндегі оригиналға тән ерекшелікті жылы жауып қояды да, өзінше соғады,
өзіне ыңғайлысын ғана алады. Сондықтан оның аудармасы көңілдегідей болып
шықпайды... [19, 5]- деген В. Г. Белинскийдің де пікірі бар.
Аудармадағы екінші әдіс - сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл, көбінесе,
түпнұсқаның тілін мол түсінгендерде болады, соның әуеніне еріп, құлдық
ұрудан шығады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда, ұзақ
елдің уәкілдері жаза басудаи қаймығады да, әрбір жеке сөздерін де, тіпті
нүктелерін де дәл түсіруді күйттейді. Осының салдарынан барып, аударма
сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырман жұртшылық
та түсінбейтін болады. Мысал келтірелік, 1936 жылы А. С. Пушкиннің жүз
жылдық мерекесіне арнап 3 томдық таңдамалы шығармалары қазақ тілінде жарық
көрді. Аудармашылар да, редакциясын басқарғандар да өңшең сауатты адамдар
еді. Сонда да болса ол аудармалар ешкімді де қанағаттандырмады. Өйткені,
біріншіден, бізде аударма тәжірибесі әлі нығайған жоқ еді. Екіншіден,
Пушкинді сөзбе-сөз береміз деп сірестіріп алдық. Үшіншіден, асығыстық,
науқаншылдың әсерін тигізді. Төртіншіден, әдеби тіліміздің, әдеби ұғым,
талғамның кемтарлығы да себеп болса керек.
С. Я. Маршак В. Шекспирді аударды. Сол аудармаға В. Брестов жазған
Судьба девяностого сонета атты мақаласында: ... в текст перевода может
войти то, что не будучи названным присутствует в оригинале. А то, что прямо
названия в тексте подлинника может уйти в подтекст перевода,—дейді. Ендеше
түпнұсқаның мәтін астарында жасырын тұрған кейбір сөз аудармада тура аталуы
да мүмкін екен. Дәл беруге қызу кіріскен кезде асыға қимылдап, аудармашылар
мұндай жәйтті ол мезгілде еске алмағандай.
Аударманың үшінші тәсілі - балама (адекватный) аударма. Бұл - ең
қиын түрі. Мүны екі тілді бірдей білумен қатар, сол шетел түпнұсқасының
ішкі сырын сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне автордың дыбыс
ырғағын, тілі әдемілігін, сөз қолдану мәнерін қалтқысыз, жете ұғынатындар
жасайды. Осыған қосымша екі елдің (аударушы ел мен аударылатын елдің)
мәдени сатысы бірдей болған мезгілде ығы-жығы білінбей, тігісі жаттығып
кетеді. Төл әдебиеті мен аударма әдебиетінің арасында айырма болмай қалады.
Бұған бүгінгі орыс әдебиеті айғақ. Өйткені батыс тілдерден аударылған
Бальзак пен Л. Н. Толстой бірдей оқылады. Ендеше бұл ерте араласқан екі
елдің мәдениет басқышы қаба-қатарлығын дәлелдейді. Баяғыда, осыдан 123 жыл
бұрын (1847 жылы) В. Г. Белинский: По мере на-ших успехов в сближнет с
Европою запасы чуждых нам понятий будут все более и более истощаться и
новым для нас будет только то, что ново и для самой Европы. Тогда... мы
будем уже не догонять Европу, а идти с нею рядом, не говоря уже о том, что
и язык русский с течением времени будет все более и более вырабатываться,
становиться гибче и определеннее,- деген екен.
Бүгінгі ғылым дүниесінде талас туып жүр. Ол аударма тіл ғылымына
жата ма немесе әдебиет зерттеу ғылымына жата ма дегенге саяды. Біздің
айтарымыз, аударма екеуіне де жатады, екеуіне де молынан жетеді. Тек қана
көркем шығармалардың аудармасына келгенде, мұның әдебиет ауқымына кіретінін
ұмытпау керек.
Бөгде елдерден қазақ халқының ауызша аударып алуы, ауысуы әріден
келе жатқандай. Иран-араб, монғол, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша
айтылатын ертегілер, неше алуан ұсақ мысал-нақылдардың бар екені ілгеріде
толық айтылды. Орыс халқының кейбір көрнекті ғалымдары И. Ю. Крачковский,
Э. Бертельс тәрізді шығыстану ғылымын зерттеушілер иран, араб ертегілерінің
түп негізі Үндіден (Индиядан) келген деседі. Осы пікірін тиянақтау үшін,
олар Кашмир (Индияда) өлкесінде Панчатантра III ғасырда жазылды, иран
тіліне VI ғасырда, араб тіліне VIII ғасырда аударылды, ал Мың бір түн
араб елінің XI ғасырдағы ертегісі. Осы ертегіде Панчатантрада айтылатын
нақылдардың бірталайы ұшырасады,- деп түйіндейді.
Қазақ тіліне орыс елінің көркем әдебиетінен аудару тәжірибесі XIX
ғасырдың екінші жарымынан басталды. Дәлін айтсақ, 1879 жылы Ыбырай
Алтынсариннің Киргизская хрестоматиясында көрінді. Бұл орыс тілінен
аудару дәстүрі еді. 1882 жылы орыс классиктерін Абай аударуға кірісті. 1892
жылы Алтынсарин аударған И. А. Крыловтың Қарға мен түлкі атты мысалы
шықты. 1900 жылы Інжіл де (Евангелие де) аударылыпты. 1903 жылы
Капитан қызын Молда Нияз Бекимов аударды. 1888 жылдан 1902 жылға дейін
Дала уәлаяты атты газетінде (орыс, қазаң тілінде) басылып тұрды. 1895
жылы 24 декабрьде (№ 49) И. А. Крыловтың Аю мен жапан дүзді мекен қылған
жалғыз адамның мәжілісі деген мысалы шықты. Сол 1895 жылы (№ 22) Г. Ив.
Успенскийдің (1843—1902) Кім бақытты? деген әңгімесі шықты. 1898 жылы (№№
27, 28, 29, 30) Мамин-Сибиряктың Ақбоз аты жарық көрді. 1900 жылы Л. Н.
Толстойдың Сурят Кофейнясы басылды. 1910 жылы Үлгілі тәржіме
(Образцовый перевод) бөлек кітап болып жарияланды, аударған Спандияр
Көбеев еді. 1914 жылы Бекет Өтетілеуовтың аударған мысалдары шықты [20] .
1905 жылы Айқап (Әй, қап! — Увы) журналына А. П. Чеховтың
Қара қарғасы (Грач), Қазақ газетіне Хамелеон басылды. Крылов,
Короленко, Успенский, Л. Н. Толстойлар да сол кезде көрінді.
Аударма әдебиетінің қауырт өскені ХХ ғасырдың басында белең алды.
Төңкерістің алғашқы жылдарында (1923 жылы) А. С. Пушкиннің Дубровский
деген повесі өлеңмен аударылды. 1924—1926 жылдарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік аударматану
Мұхтар Әуезовтің аудармадағы еңбегі мен оның осы салаға қатысты ой-пікірлері
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Авторлық стиль және мұхтар әуезовтың көркем аудармалары
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді
«Өлі жандар» туындысының аударма нұсқалары
Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік
Аударма жайлы
Аударма түсінігі
Пәндер